Text
                    !
i
*
-
ӘБУ НАСЫР
ӘЛ-ФАРАБИ
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ
01 ЖІКТЕДУ1
ТУРАЛЫ


Әбу Насыр эл-Фараби ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ Аударған жэне түсініктеме берген Жалғас Сандыбаев Алматы «Қазақ университеті» 2020
ӘОЖ 1/14 КБЖ87 С20 Баспага Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ғылыми кеңесі үсынган (No 17 хаттама, 16 наурыз 2020 жыл) Сандыбаев Ж. С 20 Ғылымдардың жіктелуі туралы / Араб тілінен аударған жэне түсініктеме берген философия ғылымдарының кандидаты Ж. Сандыбаев . - Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 64 б. ISBN 978-601-04-4333-4 Қазак даласынан шығып, халқымыздың мактанышына айналган эл-Фараби бул трактатында сол дәуірдегі белгілі ғылымдарды жіктеп көрсетеді: тіл білімі, логика, арифметика, геометрия, оптика, астраномия, музыка, поэзия, шешендік өнері, механика, физика, теология, саясат, фикһ, кэлам жэне т.б . Орта гасыр ойшылы бул гылым мен білімдердің эркайсы - сына жеке токтап, сипаттама береді, оларға карасты білім тармактары мен бөлімдерге талдау жасайды. Кітап көпшілік оқырманға арналады. ӘОЖ 1/14 КБЖ87 ISBN 978-601 -04 -4333-4 © Сандыбаев Ж.. 2020 © Әл-Фараби атындагы ҚазҰУ. 2020
Ғылымдардыц жіктелуі туралы АУДАРМАШЫДАН ¥ л ы ғалым әл-Фарабидің шығармалары көптеген тілдерде аударылып жарық көруде. Бұл үрдіс ертеде басталған . Ғалымның қайсыбір шығармасын алып, оның барлық тілдегі аударма нұсқасын салыстырып қарайтын болсақ, онда оның алуан түрлі тілде болғанына қарамастан мазмұны, мэні бір екенін байқайсыз. Себебі шығарманың иесі, авторы бір адам, ол - әл -Фараби. Әл- Фараби эрбір халыққа сол ұлттың тілінде сөйлеп отыр деп түсіну қажет. Бұл жолы ғалым бізге ғылымдардың жіктелуін қазақ тілінде таныстырады. Жалпы шығарманың неміс, француз, орыс, иран жэне қазақ, өзбек немесе т.б. тілдегі аударма бөліктерін, тараулары мен та- раушаларын, мазмұнын өзара салыстырған кезде олар неғұрлым бір-біріне жақын болса, соғұрлым аударманың жақсы болғаны. Солай болуы да тиіс. Сондықтан кез келген аударма ұжымы аударманың түпнұс- қаға жақын болғанын қалап, соған бар күшін салады. Біз де осы ережені басшылыққа алып, аударманы мейлінше түпнұсқаға жақын болуын көздедік. Сондықтан да бұрын -соңды фило­ софия, логика, мантық ілімдерімен таныс емес оқырман үшін кітаптың тілі біраз ауыр болуы мүмкін. Бұған қоса ғалымның философиялық ойы терең. Сөйлемнің мағынасын толық түсіну үшін оқырманға ден қойып, ойын жинақтап оқуға кеңес береміз. Еңбекті қарапайым тілмен де беруге болар еді, бірақ кітап классикалық араб тілінде жазылғандықтан, сол кезеңді, кітаптың бояуын, ондағы сөз тіркестерін бұзып алмауды мақсат тұттық. Әрине, уақыт өте жас ғалым -фарабитанушылар, білікті мамандар келіп, данагөй Фарабидің араб тіліндегі шығармаларын бұдан жетік, оқылуы жеңіл әрі көркем етіп шығару жалғасын табады деп сенеміз. Жалгас САНДЫБАЕВ
Ғылымдардың, жіктелуі туралы ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ /1/ Рақымды және мейірімді Алланың атымен КІРІСПЕ (15-бет) Әбу Насыр Мұхаммад Ибн Мұхаммад эл-Фараби «Ғылымдардың жіктелуі туралы» кітабында былай дейді /2/: «Біз бұл кітапта мэшһүр ғылымдарды /3/ бірінен соң бірін тізіп, ғылымдардың әрқайсысы мен олардың эрбір бөлімінде қамтылатын мәселелердің барлығын жэне сол бөлімдерде айты- латын мәселелерді тегіс түсіндіруге талпындық. Біз бүл кітапты мынадай бес тарауға бөліп қарастырдық: біріншісі - тіл білімі жэне оның бөлімдері; екіншісі - логика жэне оның бөлімдері; үшіншісі - математикалық ғылымдар /4/. Бұлар: арифметика /5/, геометрия, оптика /6/, тэлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика (16-бет); төртіншісі - физи­ ка жэне оның бөлімдері, діни ілім 111 жэне оның бөлімдері; бесіншісі - азаматтық ғылым жэне оның бөлімдері, фиқһ /8/, калам 191. Егер адам бұл ғылымдардың бірін үйреніп, зерттегісі келсе, ол осы кітаптағының бэрін пайдалана алады. Осы арқылы ол неден бастап, нені зерттеу керек екенін, зерттеуіне ненің пай- далы, ненің жеткілікті екенін жэне өзінің таңдап алган ғылымына қандай дәрежеде қол жеткізетінін біле алады. Осылайша, оның білімге баратын жолы надандық пен қараңгылыққа емес, білім мен парасаттылыққа негізделетін болады. Бұл кітап арқылы адам гылымдарды бір-бірімен салыстырып, қайсысы лайықтырақ, пайдалырақ, қайсысы неғұрлым жетілген, аса мығым жэне күшті, ал қайсысының дэрменсіз, маңызы аз, тым осалдау екенін біле алады. Сондай-ақ осы ғылымдардың бэрін білемін деп мақтанатын, ал шындығында мұндай емес, [яғни ештеңе білмейтін] адам- дарды эшкерелеу үшін де пайдаланады. Егер біреу осы адам- нан түгелдей осы ғылым туралы, оның бөлімдері туралы жэне
Ғылымдардын, жіктелуі туралы эр бөлімнің құрамы туралы мәлімет сұраса, ол [адам] білместік танытады. Осылайша айтқан сөзінің өтірік екені білініп қалады. Сондай-ақ оның арқасында бұл ғылымдардың қайсысынан кімнің жақсы хабардар екені: мұны тұтас немесе кейбір бөлімдерін ғана біле ме жэне қандай дәрежеде жақсы білетіні мэлім болады. Бұл кітапты эрбір ғылым саласынан мол білім алуға тыры- сатын білімді эрі зерек адамдар, сондай-ақ өзін ғалым екен деп ойласын деп, ғалымдарға ұқсап бағуды жақсы көретін адамдар да кәдесіне жарата алады.
Ғылымдардыц жіктелуі туралы ______________________________________________________________________________________ БІРІНШІ ТАРАУ ТІЛ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ (17-бет) Тіл туралы ғылым тұтас алғанда екі бөлімнен тұрады: Біріншісі: қандай да бір халықтың тіліндегі сөздерді есте сақтау жэне олардың әрқайсысының мэні мен мағынасын білу. Екіншісі: осы сөздердің заңдылықтарын білу. Заңдылықтар дегеніміз - қандай өнерде де эмбебап келеді, яғни сол ғылымды жан-жақты қамтитын пікірлер жиындығы . Әсілінде эрбір заңдылық өзіне қатысты өнердің көптеген жағ- дайын толықтау немесе сол өнердің негізі болып табылатын ерекшеліктерінің басым бөлігін қамтиды. Негізінде бұл заңдылықтар сол ғылым саласына қатысы жоқ нәрселер еніп кетпеу үшін белгіленеді. Нэтижесінде осы пэннің қандай мәселелерді қамтитындығы анықталып, қателіктерге соқтыруы ықтимал тұстар сүзгіден өткізіледі немесе сол ғылым саласы қамтитын тақырыптар зерттеліп, оларды есте сақтау жол- дары жеңілдетіледі. (18-бет) Көптеген жеке пәндер өнер болып қалыптасуы үшін, адамға түсінікті тэртіп бойынша белгілі ережелерге сәйкес басқарылуы тиіс. Бұған мысал ретінде жазу, дәрігерлік, егіншілік, ағаш шеберлігі жэне басқа да практикалық немесе теориялық өнер түрлерін атай аламыз. Әрбір қорытынды сөз қайсыбір өнерде ереже бола отырып, жоғарыда айтылған пәндердің біріне немесе солардың барлығына ортақ заңдылық болуы ықтимал. Сондықтан қадым заман адамдары заттың саны яки сапасы немесе тағы басқа қасиеті жайында сезімнің қателесуі мүмкін жағдайда, тексеру үшін жасалған қандай да бір әдісті немесе құралды «канун» (ереже, өлшеуші құрал, заң) деп атаған. Мыса - лы, өлшеуіш (лот), циркуль, сызғыш, таразы секілді. Сондай-ақ арифметикалық кестелер мен жұлдыздар кестесі де заң (канун) деп аталады. Сол сияқты үлкен шығарманың қысқа
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардың, жіктелуі туралы түрдегі тұжырымын да «канун» деп атаған. Өйткені мұндай тұ- жырымдар қысқа-нұсқа болғанымен, көптеген нэрсені қамтиды. Осылайша, біздің зерттеп, жадымызда сақтайтын мәліметтеріміз сан жағынан аз болғанымен, білетін нәрселеріміздің ауқымы кең болады. Ал енді біз жоғарыда айтқандарымызға оралайық: Әрбір халықтың тіліндегі сөздер екі түрге бөлінеді: жай жэне күрделі сөздер. Жай сөздерге «ақ» (абияд), «қара» (асуад), «адам» (инсан), «жануар» (хайуан) секілді сөздер, ал күрделі сөздерге: «бұл адам - жануар», «Амр - ақ» секілді сөйлемдер мысал бола алады. (19-бет) Жай сөздердің қатарында жалқы есімдер бар. Мы- салы, «Зайд» жэне «Амр». Сондай -ақ нәрселердің тегі мен түрін көрсететін жалпы есімдер бар. Мысалы, «адам», «ат», «хайуан», «ақ», «қара» т.б. секілді . Нәрсенің тегі мен түрін көрсететін жай сөз есімдерге, етістіктерге, демеулік шылауларға бөлінеді /10/. Есімдер мен етістіктерге аталық тек пен аналық тек жэне же- кеше түр, екілік түр /11/, көпше түр тэн. Сондай -ақ етістіктерге өткен шақ, осы шақ, келер шақ формалары тән. Әрбір халықтың тіл туралы ғылымы үлкен жеті бөлімге бө- лінген: жай сөздер туралы ғылым, сөз оралымдары туралы ғылым, жай сөздердің ережелері туралы ғылым, сөз оралымдарының ере- желері туралы ғылым, дұрыс жазу ережелері (орфография), дүрыс оку (орфоэпия) ережелері жэне өлеңді дүрыс шығару ережелері. Жай сөздер туралы ғылым нэрселердің түрі мен тегін көр- сететін эрбір жеке сөздің мағынасын ашады, (20-бет) оларды есте сақтау туралы, жеке сөздер, осы тілге тэн сөздер, кірме сөздер, бұл тілге жат сөздер жэне жалпыға мэлім сөздер жайында баян- дайды. Сөз оралымдары туралы ғылым - бұл белгілі бір халықта кездесетін қанатты сөздер туралы ілім, [сол халықтардың] атақ- ты шешендерінің, ақындарының, мейлі ұзақ, мейлі қысқа ұй- қасқа құрылған немесе қара сөзбен жазьшған болса да, айтып кеткендерін ауыздан-ауызға таратып, есте сақтау.
Ғылымдардыц жіктелуі туралы Жай сөздердің ережелері туралы ғылым Жай сөздердің ережелері туралы ғылым, ең алдымен , алфа­ вит әріптеріне негіз болған дыбыстарды, олардың санын, әрбір дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қай тұсынан шығатынын зерттейді. Дауысты жэне дауыссыз дыбысты, сол тілдің құрамы- на қайсысы енетінін, қайсысы енбейтінін, мағынасы бар сөзді айту үшін қажетті дыбыстардың ең аз жэне ең көп мөлшерін зерттейді. Сөзге екілік жэне көпше түр, аталық және аналық тек жұрнақтарын қолданғанда, одан туынды сөз жасағанда жэне т.б. сөздік өзгертулерге ұшыратқанда, сөздің қүрамында өзгеріссіз қалатын дыбыстарды зерттейді. Сондай -ақ, жұрнақтар арқылы жасалған сөздің өзгеретін жэне жалғанғанда қосарласып кететін дыбыстарын да зерттейді /12/. (21-бет) Осыдан кейін бұл ғылым жай сөздердің жасалу үлгілерін көрсететін ережелерді ұсынады: [осы арада сөздердің] туынды емес, яғни түбір сөздер жэне туынды сөздер сияқты түрлерін ажыратады, туынды сөздер түрлерінің үлгілерін бе- реді, түбір сөздер мен етістіктен жасалған есімдер /13/ жэне етістіктен жасалған есім еместерді анықтайды, етістіктен жа- салған есімдердің етістікке қалай айналатыны [көрсетіледі], етістік үлгілерінің түрлерін береді, бұйрық рай мен тыйым салу [формасын білдіру үшін] етістіктің қалай өзгеру керектігін анықтайды жэне сан жағынан алғандағы етістіктің түрлері - үш - төрт дауыссыз және бұдан да көп дауыссыз дыбыстан түратын етістіктер, қосарланған /14/ жэне қосарланбаған етістіктер, ал сапалық жағынан алғанда, дұрыс жэне бұрыс етістік /15/ түрлерін көрсетеді; бұлардың аталық жэне аналық текте, екілік жэне көпше түрде қалай [жіктелетіні] туралы жэне жалпы етістіктің жақтары мен шақтары туралы түсінік береді. Жақтар дегеніміз - мен, сен, анау, яғни - ол. Сонан соң [бұл ғылым] қиын айтылатын сөздердің айтылуын оңайлату үшін не істеп, нені өзгерту қажет екенін зерттейді.
Ғылымдардың, жіктелуі туралы Сөз тіркестерінің ережелері туралы ғылым Сөз тіркестерінің ережелері іуралы ғылым екі бөлімнен тұрады. Олардың бірі - есімдер мен етістіктердің құралуы жэне орналасқандағы «соңдары», [яғни сөздердің қандай дыбыспен аяқталатыны] туралы ережелерді береді. (22-бет) Екінші бөлім бұлардың құралу жэне орналасу шарттарының ережелерін қамтиды, бұл ережелердің сол тілде қалай орын алатынын көрсетеді, [сол тілдің] синтаксисіне сай жұрнақтардың ережелері жөнінде мэлімет береді; бұл [ғылым] жұрнактарының бэрінен бұрын есімдерге, ал сонан соң етістіктерге тэн екенін түсіндіреді; есімдердің жұрнақтары сөздің басына қосылады. Мысалы, араб тіліндегі [заттың белгілі халін] көрсететін элиф-лэм артиклі /16/ немесе басқа тілдердегі оның орнына қолданылатын баламасы сияқты; ал сөздің соңына қосылатындар жұрнақтар жэне септік жалғаулар деп атала- тындар. Етістіктерге сөздің басында келетін жүрнақтар емес, сөз соңында келетін жұрнақтар тән. Араб тілінде есімдер мен етістіктердің соңында келетін жұрнақтар: мысалы, үш тануин /17/, үш харакат /18/, сукун /19/ жэне араб тілінде жұрнақ ретінде қолданылатын тағы басқалары; [бұл ғылым] септелген кезде өзгеріске түспейтін сөздердің де бар екенін көрсетеді. Басқа сөздер септелетін барлық жағдаймен [яғни үш септіктің де жалғаулары жалғанғанмен] салыстырғанда, [бастапқы] түрінде өзгеріссіз қалатын кейбір сөздер де кездеседі. Кейбір септікте септелетін, кейбірінде септелмейтін сөздер болады. Сондай -ақ барлық септікте септелетін сөздер де болады. Олардан басқа [септелген кезде] сөз соңында өзгеріссіз қалатын кейбір сөздер де кездеседі; [Бұл ғылым] жұрнақтардың барлық түрін тізбектейді; есімдер- дің жұрнақтары етістік жүрнақтарынан ерекшеленетіндіктен, етістіктің жіктелуінің барлық түрі тізбектеледі, сондай-ақ олар- дың әрқайсысына [есім мен етістікке] қандай жағдайда қандай жұрнақ жалғанатыны туралы түсінік береді. Әуелде, ерекше
Ғылымдардъщ жіктелуі туралы _____________________________________________________________ _________________________ септелетін есімдер [жекеше түрде] бірінен соң бірі аталып өтеді. Өйткені эрбір септікте бұл есімдердің жұрнақтары әртүрлі бола- ды; Содан кейін бұл есімдердің екілік және көпше түрде септелуі беріледі; сондай-ақ етістіктердің жіктелген кезде жұрнақтарының қалай өзгеретіндігі түсінікті болу үшін, етістіктердің де екілік жэне көпше түрдегі жіктелуіне мысалдар келтіріледі; содан кейін кейбір септіктерде септеліп, ал кейбірінде септелмейтін есімдер келтіріледі; сонан соң бір септікте ғана септелетін есімдер жэне олардың қалай септелетіні туралы айтылады. (23-бет) Ал демеулік шылауларға келетін болсақ, эдетте бұлардың эрқайсысы немесе кейбіреулері тек бір ғана «жағынан» өзгереді де, қайсыбірі екі «жағынан» да өзгеретіндігінің бэрі түсіндіріледі. Ал егер бұлар өзі демеулік шылаулар ма, элде есімдер ме немесе етістіктер ме деген күмэн тудырарлық сөздер кездессе, немесе олардың қайсыбірі есімдерге, басқалары етіс- тіктерге ұқсас деп айтылса, онда бұлардың есімдерге тэн сеп- телетінін, элде етістіктерге тэн жіктелетінін анықтау қажет бо- лады. Ал сөз тіркесін қүрудың ережелерін беретін бөлімге келсек, ол әуелде сөздердің сол тілде қалай тіркесетінін жэне белгілі бір ойды білдіру үшін қанша бөлімнен тұру керек екенін анықтайды. Сонан соң, бүл тілде сөздер қалай тіркескенде, қалай орналасқанда неғұрлым шешен, көркем шығатынын түсіндіреді. Жазу ережелері және дүрыс оқу жөніндегі ғылым Жазу ережелері туралы ғылым эуелде сөздегі эріптердің жазуда таңбаланатын жэне таңбаланбайтын түрлерін /20/ анық- тайды, сонан соң жазуда таңбаланатын әріптердің жазылу түр- лерін көрсетеді. (24-бет) Дұрыс оқу ережелері туралы ғылым эріп нүктелері- нің орнын, жазуда таңбаланбайтын жэне таңбаланатын әріптер- дің белгілерін үйретеді. Сондай -ақ үқсас эріптерді ажырататын белгілерді, эріптер ықпалдасқан жэне қосарланған жағдайда қолданылатын белгілерді жэне сөйлемдерді ажырату үшін
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы қойылатын белгілерді көрсетеді. Жай сөйлемдердің белгілері күрделі жэне құрмалас сөйлемдердің белгілерінен ерекшелене- ді. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, әсіресе, арасында айырмашылықтар болса, солардың таңбалары түсіндіріледі /21/. Поэтика /22/ Тіл біліміне жақындығы тұрғысынан қарастырғанда поэтика үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде - жай яки күрделі болсада ақындардың өлеңдерінде қолданылатын өлең өлшемдерінің тізбегі, содан соң, арабтарда сабаб жэне уатад /23/, ал гректерде буын жэне сто­ па деп аталатын түрлер мен өлең өлшемдерінен туатын, эліппе әріптерінің [өлеңде] орналасу тэртібі аталады (25-бет). өлеңдердің жэне жартылай өлеңдердің өлшемдерін зерттеу қарастырылады; олардың қанша дыбыстан жэне қанша буыннан тұратынын; эр өлшемде бэйіттің саны қанша екенін анықтау; - сонан соң толық өлшемдердің толық емес өлшемдерден ай- ырмасын жэне қандай өлшемдер құлаққа жақсы екенін анықтау; - көркем жэне жағымды келетінін ажырату. Екінші бөлім - эрбір өлшемде өлең соңындағы ұйқасты қарастырады: қайсысында бір ғана форма, ал қайсысында бірнеше форма бар; қайсысы толық, ал қайсысы толымсыз; қандай өлең соңында [ұйқас] өлеңнің бастан аяғына дейін сақталатын бір ғана дыбыстан тұрады; дастанда қолданылатын сөз соңында ұйқастардың қайсысы бір дыбыстан көп болды жэне өлең соңында дыбыс саны ең көп болғанда, қанша болу керек. Осыдан кейін көп дыбысты [ұйқастар] зерттеледі, [бұл дыбыстардың] бірін айтылу уақыты жағынан тепе-тең түсетін дыбыстармен ауыстыруға болатыны не болмайтыны түсіндіріледі
Ғылымдардыц жіктелуі туралы _______________________________________________________________________ _______________ жэне [егер ауыстыруға болатын болса] бұлардың қайсысын осын- дай дыбыстармен ауыстыруға болатыны қарастырылады. Үшінші бөлім - өлеңдерде қолданылғанымен , қара сөзде кол- дануға келмейтін сөздерді зерттейді. Тіл туралы ғьшымның эрбір бөлімінің мазмұны, міне, осылар.
- ____________________________________________________________________________________ Ғылымдардын, жіктелуі туралы ЕКІНШІ ТАРАУ ЛОГИКА (ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ) (27-бет) Біз [бұл ғылымға] түгелдей не енетіні, оның пай- дасы және зерттеу пэні туралы мэл імет береміз. Содан кейін [бұл ғылымның] атауының мағынасын түсіндіреміз. Бөлім- дерін тізіп шығып, әрқайсысының мазмұнына жеке-жеке тоқталамыз. Логика анықтамасы Логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған қағидаттар жиынтығын береді. Ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл ны- сандарын танудың барлық жағдайларында адамды дүрыс жолга, ақиқатқа бағдарлайды. Ақыл белгілі бір нысандар жө- нінде қателесуден, мүлт кетуден жэне адасудан сақтап, қор- ғайтын қағидаттарды үйретеді. Нысанды ақылмен тану бары- сында элдебір адамның сол жөнінде қателеспегеніне кепілдік берілмейтін жагдайда, соларды тексеруге болатын қагидаттарды ұсынады. Ақылмен пайымдалатын нысандар арасында ақылдың қателесуі мүмкін емес нэрселер де бар: мысалы, (28-бет) адамның жаратылысынан бойына біткен танымдар мен анық білім; мыса­ лы, түтас нәрсе оның бөлшегінен үлкен, эрбір үштік - тақ сан деген секілді жэне т.б. Ал енді өзі жөнінде жэне ақиқаттан ақиқат емеске тайқып кету ықтималы бар басқа нәрселерге келеек, олар силлогизм жэне дедукция тәсілімен ойлау жэне пайымдау арқылы түсініледі. Логика қагидаттарына жүгінген барлық жағдайларда анық ақиқатты іздеген адам басқа емес, дэл осы әдістерді қолдануы тиіс. Бұл білім саласы грамматика ғылымына ұқсас: логика өне- рінің ақыл жэне ақылмен пайымдауларға қатысы грамматика өнерінің тіл мен сөздерге қатынасы секілді. ^ • 13^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Грамматика ғылымы бізге сөздер туралы барлық ережені ұсынса, дэл сондай логика ғылымы ақылмен танылатын нысан- дар туралы қағидаттарды ұсынады. Сондай-ақ логика просодия /24/ ғылымына жақын. Логи­ ка ғылымының ақылмен пайымдалатын нысандарға қатынасы просодияның өлең өлшемдеріне қатынасы іспеттес. Просодия гылымы бізге өлең өлшемдері туралы барльщ ережені ұсынса, дэл сондай логика ғылымы ақылмен танылатын нысандар туралы заңдылықтарды ұсынады. (29-бет) Сондай-ақ логикалық заңдылықтар ақылмен таны­ латын нысандарды пайымдауда ақылдың қателесуі мүмкін не- месе ақиқатты ажыраіуда дэрменсіз қалуы ықтимал жағдайда мәселенің ақ-қарасын ажыратугасептігін тигізетін құрал қызметін атқарады. Олар көптеген денелердің өлшемін анықтағанда түйсіктердің қателесуі немесе оның дене өлшемдерін ажырату- да дэрменсіздік танытуы мүмкін жағдайда айқындау үшін қажет таразы мен өлшеуіш құралдарына ұқсайды. Мысалы, сызықтың түзулігін анықтауда көз қателескен немесе шамасы келмеген тұста оны тексеретін сызгыіп сияқты. Логика ғылымының пайдасы Жалпы алғанда, логиканың мақсаты - өз бойымыздағыны мақұлдағымыз келетін жэне басқалар жөнінде көзімізді жет- кізгіміз келетін, сондай-ақ біз жөнінде басқалар көздерін жет- кізгісі келетін жайлардың бэрінде бұл гылымның багасының зор екендігі анық көрінеді. Біз осы қагидаттарды меңгерген соң, белгілі бір нәрсенің ақиқатына жетуді қаласақ эрі оны растағымыз келсе, онда шындыққа жеткіміз келген нэрсені зерттеу барысында ақылды қолданбай тұра алмаймыз, нысанның белгісіз қалуына разы болмаймыз. Осы ретте өз дегенімізге қандай жолмен жетуге тырыссақ та қателесуіміз бек мүмкін, ақиқат еместі ақиқат деп қабылдағанымызды сезбей қалуымыз да ықтимал. Сондықтан көздеген мақсатымызға жету үшін қандай жолмен жүруіміз керек ^ '14'^
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Ғылымдардын,жіктелуітуралы екенін, қайда бара жатқанымызды жэне неден бастауымыз керек екенін, қайда келгенімізді, ақылдың шындықты рет-ретімен қа- лай танитынын білуіміз қажет. Осылайша қателесуге ұрындыруы мүмкін белгісіз жайттардың мэнін дұрыс түсініп, қателіктің ал- дын аламыз. (30-бет) [Логиканың заңдылықтарын дүрыс қолдана білген жағдайда] не нэрсені зерттесек те, ақиқатқа жететіндігімізге, қателеспейтінімізге сенімді бола аламыз. Қандай да бір нәрсені / мэселені зерттеу барысында қателескендей көрінсек, элгі ере- желерді қолдану арқылы ақыл таразысына қою арқылы қате- лігімізді түзей аламыз. Басқаларға қатысты көзімізді жеткізгіміз келген уақытта да осы әдісті қолданғанымыз жөн. Сол сияқты өз пікірімізді анықтау үшін пайдаланатын қағидаттар бізге өзгелердің пікірін анықтауға да көмектеседі. Егер басқалар біздің пікірімізді бекіту үшін келтірген дэлелдерімізді жоққа шығарып, бірақ, біз айтқан сөзімізді мақұлдауды олардан талап етсек, онда логиканың қағидаттарына жүгінеміз. Себебі бір пікірді терістеу үшін оған қарама-қарсы айғақ келтіру керек. Ережелер арқылы біз бір дәлелдің басқасына қарағанда неліктен салмақтырақ болғанын негіздеп түсіндіре аламыз. Басқалар да қандай да бір пікірлерін мақүлдатқысы келсе, дэл осы әдісті қолданады. Бір пікірді бізге дәлелдеу үшін келтірген басқалардың тұжырымдары мен айғақтары, біздің басқаларға сол пікірді растағымыз келгенде қолданған пікірлер мен дәлелдеріміз арқылы тексеріледі. Егер пікір шынында да расталса жэне қалай расталғаны анықталса, онда біз білім мен ақылға сүйеніп, соларға қосыламыз. Ал енді пікір қателікке соқтырса немесе қателесуге себеп болғаны анықталса, онда бізді сол пікірден алшақ ететін да білім мен ақыл. Логиканы білмесек, жоғарыда айтылған жағдаяггар жөнін- дегі біліміміз бен бағдарымыз қате шығады. Осындай жағдайлар- дың барлығында мысалы, қарама-қарсы пікірмен тартысуда, өз пікірімізді растауда, қарсыластың пікірін терістеу керек болса немесе екіүдай талас пікірдің ортасынан дұрыс шешім қабылдау
Ғылымдардын, жіктелуі т у р а л ы _____________________________________________________________________________________ - керек болған уақытта адам логика ғылымын білмегендіктен тар- тынса, онда ең ұятты нәрсе - осы. (31-бет) Егер логикадан бейхабар болсақ, онда біз дұрыс айтқан адамның дүрыстығына сеніміміз неліктен кэміл бола- тынын, оның қалайша дұрыс екенін жэне қай жағынан дұрыс екенін және пікірінің дұрыстығын дэлелдері қалай растайты- нын біле алмаймыз. Сондай-ақ қателесушінің де қатесін немесе қалайша қателескенін, қай жағынан қателескенін не қандай қате кеткенін жэне дэлелдері қалайша пікірінің дүрыстығын растай алмайтынын білмейміз. Біз төмендегі халдердің біріне душар боламыз: әрқилы пікірлер айтылғанда, біз қобалжып қаламыз, себебі олардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін білмейміз немесе олардың барлығын өз қарама-қарсылығына қарамастан, ақиқат деп табамыз немесе осылардың бірінде де ақиқат жоқ деп есептейміз немесе кейбіреуді растап, басқаларын терістеуге асығамыз, ал негізінде біз өзіміздің дұрыс деп тапқанымызды растап, қате деп тапқан пікірлерді теріске шығарғымыз келетіні белгілі. Өйткені қандай себеппен оның солай екені бізге беймэлім, егер біздің мақұлдап не теріске шығарьш отырғанымыз жөнінде талас тудырушы [бізбен] айтысар болса, біз оның себептерін түсіндіріп бере алмаймыз. Егер мақұлдап не теріске шығарып отырғанымыз шынында сондай (яғни не дұрыс не бүрыс) болып шықса да, осы екі жағдайдың бірінің де шынында қандай екеніне қатысты көзіміз нақты жетпей, дәлелдеп бере алмаймыз. Себебі өзіміздің дүрыс деп ойлап, сеніп отырған мәселеміз өтірік жэне өтірік деп ойлағанымыз дұрыс болуы ықтимал. Бұл жағдайда біз осы екі жағдайдың біріне ораламыз. Мұндай ұйғарымды қабылдауға басқалардың септігі тиеді немесе ой- лану арқылы өзіміз жетеміз. Қалай болғанда да қазір шындық деп отырғанымызды өтірікке, ал өтірік дегенімізді шындыққа шығаруымыз мүмкін. Осылайша біз араб мақалында айтылғандай, «тас қараңғыда отын жарушының» күйін кешеміз. Логиканың қағидаттарын жақсы білу өздерін білімді санай- тын адамдардың деңгейлерін анықтау жолында таптырмас қүрал. ^ ' 16'^
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардьщ жіктелуі туралы Логика ғылымынан сауатымыз болмаған жағдайда жоғарыдағы адамдарды сынап көре алмаймыз. Нәтижеде олардың бэрін білімді (32-бет) деп қабылдаймыз немесе керісінше бәрін айып- таймыз яки болмаса олардың ішінен бірін ғана жоғары санай- мыз. Бізге осындай жағдайда логикалық дәлел жетіспей жатады. Өзімізше біреуді жақсы адам деп жүргенде, ол оңбаған, өтірікші болып шықпауына кепіл жоқ. Өтірік сөйлейтін адамға көмекте- сіп, өзімізді мазақ етіп жүрген адамды білместікпен қолдап жүруіміз мүмкін. Сол сияқты біз кінэлап, қашқақтап жүрген ада- мымыз керісінше, жақсы болып шығуы мүмкін. Міне, логиканы білмеудің зияны мен пайдасы осында. Кім өз сенімі мен пікірінде тек болжамға, яғни өзіне сенімсіз адамның пікірімен шектелуді жаны қаламаса, оған айғақ іздейтін логикаға көшу қажет. Ал кімде өз пікірінде болжамға арқа сүйеуді қалайтын болса, онда солай қала берсін. Ал енді «Пайымдар мен диалектикалық айтыстарды мең- герген немесе математика ғылымын білетін адам мысалы, гео­ метрия мен арифметикада жатыққан адам логика қағидаттарын үйренуді қажет етпейді. Өйткені бұл ғылымдар адамға эрбір сөзді, айғақты , пікірді тексеруге мүмкіндік береді. Барлық ғылымда қателеспей, ақиқатқа, шынайы танымға жетелейді. Осылайша математика логиканың орнын басады» деушілерге айтарым: Олар «Пайымдар мен диалектикалық айтысты мең- гергендер үшін грамматиканы үйренудің қажеті жоқ. Өйткені бұл ғылымдар онсыз да өлең мен сөздерді жаттауға дағды- ланған, тілді жетілдірген, адамға эрбір сөздің дұрыс немесе бұрыс айтылғанын тексеретін мүмкіндік береді Сондықтан да диалектикалық айтыс грамматиканың қызметін атқарады» дейтіндерге ұқсайды. (33-бет) Бұл мэселеде адам грамматика­ ны ұстану қажет болса, жоғарыдағы жағдайда логиканы жетік меңгеруі тиіс. Сол сияқты «Логиканы игерудің қажеті жоқ. Оны талап еіу - артықтық . Өйткені бұрындары да логика заңдарын біл- мей-ақ ақиқатты дөп басатын ақылды адамдар болған» деп ай- тушылардың сөздері «Грамматиканы игерудің қажеті жоқ. Оны ^ • 17^
Ғылымдардыи, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- талап ету - артықтық. Себебі адамдардың ішінде грамматика ережелерінен еш нәрсе білмей-ақ мүлдем қателеспейтіндер де болған» дейтіндердің сөздеріне ұқсайды. Шынында осы айтыл - ғанның екеуіне де берілетін жауап - бір. Логика ғылымының зерттеу пәні Логиканың зерттеу пэніне келсек, бұл - ақылмен пайымда - латын объектілер. Өйткені сөздер осыларды көрсетіп , ақылмен пайымдалатын объектілерді меңзеп тұрады. Біз белгілі бір пікірді растағымыз келсе, оны растау үшін соған қатысты пайымдала­ тын объектілерге ақыл жүгіртіп, пайым жасаймыз . Ал енді пікірді басқалар үшін (34-бет) дәлелдегіміз келсе, онда оны растау үшін соган қатысты пайымдалатын объектілерге ақыл жүгіртіп, басқаларға түсінікті сөзбен үғындырамыз. Сөйтіп элгі пікірді растап шығамыз. Пікір атаулының бэрін кез келген ақылмен пайымдалатын объектілермен растауға болмайды жэне егер біз сол ақылмен пай- ымдалатындарды тапсақ, онда оларды кез келген жагдайдағы , кез келген құрамдағы, тэртіптегі жэне кез келген санмен растай ал- маймыз. Керісінше қандай пікірді растағымыз келгенде, белгілі бір сандагы, қалыптагы реттілік жағдайды жэне ақылмен пайым­ далатын анық объектілерді қажет етеміз. Басқаларға сол пікірді дәлелдеу үшін сөйлемдегі сөздер осындай тэртіппен орналасуы тиіс. Сондықтан ақылмен пай­ ымдалатын объектілерде жэне оларды білдіретін сөйлемдерде қателерден қорғайтын жэне сақтандыратын заңдарға мүқтаж бо- ламыз. Осы екеуін, яғни ақылмен пайымдалатын объектілер мен оны білдіретін оралым - ой қорытындыларын ертедегілер «сөз» (нутқ) жэне «айтылған сөз» (қауль) /25/ деп атаған. Ақылмен пайымдалатын объектілерді олар «айтылған сөз» (қауль) деп атаса, ал «сөз» (нутқ) деп адамның ішіндегіні, көңіл- дегіні атайды; осы екеуін білдіретін - «айтылған сөз» (қауль), «сөз» (нутқ) сыртқа дыбыс арқылы шыгарылады. Адам өзі үшін белгілі бір пікірді растағысы келсе, бұл - іштегі, көңілдегі
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Ғылымдардыц жіктелуі туралы «айтылған сөз», ал сол пікірді басқаларға растағысы келсе, ол - сыртқа дауыс арқылы шыққан «айтылған сөз». Қызметі қандай да бір пікірді растау болып табылатын айтылған сөзді, мейлі ол көңілдегі айтылған сөз болсын, мейлі дыбыспен сыртқа шығарылған сөз болсын, оны ертедегілер сил­ логизм /26/ деп атаған. Логика ғылымы жэне грамматика Логика жоғарыда айтылған жалпы ережелерге байланысты заңдылықтарды ұсынады. Логика сөздер үшін ережелер жасап беретіндігі тұрғысынан грамматикамен ұқсас келеді. Деген- мен одан ерекшелігі де бар. Себебі грамматика тек қайсыбір халықтың ғана тіліндегі сөздерге қатысты қағидалар жаса- са, логика барлық халықтардың сөздеріне жарайтын ережелер ұсынады (35-бет). Сөздерде барлық халыққа тэн ортақ белгілер болады. Мысалы, сөздердің дара жэне құралмалы түрлері сияқты, солардың ішінде жеке сөздер - есім, етістік, шылаулар, ал құралмалы сөздер - өлең болып құралған сөздер жэне еркін сөздер, тағы сол сияқтылар. Бұл қағидалар бір тілге тэн болғанмен, екіншісіне сәйкес келмейді. Мысалы, бастауыш атау септікке, ал тура объект табыс септікке қойылады, анықталушы элиф, лэм - белгілі хал артиклін қабылдамайды. Осы жэне басқа да көптеген ережелер әсіресе, араб тіліне тэн. Сол сияқты әрбір халықтың тілінде өзіне тэн ерекше белгілер кездеседі. Грамматикада барлық халықтардың сөздеріне ортақ жайттар бола бермейді. Осы себептен грамма- тиканы зерттеушілер сол тілде барды алады да, грамматика- ны соған сай жасайды. Мысалы, арабтардан шыққан грамма­ тика зерттеушілері «араб тілінде сөздер есімге, етістікке жэне шылауға бөлінеді» десе, грек грамматика зерттеушілері «грек тілінде сөздер есімге, етістікке жэне шылауға бөлінеді» дейді. Осылай бөліну тек араб немесе грек тілдерінде ғана емес, барлық тілдерде бар. Араб грамматикасын зерттеушілер бұларды араб тілінен, ал грек грамматикасын зерттеушілер грек тілінен алған.
Ғылымдардың, жіктелуі т у р а л ы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Әрбір тілдің грамматикасы сол халықтың тіліне тэн сипат- тарды жэне сол тіл мен басқа тіл үшін қандай ортақ тұстары бар екенін қарастырады, бірақ осы тілдерге ортақ болғандықтан емес, қайта өздерінің тіліне ерекше тэн болғандықтан қарастырады. (36-бет) Міне, бұл - тіл білімі жөнінде грамматиктердің көз- қарасы мен логиктердің көзқарасы арасындағы айырмашылық. Грамматика қайсыбір халықтың сөздеріне тэн қағидаларды ұсы- нып, сол халық пен басқа халық тілдеріне ортақ нәрсені алады. Ол белгілер осы тілдерге ортақ болғандықтан емес, сол грамма­ тикасы жасалып отырган тілде бар болгандықтан қабылдайды. Логика сөздерге қатысты ережелерді берген уақытта, барлық халықтар үшін ортақ болып келетін қағидаттарды ұсынады. Ло­ гика бұларды ортақ болгандықтан алады жэне ол қандай да бол- сын бір ғана халықтың сөздеріне тэн заңдарды қарастырмайды. Осылайша ол тіл білімі мамандарына өз тілдеріне қатысты қа- жетті дүниелерді алуды ұсынады. Бұл ғылымның «логика» деп аталуына келсек, төркіні «ай- тылған сөз» деген сөзден келіп шыққан /27/. Қадым замандағылар арасында бұл «сөз» ұғымын үш ма- ғынада түсіндірген: біріншісі - дыбыс арқылы айтылган сөз, яғни ішкі ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы; екіншісі - көңілде орын алған сөз, ягни ақылмен танылатын нәрселердің мағыналарын білдіретін сөздер; үшіншісі - адамға жаратылысынан біткен рухани күнггің белгісі. «Сөз» - адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейді . Адам ол арқылы ақылмен танылатын нәрселерді пайымдайды, ғылымды, өнерді үйренеді, жаман мен жақсы амалды айырады. (37-бет) Бұл эрбір адамда тіпті, балаларда да бар нәрсе, бірақ амал қылмайынша оны жемісті дей алмайсың. Мысалы , тәй -тәй басқан баланың аяқ күші сияқты немесе агашты жандыра ал- майтын элсіз от сияқты, немесе ессіз яки мае адамның көзінің қитарлануы, немесе ұйқыдағы адамның жабық көздері сияқты, немесе бумен көз шырайын кіреуке басқанның көзі секілді жэне т.б . ^^'20'^
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы Бұл ғылым сыртқы «сөз» ережелері мен ішкі «сөз» ережелерін ұсынып бірігеді де адамға жаратылысынан біткен рухани күшті (үшінші «сөзді») түзейді. Бұл ғылым дыбыс арқылы айтылатын «сөзді» жэне көңілде орын алған «сөзді» неғұрлым дұрыс, жақсы орындал шығуға бағыттайды. Сондықтан да оны үш мағынасында қолданылатын «сөз» - «нутқ» сөзінен жасалған «мантық» атымен танылған. Сондай -ақ ғалымдардың тек қана сыртқы «сөзге» бай- ланысты заңдарды беретін грамматика бойынша жазған көптеген кітаптарында логика «мантық» деп аталады. «Сөздің» барлық мағынасында да дұрыс болуга бағытталуы, оны осындай атпен аталуына лайықты екені анық. Логика ғылымының бөлімдері (38-бет) Логиканың сегіз бөлімі бар: - силлогизм түрлері; - сөйлемдегі көзқарастың немесе сұрақтың дұрыстығын тексеруге қатысты қолданылатын силлогизм түрлері; - сөйлемде, сөйлеу барысында қолданылған соң силлогизмді қолдануды мақсат ететін өнер түрлері, олар бесеу: - дәлелдемелік; - диалектикалық; - софистік; - риторикалық; - поэтикалық. 1. Дәлелдемелік /28/ - бұлар біздің білгіміз келіп отырған нәрсеміз жөнінде анық білім беру үшін айтылатын пайымдама- лар. Осы орайда сол сұралған нәрсені зерттеу үшін адам өзіндегі жэне өзінің жанындағы [туа біткен қасиетін] пайдаланады ма, немесе ол жайында басқа біреумен сөйлесе ме, немесе сол сұралған нәрсені растау үшін басқа біреу мұнымен сөйлесе ме, бұл маңызды емес. Ең бастысы осының бэрінде де анық білім, яғни мүлдем ешбір қайшылыгы жоқ білім беруі тиіс. Бұл білім адам одан бас тартатындай жэне одан бас тартуға болады деп сенетіндей болмауы тиіс. Бұл білімде адасушылық
Ғылымдардың жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- жэне одан шығатын қате түсінік болмауы тиіс жэне қай жағынан болсын, қандай себеппен болсын сенімсіздік пен күмэн тудыра- тын мәлімет болмауы шарт. 2. Диалектикалық пайымдауларды /29/ екі жағдайда қол- дануға болады: (39-бет) біріншісі - егер сұрақ қоюшы адам жалпыға мэлім нәрселер арқылы жауап берушінің жеңісін, яғни жауап берушіге өз позициясын сақтауға немесе оның жеңісіне кепілдік беретін тақырыбын іздесе жэне бұл белгісіз пайымдаулар арқылы жүргізілсе, онда ол екеуінің эрекетінің диалектикалық жолмен жүрмегені болып табылады. Екіншісі - егер адам нақты емес пікірді нақты деп ойлап, өзін немесе өзгені сендіруге тырысып, сол пікірге салмақты болжам жасағысы келгенде қолданылады. 3. Софистік пайымдауларға /30/: адамды адастыру, жолдан тайдыру, алдап кету, хақ емес нәрсені хақ деп, ал хақ нәрсені хақ емес деп шатастыру тэн. Олар сондай-ақ ғалым еместі беделді ғалым, ал дана ғалымды дана емес деп пайымдайды. Бұл атау, яғни софистика, кәсіптің атауы, бұл кәсіптің көмегімен адам сөйлеу жэне ойлау барысында [басқа біреуді] адастырады, өтірік айтады, алдайды немесе өзі туралы «данамын, ғалыммын, абзал жанмын» деп ойласа, ал басқа біреу туралы, шындығында олай болмаса да, «бұзылған адам» деп қате пікір тудырады немесе хақ пікірді хақ емес деп, ал хақ еместі хақ деп тұжырымдайды. (40- бет) Грек тілінен алғанда, бұл сөз тіркесі «софия» - «дана» де­ ген жэне «истое» - «жалған» деген сөздерден құралган. Мұның мағынасы - жалған даналық. Кез келген нәрсе жөнінде айтқан кезде осылайша алдауға, жолдан адастыруга қабілетті эрбір адам осы атпен аталады. Ондай адамды «софист» дейді. Көп адамдар Софиста деген көне заманда өмір сүрген адам- ның аты, оның теориясы ақыл мен ғылымдардан бас тарту бол­ тан, ал соның пікірін қолдап, оның теориясын қорғаушылардан тұратын оның сектасындағыларды софистер деп атаган жэне осы адамның көзқарасын қабылдап, соның пікірін жақтаған эрбір адамды осы есіммен атаған екен деп қате түсінеді. Әсілінде бүлай
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы ойлау - ақылға сыйымсыз. Ақыл мен ғылымдардан бас тартуды өзінің теориясына айналдырған жоғарыдағыдай есімді иеленген адам бұрын еш уақытта болған емес. Көне замандағылар бұл ат- пен бірде-бір адамды атаған емес. Себебі олар мұны «софист де­ ген біреу болған» деп адам атымен байланыстырмаған. Олар шындығында бұл атпен адамды кәсібіне, сөз сөйлеу мэнеріне қарап, ол адамның кім болғанына қарамастан, оның өтірікті келістіріп, алдап кететін қасиетіне қарап, осылай атап кеткен. (41-бет) Дэл осы сияқты, адамды диалектик деп атағанда да диалектик деген бір адам болған екен деп атамайды. Диалектик деп, ол адамның кім болғанына қарамастан, тек оның кәсібінің түріне, сөз сөйлеу мэнеріне жэне өз өнерін жақсы қолдана білуіне қарай атайды. Сонымен, бойында осындай қабілеті жэне өнері бар адам - софист, ал оның кәсібі - софистика жэне оның іс- әрекеті софистік іспен айналысудан туады. 4. Риторикалық пайымдаулар /31/ - қандай пікір болма- сын, адамды соған сендіре алатын және оның ақыл-парасаты оған не айтса да, соны бүкпесіз қабылдайтын жэне әлсіз бол- са да, күшті болса да, сол пікірді растап беретін пайымдаулар. Сенімді түрдегі растаулар күшті күдік туғыза қоймайды. Олар бірінен-бірі асып түсіп жатады. Олардың біреулері басқаларынан пайымдауларының жэне [пайымдауларында] қолданатын әдісінің күштілігіне қарай басымдыққа ие болады. Сенімді түрдегі растаулардың біреулері екіншілеріне қарағанда анағүрлым нанымды, пісіп жетілген жэне тиянақты болып келе- ді. Ой қорытындылар көрсетіп тұрғандай бұлар қаншалықты көп болса, соншалықты нанымды, олар соншалықты (42-бет) тәжіри- бемен растала түседі жэне олар соғұрлым жанды қанағаттанды- рып, тыныштандырады. Дегенмен, сенімдер қаншалықты эртүрлі болғанмен, оларда еш нәрсе ақиқатқа жақын жорамал туғызбайды. Осы жайт риториканы диалектикаға қарама-қайшы етеді . 5. Поэтикалық пайымдаулар /32/ - белгілі бір талқылана - тын мэселеде ең лайықты, не ең жақсы нәрсені, әдеміні не сұ- рықсызды, ұлыны немесе болмашыны, не тағы сол секілді нэр- селерді қамтитын пайымдаулар.
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Біз поэтикалық пайымдауларды қолданған кезде, жиіркеніш сезімімізді тудыратын нэрсені көрген сэттегідей бойымызды үрей билейді. Ол нэрсе лезде біздің бойымызда жиіркеніш се- зімін тудырып, біз оны жек көреміз жэне одан қашқақтаймыз. Шындығында ол нәрсе біз елестеткендей емес екендігіне іштей көзіміз жетіп тұрса да, қиялымызда поэтикалық пайымдау- лар тудыратын сол бір [жиіркеніш] сезімнен арыла алмаймыз жэне жағдай дэл елестеткеніміздей емес екенін біліп тұрсақ та, бейнебір нақ сол поэтикалық пайымдауларда айтылғандай деп сеніп, эрекет етеміз. Адам көп жағдайда болжамы мен біліміне емес, өзінің елес- теріне жүгінеді. Себебі көбінесе оның болжамы мен білімі қия- лына қарама-қайшы келеді де, ол бір нәрсені іске асырғанда, бол­ жамы мен біліміне емес, қиялына сәйкес жасайды. Бұл нәрсені сөз арқылы немесе эрекеттерге ұқсас есімдер арқылы елестету нэтижесінде орын алады. (43-бет) Поэтикалық пайымдаулар эңгіме үстінде ғана адам- ды белгілі бір эрекет жасауы үшін оның сезімін ояту мақсатында пайдаланылады. Бұл мынандай жағдайда орын алады: Егер белгілі бір әрекет жасауға ұмтылған адамның жүгінетін ешқандай пайымы болмаса, ол көңілі қалаған әрекетке ақыл елегі арқылы емес, қиялы арқылы ұмтылса, сөйтіп оның қиялы ақылды пайымның орнын ауыстырады. Сол сияқты егер адамда көңілі қалаған пайымдама бо- лып, бірақ ол өзінің содан таймайтынына көзі жетпесе, онда ол өзінің қиялы пайымдамасынан бұрын жүрсін деген оймен жал- ған поэтикалық пайымдарды қолдануға тырысады жэне бұл әрекетінде асығыстық танытады. Осының салдарынан оның бұл әрекеті өзінің пайымдамасымен сол әрекеттің салдарын түзеткенше, іске асып кетеді. Сөйтіп ол мұнан мүлдем бас тар- тады, ыждағатпен зерттеп, оны қолданудың қажеті жоқ екенін көріп, кейінге қалдырады. Сондықтан басқалары емес, дэл сол [поэтикалық] пайымдау­ лар, логика ғылымында қарастырылатын нәрселер арқылы көр- кемделіп, эсемделіп, дараланып жэне тамаша сәулеттеніп кетеді. ^'24 '^
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Ғылымдардыцжіктелуітуралы Бұлар - силлогизм мен силлогистік өнерлердің түрлері. Қай жағдайда да қандай да бір нәрсені анықтау үшін қол- данылатын сөйлемдегі пайымдама түрлері бесеу: - анық пайымдар; - жорамал пайымдар; - қате пайымдар; - нанымды пайымдар; - қиялдағы пайымдар. Осы бес өнердің әрқайсысында олардың тек өзіне ғана тэн жэне бэріне де бірдей ортақ нәрселер бар. (44-бет) Силлогистік пайымдаулар адамның көңілінде ор- ныққан пайым немесе дауыс арқылы сыртқа шығатын пайым болса да төмендегідей құралады: адамның көңілінде орныққан пайымның түріне келсек, бір нэрсені растау үшін бір араға жи- налатын, өзара реттілікпен байланысқан көптеген ақылмен та- нылатын пайымдар /33/. Дауыс арқылы сыртқа шығарылатын пайымдарға келсек - әлгі ақылмен танылатын объектілерді көр- сететін эрі соларға тең келетін өзара байланысты ретімен келетін көптеген сөздер. Бұлар естіп тұрған адамды бір нәрсеге сендіру үшін өзара қосылады, мағынаны қамтып, бір-бірін толықтырады. Дауыс арқылы сыртқа шығарылатын пайымдаулардың ең қысқасы екі сөзден құралады. Ал көңілдегі пайымдар жай ақылмен пайымдалатын жұп объектіден түрады. Міне, мұндайлар - жай пайымдаулар. Силлогистік пайымдаулар жай пайымдаулардан құралып, күрделі пайымдауларға айналады. Күрделі пайымдаулардың ең қысқасы - екі жай пайымдаудан түратыны, ал ең ұзыны шексіз. Әрбір силлогистік пайымдаудың ең үлкен бөлшектері - жай пайымдаулар, ал оның ең кіші бөл- шектері - мұның өзі соның бөлшектерінің бөлшектері - бүл кейбір ақылмен пайымдалатындар жэне осыларды көрсететін сөздер. Сонымен, логиканың тарауы - сегіз, әрқайсысы жеке кітаптан тұрады. (45-бет) Бірінші тарауда жекелеген ақылмен танылатын объектілердің заңдылықтары мен осыларды көрсететін сөздер ^•25^
Ғылымдардыц жіктелуі т у р а л ы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- берілген. Бұл арабша «Ма’қулат», ал грекше «Категориас» /34/ деп аталатын кітапқа енеді. Екінші тарауда жай пайымдаулардың заңдары беріледі, ал бұлардың өздері ақылмен пайымдалғыш жұп объектіден кұралған ақылмен танылатын жэне осыларды көрсететін жұп сөзден тұрады. Арабша «Әл- ’Ибара», ал грекше «Бариминийас» /35/ деп аталатын кітапта берілген. Үшінші тарауда [сол арқылы] силлогизмді беретін бес өнерге тэн ортақ пайымдаулар бар. Бұл арабша «Әл-Қийас», ал грекше «Бірінші аналитика» /36/ деп аталған кітапқа енеді. Төртінші тарау дәлелдемелік пайымдауларды тексеретін заңдарға, философия зерттейтін нәрселердің заңдары жэне осы- лардың әрекеттерін толық, эбден тамаша, аса кемел ететін жай- лардың бэріне арналған. Бұл өзі арабша «Әл-Бурхан», грекше «Екінші аналитика» /37/ деген кітап. Бесінші тарауда диалектикалық пайымдаулар, диалектика- лық сұрақ пен диалектикалық жауаптың сапасын тексеретін ере- желер, жалпы айтқанда, диалектикалық өнерге қатысты барлық ережелер жэне оның өзінің әрекеттерін аса кемелді, эбден жақ- сартатын, нәтижелі қьшатын қағидалар беріледі. Бұл арабша «Әл- Мауади' эл-джэдэлийа», ал грекше «Топика» деген кітап. Алтыншы тарауда, ең алдымен, ақиқаттан адастыратын , ал- дайтын жэне шатастыратын нәрселердің ережелері, сондай-ақ ақиқатты бұрмалаушы жэне алдайтын адамның қолданатын нәр- селерінің бэрінің тізімі беріледі. Бұларды қалай жою жэне нен - дей нәрселермен тойтару керек екені айтылады. Сондай -ақ адам қалаған мақсатына жету үшін өзі адасатын жэне өзін адастыратын нәрселерден қалай сақтану керектігі айтылады. Бұл кітапты грек- тер «Софистика» деп атаған, оның магынасы «жалған ғылым» дегенді білдіреді. (46-бет) Жетінші тарауда риторикалық пайымдаулар, сөз [сөйлеудің] түрлерін жэне шешендер мен риториктердің сөзде- рін тексеретін, сынайтын ережелер берілген. Мұнда бұлардың риторикаға жататын-жатпайтыны көрсетіледі . Риторикалық өнерге қатысты барлық жағдайды тізіп отырады. Өнердің эрбір ^-26-^
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы тарауында риторикалық пайымдаулар жэне сөз сөйлеу өнерінің жағдайы қандай екені жэне ненің есебінен жақсы болатыны, кемелденетіні жэне оның әрекеті неліктен сондай лайықты жэне маңызды болатыны түсіндіріледі. Бүл кітап «Риторика» деп ата- лады, яғни шешендік өнер. Сегізінші тарау поэтиканы, кең тараған поэтикалық пайым- дау түрлерін, сондай -ақ өнердің эрбір саласында қайсысы қол- данылатынын анықтайтын заңдарды қамтиды. Сондай -ақ поэ - тикалық өнерге қатысты барлық жағдай тізіліп көрсетіледі. Өлең жэне поэтикалық пайымдау түрлерінің нешеу екені, олардың ішіндегі эрбір өлең қалай жасалатыны жэне қандай нәрселерден қосылып, ненің есебінен ең жақсы, ең ардақты, ең керемет жэне барынша нэзік болатыны, сондай-ақ бұлардың аса мэнді жэне ең лайықты поэзияға айналуы үшін қандай жагдайлар жасалуы ке- рек екені баяндалады. Бұл кітап грекше «Поэтика» деп аталады, яғни бұл - өлең кітабы /38/. Логиканың тараулары жэне оның әрқайсысын қамтитында- ры - міне осылар. Төртінші тарау мағынасы жағынан да, алатын орны жағынан да неғұрлым маңыздысы. Логиканың бірінші мақсатқа жетуі дэл сол төртінші тараудың арқасында жүзеге асады. Ал қалған тараулардағы барлық нәрсе төртінші тарау үшін қызмет етеді. Зерттеу тэртібі бойынша орналасқан мұның алдында келетін үш тарауы - алғы сөз, кіріспе жэне әдіс. [Төртіншіден] кейін келетін қалған төртеуі екі себеп үшін қажет. (47-бет) Біріншіден, олардың әрқайсысы төртінші тараудың қаруы ретінде белгілі бір көмек немесе қолдаушы құрал ретінде қолданылады. Бұлардың қайсыбірінің пайдасы көбірек, басқа біреуінікі азырақ болады. Екіншіден, [көзқарасты] нығайту үшін; егер осы өнерлердің бірі екіншісінен заңдылықтары тұрғысынан өзгешелігі анықтал- ғанға дейін бұл өнерлер бірінен-бірі ажыратылмаса, онда адам ақиқатты және нақты білімді іздеу үстінде диалектикалық нәр- селерді пайдалануға батылы бармайды. Себебі жаңағылардың диалектикалық екенін сезінбейді жэне осы себептен ол нақты
Ғылымдардын, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- білімнен күшті жорамалдарға ауып кетеді немесе ол нақты ережелерді қолданады. Бірақ мұнысын өзі сезбей де қалады. Сөйтіп, білімге емес жай сенімге ауытқиды немесе ол өзі де сез- бестен, софизмді пайдаланады. Осылайша ол дұрыс емес нэрсені дүрыс деп жорамалдап, сонысына сенеді немесе шатасады, неме­ се солардың поэтикалық нәрселер екенін байқамай, поэтикалық нэрселерді қолданады. Сөйтіп ол өзінің сенімін қиялдағы тү- сініктерге негіздейді де, ішінен осы жағдайларда ақиқатқа апа- ратын жолмен жүрдім жэне оған жеттім деп есептейді, ал шын- дығында ол ақиқатқа жетпейді. Бұл мына бір жайтқа ұқсайды: дәрі-дәрмектерді жэне азық- түліктерді білетін қайсыбір адам, олардың қүрамындағы уды білмесе де, сипаттарына қарап, соларды білетіндігіне сенеді. Мұндай адамды дэрі-дэрмекті болсьш, азық-түлікті болсын, қолдануға жіберуге болмайды. Себебі мүны түсінбегендіктен ол өз-өзін мерт етеді . Екінші мақсатқа келер болсақ, осы төрт өнердің әрқайсысын меңгерген адамдар ондағы барлық білімді бойларына сіңіре ала- ды. Егер адам жақсы диалектик болғысы келсе, онда ол диалекти - каны білу үшін не қажет екенін, пайымдауда диалектика әдістерін қолданады ма, жоқ па, өзгелердің пайымдарын қалай анықтауға болады деген сияқты т.б. нэрселерді білуі тиіс. Ал енді адам қызыл тілді шешен (оратор) болғысы келсе, онда ол бүл өнерді игеру үшін не керек екенін, өзін жэне басқаларды да шешендікке тексеру эдістерін, пайымдауда риторика эдістерін қолданады ма, жоқ па деген сияқты т.б. білуі қажет. Дэл сол сияқты егер адам жақсы ақын болғысы келсе, онда ол ақын болу үшін не керек екенін, өзін жэне басқаларды ақындыққа тексеру әдістерін , пай­ ымдауда ертедегі ақындардың әдістерін қолданады ма, жок па, элде дұрыс эдістен ауытқып кетті ме деген сияқты т.б. нәрселерді білуі лазым. Сондай-ақ егер ол өзі бір де бір адамнан алданып қалмай, басқаны адастыру құдіретіне ие болғысы келсе, онда ол осыған жету үшін не керек екенін жэне әрбір пайымдауды, эрбір көзқарасты қалай анықтау керек екенін жэне бұнысында ол өзі ^'28'^ '
Ғылымдардыц жіктелуі туралы біреуді алдады ма, элде өзі алданып қалды ма немесе мұның себебі неден туындады деген мэселелерді біле алады.
Ғылымдардьщ жіктеяуі т у р а л ы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ҮШІНШІ ТАРАУ МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫ (49-бет) Бұл ғылым үлкен жеті бөлімге бөлінген, оларды кітаптың басында тізіп айтқанбыз. Сан (арифметика) ғылымы Арифметика ғылымына келсек, ол өз ішінде екі ғылымды қамтиды: (50-бет) біріншісі - практикалық арифметика /39/; екіншісі - теориялық арифметика /40/. Практикалық арифметика сандарды, яғни саналатын нәрсе- лердің, денелер санын жэне т.б. нәрселерді санау үшін қажетті сандарды зерттейді. Мысалы, адамдардың, не жылқьшьщ, не динарлардың, дирһамдардың /41/ жэне санауға келетін басқа да нэрселерді қарастырады. Бұл ғылым адамдарға сауда жэне азаматтық қатынастар саласында қызмет етеді. Теориялық арифметикаға келсек, бұл абсолютті сандардың өзін зерттейді. Себебі олар денеден жэне санауға жататын барлық нәрседен абстракцияланады. Арифметиканың теориялық түрі түйсік арқылы қабылданып, санауға келетін жэне түйсік арқылы қабылданбайтын нәрселерге тэн сандарды абстракцияланған түрде зерттейді. Міне, осылар ғылымның жиынтығына енеді. Теориялық арифметика сандарды абсолюттік мағынада зерттейді. Бір-біріне қатынасы жоқ сандардың өздеріне тэн дер- бес мэніне сәйкес зерделейді. Мысалы, жұп және тақ сандар сияқты немесе бір сандардың басқа сандарға қатынасына тән заңдылықтарды зерттейді. Тепе-теңдік жэне тепе-тең еместік сияқты. Ол сондай-ақ қайсыбір санның бөлшегі немесе бөлшек- тері болып табылатын, немесе екілік, немесе соған тең, немесе оның бөлшегі, немесе бөлшектеріне қарағанда үлкен сандар­ ды, пропорциялы немесе пропорциялы емес, барабар немесе
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ғылымдардын,жіктедуітуралы барабар емес, өлшемдес немесе өлшемдес емес сандарды да зерттейді. Сонан соң теориялық арифметика бір сандарды басқа бір сандарға біріктіргенде жэне бұларды қосқанда; бірінен-бірін алғанда және оларды ажыратқанда, немесе бір санды басқа бір санның бірнеше бірлігіне көбейткенде, немесе бір санды басқа бір санның бірнеше бірлігіне бөлгенде, сол сандарға тэн нәрселерді қарастырады. Бұған мысал: санды квадратқа көбейткенде не сан- нан квадрат түбірін айырғанда, немесе кубқа айналдырғанда не­ месе бүтін не бүтін емес болып қалғанда. Теориялық арифметика осының бэрін, яғни бір санның басқа санмен қатынасын, (51-бет) белгілі сандардан сандар қалай алынатыны жэне жалпы алғанда, сандардан шығатын нәтиженің қалай алынатынын түсіндіреді. Геометрия ғылымы /42/ Геометрия ғылымына келсек, ол мынадай екі түрге бөлінеді: практикалық геометрия, теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен бедерлерді қарас- тырады. Мысалы, агаш ұстасы агаштан зат жасайтын кезде, темір ұстасы темірден зат жасаған уақытта, немесе құрылысшы ғима- рат көтерген уақытта, жер өлшеуші егістікті өлшегенде практика- лық геометрияға жүгінеді. Осы сияқты практикалық геометрияны игерген әрбір адам өзіне сызықтар мен бедерлерді елестетеді, қандай да бір денедегі квадрат, шеңбер жэне үшбұрыштарды зерттейді. Бүл дене - осы практикалық өнердің зерттеу пәні. Теориялық геометрия дененің сызықтары мен бедерлерін тек абсолютті жэне жалпы мағынада қарастырады жэне осы жағынан алғанда ол барлық денелердің бедеріне қатысты болып келеді. Сондықтан теоретик дененің қандай екенін айырып жатпай, жал­ пы сызықтарды елестетеді. (52-бет) Ол жазықтықты, кубты, сфераны немесе пирамиданы қандай денеде тұрғанын ерекшелемей жалпы қабылдайды. Гео- метриялық денелерді, олардың қандай дене екеніне, қандай ма- териалдан жасалғанына, яғни субстанциясының қандай екеніне,
Ғылымдардың, жіктелуі т у р а л ы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- оның қандай қасиеттерге ие екенін сезім арқылы ажырытьш жат- пай, оларды жалпы түрде елестетеді. Сөйтіп геометриялық денені абсолютті мағынасында, яғни ол - ағаш, немесе ол - тас, немесе ол - темір деп емес, жалпы геометриялық дене ретінде қарастырады. Бұл ғылым барлық ғылымдардың кұрамына кіреді. Ол сы- зықтарды, бедерлерді және геометриялық денелерді абсолюттік мағынасында зерттейді. Олардьщ формалары, мөлшері, тепе-тең- дігі мен тепе-тең еместігі, сондай-ақ олардың орналасу түрлері, тэртібі жэне соларға тэн барлық қасиеттері қарастырылады. Мы- салы, нүктелер, бұрыштар, т.с.с. Бұл ғылым олардьщ пропорция- лы жэне пропорциялы емес, берілген жэне берілмеген, өлшемдес жэне өлшемдес емес, рационалды жэне иррационалдыларьш жэ­ не осылардың түрлерін зерттейді. Бұл ғылымда қайсыбір форма түрінде жасауға болатьш эр нэрсенің қандай әдіспен жасалатыньш жэне жасал алуға болатын әрбір дененің қандай эдіспен алына- тынын білу мүмкін. Сондай -ақ жаңағылардың барлығыньщ себебі жэне неге тап осылай жүзеге асатындығы күмәнға жол берілмей- тін, нақты білімнің ұсынған дәлелдемелері арқылы түсіндіріледі. Міне, геометрия пэні осылардың бэрін қарастырады. Бұл ғылым өз ішінде мынадай екі тараудан тұрады: сызықтар мен жазықтарды қарастыратын тарау жэне геометриялық денелерді зерттейтін тарау. Геометриялық денелерді зерттейтін тарауы геометриялық денелердің түрлеріне қарай: мысалы, куб, пирамида, шар, ци­ линдр, призма жэне конус сияқты денелерге бөлінеді. Осылардың бэрін екі тұрғыдан қарастырады: (53-бет) біріншіден, бұлардың эрқайсысын өзінше мысалы, сызықтарды өзінше, жазықтарды өзінше, кубтарды өзінше жэне конустарды өзінше қарастырады. Екіншіден, осыларды жэне осыларға қатыстыларды бірінің екіншілеріне қатынасы жағынан алып қарастырады, немесе бұлар бір-бірімен салыстырылады жэне бұлардың өзаратепе -теңдігі мен тепе-тең еместігі немесе осы екеуінен (тепе-тең - тепе-тең емес) басқа да қасиеттері қарастырылады, немесе жобалау жолымен анықтама жасайды. Мысалы, сызықты жазықтыққа, жазықтықты геометриялық денеге, немесе жазықтықты жазықтыққа немесе
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ғылымдардын, жіктелуі туралы екі геометриялық денені геометриялық денеге көшіріп, сызықты, жазықтықты, геометриялық денені анықтайды. Геометрия мен арифметиканың негіздері жэне басқа да нәрсе- лері осындай бастамалардан туындағанын білу керек. Бұл баста- маларға келер болсақ, олар анықталып қойған белгілі бастамалар, ал осы бастамалардан туындайтындары элі анықтала қоймаган. Евклидке телініп жүрген кітапта геометрия мен арифме- тиканың бастамалары бар жэне ол «Бастамалар» /43/ деген атау- мен танымал. Мұнда екі жол қарастырылады: анализ жэне синтез. Бұл ғылымның Евклидтен басқа өте ертедегі өкілдері өз кітаптарында осы екі жолды біріктіріп зерттеген жэне өз кіта- бында синтезді [ғана] қолданатын тек Евклид. Оптика ғылымы /44/ (54-бет) Оптика ғылымы, геометрияның зерттегеніндей, денелердің формалары мен шамаларын, тэртібі мен қалыптарын, теңдігі мен тең еместігін жэне тағы басқаларын қарастырады. Бірақ геометрия сызықтар мен жазықтықтарды жэне геометриялық денелерді абсолюттік мағынада зерттейді. Геометрияның саласы анагұрлым жалпылама. Сондықтан ге­ ометрия зерттейтіндердің бэрі оптикага енетін болса да, оптиканы бөліп алу қажет болды. Себебі геометрияда болуы лазым көпте- ген нәрселер - форма немесе қалпы, тәртібі немесе басқа нэрсенің белгілі бір қалпы, оларды бақылаған кезде қарама-қарсы қалыпқа түскендей болып көрінеді. Мысалы, шындығында төртбұрыш бо- лып табылатын нәрсе, оған белгілі бір қашықтықтан қарағанда, дөңгелек болып көрінеді. Бір жазықтықта жатқандардың көбісі- не келсек, олардың қайсыбірі томен, ал қайсыбірі жоғары жат- қан секілді көрінеді жэне алдыңғы жақтағылардың көбісі артқы жақта орналасқандай көрінеді жэне осыған ұқсас мысалдар көп. (55-бет) Осы ғылым арқылы нэрсенің көзге көрінген қалпы мен шындығында қандай екендігі, яғни сондай болып көрінген нэрсе мен ақиқатында тап сондай нәрсе арасында айырмашылық ажыратылады. Осының бэрінің себебі көрсетіледі, [сондай-ақ]
Ғылымдардьщ жіктелуі т у р а л ы _______________________________________________________________________________________ мұның неліктен солай екендігі нақты дәлелдер арқылы түсін- діріледі. Жалаң көзбен қараған кезде қателікке жол бермейді . Керісінше, қандайда бір заттың немесе нысанның мөлшерін, фор- масын, күйін, тэртібін жэне басқа жағдайларды қарастырғанда көздің қателесуі мүмкін тұстарда нақтылыққа жету мақсатында қажетті түрлі айла-амалдар түсіндіріледі . Осы өнердің арқасында адам өте алыс жатқандықтан, көз жеткізу қиын денелердің көлемі, олардың бізден қаншалықты алыс жатқандығы жэне олардың кейбіреулерінің басқаларынан арақашықтығы қандай екені туралы біле алады. Мысалы , ағаш- тың, дуалдың биіктігін, аңғар мен өзеннің ені мен тереңдігін , тіпті таудың биіктігі мен ұшын анықтау сияқты т.б. Содан соң өзіміздің түрған жерімізден, сондай-ақ жердің кез келген нүктесінен бұлттарға жэне басқа нәрселерге дейінгі арақашықтықты біле аламыз. Аспан денелеріне дейінгі қашық - тықты жэне олардың оптикалық аспаптардың көмегімен бақы- лауға болатын көлемін білуге мүмкіндік бар. Жалпы алғанда, көлемін анықтау қажеттігі туған кез келген шаманы немесе оған көз жанары түскен кезде кез келген нэрседен қаншалықты алыс орналасқанын білеміз. Олардың кейбіреулерін қателеспеу үшін көз жанарын нысанаға бағыттайтын қүралдардың көмегімен, ал біреулерін құралдарсыз да анықтаймыз. Көз көретін жэне көрінетін барлық нэрсе, тіпті біз бақылап отырған объекті де ауаға жэне денеге тараған күн сәулесінің арқасында көрінеді. Мөлдір денелерден өтіп, көзбен көретін нэрсеге түсетін сэулелер түзу, немесе ауытқып кететін, немесе шағылысқан, не­ месе сынық сәулелер болып табылады. (56-бет) Түзу сэулелер - бұлар көз жанарынан шыққан соң, көзден түзу бағытта тарайтын, тарап өтіп барып жоғалатын сэулелер. Ауытқып кететін сэулелер - бұлар көз жанарынан шыға отырып, таралу барысында өз жолында түзу таралуға кедергі жасайтын айнаға кездесіп, соның әсерінен айнаның бір шетіне қарай қисық бұрылатын сәуле. Сонан соң ол айнаның бұрған
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ғылымдардың, жіктелуі туралы жағынан бақылаушыға барып жеткенге дейін [аралықта] тара- лады. Шағылысқан сәулелер - бақылаушының назарына қайту үшін алғаш шыққан бағытының бойымен айнадан қайта оралған сәулелер. Осылайша бақылаушы ол сәулелерді қайта көреді . Сынық сәулелер - бұлар айнаға жеткен соң, айнадан кері көз жанарынан осы сәуле шыққан бақылаушыға қарай қайта оралып, бақылаушының бір жағына қарай бұрылып, оның арт жағындағы немесе сол жағындағы, немесе оның жоғарғы жағындағы басқа бір кез келген затқа түсетін сәулелер. Мұндайда адам өзінің арт жағындағы, немесе басқа бір жағындағы затты көреді. Жалпы алғанда айна - ауа, су немесе аспан денесі секілді мөлдір денелерден жасалған нәрсе. Бізде ол шыныдан жэне т.б. нәрселерден жасалады. (57-бет) Айна - сэулелерді шағылыстырып, олардың өз ба- ғытымен жүруіне кедергі жасайтын заттар. Сонымен қатар біздегі сияқты темірден немесе дымқыл бу, немесе су, немесе осыларға ұқсас т.б. нәрселерден жасалған денелер. Оптика ілімі сәулелердің осы төрт түрі арқылы эрбір айна­ дан көрінетін жэне бақыланатын нәрселердің бэрін, сондай-ақ бақыланатын [нәрселерге] қатыстының бэрін зерттейді. Ол екі бөлімге бөлінеді: Біріншісі - түзу сәулелер арқылы бақыланатын [нәрселерді] зерттеу; Екіншісі - түзу емес сэулелер арқылы бақыланатын [нәр- селерді] зерттеу жэне бұл ғылымның айналар туралы саласы. Жүлдыздар туралы ғылым Жұлдыздар туралы ғылымға келсек, бұлай аталатын екі ғылым белгілі: Біріншісі - жүлдыздардың хабары туралы ғылым /45/: бүл болашақта не болатынын, қазір болып жатқан және бұрын болып өткен нәрселердің көбісін жұлдыздардың қалай көрсететіндігін баяндайтын ғылым (астрология).
Ғылымдардын, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Екіншісі - жұлдыздар туралы математикалық ғылым /46/; бұл басқа ғылымдарда жэне математикада қолданылады. Жоғары - дағы айтылған [бірінші] ғылымға келсек, (58-бет) ол адамға бо- лашақта орын алатын нәрсені алдын ала ескертуге мүмкіндік беретін күштердің немесе кэсіптердің бірі, [мысалы], түстерді жору, құстардың ұшқан бағыты бойынша бал ашу, болашақты айту және тағы сол тектес нәрселер. Жұлдыздар туралы математикалық ғылым аспан денелері мен Жер туралы үш мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізеді: біріншіден, олардың формаларын , денелердің көлемін, орнала- суын, бір-бірінен арақашықтығын жэне Жердің қозгалып -қоз - ғалмауын; екіншіден, аспан денелерінің қозғалысын , санын, айналмалы қозғалысын, тұрақтылығын; сонан соң эрбір аспан денесіне тэн қозғалыстың ерекшелігін, олардьщ әрбіріндегі қозғалыс түрлерін анықтайды; қозғалыс бағытын, олардың әр- қайсысына бұл қозғалыстың қандай бағыты сәйкес келетінін зерттейді; ол шоқжұлдыздардың эрбірі өзі орналасқан орнына белгілі бір уақытта қандай жолмен жететінін түсіндіреді. Сондай-ақ, барлық аспан денелеріне тэн қозғалысты , өзара бірігу, бөліну, ажырау немесе орналасуын анықтайды . Жалпы алғанда, бұлардың қозғалыстарын Жер қатынасына қарамай- ақ зерттейді. Мысалы , күннің тұтылуы Жердің ғаламдағы ор- наласқан орнына байланысты. Бұл ғылым айдың тұтылуы сияқ- ты т.б. бөгде құбылыстарды , олардың санын, олардың қандай жағдайларда жэне қандай уақытта орын алатынын, қанша уа- қытқа созылатынын мысалы, күннің шығуы мен батуы жэне т.б. мәселелерді қарастырады. (60-бет) Үшіншіден, бұл ғылым дүниенің ел мекендеген жэне мекендемеген жерлерін зерттейді; мекендеген жерлердің қаншалықты екенін; ол қанша үлкен-үлкен бөліктерден , яғни климаттардан тұратынын сипаттайды; сол уақытта олардың әр- қайсысының бар екендігі мойындалған ел мекендеген жерлер; эрбір мұндай ел мекендеген жердің қайда орналасқанын жэне оның ғаламдағы тэртібі тізбектеледі. Әлемнің барлық жерін қамти отыра белгілі шарттарға сәйкес қандай жерге қандай климаттың ^36-^
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------- --------------------- Ғылымдардыц жіктелуі туралы тэн екендігін зерттейді. Бұл өз кезегінде Жердің қозғалуына байланысты күн мен түннің айналымына алып келеді. Мысалы, күннің шығуы мен батуы, кун мен түннің ұзаруы мен қысқаруы жэне т.б. осыған ұқсас қүбылыстар. Міне, бұлардың бэрін осы ғылым қамтиды. Музыка ғылымы /47/ Музыка ғылымына келсек, ол жалпы алғанда, әуендердің түрлерін таныстыруды қамтиды; [әуендердің] неден құралаты- нын, қалай қүралатынын жэне эсері неғұрлым мэнді жэне не- ғұрлым кемел болу үшін қандай болуы керек екенін зерттейді. Мүндай атаумен ұғынылатын ғылым екеу: біріншісі - прак- тикалық музыка ғылымы; (61-бет) екіншісі - теориялық музыка ғылымы. Практикалық музыканың қызметі - табиғи немесе жасанды аспаптардан шыққанда, құлақпен қабылданатын әуен түрлерін зерттеу. Табиғи құралдар - бүл тамақ, көмей тілі жэне тамақтағы нәр- селер, сонан соң - мұрын. Жасанды аспаптар - сыбызғы, лютня сияқтылар жэне бас- калар. Музыкант-практик әуендерді, тондарды жэне әдетте музы- калық аспаптардың бойынан табылатын барлық дүниені түсіне біледі. Музыка теориясы музыка жөніндегі білімді ақылмен пай- ымдалатын нысандар ретінде береді; эуендерді құрайтын нэр- селердің барлығының себептері келтіріледі, бірақ материалды түрде емес, абсолюттік жэне абстрактылы түрде жэне кез кел- ген аспаптан, кез келген материядан абстракцияланған түрде келтіріледі; [музыка теориясы әуендерді] қандай аспапта, қандай денеде алынғанына қарамастан, жалпы қабылдайды. Музыка теориясы бес ірі тарауға бөлінеді. Бірінші тарау осы ғылымды сипаттау үшін қолданылатын негіздер мен бастамалар туралы; бүл негіздерді қолдану әдістері
Ғылымдардын, жіктелуі туралы __________________ ____________________________________________________________________ мен осы өнерді зерттеу әдістерінің қандай екені; бұл өнер қандай жэне қанша нәрседен құралатынын жэне оны қалай зерттеу керек екені жөнінде баяндайды. Екінші тарау осы өнердің негіздеріне арналған. Бұл тондар- ды алу жөніндегі пікірлерді қамтиды: бұл тондар қанша, қандай тондар, турлері анықталады; бірінің басқасына қатынастары жэне осының бэрінің дәлелдемелері түсіндіріледі. Мұнда музы- каны құрастырушы адам тондардың арасынан қалағанын ала оты- рып, эуен құрастыруы үшін, оларды төмендетуге көмектесетін тондардың формаларының түрлері мен оларды құрастырудың тэртібі жайлы баяндалады. Үшінші бөлім мына мәселеге арналған: арнайы даярланған жасанды аспап түрлеріне қарасты негіздерде айтылған пікірлер мен дәлелдемелердің арасындағы сэйкестікті баяндайды жэне барлық аспап түрлерін береді жэне сипаттарына сэйкес дэрежесі мен тэртібіне орай орналастырылады. Төртінші бөлім әуен тондарының өлшемі больш табылатын табиғи ырғақтардың түрлерін пайымдайды. Бесінші бөлімде, жалпы, эуен композициясы, содан соң поэ- зиялық оралымдардағы поэзия сатылары мен тэртібіне сәйкес құралған кемел әуендердің композициясы беріледі; әуеннің кез келген мақсатына қарай өнердің мэнін көрсетеді, алға қойылған мақсатқа жету үшін әуендерді эсерлі жэне кемел ететін жағдай- лар түсіндіріледі. Салмақтар туралы ғылым /48/ Салмақтар туралы ғылымға келсек, ол салмақтарға қатысты екі саланы қамтиды: 1) Салмақтарды қарастырғанда, соның мөлшерінің белгіленуіне қарай зерттеу; 2) Бұл - ауыр нәрселерді көтеретін жэне оларды бір орын - нан екінші орынға ауыстыратын аспаптар туралы ілім. ^•38-^д
Ғылымдардьщ жіктелуі туралы Шебер тәсілдер туралы ғылым /49/ (63-бет) Бұл - бар екендігі математикада дэлелденген барлық нәрсенің тэсілдері мен эдістері жайындағы ғылым жэне бұлар жайында жоғарыда табиғи денелерге жэне олардың жаралуы мен актуальды қалпына байланысты пікірлер мен дәлелдемелерде айтылған. Ал бұл дегеніміз жоғарыдағы ғылымдардың бэрі сызықтарды, жазықтықтарды, геометриялық денелерді, сандарды жэне табиғи денелерден абстракдияланған, тек ақылмен пайым- далатындар ретінде осы салаға жататын нэрселерді қарастырады. Жоғарыда аталмыш категориялар табиғи жэне түйсікпен қабылданатын денелерде ерік және түрлі ғылымдардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Ғылым оларды іске асыру барысын- да кедергіге ұшырайды, сондықтан ол бұларды басқаратын эрі күресетін күшке мұқтаж. Дегенмен, бұл ғылым табиғи денелердің бойынан қалаған нэрсені алуы үшін оларды дайындауға жэне ұшырайтын кедергілерді жоюға мүмкіндік беруі қажет. Шебер тэсілдер туралы ғылымдар өнер арқылы жоғарыда аталғандарды табиғи жэне түйсік арқылы қабылданатын дене­ лерде жүзеге асыру үшін бейімделу шаралары мен тәсілдерін та- нудың әдіс-амалдарын көрсетеді . Бұл ғылымдардың ішінен «сандық айла-тәсілдерді» атауға болады. Мұндай тэсілдер көп: мысалы, (64-бет) біздің заман адамдарының арасындағы «Әл-джәбр уэ эл -муқабалэ» /50/ деген атаумен белгілі және соған үқсас ғылым. Бірақ бұл - арифметика мен геометрия үшін ортақ ғылым. Мұнда сандарды шығару үшін қажетті әдістер беріледі. Кейбіреулері Евклидтің рационалды жэне иррационалды сандар үшін арналған «Бастамалар туралы» кітабының оныншы тарауында көрсетілген негіздерінде кейбір тәсілдер көрсетіліп, кейбірі айтылмаған. Бұл рационалды жэне иррационалды шамалардың бір-бі - ріне қатыстылығы бір санның басқа санмен қатынасы сияқты болғандықтан, эрбір сан рационалды жэне иррационалды ша- маларға тең келуіне байланысты. Егер шамалардың қатынасына ^■39-^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- тең сандар табылып жатса, онда сәйкесінше сандардың әйтеуір бір тәсілмен шығарылатындығы анықталады. Сондықтан кейбір сандар рационалды сандарға, ал басқалары иррационалды шама- лар үшін иррационалды сандарға айналады. Бұлардың ішінен геометриялық әдіс-тәсілдер атауға бо- лады. Олардың саны көп. Мысалы , мұның арасында құрылыс өнері, денелердің эрқилы түрлерінің аудандарын өлшегенде қолданылатын әдіс-тәсілдер бар. Астрономиялық аспаптар, музыкалық аспаптар жэне садақ, қарудың басқа да түрлерін жасау сияқты көптеген практикалық өнерде қолданылатын шебер тәсілдер де осы ғылымға жатады. (65-бет) Бұған бақылауды көздеген алыс қашықтықтағы денелердің шынайы жағдайын білу үшін көзімізді соған бағыттайтын аспаптарды жасау барысында қолданылатын оптикалық шебер тәсілдер де, сондай -ақ айналарды жасау өнері жэне осындай сәулелерді бұру, шағылыстыру немесе сындыру үшін сэулелер түсетін жерге орналастыру өнері де жатады. Бүдан тұтандырғыш айналарды күн сәулелерін шағылыстыратын жерге орналастырып, сэулелерді басқа денелерге бағыттау нэтижесінде пайда болатын тұтандырғыш айналар өнері жэне солардың ше­ бер тәсілдері туындайды. Сондай -ақ бүған көптеген қолөнер түрлерінде қолданылатын таңғаларлық ыдыстар мен аспаптар жасаудың шебер тәсілдері де жатады. Міне, осының бэрі жэне осы тектестер шебер тәсілдер ту­ ралы ғылымды құрайды. Олар - денелер, формалар, жағдайлар, тэртіп жэне өлшеуіштерге қатысты қолданылатын практикалық азаматтық өнерлердің негізі. Мысалы , қүрылыс, өнерде, ағаш ұсталығында қолданылады. Математика жэне оның түрлері - міне, осындай.
Ғылымдардын, жіктелуі туралы ТӨРТІНШІ ТАРАУ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТӘҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ /51/ Физика /52/ Физика табиғи денелерді жэне осы денелерге тэн акциден- цияларды /53/ қарастырады, денелердің жэне соларға тэн акци- денциялардың не нэрседен, ненің арқасында жэне не үшін бар болатынын айқындайтын заттарды зерттейді. Денелер жасанды жэне табиғи болып келеді /54/. Жасанды денелер: мысалы, шыны, семсер, төсек. Жалпы, бол- мысы өнердің арқасында жэне адам еркінен шыққан нәрселер. Ал табиғи денелер - олардың болмысына өнердің жэне адам еркінің қатысы жоқ нәрселер. Мысалы, аспан, Жер жэне осы екеуінің арасындағылар, өсімдіктер жэне хайуанаттар. (68-бет) Бұл жағдайларда табиғи денелердің күйлері жа­ санды денелердің күйлеріне ұқсас келеді. Бұл - жасанды дене­ лерге жасанды денелерден туындайтын күйлер / жағдайлар тэн деген сөз. Себебі бұлардың ішінде жасанды денелер пайда бола- тын нэрселер орналасқан. Олардың арқасында сол денелер өмір сүретін нэрселер бар жэне осы нэрселер үшін сол денелерде өмір сүретін нэрселер бар. Олар табиги денелерге қараганда жасанды денелерде анығырақ көрініс табады. Пайда болуы табиги денелерге тэн жагдай: мысалы, киім- кешектегі эсемдік, семсердің жалтылдауы, шынының мөлдірлігі жэне төсектің нақыштары. «Жасанды нэрселер не үшін болады?» деген сұраққа, «со- ларды жасаганда алға қойылган мақсаттар мен міндеттер үшін» делінеді. Мысалы, киім кию үшін тігілген, семсер жаумен шайқасу үшін, төсек жердің сызынан қорғану үшін немесе төсек көзделген мақсатқа қарай жасалған, ал шыны басқа ыдысқа салған нэрселер көрінбей қалатындықтан, көрсетіп сақтау үшін жасалған.
Ғылымдардын, жіктелуі т у р а л ы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ал енді осы жасанды денелердегі акциденциялардың қан- дай мақсаттар мен міндеттер үшін болатьгаына келсек. Мысалы , киімнің әсемдігі оны эдемі етіп көрсету үшін, семсердің жал- тырауы жауды қорқыту үшін, төсектің өрнегі сыртқы түріне сән беру үшін, шынының мөлдір болуы - ішіндегі нәрселер көрініп тұру үшін. Жасанды денелердің бар болуы соларды жасаушы, болды- рушылардың арқасында жүзеге асады. Мысалы , ағаш ұстасының арқасында төсек жасалынады және семсер соғушыньщ арқасын- да семсер соғылады. «Жасанды денелер ненің арқасында болады?» дегенге кел­ сек, эрбір жасанды дене екі нәрсенің арқасында жүзеге асады. Мысалы, семсердің құрамына келсек, оньщ болмысы екі нәрсеге байланысты: өткірлігіне жэне темірге. (69-бет) Өткірлігі - бұл оның формасы мен құрылымы /55/, осылардың арқасында ол өз іс-әрекетін жасайды . Темір - бұл оның материясы мен субстанциясы /56/ және ол (семсердің) формасы мен құрылымын көрсетуші. Киім-кешектің де бар болуы екі нәрсенің арқасында: жіптің жэне арқаудың өрмекпен тоқылуы нэтижесінде. Тоқымасы - оның құрылымы мен формасы, ал жібі сол тоқыманы жасаушы субстанциясы мен материясы. Сондай-ақ төсек те екі нәрсенің арқасында жасалған: тікбұ- рыштылығы мен ағаштың арқасында. Тікбүрыштылығы - оның құрылымы мен формасы, ал ағаш - материясы болумен қатар, тікбұрыштылығын көрсетуші. Басқа да күллі жасанды денелер де дэл осы секілді. Осы екі нәрсені біріктіргенде, әрқайсысының өмірдегі актуальдылығы, кэмілдігі жэне мэні жүзеге асады. Олардың әрқайсысы бір нәрсе- ні жасайды немесе жасалынады, қолданады немесе егер форма­ сы материяда жүзеге асатын болса, сол формасының арқасында өзінің қызметін атқаратын істе қолданылады. Осылайша, семсер өзінің қызметін өткірлігінің арқасында орындайды, өрмек жіп арқау жіппен айқастырылып тоқылғанда пайдалы киім дүниеге келеді. Қалган жасанды денелердің де жагдайы дәл осындай .
______________________________________________________________________________________ Ғылымдардын, жіктелуі туралы Ал енді табиғи денелердің жайына келсек, олардың әрқай- сысы қайсыбір мақсат және міндет үшін өмір сүреді. Дэл осылайша, табиғи денелерге тэн кез келген жағдай мен акциденция қандай да болсын мақсат пен міндет үшін өмір сүреді. Әрбір дененің және эрбір акциденцияның эрекет етуші жэне жасаушы себептері болады жэне олар өздері осы себептер- ден пайда болады. Табиғи денелердің әрқайсысының өз болмысы мен мэнінің болуы екі нәрсенің арқасында көрініс табады: (70-бет) Біріншісі - семсердің өткірлігінің семсерге қатынасы, яғни табиғи дене формасына қатынасы сияқты қатынасының арқасында. Екіншіден, семсер жасалған темірдің семсерге қатынасы сияқты, яғни табиғи дене материясына, формасының негізі бо- лып табылатын субстанциясына қатынасы сияқты байланыстың арқасында. Алайда, семсердің, төсектің, киімнің жэне басқа да жасанды денелердің формасы мен субстанциясын көзбен қамтып, сезіммен танып-білуге болады. Мысалы, семсердің өткірлігі мен семсер жасалған темірді, төсектің тікбүрышты формасын немесе төсек жасалған ағашты. Ал табиғи денелерге келсек, олардың формалары ора- сан үлкен, материялары сезіммен танылмайтын болып келеді, сол себептен де олардың болмысы бізге силлогизм мен дәйекті дәлелдемелер арқылы расталады. Бірақ кей жағдайда көптеген жасанды денелердің де сезіммен танылатын формасы болмайды. Мысалы, шарап. Бұл жасанды жолмен алынған нәрсе болса да, оның мастықты тудыратын күші түйсік арқылы танылмайды; оның мұндай күшінің бар екені тек әсерінің нәтижесінде ғана білінеді. Бұл күш шараптың формасы мен құрылымы болып табылады. Оның шарапқа қатынасы сем­ сер өткірлігінің семсерге қатынасы секілді. Себебі осы қасиетінің арқасында шараптың эсер ету күші байқалады. Дәрігерлік өнерінде қолданылатын күрделі дәрі-дәрмектер де осы сияқты. Мысалы, удың уытын қайтаратын дәрілер жэне тағы басқалары. Бұлар денеге дәрі -дәрмектердің бір-бірімен қосылған кезде, құрамында пайда болатын күш арқылы эсер етеді жэне бұл
Ғылымдардыц жіктелуі туралы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- күштер түйсік арқылы танылмайды. Бірақ осы күштерден туын - дайтын әсерлерді сезінуге болады. Осылайша, эрбір дэрі тек екі нәрсенің арқасында дэріге айналады: (71-бет) құрамындағы нэрселердің қоспасының арқасында жэне дэрілердегі эсер етуші күштің арқасында. Қоспа - оның материясы, ал дэріге өз әсерін іске асыртатын күш - оның фор- масы. Егер дэріден осы күшті алып қойса, онда ол дәрі болмай қалады. Бұл, мысалы, семсердің өткірлігін жойса, оның семсер болмайтыны сияқты. Сондай -ақ киімнен арқауы мен өрмекпен тоқылуын тарқатып тастаса, онда ол киім болудан қалады. Осы мысалдан табиғи денелердің формалары мен материя- сын түсіну қажет. Олар түйсікпен қабылданбайтын болса, мате­ рия ретінде анықталады. Формалары түйсікпен қабылданбауы себепті сезімі жоқ жасанды денелердің субстанциясы мен форма- сы сияқты. Бұл - көз жэне көру қабілетін тудыратын күші секілді . Сондай-ақ қол мен қолдың қайратын тудыратын күші сияқты. Әрбір дене мүшесі де осы сияқты, сондай-ақ көздің күші де көрінбейді. Сондай -ақ осы күштердің ешқайсысы да сезілмейді , тек ақылмен танылады. Табиғи денелердегі басқа күш -қуат фор­ ма мен сыртқы бейнелері деп аталады. Олар табиғи денелердің сыртқы формасына ұқсату эдісімен алынады. Қүрылым, форма жэне сыртқы бейне сияқты терминдер ха- лық арасында жасанды денелердің түрін көрсету үшін қолда- нылған синоним атаулар. Жасанды денелердің формалары мен сыртқы бейнелері табиғи денете жэне жануарға тән заттар мен күш-қуат атауларына ұқсату әдісі арқылы көшірілген . Әдетте ха- лық өнерде аты белгілі нәрселерді соларға үқсас нәрселерге ауыс- тырады. Денелердің субстанциялары мен формалары - соларды жасаушы жэне негіздері, олар сол үшін өмір сүреді. Ал егер олар денелердің акциденциялары болса, онда олар денелердің ак- циденцияларының негіздері деп аталады. Физика ғылымы табиғи денелердің қайсысы шынайы болмыс екенін зерттейді. Ол әрбір табиғи денеде оның субстанциясын, формасын жэне жасаушысын, сол дене қандай мақсат үшін өмір сүретінін зерделейді. Сондай -ақ оның акциденциясын , олардың ^'44 '^
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Ғылымдардыи,жіктелуітуралы мэнін, бұлардағы әрекет етуші нэрселерді және акциденциялар- дың қандай мақсатта эрекет қылатынын анықтайды. Осылайша, бұл ғылым табиғи денелердің негіздері мен акциденцияларының негіздерін көрсетеді. Табиғи денелер қарапайым жэне күрделі болып келеді. Қарапайым табиғи денелер - басқа денелердің көмегінсіз өмір сүре алатындар, ал күрделі табиғи денелер - өмір сүруі үшін басқа денелерді керек ететіндер. Мысалы, жануарлар мен өсімдіктер секілді. Жаратылыс ілімі үлкен-үлкен сегіз бөлімге бөлінген: - бірінші бөлім - барлық қарапайым жэне күрделі табиғи денелерді біріктіретін нәрсенің бэрін олардың негіздері мен осы негіздерден туындайтын акциденцияларды зерттеу; - (73-бет) екінші бөлім - қарапайым денелерді зерттеу; Өмірде осылар бар ма? Егер бар болса, қандай бөліктерден тұрады? Саны қанша екенін қарастырады. Содан соң күрделі денелердің элементтерін зерттеу беріледі; бүл күрделі дене­ лер осылардың болмысын білдіретін қарапайым денелерде кез- деседі ме, элде бүлар жай денелерден тыс денелер ме? Ал егер күрделі денелер жай денелерде болса жэне олар жай денелер­ ден тыс қарастырылмаса, онда олардың бәрі осындай ма, элде кейбіреулері ғана ма? Ал егер кейбіреулері ғана болса, онда атап айтқанда қайсылары? Осьщан соң барлық жай денелер қатысатын нэрселер зерттеледі; олардың қайсылары күрделі денелердің элементтері, ал қайсылары негіздері болып табылатыны және қайсылары элементтері болып табылмайтыны зерттеледі; содан соң қандай негіздер мен акциденциялар элементтер болып табы­ латыны тізбектеледі; - үшінші бөлімінде жалпы табиғи денелердің пайда болуы мен жойылуы жэне осыған байланысты нэрселер зерттеледі; элементтердің қалай пайда болатынын жэне жойылатынын жэне осылардан күрделі денелердің қалай пайда болатынын зерттеу, сондай-ақ осының бэрінің негіздері беріледі . - (74-бет) төртінші бөлім - акциденциялардың негіздерін жэне күрделі [элементтерден шығатын] күрделі денелерді емес, ^ ' 45- ^
Ғылымдардын, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- тек қана элементтерді сипаттайтын енжар қабылдаулардың не- гіздерін зерттейді; - бесінші бөлімде - элементтерден құралған күрделі де- нелер зерттеледі; олардың бөліктері біртекті жэне эр текті бо- лады; олардың біртекті бөліктері [күрделі денелердің] эр текті бөліктеріне негіз болатындары. Мысалы , ет жэне сүйек секілді, ал табиғи денеде мүлдем эр текті бөліктен құралмайтындары да болады. Мысалы , тұз, алтын, күміс секілді. Сонан соң барлық күрделі дене неден қүралатындығын қарастыру; денелердің бө- ліктері эр текті бөліктен қүралатындығына немесе олардан құ- ралмайтындығына қарамастан, денелердің біртекті бөліктерін ненің құрайтынын зерттеу; - алтыншы бөлім - бөліктері эр текті емес, біртекті болып табылатын күрделі денелерді ненің біріктіріп тұратынын зерт­ теу; бұл тастар жэне олардың түрлері сияқты минералды денелер жэне минералды заттардың түрлері мен осылардың эрбір түрін сипаттайтын денелер; - жетінші бөлім - өсімдіктердің түрлерін не құрайтындығын жэне осылардың әрқайсысының сипаттамасын зерттеу жэне бұл бөлім эртүрлі бөліктерден тұратын күрделі денелерді зерттейтін екі бөлімнің біріншісі; - сегізінші бөлім - хайуандардың түрлерін , олардың эрбір түрінің сипаттамасын зерттеу жэне бұл эр текті бөліктерден тұратын күрделі денелерді зерттейтін екінші бөлім. Физика ғылымы осы денелердің эрбір түрінің негізін жэне осы негіздерге тэн акциденцияларды көрсетеді. Міне, бұл физи­ ка ғылымының тараулары жэне тараулардың әрқайсысы туралы нәрсе. ^'46'^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы Метафизика /57/ Иләһи ғылым үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде дүниеде бар заттар жэне солар арқылы кө- рініс табатын нәрселер зерттеледі. Екінші бөлімінде теориялық жеке ғылымдардың, яғни әр- қайсысы элдебір ерекше мэнді қарастыру үшін жекеленіп шыға- тын ғылымдардың; мысалы, логика, геометрия, арифметика жэне тағы басқа осы секілді барлық гылымдардың негіздерінің дәлел- демелерін зерттейді. [Осы екінші бөлімі] логика ғылымының негіздерін, математикалық ғылымдардың негіздерін, физика гы- лымының негіздерін зерттеп, олардың мэні мен ерекшеліктерін негіздеуді жэне түсіндіруді көздейді. Сондай-ақ осы ғылымдардың негіздері жөнінде қадым за- мандағылардың айтқан қате толғамдары тізіп көрсетіледі. Мы­ салы, «нүкте, бірлік, сызықтар мен жазықтықтар әлдебір субстан- циялар болып табылады жэне бір-бірінен ерекшеленеді» дейтін кез келген гипотезалары, сондай-ақ гылымдардың негіздері тура­ лы болжамдар осы бөлімде сыналып, қателері түсіндіріледі. Үшінші бөлімде - дүниеде материя емес жэне денеге жат- пайтын эрі дененің мәні саналмайтын бар нәрселер зерттеледі. Ең эуелі, олардың бар немесе жоқ екендігі анықталады. Бар екендігі дэлелденген жағдайда, көп пе, не көп емес пе екендігі қарастырылады. Олардың көптігі дэлелденген жағдайда, соңы бар ма, элде жоқ па екені зерделенеді. Соңы болатыны дэлелденген жағдайда, олардың жетілу дәрежесі бәрінде бірдей ме, элде түрліше ме екендігі анықталады. Олардың жетілуінің түрліше екендігі дәлелденеді; бұлар көп жагдайды жай күйден кемелдікке қарай көтеріле береді, ал аса кемелдісі осы иерархияның соңында орналасады жэне одан асқан кемел ештеңе жоқ жэне нақ мұндай дәрежедегі өзге болмыстың жоқ екендігі дэлелденеді; Оған өзіне тең келетін де, қарама-қарсы түратын да ешнәрсе жоқ. Бұл - Бастама, яғни мұнан бұрын басқа бастама болуы мүмкін емес. Мұнан бұрын және мұнан ежелгі ештеңе болуы мүмкін емес. Бұл ^ ’47'^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- - өзінің болмысын абсолютті түрде қайсыбір нәрседен тудыра алмайтын мэн. Ол - жалғыз жэне Ол - ең әуелгі, Ол абсолютті түрде тек өзі ғана бәрінен де бұрын болады. Иләһи ғылым дүниедегі барлық нәрселер болмыста Содан кейін келеді деп сипаттайды. Ол өзінен басқа кез келген нэрсеге болмыс беретін Бірінші болмыс; Ол өзінен басқа келген нэрсеге бірлік беретін Әуелгі Бірегей. Ол өзінен басқа ақиқат болып табылатын нэрсеге (77- бет) ақиқат беретін Ақиқат. Иләһи ғылым осыны Оның қалай беретінін хабарлайды. Онда қай жағынан болмасын, көпшілдік мүлдем жоққа шығарылады. Бірегей, парықты немесе ақиқат деп аталып жүрген барлық басқа нәрселермен салыстырғанда, Ол есімі мен мағынасы тұрғысынан Бірегей. Есімі мен магынасы жағынан жогарғы мэн, есімі мен мағынасы жағынан Ақиқат бо­ лып табылады. Иләһи ғылым осы қасиеттердің иесі, кімге сену керек бол- са, сол - Алла (даңқы асып, ұлықтығы арта берсін Оның) деп түсіндіреді. Кейін иләһи ғылым Алла орындалуы үшін жазмыш қылғанның барлығын мұқият зерттейді. Бұдан эрі иләһи ғылым Онан дүниедегі бар заттар қалай пайда болатынын жэне Одан болмыстың қалай туындайтынын түсіндіреді. Бұдан эрі ол дүниедегі бар заттардың сатыларын, осы заттар сол сатыларға қалай жететінін, олардың әрқайсысы өздері орналасқан сатыны иеленуге не үшін лайықты екенін зерттейді; біреулерінің басқаларымен байланысын, олардың тэртібін жэне осы байланыс пен тэртіптің бар болуының себептерін ашық- тайды; бүдан эрі Алланың (даңқы асып, ұлықтығы арта берсін Оның) дүниедегі бар заттардағы қалған басқа әрекеттерін со- лардың бэрінің орындалуын бақылау үшін зерттейді; ғылым осының бэрінде әділетсіздіктің, кемістіктің, қайшылықтың , тәр- тіпсіздіктің жэне үйлесімсіздіктің болмайтынын түсіндіреді жэне жалпы, осының бэрінде кемшіліктер де, қателіктер де жоқ. Со­ дан соң, бұл ғылым Аллада (даңқы асып, ұлылығы арта берсін Оның), Оның әрекеттерінде жэне Оның жаратқан нақты затта- рында кемшіліктер бар-мыс деп жорамалдайтын қате пікірлерді
Ғылымдардың, жіктелуі туралы жоққа шығарады; иләһи ғылым осының бәрін ақиқат ғылымды түсіндіретін дәлелдеу жолымен теріске шығарады; ал бұл ғылымға адам күмэн келтіре алмайды жэне ол мұнан мүлдем тайқи да алмайды.
Ғылымдардың, жіктелуі туралы ______________ ________________________________________________________________________ БЕСІНШІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҒЫЛЫМ, ФИҚҺ ІЛІМІ ЖӘНЕ КӘЛӘМ ІЛІМІ Азаматтық ғылым /58/ (79-бет) Азаматтық ғылым, амал мен әрекеттерді жэне солар- ды жүзеге асыратын мінез-құлық пен сипаттар мен қасиеттерді, олардың адам бойында көрініс табуы тиіс ерекшелігіне сәйкес орналасуын, тұрақтауын жэне мақсаттарын зерттейді. Сондай -ақ, амал-эрекеттің қандай мақсат үшін жасалатынын жэне не үшін нақты сол амалдың жасалғанын зерделейді. Амал әрекеттердің жасалу мақсаты жэне не үшін нақты сол амалдың жасалуы болып бөлінеді. Бұл ғылым осылардың қайсысы шынайы бақыт, ал қайсысы шынайы бақыт болмаса да, қиялдағы бақыт екенін анықтайды. Шындығында бақыт болып табылатын нәрсенің немесе шынайы бақыттың бұл өмірде болуы мүмкін емес. Бірақ ол осы өмірден кейін келетін басқа өмірде, яғни о дүниеде болады. Ал дәулет, дэреже, рақат секілді қиялдағы байлық - бұлар осы өмірдегі мақсаттар ғана. (80-бет) Азаматтық ғылым осы амалдар мен мінез-құлықты ажыратып қарайды жэне шындығында бақыт де- геннің не екенін түсіндіреді. Шын мэнінде бақыт деген бұл игілік, сұлулық жэне жақ- сылық, ал осыдан басқаның барлығы зұлымдық, жамандық жэне күнэһарлық. Қалалар мен халық тұрғындарының арасында осындай ізгі амалдар мен әрекеттер белгілі тәртіппен таратылып, ортақ іске асырылуы адамға тэн. Бірақ, бұлар эділ басқару болған жер- де ғана іске асады; осы басқару арқылы қалалар мен халықтар арасында әлгіндей ізгі әрекеттер, мінез-құлықтар, қасиеттер мен қылықтар көрініс табады. Бұларды жоғалтып алмау үшін сақтап қалуға жігер қажет. <^'50-^^
______________________________________________________________________________________ Ғылымдардың, жіктелуі туралы Билік бар нәрсені сақтап әрі оны д ам ыіу үшін өнер мен қа- білетті керек етеді. Бұл өнер басқару немесе басшы қалай атаса да адамның өз еркі. Ал саясат - осы өнердің негізі. (81-бет) Басқарудың екі түрі бар: Басқарудың бір түрі шындығында бақытқа жеткізетін әре- кеттерді, мінез-құлықты, ерік қасиеттерін нығайтады жэне бұл ізгі басқару болып табылады. Осындай басқаруға бағынатын қа- лалар мен халықтар ізгі қалалар мен халықтар болып табылады. Басқарудың екінші түрі қалаларда шындығында бақыт бо­ лып табылмайтын қиялдағы бақытқа қол жеткізетін эрекеттер мен қасиеттерді нығайтады, мұндағы басқару надандық басқару болмақ. Басқарудың көптеген түрлері бар жэне әрқайсысы көздеген жэне ұмтылған мақсатына қарай эртүрлі аталады. Сондай-ақ бас- қаруда көзделген мақсаттар мен алға қойған міндеттеріне қарай бөлінеді. Егер басқару тек байлықты көздесе, онда бұл опасыз басқару деп аталады. Егер ол қандайда бір дәрежеге жетуді мақсат етсе, онда бұл - мансапқорлық басқару, егер бұдан басқа мақсаттарды көздесе, соған сай басқаша аталады. Азаматтық ғылым ізгі мемлекеттік басқару екі күштен тұратынын айтады: Біріншісі - әмбебап зандардың күші. Екіншісі - адамның азаматтық істердегі ұзақ практикасы- ньщ, өзіне бағынған қалалардағы мінез-қүлықтар мен басқару тәжірибесінің жэне ұзақ уақыт бойғы тәжірибе мен бақылау не- гізінде қол жеткізген дағдының арқасында жинайтын қабілет күші. Мысалы, медицинаны алайық. Дэрігердің кемел емшіге ай- налуы екі күштің арқасында: (82-бет) Біріншісі - күллийаттар (универсалиялар) жэне ме­ дицина кітабынан алынған заңдар. Екіншісі - дертпен байланысты медицина істерінде ұзақ практикамен тәжірибеден туындайтын дағдының, сондай-ақ адамның денесін бақылаудың нэтижесінде жинақталатын қабі- лет. Осы қабілеттің арқасында дәрігер эрбір организмге, оның кез келген жағдайына сэйкес қажетті дэрілер мен емді анықтай ^■51-^
Ғылымдардын, жіктелуі туралы .------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- алады. Мемлекеттік істің жағдайы да дэл осындай: мемлекеттік басқару кез келген жағдайға, кез келген күйге, кез келген қалаға, кез келген уақытқа сәйкес өз істерін осы қабілет пен тэжірибенің арқасында анықтай алады. Азаматтық философия амалдарды, мінез-құлықты, іс-әрекет қасиеттерін және өзінің зерттеу шеңберінде қамтылғанның бэрін зерттей келе, жалпы заңдарды береді жэне оларды анықтауда кез келген халіне, кез келген уақытына сәйкес олар қалай, қандай нәрсемен жэне қанша нәрсемен анықталатынының сипаттамасын береді, бірақ соңғыларын анықтамайды. Өйткені басқа актуальды күшті анықтау оның қамту шеңберінен тыс. Ол мұны тек қосымша ретінде қарастыра алады. (83-бет) Сондықтан анықтамалары сәйкес келетін жағдайлар мен мэселелер анықталмаған жэне белгісіз хэлде қала береді. Бұл ғылым екі бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімінде бақытты түсіндіру жэне шынайы бақыт пен қиялдагы бақыт арасындагы айырмашылық қамтылады. Сонан соң қалалар мен халық ішінде таралган әрекеттер, жүріс-тұрыс, мінез-қүлық жэне жалпы ерік қасиеттері тізіп көрсетіледі жэне осылардың қайырымды жэне қайырымсыздары ажыратылады. Екінші бөлімі қалалар мен халықтарда мінез-қүлық пен ізгі қасиеттерді ұйымдастыру әдісін қамтиды жэне ізгі жүріс- түрыс пен істерді нығайтатын беделді эрекеттерге түсіндірме береді. Сондай-ақ осы екінші бөлім қала тұргындарын жэне әлгілерде реттеліп жэне нығайтып үлгерген нэрселерді сақ- тайтын эрекеттерді ұйымдастырады. Сонан соң бұл бөлімде ізгі мемлекеттік басқарудың түрлері тізіліп, олардың қанша екені жэне бұлардың әрқайсысының қандай екені көрсетіледі. Осылардың әрқайсысының жасайтын эрекеті тізіп айтылады жэне бұлардың әрқайсысы өздерінің қол астындағы қалалардың түрғындары мен халықтар арасында өз мақсаттарына жету үшін осы қалалар мен халықтарда ныгайып алу мақсатында қандай заңдар қолданылатыны көрсетіледі; сондай-ақ осы әрекеттердің бэрі, жүріс-тұрыс жэне қасиеттер ізгі қалалардың дерті іспеттес екені анықталады, ал мұндай мемлекеттік билік істеріне жэне ^52^
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы олардың жүру барысына келсек, олар ізгі мемлекеттік билік іс- терінің дерті болып табылады. Осы билікке бағынған қалаларды сипаттайтын әрекет ету образы мен қасиеттерге келсек, олар ізгі қалалардың дерті тәріз- дес; сонан соң бұл бөлім ізгі әрекеттер мен басқарудың надан қалаларға тән әрекеттер мен басқаруға айналуына осыдан бұрын бөгет жасамаған қанша себептер мен мүмкіндіктер болғанын тізіп береді; (84-бет) бұл бөлім ізгі қалалар мен басқаруды бұзылудан жэне ізгі емес қалаға айналудан сақтайтын эрекеттердің түрін тізеді. Сондай -ақ ол ізгі емес қалаларды бұрынғы қалпына келтіру үшін, қалалардың ізгі емес қалаларға айналуына қарсы қолдануға болатын басқару түрлерін, айла-амалдарды тізіп береді . Сонан соң ізгі мемлекеттік басқару қанша нәрседен тұраты- ны, солардың ішінен теориялық жэне практикалық ғылымдар- дан не кіретіні және бұларға қалалар мен халықтар арасындағы ұзақ уақыт бойы жалғасқан әрекеттер нэтижесінде қалыптасқан тәжірибеден туындаған күштің, яғни кез келген қоғам немесе кез келген қала, немесе кез келген халық жэне кез келген жағдай мен кез келген оқиғаға сәйкес эрекеттерді, жүріс-тұрысты жэне қасиеттерді анықтау үшін дүрыс жағдайдың жасалу қажеттілігі баяндалады. Бөлімде ізгі қала басшылары уақыт өте бірінің орнын бірі басқанда, бірдей шарттарды ұстанса, яғни соңғысы алдыңғының билеу барысында қолданған шарттары мен жағдайларын ұста- натын мүрагер болып қала берсе жэне бұлардың орын ауысуы үздіксіз жэне бірізді болса, қала бұрынғысынша ізгі күйінде қала беретінін, ізгі емес қалаға айналмайтынын түсіндіреді. Сондай - ақ басшылардың билігі үздіксіз болу үшін не істеу керек екенін айтады. Бұл бөлім патшалар мен басқа да билеушілердің балалары- ның қазіргі билеушіден кейін билікті алуға лайықты ету үшін оларға қандай табиғи шарттар мен жағдайлар жасау керектігін түсіндіреді. Сондай -ақ бойында мұндай табиғи қабілеті бар бала- ны қалай тэрбиелеу керектігі және оның билікті қолына алып, ке- мел патша болуы үшін қалай тэрбиелеу керек екенін түсіндіреді.
Ғылымдардың, жіктелуі туралы _______________________________________________________________________________________ (85-бет) Мұнымен бірге, кімде-кім елді білімсіз басқарса, патша болуға мүлдем лайық емес; өз жағдайларында, әрекет- терінде, басқаруында олар не теориялық, не практикалық фи- лософияға қажеттелік танытпайды; олардың эрбірі көздеген мақсатына жету үшін қала мен халықты басқаруда (байлыққа жету) тәжірибесіне сүйенді; оның бойында туа біткен қабілеті, яғни өзінің мақсаты - жан рақаты мен салтанатқа жэне т .с.с. нәрселерге жету үшін қажетті эрекеттерді меңгерген уақытта, ол дүние нығметтеріне қол жеткізеді. Сондай -ақ, дэл өзі сияқты мақсат қойған бұрынғы патшаларға шеберлікпен еліктеу де білімсіз басқаруға жатады. Фиқһ ілімі Фиқһ өнері /59/ - адамға шариғаттағы /60/ анықталған, ай- қындалған нэрселермен салыстырғанда, элі анықтала қоймаған кез келген нәрсені анықтап, баға беруге үйретеді. Қайсыбір ха- лық арасында шығарылған заңды - шариғатты заңның мақсатьша сай дүрыстау жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді. (86-бет) Әрбір діннің өзіндік көзқарастары жэне амалдары бар. Көзқарастарды алайық, мысалы, Алланың қүдіретін дәріп- тейтін немесе сол сияқты басқа да нәрселер жөнінде ұнайтын көзқарастар. Ал амалдар - бұлар Алланың мәртебесін дәріптейтін амал - дар немесе қалаларда келісімдер жасасуға жэрдем ететін амал­ дар. Сондықтан фиқһ ілімі екі бөлімнен тұрады: бір бөлігі - көзқарастар туралы, екінші бөлігі - амалдар туралы. Кәләм ІЛІМІ Кэлэм өнері /61/ діннің негіздерін белгілеушінің анықтап кет- кен белгілі бір көзқарастары мен эрекеттерін қорғауға, сондай-ақ осыларға қайшы келетіннің бэрін пайымдаулар арқылы теріске шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өнер де екіге бөлінеді: ^'54'^
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардың, жіктелуі туралы Бірінші бөлімі - көзқарастар туралы, екіншісі амалдар тура­ лы. (87-бет) Бұл өнер фиқһ емес, себебі фиқһ мұсылман дінінің негізін салушы бекіткен көзқарастар мен амалдарды ұстанады, оларды негіз етіп, өзіне қажетті нәрсенің бэрін алады. Кәләм ілімінің білгірі (мутакәллим) фақиһтің /62/ негіз ре- тінде қолданатын қағидаларын бекіте түседі жэне ол бұл қағи- далардан басқа бір нәрсе ойлап шығармайды. Егер қайсыбір адамның бойында осы екі іске бірдей қабілет болса, онда ол фақиһ-мутакәллим болғаны. Ондай адам дін қа- ғидаларын мутакәллим ретінде қорғаса, фақиһ ретінде соларды зерттейді. Діни сенімді қорғау үшін қажетті әдістер мен көзқарастарға келсек, мутакәллимдер қауымы діндегі догмаларды ақылмен, пікірлермен сынауға келмейтіндігін айтып тұжырымдайды. Діни догмалар тэңірлік уахи арқылы келгендіктен, ақылдан жоғары. Ақыл Құдайдың сырын түсініп, оны басқаларға жеткізу үшін уа- хиге мұқтаж. Расында адамның дінді түсінуінің жолы - аян. Мұны ол ақы- лымен тани алмайды, себебі оның ақылы бұл үшін өте элсіз; бұлай болмаған жағдайда, яғни егер адам дінді ойлана отырып, өзінің ақылымен жете алатынын анықтай алса, онда аянның мән- мағынасы да, пайдасы да қалмас еді. Егер бұлай болғанды, адам- дар ақылына жүгініп, пайғамбарлықты да, аянды да қажет етпес еді. Алайда мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. (88-бет) Себебі дін ілімін уахисыз түсінуге ақылдың құдіреті жетпейді. Тек бұл ғана емес, сондай-ақ ақылымыз сынайтын жэне өзіміз де ақылмен мойындамайтын нәрселердің барлығы да аса пайда- лы. Сондықтан діннің келтіретін нэрселерін ақыл сынап, қиял негізсіз деп таныса да олар абсурдты емес, керісінше, тэңірлік уахи келетін ақыл иелері үшін дұрыс. Шындығында, адам өзінің адамдық табиғатында кәмілдік- тің шегіне жетсе де, тэңірлік уахи келетін ақыл иелері қараған- дағы дэрежесі жас баланың, жасөспірімнің немесе тэжірибесіз 0^55 ^
Ғылымдардын, жіктелуі туралы _______________________________________________________________________________________ адамның кәмелетті адамға қарағандағы дәрежесіндей. Осылайша көптеген жас балалар мен тәжірибесіз адамдар өз ақылдарына жүгініп, шындығында ұят емес болып есептелетін жэне олардың өздері мүмкін емес деп санайтын, бірақ мүмкін болып табылатын көп нәрсені жоққа шығара алады. Адамдық ақыл кемелдігінің шегіне жеткен адамның тэңірлік ақылға қарағандағы жағдайы да дэл осындай. Адам білімді жэне тәжірибелі болмай тұрып, көптеген нэр- селерді сынап, негізсіз деп табады, оларды абсурдты деп ойлайды; ал ғылымдарды меңгеріп, тәжірибесін молайтқан шағында, бұлар жөнінде пікірін өзгертеді де, енді бұрын өзі абсурдты деп есеп- теген нәрселері ол үшін қажетті нәрселерге айналады, ал бұрын қайсыбір анықтамадағы нәрсеге таңданбаса, енді керісінше, таңырқайтын болады. (89-бет) Дэл осылайша, адамдық табиғаты кемел болып табылатын адамға да көптеген нәрсені мойындау жат емес. Олар да көптеген нэрсені мумкін емес деп ойлайды , ал шындығында ол мүмкін. Осындай жағдайлардың салдарынан мутакәллимдер қатысты мынадай пікір білдірді: бізге Алла тарапынан уахи арқылы түскен нәрсе өтірік болуы мүмкін емес ақиқат. Мұның нақ осьшай екені екі жолдың бірімен анықталады: 1. бұлардың өздеріне түскен немесе жасаған мұғжизалар (таңғажайып нэрселер) арқылы немесе сөздерді Алланың тара­ пынан түскен ақиқат ретінде қабылданатын бұрын өткен тақуа- лардың куәлігі; 2. жоғарьща аталған екі жағдаймен да расталуы мүмкін . Егер біз өтірікке жол бермейтін ақиқатты осындай әдістер- мен дәлелдесек, онда осыдан кейін элгі нәрселерде ақыл, ой-тол - ғау, пайымдау, пікір үшін орын қалмауы мүмкін. Мутакәллимдер осындай мәселелерде дінді осы тәріздес эдістермен қорғау керек деп есептеген. Осылардың арасынан шыққан кейбіреулері дінді қорғаған уақытта, эуелі діннің негізін салушының айтқан мәселелердің бэрін қорғау керек деген пікірді алға тартты. Содан соң сезу- ге болатын, жалпыға белгілі білімді жэне ақылмен пайымда- <0^56 '^д
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ғылымдардын, жіктелуі туралы латын нәрселерді айтып зерттеуге көшуге болады. Осылайша осы білімдердің ішінен табылғандарды тіпті, жанама болса да дінде қатысты мәселелерді дәлелдейтін нәрселерді зерделейді. Бұл топтағылар діннің қағидаларына қайшы келетін нэрселерді тапқан жағдайда, тіптен, өздерінің түсіндірмелері ұзақ болып кетсе де, оны сол қайшылыққа сәйкес келетін формада түсіндіре алады. Ал егер олардың бұған шамасы келмей, арадағы қайшылық- ты тек жасанды жолмен жауып жіберуге немесе діндегі жағдайға сәйкес формада көрсетуге қүдіретті болса, солай жасайды. Жал- пыға белгілі мәлімет пен сезуге болатын нәрселер дэлелдемеде бір-біріне қайшы келсе; мысалы, егер сезуге болатын нэрселер мен жалпыға белгілі мәлімет бір-біріне қатысты қарама -қарсы нәрсені қажет ететін болса, онда жоғарыда айтылған діндегі екі дәлелдеменің ішінен күштірегін таңдап алып, оны соған лайық- тап өңдейді. Егер дін мэтіндерін осы жағдайлардың бірімен үйлестіруге шама келмесе немесе сол жағдайлардың бірін дінмен ұштас- тыра алмаса, сондай-ақ, сезім арқылы танылатын нэрселердің, көпшілікке белгілі мәліметтердің, ақылмен танылатын объек- тілердің дінге қарама-қайшы келген жерін алып тастауға немесе соған лайықтап жіберу мүмкін болмаса, бүл жағдайда олар тек сол нәрсе ғана ақиқат, себебі оны өтірік айтуы немесе қателесуі мүмкін емес адамдар хабарлаған деп, тек сол нәрсені ғана қор- ғау керек деп санайды. Бұлар діннің осы бөлігін өздерінен бу­ рый адамдардың айтып кеткендерін алға тартады. Діндерді жақ- таушылардың пікірі, міне, осындай. Мутакәллимдердің арасындағы кейбір адамдар өздері дін- дегі эртүрлі бағыттарды ұстанғандықтан жэне ондағы осал қағи- даларды жинағандықтан, осы нәрселердің баламасын, яғни осал саналатын нәрселерді қолдау керек деп есептейді. Ал егер өзге діндегі адамдардың бірі бүлардың дініндегі қайсыбір нәрсені жоққа шығаруды қажет деп санаса, онда бұл адамдар да олардың дініндегі осал қағидаларды қозғай отырып, сонысы арқылы өз діндерін қорғайды.
Ғылымдардыц жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- (91-бет) Бұлардың арасынан енді басқа біреулері дінді жақтау үшін келтірген пайымдауларының жеткіліксіз екенін көрген кез- де, олар сөзімен қарсылық білдіре алмағандықтан емес, кері- сінше сөзінің ақиқат екенін дэлелдеп, қарсыласын үнсіз қалдыру үшін әрекетке көшеді. Мұны көрген қарсыласы тартыншақтап, не қорыққанынан ылажсыз аузын ашпай, қарсылық білдірмей қалады. Ал басқаларына келсек, діндерін ақиқат деп тапқандықтан, оның ақиқаттығына еш күмэн келтірмейді жэне оны басқалардың алдында қорғап, кемелдендіре түсіп, ондағы күмәнді жерлер- ді сейілтіп, дінін қарсыластарынан қандай да болсын тәсілдер- мен қорғау керек деп есептейді. Бұлар алдау, шатастыру, жала жабу жэне тік беткейлікті қолдануды жат көрмейді. Себебі олар өздерінің дініне қарсылық білдірушілерді адамдардың екі түрлі тобының біріне жатады деп есептейді: (92-бет) бірі - ол жау, онда жаудан қорғанып, оны жену үшін, діни соғыс пен шайқастағы сияқты, өтірікті де, алдауды да пайдалануға рұқсат. Немесе ол жау емес - бірақ, ол өзінің ақылы мен ойлау қабілетінің дәрменсіздігінен бұл дінде рухани лэззат таба алмай жүрген жан. Онда бұл жағдайда әдетте әйелдер мен жас балаларға қолданылатын сияқты, адам жанын бақытқа жеткізу үшін өтірік айтуға жэне алдауға жол беріледі. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылымдардың мазмұндамасы, олардың бөлімдері мен дәрежелері туралы кітабы алты жүз қыр- қыншы жылдың қасиетті рамадан айының соңғы күндерінде аяқталды /63/. Кітап «Ғылымдар тізбегі» деп аталады. Әл-Фараби. Ихсау ә.і-Улуум. Бейрут-Любнан: Дар уа мактабату әл-хиіәл, 1996. - 15-94 6. <^'58'^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ 1. Кітаптың «Мақала фи ихса әл -’улум» атауы «Ғылымдар- дың жіктелуі туралы» деп аударылады. Әл-Фараби бұл еңбегін- де сол кездегі ғылымдардың тізімін жасаған, олардың әрқайсы- сына кеңінен сипаттама береді. Сонымен қатар әл -Фарабидің бұл трактаты ертеректе орыс тілінде жарық көрген. Аль -Фараби . Философские трактаты. - Алматы, 1970. Бірақ оның араб тілінде алынған нұсқасы көрсетілмейді. Сонымен қатар мұнда кітаптың бөлімдері, тақырыптары мен мазмұны жоқ. 2. Бұл сөз оралымы әл -Фарабидікі емес. Әл-Фарабидің трактатын көшіруші адамның сөзі. 3. Ғылым - «илм» деген сөзбен, ал өнер - «сыйна’ат» деген сөзбен берілсе де, көп жағдайда олардың арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ, мысалы, логика ғылым ретінде де жэне өнер ретінде де сипатталады. 4. «Ульум әт-та ’алим» - (оқыту), (тэлім беру) жэне (ағар- тушылық ғылымдар) деген мағыналарды білдіреді. 5. «Әл- ’адад» - сан. 6. «Илм эл-маназыр» - сөзбе-сөз (көрініс, сурет, панорама- ны зерттейтін ғылым). 7. «Әл-’Илм эл -илэһи) - сөзбе-сөз (Құдайлық ілім) немесе (Илэһи ғылым). 8. «Фиқһ» - мұсылмандық құқық . 9. «Кәләм» - діни ілім. 10. Араб тілінде сөз топтары үшеу ғана: есім «исм», етістік «фи ’л» жэне шылау «харф». 11. Араб тілінде басқа тілдерден бір ерекшелігі - жекеше түр, көпше түрмен қатар, жеке екілік түр болады. 12. Мәселен , «эл» артиклі жалғанған кезде шамсийа әріп- тердің қосарлануы, мұндагы қосарлану дегеніміз - бір эріптің екі еселенуі, күшеюі (табақ - ат -табақ) немесе кейбір әріптердің эсерінен ілгерінді, кейінді ықпалдың көрініс беруі (изтаһара) ор- нына (издаһара). ^'59'^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 13. Араб тіліндегі сөздердің басым бөлігі - үш дауыссыз дыбыстан тұратын етістіктер, ал бұлардан жасалған есім сөздер «масдар» деп аталады. 14. Құрамында бір дыбыстың екі рет қайталануы себебінен, қайталанған дыбыстың қосарланған бір дыбыспен берілуі (мыса- лы, «мадада» - дұрысы «мадда). 15. Дұрыс етістіктер - үш дауыссыз дыбысты етістіктер, бүрыс етістіктер - құрамындағы үш дыбыстың бірі, не екеуі, не үшеуі де дауысты дыбыспен берілетін етістіктер. 16. «Әл» артиклі - заттың белгілі халін көрсетеді , мәселен, китэб - бұл жалпы кітап ұғымы, ал әл-китәб - белгілі бір нақты кітап дегенді білдіреді. 17. «Тануин» - сөздердің нунға бітетін жалғауын белгілеу үшін қолданылатын термин, жалғаулар атау септігінде «ун», ілік септігінде «ин», табыс септігінде «ан» деп аяқталады. 18. «Харакат» - қысқа дауысты дыбыстар (әріптер емес), графикалық тұрғыда бейнеленуі өзіндік ерекше белгілер: «фат- ха» - «а» дыбысы, «кесра» - «и» дыбысы, «дамма» - «у» дыбысы арқылы беріледі. 19. «Сукун» - дауысты дыбыстың жоқтығы немесе дауыссыз дыбысқа дауысты дыбыстың жалғанбауы. 20. Яғни «харакаттар», олар дыбысталғанмен, жазуда эріп ретінде бейнеленбейді, олар белгілер түрінде көрініс алады. 21. Бұл жерде араб тілінің грамматикасы негізге алынбаса керек, себебі араб тілінде сөйлемдерге қатысты тыныс белгілері- нің мұндай жүйеленуі байқалмайды. 22. «Илм эл-аш’ар» - сөзбе-сөз өлендер ғылымы, поэзия ғылымы. 23. «Сэбэб» - екі дауыссыз дыбыстан, «уәтәд» үш дауыссыз дыбыстан қүралатын араб өлеңі қайырмасының бөлшегі. 24. Арабша «илм эл- ’аруд». 25. Арабша «нутқ» жэне «қауль». 26. «Қийас» - үлгі, өлшем, ереже, норма деген үғымдарды да білдіреді.
___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Ғылымдардын, жіктелуі туралы 27. Логиканың арабша атауы «мантық» - «нутқ» (речь) түбірінен шыққан туынды сөз, ал түбір етістігі «натақа» - сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Сол үшін эл -Фараби «нутқ» сөзінің мағыналарын былай түсіндіріп отыр: «Қадым замандағылар ара- сында бұл «сөз» ұғымын үш мағынада түсіндірген: - біріншісі - дыбыс арқылы айтылған сөз, яғни ішкі ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы; - екіншісі - көңілде орын алған сөз, яғни ақылмен танылатын нәрселердің мағыналарын білдіретін сөздер; - үшіншісі - адамға жаратылысынан біткен рухани күштің белгісі. «Сөз» - адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейді. Адам ол арқылы ақылмен танылатын нәрселерді пайымдайды, ғылымды, өнерді үйренеді, жаман мен жақсы амалды айырады». 28. Арабша «әл-ақауил әл -бурһанийа». 29. Арабша «эл-ақауил әл-джәдәлийа». 30. Арабша «эл-ақауил эс -суфиста’ийа». 31. Арабша «әл-ақауил эл-хатабийа» - шешендік пайымдаулар. 32. Арабша «эл-ақауил ши ’рийа». 33. «Ма’қуләт» - ақьшмен танылатын, пайымдалатын объектілер. 34. Мұнда араб тіліне аударылған атауы берілген Аристотельдің «Категориялар туралы» шығармасы. 35. «Әл- ’Ибара» - Аристотельдің «Герменевтика» немесе «Түсінік туралы» шығармасының аудармасы. 36. «Әл-Қийас» - силлогизм деген ұғымды білдіріп, Арис- тотельдің «Бірінші Аналитикасы» осылай аталды, себебі мұнда- ғы сараптау силлогизм жолымен жүргізілген. 37. Әл -Фараби «Екінші Аналитиканы» «Әл-Бурхан» (дәлел- деме) деп атады. 38. Арабша «Китәб эш-ши'р». 39. Арабша «Илм әл-’адад әл -'ам ал и» 40. Арабша «Илм әл -’адад эн-назари». 41. Динар - алтын ақша, дирһам - күміс ақша бірліктері . 42. Арабша «Илм әл-һандаса». 43. «Әл-Устуқусат» - негіздер, элементтер дегенді білдіреді. ^■61-^
Ғылымдардың, жіктелуі туралы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 44. 1. «Манзар» (көпше түрі «маназыр») - көрініс, түр, ба- қылау орны, 2. «Минзар» (көпше түрі «маназыр») - дүрбі. 45. «Илм ахкам эн-нуджум» - жүлдыздардың хабары туралы ілім, басқаша айтқанда, жұлдыз жорамал - астрология. 46. «Илм эн-нуджум әт-та ’лимий» - сөзбе-сөз (жүлдыздар жөніндегі ғылым). 47. «Илм әл-мусиқа» - музыка ғылымы. 48. «Илм әл-әсқәл» (жекеше түрі «сиқл» - салмақ, ауырлық) - салмақтар ғылымы. 49. «Илм әл-хиәл» (жекеше түрі «хилэ» - қулық, айла, ше- берлік) - қазіргі кезде механика деп аударылады. 50. «Илм эл-джабр уэ әл-муқабалә» - негізін Мухаммад ибн Муса әл-Хорезми салган алгебра ғылымы, ол кітабын «Әл-джабр уэ әл-муқабалә» деп атап, осы еңбегі әлемнің түкпір-түкпіріне та- рап, барлық тілдерге енді. 51. Арабша «Әл-’илм ат-таби’и уэ эл-’илм әл-иләһи». 52. «Илм ат-таби’и» - сөзбе-сөз «табиғи ғылым». 53. «Арад» (көпше түрі - а ’раад) - акциденция. 54. «Сыйна’иа» - жасанды, «таби ’ийа» - табиғи. 55. «Сыйфа» - форма, «һай’а» - құрылымы. 56. «Мэдда» - материя, «мауду» - субстанция, сөзбе-сөз (орналастырылган, қойылған, мэн) деген ұғымдарды білдіреді. 57.. «Әл- ’илм эл-илэһи» - (құдайлық ілім, дін туралы сөз, метафизика, алғашқы философия, жалпы философия) деген ба- ламалармен беруге болатын табиғаттан соң келетін нэрселерді зерттейтін ғылым. 58. Арабша «Әл-’илм әл-мәдәни». 59. «Сыйна’а эл-фиқһ» - фиқһ өнері деп отырғаны фиқһ ілімі, өйткені «сыйна’а» сөзі ғылым жэне өнер мағынасында да қолданыла береді. 60. Мұсылмандық заң. 61. «Сыйна’ат эл-кэлэм» - кэләм өнері, ягни кәләм ілімі. 62. Фиқһ ілімінің білгірі. 63. Хиджра жыл санауының 640 жылы бүгінгі күнтізбе бойын- ша 1242-1243 жылдар, яғни бұл қолжазбаның көшірілген уақыты.
МАЗМҰНЫ Аудармашыдан...................................................................................................... 3 Ғылымдардың жікгелуі туралы / 1 / ................................................................... 4 Кіріспе......................................................................................................................4 Бірінші тарау Тіл туралы ғылым.................................................................................................6 Жай сөздердің ережелері туралы ғылым........................................................ 8 Сөз тіркестерінің ережелері туралы ғылым.................................................. 9 Жазу ережелері жэне дұрыс оқу жөніндегі ғылым.....................................10 Поэтика /2 2 /.......................................................................................................... 11 Екінші тарау Логика (ғылымы туралы).................................................................................. 13 Логика аныктамасы............................................................................................. 13 Логика ғылымының пайдасы........................................................................... 14 Логика ғылымының зерттеу пэні.....................................................................18 Логика ғылымы жэне грамматика.................................................................. 19 Логика ғылымының бөлімдері.........................................................................21 Үшінші тарау Математика ғылымы.......................................................................................... 30 Сан (арифметика) ғылымы............................................................................... 30 Геометрия ғылымы /4 2 / .....................................................................................31 Оптика ғылымы /44 /........................................................................................... 33 Жұлдыздар туралы гылым............................................................................... 35 Музыка ғылымы /4 7 /.......................................................................................... 37 Салмақтар туралы ғылым / 4 8 / .........................................................................38 Шебер тәсілдер туралы ғылым /4 9 /................................................................ 39 Төртінші тарау Жаратылыстану ғылымы жэне тэңірлік гылым туралы /5 1 /....................41 Физика/5 2 /............................................................................................................ 41 Метафизика / 5 7 / .................................................................................................. 47 Бесінші тарау Азаматтык ғылым, фиқһ ілімі жэне кәләм ілімі ..........................................50 Азаматтық ғылым /5 8 /....................................................................................... 50 Фиқһ іл ім і..............................................................................................................54 Кәләм ілімі.............................................................................................................54 Ғылымдардың жіктелуі туралы ......................................................................59
Әбу Насыр әл-Фараби ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ Аударған және түсініктеме берген Ж алгас Сандыбаев Редакторы А. Ауанова Беттеген Т. Есжанов М ұқабасын көркемдеген Р. Скаков ИБ No 13636 Басуға 19.06 2020 жылы кол койылды. Пішімі 60x84 Көлемі 4 б.т . Тапсырыс No 4475. Таралымы 100 дана. Сандык басылыс. Бағасы келісімді . Әл-Фараби атындагы Қазак улттык >ниверситетінің «Қазак университеті» баспа уйі 050040, Алматы к., Әл-Фараби даңғылы. 71. «Казак университеті» баспаханасында басылды
САНДЫБАЕВ Жалғас Садуахасулы 1974 жыяы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Елімізде дін, конфессияаралық турақтылық, дінаралық келісім, мемлекет пен дін қарымқатынасы, ислам мәдениеті мен өркениеті сияқты өзекті мәселерде пікір айтып, түрлі ғылыми мақалалар, кітаптар жазып жүрген белгілідінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты. Білімі: 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясы шет тілдер факультетінің «Араб тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ның магистратурасын дінтану мамандығы бойынша бітірген. 2007-2010 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын аяқтап, философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2013халықаралық«Болашақ»бағдарламасыныңтүлегі. Еңбекжолы: 2001-2003 Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясында «Араб тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқытушы. 2003-2006 ҚР БҒМ Ф илософия және саясаттану институтыныңғылыми қызметкері. 2007-2009 Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасыныңтілдерді дамыту және істерді үйлестіру бөлімінде бас маман. 2010-2017 ҚР Президентініңжанындағы Мемлекеттікбасқаруакадемиясыныңдоценті. 2016- 2017 «Kazlslam.kz» ақпараттық-танымдық порталының бас редакторы. 2017- 2018 Түркия мемлекеті. Кастамону қапасы, Кастамону мемлекеттік университет!. Теология факультетінің доценті. 2018 - Нүр-Мүбарақ Египет ислам мәдениеті университеті Академиялық мәселелер департаментінің директоры. Жалғас Садуахасулы елуден астам мақалалар мен аударма еңбектердің, бірнеше монографиялар мен оқу-әдістемелік қүралдарының авторы. Араб тілінен қазақтілінде жарық көрген еңбектердің бір қатары: Ортағасыр мүсылман ойшылдары Ибн Рушдтің «Дін мен философияның байланыстына қатысты ш ешім шығаратын сөз», Әбу Хамид әл-Ғазалидің «Жан тәрбиесі», «Бала тарбиесі», «Аллаға махаббат», «Білім апудың артықшылығы» сияқты трактапарын және әл-Фарабидің «Теология», «Музыка туралы үлкен кітап (1,2 Том)», «Силлогизм», «Кіші силлогизм», «Аналитика», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында» жене т.б. араб тіліндегі шығармаларын аударып, оларға ғылыми сараптама жасап түсініктеме берген, арабша-қазақша философиялық сөздік қурастырған, Сонымен қатар бірқатар діни танымдықәдебиепердіңавторы. 9 786010 443334 ^ www.rrragkaznu.com КАЗАК УНИВЕРСИТКТІ