/
Author: Сандыбаев Ж.
Tags: философиясы философиялық ғылымдар ортағасырлық философия ғылым тарихы
ISBN: 978-601-04-4332-7
Year: 2020
Text
ӘБУ НАСЫР
ӘЛ-ФАРАБИ
БАҚЫТҚА
ЖЕТУ
ЖАЙЫНДА
Әбу Насыр әл-Фараби
БАҚЫТҚА ЖЕ ТУ
ЖАЙЫНДА
Аударған жэне түсініктеме берген
Жалғас Сандыбаев
Алматы
«Қазақ университеті»
2020
ӘОЖ 1/14
КБЖ87
С20
Баспага Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Ғылыми кеңесі үсынган
(No 17 хаттама, 16 наурыз 2020 жыл)
Сандыбаев Ж.
С 20 Бақытқа жету жайында / Араб тілінен аударған жэне
түсініктеме берген философия ғылымдарының кандидаты
Ж. Сандыбаев . -
Алматы: Қазақ университеті, 2020. -
68 б.
ISBN 978-601-04-4332-7
Қазак даласынан шығып, халкымыздың мактанышына айналған
эл-Фараби бүл трактатта адамның бакытка жетуі үшін қажетті теориялық,
ойшылдық жэне этикалык ізгіліктермен қатар практикалык ғылымдармен
таныстырады. Ғалым коғамдагы жэне жалпы адам өміріндегі тэлім мен
тәрбиенің маңызын түсіндіреді, «кемел адам», өмірдегі «аскак максат»,
«үлгілі басшы», «имам», «шынайы философ» т.б. секілді түжырымдарын
жан-жакты зерделейді . Ең маңыздысы, данагөй ғалым өзінің «Мемлекетті
баскаруы тиіс түлға, ол - шынайы философ » деген мэшһүр концепциясын
осы трактатта баяндаған.
Кітап көпшілік окырманға арналады.
ӘОЖ 1/14
КБЖ87
ISBN 978-601 -04 -4332-7
© Сандыбаев Ж., 2020
© Әл-Фараби атындагы ҚазҰУ, 2020
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
АЛҒЫ СӨЗ
«Китаб тахсиль ас-са 'ада» - «Бақытқа жету жайында» деп
аталатын бұл трактат қазақ тілінде екінші мэрте жарық көріп
отыр. Бірінші мэрте «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» (А., 1975.
-
295-372 б.) атауымен шықты. Алайда, бұл аударманың өзіндік
ерекшелігі - араб тіліндегі нұсқадан қазақ тіліне алғаш рет
аударылғандығында. Бұл екі аударманың арасындағы мағыналық
тұрғыдағы айырмашылықтарды сіз «Бақытқа жету жайында»
(2004.
-
No1. -
42-47 б.) еңбегінен оқи аласыз.
Аударманың жалпы ерекшелігіне келсек, бұл нұсқада кі-
таптың бөлімдері пайда болды, эр бөлімнің тақырыпшалары бе-
рілді, кітаптың мазмұны қалыптасты, аударма мүмкіндігінше араб
тіліндегі нұсқасына жақындатылды, кейбір философиялық сөздер
мен ұғымдарға жаңадан түсіндірмелер берілді. Сөйтіп оқырман
үшін ғалымның еңбегін оқып-тусіну элдеқайда жеңілдей түсті.
Себебі оқырман үшін тақырыбы жоқ, бөлімі белгісіз, мазмұны
көрсетілмеген мэтіндер жинағын түсіну ауыр.
Трактат араб тіліндегі Әли Бумильхам әзірлеген Китаб тах
силь ас-са ада (Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль,
1995.
-
С. 25-102) негізінде аударылды. Эрине, аударма бары-
сында жоғарыда аталған «Әлеуметтік-этикалық трактаттар»
аудармашыға көптеген септігін тигізді. Сол үшін біз ол кітаптың
авторлары мен ғалымдарына ауқымды да ауыр жұмыс жасап,
кейінгі буынға қалдырған елеулі еңбектері үшін алғысымызды
білдіреміз. Келешекте білікті жас ғалымдар шығып, біздің
бүл аударма барысында байқамай жіберуіміз мүмкін қате-кем-
шіліктерімізді толықтырып, ұлы ойшылдың трактаттарын бұдан
эрі жетік, араб нұсқасына элі де жақын етіп шығарады деп сенеміз.
Трактат араб тілінде бірнеше рет жарық көрген. Олардың ең
алғашқылары: Хайдарабад 1926 ж., Бейрут. 1981 ж. т.б. Сондай -
ақ, трактат қолжазба ретінде бірнеше жерде сақталған, атап ай-
тар болсақ: Дамаск 3/2110, Кітаптар сарайы 120, 420 философия.
Машкет 10/240, Табғу сарайы, аманат қазынасы 11/1730, Брита
ния музейі, Add. 7518 Rich жэне т.б.
Бак,ытк,а жету жайында _________________________________ —
Кітап алты бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде теориялық
ғылымдар турасында айтылады. Оларды эл -Фараби «теориялық
ізгіліктер» деп атап, оны: «Теориялық ізгіліктер дегеніміздің түпкі
мақсаты - өмірде бар нәрселерді рационалды қамтып , сонымен
ғана көз жеткізетін білімдер» деп көрсетеді. Бұл білімдер мидағы
мәліметтер арқылы қалыптасады. Ол үшін дене күшін сарп етіп,
іс-әрекет жасаудың қажеті жоқ. Сол себепті, бұлар практикалык
емес, теориялық білімдер деп аталады.
Теориялық білімдер екі бөлімге бөлінеді: алғашқы білімдер
мен үйрену арқылы келетін білімдер.
Алғашқы білімдер - адам әуел бастан көңіліне тоқыған
білімдер. Адам олардың қалайша жэне қайдан пайда болғанын
аңдамай да қалады. Олардың ішінде тексеру, зерттеу, үйрену жэне
оқу арқылы келетін ғылымдар да бар. Сондай -ақ, олар болмыс
пен білім бастамалары, ал болмыс бастамалары төртеу: форма,
материя, қозғаушы жэне мақсат.
Үйрену арқылы келетін білімдер - математика, табиғат
туралы ғылым, метафизика ғылымы мен азаматтық ғылым.
Математикаға қатысты әл-Фараби: «Сан мен шаманы қамтитын
ғылым - математика. Ол саны бар шамаларды зерттейді, санның
арқасында болатын барлық қасиеттері тұрғысынан осы шамалар
ды: аумағын, реттілігін , үйлесімділігін , жүйелілігін қарастырады»
дейді.
Математика ғылымы арифметика, астрономия, музыка
ғылымына, салмақтарды өлшейтін ғылымдарға бөлінеді. Мате
матика өзі зерттеп отырған нәрселердің бастамасы емес, оның
арқа сүйеп талпынатын мақсаты - «бұл өмірде бар ма?» жэне
«бұл неліктен?» деген мәселелердің мэнін танып-білу. Әл -Фараби
әуелі математикадан бастау керектігін айтады. Кейін, көңілге
тоқуға болатын нәрселерден бастап, көңілге тоқу үшін матери-
яны сэл ғана қажет ететін нэрсеге көшіп, онан соң ақыл-оймен
пайымдау үшін материясы көбірек нэрселерге көшеді.
Табиғат туралы ғылым - денелерді , денелерді құрайтын зат-
тарды қарастырады. Атап айтқанда: аспан денелері, жер, су, ауа,
от, бу жэне жердің беті мен қойнауындағы тастар мен минералдар,
^
4^
__________________________________
Бак,ытк,а жету жайында
өсімдіктер, парасатты жандар жэне жалпы тіршілік иелері. Бұл
тарауда эл-Фараби зерттеу барысында жануарлар болмысының
бастамаларын тексере келіп, жан жүйесін қарастыруғашақырады .
Табиғат туралы ғылым бөлімінен соң метафизика ғылымы
басталады. Мұнда ойшыл физиканың артында тұратын бол-
мыстарды зерттеуге кірісетінін айтады. Зерттеуші метафизи-
када қолайлы келетін бірінші алғышарттарды оқып-үйренудің
қағидаттары, онан соң физика дәлелдеген қағидаларды жоғарыда
айтылған тэртіппен оқып-білудің бастамалары ретінде пайдала-
нады.
Сөйтіп, осындай тәртіппен бірінші бөлімді азаматтық сая-
сат аяқтайды. Келесі бөлім этикалық ізгіліктерден құралады.
Үшінші бөлімде эл-Фараби ойшылдық ізгіліктер турасында
эңгіме өрбітеді. Төртінші бөлім «ізгілік дәрежелері мен ондағы
табиғаттың алатын орны» деп аталады. Бесінші бөлім тэлім мен
тәрбие, алтыншы бөлім философия ғылымына арналып, мынадай
тақырыптардан құралады: философия жэне дін, шын философ
жэне Платон мен Аристотель философиялары.
Жалгас САНДЫБАЕВ
Бак,ытк,а жету жайында ___________________________________
БАҚЫТҚА ЖЕТУ ЖАЙЫНДА /1/
БІРІНШІ БӨЛІМ
ТЕОРИЯЛЫҚ ІЗГІЛІКТЕР
(25-бет) Адамның басына дарыған төрт түрлі нәрсеге
халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе, олар бұл өмірде
дүние бақытына, арғы өмірде ұлық бақытқа жетеді. Бұлар:
теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер
жэне практикалық өнерлер /2/.
Алғашқы білімдер мен үйрену арқылы келетін білімдер
(26-бет) Теориялық ізгіліктер дегенде болмыстар мен
олардың мэніне рационалды түрде зерделеу арқылы ғана көз
жеткізетін білімдер меңзеледі. Бұл білімдердің ішінде адам әуел
бастан көңіліне тоқыған білімдер бар. Бұлардың қалайша жэне
қайдан пайда болғанын ол аңдамай да, білмей де қалады. Бұлар
-
алғашқы білімдер. Сондай -ақ ойлау, тексеру, зерттеу, үйрену
жэне оқу арқылы алатын білімдер де бар.
Алғашқы білімдер арқылы мэлім болған белгілі нәрселер -
алғышарттар. Соларға сүйене отырып, тексеру, зерттеу, үйрену
жэне оқу жолдары арқылы білімнің келесі сатысы қалыптасады
/3/.
Ғылымның дәрежелері мен зерттеу жолдары
Адам зерттеу жэне оқу арқылы танып-білуге талпынатын
нәрселер алғашқыда белгісіз болады. Ал егер адам оны зерт -
теп, зерделегеннен кейін адамда сенім, көзқарас немесе білім
қалыптасатын болса, онда бұлар қорытындыға айналады /4/.
(27-бет) Әрбір көздеген мақсаттың мазмұны - шынайы
ақиқатқа жету, алайда, көп жағдайда ақиқатқа жете бермейміз.
Сонымен қатар кейде қандай да бір нәрсе жөнінде нақты
---- ------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
мәліметке қол жеткізсек, екінші бір нәрсе жөнінде топшылау мен
ой-пікіріміз қалыптасады, не болмаса біздің ол жөнінде бейнелі
түсінігіміз болады. Кейде нақты мәліметке /5/ қол жетіздік деп ой-
лаймыз, ал шындығында оған жетпей, адасамыз. Кейде шындық
пен жалғанның екеуі бірдей болып көрінсе, онда қайран қаламыз.
Мұның себебі - біздің көздеген мақсатқа барар жолымыздың
эртүрлі болуында. Әйтпесе бір жолдың бізді түрлі сенімге
жетелеуі мүмкін емес. Керісінше, көздеген мақсат жолында
түрлі сенімдерге апаратын эртүрлі әдістердің болуы тиіс, алай-
да олардың ерекшелігі алуан түрлі екенін аңдай алмағандықтан,
барлық мақсатқа бәз-баяғы бір жолмен барамыз деп ойлаймыз.
Бір көздеген мақсатты іздегенде, анық білімге жетелейтін жол-
ды пайдалануымыз керек. Ол үшін біз осы сияқты немесе соған
ұқсайтын әдіс-тәсілді қолданамыз . Сөйтіп, оның [анық білімге
емес] жай сенімге немесе пайымға алып келгенін байқамай
қаламыз. (28-бет) Сондықтан бізде бір ғана әдіс бар секілді, біз
екінші мэрте қолданған эдіс - нақ біз бірінші рет жүрген жол
сияқты көрінеді. Біз көп жағдайда өзімізде де, зерттеу жэне
үйрену ісімен шұғылданатын адамдарда да осындай құбылысты
көреміз.
Бүдан көздеген мақсаттарды зерттеуге кіріспестен бұрын
бұл жолдардың арасындағы айырмашылықтарды, жолдардың
әрқайсысына тэн айрықша қасиеттері мен белгілерін бір-бірінен
ажырата білуіміз қажет екенін нақты аңғарамыз.
Өзіміздің танып-білу жөніндегі туа біткен, табиғат бойы-
мызға дарытқан қабілетіміз бізге осы [жолдар] жайында мағ-
лұматтар беретін өнермен қамтылған. Егер біздің туа біткен
қабілетіміз осы жолдардың қайсыбірін басқаларынан ажыратуға
шамасы келмесе, онда зерттеуші мынаны білуі қажет: нақты
жэне осы ақиқат жөніндегі анық мағлұматқа жетуі үшін әуелгі
шарттардың қағидалары жэне олардың реттелетін тэртібін;
зерттеуші ақиқаттан алшақтап, көздеген мақсаттағы ақиқаттың
қандай екенін білмей қалған уақытта эуелгі шарттарды құрайтын
шарттар мен қағидаларды; көздеген мақсаттағы нақты білім осы
деген сияқты пікір мен сенім іуатын болса, ал ақиқатта ол нақты
Бак^ыт^а жету жайында ___________________________________
білім болмай шықса, бірінші алғышарттарды құрайтын шарттар
мен қағидалар жэне олардың реттеу тэртібін; зерттеуші адасып
немесе қателесіп, бұл екеуінің қайсыбірі талап етілген мақсат
екенін білмесе, зерттеуші ақиқаттың өзіне емес, бейнесіне жет-
се, онда эуелгі алғышарттарды құрайтын шарттар мен қағидалар
жэне олардың реттелетін тэртібінің қандай болуға тиіс екенін
білуі керек. (29-бет) Егер біз осылардың барлығын білсек, онда
өмірде бар нәрселерге катысты білімдерді дербес зерттеу жолы-
мен немесе басқалардан үйрену әдісімен іздеуге кірісеміз. Бұл
жағдайда аталған нәрселерді қалай зерттеу керектігін жэне олар-
ды танып-білу мен үйрену керектігін ұғамыз . Біз осы қабілеттің
арқасында зерттеуіміздің нақты білім бе элде пайым ба, бұл сол
нәрсенің өзі ме немесе соның нұсқасы эрі бейнесі ме екенін
ажырата аламыз. Осылайша бұл бізге басқалардан не үйрене
алатындығымызды және оларға не үйрете алатындығымызды сы-
нап көруді қамтамасыз етеді.
Алгашқы білім - болмыстың төрт қағидаты
Егер өмірде бар нэрселердің эрбірі жөніндегі алғашқы
білімдер зерттеушіні осы тектес көздеген мақсаттағы анық
білімге жеткізетін қағидалар мен шарттар болатын болса - ол
[сол затгағы] оқу-білімінің негіздері . Белгілі бір текке жататын
түрлердің немесе олардың көбінде болатын себептер арқылы, осы
себептерге байланысты жэне осы себептерден айтылмыш текке
жататын түрлер өмір сүріп отырған болса, онда оларды өзінде
қамтыған жэне зерттелінуі қажет болған сол тектің [нәрсенің]
болмыс бастамалары. Мұндағы оқып -үйренудің бастамалары
болмыс бастамаларымен сәйкес келеді. (30-бет) Болмыстың дэ-
лелдемесі алғашқы білімдерге байланысты, егер ол «бұл өмірде
бар ма» дегенді білдірумен қатар «мұның болуы неліктен» дегенді
білдіретін болса, «бұл неліктен» дегеннің дәлелдемесі деп атала-
ды /6/.
Егер аталған қағидалар мен шарттар жаратылыстағы нәрс-
елердің қайсыбір тегінде бар мағлұматтар осы тектес болмыс-
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
ты танып-білуімізге себептері болып, олардың қайсыбірінің
болмысының себептері болмаса, онда осы текке [түрге] қатысты
оқу-білімінің бастамасы болмыстың бастамасына сәйкес
келмейді. Бұл білімдерден тұратын болмыс дәлелдемелері «бүл
өмірде бар ма» дегеннің дәлелдемесі болып табылады. Бірақ,
«бұл неліктен» дегеннің дэлелдемесі бола алмайды.
Болмыстың қағидаты төртеу:
1) Заттың «не?», «неліктен?», «қалай?» пайда болғандығы.
Олардың бәрінің мэні бірдей. 2-3) Неліктен жэне 4) Не үшін
жаратылғандығы. Өйткені «неліктен пайда болған?» деген
сұраққа 2. Әрекет етуші бастама яки 3. Материя арқылы жауап
беруге болады. Осылайша болмыстың себептері мен бастамала-
ры төртеу болып шығады 111.
Болмысты (себептерінің санына қарай) үш түрге бөліп қа-
растыра аламыз: 1. Болмыстың ешқандай себебі болмауының
мүмкін еместігі. Мұның қағидат болуы тек қана соған қатысты
қол жеткізген мәліметтердің негіздеріне байланысты (Әйтпесе,
болмысының қағидаттарына қатысты емес). Ол
-
өзге барлық
болмыстардың бар болуының ең соңғы бастамасы; 2. Осы төрт
қағиданың барлығын қамтиды; 3. Олардың тек үшеуіне ғана
мүмкіндік беріледі. Қағидаттардың ішінде материяға жатпайты-
ныда- осы.
Жаратылыста зерттелетін білімдердің барлығы - ақыл -оймен
пайымдалатын білім. Оның мақсаты - сол түрге жататын нәрсе
біткеннің барлығының болмысын анық білу. Кейін болмыстың
бастамаларын танып-білу. Оқып -үйрену бастамаларынан бастап
оның түрлерін тану, онан соң осы бастамаларды бойына дарытқан
нәрсе біткеннің барлығының бастамаларын анық тануға болады.
Сөйтіп, осы зерттелген түрдің өмірде бар бастамаларын түгел
атап шығу керек болады.
Егер осы төрт бастаманың бэрі де оған тэн болса, онда зерт-
теуші бұлардың тек кейбіреулерімен ғана шектелмей, олардың
барлығын түгел қамтиды. Оған төрт [бастаманың] бэрі бірдей
тэн болмаса, онда ол осы бастамалардың саны үшеу ме, екеу
ме элде біреу ме, соны анықтауға тырысады. Бұл ретте ол осы
9
Бак,ытк,а жету жайында _
---------------------------- --- --- -
түрдің ең бергі бастамаларымен шектеліп қалмайды, қайта бұл
бастамалардың бастамаларын жэне [бұл бастамалардың] бас-
тамаларының бастамаларын анықтауға тырысады. Осылайша
осы түрге қатысты өзі анықтаған ең арғы бастамаларға жеткенше
тоқтамайды.
(32-бет) Егер де осы түрге қатысты ең соңғы қағидаттьщ
да қағидаты бар болса, бірақ бұл осы түрден емес, басқасында
болса, онда ол мұны [зерттеуге] кіріспейді, біраз аялдап, мұны
зерттеуді кейінге қалдырады /8/. Сөйтіп, осы түрді қамтитын
білімді қарастыруға тікелей көшеді де, оқып-үйрену бастама-
лары осы түрге тэн болмыстың бастамаларына сәйкес келетін,
сол қарастырылып отырған түрдің не нәрсе екенін [біліп алуды]
көздейді. Зерттеуші осы қағидаттарды пайдаланып , алдында
тұрған мақсатқа көшеді. Қайсыбір ғылымдағы көздеген мақсатқа
талпынғанда, ол «өмірде бар ма?» жэне «бұл неліктен?» дегенді
танып-біледі, сөйтіп осы түрге қатысты ең ақтық нәрсеге жеткен
ше осылай жалғастыра береді.
Егер болмыстардың қайсыбір түрі жайындағы оқып-үйрену
қағидаттары жаратылыстың алғашқы бастауларына сәйкес келме-
се, онда бұлардағы болмыс бастауларының тек бүркеулі жатқаны,
әуел бастан беймәлім болған, сондай-ақ ондағы оқып -үйрену
қағидаттары жаратьшыс қағидаттарынан басқа жэне жаратылыс
қағидаттарынан кейін келетін түрде көрініс табады. Олай болса,
жаратьшыс қағидаттарын танып-білудің жалғыз жолы
-
оқып-
үйрену принциптерінен бастау жэне оларды мэжбүрлі түрде
нәтиже шығатындай түрде жүйелеу. Олардың орналасу тэртібі
сондай, соның нәтижесінде белгілі жүйесі мен тэртібі бар зат-
тар болмысының бастамасы болып табылатын қорытынды сөзсіз
келіп шығады. Оқып -үйрену бастамалары бізге болмыстың бас
тамаларын танып-білу құралдары ретінде қызмет етеді (33-бет).
Осының нәтижесінде жасалған қорытындылар - шамалай отырып
жасалған оқып-үйрену қағидаттары ретінде қарастырылған зат-
тар болмысын танып-білудің негіздері мен себептері . Сонымен .
[зерттеуші] болмыс бастамаларына қарағанда кейінгі реттілікпен
келген нэрселерді танып-білуден, болмысқа қарағанда бұрынғы
----------------------------------
Багдлткц. жету жайында
бастамалар болып табылатын нәрселерді анықтап [білуге қарай]
көтеріледі. Ал егер біз осы жолмен жеткен болмыс бастамасының
алғашқыдан анағұрлым жоғары жэне анағұрлым алысырақ
тұрған басқа бір бастамасы болса, онда біз оны алғышарт етеміз
де бұдан осы бастаманың бастамасына қарай көтерілеміз. Осы
түрге қатысты өзіміз анықтайтын ең соңғы қағидатқа барып жет-
кенге дейін осылай амал етеміз.
Егер біз болмысы осы бастамадан шыққандығы мэлім нәр-
селердің қайсыбір қағидатына жетсек, онда бұл жерде қай баста
мадан шыққандығы белгісіз, бүркеулі жатқан жэне әуел бастан
беймәлім, басқа да нәрселердің болуы эбден ықтимал. Егер біз
өзімізге қазірдің өзінде-ақ белгілі бастаманы алғышарт ретінде
пайдаланып, одан осы бастамадан туатын басқа нәрселерді
танып-білуге көшетін болсақ, онда бұл бастама бізге «бұл сол
[нэрсе] ма?» жэне «бұл неліктен жаратылған?» деген мэселелерге
қатысты мэлімет береді.
Тағы бір ықтимал нэрсе, көптеген заттардың бір бастамадан
келіп шығуы, бірақ осы толып жатқан заттардың ішінен бізге әуел
бастан біреуінің ғана белгілі болуы. Бүл бастаманың, сондай-ақ
бұдан келіп шығатын элгі басқа да заттардың бүркеулі жатуы
мүмкін. (34-бет) Бұлай болған жағдайда өзімізге белгілі осы
бірден-бір заттан сол бастаманы танып -білуге көтерілеміз, сонда
осы бірден-бір зат сол қағидаттың бар екендігін көрсетеді . Содан
соң біз осы қағидатты сол бастамадан келіп шығатын бүркеулі
жатқан басқа заттардың мәнісін түсіндіретін алғышарт ретінде
пайдаланамыз. Осылайша олардың бар екендіктері мен жаратылу
себептерін де /9/ танып-білуге кірісеміз .
Егер осы бастаманың басқа бір бастамасы болса, онда біз
элгі [бірінші] бастаманы түсіндіру үшін мұны да пайдаланамыз,
сонда бүдан бұрынғы [екінші] бастама бізге рет бойынша өзінен
үлкен өзге бастаманың бар екендігіне қатысты мәлімет береді.
Оны біз екі түрғыда пайдаланамыз: бірінші, ол бізге өзінің бол
мысы жөнінде ғана мәлімет береді, ал екінші жағынан, өзінің бол
мысы жөнінде де, өз болмысының себептері жөнінде де ақпарат
ұсынады. Сол сияқты, егер осы бастама бастамасының жайы да
Бак,ытк,а жету ж айында -----------------------------------
солай болса, атап айтқанда, егер оның өзінен туатын заттарымен
қоса басқа бір бастамасы болса, онда біз бұл бастаманың ба-
стамасын түсіндіру үшін жэне осыдан келіп шығатын басқа да
бүркеулі заттарды түсіндіру үшін пайдаланамыз. Бұл бастама өз
тарапынан бізге өз бастамасының, сонымен қатар осы заттардың
болмысы жөнінде де, болмысының себептері іуралы да мағлұмат
береді.
Математика ғылымы
(35-бет) Өмірдегі заттарды зерттеуде жэне адам ақылының
ауытқуы мен абыржуынан құтқаратын бірінші нәрсе - сан мен
шама /10/. Сан мен шаманы қамтитын ғылым - математика /11/.
Әуелі санмен бастаймыз, кейін есептеу жүргізіледі, сонымен
қатар есептелуге тиісті басқа шамалардың қалай есептелетіндігі
жөнінде білім алынады. Кейін, зерттеуші шама, кескін, жағдай,
реттілік, үйлесімділік пен жүйелілік жөнінде білім алады: ол саны
бар шамаларды зерттейді, санның арқасында болатын барлық
қасиеттері тұрғысынан осы шамаларды: аумағын, реттілігін,
үйлесімділігін, жүйелілігін қарастырады.
Аумақтылық, реттілік, үйлесімділік жэне жүйелілік қасиет-
терін екі тұрғыдан анықтайды: шамалар ретінде шамаларға жа-
татындығы жэне сан ретінде шамаларға жататындығы тұрғы-
сынан. Ол саны жоқ, бірақ аумағы, реттілігі, үйлесімділігі мен жү-
йелілігі бар шамаларды бұлардың шамаларға жататындығы түр-
ғысынан [зерттейді], (36-бет) содан кейін аумағы мен жүйелілігі
бар басқа заттарды санға жататындығы түрғысынан қарастырады.
Бұдан соң ол шамалық сипаты бар басқа заттарды қарастырып,
бұларға денелер ретіндегі пішіндерге тэн кескін, жағдай , аумақ,
шама, реттілік, үйлесім мен жүйе сияқты қасиеттерді де, сондай -
ақ эрі сан, эрі шамалар ретіндегі осы заттарға тэн қасиеттерді де
қамтиды. Бүдан екі түрдегі нәрселердің бэрі алынады да, мүнда
сан мен шамалар ретіндегі осы заттар жатқызылатын, өмірдегі
нэрсе біткенді қамту мақсаты көзделеді. Оптика, қозғалушы сфе-
ралар жайындағы ғылым, аспан денелері жайындағы ғылым,
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
музыка ғылымы жэне салмақ пен шебер тәсілдер жайындағы
ғылымдар осыдан келіп шығады /12/.
Қарастырылып отырған түрде математиканың бастамала-
ры болып табылатын барлық затты [зерттеуші] сан мен шама-
лар түрінде алып, кейін жоғарыда айтылған қабілетке қарай
анықталатын реті бойыншаорналастырады, сөйтіп, бұл заттардың
әрқайсысын қарастырылуы тиісті эрбір затқа сәйкес зерттеуге
тырысады, ол осылардың бэрін анықтап шыққанша немесе сол
түр жайында (37-бет) осы өнердің негіздерін тұжырымдауға
жеткілікті іргелі білім алғанша осылай жалғастыра береді.
Сандар мен шамалар зерттелетін осы ғылымның матема-
тикалық ерекшелігі - тағылым қағидаттары мен болмыс бас-
тамаларының бірдей болуында. Сондықтан осы бастамалардың
негізінде пайда болған дәлелдердің барлығы екі нәрсені құрайды:
яғни заттардың болмысы мен не үшін жаратылғандығын білдіре-
ді. Бұлардың бәрі «бұл не нәрсе?» және «бұл неліктен?» дегеннің
дэлелдемелеріне айналады. Болмыстың: «не?», «неліктен?» жэне
«қалайша?» деген қағидаттары - [әрекет етуші бастама, материя
жэне «не үшін?» деген сияқты басқа] үш бастамадан тысқары
пайдаланылады /13/, өйткені материядан зэрулікпен дерексіз-
дендіріліп алынған сан мен шамалардың түрінде олардың бол-
мысының жоғарыда айтылған бастамаларынан басқа бастама-
лары болмайды. Оларда басқа бастамалардың болатын бір ғана
себебі, бұлар табиғи жэне [адамның] еркімен [жасалған заттарға
тән], атап айтқанда, бұлар материядан алынады. Сондықтан
бұл ғылым оларды материядан тысқары алып қарайтындықтан
жэне олардағы материялыққа жатпай, сол дәрежеде болмайтын
нәрсені пайдаланбайтындықтан, біз алдымен, саннан [ариф-
метикадан] бастаймыз, онан соң өлшемдерге, кейін бойында
сан мен шамаларының болуы міндетті өзге заттарға, мәселен
оптикаға, аспан денелері ретіндегі қозғалушы шамаларға, онан
эрі музыкаға, салмақ жайындағы ғылым мен шебер тэсілдер
жайындағы ғылымға қөтерілеміз (38-бет).
Зерттеуші материясыз түсініп, көңілге тоқуға болатын нәр-
седен бастайды, кейін көңілге тоқу үшін материяны сәл ғана
^-із^
Бак,ыткд жету жайында ----- -----------------------------
қажет ететін [нәрсеге көшеді], одан соң оны түсініп, көңілге
тоқып, ақыл-оймен пайымдау үшін материясы көбірек нәрсеге
көшеді.
Саны мен шамалары болатын нәрселер жөнінде де ол осы-
лай пайымдау үшін материяны бұрынғыдан да көбірек қажет
ететін нэрсеге көтеріле береді, сөйтіп аспан денелеріне, онан соң
музыкаға, содан кейін салмақ жайындағы ғылымға жэне шебер
тәсілдер жайындағы ғылымдарға көшеді. Сонда ол ақыл-оймен
пайымдауға қиын соғатын немесе тек материяда ғана бола ала-
тын заттарды лажсыз пайдаланады. Бұл жоғарыда ол «не?»,
«неліктен?» жэне «қалайша?» дегендерден басқа негіздерді лаж
сыз енгізеді, бұлар екі түрдің қақ ортасында тұрған негіздер: бол-
мыс бастамаларынан «немене?» дегені ғана, яғни болмысы ғана
бар нәрсе мен түрлерінде барлық төрт бастама түгел кездесетін
негіздер болады.
Сонда зерттеуші болмыс туралы ғылымға кіріседі, сөйтіп
ол болмыстың торт бастамасы бар өмірдегі заттарды анықтайды
эрі тек материя арқылы ғана ақыл-оймен пайымдауға болатын
заттардың түрін танып-біледі.
Материя атаулыны - табиғи деп атайды.
(39-бет) Табиғат туралы ғылым
Зерттеуші бұл ретте математика бастамаларындағы жеке
қағидалардыңосытүріндеболатынбарлықбіріншіалғышарттарды
алуға тиіс. Сондай-ақ өзі алғашқы мәлімет арқылы қол жеткізген
нэрселерін зерттеп-зерделейді де осы ғылымда тэлімнің бастама
сы боларлық нәрсені таңдайды /14/. Содан соң ол денелерді жэне
денелердегі заттарды, денелердің түрлерін, әлемдегі нәрселерді
қарастырады. Атап айтқанда: аспан денелері, онан соң жер,
су, ауа, от, бу жэне басқалар, онан соң жер бетінде және жер
қойнауындағы тастар мен минералдар, бүдан кейін өсімдіктер,
ақылсыз жануарлар мен ақылды тіршілік иелерінің әлемдері.
Зерттеуші осы түрлердің әрқайсысы жэне эрбір тектегі түрлердің
болмысы, болмысының бастамалары жөнінде білім алады. Ал
--------- - -------------------------Бак,ытк,а жету жайында
көздеген мақсаттардың әрқайсысы жөнінде «ол бар», «неліктен?»
және «қалайша?» (40-бет) өмір сүреді, ол «не нәрседен?» пайда
болады жэне «не үшін өмір сүреді?» деген сұрақтарға қатысты
[білім] алады. Сөйтіп ол ең бергі бастамалармен шектеліп
қалмайды, керісінше, олардың бастамаларының бастамаларын
жэне бұл бастамалардың бастамаларын негізге алады. Мұндағы
мақсат - істі [осы текке] жататын ең ақтық дене бастамаларымен
аяқтау.
Осы білімнің бойындағы оқып-үйрену қағидаттары болмыс
қағидаттарымен пара-пар /15/; оқып-үйрену қағидаттары бол
мыс қағидаттарын танып-білуге бастайды. Табиғи пәндердің
эрбір түрі жайындағы оқып-үйренудің қағидаттары олардың
болмысының қағидаттары жөніндегі келесі заттар болып табы-
лады деген сөз. Осы түр болмысының қағидаттары оқып-білу
қағидаттары болмысының себептері болады. Зерттеуші осы
қағидаттардан келіп шығатын заттардың эрбір түрінің немесе
түрінің қағидаттарын танып-білу дәрежесіне жетеді. Егер бұл
бастамалар ең бергі бастамалар болса және бүл бастамалардың
басқа бастамалары болса, онда оқып-үйрену бастамалары ретінде
осы ең бергі бастамалар пайдаланылады, ал бұлардан кейін
[зерттеуші] олардың бастамаларын танып-білуге ден қояды.
Бұл бастамалар әбден белгілі болған кезде, ол бұлардан осы
бастамалардың бастамаларын танып-білуге көшеді де, осы түр
болмысының ең арғы бастамаларына жеткенше тынбайды.
Егер біз оқып-үйрену бастамаларынан болмыс бастамалары
на ден қояр болсақ, онда болмыстың бастамалары белгілі болады.
(41-бет) Өзімізге белгілі осы, алғашқы заттардан элгі бастамаларға
ден қойғанда осы бастамалардан келіп шығатын, бізге белгісіз
басқа да заттар бар екенін білеміз. Болмыстың бүл бастамаларын
біз оқып-үйрену бастамалары арқылы да танып-білеміз. Біз бүл
бастамалардан өтіп, бүлардан кейін келетін заттарды танып-білуге
көшеміз, сонда бұл бастамалар осы заттар жөнінде эрі оқып-үйрену
бастамалары, эрі болмыс бастамалары болады.
Сезіммен қабылданатын денелердің эрбір түрінде жэне эрбір
түрдің эрбір түрінде біз осы әдіспен жүріп отырамыз. [Зерттеуші]
Бакріткд жету жайында -----------------------------------
аспан денелерін зерттеу ісін аяқтап, олардың болмысының бас-
тамаларын зерттеуге кіріскенде олардьщ болмысының бастама-
ларын қарап тексеру ісі оны табиғатқа да, табиғи [заттарға] да
жатпайтын, бірақ табиғат пен табиғи заттардан гөрі неғұрлым
жетік заттар ретіндегі, бірақ денелерге жатпайтын жэне дене де
болмайтын бастамаларға көтерілуге мэжбүр етеді. Бұл жағдайда
ол басқаша зерттеу түріне жэне эсіресе метафизикалық заттарды
/ болмыстарды зерттейтін басқа ғылымға мұқтаждық танытады.
Сонда зерттеу жэне оқып-үйрену реті тұрғысынан алып қарағанда,
ол екі ғылымның: физика мен метафизиканың арасында бола-
ды, ал болмыс сатылары тұрғысынан алып қарағанда, табиғи
заттардан жоғары болып шығады. (42-бет) Зерттеу барысында
хайуандар болмысының бастамаларын тексере келіп, ол қалай
да жан жүйесін қарастыруға немесе психикалық бастамаларға
қарай, ал бұлардан саналы жанды қарастыруға көтеріледі. Соның
бастамаларын зерттегеннен кейін ол өзінің зерттеу пэнінің «не
екенін?», «ненің арқасында?», «қалайша?», «неліктен?» жэне
«не үшін?» жаратылғандығын қарастыруы тиіс. Бұдан кейін
ол парасатқа жэне ақыл-оймен танып -білетін нәрселерге дейін
жетеді, міне сонда ол қажетті түрде ақыл -ойдың «не екенін?»,
«ненің арқасында?», «неліктен?» жэне «не үшін?» екендігін
зерттеуі қажет. Ол осыны қарастырып, бұдан кейін денелерден
өзге бастамаларға көшуі керек. Бұлар - аспан денелерінен төмен
орналасқан, өмірдегі заттар. Сол сияқты оның өзі зерттеу кезінде
барып жеткен аспан бастамалары аспан денелеріне жатады.
Жан мен парасат жайындағы мәселеден кейін олардың соларға
бола өмір сүріп отырған бастамаларына, адамның өмір сүруіне
арқау болып отырған ең арғы мақсат пен ең мәртебелі кемелдікке
көтеріледі. Адамның кемелдікке жетуі үшін оқып -үйренуі тиіс,
ол үшін табиғи бастамалардың жеткіліксіз екенін түсінеді. Бүл
жағдайда зерттеушіге басқа ақыл бастамалары қажет, сөйтіп ол
өзінің кемелдікке талпынуы тиіс екенін біледі.
(43-бет) Зерттеуші бүл жағдайда басқа, метафизикалық емес
түрге тап болады. Адам осы түрді қамтитын, атап айтқанда,
өзінің ақыл бастамаларынан алатын заттарды зерттей алады.
----------------------------------
Бакрітк/а жету жайында
Соның арқасында кемелдікке жетеді, бұл оның физиканы танып-
білуіне көмектеседі. Бұл жағдайда осы ойшылдық бастамалар
себеп ретінде адамды өмірінің мұраты еткен кемелдікке жеткізе
қоймайтындығы айқын болады.
Бірақ, сонымен бірге ол осы ақыл бастамалары толып жатқан
табиғи нәрселердің, оның бойына табиғат дарытқандардан өзге
нәрселердің болмыстық бастамалары екенін түсінеді. Өйткені
адам ең жоғары мәртебелі кемелдікке жетеді. Осының арқасында
ол, егер бастамалардан кемелдікке жетуге талпынатын болса,
шын мәнісінде кэміл болады. Көптеген табиғи нэрселерді пайда-
ланып және осы нәрселер жөнінде жасаған іс-әрекеті нэтижесінде
бұл [нэрселер] оның өз қабілетіне қарай ең мәртебелі кемелдікке
жетуіне пайдалы болатын күнде ғана бұған талпынбақ. Бұл
жағдайды оның бұл ғылымнан түсінетін бір нәрсесі: эрбір адам
осы кемелдіктен өзіне белгілі бір үлес қана алады, ал оның алған
бұл үлесі көбірек немесе азырақ болуы мүмкін. Неге десеңіз,
ол көптеген адамнан көмек алмайынша, барлық кемелдікке
жападан-жалғыз жете алмайды. (44-бет) Адам жаратылысындағы
қасиеттің бірі - сол, ол өзінің көздегеніне талпынуда басқа
адаммен немесе басқа жұртпен байланыс жасайды. Кез келген
адамның жағдайы осындай. Сондықтан эрбір адам өзінің ша-
масы келерлік кемелдікке жету үшін басқа адамдардың арасын-
да жүріп, солармен бірігуге мұқтаж болады. Дэл сол сияқты
осынау жанның жаратылысындағы бір қасиеті - ол қауымның
өзі тектес өкілдерінен пана іздейді, солардың арасында тұруды
көздейді. Сондықтан да адамды «қоғамдық» немесе «саяси жа-
нуар» деп атаган. Бұл арада осы ақыл бастамаларын, сонымен
қатар адамның кемелдікке жетуіне дем беретін эрекеттері мен
қасиеттерін зерттейтін басқа ғылым мен басқа білім пайда бола
ды. Осыдан барып азаматтық ғылым туады /16/.
Бак,ытк,а жету жайында ___________________________________
Метафизика ғылымы
Зерттеуші физикадан кейін тұратын болмыстарды зерт-
теуге кіріседі жэне мұнда нақ физикадағы сияқты эдістерді
қолданады. Ол метафизикада осы түрге қолайлы келетін бірінші
алғышарттарды оқып-үйренудің бастамалары етеді, одан соң фи-
зикада дәлелденген қағидаларды жоғарыда айтьшған тәртіппен
(45-бет) осы түрдегі оқып-білудің бастамалары ретінде пайдала-
нады. Осылайша зерттеуші осы тектес эрбір болмысты жеке -жеке
зерттей алады.
Зерттеуші бұлардың бірде-бірінде материяның мүлде
жоқ екенін анықтап алады /17/. Әрқайсысынан ол «мүның не
екенін?», «мұның қалайша өмір сүретінін?», «қандай нэрсенің
ықпалымен?» жэне «неліктен өмір сүретінін?» зерттеп білуге
тиіс. Бұларды белгілі бастамалардан: оның төркіні «қандай?»
дегенмен де, «неліктен» болады дегеннен де, оның болу «себебі
не?» дегеннен де тыс себепке жеткенше зерттей беруі керек. Ол
-
жоғарыда эңгіме болған өмірдегі барлық заттардың бірінші
бастамасы /18/. Ол - өзінің арқасында, өздігінен жэне өзі үшін
өмір сүруші. Оның өмір сүру әдістерінде ешқандай кемшілік жоқ.
Мінсіздігі соншалық, соның арқасында зат біткеннің барлығының
бастамасына айналады. Егер [зерттеуші] осыны түсінсе, онда ол
өмірдегі басқа заттардың бойындағы өзгерістерді зерттейді. Ол
әуел бастан бар Заттан бастап, кейінгі заттардың болмыс баста-
маларын, жаратылыста бар заттардың арғы себептерін зерттеп,
солар туралы мағлұмат алады.
Бірінші бастама - Ол Құдай . (46-бет) Бұдан кейін келетін
жэне денелерге жатпайтын эрі денелерде [болмайтын] бастама-
лар - Тэңірлік / бастамалар болып табылады.
__________________________________
Бак,ытк,а жету жайында
Азаматтық ғылым
Бұдан кейін ол азаматгық ғылымға кіріседі, адамның көздейтін
мақсатын зерттейді, ал мұның өзі адамның бойына даритын: «бұл
не нәрсе?» және «қалайша?» [өмір сүреді] деген кемелдік болып
шығады. Кейін, ол адамның осы кемелдікке жетуіне дем беретін
немесе осыған жету үшін адамға игілік, ізгілік, қайырымдылық
түрінде пайда келтіретін барлық зат біткенді зерттейді де,
бұларды өзінің осы кәмелеттікке жетуіне бөгет болатын
жамандық, шалағайлық, қаскүнемдік секілді жаман сипаттардан
бөлек алып қарастырады. Олардың эрқайсысының «немене?»,
«не үшін?» жэне «ол неліктен?» болатынын біледі, бұлардың
бэрін бір-бірінен өзгеше, ақыл-оймен пайымдалатын белгілі
нәрселерге айналдырады. Азаматтық ғылым дегеніміз
-
осы
/19/. Бұл - заттар жайындағы ғылым, осы заттар арқасында қала
тұрғындарының эрбірі азаматтық бірлестікте өздеріне жаратылы-
сынан қандай мөлшерде сыбаға белгіленген болса, сол мөлшерде
бақытқа кенеледі. (48-бет) [Зерттеуші] қалалық бірлестіктің жэне
қаладағы тұрғындар бірлестігінен пайда болатын қоғам, дүние
жаратылысындағы денелер тэрізді екенін түсінеді. Ол сондай-
ақ, қала мен халықты қамтитын ережелер мен жаратылыстағы
ережелердің арасындағы ұқсастықты байқайды.
Дүниеде әлденендей бір алғашқы бастама бар, мұның со-
ңынан рет-ретімен басқа бастамалар келе береді . Ал олардан
жаратылыстағы заттар келіп шығады, кейін басқа заттар рет-
ретімен келе береді де, болмыс ретімен алғанда өмірдегі ең
соңғы заттарға дейін осылай жалғасып отырады. Дәл сол секілді
халықты немесе қаланы қамтитын нәрселер жиынтығында да
элденендей бір алғашқы бастама болады, оның соңынан да басқа
бастамалар жэне осы бастамаларға ілесуші басқа [түрғындар]
келеді, ал осы түрғындардың ізімен басқа тұрғындар жүріп
отырады да, азаматтық жэне адамдық [болмысы] жағынан ең
соңғы тұрғындарға жеткенге дейін осылай жалғасып кете береді
/20/. Осының нәтижесінде қаланы құраушы нэрселер дүние
жиынтығын қүраушы нәрселерге ұқсас болады. Теориялық
^
-
19- ^
Бак,ытк,а жету жайында ------- ---------------------------
кемелдік дегеніміз - осы. Сондықтан бұл сіз көріп отырғандай,
төрт түрлі білімді қамтиды, ал осы білімдердің арқасында кала
тұрғындары мен халықтар ең жоғарғы бақытқа жетеді. Осыдан
кейін теориялық қағидаттарда аталып өткендей төрт негіздің шы-
найы түрде көрініс табуы халықтар мен қалаларға тапсырылады.
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ЭТИКАЛЫҚІЗГІЛІКТЕР
Мынадай сұрақ туады: осы теориялық қағидаларға соны-
мен қатар осы [төрт түрдің] халықтар мен қалаларда түпкілікті
болуына септігін тигізетін заттар көрсетілген бе, элде жоқ па?
Егер осы нәрселер ақыл-оймен пайымдалатын заттар ретінде
көрсетілген болса, онда бұлардың [жай ғана] көрсетілгені. Ал
егер сол қағидаларда бұл заттар эрі ақыл-оймен пайымдалатын,
эрі өмірдегі заттар ретінде көрсетілген болса, онда теориялық
мэліметтерде бұл заттардың шынайы түрде бар екендігі айқын.
Мэселен, құрылыс өнерін ақыл-оймен пайымдалатын нәрсе
ретінде алайық. Енді құрылыс өнерінің арқасында ғимараттың
қалай көтерілгенін ақылға салсақ, онда ғимараттың расында бар
екенін түсінеміз. Басқаша айтқанда, ғимаратты ақылға салып
пайымдағаннан кейін оның расында да бар екенін түсінеміз.
Теориялық ғылымдарда да мұның бэрі сол сияқты көрсетілген.
(50-бет) Егер де зат ақылмен түсінілмесе, онда оның ақылдан тыс
болғаны, ал егер зат ақылға пайымдалса, онда оның бар болғаны,
яғни егер зат тұлғалы нэрсе ретінде емес, пайымдалғыш нэрсе
ретінде көрсетілген болса, онда мұны пайымдауға [талпынған]
күнде теориялық ғылымға емес, басқа бір нәрсеге сүйенген жөн.
Себебі ақылмен пайымдалатын зат пайымдалған уақытта дене-
ден тыс болып күй мен акциденция шеңберіне кірмейді. ¥дайы
бір түрге жататын акциденциялар мүлде өзгермейді де ауыспай-
ды, ал ұдайы бір түрге жатпайтын акциденциялар өзгеріп оты-
рады. Сондықтан түр жағынан түрақты ақылмен пайымдалғыш
заттарды пайымдаған уақытта оларды күй жэне акциденциялар-
мен байланыстыру қажеттігі туындайды. Өйткені бұл заттардың
денеден тыс түпкілікті өмір сүруіне тура келген күнде әлгілермен
осьшай байланыста болуы дағдылы шарт.
Мұның өзі түр жағынан бірыңғай түр ретінде өмір сүретін,
ақыл-оймен пайымдалатын табиғи нэрселер үшін де, ерікке
негізделген ақьш-оймен пайымдалатын нэрселер үшін де ортақ
^
21-
^
Бакрітк,а жету жайында ___________________________________
қағида. Алайда, денеден тыс өмір сүретін, ақылмен пайымдала-
тын табиғи мәндер табиғаты бойынша түзіліп, нақ сол табиғаты
бойынша акциденцияларымен байланысты болады. Ал ерікке
негізделген денеден тыс өмір сүре алатын, ақылмен пайымдала-
тын нәрселерді алатын болсақ, олардың болмысына байланыс
ты акциденциялер мен күйлердің ең арғы ерікке қатынасы бар.
Сондықтан олар тек осы [акциденциялар мен күйлердің] бай-
ланысы шеңберінде ғана өмір сүре алады /21/. (51-бет) Әдетте
еріктің тауқыметімен өмір сүреді дегеннің барлығы өмір сүре
алмайды жэне әуел бастан белгілі бола алмайды. Сондықтан
ерікке негізделген, белгілі бір ақылмен пайымдалатын нәрсе де
неден тыс түпкілікті өмір сүрер болса, онда ең алдымен мұнымен
байланысты болуға тиісті жағдайларды білген жөн, ал егер
бұл [нэрселер] саны жағынан емес, түрі немесе тегі жағьшан
бірыңғай заттар болып шықса, онда бұлармен байланысты болуға
тиісті акциденциялар мен күйлер бұларда үнемі ауысып, көбейіп
немесе азайып отырады, заңдылыққа бағынбайтын бұлжымас,
тұрақты формада бір-бірімен сабақтасып отырады; бүлардың
біреулері үшін ереже шығару мүмкін емес, басқалары үшін ере-
же шығаруы ықтимал. Алайда бұлардың өздері ауысып, сөздері
өзгеріп отыратын ережелер болмақ /22/. Арнайы ереже шығаруға
мүлде болмайтындары - өте жиі өзгеріп отыратын заттар, ал ере
желер шығаруға болатындары - күні некен -саяқ өзгеретін заттар.
Осылай пайда болған ережелер екінің бірінде орындаушының
қалауымен сәйкес болып шығады, (52-бет) бэлкім бұдан ештеңе
шықпауы да мүмкін. Мұның өзі оған бөгет жасаушы қарама -
қайшылықтардан туындайды, бұлардың біреулері - табиғи зат
тар, ал екінші біреулері ерікке негізделген жэне өзге адамдардың
еркінен туатын дүниелер. Ерікке негізделген осы ақылмен пайым
далатын нэрселер көп жағдайда бір-бірінен өзгеше болып келеді,
сондықтан бір кезде болған нәрсе өзінің акциденциялары мен күйі
жағынан одан ертерек немесе кешірек болған нәрсеге қарама-
қарсы келеді. Бұлардың болмыс жағдайлары да, табиғатынан
айқын көрініп отырғанындай эртүрлі жерде бір-бірінен өзгеше
болады /23/. Мысалы, адамды алып қарайық: егер ол нәпсіден
- ---------------------------------
Бакріткд. жету жайында
тысқары өмір сүретін болса, онда белгілі бір уақыттағы оған тэн
күй мен акциденциялар оның басқа бір, ертерек немесе кешірек
өмір сүрген уақыттағы күйі мен акциденцияларынан өзгеше бо-
лады. Осылайша оның эртүрлі жердегі күйі жөнінде де дэл осы-
ны айтуға болады: бір елде бар акциденциялар мен күйлер екінші
елдегі акциденциялар мен күйлерден өзгеше келеді. [Оның
бер жағында] осы реттердің бэрінде де «адам» деген ұғымның
ақылмен пайымдалатын мазмүны сол қалпында қалады.
Ерікке негізделген заттар жөнінде де дэл осыны айтуға бо
лады. Мысалы, инабаттылық, байлық сияқты нәрселердің бэрі
де - ерікке қатысы бар, ақылмен пайымдалатын ұғымдар. Ал
егер біз бұларды шынайы түрде алғымыз келсе, онда бұлармен
бір мезгілде нақты байланысты акциденциялар, бұлармен басқа
уақытта байланыста болған акциденциялардан өзгеше келеді; бір
халықтың қолында болатын дағдылы нәрсе екінші бір халықта
кездесетін нақты акциденциялардан өзгеше /24/.
(53-бет) Кейбір халықтарда бүл акциденциялар сағат сайын,
екіншілерде ай сайын, үшіншілерінде жыл сайын, төртіншілерінде
ғасыр сайын, бесіншілерінде сан ғасырда бір рет өзгеріп отыра-
ды. Егер осы акциденциялардың қайсыбірі ерікке негізделсе,
онда бүлардың кейбіріне нәпсіден тыс жағдайда ие болу үшін ерік
білдіруші болуы керек, ал оның өзі белгілі уақыт мерзімі ішінде
жер жүзінің белгілі бір мекенінде бүл акциденциялардың қалай
өзгеріп отыратынын білгені дұрыс, оның бұл акциденциларды
білуі, сонымен қатар адамның еркі бойынша бүлардың қайсысы
сағат сайын, қайсысы ай сайын, қайсысы жьш сайын, қайсысы
ғасыр сайын немесе басқа бір ұзақ уақыт ішінде белгілі бір уақыт
орнында, азды-көпті нәрседе болатынын білуі шарт; бұлардың
қайсыларының ұзақ уақыт ішінде барлық халықтар үшін, яки
кейбір халықтар үшін немесе бір қала үшін ортақ болуы мүмкін
екенін, қайсыларының қысқа мерзім ішінде ортақ [болуы мүмкін]
екенін, ол өзінің келтірер пайдасы жағынан қайсыларының қысқа
мерзім ішінде айрықша [болуы мүмкін] екенін білгені жөн.
^
23^
Бак,ытк,а жету жайында ___________________________________
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ОЙШЫЛДЫҚ ІЗГІЛІКТЕР
(55-бет) Дүниеде не жалпы элемде, не бір халыққа, не қала
халқының бір тобына, не бір адамға ортақ заттар жаралатын кез-
де оқыл-оймен пайымдалатын нәрселердің акциденциялары мен
күйлері ауысып отырады.
Жаратылыстағы заттар табиғи түрде болатын заттар жэне
адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінеді, соңғылары
теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұғымдар арқылы та-
нылады. Сондықтан бұлар басқа қабілет пен болмыс мэнін қажет
етпейді, соларға сәйкес осы өзгеруші акциденциялар бойьша
біткен нәрселермен байланысты ұғымдар ажыратыльш отырады,
осының арқасында олар еріктің күшімен белгілі бір орында жэне
белгілі бір мезгілде түпкілікті өмір сүруші заттарға айналады.
(56-бет) Болмыстың мэні мен қабілеті дегеніміз - ойлау қабілеті;
осының арқасында акциденциялар анықталып, ажыратылып
отырады. Бұлар әдетте ақыл -оймен пайымдалатын нәрселер
ретінде өзгергіш келеді, ал олардың санатындағы жеке-дара [зат
тар] бұларды белгілі бір ұзақ немесе қысқа мерзім уақыт ішінде,
белгілі бір орында, белгілі бір жағдайда жұрт түпкілікті етуді
көздегенде әдетте еріктің күшімен өмір сүреді.
Ойлау қабілетінің объектісі болып табылатын заттар олардың
тек түпкі мақсатқа жету жолында келтірер пайдасына ғана қарай
анықталады. Міндеті
-
өз алдына түпкі мақсат қойып, мұны
бірінші кезекке ұсыну, одан соң осы түпкі мақсатқа жетуге жэне
осы міндетті орындауға септігін тигізетін заттарды зерттеуде.
Ойлау қабілеті заттардың бойынан [түпкі мақсатқа] жету
жолындағы тек қана пайдалы нәрсені анықтаған күнде мейлінше
кемелді болады. Мұның өзі нағыз игілік болуы да, жамандық бо-
луы да, бәлкім, жалған игілік болуы да мүмкін. Егер анықталатын
заттар ізгі мақсатқа жетуде ең көп пайда келтіретін болса, онда
бұл заттардың тамаша эрі жақсы болғаны, (57-бет) ал егер түпкі
мақсаттардың төркіні жамандық болса, онда ойлау қабілеті
- ---------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
анықтаған заттардың жамандық келтіргені [бүлардың] сұмпайы
да жексұрын болғаны. Егер көзделетін мақсат жалған игілік бол-
са, онда бұл мақсатқа жету үшін керекті заттардың да жалған
болғаны.
Ойлау қабілеті былайша бөлінеді. Ойшылдық ізгілік дегеніміз
-
әлденедей бір ізгі мақсатта барынша көп пайда келтіретін
нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік. Жамандықты көздейтін
мақсатқа жетуде барынша көп пайда келтіретін нэрсені анықтау
үшін жұмсалатын ойлау қабілеті ойшылдық ізгілік бола алмай-
ды. Сондықтан оны басқаша атаған жөн. Егер де ойлау қабілеті
жалған игілік жолына барынша көп пайда келтіретін нәрсені
анықтау үшін жұмсалатын болса, онда бұл қабілет ойдағы жалған
ізгілік болғаны. Ойшылдық ізгіліктердің ішінде жалпыға бірдей
жағдайда барлық халықтарға жэне халыққа немесе қалаға ортақ
ізгі мақсатқа жету жолында барынша көп пайда келтіретін нәрсені
жақсылап анықтау үшін жұмсауға болатындары бар. Ізгі мақсатқа
қажет жэне ізгі мақсаттағы ең пайдалы нәрсе - сол мақсаттағы
ең әдемі нәрсе. Мұндай ойшылдық ізгілік ойшылдық-азаматтық
ізгілік болып табылады. (58-бет) Бұл ортақ ізгілік ұзақ уақыт
бойы өзгеріссіз қалып, өмір сүре алады жэне қысқа мерзімде пай
да болуы да мүмкін.
Алайда барлық халықтарға, жекелеген халыққа немесе қалаға
ортақ ең әдемі нәрсені ғана анықтайтын, анықталатын нәрсе
жөнінде әдетте халықтың санасындаұзақуақыт сақталатын неме
се қысқа мерзімде ауысып отыратын ойшылдық ізгілік, азаматтық
һэм ойшылдық ізгілік болып табылады. Егер мұның өзі эрқашан
барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ нәрсені,
ғасырлар бойы немесе басқа белгілі бір ұзақ мерзімді уақыт
ішінде өзгеріп отыратын нәрсені ғана анықтайтын болса, онда
мұндай ізгілік заң шығаруға бәрінен де лайығырақ келеді /25/.
Қысқа мерзімді уақыт ішінде өзгеретін нәрсені ғана анық-
тайтын ойшылдық қабілеті - барлық халықтарда, бір халықта
немесе қалада жүйелі түрде болып тұратын оқиғалар тұсындағы
белгілі бір жеке-дара уақытша басқару түрлеріне деген қабі -
леттілік. Бұл екінші ізгілік бірінші ізгіліктен кейін келеді. Ең
^•25
Бак,ытк,а жету ж айында -----------------------------------
ыңғайлы жэне ең әдемі нәрсені яки қала тұрғындарының белгілі
бір тобындағы немесе отбасы мүшелеріндегі ойшылдық мақсатта
болатын ең пайдалы нәрсені анықтау қабілеті осы топқа тән
ойшылдық ізгіліктер: мәселен, отбасылық ойшылдық ізгілік не
месе әскери ойшылдық ізгілік. (59-бет) Бұлар, өз тарапынан , тек
ұзақ мерзімді уақыт ішінде ғана ауысатын ізгіліктер жэне қысқа
мерзімде ғана ауысатын ізгіліктер болып бөлінеді.
Ізгіліктің бұдан да шағын бөлшектерге мысалы, қайсыбір
өнердің акциденциясындағы немесе акциденцияда жеке мезгілде
пайда болатын эрі ең пайдалы, эрі ең әдемі нәрсені зерттейтін
ойшылдық ізгілік секілді түрлерге бөлінуі мүмкін. Осы ойдағы
ізгілік элгі өнерлер мен қолөнердің бөлінуіне сэйкес бөлінеді.
Бұл қабілет сондай-ақ адамның жеке басында кездеседі , оның
көздеген мақсатындағы ең пайдалы жэне ең әдемі нэрсені анықтау
үшін де бөлінеді. Нақ осы ойшылдық қабілет арқылы басқаларға
қатысы бар ізгі мақсаттағы ең пайдалы жэне ең әдемі нәрсе де
анықталады. Кеңесші ойшылдық қабілет - міне осындай. Мұның
екеуі де бір адамның бойына бітуі жэне эртүрлі адамдардың да
бойынан табылуы мүмкін.
Әлбетте, қайсыбір ізгі мақсат үшін ең пайдалы жэне ен әдемі
нәрсені анықтаушы ізгілік игілік болып табылады. Мұның өзі
оның өз қамы үшін көзделетін игілікті, не басқа бір нәрсенің қамы
үшін көзделетін нақты игілікті анықтайды. Ізгілікті қалаушы адам
басқа адамға игілік қалауы керек, әйтпесе оның мұндай қабілеті
ойшылдық ізгілік саналмайды, яғни бұл қалаушының жай ғана
ойындағы ізгілік болып қала береді /26/. Нағыз игілік қана ізгі
игілік болмақ.
Дэл сол сияқты, (60-бет) егер адам игілікті басқа үшін тілейтін
болса, онда мұның нағыз игілік болғаны, ал оның ойында, тіпті
мінез-құлқы мен әрекетінде ізгі игілік болмағандай көрінгенімен ,
іс жүзінде оның ізгілігі мінез-құлқы мен әрекеті оның ең пай
далы жэне ең әдемі нәрсені анықтау жөніндегі ойлау қабілетіне
сәйкес келеді. Егер де ол ойшылдық ізгілік арқылы күшті, ең пай
далы жэне ең әдемі нәрсені зерттейтін болса, мысалы, барлық
халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ, әдетте үзақ
__________________________________
Бак,ытк,а жету жайында
мерзімді уақыт ішінде ғана ауысып отыратын ізгі мақсаттағы ең
пайдалы нәрсені зерттейтін болса, онда оның этикалық ізгіліктері
де осыған сәйкес болуға тиіс. Егер оның ойшылдық ізгіліктері
жеке мақсаттағы жэне жеке жағдайлардағы ең пайдалы заттармен
ғана [шектелетін] болса, онда оның этикалық ізгілігі де осыған
сәйкес келуге тиіс. Ойшылдық ізгіліктер жетекшілігі неғұрлым
кемелді болып жэне олардағы бар нэрселер неғұрлым күшті бол
са, осымен ұштасатын этикалық ізгіліктер жетекшілігі соғұрлым
күштірек болмақ /27/.
Барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ, ұзақ
мерзімде ғана өзгеріп отыратын мақсаттар мен жағдайлардағы
ең пайдалы жэне ең әдемі нәрсені анықтайтын ойшылдық
ізгіліктің жетекшілігі мейлінше кемелді жэне күшті болады. (61-
бет) Сондықтан да соған байланысты этикалық ізгіліктердің де
жетекшілігі мейлінше кемелді, ал күші мейлінше асқақ болмақ.
Қысқа мерзімді уақытта көзделетін уақытша мақсаттағы ең пай
далы нәрсені анықтайтын ойшылдық ізгілік содан кейін келеді.
Кейін, қала [тіршілігінің] әйтеуір бір саласымен: эскери, ақша
немесе басқа бір саласымен шектелетін ойшылдық ізгіліктер
келеді. Этикалық ізгіліктер солармен үйлеседі .
Бүдан соң әрбір өнермен байланысты, осы өнердің акциден-
циясына сәйкес, эрбір үймен жэне эрбір үйдегі эрбір адаммен
байланысты, белгілі бір сағатта немесе белгілі бір күнде бола-
тын, сол адамға тэн белгілі бір жағдайларға сәйкес ойшылдық
ізгіліктер келеді. Оған байланысты [этикалық] ізгілік те осымен
үйлеседі.
Бак,ытк,а жету ж а й ы нд а -----------------------------------
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ІЗГІЛІК ДӘРЕЖЕЛЕРІ МЕН ОНДАҒЫ ТАБИҒАТТЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
(63-бет) Демек қай ізгіліктің ең басым жэне кемел екенін зерт-
теу керек. Ол қандай ізгілік? Бұл барлық ізгіліктердің жиынтығы
ма, элде бір ғана ізгілік пе немесе барлық ізгіліктің күшін бойына
дарытқан бірнеше ізгілік пе? /28/ Соны зерттеу керек, сонда ба-
рып басымдылығы ең күшті ізгілік болу үшін қандай ізгіліктің
қуаты барлық ізгіліктердің күшімен тең болуға тиіс екендігі
анықталады. Мұның өзі сондай ізгілік, егер адам оның барлық
тиісті әрекетін толық іске асырғысы келсе, онда мұны барлык
басқа ізгіліктердің әрекетін пайдаланған күнде ғана істей алған
болар еді. Ал, егер ол өзінде бар ізгіліктің барлық әрекетін іске
асырғысы келгенімен, мұның бойында басқа ізгіліктер болмай
шықса, онда ол өз бойындағы жеке ізгіліктерді пайдаланады.
(64-бет) Басқа барлық халықтарға немесе қалаларға, бір халыққа,
қаланың аудандарына немесе эрбір ауданның аймақтарына тэн
ізгіліктердің әрекеті нақ этикалық ізгілікке айналады.
Бұл ізгілік - жетекшілікте өзінен бұрынғы ізгілікті басып
өтеді. Бұдан кейін қуаты қала тіршілігінің эрбір саласына тэн
күші бар ізгіліктер келеді. Мысалы, әскербасын алайық. Ол
кісіде жауынгерлерге ортақ ең пайдалы да жақсы нәрсені зерт-
теуге жұмсалатын ойлау қабілетімен қатар этикалық ізгілік те
болуға тиіс, ал егер ол этикалық ізгілікке тэн істерді жасауға
шешім қабылдаса, онда бір жауынгер ретінде жауынгерлерге
тэн ізгіліктерді пайдаланады. Мысалы, оның батырлыгы батыл
қимылдар кезінде жауынгерлер көрсеткен батырлыққа сай болуга
тиіс. Дэл сол секілді [егер] қаланың қамы үшін қаражат іздеуші
адамдардың ойшылдық ізгілігі арқылы қаражат іздеп табу
мақсатындағы ең пайдалы эрі ең жақсы нәрсе анықталатын болса,
онда қаражат іздеуші /29/ алуан түрлі адамдарға тэн жеке-дара
ізгіліктердің бэрін пайдалануға тиіс. Өнер біткеннің жагдайы да
дэл осындай болуга тиіс.
__________________________________
Бак,ытк,а жету жайында
Жетекшілік жағынан бірде-бір басқа өнерді алдына салмай-
тын жетекші өнер деп әрекетін барлық өнердің эрекеттерін пай-
далану арқылы аяқтай алатын өнерді айтады. (65-бет) Бұл - өз
мақсатына толық жету үшін басқа барлық өнер атаулыны керек
ететін өнер. Мұндай өнер - жетекшілік және күші жағынан ең
мықты өнер, ал этикалық ізгілік күші тұрғысынан ең мықты
этикалық ізгілік.
Бұл өнерден кейін басқа өнерлер келеді. Өнер дэл сол текті
өнерлердің эрекетін пайдалана отырып, өзінің мақсатына толық
жеткен күнде ғана өз тегіндегі ең кемелді жэне күші жағынан
ең мықты өнер болып шығады. Мысалы, ең басты жеке-дара
өнерлердің ішінде эскербасының өнері нақ осындай өнер, ал
мұның өзі жеке-дара өнерлердің эрекетін пайдаланған күнде ғана
мақсатына жетеді, дэл сол сияқты, қалада ақша мэселелерімен
айналысатын өнер қаражат іздеп табуда жеке-дара өнерлерді
пайдаланған күнде ғана өз мақсатына жетеді. Қала [тіршілігінің]
эрбір басқа ірі саласы жөнінде де дэл осыны айтуға болады.
Тағы бір айқын жағдай, ең пайдалы да әдемі нәрсе біткеннің
бэрі - не барша жұрт қабылдаған, не қайсыбір халық (Түріктер
Дін деп алыпты) жақсы деп тапқан, не шын өмірде әдемі саналған
нәрселер; сол секілді ізгі мақсаттар не барша жұрт қабылдаған
[мағынада], не қайсыбір халықта, не шын өмірде ізгі де игілікті
мақсаттар болып табылады. (66-бет) Қайсыбір халық өкілдерінің
бойындағы ең әдемі, қасиетті этикалық ізгіліктерді сол халықтың
ізгіліктерін бойына сіңірген адам ғана анықтай алады. Барлық
басқа нәрсенің жағдайы да осындай.
Ең күшті ізгіліктер мен әлсіздеу жеке-дара [ізгіліктер] жө-
нінде де осыны айтуға болады. Ең күшті ойшылдық ізгілік пен
этикалық ізгілік бір-бірінен ажырағысыз. Әлбетте, ең басты
ойшылдық ізгілік тек теориялық ізгіліктің соңынан жүрмек.
Өйткені мұның өзі осы теориялық ізгілік белгілеп беретін
ақыл-оймен пайымдалатын мәндердің акциденцияларын ғана
ажырата алады. Бұл акциденциялар оған ілеспейді . Кімде-кім -
нің бойына ойшылдық ізгілік дарыған болса, ақыл -ойы пайым
далатын мәндердің өзгеріп отыратын акциденциялары мен күйін
Бакрітк,а жету жайында ------------------ -------------- ---
анықтайды. Өйткені бұларды танып-білу дегеніміз - өзіңді-өзің
түсініп, білу деген сөз. Сондықтан егер ойшылдық ізгілікті
теориялық ізгіліктен бөліп алуға болады деп жоритын болсақ, ол
анықтайтын нәрсесін анықтай алмайды. Теориялық ізгілік, басты
ойшылдық ізгілік, басты этикалық ізгілік жэне басты өнер - бұлар
бір-бірінен ажырағысыз. Әйтпесе бүлардың шырқы бұзылар еді
де, кемелді болмас еді жэне жетекшілік мақсатын [көздей] алмас
еді. Бірақ, теориялық ізгілік этикалық ізгіліктерді ойшылдық
ізгілік арқылы ақылмен пайымдалатын мәнге айналдырғаннан
кейін ғана олар өмірде іске асады. (67-бет) Ал ойшылдық ізгілік
бұларды ажыратып, акциденцияларын анықтайды. Өйткені
бұлар жайындағы ұғымдар осы акциденциялардың сонымен
ұштасуынан келіп шыққан. Демек, ойшылдық ізгілік этикалық
ізгіліктерден бұрын келіп отырады. Мұның өзі олардан бүрын
келетіндіктен, ойшылдық ізгіліктің иесі осы арқылы этикалық
ізгіліктерді анықтайды, ал егер ойшылдық ізгілік этикалық
ізгіліктен оқшау болса, мұның өзі этикалық ізгіліктерден бөлек
өмір сүре алады, бұл ретте ол игілік ретіндегі ізгіліктерді анықтай
алады, [солай бола тұрса да] ол бірде-бір этикалық ізгілікте
игілікті болмақ емес. Ал егер ол игілікті болмайтын болса, онда
нақ өзі үшін немесе басқа бір нәрсе үшін нағыз игілікті калайша
тілей алады? Ал егер ол [осындай] игілікті болмаса, онда мұны
өзінің мақсатына айналдырмайынша, оны қалай анықтай алмақ?
Демек, егер ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктен оқшау болса.
онда бұл арқылы этикалық ізгілікті анықтауға болмайды, ал егер
этикалық ізгілік ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген болса, онда
ойшылдық ізгілікті қалайша анықтап, өзімен қалай ұштастыра
алады? Егер [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген
болса, оны ойшылдық ізгіліктің анықтауы қажет. Егер ол мүны
анықтамаса, онда [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлек
кетеді. Сондықтан дао л не игілікті болады, не ойшылдық ізгіліктің
анықтайтынынан өзгеше басқа бір ізгілік ойшылдық ізгілікпен
біріккен болып шығады. (68-бет) Егер де осы этикалық ізгілік
ерікке негізделген болса, онда мұны ойшылдық ізгілік анықтауы
тиіс. Осылайша алдыңгы күмэн / күдік қайталанады. Демек, нақ
------ ----------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
ойшылдық ізгілік оны [этикалық ізгілікті] қажетті түрде, игілікті
ізгілікпен ізгі мақсаттың иесін ынтызар ететін ізгілік ретінде
анықтайды. Бұл ізгілік жаратылыс негізінде өмір сүріп отырған
ойшылдық ізгілікпен біріккен жэне ерікке негізделген этикалық
ізгіліктер арқылы анықталатын табиғи ізгілік болмақ.
Ерікке негізделген ізгілік адамдық ізгілік болмақ, адам ерікке
негізделген басқа заттарды алардағы жолмен осыған жеткенде
адамзатқа тэн ойшылдық ізгілікке ие болады. Бірақ осы табиғи
ізгіліктің қандай екенін алдымен біліп алу қажет: мұның өзі
ерікке негізделген ізгілікпен бірдей ме, жоқ па немесе санасыз
жануарлардан аңғарылатын қасиеттер секілді ме? Мысалы
арыстанның батырлығы, түлкінің айлакерлігі, қасқырдың ептілігі,
сауысқанның сұғанақтығы жэне сол сияқтылар. Әрбір адамның
бойына жаратылысынан сондай рухани күш-жігер бітуі мүмкін.
Ал мұның өзі белгілі бір ізгілікке талпынғанда немесе белгілі
бір қасиетке қол жеткізу жолында оп-оңай арта түседі де, бұған
қарама-қарсы әрекетке келгенде тартылып қалады. (69-бет) Адам,
ең алдымен, оңай істелетін нәрсеге бейім тұрады, әйтеуір мұнда
оған еш нәрсе бөгет жасамаса болғаны. Егер адам, мысалы қауіп
төнгенде, одан жасқанбай, батылдық көрсетуге жаратылысынан
бейім болса, ол бірнеше рет осылай істесе болғаны, оның бұл
қасиеті ерікке негізделген қасиетке айналады, ал оның осыған
ұқсас алғашқы қасиеті табиғи қасиет болатын.
Егер жеке-дара ойшылдык ізгіліктермен ұштасып отыратын
жеке-дара этикалық ізгіліктердің жайы осындай болса, онда үлкен
ойшылдық ізгіліктермен ұштасып отыратын ортақ этикалық
ізгіліктердің жайы да дэл осындай болуға тиіс. Сондықтан тек
кейбір адамдар ғана үлкен ізгілікке қатысы бар жэне үлкен табиғи
ойшылдық қабілетпен байланысты ізгілікке жаратылысынан
бейім келеді. Барлық басқа жағдайлар жөнінде де осыны айтуға
болады. Олай болса, кез келген адамның өнері, этикалық жэне
ойшылдық ізгіліктері күшті бола бермейді.
Демек, әкім тек еркі бойынша ғана емес, жаратылысы бо-
йынша да әкім болмақ. Дэл сол сияқты қызметкерлер де, ең
алдымен, жаратылысы бойынша, кейін барып еркі бойынша да
Бак,ытк,а жету жайында -----------------------------------
қызметкер болулары керек. Сөйтіп олардың жаратылысынан
берілген нәрсесі кемелдене береді /30/. (70-бет) Егер осылай
болса, онда теориялық ізгілік, үлкен ойшылдық ізгілік,
үлкен этикалық ізгілік жэне білімге негізделген үлкен өнер
жаратылысынан бар адамдарда ғана кездеседі. Олар - ерекше
қабілет пен қасиет дарығандар. Егер мұның [төрт нэрсенің]
бэрі бір адамның бойынан табылатын болса, онда жеке-дара
[ізгіліктердің] халықтар мен қалаларда пайда болуын көздеу,
одан соң осы жеке-дара [ізгіліктерді] бойға дарыту әдісін білу
керек болады. Осындай үлкен қабілет бойына дарыған адамдар
осы жеке-дара [ізгіліктерді] халықтар мен қалаларға дарытуға да
қабілетті болуға тиіс. Бұл [ізгіліктерге] қол жеткізудің екі негізгі
әдісі бар: тэлім және тәрбие.
------ ----------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
БЕСІНШІ БӨЛІМ
ТӘЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
(71-бет) Тэлім дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық
ізгіліктерді дарыту деген сөз. Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың
бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді
дарыту деген сөз.
Тэлім тек сөзбен іске асырылады, ал тәрбиелеу кезінде
халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден
туатын іс-әрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі де олар осындай
іс-әрекетке жігерлендіріледі . Осылайша әрекетті жасау тілегі
қоздырылады. Сөйтіп, осы қасиеттер жэне бұлармен байланысты
әрекеттер [адамдардың] жан дүниесін баурап алатындай жэне
[адамдарды] осыған жан-тэнімен құштар ететіндей болуы
көзделеді. Ал бірдеңе жасау тілегі кейде сөз арқылы, кейде іс-
эрекет арқылы жүзеге асады /31/.
(72-бет) Теориялық білімді имамдар мен әкімдер немесе
теориялық білім меңгеруге қабілетті адамдар үйрене алады
/32/. Осы екі топ, жоғарыда айтылғандай, көптеген әдіспен
тэлім алады. Алғашында олар теориялық білімдердің әрбір
түріне қатысты бастапқы алғышарттар мен алғашқы білімдер
туралы, онан соң алғышарттардың түрлері мен тәртібі жайында
мағлұматқа қанық болады. Бұл ретте, жоғарыда айтқанымыздай,
осы нәрселер жөнінде білім алып, тәрбиелеп шыққаннан кейік
адамзат жаратылысына тэн жасөспірімдердің табиғатына сәйкес
жан дүниесін дағдыландыру керек. Олар барлық теориялық
білімде логикалық әдістерді қолдануға дағдыланады, тәрбиенің
басқа да қырларымен қатар Платон баяндаған тэртіп бойынша
жастайынан оқып-үйрене бастайды . Солайша ең биік мақсатқа
жетуді көздейді, бұдан кейін экім болуға жаралғандары жеке-дара
басқару түрлерінің бірін жүзеге асыра отырып, жеті-сегіз жасы-
нан бастап жеке-дара басқару басқыштарымен билік дәрежесіне
жеткенше, бірте-бірте көтеріле береді . Олардың оқып -үйрену
әдісі міне осындай. Олар - өздерінің теориялық танымдарында
Бак,ытк,а жету ж айында ----------------- ------------------
жалпы халық білетін қарапайым ойлармен шектеліп қалмайтын
таңдаулы (73-бет) жандар.
Теориялық білімдерді жалпы халыққа иландыру әдістерімен
үйреткен жөн, ал ол көбіне қиялдау арқылы көңілге тоқылады.
Бұлар - адам өте көп нәрсені ақылмен пайымдаған кезде ғана
ұғына алатын білімдер: ең түпкі бастамалар, тәнсіз бастамалар.
Халық бұларды бейнелі формада меңгеруі тиіс, ал бұларды
халық өкілдерінің зердесіне иландыру әдісі арқылы ұялатқан
жөн. Белгілі бір халыққа бұдан не түсетінін, барлық хальщтарға
жэне эрбір қаланың барлық тұрғынына не нәрсенің ортақ бола
алатынын, ал кейбір қалаларға немесе халықтарға және қала
тұрғындарының кейбір топтарына не тиетінін [таңдаулылар]
ажырата біледі. [Адамдарға] теориялық ізгіліктерді дарытқан
күнде мұның бэрін ойшылдық қабілет арқылы айқын ажыратуға
болады.
Практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлерді алатын
болсақ, бүлар адамдардың өздеріне тэн әрекет жасау дағдысы
арқылы [ұғынылады]. Бұған екі түрлі әдіспен жетеді: бірінші,
иландырғыш нақыл сөз, сезімге эсер еткіш нақыл сөз жэне
басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді; осы тэсіл арқылы қа-
сиеттердің көңілге толық ұялайтыны соншалық, [адамдарды]
осы қасиеттерге жетелейтін эрекеттерді өз еркімен жасауға жі-
герлендіреді, ал бұлардың [көңілге ұялауы] шешендік өнерін
пайдалану қабілеті мен дағдысына байланысты; екінші, өз
еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін жэне сөзге [кұлак
аспайтын] бүлікшіл, шыдамсыз қала тұрғындары мен халықтарға
қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді; сондай-ақ, бұл эдіс
үйренуге кіріскен теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық
білдіруші адамдарға да қолданылады /33/.
(74-бет) Демек, басқару өнерінде ізгілікпен жэне жеке-дара
өнерлермен айналысушы адамдардың орны бар, сондықтан ха-
лықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да өнерлі
адамдарды пайданалатын адамдардың да болуы қажетті шарт.
[Осындай адамдардың] екі тобы бар: бір тобы тәрбиеге өз
еркімен көнетін адамдарды, ал екінші тобы күштеп тәрбиелеуге
-------------------------
---------
Бакріткд жету жайында
келетіндерді тәрбиелейді. Мұның өзі балалар мен отбасы бас-
шыларының, жасөспірімдер мен ұстаздардың арасында кездесе-
тін жағдай тэрізді.
Отағасы отбасы мүшелерінің тәрбиешісі һәм оқытушысы.
Сол сияқты балалар мен жасөспірімдердің ұстазы оларға
тәрбиеші һэм мұғалім. Әкім де халықтың тәрбиешісі һэм мұғалімі .
Міне, осылардың әрқайсысы біреулерді қайырымдылығы мен
иландырғыштығы арқылы, екінші біреулерді күштеу арқылы
тәрбиелейтін болса, экім де [осылай етеді]. Күштеу арқылы тәр-
биелеу тэлім-тэрбие алушы адамдар табиғатына байланысты,
бұлар өзінің аумағы мен күшіне қарай дараланып отырады. (75-
бет) Халықтар мен қалалардың ұстаздары жэне тәрбиешілері
ретіндегі әкімдердің тәрбие күші балалар мен жасөспірімдерді
отбасы мүшелерінің тэрбиелеу күшінен анағүрлым асып түседі,
дэл сол сияқты халыққа тәлім-тәрбие беру ісі де жасөспірімдер
мен отбасы мүшелерін тэрбиелеуден күштірек болады.
Ерікті түрде тэрбиелеу өнері өте көп күшті қажет етеді. Куш-
теп тэрбиелеу өнері жайы да осы секілді, an мұның мэнісі, баска-
сын былай қойғанда адамның өмірдегі арманы болып табылатын
бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс-әрекет жасау, бағынбаған
халықтар мен қалаларды жеңіп, бағындыру үшін әскерді шебер
басқарып, қару-жарақ пен жауынгерлерді пайдалана білу деген
сөз.
Жан біткеннің бэрі ең жоғары кемелдікке жету үшін жаралған,
ол бұған өзіне тэн болмыс сатысына сәйкес жете алады. Бүдан
[жалпы] адамға тиетін үлес - ең жоғары бақыт деп аталады. Өз
кезегінде бұл - эрбір адамға қоғамдағы орнына қарай адамзат
түріне тэн ең жоғарғы бақыт.
Осы мақсат үшін өмір сүруші индивид - әділетті индивид, ал
осы мақсатты көздейтін жеке-дара өнер - жеке-дара эділетті жэне
ізгі өнер. Халықтар мен қалаларды (76-бет) ерікті түрде оқытып,
үйрету үшін пайдаланатын [адамдар] - бойына ізгі қасиеттер мен
шешендік өнері дарыған адамдар /34/. Әлбетте, экімнің бойынан
ақыл-оймен пайымдалатын теориялық білімдерге қатысты дағды
табылуы қажет. Бұларды анық дәлелдемелер арқылы меңгеруге
^
•
35-
^
Бакріт^а жету жайында ----------------- -----------------
болады. Олардың әрбірінен ол болуы мүмкін иландыру әдістерін
іздейді жэне олардың әрқайсысында қандай иландыру әдістерінің
[қолайлы екенін] зерттейді. Ол мұны иландырудың эрбір
қағидасын білетіндігі арқылы істей алады, бұл ретте ол нақ осы
қағидаларға жүгінбей-ақ, бұлардың [аллегориялық] бейнелерін
алады. Бұл бейнелер барлығына ортақ теориялық қағидаларды
адамның зердесінде ұялатуға тиіс. Иландыру арқылы осы
бейнелердің сипаттамасын табу керек. Оның бер жағында мұның
бэрін барлық халықтар мен қалаларға ортақ иландыру әдісі
арқылы олардың барлығына ортақ бейне табуы керек. Бүдан соң
ол жеке-дара практикалық ізгіліктер мен өнерлерге байланысты
эрекеттерді, жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша, топ -топқа
(77-бет) бөлуге жэне бұлар жөнінде жұртты осы әрекеттерге
талпындыратын белгілі иландыру әдістерін қолдануға тиіс. Бұл
ретте нақты мәселеге орайлас нақыл сөздер де, сезімге эсер
ететін этикалық нақыл сөздер де пайдаланылады. Олар қала
тұрғындарының жан-жүйесін баурап, бағындырып алады, жөнге
салып, жуасытады, ал бұларға қарама-қарсы жағдайда адамның
эмоциясына эсер ететін этикалық нақыл сөздер пайдаланылады.
Олар қала тұрғындарының рухын көтеріп, күшейтеді , қатайтып ,
қайраттандырады. Ол өзі секілді және өзіне қайшы келген экімге
қатысты да, өз қарамағындағы адамдар мен көмекшілеріне
қатысты да, қайырымды адамдар мен оларға қарама-қарсы
адамдарға қатысты да осы нақыл сөздерді пайдаланады. Керек
жерінде ол адамның жан-дүниесін баурап алып, мойындататын
нақыл сөздерді пайдаланады, ал бұған қарама-қарсы жағдайда
адамның жан-дүниесін нығайтып, қатайтып, қайраттандыратын
нақыл сөздерді пайдаланады. Өзінің көзқарастары мен іс-әрекеті -
не қарсы адамдармен иландыру арқылы күресуге көмектесетін
нақыл [сөздерді пайдаланады], сонымен қатар элгілердің көз-
қарастары мен әрекеттерін масқаралайтын, сұмпайылығы мен
бейбастығын эшкерелейтін нақыл сөздерді пайдаланады. Бұл
жағдайда ол екі түрлі нақыл сөзді қолданады: 1) белгілі бір
күндерде, белгілі бір мезгілдерде, оқта-текте есте сақтамай -ақ
жэне қағаз бетіне түсірмей-ақ қолдануға болатын сөздер.
--------------- -------------------
Бак,ытк,а жету жайында
2) Есте сақтап, қағаз бетіне түсіруіне болатын түрі. Бұл ретте
эрбір жазбасында ол жүртқа ұсынып отырған көзқарастар мен іс-
эрекетін, осы ұсынған ұрандарын жұрттың зердесінде өшпестей
етіп сақтап, (78-бет) көңілдеріне ұялату үшін пайдаланатын на-
қыл сөздерді жэне қарама-қарсы көзқарастар мен әрекеттерді
жақтаушы адамдарға қарсы қолданатын нақыл сөздерін көрсе-
теді.
Жұртты тәрбиелеу үшін қолданылатын білімдер үш сатылы
болады /35/. Әрбір білімді сақтауға жаралған кісілер бар. Олар
сақталатын осы тектес білімнің көмескі жерін анықтауға, оны
жақтауға жэне оған қайшы келетін немесе қарсы болатын нәрсені
теріске шығаруға қабілетті болады; осының бэрін үйретуге
[қабілетті] олар бірінші басшының халықтар мен қалалар жөнінде
көздейтін мақсатының жүзеге асырылуына жәрдем береді.
Онан соң [әкім] халықтардың түрлерін қарастырады, халық
[біткенді санап шығып], әрқайсысының жалпы жаратылысына
тэн қасиеттері мен эрекеттерін зерделеуі тиіс. Бұдан кейін
халықтардың бэрін немесе көпшілігін қарастыруға көшіп, барлық
халықтарға ортақ қасиеттерді, атап айтқанда: олардың өздеріне
тэн адамдық жаратылысын, содан кейін эрбір топтың, әрбір
халықтың өзгешелігі қандай екенін анықтайды. Оның қолында
эрбір халыққа қандай әрекеттер мен қасиеттер тэн екені жөнінде,
мұны бақытқажетуүшін қалай жұмсау керектігі жөнінде, шамамен
(79-бет) алғанда, олардың санының қанша екенін, теориялық
жэне практикалық ізгіліктерді [дамыту үшін] иландырудың
қандай түрлері қажет екені жөнінде мағлұмат алады да, алдын
ала топ-топқа бөлгеннен кейін қай халыққа ненің лайықты екенін
анықтайды. Қайсыбір топ теориялық білімдерді игере ала ма, жоқ
па?, жұрттың ойындағьщай меңгеретіні кең тараған білім бе, элде
қиялдағы [білім бе]?, - міне осыларды қарастырады. Егер олар
бэрін меңгеретін болса, төрт [түрлі] білім алады /36/: біріншісі
-
теориялық ізгілік, осының арқасында өмірдегі заттар анық
дәлелдемелер арқьшы ақылмен пайымдалады; бұдан кейінгісі -
иландыру арқылы қол жететін нэрсенің мэнін ақылмен пайымдау;
онан соң - осы ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелерін
Бак,ытк,а жету жайында ___________________________________
арқау еткен, иландыру арқылы расталған білім; бұдан кейін - осы
аталған үш [білім түрінен] белгілі бір халықтар арасында тараған
білім, солай болғасын халықтардың санына қарай бөлінген осы
білімдердің әрқайсысы бір-бірін қамтып, соның арқасында халық
кемелденіп, бақытқа жетеді.
Сондықтан экім белгілі бір адамды немесе халықты, бақытқа
жеткізетін белгілі бір білім сатысын анықтап, сол халықты ненің
көмегімен тәрбиелеу керек екенін есте сақтауға, сонымен қатар
сол халықты иландыру әдісімен тәрбиелеу үшін қолданатын
нэрселерді білуге тиіс. Белгілі бір халықтың білетінін есте
сақтайтын, (80-бет) сақталуға тиісті игілік жайында [элі де]
танылып болмаған нәрсені анықтай алатын, осыны жақтап,
қарама-қарсы нәрсені теріске шығара алатын, халықты осыған
үйретіп, халықтың қамын ойлаған, соған барын берген бірінші
басшының мақсатын жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамның
немесе адамдар тобының болуы қажет. Халықтарды ерікті
түрде тәрбиелеу үшін нақ осылардың пайдаланылуы қажет
/37/. [Бірақ] халықтарды тәрбиелеуге уэкілдік алған топтарда
эркімнің бойынан жеке-дара ізгілік пен ойшылдық ізгіліктің
табылғаны жақсы. Өйткені ол соның арқасында қажет болған
жағдайда соғыста әскерлерді өте дұрыс пайдалана алады, сөйтіп,
олардың әрқайсысы өз бойында екі түрлі тәрбие болмысының
мэнін ұштастыра алады. Егер бұл [қасиеттер] бір адамның
бойында ұштастырылмаса, онда ерікті түрде тәрбиелейтін адамға
болмыстың [күштеп тәрбиелеуге қатысты] жеке-дара мэніне ие
болып отырған адам көмекке келеді.
Әдетте эрбір халықты тэрбиелеуге уэкілдік алған кісінің
[қарамағында] осы халықты ерікті түрде немесе күштеу әдісімен
тэрбиелеуге пайдаланатын адамдары болады. Бұл ретте оның
пайдаланатын адамдары екі топқа немесе осы екі [түрлі тәрбиеге
қатысты] болмыстың мэніне ие болып отырған бір топқа бірігеді.
Өз тарапынан, бұл топ немесе осы екі топ екі бөлімге немесе
осы [бөлімдер] ішіндегі бөлшектерге бөлінеді, (81-бет) сөйтіп ең
кішкене бөлшектерге немесе [бөлшектердегі] ең шағын тәрбие
күшіне жеткенге дейін осылай кете береді.
^
'38'^
Бак,ытк,а жету жайында
Бұл [топтардағы] сатылар өз өкілдерінің әрқайсысының
ойшылдық ізгілігіне сәйкес орналасады. Белгілі бір бөлшектерді
пайдалануға септігін тигізетін белгілі бір ойшылдық ізгілікті
алатын болсақ, мұның өзі біреулерде екінші біреулердегіден
көп болады, сондықтан бұлардың мэні ойшылдық ізгілік күшіне
сәйкес келмек. Ал егер осындай екі топ әрбір халық пен қалада
болса, онда бұлардан төменде басқа бөлімдер құрылады. Адамға
тэн, адамдар мен қалаларды ең жоғары бақытқа жеткізетін жэне
төрт түрлі нәрсеге кенелтетін амалдар мен әдістер міне, осындай.
Бак,ытк,а жету жайында
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ
ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫ
(83-бет) Бұл барлық білімдердің әуелгісі /38/ - дүниеде бар
нәрселерді анық дәлелдемелер арқылы ақыл-оймен пайымдала-
тын мэндер ретінде аңғартатын білім. Бұл дэлелдемелер бол-
мысты сол қалпында алып, оны (адамның) көңіліне тоқиды
немесе оған иландырады. Солайша халықтар мен қалалардағы
қарапайым адамдарға оқытып-үйрету ісін жеңілдетеді. Өйткені
халық арасында таңдаулы адамдар да, қалың жұртшылық та бар.
Қалың жұртшылық дегеніміз - баршаға мэлім пікірлер арқылы
расталатын біліммен олардың теориялық білімдерін шектеуге
болатын адамдар.
Таңдаулылар дегеніміз - теориялық білімнің бірінде баршаға
мэлім пікірлер арқылы расталатын біліммен шектеліп қалмай,
сенімі кэміл жэне шынайы тексерілген алғышарттарды жетік
білетін адамдар. (84-бет) Сондықтан қарастырылатын мәселеге
қатысты баршаға мэлім пікір бойынша қажет деп танылған
біліммен шектелмейтін эрбір адам осы мәселеде өзін тандаулы
деп есептейді, ал өзгені қатардағы [адам] деп санайды. Сол
себепті, қай өнерде болса да жетік адам өз саласының маманы
аталады. Ол өзінің саласында баршаға мэлім пікір қажет деп
есептейтін біліммен шектеліп қалмайды, қайта осы [өнерді] терең
зерттеп, ақырына дейін тексереді. Тиісінше ешқандай азаматтық
жетекшілігі жоқ жэне өзін қалада жетекші етерліктей ешбір өнер
бойына дарымаған эрбір адамды қатардағы жан деп атайды. Ол
адамға ешқандай өнер дарымаған, не болмаса қалада қарапайым
қызмет көрсету өнерін ғана біледі. Белгілі бір азаматтық жетек-
шілігі бар немесе қалада оның жетекшілігін баянды етерліктей
белгілі бір өнер бойына дарыған эрбір адам - таңдаулы адам. Сол
сияқты ол өзі жайлы «қалада белгілі бір жетекші орын алуына
себепкер боларлық өнер бойына дарыған» деп санайды немесе
өзін қалада жетекші жағдайға ие деп ойлайтын эрбір адам өзін
^
'
40'
^
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
таңдаулы адам деп атайды. Мысалы, текті жерден шыққан
адамдар мен көптеген байлар осындай. Өте-мөте кемел өнер
бойына дарып, соның арқасында жетекші орын алуға лайықты
эрбір адам (85-бет) таңдаулылар санатына жатқызылады /39/.
Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға
тиіс. Ол, тегінде, жалпы халыққа мәлім (қарапайым) біліммен
әсте шектеліп қалмайды. Бірінші басшы мен ең таңдаулы
жанға лайықты адам жэне жақсы қасиет пен білгірлік бойына
дарыған кісілер де осындай болулары тиіс. Қолында азаматтық
билігі бар эрбір адам осы билік арқылы бірінші басшының
мақсатын іске асыруға көмектесуге талпынады, тексеріліп,
нақтыланған көзқарастан ақырына дейін айнымайды. Алайда
оның өзі қолданатын көзқарастары жэне бірінші басшыға
өз өнерімен қызмет етуге тиісті екенін түсінетіндігі баршаға
мэлім пікір қажет деп есептейтін білімге ғана негізделеді.
Сондай-ақ, оның теориялық білімдері де жалпы халыққа мэлім
(қарапайым) білімнен бастау алған. Сондықтан бірінші басшы
анық дәлелдемелер келтіре отырып, ақылмен пайымдалатын
нәрсе біткеннің барлығын қамтитын білімі бар адам таңдаулы
жан болып, қалғандары қарапайым халық, қалың жұршылық
саналады. Демек, иландыру әдістері жэне ой жүгірту арқылы қол
жеткізілетін түсініктер халықтар мен қалалардағы қарапайым
халықты, жай адамдарды оқытқанда ғана қолданылады, ал енді
анық дәлелдемелер келтіре отырып, заттардың ішкі мэнін ақыл-
мен пайымдау әдістері таңдаулылар қатарына кіре алатындарды
оқытқанда қолданылады /40/. Мұндай білім - басқару ісімен
айналысушыларға арналған кемел білім. Ал басқа басты бі-
лімдердің бэрі элгі білімнің жетегінде жүреді. Менің басқа
басты білімдер деп отырғаным екінші білім жэне біріншісі мен
екіншісінен келіп шығатын үшінші білім, бұл білімдер [бірінші]
білімнің соңынан келеді де адам қол жеткізетін ақтық кемелдік
жэне ең жоғарғы бақыт саналатын сол білімнің мақсатына жету
үшін қолданылады. Деректерге үңілсек, ерте заманда бұл білім
әуелі Иракты мекендеген кельданилер арасында пайда болған,
олардан мысырлықтарға, бұдан кейін гректерге, олардан сирия-
^
-
41-
^
Бак,ытк,а жету жайында ________________ __ _______________ _
лықтарға, содан барып арабтар арасында тараған /41/. Бар мазмұны
грек тілінде баяндалған, онан соң сирия тіліне, одан кейін араб
тіліне аударылған. Осы білімді меңгерген гректер мұны абсолютті
даналық жэне ұлы даналық деп атап, оны меңгерушілікті ғылым,
ал мұның қасиетін философия деп білген. Өз кезегінде философия
деп ұлы даналықты ерекше қадірлеп, соны жақсы көруді түсінген ,
ал осы гылымды меңгерген адамды философ деп санаған. Яғни
ұлы даналықты жақсы көріп қадірлейтін адамды осылай деп
түсінген. Олар философия мүмкіндігі жағынан барлық ізгілік
атаулыны қамтиды деп есептеген, сондықтан оны ғылымдардың
ғылымы, ғылымдар анасы, даналық атаулының даналығы,
(87-бет) өнер атаулының өнері деп білген. Бұлай дегенде өнер
біткенді қамтитын өнерді, барлық ізгілік біткенді қамтитын
ізгілікті, барлық даналық [түрлерін] бойына жинаған даналықты
айтқан. Өйткені жұрт даналықты өнердің қай саласында болса
да шеберлік деп біледі. Осы өнерді қолданушылар көпшілігінің
қолы жетпейтін өнер көрінісі, адамзат даналығы деп аталады, ал
қайсыбір өнерге өте жетік адамды сол өнер түрінде дана дейді. Сол
секілді беделді де ұшқыр ойлы адамды «ойды жеткізу өнерінде
дана» атаған. Не десе де, нағыз даналық деп осы ғылымға жэне
оны меңгерушілікке айтылады /42/. Егер теориялык ғылымдар
оқшау болса жэне бұларды меңгерген адамның бұл ғылымдарды
басқа салаларда пайдалануға қабілеті жетпесе, онда олардың
жалган философ болғаны.
Кемел философ теориялық ғылымдарды меңгерген эрі бұ-
ларды өзінің мүмкіндігіне қарай басқа ғылымдарда қолдануға
қабілетті. Егер оның жағдайы, шын мағынасында, қандай екенін
алып қарайтын болсақ, онда оны мен бірінші басшының арасында
айырмашылық жоқ. Өйткені кімде -кім теориялық білімдер
[саласына] кіретін нәрселерді қолдануға қабілетті болса, оның
бұларды барлық басқа [салаларда да] ақылмен пайымдалатын
етуге, (88-бет) ал ерікке қатысты [білімдерді] эрекетті етуге
қабілетті болғаны.
Оның бойында осындай қабілет неғұрлым көп болса, со-
ғұрлым кемелді философ болғаны. Шын магынасында кемел
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
[философ] деп әуелі теориялық ізгіліктерге, кейін практикалық
ізгіліктерге қол жеткізген, бұдан кейін халықтар мен қалаларға
әрқайсысының шама-шарқына қарай жэне соларға қолайлы
әдіспен осы екі [ізгілік] түрін де дарытуға қабілетті адамды
айтамыз. Ол теориялық жэне практикалық ізгіліктерді бойға
дарытуға, тек анық дәлелдемелерді иландыру әдісі арқылы ғана
қолдануға, ой-пікірге ерікті түрде немесе күштеу арқылы эсер
етуге қабілетті болғандықтан, философ шынайы мағынасында
эрі бірінші басшы болып табылады.
Философия және дін
Зерттеу атаулы екі түрлі нәрседен қүралады: зерттеп отырған
нәрсені ұғыну және оның мағынасын көңілге току, онан соң сол
жөнінде пікір қорыту. Нәрсені ұғыну екі жақты жүзеге асады:
біріншісі - соның нақ өзін ақылмен пайымдау, екіншісі - соған
ұқсас нәрсенің бейнесіне ой жүгірту.
Пікір екі түрлі жолмен: не анық дәлелдеме арқылы, не
иландыру арқылы қорытылады. Егер де жұрт өмірде бар нәр-
селерді танып-білерде немесе зерттегенде, бұлардың маңызын
тікелей пайымдап, (89-бет) анық дәлелдемелер арқылы бұлар
жөнінде пікір қорытатын болса, онда осы танымдарды қамти-
тын ғылым философия болмақ. Ал бұлар өздері сияқты, өз-
деріне үқсас нэрселерге ой жүгірту арқылы пайымдалып жэне
ой-толғауының арқасында иландыру жолымен қандай түсінік
алынғаны жөнінде пікір қорытылатын болса, онда осы деңгей-
дегі білімді ерте замандағылар «дін немесе шариғат» /43/ деп
атаған. Егер осылай танылатын заттарды сол қалпында алып
қарап, иландыру арқылы пайымдайтын болсақ, онда мұны
«діни ілім» деп атаған жөн. Сондықтан ескілердің көзқарасында
дін философияға ұқсас деген. Бұлардың философия мен «діни
ілімнің» екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі
принциптерді, өмірдегі заттардың бастамаларын ұсынады, бұлар
өмірдегі заттардың алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері
жөнінде білім береді, адамның өмірдегі түпкі мақсатын, атап
Бак,ытк,а жету жайында ----------------- — ----------------
айтқанда; ең жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін
түсіндіреді. Философия мұның бэрін пайымдалатын [мәндер]
немесе ұғымдар түрінде көрсететін болса, «діни ілім» мұны
ойдағы түсінік түрінде береді. Нэтижесінде философия бэрін осы
тұрғыдан дәлелдейді, ал «діни ілім» иландыру әдісін қолданады.
Философия түпкі принциптер ретіндегі алғашқы себептер мен
екінші тэнсіз бастамаларды ақылмен пайымдалатын [мэндер]
түрінде көрсетеді. (90-бет) Ал «діни ілім» бұларды материалдық
бастамалардан алынған бейнелер түрінде ойша көрсетеді, бұ-
ларды азаматтық бастамалардағы үлгілеріне ұқсатады, тэңірдің
құдіретін азаматтық бастамалардың іс-әрекетіне салыстыра
отырып пайымдайды, табиги күштер мен бастамалардьщ әре-
кеттері Платонның «Тимеяда» да жасағаны секілді оларды ерікке
негізделген күштердегі, қасиеттер мен өнерлердегі үлгілеріне,
ақылмен пайымдалатын нәрселерді олардың сезімімен аңға-
рылатын нәрселердегі үлгілерімен салыстырады: мысалы, ма-
терияны ауа кеңістігіне, түнекке, суға ұқсатады немесе болмыс-
сыздықты түнекке теңейді; адамның ізгі амалдарының мақсаты
-
ең жоғары бақытты жэне оның түрлерін көңілге түйген игілік
үлгілеріне ұқсатады; бақытты тек көңілде түйілген бейнесіне
үқсатады; нәрсе біткеннің басқыштарын олардың пайда болып
отыратын, уақытша басқыштағы үлгілеріне ұқсатады, мұнда
заттардың үлгілерін олардың өздеріне жақындату мақсаты көз-
делген. Философия анық дәлелдемелер келтіретін жердің бэрінде
де «діни ілім» көңілге сенім ұялатады /44/.
Философия уақыт жағынан «діни ілімнен» бұрын жүреді.
Әлбетте, егер практикалық философия зерттейтін ерікке байла-
нысты ақылмен пайымдалатын (91-бет) мэндер түпкілікті өмір
сүрсін дейтін болсақ, онда олардың түпкілікті өмір сүруін мүмкін
етерліктей жағдай жасау керек. Егер осындай жағдай жасалған
болса, онда бұларды өзара заңдылықтар шеңберінде біріктіру
керек. Өзінің ой толғауының артықшылығы арқасында жағдайды
анықтауға қабілетті адам ғана заң шығарушы бола алады, ал
мұндай жағдай тұсындағы заңдар ең жоғары бақытқа жетуге
мүмкіндік беретін, тұрақты өміршең заңдарға айналады, әлбетте
^
■
44^ ^
---------------------------- ------
Бак,ытк,а жету жайында
бұған дейін заң шығарушы жағдайды байыптап, толық анықтай
алмайды. Заң шығарушы ең жоғары бақытқа жеткізетін жағдайды
анықтауға немесе ең жоғары бақытты ақылмен пайымдауға, бұл
заттарды ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналдыруға шамасы
жетеді. Заң шығару мэні философияны алдын ала меңгергеннен
кейін ғана ең басты нәрсе болмақ. Демек, заң шығарушы адамның
ерекшелігі қызметші емес, жетекші болуы себепті, философ та
болуы қажет.
Сол сияқты, философ теориялық ізгіліктерді бойына дарыт-
қандықтан, ол бұл ізгіліктердің басқалардың бойында ұдайы
өрбуіне қадерінше септігін тигізбек. Өзінің бойында ойшыл-
дық ізгілік болмайынша, ол ақылмен пайымдалатын, ерікке бай-
ланысты әрекеттердің хал-жағдайы мен шарттарын ашып корсе
те алмақ емес. Оның бойындағы ойшылдық ізгілік практикалық
ізгіліксіз жүзеге аспайды. (92-бет) Сонымен бірге ол сенімді түрде
иландыра білу жэне көңілге берік түрде ұялата білу арқасында
ғана барлық басқа адамдардың бойында ойшылдық ізгілікті
туғыза алады.
Демек, «имам», «философ», «заң шығарушы» деген ұғым-
дардың мағынасы - бір /45/. Алайда «философ» деген есім
теориялық ізгіліктің бар екенін көрсетеді, ал оның теориялық
ізгілігі мейлінше кемел болуға тиіс. Сондықтан оның бойынан
басқа да қабілеттер табылуы қажет. «Заң шығарушы» деген атау
практикада ақылмен пайымдалатын мәндер жағдайын өте жақсы
білуді, бүларды анықтап, халықтар мен қалалар арасында заңдар
шығара білуді көрсетеді. Ал практикада ақылмен пайымдалатын
мәндердің таным арқылы өмір сүргендері маңызды. Сондықтан
эуелгінің өмір сүруінен кейінгінің өмір сүруі келіп шығатыны
сияқты, алдымен теориялық ізгілік өмір сүруге тиіс.
«Әкім» деген есім /46/ билік пен қүдіретті көрсетеді. Толық
қүдірет дегеніміз - асқан қуаттылық, ал оның күш-қуаты өзінен
тысқары нэрседе (93-бет) ғана көрініп қоймайды. Егер оның
өнері, жаратылысы мен ізгілігі мейлінше жоғары дәрежеде болса,
онда асқан қабілеттілігі арқасында мүндай күш-қуат оның өз
бойында болады. Танымдық қабілеті мен ойшылдық қабілеті
Бакріт^а жету жайында _____ __ _______________________ ____
мол, ізгілігі мен өнері аса күшті болған күнде де осылай болмақ.
Әйтпесе оның бойына шынайы күш-қуат бітпейді, қолында билік
болмайды. Егер оның бойында күш-қуат болмаса, қайраты азая
бермек. Сол сияқты оның қабілеті ең жоғары бақытқа жатпайтын
игіліктер жөнінде ғана көрінетін болса, онда бүл қабілет кемелді
болмай, кеми береді. Міне сондықтан да, нағыз экім эрі философ,
эрі заң шығарушы болады /47/.
Араб тілінде «имам» /48/ деп эрі қолбасы, эрі жетекші ре-
тінде бой көрсететін адамды айтады. Бұл ретте ол өзіне орай
немесе көздейтін мақсаты жағынан жетекші болып көрінеді.
Егер жұрт шексіз іс-эрекет, игілік пен өнер салаларының бэрінде
оның жетекшілігіне ден қоймаса, онда ол шын мэнінде жетекші
болмақшы емес. Ол өнерлерінің, ізгіліктері мен эрекеттерінің
ешқайсысында мақсатынан өзге мақсат көздемейтіндіктен, оның
өнері ең күшті өнер, ойлауы ең күшті ойлау, білімі ең күпггі білім
саналмақ. Әйтпесе ол өз мақсатын жүзеге асыру үшін бойындағы
күшінен тысқары басқалардың да күштерін жинақтайды. Оның
бойында теориялық білім, ең күшті ойшылдық ізгіліктер жэне
философия саласына жататын нәрселер болмайынша, бұлай етуі
мүмкін емес.
(94-бет) Әлбетте, «философ», «бірінші басшы», «экім», «заң
шығарушы» жэне «имам» деген ұғымдар бір ұғым.
Егер өз тілімізде сөйлейтін қалың жұртшылықтың пікірін-
ше, осы сөздердің эрбірінің мәнісімен таныссақ, онда сайып кел-
генде, бұлардың бэрінің жиынтық мағынасы бір екенін байқай-
мыз. Егер теориялық ғылымдарда дэлелденетін осы теориялық
нэрселер қалың жұртшылықтың зердесінде үял айтын болса,
егер көңілге қонған нәрсе жөнінде пікір қорытылатын болса,
егер бұларды қалың жұрттың зердесінде үялатып, оны баурап
алуға септігін тигізерлік жағдайларымен қоса практикалық
нэрселер туған болса, егер жұрттың тілегі оны бұдан басқа бір іс
істеуге итермелейтін болса, онда теориялық жэне практикалық
нэрселер заң шығарушының зердесіне ұялаған жагдайды
философия, ал қалың жұртшылықтың зердесіне үяласа - сенім
саналады. Өйткені заң шыгарушының танымы анық білімге
-------- —
-----------------------
Бак,ытк,а жету жайында
негізделеді, ал қалың жұртшылықтың танымы қиял жэне илану
арқылы көңіліне тоқылады. (95-бет) Алайда заң шығарушы бұл
заттарды қиял және иландыру жолымен емес, анық ақиқаттар
арқылы түсіндіреді. Ол қиял мен иландыру әдістерін қолданған
уақытта көңілге тоқу үшін пайдаланбайды. Өйткені бұлар
онсыз да сеніммен байланыстырған уақытта көңілге отырады.
Ол үшін бар болғаны сол нәрселер жөнінде қиял мен иландыру
әдісін қолданса жеткілікті. Бұл жағдай басқалар үшін сенім, ал
оның өзі үшін философия. Шын философия мен шын философ,
міне, осындай.
Шын философ
Патристикалық философияны /49/ жэне жалған, дүмбілез эрі
өресіз философтың философиясына келер болсақ, тиісті даяр-
лығы жоқ бола тұра ғылымды зерттей бастайтын адамның жағ-
дайы осындай /50/. Кімде-кім ғылымды зерттеуге кірісем десе,
онда ол теориялық білімдерге жаратылысынан бейім болғаны
абзал. Бұл шарттарды Платон өзінің «Мемлекет» деген кітабын-
да баяндаған. Нәрсе біткеннің парқын түсініп, ұғынуға келгенде
адам мейлінше зерек болуға тиіс, ол - ол ма, ғылымды меңгеру
ісінде адам шыдамды да табанды болуға тиіс, жаратылысынан
ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтаста-
рын сүйейтін болуы керек, өзінің талап-тілегінде дөрекілік пен
өзімшілдік мінез көрсетпеуі, (96-бет) асқа, ішімдікке келгенде
қомағай болмауы, дерхем мен динарды, тағы сол сияқтылардың
барлығын болмысынан жек көруі тиіс. Ол басқалардың теріс деп
білетін нәрселері жөнінде әдеп сақтап, инабатты болуға тиіс,
жақсылық пен әділеттілікке бағынып, жамандық пен зұлымдық-
қа көнбейді, мұнда мейлінше естияр болған жөн. Оның үстіне,
адам табиғи бейімділігіне сэйкес келетін заңдар мен әдет-ғүрып
негізінде тәрбиеленген болуы шарт. Өзін өсірген діни -танымдық
көзқарасты берік ұстануы, өзінің діні парыз еткен ізгі амалдардан
айнымауы, бүларды түгелдей де, там-тұмдап та бұзбауы қажет .
Сондай-ақ, халық жақсы деп таныған амалдарды бойына дарыт-
Бак,ытк,а жету жайында --------------------------------- —
қан эрі оларға қарсы шықпауы керек. Егер осы қасиеттер адамның
бойына дарып, философияны зерттеуге кірісіп , оны меңгерген
болса, онда ол жалған, дүмбілез, өресіз философ болмауы мүмкін
/51/.
Өзінің білімін өз шама-шарқына қарай басқалардың бойына
дарытарлықтай ең биік кемелдікке жетпей-ақ, теориялық білім-
дерді меңгере бастаған адам өресіз философ. Теориялық білім-
дерді бұрмаламай зерттейтін, бірақ белгілі бір дінде жэне жалпы
халық арасында ізгі деп танылған амалдарды жасамайтын ке-
рісінше, бэрін өз құштарлығы мен нәпсісіне бейімдейтін адам -
дүмбілез философ /52/. (97-бет)
Жаратылысынан бейімділігі жоқ бола тұрса да, теориялык
ғылымдарды зерттей бастаған адам - жалған философ /53/.
Теориялық ғылымдар жағынан кемелдене тұрса да жалған жэне
дүмбілез философтар, сайып келгенде, ғылымнан бірте-бірте
алшақтай береді. Ал ізгілік арқылы кемелденерлік жасқа жет -
кенде ондай адамдардың білімі, Платон ескертетін Гераклит
күні тэрізді /54/ толық сөніп бітеді, өйткені біріншісінің жалған
философ жаратылысы мен екіншісінің дүмбілез дағдысы олар-
дың бойын күрмеп, өздерінің қолы жеткен нәрселерін сақтап
қалуын қиындатады. Олар қолы жеткенін ұмытады да бірте-бірте
ғылымнан алшақтай бастайды, сөйтіп білім оты сөніп бітеді.
Сондықтан олар бұл білімнің жемісін тата алмайды.
Философия көздейтін мақсатты сезінбейтін адам - өресіз
философ. Ол тек теориялық білімдерді немесе теориялық бі -
лімдердің бір бөлігін ғана алады. Мұнда ол философияның
мақсаты қол жеткен алдамшы бақыттың шамасына байланысты
деп есептейді. (98-бет) Ол өзінің танымын осыған негіздеп,
соның арқасында мақсатына жетпек болады. Оған жетіп , токтап
қалатын кездері жэне мақсатына жете алмай. қиналатын кездері
де болады. Сол кезде ол осы білімдерден алғанын ізгіліктің дәл
өзі деп есептейді. Өресіз философ міне осындай /55/.
Шын философ жоғарыда айтқанымыздай болады. Шын фи-
лософқа тэн дәрежеге жеткенімен, өмірде өзінің орнын таппаған
болса, онда мұндай философтың өзінің парқы жағынан емес, оған
——
-------------------
------------
Бак,ытк,а жету жайында
кұлақ аспайтын немес құлақ асуды қажет деп білмейтін адамның
тұрғысынан пайдасыз болып шыққаны /56/.
Әкім немесе имам өзінің қабілеті мен өнерімен сол дәрежеге
жетпек, ал оның айтқанына бағынып, дегенін істейтін адамдары
бар ма, жоқ па, көздеген мақсатына жету үшін өзіне көмек көр-
сететін адамдары бар ма, жоқ па, мүның келіп-кетері жоқ. Дэл
осы сияқты дәрігер де өзінің кэсібімен науқастарды емдеу қабі-
леті жағынан дәрігер болмақ. Ал оның науқас адамдары бар ма,
жоқ па, өз ісінде пайдаланатын құралдары бар ма, жоқ па, өзі
бай ма элде кедей ме, маңызсыз. Тіпті бұлардың бірде-бірі жоқ
болса да ол дәрігер болып қала береді. Дэл сол сияқты, олардың
өз істерінде пайдаланатын құралдары болмаса немесе адамдар
өз мақсаттарына жету үшін оларды пайдасыз деп тапса да, имам
имам қалпында, философ философ қалпында, экім экім қалпында
қала бермек.
(99-бет) Платон мен Аристотель философиясы
Осындай сипаттағы философия бізге гректерден, оның
ішінде Платон мен Аристотельден келген. Олардың әрқайсысы
бізге философияны беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар оған
алып баратын жолды да, оның құлдырап, жоғалып бара жатқан
кезінде оны қайта жандандыру әдістерін көрсетіп берген. Біз
алдымен Платонның философиясын және оның сатыларын баян
етуден бастаймыз. Платон философиясының бірінші бөліміне
кірісеміз, онан соң ретімен жүріп отырып, соңғы бөліміне
жетеміз.
Кейін, Аристотель ұсынған философия жөнінде де осылай
жасамақпыз. Біз оның да философиясының бірінші бөлімінен
бастаймыз. Мұнда олардың бізге берген тэліміндегі мақсаттың
бір екендігі айқын көрінеді. Олардың екеуі де бэз-баяғы бір фи
лософияны - Платонның философиясы мен оның бөлімдерін,
бөлімдерінің сатыларын бастан-аяқ баяндап беруге күш салған.
Бұл, кітаптан алған тәлімнен шығара білген соңғы нәрсеміз
/57/.
Ба^ыггща жету жайында
Барша әлемнің әміршісі - Алла Тағаланың даңқы арта берсін .
Пайғамбарлар басшысы Мұхамед Мұстафаның, оның теңдесі
жоқ барлығынан пәк өрен-жарандары жэне барлық үмбеттерінің
мерейі үстем болсын!
Әл-Фараби,
Бацытқа жету жайында.
Бейрут-Любнан: Дар-уа -мактабату .іь -хиляіь , 1995.
-
С. 25 -102.
Бак,ыткА жету жайында
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1.
Трактаттың араб тіліндегі нұсқасын эзірлеген Әли Бу-
мильхамның кіріспеде айтқан мына сөздерін назарларыңызға
ұсынғанды жөн көрдік. Себебі, бұл кісі маңызды пікірімен бө-
ліскен:
«Кітаптың кіріспесін қорытынды сөзімен ашайық. Бұлай
деп айтуымыз эл-Фараби кітаптың соңғы тақырыпшасында
былай деген: «... философия бізге гректер Платон мен Аристо-
тельден келген. Олардың эрқайсысы бізге философияны беріп
қана қойған жоқ, сонымен қатар оған апаратын жолды да,
оның құлдырап, ғайып болған кезінде оны қайта жандандыру
әдістерін де көрсетеді. Біз, ең алдымен, Платонның философи-
ясын жэне мұның сатьшарын баяндаудан бастаймыз. Біз Платон
философиясының бірінші бөліміне кірісеміз, онан соң рет-ретімен
жүріп отырып, оның философиясьшың соңғы бөліміне жетеміз.
Кейін Аристотель ұсынған философия жөнінде де біз осылай
жасаймыз. Біз оның да философиясының бірінші бөлімінен ба
стаймыз. Бұдан айқын көрініп отырған нэрсе - олардың бізге
берген тэліміндегі мақсаттың бір екендігі. Олардың екеуі де бәз-
баяғы бір философияны - Платонның философиясы мен оның
бөлімдерін, бөлімдерінің сатыларын бастан-аяқ баяндап беруге
тырысқан.
Бұл біздің осы кітаптан тапқан ең соңғы нәрсеміз». Осы
бөлімде әл-Фараби философияның даму сатысын, өркендеуін
және тоқырауға ұшырауы мен арабтарға гректерден сириялық-
тар арқылы келу жолын баяндайды.
Әл-Фараби еңбегінде философияны, метафизиканы, саясатты
т.б. ғылымдардың құрылымын қарастырған. Жалпы кітапта
ғылымдардың құрылымдары мен оларға жету жолдары кеңінен
баяндалғанымен кітаптың тақырыбы «Бақытқа жету жайында».
Осы арада «Егер шынымен солай болса, онда эл-Фараби неге
кітапты басқаша атамады?», - деген сұрақ туады. Соған қарағанда
шартты түрде ғана қойылса керек. Кітапқа мұндай атаудың кім
^51-^
Бак,ытк,а жету жайында ________________ ___________________
бергені тағы белгісіз, бірақ әл-Фарабидің кітапты «Бақытқа жету
жайында» деп атамағаны анық. Себебі, оның замандасы Ибн
Надим келтірген әл-Фарабидің еңбектерінің арасында мұндай
кітап жоқ.
Сондай-ақ, Ибн Әби Усибға және Сағид эл-Әндәлусилер көр-
сеткен «Ескі аудармалар» кітаптарының тізімінде де мұндай кітап
кездеспейді. Кітап «Бақытқа жету жайында» деген атаумен 1345
мұсылман жыл санауымен Үндістанда Хайдарабад қаласында
басылып шыққан.
Осыған орай айтарымыз, бұл кітап әуел баста бір жеке
кітап болмаған. Кітап әл-Фарабидің ескі кітаптарыньщ тізімінде
кездесетін Платон мен Аристотель философияларының бірлігіне
қатысты жазылған еңбек болса керек. Айтылған сөзге дәлел
ретінде эл-Фарабидің сөздерін жоғарыда келтірдік.
Расында д а осы айтылған мәселе төңірегінде Розенталь немесе
Штраус сияқты шығыстанушылар да ой қозғаған. Аталмьпн
еңбекті көшірген (қолжазбадан қағазға түсірген) кісі де кітапты
қағазға толық түсіргендігі турасында да анық хабар бермеген, тек
қана: «Бұл, біз осы кітаптан тапқан ең соңғы нәрсеміз» деген.
Егер бұл сөйлемнің төркініне бойласаңыз, онда кітап бір-
неше бөлімдерден тұратынын немесе кітап толык жазылмаға-
нын байқайсыз, яғни көшіруші кісінің қолындағы барымен ғана
қанағаттанғанын түсінесіз. Әл-Фарабидің бізге жеткен қолжаз-
баларының ішінде кейбірі толық емес немесе бір бөліктерінің
тіпті жоқ екенін анық білеміз.
Сөйтіп, эл-Фарабидің еңбектерін қағазға түсіруші кісінің
бір бөліктерін алып, оларға мазмұнына қарай атау беріп, дер-
бес кітап қылып жіберіп отырған болуы да әбден мүмкін. Осы
сияқты құбылыстар эл-Фарабидің еңбектері мен олардың маз-
мұндамаларында көрініс тапса керек».
2.
Фазаилъ на зария - «теориялық ізгіліктер»; фазаиль фик-
рия - «ойшылдық ізгіліктер», фазаиль хульқия - «этикатық
ізгіліктер», санаат амалия - «практикалық өнерлер». Адамның
өмірінде басты мақсат - ең жоғары бақытқа жету үшін осылар
қажет. Салыстырыңыз Аристотель. «Никомах этикасы», VI кітап
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
параграф екі; X кітап, параграф жеті. Әл-Фараби . Әлеуметтік-
этикалық трактаттар. -
А., 1975. -4146.
3. У лум ула - «алғашқы білімдер», адам әуел бастан көңіліне
тоқыған білімдер. Адам олардың қалайша жэне қайдан пайда
болғанын білмей де қалады. Алғашқы білімдердің ішінде ойлау,
тексеру, зерттеу, үйрену жэне оқу арқылы келетін білімдер де бар.
Муқаддимат эууаль - «бірінші алғышарттар». Мұнда аксиомалар
жайында айтылған. эл -Фараби бойынша, жүре келе пайда болған
білімнен басқа туа біткен, априорлық білімдер болады. Мысалы,
«тұтас - бөлшектен үлкен» деген секілді. Бұлар тікелей ақыл -
парасаттың әрекетінен «туып», ой-қорытындысы жолымен се-
зімдік мәліметтердің негізінде жасалатын таным шарты.
4. Аристотель секілді эл -Фараби де тек анық білім ғана
ғылымның міндеті бола алады деп есептейді. Ол анық білімді
пікір мен сенімнен ажырата біледі. Ягни ретімен айтқанда,
адамда әуелі сенім болады. Оның арқасында зерттей келіп, өзінің
(бір нәрсе туралы) пікірі қалыптасады, сонан соң ғана анық білім
келеді. Анық білім дегеніміз - ешкімнің де күмәні мен таласын
тудырмайтын білім.
5. Иацин
-
ешкімнің күмэнін тудырмайтын, анық, нақты
білім. No 4 түсіндірмеге қараңыз. Зан -нун
-
жорамал білім, бэлкім
дүрыс болмау ықтималы да бар. Джубран Масгуд. Райд ат-Туллаб.
-Бейрут,1986.
Ғалымдар білімнің бұл түріне аса маңыз бермеген. Себебі,
бұл білімнің ешбір негізі болмауы мүмкін. Сондықтан эл -Фараби
осы еңбегінде «иақин» анық білімнен «зан-нун» жорамал білімді
айырып отырады.
6. Әл -Фарабише антикалық дәстүрге сай оқып-үйренудің
бастамалары болмыс бастамаларымен сәйкес келеді; болмыстың
дәлелдемесі алғашқы білімдерге байланысты, егер ол «бұл өмір-
де бар ма?» дегенді білдірумен қатар «мұның болуы неліктен?»
дегенді білдіретін болса, «бұл неліктен?» дегеннің дэлелдемесі деп
атаған. Яғни (бір нәрсе туралы анықтамага) сол нэрсенің болуы
ғана емес, оның болу себептері де кіруге тиіс деп талап еткен жэне
тек дәлелдеме ғана себептің мэнісін түсіндіре алмақшы деген.
Бак,ытк,а жету жайында _________________ _________________
Әл-Фарабидің айтуынша, егер аталған қағидалар мен шарт -
тар жаратылыстағы нәрселердің қайсыбір тегіне қатысты мағ-
лұматтар осы тектес болмысты танып-білуіміз үшін себептері
болып, олардың қайсыбірінің болмысының себептері болмаса,
онда осы текке [түрге] қатысты оқу-білімінің бастамасы бол -
мыстың бастамасына сэйкес келмейді.
7. «Болмыстың қағидаты төртеу: зат «не», «неліктен» және
«қалай» өмір сүреді...». Мұнда Аристотельдегі табиғи болмыстың
мынадай төрт түрлі себебі талданған: материя, форма, мақсат
жэне қозғаушы күш. Араб тілді философтар соңғысын «эрекет
еттіруші себеп» деп атайды. Бұл кітапта осы атаулар былайша
аталады: сура - форма, әл-мадда - материя, әл-фағил
-
қозғаушы
(әрекет еттіруші себеп), ғайя - мақсат . Джубран Масғуд. Райд ат-
Туллаб. -
Бейрут, 1986 (арабша түсіндірме сөздігі).
8. Әл -Фарабише ғылым өзара байланысты жэне өзара белгілі
бірлікте болады. Сондықтан бір ғылымнан екінші ғылымға, бір
тектен екінші текке аттап өту еш мүмкін емес. Ал егер зерттеу -
шіге төрт бастаманың бэрі де белгілі болса, онда ол бұлардың
тек кейбіреулерімен ғана шектелмей, олардың барлығын түгел
қамтып, зерттейді. Егер ол білімге төрт [бастаманың] бэрі
бірдей тэн болмаса, онда ол осы бастамалардың саны үшеу ме,
екеу ме, элде біреу ме, соны анықтауға тырысады. Бұл ретте
ол бұл түрдің ең бергі бастамаларымен шектелмеуі тиіс, кайта
бұл бастамалардың бастамаларын жэне [бұл бастамалардың]
бастамаларының бастамаларын анықтауға тырысуы керек. Сой -
Tin, осы түрге қатысты өзі анықтаған ең арғы бастамаларға
жеткенше тоқтамай жалғастырады.
9. Кез келген бір заттың болмысын анықтау жэне дәлелдеу
керек. Ал «болмыстың себептері» деп эл-Фараби элгі бар
болған заттың болу себептерін айқындауды айтады. Егер осы
бастаманың басқа бір бастамасы болса, онда зерггеуші элгі
[бірінші] бастаманы түсіндіру үшін мұны да пайдаланады, сонда
бүдан бұрынғы [екінші] бастама зерттеушіге болмыс жөнінде
білім береді. Бұл білім екі түрлі пайда келтіреді: біріншісі, ол
зерттеушіге өзінің болмысы жөнінде білім берсе, ал екінші
----------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
жағынан, өзінің болмысы жөнінде де, өз болмысының себептері
жөнінде де білім береді дейді ойшыл.
10. «Шама» сөзі түпнұсқада «алъ -агзам » . Араб ті ліндегі бұл
сөзді аль-Фараби «аль-аджсам», «аль-ашкаль», «аль-аузағ» жэне
«ан-низам» деп те қолданады. Яғни «шама» сөзі өз ішінде денелер,
кескін, өлшем жэне жүйелілік деген ұғымдарды да қамтиды. Әл-
Фараби «сан мен шаманы» өмірдегі заттардың зерттелуін, адам
ақыл-ойының ауытқуы мен абыржуынан оп -оңай құтқаратын
бірінші түр деп санайды.
11. Әл -Фараби математиканы затқа қатысы бар бірінші тек
деп есептейді де, зерттеуді осыдан бастау керек, өйткені бүл осы
заттың не екендігі жөнінде де, мұның не себепті бар болатыны
жөнінде де бір мезгілде мағлұмат беретін ғылым деп есептейді.
Себебі, зерттеуші санның көмегімен заттың ауқымын, реттілігін,
үйлесімділігін, жүйелілігін жэне т.б. қасиеттерін анықтайды.
12. Математика ғылымы өмірдегі сан мен шамалар ретіндегі
нэрсе біткенді қамту мақсатын көздейді және төмендегі
ғьшымдардан құралады: оптика ғылымы, астрономия ғылымы,
музыка ғылымы, салмақ жайындағы ғылым жэне шебер тәсілдер
жайлы ғылым (механика).
13. Әл -Фараби формальды себепті ғана зерттейтін мате-
матикадан бастап, болмыстың барлық төрт түрлі себебін зерт-
тейтін табиғи құбылыстарға дейінгі танымның бүкіл барысын ой
елегінен өткізеді. Әл -Фараби . Әлеуметтік-этикалық трактаттар.
-
Алматы, 1975. -
415 б.
14. Табиғат туралы ғылым - дүниедегі барлық заттарды қа-
растырады: денелер, денелердегі заттар, дүниені қүрайтын дене
тектері (түрлері) жэне сезіммен қабылданатын зат түрлері, аспан
денелері, жер, су, ауа, от, пайдалы қазбалар, адам, жануар жэне
өсімдік әлемі. Зерттеуші ғылымның бұл түрінде өзі алғашқы
білімнен алған мәліметтерді қарастыруға жэне өзінің білуінше
бұл ғылымда оқу-білімінің бастамасы боларлық барлық нәрсені
қамтуға тиіс. Сондай -ақ, ол денелерді , денелердегі заттарды,
дүниені құрайтын дене тектерін / түрлерін т.б. заттарды қа-
растырады.
Бак,ытпк,а жету жайында ___________________________________
15. «Табиғи пәндердің эрбір түрі жайындағы оқып-үйрену -
дің қағидаттары олардың болмысының бастамалары жөніндегі
келесі заттар болып табылады. Осы тек болмысының бастама
лары - оқып -білу бастамалары болмысының себептері» деп
Әл-Фараби оқып -үйрену бастамалары болмыс бастамаларымен
пара-пар деген пікірін қайталап айтады. Ойшыл болмыс бастама -
ларының оқып-үйрену бастамаларынан бұрын тұратынын әсте
естен шығармау керектігін де ескертіп айтады.
16. Бұл еңбегінде эл -Фараби кемелдікке жету үшін жүрттың
саяси жағынан бірігуі қажет деген пікірін қайталайды. Ол адам-
ды «жануар адам» (хайуан инси) жэне «жануар азамат» (хайуан
мадани) деп атайды, ал мұның өзі Аристотельдің «саяси жан-
уарымен» пара-пар; ал кемелдікке жету үшін қажетті эрекеттер
мен қасиеттерді зерттейтін ғылымды эл-Фараби «адамзат
ғылымы» (илм инсани) жэне «азаматтық ғылым» (илм мадани)
деп атайды, ал мұның өзі Аритотельдің «саяси ғылымына» жэне
Платонның «нағыз патша өнеріне» («саясатшы», 259 б. -
13-6.)
сәйкес келеді. Әл -Фараби . Әлеуметтік -этикалық трактаттар . -
А.,
1975.-4 156.
17. Метафизика ғылымының зерттейтін тақырыбы материя -
льщ негізі жоқ болмыс, яғни көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін
емес дүние. Алайда зерттеуші метафизикада физикадан кейін
тұратын болмыстарды зерттеуге кіріседі жэне мүнда нақ
физикадағы сияқты эдістерді қолданады. Осы ғылымға қолайлы
келетін бірінші алғышарттарды оқып-үйренудің бастамалары
етеді, онан соң физикада дэлелденген қағидаларды ретімен
қолданады. Зерттеуші бұлардың бірде-бірінде материяның мүлде
жоқ екенін анықтап, кейін бұлардың әрқайсысынан «мұның не
екенін», «мұның қалайша өмір сүретінін», «қандай нәрсенің
ықпалымен» жэне «неліктен өмір сүретінін» зерттеп білуге тиіс.
18. Зерттеуші зерттеу нысанының болмыс төркіні «қандай?»,
«ол неліктен болды?» деген сияқты сұрақтардың жауаптарымен
шектелмей, сол заттың бастауына дейін анықтауы тиіс. Ол
-
жоғарыда эңгіме болған өмірдегі барлық заттың бірінші бас-
тамасы.
^56-^
--------- — —
----------------------
БакріткА жету жайында
Барлық болмыстың бірінші бастамасы - Алла. Ол
-
күллі
болмыстың болуына себеп. Әл -Фараби. «Китаб тахсил ас-сағада».
-
Бейрут, 1995. 45 б.
19. Әл -Фарабидің айтуынша, азаматтық ғылым - адамды
«кэміл инсан» (кемел адам) болу мақсатына алып баратын жол-
дарды зерттеп, қарастырады. Бұл жол - қайырымдылық пен ізгі
амал жолы. Қала тұрғындарының эрбірі азаматтық бірлестікте
өздеріне табиғаттан қай мөлшерде сыбаға белгіленген болса, сол
мөлшерде бақытқа кенеледі.
20. «Халықты немесе қаланы қамтитын нәрселер жиынты-
ғында да элденедей бір алғашқы бастама болады, оның соңынан
да басқа бастамалар жэне осы бастамаларға ілесуші басқа [тұр-
ғындар] келеді, ал осы тұрғындардың ізімен басқа түрғындар
жүріп отырады да, азаматтық жэне адамдық [болмысы] жағынан
ең соңғы тұрғындарға жеткенге дейін осылай жалғасып кете
береді» деу арқылы ойшыл бұл жерде алғашқы бастамаларды;
халық патшасы немесе қала экімі, сондай-ақ, патшаның немесе
бірінші экімнің соңынан келетін шенеуніктер мен лауазым иелері
дегенді меңзеген.
21. Табиғи мәндер табиғаттан туындаса, іс-әрекеттер ерік
күшінен туындайды.
22. Әл -Фараби адамдардың әрекеттері қоғамда орнатылған
заңдарға көп жағдайда бағына бермейтінін айтады. Себебі, адам-
ның еркі табиғат пен қоғамның түрлі құбылыстарына байла-
нысты құбылып тұрады. Өте жиі өзгеріп отыратын заттар үшін
арнайы заң шығаруға мүлде болмайды, ал керісінше күйі некен-
саяқ өзгеретін заттар үшін арнайы заң шығару қолайлы дейді.
23. Адамның іс -әрекеті мезгіл мен мекен талаптарына сай
өзгеріп отырады. Мысалы, адамның эртүрлі жердегі күйі жөнін-
де де дэл осыны айтуға болады: бір елде бар акциденциялар
мен күйлер екінші елдегі акциденциялар мен күйлерден өзгеше
келеді.
24. Этикалық ізгіліктер мен акциденциялар түрлі халықтарда
эртүрлі болып, мезгіл мен мекен өзгерген сайын ол екеуі өзгеріп
отырады. Мысалы, инабаттылық, байлық сияқты нәрселердің
^57^
Бак,ытк,а жету жайында _____________________ __ -
__________
бэрі де ерікке қатысы бар, ақыл-оймен пайымдалатын ұғымдар
болса, онда бұлармен бір мезгілде нақты байланысты акциден-
циялар басқа уақытта байланысты болған акциденциялардан
өзгеше келеді; бір халықтың қолында болатын дағдылы нәрсе
екінші бір халықта кездесетін нақты акциденциялардан өзгеше.
25. Әл-Фарабидің «Алайда, барлық халықтарға, жеке халық-
қа немесе қалаға ортақ ең лайық нәрсені ғана анықтайтын,
анықталатын нәрсе жөнінде эдетте [жұрттың] зердесінде ұзақ
уақыт сақталатын немесе қысқа мерзімді уақыт ішінде ауысып
отыратын ойшылдық ізгілік азаматтық ойшылдық ізгілік болып
табылады» деп айтып отырғаны - халықтар мен қалаларға тиісті
заңдар.
26. Өзге адамға жақсылық жасап немесе оған ізгілік тіле-
мейінше, бойыңыздағы қалаған игілігіңіз нақ ойдағы ізгілік
бола алмайды. Сондай-ақ, ойдағы ізгілік қабілет адамның жеке
басында кездеседі, көздеген мақсатындағы ең пайдалы жэне ең
әдемі нәрсені анықтауда көрініс табады. Нақ осы ойшылдық
қабілет арқылы адамның басқаларға қатысы бар ізгі мақсаттағы ең
пайдалы жэне ең әдемі нәрсе де анықталады; кеңесші ойшылдық
қабілет, міне, осындай. «Мұның екеуі де бір адамның бойына
бітуі де немесе эртүрлі адамдардың бойында д а болуы мүмкін»
дейді ойшыл.
27. Әл-Фараби ойшылдық ізгілік пен этикалық ізгіліктің
бір-бірінен ерекшелігін атап көрсетеді. Адамның ойындағы ой-
шылдық ізгілігі неғұрлым жақсы болған сайын, адамның амал-
дағы этикалық ізгіліктері де кемелдене түседі. Ал егер адамның
ойшылдық ізгіліктері жеке мақсатымен жэне жеке жағдайына
ғана қатысты ең пайдалы заттармен ғана шектелсе, онда оның
этикалық ізгілігі де осыған сәйкес келуге тиіс. Адамның әс-
әрекеттері ниетіне қарай көрініс табады.
28. Аса кемелді ізгілік - өз бойына барлық ізгіліктің жиын-
тығын қамтыған ізгілік. Ол - кемелді эрі күшті ізгілік. Егер адам
оның барлық әрекетін, яғни кемел ізгілікті толық іске асырғысы
келсе, мұны барлық басқа ізгіліктердің әрекетін бірге пайдалан-
ған күнде ғана орындай алады.
— ---------------------------------
Бак,ытк,а жету жайында
29. «. ..қаражат іздеуші алуан түрлі адамдарға тэн жеке-дара
ізгіліктердің бэрін пайдалануға тиіс». «Қаражат іздеуші» - сол
дәуірлердегі халықтан салық жинаушылар. Бұл кісілер түрлі
саладағы адамдардың эрбіріне жеке барып салық жинайтын
болған. Сондықтан әл-Фарабидің көзқарасына сәйкес «қаражат
іздеуші» өнер адамы секілді бойында түрлі ізгіліктер табылуы
тиіс. Себебі, ол барлық адамдармен ортақ тіл табысуы керек. Сол
секілді энциклопедист ойшыл: «Ең басты жеке-дара өнерлердің
ішінде эскербасының өнері нақ осындай өнер болып табылады.
Бұл жеке-дара өнерлердің эрекетін пайдаланған уақытта барып
мақсатына жетеді», - дейді. Яғни, кез келген саланың басшысы,
бірінші жетекшісі өзі басқарып отырған салаға тиісті ізгіліктерді
өзінде қамтуы қажет. Басшы осы ізгіліктерді қолдана білгенде
ғана көздеген мақсатына жетеді.
30. Әл-Фараби адамның жаратылысы мен табиғатын ой-
шылдық өнер және этикалық ізгіліктердің негізі ретінде қарас-
тырады. Сондықтан тек кейбір адамдар ғана үлкен ізгілікке
қатысы бар жэне үлкен табиғи ойшылдық қабілетпен байла-
нысты ізгілікке өзінің жаратылысынан бейім келеді. Патша өз
жаратылысынан патша, философ өз жаратылысынан философ,
қызметші табиғатынан қызметші деп сенеді.
31. Әл-Фараби тэлім мен тәрбиенің арасын «тэлім деге-
німіз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дары-
тады, ал тәрбие дегеніміз - халықтардың бойына білімге не-
гізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» деп
ажыратады. Тэлім - тек сөз арқылы, ал тәрбие - сөз де, әрекет
те арқылы жүзеге асады, яғни тәрбиелеу кезінде халықтар мен
қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын
іс-эрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі де осындай іс-эрекетке
жігерл ендіріл еді.
32. Имам сөзі келесі мағыналарды білдіреді: «алдағы адам»,
«бастаушы адам», «жамағаттың алдында түрып намаз оқушы»,
«адамдар үшін жауапты кісі» т.б. Әл-Фараби бұл жерде «экім»
сөзінен бұрын «имам» сөзін жайдан-жай келтірмеген. Себебі,
исламда имам деген - өте жауапты лауазым. Имам ретінде талас
^'59^'
Бак,ытк,а жету жайында _________________________ __________
туған бір мәселеге шешім шығару - Алланың атынан үкім айтумен
тең. Әл -Фараби «имам» туралы: «... оның өнері - ең күшті өнер,
ойлауы - ең күшті ойлау, білімі - ең күшті білім . Әйтпесе ол
мақсатын жүзеге асыру үшін күшін басқалардың күшімен бі-
ріктіруге тиіс болар еді». Дегенмен, эл-Фараби де өзінен бүрынғы
грек ойшылдары секілді философтарды да ерекше орынға қояды.
Әл-Фараби «имам», «экім» жэне «философ» туралы былай дейді:
«Олар - өздерінің теориялық танымдарында жалпы халық білетін
қарапайым біліммен шектеліп қала алмайтын таңдаулы жандар».
No 30 түсіндірмеге қараңыз.
33. Патша қалың жұршылықтың ішіндегі ең жоғары бедел
иесі ретінде тәрбиелеу барысында сезімге эсер еткіш нақыл
сөздермен иландыру жэне қажет жағдайда күштеу тәсілдерін де
қолдануы керектігін айтады. Яғни әл -Фараби қала түрғындарын
адамгершілік қасиеттермен практикалық дағдыларға баулып, тәр-
биелеу жөніндегі патшаның рөлін баса көрсетеді. Ол тәрбиенің
екі түрлі әдісін: ғылымды меңгеруге бейімділік танытқандарға
қолданылатын еріктілік әдісін жэне теориялық білімдерді ұғы-
нуға қарсылық білдіруші адамдарға қолданылатын күштеу
әдісін ұсынады. Сонымен қатар халықтар мен қала тұрғындарын
тәрбиелеу барысында қайырымды да өнерлі адамдарды пайдалану
қажеттілігін айтады.
34. Әл -Фараби «бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнері
дарыған адамдар» деп отырғаны - философтар . Себебі , шешендік
өнер философияның құрамына кіреді, ал бұл өнерді философтар
қолданатыны анық. «Халықтар мен қалаларды ерікті түрде оқы-
тып, үйрету үшін пайдаланатын [адамдар] - бойына ізгі қасиеттер
мен шешендік өнері дарыған адамдар» деген сөздерінен эл-Фара -
бидің Платон философиясынан әсерленгенін байқауға болады.
Платон: «халықтар мен қалалардың басқару тізгіні философтар-
дың қолында болу керек», - деген болатын . Әл -Фарабидің ай-
туынша, халықты басқарған патша, әкім немесе имам философ
болмаса да философияны білуі қажет. Себебі, экімдер мен
имамдар бүқара халықтың жан жүйесін баурап, басқарып, ба-
ғындырып, оларды жөнге салып отыру үшін иландыру әдісімен
------------- ---------------------
Бак,ытк,а жету жайында
басқарады, осыған сай олар нақыл сөздерді, сезімге эсер ететін
этикалық нақыл сөздерді де пайдаланады.
35. Мұнда адамдарды басқару мақсатында басшылыққа
алынатын ойлар жэне қажетті жағдайда жасалуы тиіс амалдар
меңзеліп отыр. Тиісті мамандар белгілі бір пікірді, ойды жақтауға
немесе оны терістеуге қабілетті болулары қажет. Сол арқылы
олар басқару жүйесіне жәрдем береді.
36. Әл -Фарабидің айтуынша, білімнің төрт түрі бар: бірінші-
сі - теориялық ізгілік, осының арқасында жаратылыстағы бол-
мыстар анық дәлелдемелер негізінде ақылмен пайымдалады;
бүдан кейінгісі - иландыру арқылы қол жеткізілетін нэрсенің
мэнін ақылмен пайымдау; онан соң - осы ақылмен пайымдалатын
мәндердің бейнелерін арқау еткен, иландыру арқылы расталған
білім; бүдан кейін - осы аталған үш білімнің ішінен белгілі бір
халықтардың арасында тараған білім. Бұлардың эрбірі бір-бірін
толықтырып, соның арқасында халық кемелденіп, бақытқа
жетеді. Ал Батыс перипатетигі Ибн Рушд бұл мәселе туралы сөз
қозғағанда, бұл білімдердің эрбірін адамдардың ақыл деңгейлеріне
қарай арнайы топтарға меншіктеп берген. Олар: дәлелдеу, пікір
таластыру, мысал келтіру жэне практикада қолдану.
Дәлелдеу білімі - таңдаулы адамдар үшін яғни философтарға,
пікір таластыру білімі - мутакаллимдерге, мысал келтіру мен
көркем сөз - бұқара халыққа тән.
37. Әкімнің мақсатын жүзеге асыруғажәрдемдесетін адамның
немесе адамдар тобының болуы қажет. Олар халықтарды ерікті
түрде тәрбиелеп, бірінші басшыға жәрдем беру үшін қызмет
етеді, Халықтарды тәрбиелеуге уэкілдік алған топтағы эркімнің
бойынан жеке-дара ізгілік пен ойшылдық ізгіліктің табылғаны
абзал. Бұл ізгі адамдардың тобы мыналар: дәлел қолданатын
философтар, тартысты пайдаланатын мутакаллимдер, нақыл
сөздер мен мысалдарды қолданатын сөз шеберлері.
38. Барлық білімдердің эуелгісі
-
философия. Философия
ақылмен пайымдалатын болмысты анық дәлелдер арқылы
көрсетіп, адамдарға оқытып -үйрету ісін жеңілдетеді . Өйткені
халық арасында таңдаулы адамдар да, қалың жұртшылық та бар.
Бакрітца жету жайында ___________________________ _______
Енді мұндағы әл-Фарабидің «таңдаулы» мен «қалың жұртшы-
лық» сөздеріне түсіндірме берсек.
Араб-ислам мэдениетінде қоғамды «бұқара» жэне «элита»
топтарына бөлу үрдісі тэн еді. Олар: «хасса» жэне «амма» немесе
«жумхур» - қара халық деп аталады. «Қара халық» - сөзін
шығыс-араб ойшылдары эртүрлі ұғымда қолданды. Мысалы Ибн
Туфейл «қара халық» сөзін кедей-кепшіктерге емес, байлықтың
қүлы, мансап құмарларға қолданды. Ибн - Баджа дүние мен
киім-кешек жинап, мәз болатын дүниеқоңыздарды «қара» деп
атады. Ал Ибн Рушд Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) өзін «қара»
халықтан шықты деген, яғни Ибн Рушд «қара халық» деп бұқара
халықты атады. Ал эл-Фараби болса «амма» - қалың жұртшылық
пен «хасса» -т аңдаул ыларға мынадай анықтама береді: «қалың
жұртшылық дегеніміз -т еориял ық білімдерін баршаға мэлім
пікірлер арқылы расталатын біліммен шектеуге болатын адамдар.
Таңдаулылар - теориялық білімдерінің ешбірінде баршаға мэлім
пікірлер арқылы расталатын біліммен шектеліп қалмай, сенімі
кэміл жэне нақты анықталған алғышарттарды жетік білетін
адамдар.
39. Уақытында адамдарды екі сыныпқа яғни тандаулылар
мен қалың жұртшылыққа бөлумен Джахиз де, кейін Ғазали де
жэне Ибн Рушд та айналысқан. «Адамдар ішіндегі ең тандаулы
жан бірінші басшы болуға тиіс. Ол, жалпы халыққа мәлім
қарапайым біліммен шектеліп қалмайды. Бірінші басшы мен ең
таңдаулы жанға лайықты адам жэне бойына жақсы қасиет пен
білгірлік дарыған кісілер де осындай болулары уэжіп» деген эл-
Фараби осы екі топтың арасындағы ерекшелікті айқын көрсетуге
тырысты. Әл-Фарабидің айтпағы қоғамдағы басқару жүйесінде
отыруы тиіс адамдар - таңдаулы жандар. Себебі оларда біліммен
бірге даналық та бар.
40. Әл-Фараби мынадай екі түрлі үйрету әдісін атап көрсе-
теді: біріншіден, таңдаулы жандарды анық дәлелдемелер арқы-
лы, екіншіден, қалың жұртшылықты иландыру арқылы үйрету
әдістері. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - А., 1975.
-4166.
-
- -- -- -- -- -- -- -- ------------------
Бак,ытца жету жайында
41. Әл-Фарабидің: «Ерте заманда бұл білім (философия)
Иракты мекендеген хальданилерде болтан, онан соң мысырлық-
тарда пайда болған, бұдан кейін гректерге, олардан сириялықтар-
ға, содан барып арабтарға ауысқан делінеді» деу арқылы кейбір
философия тарихшыларының «философия әуелі грек жерінде
пайда болды» деген тұжырымдарына қарсы пікір білдіреді.
42. «Осы өнерді қолданушылар көпшілігінің қолы жетпейтін
өнер көрінісі, адамзат даналыгы деп аталады, ал қайсыбір өнерге
өте жетік адамды сол өнер түрінде дана деп атайды. Сол секілді
беделді де ұшқыр ойлы адамды ойды жеткізу өнерінде «дана»
деп атайды». Әл -Фараби болса, даналық философияға және
оны меңгерушілікке айтылады деп «даналық» сөзіне мынадай
анықтама береді: «Тілдегі магынасы қайсыбір нәрседе өте-мөте
жетік меңгерушілікке эрі шеберлікке айтылатыны рас, бірақ,
гректер «даналық» деп ғылым мен ақтық білімді айтады. Ал осы
даналыққа құштарлықты - философия деп біледі».
43. «Ертедегілердің көзқарасында дін философияға ұқсас
деген. Бұлардың философия мен «діни ілімнің» екеуі де белгілі
бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі
заттардың бастамаларын ұсынады, бұлар өмірдегі заттардың
алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері жөнінде білім
береді, адамның өмірдегі түпкі мақсатын, атап айтқанда, ең
жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін түсіндіреді»,
-
деген эл-Фараби шариғат пен философияны бір-бірімен ұш-
тастыруға тырысады. Ол екеуінің зерттейтін дүниелері де,
көздеген мақсаттары да бір нәрсе, тек оны дэлелдеу жэне оған
жету әдістері мен тәсілдері эртүрлі - дейді ойшыл . Сол сияқты
эл-Фараби философия пайымдалатын мәндер мен дэлелдемелер
арқылы көрсетсе, дін ойдағы түсінік түрінде иландырады. Ал
иландыру әдісі - «экімнің немесе бірінші басшының халықты
басқару әдістерінің бір тәсілі. Философия түпкі принциптер
ретінде алғашқы себептер мен екінші тәнсіз бастамаларды ақыл-
мен пайымдайтын мәндер түрінде көрсетеді. Ал «діни ілім»
бұларды тәнді бастамалардан алынған бейнелер түрінде ойша
айшықтайды - деп түсіндіреді .
Бак,ытк,а жету жайында ______ ____________________________ _
44. No 43 түсіндірмеге қараңыз.
45. Әл-Фараби «философты», «имамды» жэне «заң шыға-
рушыны» бір-бірінен ажыратпайды. Әйтсе де, бұлардың әрбірі
бір-бірінен аз болса да ерекшеленуі керек дейді. Мысалы, «фи
лософ» деген есім теориялық ізгіліктің бар екенін көрсетеді, ал
оның теориялық ізгілігі мейлінше кемел болуға тиіс. Сондықтан
оның басқа да қабілеттері болуы керек. Сонымен қатар әл-
Фараби заңды философияның практикалық саласы ретінде, ал
философияны діннің теориялық саласы ретінде қарастырады.
46. Бұл еңбегінде эл-Фараби экімге неғұрлым толық анық-
тама береді жэне оның бақытқа жету үшін қажетті төрт сатылы
кемелдікке байланысты атқаратын міндеттерін белгілейді. Әкім-
нің өзі осы төрт ізгіліктің иесі ғана болып қоймай, сонымен ка
тар үйретіп, тәрбиелеу арқылы бұларды өз қарамағындағылар-
дың бойына дарыта білуі тиіс. Теориялық ізгіліктер бойға анық
дәлелдемелер арқылы сіңірілсе, басқа ізгіліктер мен өнерлер
иландыру мен қиялдау арқылы сіңіріледі. Әкім жетік меңгеруге
тиісті иландыру мен қиялдау эдістері - бұқараны тәрбиелеудің
құралдары. Әл-Фараби саяси жетекшілік - тек тандаулы жан-
дардың ғана сыбағасы деп есептейді.
47. Патша сөзі билік пен құдіретті білдіреді. Бұл құдірет
адамның анатомиялық немесе физикалық құдіреті емес, ақыл-
дың қуаттылығы. Патшаның танымдық қабілеті мен ойшылдық
қабілеті мол, ізгілігі мен өнері аса күшті болған күнде ғана осы-
лай болмақ. Әйтпесе оның бойына шынайы күш-қуат бітпейді,
қолында билік болмайды. Сондықтан да патша - философ.
48. No 32 түсіндірмеге қараңыз.
49. Батраиия - «патристика» (латынша pater - әке) деген
сөзінің арабша нұсқасы. Патристика дегеніміз I—VIII ғасыр-
лардағы христиан ілімі. III ғасырдан бастап патристика жаңа
платоншылдықтың көмегімен христиан дінін орнықтыруға ты-
рысты. Александрия мектебінің басшысы жэне Мысырда хрис-
тиандық жаңа платоншылдықтың негізін салушы Ориген (185—
254 жылдар) патристика өкілдерінің бірі болды. Әл-Фараби.
Әлеуметтік-этикалық трактаттар. -
А.,1975. -418
6.
___ _ _______________________________
Бак,ытк,а жету жайында
50. Аталған философтардың философиясы шынайы фило
софия емес. Егер, философ жаратылысы бойынша ақиқат пен
оның күрескерлерін, эділеттілік пен оның жақтастарын сүймейтін
болса, өзінің талап-тілегінде дөрекілік пен өзімшілдік мінез
көрсетсе жэне асқа, ішімдікке келгенде қомағай болса, ақша
мен мал-мүлікті жаратылысынан жек көрмесе, онда ол жалған,
дүмбілез жэне өресіз философ болғаны. Жұрттың теріс деп білетін
нәрселері жөнінде ол әдеп сақтамаса, инабаттылық танытпаса,
жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынбаса, жамандық пен
әділетсіздікке еркін көнетін болса, шын философ емес.
51. Шын философ - зандар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбие-
ленген болуы шарт. Өзін өсірген діни-танымдық көзқарастарын-
да сенімді болуы, өзінің діні [парыз] еткен ізгі әрекеттерден
айнымауы, бұларды түгелдей де, там-түмдап та бұзбауы қажет, бұл
ретте баршаға мэлім [пікір] бойына онды деп танылған эрекетгерге
қарсы шықпауы керек және адам өзінің табиғи бейімділігіне
сәйкес келетін заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тэрбиеленуі шарт.
Сондай-ақ, шын философ эл-Фараби атап шыққан қасиеттерге
ие болумен қатар табиғи дарындылыққа да мұқтаж. Жүрт оны
қажет деп тапса да, таппаса да немесе одан пайда алса да, алмаса
да ол шын философ болып қала бермек. Әл-Фараби бұған мысал
ретінде дәрігерді келтіреді. Дәрігер өзінің кэсібі мен науқастарды
емдеу қабілеті түрғысынан дәрігер саналады. Оның емдеп жатқан
науқас адамдары бар ма, жоқ па, өз ісінде пайдалануына боларлық
құралдары бар ма, жоқ па немесе ол бай ма, элде кедей ме, мұның
мамандығьша қатысты келіп-кетері жоқ дейді энциклопедист.
52. Дүмбілез философ - теориялық білімдерді меңгеріп,
оларды бұрмаламай зерттейтін, бірақ ізгі әрекеттер мен жақсы
амалдарды жасамайтын философ. Ол адам халық арасында жақсы
деп танылған ізгі амалдарды орындамай керісінше, бэрін де өз
құштарлығы мен нәпсісіне бейімдейтін адам. Дүмбілез философ
пен жалған философтардың білім оты элсін-элсін сөніп бітеді.
Сондықтан олар бұл білімнің жемісін тата алмайды.
53. Жалған философ - теориялық білімдерді меңгерген,
бірақ табиғи дарындылығы жоқ философ. Жалған жэне дүмбілез
^
^
65-
^
Бак,ытк,а жету жайында -----------------------------------
философтар, сайып келгенде, ғылымнан бірте-бірте алшақтап,
Платон ескертетін Гераклит күні тэрізді толық сөніп бітеді -
дейді әл-Фараби.
54. Бұл фраза Платонның осыған ұқсас нақыл сөзіне сәйкес
келеді («Мемлекет».
-
489 б.
-
302-303-6.): «Ал картайған ша-
ғында олар, ілуде болмаса, Гераклит күнінен гөрі тезірек сөніп
бітеді. Өйткені енді ешқашан да қайтадан маздап жанбақ емес».
Әл-Фараби . Әлеуметтік-этикалық трактаттар . -
А., 1975. -4186.
55. Өресіз философ теориялық білімдерді меңгергенімен шын
бақыттың не екенін білмейді. Ол тек теориялық білімді немесе
осы теориялық білімдердің бір бөлігін ғана игерген. Өресіз
философ «философияның мақсаты жұрт игілік деп атайтын
бақыттың шамасына байланысты» деп есептейді. Өресіз философ
өзінің танымын теориялық білім арқылы алған ізгіліктерге ғана
негіздеп, соның арқасында мақсатына жетпек болады. Бірақ,
оның осы мақсатқа жетіп-жетпеуі
-
екіталай. Өресіз философ -
философияның көздейтін мақсатын сезінбейтін адам / мақсатын
түсінуге құлықсыз адам.
56. No 51 түсініктемеге қараңыз.
57. No 1 түсініктемеге қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................... 3
Бірінші бөлім
Теориялык ізгіліктер................................................................................ 6
Алғашқы білімдер мен үйрену арқылы келетін білімдер....................... 6
Ғылымның дәрежелері мен зерттеу жолдары......................................... 6
Алғашқыбілім- болмыстыңтөртқағидаты..........................................8
Математика ғылымы...............................................................................12
Табиғат туралы ғылым........................................................................... 14
Метафизика ғылымы..............................................................................18
Азаматтық ғылым...................................................................................19
Бкінші бөлім
Этикалық ізгіліктер................................................................................ 21
Үшінші бөлім
Ойшылдық ізгіліктер............................................................................. 24
Төртінші бөлім
Ізгілік дәрежелері мен ондағы табиғаттың алатын орны......................28
Бесінші бөлім
Тэлім жэне тәрбие.................................................................................. 33
Алтыншы бөлім
Философия ғылымы............................................................................... 40
Философия жэне дін.............................................................................. 43
Шын философ........................................................................................ 47
Платон мен Аристотель философиясы..................................................49
Түсініктемелер....................................................................................... 51
ӘбуНасыр әл-Фараби
БАҚЫТҚА ЖЕТУ ЖАЙЫНДА
Аударған және түсініктеме берген
Жалгас Сандыбаев
РедакторыА. Ауанова
Беттеген Т. Есжанов
Мұкабасын көркемдеген Р С к ак ов
ИБ No 13635
Басұға 19.06 2020 жылы кол қойылды. Пішімі 60x84
Көлемі 4,25 б.т. Тапсырыс No 4474. Таралымы 100 дана.
Сандық басылыс. Бағасы келісімді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
«Қазак университеті» баспа үйі
050040, Алматы к., Әл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазак университеті» баспаханасында басылды
САНДЫБАЕВ
Жалғас Садуахасүлы
1974 жылы Қызылорда облыс ы, Шиелі ауданында дуниеге
келген. Елімізде дін, конфессияаралық турақтылық,
дінар алық келісім, мемлекет пен дін қарымқатына сы, ислам
мәдениеті мен өркениеті сияқты өз екті мәселерде пікір
айтып, түрлі ғылым и мақалалар, кітаптар жазып жүрген
белгілідінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты.
Білімі:
2001 жылы Оңтүстік Қазақста н гум анитарлық академиясы
шет тілдер факультетінің «Араб тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік
тәмамдаған.
2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ньщ магистратурасын дінтану мамандығы
бойынш абітірген.
2007-2010 жылдары ҚР Президен тініңжанындағы Мемлекеттік басқару академиясын ың
аспирантурасын аяқтап, фи л о с оф и я ғылымдарын ың кандидаты ғылым и дәрежесін алды.
2013халықаралық«Болашақ»бағдарламасыныңтүлегі.
Еңбекжолы:
2001-2003 Оңтүстік Қазақстан гум анитар лық академиясында «Араб тілі мен әдебиеті»
пәні бойынша оқытушы.
2003-2006 ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтыныңғылыми қызметкері.
2007-2009 Алм аты қаласы Тілдерді дамыту басқарм асы ның тілдерді дамыту және істерді
үйлестіру бөлімінде бас маман.
2010-2017 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті.
2016- 2017«Ка2ІзІат.к2»ақпараттық-танымдықпорталыныңбас редакторы.
2017- 2018 Түркия мемлекеті. Кас там ону қаласы, Кас та м ону мемлекет тік ун ивер ситеті.
Теология фа культе тінің доценті.
2018 - Нур-Мүбарақ Египет ислам мәдениеті универ ситеті Акад ем иялық мәселелер
департаментінің директоры.
Жалғас Садуахасулы елуден астам мақалалар мен аударма еңбектердің, бірнеше
м он огр афиялар мен оқу-әдістемелік қуралдарының авторы.
Араб тілінен қазақтілінде жар ық көрген еңбектердің бір қатары:
Ортағасыр мусылман ойшылдары Ибн Рушдтің «Дін мен философияның байланыстына
қатысты шешім шығаратын сөз», Әбу Хамид эл-Ғазалидің «Жан тәрбиесі», «Бала
тарбиесі», «Аллаға махаббат», «Білім алудың артықшы лы ғы » сия қты тра кт ат тарын және
ә л-Фар аб идің «Теология», «Музыка тура лы үлкен кітап (1,2 Том) », «С иллогиз м », «Кіші
силлогизм», «Аналитика», «Азаматтықсаясат», «Бақытқажету жайында» жәнет.б . араб
тіліндегі шығармаларын аударып, ола рға ғылым и сараптама жаса п түсініктеме берген,
арабша-қазақша философиялық сөздік қурастырған, Сонымен қатар бірқатар діни
таны мды қ әдебиеттерді ң авто ры .
t www.magkaznu.com
КАЗАК
УНИВҒРСИТЕТІ
БАСП