Text
                    МҰХТАР
ӘУЕЗОВ
ӘҢГІМЕЛЕР
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
ӘҢГІМЕЛЕР
АЛМАТЫ «ЖАЛЫН» 1987
84Қаз7—44
Ә 82
4803010200—91
408(05)87
151 — 87
(С) «Жалын» баспасы, 1987 ж.
ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ
С. каласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Аркалык деген-тау бар. Даланын көңілсіз ұзак жолын-да кажып келе жаткан керуенге Арқалык алыстан көрініп, дәмелсндіріп тұрады. Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырым-дай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалгыз тау. Не бауыры, не сыртын-да ықтыртын жоқ ысқаяқ. Арқалық жалағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнІнде жел терісінен сокса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азы-нап тұрады. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмырткадай қылып тегістеп тастайды.
Сондыктан өзге жер ашык болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры кө-бінесе бораннан босамайтын. Алыстан караганда да Арқалық бұдыры жок жалаңаш. Көруге аса көңІлсіз.
Жыл сайын кыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандық-тан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың кұрыгынан құтылмайтын. Сондықтан бауырын мекен қылған ел көбінесе кедей болатын. Бұл жерді мекен қылған ел, ерте күннен аталары-ның конысы болғандықтан және басқа ірге аударарлық жайлы жері жоқ-тыктан, «құдайына жылап» отыра беретін. Бұлардың жалғыз-ақ медеу қылатыны Арқалыктың егіндігі еді. Бауыр сыртының шымы тұтас көделі жер болғандықтан, үй басының салған бірлі-жарымды бөлтек егінІ тәуір болып шығып, ұзақ қысқа қорек кылатыны сол болушы едІ.
Аркалықтың бұл айтылған жайлары оңтүстігін жайлаған Уакпен көр-шілес үш-төрт болыс елге белгілі болатын. Бұған себеп — Арқалықтың сырт елдер қалаға катынасатын қара жолдың үстінде болғандығы. Өткен-кеткен керуен ұзақ жолда не көлігі талып шалдығып, не өзі шаршап қа-жып келе жатқанда, қадаулы қоналқалық, не түстіктік жері Арқалык болады.
5
Арқалықтың жолы асатын кезең—Күшікбай кезеңі деп аталады. Күшікбай — Арқалықты қыстайтын бес-алты ауылдың атасы. Өзі батыр болған адам дейді. Дәл қара жолдың аузында, Арқалықтың бір кішілеу биігінің басында тастан үйген оба секілді жалғыз мола бар. Сол мола Қүшікбай батырдікі. Кезең де сол себептІ КүшІкбай атымен аталған.
Күшікбайдың кім екендігін, басынан қандай дәурен кешкендігін әрлі-берлІ өтіп жүрген керуеннің көбі білуші еді. Оларға білдіретін заманның шежіресі — дәурені өтіп кедейлік басқан, көңілсіз салқын өмірге түскен кәрілер болатын. Бұдан соңғы білдірушілердің көбі өткен-кеткен керуенге көп сөйлесіп дағдыланған, ауыл иесі болған соң, алдынан ешкІм шықпай, жаман әдеттеніп, өтірікшілеу болған адамдар болатын. Бұлардың көбі әңгіме айтудан бұрьгн, азырак шарт керек қылушы еді. Алдымен күндІзгі мазасыз суық пен қар басқан көңілсіз елсіз даладан құтылған болу керек. Өнбейтін азын-аулақ малдың соңынан жүріп, әрі іш пыстырып, әрі қина-ған бейнеттен серпіліп, күн бата үйІне келуіне керек. Екінші, көлігіне, өзІне азық сұрап, шығын шығаратын жат керуен жоқ болсын. Сол кезде үйінде бірлі-жарым көңілІ сүйетін, сыйлайтын қонағы болуы керек. Аксакал мал қоралап болып, жайланып шайын ішіп, қазан аспаның аузында кейде жыл-тылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап жаткан еттің иісі мұрнына келіп отырғанда, серпіліп әңгіме айтатын.
Жолдан қажып Келіп, тынығып жантайып жатқан салбыраңқы, күңгірт пішіндІ жолаушылар бастарын көтерсе де, жарым-жартылап қал-ғи отырып, әңгіме тыңдаушы едІ.
МІне, осындай кәңілді жайдың бірінде өткен күндердің көп әңгімесін еске түсіріп отырып, әңгімешІ аксақал сөз арасында Күшікбайдың тари-хын сөйлеуші едІ.
— Қүшікбай батыр жиырма бір жасында дүние салған екен. Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғана-сы катпағандығына қарамай, талай киын-қыстауда ақыл тауып, қажымай кайрат, ерлік көрсеткен. Осындай өнерінің аркасында ерте күннен батыр атын алған екен. Соңғы жылдарда көздеген мақсаты колбасылық болып, аяғында, оған да жетіп, егескен елінен кегін алып, егер қылып жүргенде, шешек шығыпты. Шешек ауыр болып, төсекте қозғала алмай көп уақыт жатып қалған. Сол кезде Күшікбай ауырып жатыр дегендІ естіп, талай-дан өшін ала алмай жүрген Уақтың бір батыры жауының жанын ауырт-пақ болып, белдеуде байлаулы тұрған қызыл бесті деген атын тал түсте тартып алып кетіпті. «Пәленше атыңды алып кетті» деген ағайынның же-тімсіген сөзін естігенде, жаны шыдамай, ауруымен алысып, жылқыдан ат алғызып, жалаңаш етіне бір шекпенді кие салып, жауының артынан қуып кетіпті. «Батырды мұкаттым» деп, үйіне келіп, жаңа жайланып жауы отырғанда: КүшІкбай атын ойнактатып, найзасын түйілтіп, өрт сөндірген-
6
дей болып зәрін іиашып, жетіп келген. Сол бетІмен ауылдағы самсаған сары қолға: «Согысамын, қан төгемін»,— деп әлек салған. БІрақ жнылған елдін, ішіндегі басты адамдар: «Уақтың баласы бірін-бірі өлтіріп арандас-пасын», — деп, ат-піапан айыбымен Қүшікбайдың атын қайырыпты. Батыр еліне қайта қайтқанда, ауруы меңдей бастап, атқа әрең жүріп, осы күнгІ бейіті тұрған биіктің басына келгенде, мүршасы құрып, найзасын тіреп аттан түсіпті. Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп, жан тәсілім қылған. Артынан ағайын-туғаны жылап барса: шешегінің ауыз-дарын шекііен қажап, қотырының суы шекпенінің сыртына шып-шып шы-ғып кеткен екен дейді. Батырдың көп мұратына жете алмай. жас күнінде қуаты қайнап, долданып өлгендігінен, моласы тұрған биіктің бауырынан боран, ызғар айықпайтын болған екен,— деп, бағанағы кәрі әңгімесін тоқтатушы еді.
Бұл әңгімені айтушы адамдар Күшікбайдың кім екенін жұртқа таныт-қанда, өзінің сол батырдың ұрпағы екендігін көңіліне бірталай канағат кы-лып, бойы көтерілІп, көңілі күңгірт өмІрдің уайымынан бірталай сергіп қалушы еді...
Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалган мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алы-сырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң кызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызгылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрган аз гана ала-шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел Қүшікбайдың бауырында ғана ызғырықтап, жаңада жауған көбік қарды жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі дала-ны да, тауды да ез өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ кар күн астынан қызғылттанып көрінеді.
Жоғарыда айтылган Күшікбайдан асатын қара жолдың үстіне Арқа-лықты бетіне алып, қала жақтан бір пар атты келе жатыр. Жайдақ сары шанаға биіктеп салған жеңіл жүгі бар, жақсы киінген екі жІгіт божы қақ-қан сайын ығыса жөнеліп, сары желіп келе жатыр.
Жолаушының бІрінің торғын тысты жаңа түлкі тымағы бар. Қалың киімнің сыртынан киген мол сұр шапанының жағасы қара барқыт. Аяғын-да байпағының қонышын барқытпен көмкерген жаңа қара етік. Алғашқы көрген жерден-ақ мынау мырзасы екен дегізгендей.
Бұл жігіттің Жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шокша сақалды сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қаба-ғында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді.
7
Бұл адамның күлгендегІ пішіні кұмарлыкка көп салынғандығын білді-ріп тұрады.
Бұл жігіт - Ж.-ның болысы Акан мырза. Қалаға қазынанын алы-мын салуға барып, жұмыстарын түгел бітіріп, үйіне қайтып келе жатқан беті. Қасындағы Қалтай — ерте күннен жанынан тастамайтын жолдасы. Акан болые болғаннан бері қарай, атшабар қылып, бұрынғысынан да жа-қын ұстайтын. Қалтай аса пысық, созге ұста, қалжыңқой, әсіресе Ақан-ның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрІ жылпос, әрі тілдІ ер жігіт еді.
Акан күні бойы жолда көп сөйлемей, бір нәрсені қадалып ойлағандай болып отырды. Бірақ түпсіз терен ойдың түйінін шеше алмай отырган кісі-нің пішініне түскенмен, Аканның ойы қай жерде жүретінІ белгілі еді. Ол көбінесе осындай кадалып ойлағанда, киялында бір сұлу әйелдің суретін тауып алып, соған пәлендей деп сөйлесіп әзілдессем, сондай қылып кұшақ-тасам, сүйсем дел, соны ермек қылушы еді. Қалтай мырзасының не ойлай-тынын білсе де, ерте күннен жалтаң болып өскендіктен, ашуланып қала ма деп қорғалақтап, жанын ауыртатын сөздерді бұндай күнде айтпайтын. Сондықтан Ақан үндемегенде, о да үндемей отырады.
Жолаушылар күні бойы тонбай келсе де, кешке жақын күн суытыңкы-рап, Күшікбай бауырыиың ызғырығы қатайған соң, тоңази бастады.
Божы ұстап отырған Қалтай бетін укалап, кішкене козғалып, Аканға карап:-- Батыр-ау. мына Қүшікбай «мені өлтірген інешек — осы. Ж. қа-ласы» дей ме? Немене: бір емес, екі емес, ызғырықтайды да тұрады, — деп күлді. Ақап да түсі жадыраңқырап күліп, аз сергіп калды. БІраз уақыт өт-кен соң, тағы да ұндемей, күнІ бойғы әдетпен тұнжыраса бастады.
Осылай алыс жолдан жалығып, тоңып, ығы кетіп қырындап келе жат-қан жолаушыларға Күшікбай кезеңінің түбінде бір жіңішке кара сызық секілденіп Қанайдың жалғыз корасы көрІнді. Ұзак жол қажыткан жолау-шылар осы болымсыз кішкене сызыққа карап, қоналқаға келетін үйінің әр түрлі көңілсіз жайларын есіне түсірді. Бұрынғыдан да тұнжырады. Көңіл-сіздік молайды.
Қанайдың корасы керуен қасына келгенге шейін жан иесінің мекені екендігін білдірмейді. Иесіз аңырап, ұмытылып қалған бірдсңе секілді. Қорадан жарты шақырымдай жерде басы қара-қожалақ болған кішкене төбешіктің үстінде томпайып жатқан бір үлкен кісінің, бір бала-ның бейіті бар. Жолаушылар өтіп бара жатып, әлгі бейіттерге қарап: ауыздары күбІрлеп, тоңған қолдарын көтеріп, беттерін сипап, бата қыла-ды. Қүшікбайдың басынан соққан боран жаңадан шықкан бейітті қармен көміп, қараушының көзінен тез жасырудың карекетін істеп жатыр. Иесі-нің дүниеге келгенін сездіретін ақырғы белгісі — томпиған бейіт аз уакыт-та жоғалмақ, із бітпек. Таудан аса соккан жел бейіт тұрған төбешіктің басында әсіресе қатты ызғырықтанады; бейіттің тау жагынан топырағын
8
ұшырып, екінші жағына жалданған қармен басып жатыр. Аз уақытта бейітті түгелімен кар көмгендей. Қейдс себелеп, сырғып өтіп жаткан ұсак кар өзінің мейірімсіз, ырзасыз, бірақ еркін бір куә екендігін білдіріп тұр.
Бейіттен жарты шақырымдай жерде тұрған екі кішкене қора да бейіт секілді мүләйім пішінденген. Тозығы әбден жетіп, ескіргенін төбесі де сез-діредІ. Қыры кетіп жұмырланған бұрыш-бұрышында үйіліп калған корда топырак кораның онсыз да аласа бойын жермен-жексен кылып тұр. Жан-жағына үйіліен кар кыс басынан бір күрелмегендіктен, қораныц үстіне шыгып, біржолата басып алған. Аз күнде кораны көзден жоғалтуга ай-нал ган.
Бұл күйдсн аманырак болған есіктің ғана алды. Кішкене тар күрссіні бар. Қыстау айналасының әлгіндей пішінінің үстіне, теріскей жақ бұры-шындағы бір кораның төбесі ортасына түсіп, таудан аса соққан боран әлгі тесіктің үстінде ақ түтектеніп, біресе түтін секілденіп ұйтқып, біресе қиыршыктанған ұсак карын ішке себездеп төгіп, кораиың ішін толтыруға тырысып жатыр. Та\ жактағы пішен коранын ішінде біп-гкі шошақтай ғапа тапталгап аз пішен бар. Бұнда сауырсын жотасынын бәрі кар болган бір арык қызыл торпақ жәпе екі-үш жаман токты тұр.
Қоранын сыртынан білініп турған осы секілді кнңілсіз күйін көрген адам: «Бншара. мынау кандай сорлынын корасы ексн3 теп еріксіз айт кандай. Мұны ойлаған адам үйге кіріп, қораны мекен қылған адамдарды көргенде, әлгі ойының шындығына көзі жстуші еді.
Кұндізгі біз көрген жолаушылар күн батып. кой коралаган меліілде о с ы қор а н ы ң а л д ы н а к ел і п то кт а д ы. 111 а н а л а н т \ с і п. ү с тер і н і ң қа р ы н <  іл к і 11 болған соң, Ақан мырза қораның сиқын көріп, көңІ. и іздепіп:
— Қалтай, осы үйге кайдан әкелдің? Кісі отырарлык жері дс бар дей-місің, баска үйлердің біріне бармай, - деді.
Қалтай атты доғарып жатып:
- Үндеме, негс әкслгенімді кейін білерсін, - деді.
Құлағына жайлы хабар тиген сон, Ақан ұйге кіруге асыға бастады. Аты доғарылды. Енді конактар қараңгы қораның ішіне кіріп, қабырғаны сипалап жүріп, есікті тауып алып, үйге кірді.
Үй — ауыз үй, төр ұй ретінде салған екі бөлмелі екен. Бірақ ауыздағы бөлме затында үйге арналып салынса да, казіргі қалпында үйліктен шы-ғып, әрі шошала, әрі кораның міндетін атқарып тұр. Үйліктің белгісі тере-зенің жалғыз әйнегін жапсырып қойған тесіктен және жылтылдап от шы-ғып жатқан бір бұрыштағы кішкене қазан аспадан ғана білінеді. Іші қа-раңғы. Бұрыш-бұрышында аяздаған қар, кабырғасы кара балшықпен сыланған кір. Төбесіне жапқан сырғауыл қарайған, түгел ыстан қап-қара. Терезе жақтағы бір бұрышында жана туған бір қозы және арқасына киіз
9
таңып койған бір арық қызыл торпақ тұр. Төр үйдің іші бұдан гөрІ аз көңілдірек.
Көп тұрғандықтан, май болып кірлеп, қарайып кеткен кішкене тар тесік-тен кіргенде, оң жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салган үлкен пеш бар. Одан жоғары бояуы көшІңкіреген ағаш төсек. Үстінде іждиһатты қол-мен жиылған сұрғылт түсті көнетоздау екі-үш көрпе, жастық. Есікке қар-сы төрде кішкене жүкаяқтың үстінде екі ескі сандық, үйдің қалган жерінде бөтен еш нәрсе жоқ. Төр дегені екі-үш кез ғана жерге жайылған ескі құ-рым киіз. Соның үстінде бір-екі ескілеу сырмақ. Үй ішінің барлық жасауы осы. Бұл үйдің де қабырғасы көп жылдардан берІ сыланбағандыктан, әр жерінен кара балшыгы шығып, кір болып, кожалақтанып тұр. Пештің де өне бойы не күйе, немесе қожалақ болып, кей жерлерІнІң кәрнезі сынған — о да тозыгы жеткендігін білдіргендсй. Оңтүстікке караған екі көзі жамау-лы кішкене терезеге тау желІ гуілдеп соғып, әр жеріндегі тесігінен тыста-ғы суық бу болып кіріп тұр. ҚөздерІнің бәрін қырау басқан аппақ. ПештІң қырында тұрған кішкентай жалаң бас лампының жалпылдап жанған болымсыз жарығы үй ішінің қараңғылығын зорға жеңіп, азғана елпілдеп, күнгірт, қызғылт сәулесін түсіреді.
Бұл үйдің барлык жаны — үш-ақ әйел. Пештің жанында біріне-бірі тығылып, бүрсиіп отыр. Әйелдердің біреуІ -- сексеннен асқан, кәрілігі әбден жсткен кемпір, екіншісі қырықтың шамасындағы әйел, үшіншісі он үш жастағы қыз. ҚемпІрдің жасы қартайып, қуаты азайғандығы шын болса да, бетінде ерекше бір қайрат білінеді, еркек пішіндес, кесек. Үлкен, жалпақ маңдайлы, қошкар тұмсықтау келген үлкен мұрынды. Тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене еткір көздері қажыған салқын жанармен жалтылдайды. Маңдайы мен екі ұртына түскен қатпары, қалың терең әжІмдері өміріпің талай қайғы, талай бейнетіне куә. Бұл кемпір — осы үйдің қазіргі қожасы. Ана әйелдің біреуі — келіні, біреуІ — осы ке-ліннен туған немере қызы. ҚеліннІң пішінінде не жақсылыгына, не жаман-шылығына айғак болған ораеан белгі жоқ: орта пішінді, орташа жара-тылған адам тәрізді. Бірақ бұның пішінінде де өзгеден бөтен бір жаттық бар. Қадағалап қараған кісіге ол көрінетін. Тұңғиық қара көздері бір қараған жерден аумай, ылғи жансыздықпен қарап тұрганына көзІ түскен адам бишараның кім екенін айырушы еді. Ол жаңа арада екі көзінен ай-рылған суқараңғы едІ. Бұл екі әйелге ермек, жұбаныш болып бтырған — жас қыз. Ол — сыпайы нәзік болып өскен Ғазиза: жіңІшке сұңғақ бойлы, аз ғана секпілі бар дөңгелек ақ сұр жүзді Ғазиза. Қөрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қа-райтын қара көзІнде және ылғи шытынаған, кІрбеңдегең қабағында қалың уайымның салған ізі бар. ПішІні мұңды, жүдеу. Жас басына орнаган қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып түр.
10
Бұл баланың уайымы не? Уайымы —сол үйдегі үш әйелге ортақ бол-ған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдыр дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіттер сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің куаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қа-бырға өліктермен бірге көмілген. Ол — кабІрде жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және жаны туысқан жалғыз кішкене бауыры Мұқаш. Осы бүгінгі кештен бір ай бұрын әкесі мен бауыры қабат жығылып, сүзек болды. Ғази-занын ағам өлсе, күнім не болады деп, күндіз-түні бірдей тыным алмай, құдайға құпня сыбырлап, оңаша жерлерде тыста жүріп өксіп-өксіп жыла-ғаны, кемпір әжесІнің мойнына бұршағын салып, ата-бабасының аруағы-на жалбарынғаны себеп болмай, екеуі де өлген.
Иесіз корада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып зарлап қалғанда, маңайынан жиылған көрші-қолаңшы ғазиздерінІң сүйегін суық қабірге салғанын ойлаганда, әрқашан Ғазизаның жүрегІ шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жасы тамшылап кетуші едІ.
Бұл бала жасынан көкесІнің жалғыздығын, ағайындарының достығы жоқ каттылығын ойлап, сыртына шығарып ешкімге айтпаса да, сол әкесіне жаны ашып, тілеуін тілеумен өскен. Ол көңілді болған уақытта - бұл да көңілденіп, қуанып отырушы еді. Жасынан сезімді бала зерделілІгімен әкесінің жалғыздығын, шаруасының нашарлығын ұғып, соған қолынан келгенше көмек қылғысы келіп тұратынын сезген соң, үй іші түгелімен Ғазизаны әлпештеуші еді.
Бұрын әкесі тартатын ауыртпалықтың бәрі бұл күнде Ғазизаның өз басына түскен. Еркек істейтін шаруаның бәрін өзі істейтін болып, әлІ кел-генше үйінің барлық шаруасын ұстап тұрған — өзІ. Соңғы аз уақыттан бері бұл қызметінің үстіне, тагы үй ішіндегі бар жұмыс масыл болып мой-нына мінді. Бұрын тыстағы шаруасына да көмегі тиіп, үйдегі барлық ша-руаны жайлап отырған шешесі жиырма күннен бері көзінен айрылып, соқыр болды. Жақыптың тірі кезінде көзі анда-санда ауырып қалып: «шөп түсті», «көз ауру болдым», «желге асқынып кетті» деп жүре берушІ еді. Жақып өліп, көп жылаған соң, сол көзІ аз күнде сукараңғы болды. Үй ішінің қайғысы бұрынғысынан да асты. ЖетІм-жесірге ес болып отырған кемпір, басынан қара тұман айықпай. үсті-үстІне қайғы жауып, қабат каза көрген соң, құдайға, тағдырға нанған көнілмен бір уақыт шын жал-барынып, назаланып: «Құдай-ау, не күнә сұмдығымнан осындай қазаға душар қылдың? Не жазығым бар еді?»— деп меңіреу дүниеге сұрақ қою-шы еді. Ауыр өксікпен күрсініп, кеудесін жарған уайымның жалынын, еш-кімнен жауап қайтпайтынын білсе де, анда-санда дауыстап айтып отыру-шы еді.
Ғазиза да екі шешесімен қосылып, жүректерін жеген қайғыларын сыр-тына шыгарып сөйлескенде, бұрынғы өткен күндерін сағынушы еді. Қемпір
11
оны да еске гүсіріп: ол күн де бір дәурен екен ғой, Жакын тІрі тұрганда, кімнен кем, кімнен қор едім!?— ден, аһ ұрып алып: ендігіні айтсаңшы, тіс-тегеннің аузында. ұстағаннын колында кетіп отырған деп,— ұнсіз жылайтын.
Күндегі әдетпен белгілі уайымның соңында бишара әйелдер отыр-ганда, ауыз үйдің есігі ашылды. Үшеуі бірдей: «Бұ кім?»—десіп есікке караганда, бұлар отырган үйдің де есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киімдео киген екі конақ кіріп келді.
Ғазизаның соқыр шешесі Ғазизаны түртІп, қонактың кім екенін сүра-ды. Ғазиза қонактар келген жердегі таңданған пішінмен ақырын: «Біл-мей.мін, танымаймып!»—деді. Қонактар киімдерінің қалған қарын қағып, төрге шыгып отырған соң, ас жаулык әкелгізді. Ақан құран оқыды. Ар-тынан Акан да, Қалтай да үй ішімен амандасып, кемпірге қарап:
- Құдай ісі сыпайышылық, акырының қайырын берсін!— деп, жай-лап көңіл айтты.
Үй іші конактар алгашкы келгенде, таңданса да, артынан пішіндерін, калыптарын көрген сон, жетімдік халдеріне мүмкін болған дәрежеде кө-ңілдепіцкіреп, жадырап, шамаларынша серги бастады. Еркектері өлгеннен бері, калған әйелдсрдін уайымынан босаған шағы осы бөтен кісілер кел-генде ғана болатын. Одан баска уакытта ұшеуі үйде оңаша отырғанда, жеіімдік-жалгыздык та, корғансыздық-сорлылык та көздсріне айкын көрініп. көңілдерін мұң мен зардан айықтырмаушы еді. Сол ретпен қазір-гі конақтар келгендс де, кабақтары жадыраган себебІ осы едІ.
Қонактар шай ішіп, жайланып болды. Кемпір ауыл ақсақалы — бас-ты сркектерше конактармен әр нәрсе жайынан жақсы сәйлесІп отырды. Кемпірдің байсалды сөзімен қонақтарын құрметтегісі келіп отырған ыкы-ласын және кайратты жұзІн байкаган соң, Ақан да әр нәрсенің жайынан сөйлесуге жалыкпайтын сияктанып отырды. Басында кала жайынан, ел жайынан қыска-кысқа хабарлар айтып отырған Қалтай еді. Шай артынан екі конақ көбінесе кемпір сөзІне құлак салып отырды. Қемпір, қонағы — бір елдің болысы болған соң, оның үстіне сөзінін салмағы бар жуан ауыл-дыц баласы болган соң, екінші, әрлі-берлі өткенде, бірде болмаса, бІрде сөзім, ісім түсер деп, өзінің баласы өлгеннен бергі жайын білдіріп коюды ойлады.
Осы оймен езІнІң жай-күйін айта бастады. Қемпірдің әңгімесі шешен ұғымды тілмен ұзак айтылды. Даусын біресе тиістІ жерде катайтып, өңін ажарландырып. біресе ақырындап келіп, аяғын сыбырлап жеке-жеке ай-тып, ұгымды қылып, барынша көңіл-іждиһатпен айтты, ӘңгІме әлпеті өлер алдындағы қоштасып отырып айтқан немесе бір үлкен марқабат күткен кісісІне жаны қысылған уақыттағы үмІт, тІлек айтқан сөзге ұксайды. Аканға карап, кабағындагы кІрбеңі жадырап, сөз бастады:
12
— Қарағым, біздің хал-жағдайымыздың шет-жағасын көріп-біліп отырсың ғой, - деп, тағдырдың барлық суыгына, зардабына, азабына шы-даған, шыныққан қайратты, сабырлы пішінмен күрсІніп алды.— Біз жетім-жесір калған панасыз бишарамыз. Барлық дүниенің таукыметін арқалап қалған жас балам — анау. Мен болсам — сарнаған тІлімнен басқа түгім қалмаған, қайратым қайтқан, бір аяғым көрде, бір аягым жерде түрған қуарған бір кемпірмін. ЕкІ көзін алып, құдайым мүгедек қылып қойған келінім — анау. Өзіне күтушІ керек қылып отырған ол бір сорлы.
Әрі өтіп, берІ өтіп жүргенде, сондайлық бишаралар еді-ау деп есіне ала жүрсін деп, айтып қояйын деп отырмын. Қүндердің күні болып жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп отырган үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың. Жайымды айтып қояйын: ең болмаса — жылы сөзіңді айтарсың. Бөтен елдің жұмысына не сөз айтам демессің. Сендердің сөздеріңді тастай алатын Уақтың баласы жоқ қой. Бүл арада отырган елде адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секІлді жыбырлаган ұсақ. Корык-қанына ғана жауап беріп, қорықса ғана айтқаныңды істейтін сұмдар емес пе?! Міне -.менің Жақыбым өлгеніне екІ ай болды. Біреуі туыскан
болып: «бишара, жайын қандай, шаруаң не күйде» деп, есіктен карады ма екен. Қайта үйімізге келсе, шетінен тысырайып, жуанымсып келеді. Ылғн жетім-жесір деп кызығып анталап, бІр пәрсемізді аузына түсіріп алғысы кеп тұрады. Ұялмағырлар, ұялмастан бізді жегісі келіп тұрады. Мен сорлы балам өлгеннен бері, солардан көрген зорлығымды айтайын деп отырмын.
Жақып өлді. Одан бір жұма кейін, «Жығылғанның үстіне жұдырык» деп, Мұкашым өлді. Күндіз-түні жылауда болып есеңгіреп отырғанымыз-да: енді бұл үйдің еркектері кетті, ылги ұрғашы үй болып отыра алмай-ды; дүниесін бөліп аламыз; қатындарды әркайсымыз колды-колымызға аламыз деп, балаларымның бет топырағы жасырылмай жатып, суық сөз жүргІзді ғой. Баламның тірі күнінде ағайын ішінде жакын көріп, бауыры-на тартып. қолына түскен азын-аулағының жартысын жырып беріп жүр-ген, жар дегенде жалғыз сенген Ысмағұл не кылды? «Жақып өлгенде, бата кылушыларға мен қойымды сойғамын»,— ден, Мұқашым кысылып жатканда, даладан ет таусылса — сойып аламыз ба деп жүрген жалғыз ту қойымды әкетті ғой. Мына келінім «Шаруаға ие болатын кісімсіп коқақ-тамасын, одан да Жақыпты жоқтауын бІлсін, малға ие болам деп жүр ме өзі?!»— деп айтады дейді.
Менің балам тірі болганда, соның тіршілігІнен аужал алып телміріп отырушы еді. Балақтағы биттІң басқа шыққанын көрмеймісің? Бұлар үшін қарағым не көрмеді?— дей келіп, қабағын көтеріп, күрсініп алып: -сол тірі болса, маңына келе алар ма еді? Бәрінің де... боғын жуып, жақ-сысын асырып, жаманын жасырып, адам секілді қылып, осы ауылды адам қатарына косқан сол емес пе еді. Жоқтығына қарамай: үйін — базар,
13
түзІн — тон қылып, думан кылып отырудан босаушы ма еді. Момындығы, биязы сыпайылығы қандай еді, топырағың торқа болғыр, қарағым!
Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар ма? Жақы-бым осы жолы ауырғанда — солардың кеселінен ауырған жок па! Менің қайнымның мылжың Дүйсен деген баласы бар ғой. Қатынша жыбырлаған-нан басқа, Істейтін адам сияқты бір мінезі, бір ісі жоқ. Жаннан асқан дүниеқоңыз. Үйіне бір қонақ қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, тыжырынып отырады. ҮйІне қонақ қонған күні қатынына тыныштық жоқ: еттІ көп асасың, мені құртасың деп мыжиды да отырады. Соның үйіне қыс басында Шұбарадырдың көп ұрыларының біреуі келеді. Мылжың тама-ғым жок, жатқызатын жерім жоқ деп, түн ішінде, боранда қуып жіберген. Ежелден Уақты кісі ғұрлым көрмейтін; екІ сөздің бірінде «Шауып алам, айып алам!»— деп тұратын. Өктем елдің баласы бұл қорлыққа шыдасын ба? «Өлмесең — өрем қап» деп далаға тентіретіп жіберген соң, сол түнде келіп, қорасын талқан қылып жарып, төрт-бес семіз қойын, малға мініп жүрген екі атын алып кеткен. Соған өзІ іздеп баруға корқып: «Барсам, тағы атымды алып қояды»,— деп, Жақыпқа келді ғой. «Сенімен ол елдің басты кісілері таныс, сөзіңді тастамайды. МенІң малымды көрнеу қоя беріп отырамысың?»— деп асылып отырып алды. Жер-жебІріне жетіп ұрсып:
— Кұдай сүйер қылығың жоқ. Қазанбұзар үй тентексің. ҚІсІ ығыса-тын айдының жоқ, неменесін жуансисың?! Бір күні болмаса бір күнІ керек ағайыннан жалғыз жІлігіңді аяйсың. Жуан болсаң, мықты болсаң, осы Арқалықтың түбінде өткен-кеткен бІреумен ырылдасып неменеге отырсың? Дүниенің астын үстіне аударып, сенің болысыңнан оның ұрысы жуан бо-лып отырған Тобықтыға сенің жол үстінде тұрған жаман лашығың жүк болып па?! «Өтпес жарлық — бойға қорлық» екенін әлІ күнге неге біл-мейсің?— деп, жерден алып, жерге салды.
Аяғында, мойнына су құйылып: «Өзіңнен басқа сенерім жоқ»,— деген соң, әлгІ иттің малын іздеп кеткені ғой. Табандаған жиырма күн жүріп, табанынан таусылып бармаған кісІ қоймай, аяғында, бар малын алып келдІ. Үрысы жуан ауыл екен. Басында ел кісілерінің сөзіне көнбей, «Дүйсен мылжыңның ызасы өткен»,— деп, қасарып болмапты. Сонан соң елдің басшы адамдары: «Мұнымен құда бол, әйтпесе малың тимейдІ»,— деген соң, мылжыңның 9-10-дағы қызын ұры ауылдың соқталдай бір аза-матына бермек болып, сөз байлап, малын алып қайтыпты. Сол ұрымен осы күнде бал жаласқан құда болып отыр. Жақып сол жолда суық өтіп, өңі қашып, қу шүберектей болып келді. Артынан, немене, екі-үш күн өткен соң, қатты жығылып, төсек тартып жатып калды. Аяғы, мінекей — мынау болды. Жә! Сол мылжың осы күнде не істеп отыр де?
Менің балам қолының қысқалығына қарамай, анаған да, мынаған да араласып, ертеңді-кеш қарап отырмай, сауда қылатын еді ғой. БІреуден 14
аткөпір қылып алып, біреулер аткөпір қылып беріп жүретін. Қімге не берІп жүретінін бІлеміз бе? Қарағым кейде сыр қылып, не істеп жүрсің деп сау-дасының жайын сұраганда, күліп: «Апа, соны не қыласыз, мен тірі болсам, аштан өліп, көштен қалам деймісіз»,— деп жүре беруші еді. Бүгін басыма күн туған соң, біліп отырмын ғой. Әйтпесе Ішкен-жегеннен басқаны біліп пе едік? Жалғыз-ак, өтетінінен бір күн бұрын, қолына қағаз-қарындаш алып, есеп-қисабын жазды. Қағазының есеп-қисабын көрсеткенімде, жүрттың айтуынша, бересісіне қарап, аласысы да бар екен. Балам дүние салып жүре берді. Артында қалғанын есептеп отырып, қақ жартысын өзінің жаб-дығы мен бересісІне шыгарттым. Осы күнде қолымызда қалғаны — он шақты тұяқ, екі-үпі қана ірі қара. Елдегі аласысын бұл күнде ізден алар бізде дәрмен жоқ.
Сонда жұртқа беретін бересісін есепке алып төлегенде, өз елімнің Мәрден деғен пұшығына бермек үш қараның сомасындай борышы бар екен. Әлгі құрғыр ойымыздан шығып кетІпті. Он шакты күн болды, сол келіп, малын сұрап жүр. Біздің қолымызда қалып отырған азын-аулақ малы — мынау. Одан берейік десек, шұбырып кеткслі — біз отырмыз. Қарағымның мойнына қарыз гып, өзі жинаған азын-аулағын өзінІң сауа-бынан аяйын деп отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ дүниесі құргырдың тар-лығы жалтаң көз қылып өлтірІп барады. Елден баламның аласысын жнып алғанша деп сөйлессем, жай-жапсарымды айтсам, пұшық тоқтайтұғын. Бірақ соны маған сөйлестірмей, әлгі Дүйсен деген мылжың бар, тагы толып жүрген Бөрала секілдІ туысқандарымыз бәрі бас қосыпты. Сөй-лескен сөзі мынау: Мәрден - Тобықтының жуан аулының кІсІсі, ол ақы-сын сіңіртпейді. Жоне ол Жақып үйінің жай-күйін білІп отыр: оларды жылатып еш нәрсе алмайды, түбінде осының пәлесІ бізге түседі. Басы аман, малы түгел, Жақыптың отына бірге кұйетін жақыны деп бізді ұстай-ды. Біз бұдан басымызды амандап құтылмасақ болмайды десіптІ. Соған жасап отырған айласы не деші? Қарағым, айтуға ауыз бармайтын сұм-дык. «Тышқанның өлгені — мысықтың ойнағаны» деп, сндігісі — қалған көзімнің қарашығы — жалгыз Ғазизамды жылатпақ. «Қешегі Жакыптың аруағы лағнет окымасын, Мәрденді де жылатпайық: бныл бұның қатыны өлген, Ғазизаны соған берейік»,— дсп айтады дейді. Қеселділердің осы сөзін естігенде, мына отырған балам зарлап қоя берді...
Осы сөзді айтқанда, кемпір маңайындағы жауыздықтың бәрін айқын көріп, өздерінің сол жауыздықтың қолында бір ойыншык болып отыр-ғанын көріп, ызамен көзінің жасы сорғалап ағып кетті...
Ақан мен Қалтай бұл әңгІме айтылып отырғанда, жайланып шынтақ-тап, жантайып жатып, анда-санда көздерін Ғазизаға жіберіп қойып, қада-галап қарап отырды. ҚемпІрдің сөзін жалықпай тыңдап отырса да, Ғазиза-ға қарай қалған пішіндерінде көңілдегі бір алаңдык пен іштсріне жасы-
15
рыпғап жат ойдын белгІсі көрініп тұр. Ғазиза анда-санда ауыз үйге шы-гын, отты кағыстырып және басқа әр түрлі ұсақ шаруаларды карастырып келіп отырды. Қонактар алғашкы келгендегі кейіс Газизанын қабағынан әлі жадыраған жоқ. Жалғыз-ақ айрықша сыпайылығы және ұндемей акырын жүріп, биязылықпен істеген істері ішіндегі сырын сыртына шы-ғармай, жасыңкырап отырды.
Кемпір қызарған көзін сүртіп, әңгімесін қайта қозгады. Ендігі даусы ашулы, катаң келді:
- Кешегі баламнан қалған жалғыз көзім - бұл жылаған соң, бізде не тақат тұрады. Бұны жылатқан соң, қуарған қу өмірдің не бағасы бар? Сол сөзді айтқызып отырған сұмдарды қарғадым, ұрыстым. Одан баска біздің қолымызда не тұр? Жыластык; аяғында, сонымен койдық. Міне: екі-үш күн болды, сол пұшык әлі күнге кеткен жок дейді. Енді әлгі мыл-жыңның катыны жеңгетай болып жүрсс керек. Менің қарағыма келіп ай-тады дейді: «Шешелеріне жанын ашыса, Мәрденге барғаның жөн емес пе? Сен жігіт болып, осы үйіңнін жұмысын баскарып отыра аламысың? Онан да өзің біреуге сүйенген болсаң, сен сүйенгенге шешелерің де сүйе-неді ғой»,— деп айтады дейді. Сөзінің қыршаңқысын қарасаңшы! Мен сонда баламды бір пұшыкка бермек пе ексм?! Қатынының, мылжыңның өзінің ойы да менің балам көнсе. пұшыққа жетектетіп қоя бермек болса керек. Қасиет бар ма оларда! Қәпірстан болмаса ойласайшы! Менің үйім — осы ауылдын үлкен үйі. Бүгін сол қара шаңырағының кұруға ай-налып отырғаны — мынау. Қүрымаганда, кім қалды? Бұл үйдің жайын ой-ласа, түмсығы тасқа тиетіндей болған жок па? Епдігі қалган біз қалқиып: «Баламның ізін жоғалтпаймын, орнын сақтап, құранын үзбейміз».— десек, соны ұкпайды. Ұкса ла өзінің кұлкыны үшІн «осы айтқаныңды істетпсй-мін» деп анталап. колымыздағы азын-аулаққа кәзі тұнын, соны бөліп алуга асыгады. Әлгі менің баламды ана пұшықка беріп жібермек болып жүргендегі ойы не деші? Қарағым, бүгінгі дүниеге ие болып, қалқиып, осы азын-аулақ шаруаны ұстап отырған Ғазиза ғой. «Осыны бірдеме кылып көзден таса кылсам, мына кемпір мсн ана көзінен айрылып отырған қатын шаруаны ұстай алмайды; мұнан соң бар малымен, дүниесімен өз қолыма тиеді ғой»,— дейдІ.
Менің баламның жылағаны оларға не керек? Жақыптың аруағы ырза болмай, күңІренгені не керек?! Қу құлқынын ырза қылса болады. Міне-кей «Қас жаман. қасындағысын қарақтайды» деген осы. Қөрер көзге моп-момын, мүп-мүләйім болып жүрсе де, ол мылжыңның іші осындай. Кеудесі толған — борсып жатқан бықсыма арамдык- Артынан естідік-ау, карағым, тагы: «Баласы баруға ырза болса, болады,— ден айтады дейді.— Ол ырза болса, қатындарға сөз салмай, баланы мінгсстіріп кашырып жі-береміз»,— дейтін көрінеді. Мінеки, қарағым, осы айтылып отырған дүш-
16
ианнын, дұішіандығын ойлағанда, онсыз да каңгырып отырған басымыз дал бо.чады. Дүниенің барлық таршылыгын ойлағанда, акылымыз алтыға, ойымыз онга бөлінеді. Осылардың осындай корлыгын ойлағанда, осы жер-де өлс калгым келедІ...
Кемпірдің көзінен тағы да жас моншактап домалап, алдына түссді.
- Құдайдың менің өз басымнан, менің ұрпагымнан аяган қазасы бар ма? Жасымда шешем өліи, өгей шеіпсмнің колында калып, жетімдік-тін. зарын өзім тартып сдім. Содан өмірім жылаудан, күйіктен арылган емес. Енді к.артайып, төрімнен көрім жуық болғанда, құдайдан ертсңді-кеш тілейтінім: «Жақыбымның жаманатын естіртпе, осынын алдында ал’»-деуші едім. Ол тілсгімді істемсді,— леп, көзінен бетіне аккан жасын жеңі-мен сүртіп, мұрнын сіңбірІп: - тілеуі кұрыган сорлы мен бұл күйік, бүл дертті көргенше, шіріссм едім'- деп, сөзін токтатты.
Қемпір барлық мұң мен шерін айтып отыргапда, бір калып, бір пішін-мен гыңдан отыргап Лқан әңгімс біткеи соң, басыл көтеріп алып, кемпІрді жүбатпак үшін аз сөз айтты. СнзІн іиала естірлік қылып ақырын айтқан соң, үгымсыз бірдеме болды. Сезімді адамның жүрегін шаныштырып тік-сіндіретін, жұртты мінезінен жирендіретін, түңілтетін көрнеу жауыздык-тар, ауыр халдер Лқанга көп әсер бере койіан жоқ. Ж.алғыз-ақ сол әңгі-менің ішіндеболып корлык көруші, ыза шегуші, қайраты-қуаты жоқсорлы кемпірдің өзі айткандығы аз іана жүрегінің тыныштық, сезімсіз қалпын бүзгандай болып отырды. Бірақ күндегі өміріндс бұл секілді талай жауыз-дыкгы көріп, өзі де сондайлардың ішінде болып жүргендіктен, мына естіп отырған сөзінің бәрі көніліне таныс, таң қаларлық тамашасы жоқ. Оқып ксткен сабағы секілді. Кемпір борін айтып жылап, кызы мен келіні ішінен тьшып, қайғы жұтып отырған күйін ойлағанда, азырак сілкінгендей бо-лып: «Осығаи жаиашырлық-ау!»—деп, жүрегін зорлықпен жұмсатайын десс де, аздан соң сезімсіз салқын калпына қайта барып отырды. Бұл адамның Іші жак^ы сезімге жат болып кеткен бір күңгірт дүние сияқты. Өз басына келгені болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыргпалық пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті көңіліне қонбайды, сезіміне сің-бейді, тіпті ұғылмайды.
Бұл сағатта кемпірдің жүзіндегі калын уайым жүрегінде қандай тол-қын барлығын көрсетіп тұр. Әңгімесін аузымен токтатса да, көңілінше соның аяғын тағы да созып, түкпірлеп ойлап, қайғының қабат-қабат шы-ңына акылымен кіріп отыр. Бұл уақытта ойлап отырғаны — өтіп кеткен күп емес, алдында келе жатқан күннін жайы. Кемпір келешекте көзі көре-тін ауыртпалықтың, кайғының бәрін де көз алдына анықтап келтіріп, іші-нен «осының бәрін көретінім рас, осындай азап, касірет тартатыным шын» деп бас иіп отыр. Бірақ адамның жүрегін пішінінен танитын кісі болса. кемпірдің жүзіндегі халдІ көргенде, еріксіз бұл адамды көңілімен күрмет-2 227
17
тегендей еді. Дауылдың кара бұлтындай болыи, әдейІ басына арналып келе жатқап қайғы-касіретті көріп, соның алдынан айласыз-әлсіз күйдс өзініц отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің жүзінде үлкен сабыр бар. Кү-йш-пісін жасығандықтан белгі жок. Сынбаған ажар, қажымаган кайрат, кен. салкын ерлік бар.
Ақан Ғазизага алғашқы кезде-көп карауынан әлі күнге тані ап жоқ. Қемнірдің көзі өзінен ауғанда, оның көзі тек Газизада болып отыр. Көиі-ліне орнаған ойын қараған сайын. пішінімен мағыналандырып Ғазизага білдірмек те. Бірақ кәңілІ бұзылып, жаманшылыктың бетін көрметсн Га-зиза ол қарасты ұіуға шорқақ болды. Ол әз піпіінімен еш нәрсенің бел-і ісін берген жок. Ақан кәп қарағанда, ол кымсынып, қысылыңқырап, бия-зылығын сақтауды ғана ойлады. Біраздан соң ас пісті. Қемпірдің сыйла-мак болып салғызған тәтті-дәмді тәуір еті конақтардыц алдына келді.
Бірталай уакыт өтті. Конақтар тамағын ішіп жайланып, біраз отыр-ган соң, жатуға ыңғайланын, тыска шығуға айналды.
Кемпір конақтарды әуслдегі сый көрген, кұрметтеген көиілімен Ғази-заға: «Қарағым, конакіардың атына шөп керск кой; өзің шам алып бірге шығып, шөп алагын жерді көрсетіп бер»,— деді.
Газиза бұрын ойына еш нәрсс келмссе де, Ақанныи көп карағанды-ғынан сол арада сескеніп, біраз үндемей тұрды. Аяғында, піыкпасыпа бол-майтын болган соң, шешесінің сөзіне зорға көніп, қонақтардың артынан бұ да шықты.
Акан Газизаның үйіндс отырғандағы ажарынан үміттенерлік еіп нәрсе көрмеген сои, тысқа шыққанда Калтайға сыбырлан жасырын бірталай сөз айтты. Қалтай басын изеп, сөзін мақұлдады. Ғазиза бұл окиғаны көр-гсн жоқ. Артынан бІраздан соң Ақан қораның ішіндсгі есіктің аұзында калын, Қалтай мен Ғазиза шам ұстап, пішен коранын ішіне кірді. ГІІіиен қоранын бұл жері қоранын. ішінен катынасатын, жаңадан желініп жүрген кішкснс унгір еді. Барлық кеңдігі бір-ақ кісі сыйғандау, төбесі аласа бір куыс. Ғазиза шам ұстап ауызда тұрды. Қалтай пішен қораның ішіне кірі-сімен, інөпке карамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа нәрсе екенін сездіріп, өңі нзгеріп. өтірік күліп қуланып, әдеисіз мінезге түсіп, ойындагы дайын-дап алгзн снздерін сөйлей бастады. Газизаның алдында сескенген ойы Қалтайдың нс айтпагын сезіп, катты ашуланып, бІр жағынан намыстан-ғандай болып, сөзінің аяғын бітіртпестен:
Сеиің ойыңдағы сұмдьныңды білмей түрмын ба? Аулақ жұр! Мен сенің мазак кылатын кісің емсспш!- дсп, лампыны жерге қойып, жөнеле берді. Қалтай күтпеіен сөзді естігенде: басындагы кұліп тұрған иішінін жия алмай, оның үстіне аңырайып аң-таң болып, ойына сш нәрсс келмей, біраз тұрып калды. Ғазиза сол бетімен жүгіріп, екінші қорапың есіітнен шыға бергендс, ссІк алдында екеуінің сөзін естіп түрған Ақан ұстай алды.
18
Газизаның әуслде үрейі ұшьгп кетйі, есін жиып алғанша. Акан көтеріп пішен қораның қуысына алып келді. Қалтай шамды өпйріи жіберіп, кора-ның шііне к.арай кетіп қалды. Дүниені қараиғылық басты.
Еазизаның урейі ұшын, жүрегі тулап, есІ шыккандай болып, сезім-нің бәрі жоғалып. жалгыз-ак «құтылсам-ау!» дсгенді оңлан, қайта-қайта к.атты жұлқынып ұмтылды. Сезімі жоқ, катты ұстаган мықты кол ракым ойлан жібермеді. Еріксіз өз еркіне көндірді. Жалғыз-ақ қараңғы куыста жалынған. жалбарынған, біресе есі кетіп, жүрегі жаншылып, үзіп-үзіп жылаған дыбыстзр келеді. Сезімі жок жауыз қара кұштің кылган күнәсы мен зұлымдығына қатты тон жер. суық балшык. көрдей қап-қараңғы дү-ние куә болды.
Қалтан алғашкы бетімен тоқтяй алмай, қакпаны ашып тыска шықты. Жел күндізгісінен катайған. Күң алақаншыктап қатты борап тұр. Қалтай к\ рееінге таман шығып еді: гуілдеп, екпіндсп соккан қатты жел дедекте-тіп, бетіне ұсак қар себелеп ығын кетірген соң, қайтадан кораға кірді. Алдынап ентіі іп, беті дуылдап, қызарып. жаиа болған кұмарлықтан бұ-зылган түрмен Ақан шыға келді. Екеуі дс сөйлескен ж.ок. Бірақ көңілдегі істерін айтыснай-ак ұгысты.
Газиза зорлықтан босанганда, есі ауынкырап, кеңіліне дүние -лүнпслігін жогалтқандай, озінен алыстаи бара жатқандай болып кнршді. Бұл сезім бұл үакытқа шейін көиіліне келмеген, аса жат бір суықссзім. Биіктсп тайғанап кұлап келе жаткандағы сезімдей бір түрлі шолақ, ұғым-сыз. Не қыларын білмей, өксіп-оксіп жылап, жерден басын кетерген қал-пында отырып қалды. Бірталай отырған соң, ептеп есі кіре бастағандай болды. Бірак ееі кіргсн сайып, ойына келген нәрсе өзгеше суық түрде. Әуелі әкесі өлгеннен бергі басына түскен ауыр .хал түгелімен квз алдына тез елестеп өтті. Акырында, сокыр болып, мүгедектеніп отырған шсшесі; қартайып кайратынан айрылып, ксмтар болып отырған ксмпір әжссі есіпс түсті. Басында бір ойына келген норсе - шсшелерінс барлық көргсн қорлыгын айтып жылап, зарлап жату еді. Артынан әлгілсрдін әлсіздігіп ойлағанда: іші құсаға толып, жас жүресі жаншылып, бұл күнгс шейін көрмеген азабын тартты. Жас күпінен бір ұйдің түгелімен еркелетіп ала-канына салған баласы. Еш уакытта кэнаттыға қактырып, тұмсықтыға шоқытқан емсс. Жүрегіндс ар-уят та. жіғер-намыс та бірге өскен. Кедей-лігінен. қорғансыздығынан баска міні жок, салмакты, таза тәрбиелі бала - бұл күпде сол не көріп отыр?
Әкесі өлгеннен бергі: «Ә, күлай, біреудін зорлығын, корлығын көр-сетпе!» - деп тілеген уыз тілегі кайда кетті? Бұрынғы бейнет, бишаралык былай тұрсын, мынау көрген мазак не? Осынша корлау, рәсуалаү не? Әуелдсн бсргі қазаны көрүіне осы каршадай жас баланын не жазығы бо-лып еді. Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлык, зұлымдыкты көру-
19
гч' не жазық кылып сді? Кандай арамдык, не бұзык кұлқы болып еді? Ешбіріне жауан жок. Бірақ кайда жүрсс дс, артынан көлеңкесіндей кал-май жүргсн бір сорлылық, бір жылау.
Осы айтылған сөздіц бәрін Ғазиза мұндайлык толық қылып ойлама-са да, әрқайсысын көцілмсн жүйрік аралап өтті.
Осыны ойлаған сайын, жүрегін ыза керней бастады. Көңілдегі күштІ намыс сілкініп оянгандай болды. Барша басынан кешірген жетімдікке, бей-нетке, жалғыздыкқа, корлық-мазақка түгелімен қарсылық ойлады. Өмі-рінде сыртына шықпаган ашу, ыза, намыс барлык сркін билсп, дуылдап басына бір-ақ шықты.
Қорлық, мазақ көргсн Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кегті. Жастығына лайык болган үміт, қиялдыц бәрі де ойын басқан караң-ғылыққа батты, көңіліндегі өмір сүрсем деген оттың акырғы жалыны сөнді.
Ғазизаның көнілін бұл қиял ксрнсген сайын, үйге кіру керексіз бола бастады. ҚәңІлінде калган таусыншық сезімнің ойлатқаны: енді үйгс кІрІи кяйтеміі’? Үй мен ғ^ретін не кызык калды? Бишара болған шешелерім ақыргы қайгымды көрмей-ақ, білмей ак қойсын! Қайғылы бір сыр кбрге бірге-ақ кетсін дегендей болып, тыска шыкты. Күн әуел гІ қалпынша: ак тү-тск бои борап тұр. Біресе өкіріп, біресе гуілдеп, кұтырынып ұйтқып сок-қап қатты жел Ғазизаға: «Жүр-жүр!» дегендей болып, дедектетіп алып жүріп кетті.
Ғазиза кстіп бара жатып ойланып артына қарап, бишаралықтың кебінін киген кішкене ескІ қорасын көрді. Ұйтқып аспанға ұшқан ұсак қар жүрген сайын, көзінен ол кораны жасырып барады. Үстінен үскіріп соққан катты жел карды айпаласына төгіп, оны да көмбекші. Бишаралық, иесіз-діктің таңбасы басылган ескі лашықтың Ішінде Ғазизаның балалығы, ер-келігі және қайғысы, қасіреті қалды. О да бірге көмілмек. Барлық жүрегі-не жылы жақындары, нәзік қылып өсірген ұясы қалды...
Газиза енді суық, қатал табиғаттың еркінде. ӨмірінІң ақырғы қалган жанары қай жерде, қай уакытта сөнері бслгісіз. Суык жел жұқа киІмнің ішінс кіріп, кеулеп, ығын кетірІп, жауратып, ықтыра бастады. Ғазизаның кәңілінде қалған ойдың ең акырғы бұйрығы: әкесі мен бауырының бейітіне барып, екеуінің арасында отырып зарлау! Дүниеде жетім болып, жалғыз қалғандағы басынан кешірген қасіретін шығару, азабын, дертін айту. Ғазиза бейітті бетіне алып: «А, құдай, ендігі бар тілегім — осы көкемнің басына жеткІз!» - дсп жүріп кетті.
БІз Ғазизаны шығарып салып, үйдегі әңгімеге келейік. Ақан әуелгі бетіндс тысқа шығып, өзгелерден бұрын үйге кіріп жатып қал.ды. Бірақ тыста болған әңгіменің немен тынарын білмей, біресе күдіктеніп қорқып, біресе азын-аулак өкінгендей болып, тынышсызданып, қорғалактап жат-ты. Ғазиза келетін уакыт болды. Бірақ көп уақыт өтсе де, келген жоқ. Аз-
20
дан соң кемпір дс, келін дс: «Газиза қайда жұр»,- дсп тан қалыңқырап жатты, анғында, тыск.а шыгуға айналды. Сол уакытта атгы суарып келІп, шөбін салып жайлап сжлған Қалтай да үйге кірді. Үйдегілср түгелімен: '•Гишза кийда?» - дсп чу к.м іы. Қи. і і аГғсаснаі ан, сечігі ж<ік пішіи-мсн: «Бағана кетіп еді пді, кслмеді ме?»- деді.
Қемпір де, келіні де тынышсыздана басгады. Қалтай бұоі жұмыстан ерте бастан әз бастарып арашалап коймақ болып, әуелдегі айта баста? ан сәзіпің жөнін баптап ұқтырыл, бұл бір пәленіц боларын алдын ала білгел-дей дайындап алган сөздерін сенімді кылып айтып шықты: «Мен шнп суыр-ғап соң, құдыктың кайда екенін білмей, соны сұрадым. Балаиыз кәрсете-йін деп. корадан бірталай жер сртін шыкты. Кұн катты боран болып, суық болған соң, тоиып калар дедім де, құдықтың бетін біліп алып, уйге* кайта-рып жіберіи едім. Әлде сонда кораны таба алмай, адасып кетті ме?»-деп, аналардан бұрын сезіктенгендей, тынышсызданғандай пішінге мінді.
Ксмпір мен сокыр ана шоиіып: «Қарағым-ай? Үсіп кетср ме екен? Құдай-ай, тағы неге ұшыраттын?»-- десіп, киініп. тыска шыгуға айпалды.
Ақан да басын көтеріп, Қалтайга: «Тыска шык. айналаны кара, айғай-лап дабыста, тез бар!»- дсді. Әлсіз, кем-кстік әйслдср бірішн. артынап бірі ұстап, әңдері бұрынғыдан да жаман бұзылып, құдайына кайта-кайта сиынып, Қаятайдын артынан ере шықты.
Тұтсп тұрған боран Қалтайдыц сөзін шынға шығармақ болып құты-рып тұр. Есік пен төрдей жердегі қарайған бүлдырап, жөнді корінбейді. Үйтқып келіп бсткс жабысқан майдя қар көзді ашкызбайды.
Кемпір күннің түрін көрін, назалы дауысиен: «Құдай, тагы тнбемнен ұрайыи деген екснсің ғой! Қаряғым аласты ғой. Ұшып әлді і ой. Аруак-тарым, коядай гөр’ Аксарбас?» - ден, баласын шақырып айғайлай баста-ды. Қеліні дс сүйенгені тілеуі, зары болып, қоркыи тұрды. Қалтай кора-дан ат алын мініп шыгып, қайта-кайта айғайлап, шаба жөнелді.
Аз жерге бармастан карасы ншіп, боранмсн араласып көрінбсй кетті. Айғяйлаған даусы аз-ақ жергс сстіліп, аздан сон о да ұзілді.
Әйелдср де дауыстың естілмейтінін білген сои. ішінен зор кауіпке тұ-сіп, зарлап тұрды. Бұлардың бяр дәрмені - яйғай болғандыктан, кайтз-кайта айғайласып еді. Қоп уакыт өтті.
— Е, і әңірі, жок болды. нлді, деп, әйелдер зар салып, дауыс айтып, \йге кірді.
Бұрынгы қайғының бәрінен жаца кайгы күшті болды. Өлді гс\іс көңілдері кимай. кслер дсген ұмітті көбірек медсу қылайын десс дс, коңіл-ге кіріп калған коркыныш жүрсктсрін билеп әкстіп отырды. Терезеге тұ-теп соқкан қатты жся бір калпынлн ауган жок.
Б і р т а л а й \ а қ ыт вт ке н с о ң, дү с і рлет і п Қ а лт а й келд і. Б і р а к ұ й г е ж а л ғы з кіріп кслген жсрде-як, енді сш иәрсенің болмағанына коздері жетс бастя-
21
Қалтай: «Өзім адасып кстіп, ауылды арсц таптым. Еш жерде жоқ», --деді.
Әйелдер сол түні тан. атканша шам жағып, ұйктамай отырып, қүдай-дан тілск тіледі. Сиынды, жылады. Бірақ ешбір көмек берген жоқ. Шы-дай алмай зар каққан сорлыларға кыстың үзак түні жылдай болып созыл-ды, ақырында, тан атты.
Қонақтар ерте қамданып, жүруге ыңғайланып жатты. Таңертең де карап, еш нәрсс таба алмаған Қалтай маңайындағы ағайындарына ха-бар бсрген. Түрып алып, тез қамданган еоң, Ақан кемпірдің қаксаған за-рына шыдай алмай, аттарын дайындап, жүрІп кетті.
Жиылған агайындары көн іздемей-ак екі жас бейіттің арасында өлік больш қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды. Үстіндегі онсыз да жұка киімдерІ әр жерге шашылып қалыпты. Ғазизаның шашы азырақ дудырап капты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкссінің бейітіне жабысып, қасі-ретті өмірдін. акыргы куатын сол жерде берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын баскан қайғы бүл уақытта жадыраган: ізі қалған жок. Балалық жүзінде: «Менде жазык жоқ, мен тазамын» дегеп ашык тазалықтын. бслгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар.
Жауыздықтың жас кұрбаны касірсгке толы өмірінін азапты ақ түтегі-нен адасып өліп, мәңгІ толас тапқандай
1921
«ОҚЫҒАН АЗАМАТ»
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалган. Аспанда бүлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазгы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызгарлы қар, суық ауа қызуын жоғал-тып, жарыгына жансыздыктың табын басып тұрғандай.
Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айыкпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бет-ті шымырлатып, денсні тоңазытады.
Түргын халкының көбі қазақ болған СібірдІң кішілеу қаласы қыс-тың ак киімін даламен бірге жамыльш, жабайы табиғаттың жайлы күйін күйлегендей.
22
Бар үйдің төбесін күпсек кар аппак болып басып алған. Кейбір кіінке-не үйлерді, көп құймаларды қалың қар жал секілденіп басыпты. Көшенің кары жүргіншілердің табанымен тапталып ыскаяқтанған. Басқан сайын шыныланып сықырлап, кейде шатынағандай болып шытырлайды.
Бүл қала СІбірдегі үлкен өзендердің бірінің сол жағасында орнапты. Ретпен салынған сұлу қала емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ. Онын үстіне шет-шетіне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың бәрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртыл-ған ескі жабуындай жалба-жұлба қылып ыдыратып, тоздырып тұр.
Қаланың ортасында базардан суға қарай түсетін Земский көшееінде казіргі сағатта жүргіншілер сиреген, иесізденіп тұр. Анда-санда әлдеқан-дай уак тері-терсекті пұшпағынан сүйретіп, қыл-қыбырын арқалап, базар-ға қарай аяңдап бара жаткан бірен-саран жаяу алыпсатарлар ғана көрі-недІ. Кейде шанасын сықырлатып, жеккен түйесін божылап «шүу-шүулеп» келе жаткан қырдың қоңырқай пішіндІ қалашылдры кездеседІ. Бұлардан басқа көзге түсетін көп жүргіншІ жоқ.
Осындай бір қалыпты күйде бірталай уақыт өткен соң, көшенің төмен-гі жағынан шығып, базарға қарай беттеп келе жатқан бір шаналы көрінеді.
Жеккені — кәшауа шана. Алдына отырғызған көшірі бар. Бұл келе жаткан — осы қалада кызметте тұрған, оқыған жігіттердің бірі — МейІр-.хан еді. Әлгі көшемен тура жүріп келіп, базарға тақалған жерде оң қол жақта тұрған көк шатырлы кішілеу көк үйдің қақпасына келіп токтады. Ат токтаған жерде, Мейірхан шанадан түсіп, үйге қарай жылдам басып жүріп кетті. Жігіттің пішініндегі томсарған кейісіне қарағанда, қабағы түксигсн жүдеулікке карағанда, бұл келген үйінде бір оқиға болғанға ұксайды. Мейірхан әуелгі бетімен үй алдына кіріп, содан ішке кіретін есік-ке тақап калғанда, алдынан есік ашып, бір жас әйел шықты.
Сәнді киінген сүйкімді пішіні бар жас әйелдің түсінде де әлгіндей кейістің таңбасы бар. ТүсінІң ажары кетіп, қатты жүдеп, ак сұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп, уайымның сызынан шытынған. Жұмсақ қара көздері кішірейіп, жасаңданған. Жиі кірпіктерінде жаңа ғана шыққан көздің жасы білінеді. МейІрхан бұл әйелді көрген жерде тоқтай қалып:
— Немене, Қадиша, қалай? Неғып жүдеп тұрсың мұнша?—деді.
Қадиша түксиген қабағын жазбастан, үмітсізденген пішінмен ақырын:
— Сағат сайын төмендеп барады, білмеймін: жазыла ма, жрқ па?.. Бүгін таңертеңнен сізді «әкеп бер» деген соң, әдейІ кісі жіберіп едік,— деді де, көзіне мөлтілдеп жас келген соң, төмен қарап кетті. МейІрхан жұ-батқан болып, бір-екі ауыз сөз айтты да, үйге кірді.
Кішілеу екі бөлмелі үйдің төргісінде, биік төсектің үстінде қатты ың-
23
кылдап, шыдамсызданып Максұт жатыр. Беті ашаңдап жүдеген. Әншейін-дегі ақ сұр түсІ күреңденіп ісінген. Көзі канталап, жастанып апты. Қыс-калау қою кара мүрты, сұлу қара қасы, қайырган үзын қара шашы да қа-тып қалгандай болын жабысып, жансызданған сияқты. Еріндері ішіегг кызумен кебірсіп, жарылып, қарауытып қапты. Еті қашып, арыған жіңіш-ке қолдары қазірде дірілдеп, бір жерге орнықпай, ауру кеудесін сипалай береді. Қолдарының түсі сарғыштанған, тырнақтары көкшілденіп қанта-лап тұр.
Мейірхан жолдасының осы пішінін көргенде, ішінен тынып, жүдеп келіп, қасындағы орындыққа зорға отырды. Біріне-бірі қоштасқандай болып, қалың уайыммен аз қарасып отырған соң, МейІрхан күрсІніп, Мак-сұттың жайын сұрай бастады.
Мақсұт бәсеңдеп қарлыққан даусын қатайтпақ болса да, шамасы келмедІ. СөзІне көбінесе сыбыр араласып, не айтқандары ұғымсыз болды. Мейірхан сөзін ұқпак болып тыңдаса да, еш нәрсе ұга алмады. Аздан сон Мақсүт шатасыңқырап, сандырақтай бастады. Сөзінің көбі сау күнінде істеп жүрген қызметі, оқытып жүрген сабағы, тәрбиелеп жүрген қазақтың балалары туралы. Әлсіздікпен сыбырлаған шала-жансар сөздерінің ара-сында: «Балалар... жетім қала... Мен еңбек сіңіре... алмадым... Енді міне!..»— деп кеудесі мен ішін сипап: «Өзім де екіталайдың үстінде жатыр-мын!»—деп Мейірханға колын созып, бұның қолынан ұстап: «Мені сөк-пейсіңдер ме?.. Менде жазық жоқ қой...»—деді де соның артынан қай-тадан шатасты.
МейІрханның көзінде жас толы еді. Аузына жұбатарлық сөз тимеді. Ауру жолдасының көңілі үшін айтқан «Жазыласың, өлІмді ойлама!»— деген сөздері жасып, әсерсіз болып шыкты.
Аздан соң төргі үйге Мақсұттың кемпір шешесі мен келіншегі — Қадиша кІрді. Қадишаның қолында кішкене баласы бар. Екеуінің ішін-де де үміт пен қорқыныш жеңісе алмай алысып тұрған сиякты, сенімсіз-дік білінеді. Жалғыз баласы — Мақсүттан басқа сүйеніші, тілеуі жоқ әл-сіз сорлы шешесі көкірегі қайғы-шерге толып, көздері мөлтілдеген улы жасқа толып, жаутаңдап, қуат-көмек сұрағандай болып, Мейірханға қа-рай береді.
Мейірхан жұбатпақшы болып, тағы да бір-екІ ауыз сөздер айтты. Бұлардың бәріне, Мақсұттың нашар науқасының үстіне, түйін болған нәрсе — бүгІн таңертең доктор келІп ауруды қарап: «Емдеуден отіп кетіп-ті, өледі»,— депті.
Сондықтан бәрінің іш күдігІ күшейіп тұрған. Шешесі үйге кіргенде, Мақсұттың көзі түсіп, апасына біраз қарап жатып, артынан шыдай ал-май көзін жұмып, ірге жаққа басын бұрып әкетті. Туысқансыз, жақынсыз
24
жалғыз қалатын сорлы анасының көрер күні қандай болатынын Мақсүт ойлағандай. Аздан соң басын қайта бұрып алып, шешесіне қарап:
— Өзгенікі -••• өзге-ау, сенің күнің не болады? Сені кімге тастаймын?.. А.ідымди нлмедің-ау! - ден, басын шайқаи жылағандай болын, кемсеңдеп тағы теріс қарап кетті. Шешесі даусын шығарып ж ыл ап жіберді. Қадиша кейінірек тұрып, көзінің жасын анда-санда сығып алып тұр еді.
Осы халде біраз уакыт өткен соң, есік ашылып, үйге Мақсұттың тағы бір-екі жолдасы — Жұмағұл мен Ақтай кірді. Бұлар үйдегі суретті көрген соң, біраз сөзбен аурудың жайын сұрасты да, үндемей мұңайып отырып калды. Мақсұт ірге жакқа қарап жатып, басын бұрмай:
- Қадиша... өлмейді... Бірақ ол сенен туған жоқ... Басы көп, бай тәркіні бар. Ең болмаса, соларға кетіп қалады ғой. Сені о да жылатар...
Қемпір талықсып жылап:
— Неге үйдейсің, жарығым, ж.алғызым?..—деп, қатты жылан бас-тап еді, Максұт:
—• Апа, жыламашы, ана үйге баршы...— деп сыбырлап:— жүре-гімді көз жасың ертеп барады ғой...— деді. Мейірхан мен басқа жігіттер де бүл суретті көру қиын болгандыктан, көзінің жасы жерге тамшылап тұрган кемпірге:
— Жыламаныз, киналады ғой... Бара тұрыңыз’— деп ақъЕл айтты. Кемпір:
— Жарығым... жата ғой... Жалғызым!.. Қарашығым, жата ғой!.. Мен құрғыр кетейін,— деп ауыр күрсініп шығып кетті. Қадиша ундемей тұрып, енесінің артынан бірге шықты.
г••---Мұндай күйге жүрегі сезімдІ Мейірхан қатты жүдеп отыр еді. Сорлы
і -^емпірдіңікүйін ойламайын десе де, көңілі еріксіз ілгерІ қарай басып, келе-5 ^ШектІң әрітүрлі суретін коз алдына елестете бастады. Қелген ойы: «Мақ-г сұттың өл г-тіні рас, кемпірдің сорлы болып зарлайтыны да шын. Мына жас І катый жфлдасының рухын сыйлап, бірге қайғы жеп отыра ма? Отырмай-і 'дыу Бұлүжәне қала қызы... Біреумен кетеді, ә?»— дегендей ой ойлады. • ҚһцХёне үйдің ішіндегі бұл секілді күдікті ауыр хал көп күндерге І еоэыЛған ^коқ. Еңсесі кеткен ауру күннен-күнге төмендеп кетті. Сөніп бара і ^атк^а-н шһірағдан отындай бәсеңдей берді. Бір күлі түске таянған мезгіл-| Деү.дёмалысы жиілеп, кеудесіне сырылдақ пайда болды. Ауру әлсізденді, I ерДі.Денёрн де қозгай алмай, көзін анда-санда ашып-жұмып сұлық жатты. Е . - ұ ЕхЕргёгсы бұл күйге жеткен соң, көп өлімді көзі көрген кәрі шешесі жафғЙгаынін күдер үзе бастады. Намазда күндіз-түні дұғаның орнына ^алгызынаің атын атап, сыбырлап, жалынып тілеуден босаған жоқ еді. фэс отырғфідай болып, үй іші оңашаланьш жалғыз қалса, көзінен үнсіз
1 жасыі! ЙГызып, кейде кемсеңдеп жылаи та алады. Тілек пен қайғыдан тоз-ғап жүрегі алдында жылжып тақап келе жатқан қауіпті ойлап езіледі.
25
БІрак еш нәрсенің көмегІ болған жоқ. Көптен күткен қаһарлы ауыр, суық сағат жылжып келіп жеттІ. Мақсұттың демі бІтуге таянып, денесІ-нен жан кете бастады. Бір уақыт аяқ-қолы мұздап, демі біткендей болды... Қасында телміріп қарап отырған жақыны мен тайыстары күдерді әбден үзгендей болып еді. Сол халде біраз уақыт өткен соң, Мақсұт қайтадан ақырын көзін ашты. Көзінің қарасы жоғары шығып, аласы көбейген сы-қылды. Сүзілген суық көзінде ұсынып көнгендік бар.
Өз халін шын ұға алмағандай болып, сыбырлап:
— Бармын ба, жоқпын ба?..— деп аздан соң көзін кайта жұмды. Жұрттың күдігі ұзаққа созылған жоқ. Түсі аз-аздап суи бастал, көзІ шала жұмылып, бір араға қадалып қатып қалды... ЕріндерІнің арасы ашылыгі, тісі ақсиып, бетіне өлім таңбасы басыла бастады. Кешікпей үзілді... Үй іші у-шу болды... Қемпір халі бітіп, талықсып кетті. Осы халдің бәрін көз алдынан өткізген Мейірхан, Жұмағұл, Ақтайлар да шыдай алмай, бірге жыласты.
Жұрттың бәрІ сол күні-ақ Мақсұттың өлімінен хабарланды. Оқыған жігіттер мен каланың басқа халқы да азаматты шын аяды. Жолдастары-ның көбі қайғыланып мұңайды... Жұрттың бәрі де:
— Қалада өскен жігіттің адамы осы едІ, бишараның шешесі сорла-ды-ау!— деп, шынымен назалағандай болды.
Ертеңінде Мақсұттың жаназасын шығаруға көп жұрт жиналып еді. Азаматқа ақырғы қарызын өтемек болған оқығандар, жолдастары түгел жиылып келдІ. Бәрінің түсІ уайымды... Қабақтары салбыраңқы, жүдеу...
Біраз уақыт өткен соң, жиылған жұрт өлікті көтеріп алып, зиратка қарай жүріп кетті... Зиратқа жеткен соң, ерте бастан қазулы даяр тұрған, қасында үюлі жаңа топырағы бар, азынаған суық көрдің қасына өлікті алып келді. Көп жастар көрге бір-бір қараған соң, шыдай алмай, теріс айналып кетісті. Бейіт басында бір қалпынан аумай, құтырған сияқтанып желігіп жүрген молдалар ғана. Бұлар қызылды сезген қарақүстай жанта-ласып жүр. Шын рақымсыз, тастай суык адамдар секілденеді. Өліктің үстіне жапқан шапанға, басы мен аяқ жағына салған орамал шүберекке таласады.
Аздан соң Мақсұтты жалғыз қабат ақ кебінге ораған күйінде, лақат-тап қазған көрдің түбіне апарып салды. Бер жағына бір кірпіштен соң, бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады.
Осы халдің бәрін де көздерімен көріп тұрған оқығандар бір-бір ауыр күрсініп алып, салбыраған пішінмен үйді-үйлеріне тарасты.
26
Күндер өгіі .. Ауыр айлар да жылдай жылжып, біртіндеп өтіп жатыр. Жаз келіщ көк шығып, дүние жасарған. Күн бұрынғы көркінетүсіп, кызуы-мен жер жүзін жандандырып қуантады. Жапырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімін киген ағаштар бір-бірімен мың түрлі тілмен сөйлесіп, сырлз-са тенселіседі.
Жылы күнге қуанып, ойнап ұшқан кұстар табиғаттың бір түріпе ар-наулы мақтау өлең айтып, былдырлаған нәзік тілімен қошеметін көрсстіп жүр. Адамның да көңілі көтеріңкі, желігі көбейгендей... Бірақ Максұттың үйіне желікті дуние әлі әсерін берген жоқ. Мұңлы кемпірдің шер-уайым-мен сарғайған жүзі, қайғымен түксиген қабағы бір қалыпты катқандай, тасқа түскен таңба секілді. Кешке шейін тыныштықта тұратын кішкене үйдің ішін күрсінгенде, кеудесінен шыққан жалын өртеп кеткендей бола-ды. Жас Қадишаны үй ішіндегі ауырлык мойнына байлаған тастай басып. еңсесін көтертпейді. Ол бұл күнде сарылып отыратын ұзак қайғыдан арылған. Жалғыз-ак құлазып тұрған иесіз үй, жетімдіктің суреті секілденіл отырған кайғылы кемпір үйге кірген сайын, иығын көтертпейтін секілді. Бұл екеуінің ортасында әзірге жамау болыя тұрған — Мақсұттан калған кішкене әйел бала — Жәмилә... Қайғыдан кемпірдің көңілі азырак сер-гіген уақытта, екеуі де баланы ермек қылып, алдарына алып, алданыш еткен болады.
Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ. Қашқалак-тағандай.
Бұрынғы Максұттың жолдастарынан осы күнде бұл үйге көбірек ке-летін — Жұмағұл мен Ақтай. Бұлар әуелгі кезде үйге келгенде кайғылы болыл отырысып, жүре-жүре үйренген соң, аз-аздап әңгіме айтып, кейде Қадишаға онашарақта күлдіргі сөздер айтып т<± қаралы әйелдердің көңіл-дерін көтеріп кететін болған.
Соңғы уакытта Жұмағұл жалғыз да болса келгіштеп, әр түрлі әнгі-мемен Қадишаның көңілін кайғыдан біраз сергітіп кететін болған. Жара-тылысында ку, сөзінде шьшынан өтірігі көп Жұмағұл соңғы күидерде әңгімені Максұт жайынан айтпай, көбінесе өзі көріп жүрген жастык қы-зықтарын айтқыштай беретін болған. Мақсұт жайын кемпірмен ғана сөйлеседі. Оған да «жаксы бала» болып көріне бастады. Қадиша аздан соң Жұмағұл әңгімесінің артынан елегізіп калатын болды. Әңгіменің әсері бойына күннен-күнге сіңіп бара жаткандай. Сырты қаралы болмаса, ішінде қаралы көңіл таусылған сияқты. Төсекке жатқан сайын аунап, кызып ұйктай алмай жатқанда, ойын қайғы билемей, көмескі үміт пен кызу билейтін әдет болды. Ойланса — артын ойламай, алдын ойлауы көбейді. Сол ойлар жиілеген сайын, тұрған үйі' суыктанып, көңіліне жат
27
тартқандай бола берді. Қазіргі халі «қызықты енді көремін, өмір дәмін енді татамын!» деп сансыз үміт, қиялды ойлап келе жатқанда, бір катал қол рақымсыздыкпен қатты ұстап алып, әлдеқандай құлап тозып, қуарған ескі моланың ішіне бекІтіп тасгап кеткен тұтқын адамның халіндей көрі-неді. Мұның бәрі жақында болатын ұлкен өзгерІстің алдындағы басқыш-тары едІ.
БІр күнІ Мейірхан қызметтен қайтып келіп, төсегінде жатыр еді. Үйі-не қазақша киінген жастау жігіт кірді де, қолына бір кішкене хат тапсыр-ды. Мейірхан ашып оқыды.
«Мейірхан жолдас!
Ертең сағат 12-де біздің тойға кел. Сен естіген шығарсың, мен Қади-шаны алатын болдым. Құдай ұрып, сөзіміз осылай болып қалды.
Жұмағұл».
г
МейІрхан есі шығып аңырып: «Не дейді?..»— деп хатты қайта-қайта окып, тұрып қалды. Жігіт шығып кетті. Мейірхан басына тас тигендей болып сандалып, әрі-бері аласұрып жүрді де, аяғында айласы кұрып отыра қалып хаттың үстіне Ірі жазумен: «Бармаймын, тойың кұры-сын!» деп, қысқа түртіндісін қондыра салып, отырып қалды.
Ертеңінде Мейірханның үйіне тойға бара жатқан екі жолдасы кірдІ. Екеуі де жақсы киінген, ақ жаға салып, иіс май сепкен, тойға бара жат-кандай-ақ ажарлы, көңілдІ.
Мейірхан бұларға: «Бармау керек. Бұл — нәрсіздік. Кеше Мақсұт-тын тойын тойлап, бүгін оның қатыны мен Жұмағұлдың тойын тойламақ-шымыз ба?» — деп еді, бірақ оған жолдастары болған жоқ. Олар: «Қойшы идеалист болмай! Барамыз да тамаққа тоямыз, кішкене ішеміз, неменесі бар?»—деп, МейІрханның аузын ашырмады. БІраздан соң МейІрхан да отырып-отырып көніп, бәрі де бірге жүріп кеттІ.
Той қызулы болып жүріп жатыр. Жұмағұл мен Қадиша түк көрме-гендей болып құлпырып кеткен. Қелген жұрттың бәрі де еш нәрсе болма-ғандай шын көңілдерімен «кұтты болсын!» айтып, екі жастың қуанышын қызықтап кеттІ. Аздан соң ішіп алған жұрттың бәрі де мас болды, у-шу, жыр, айғай, күлкі көбейді.
Қызып, мас болған соң Мейірхан бір кезде түрегеліп, жұрттың бәрін токтатып өзіне қаратып, қолына рөмкесін алып:
— Мен сендерді Максұт үшін ішуге шақырамын... Жасасын Мақсұт-тың аруағы!—деді. Жұрттың бірталайы күлді. Жұмағұл мен Қадиша қоса күлді. Бірталайы ойына еш нәрсе алмай, бірге ішіп жіберді. Мейір-ханды қасындағы жолдастары «тыныш отыр» деп аяғынан тартып, мазақ қылып күліп, отырғызып қойды. Мейірханның жолдас карызын өтегені сол еді...
28
Аз күннен соң Жұмағұл мен Қадишаны қайын атасы Қондыбай қатын баласымен түгел жиылып келіп, қырға қарай шығарып салды. Жаңа косылган жастар елдегі Жұмагұлдың үйіне баратын болған. Қоңыраулы тройка Қондыбайдың қақпасынан шылдыр қағып шыққанда, қарсыдағы Мақсұттың үйіне Жұмағұл қомағайланған көзбен қарай түсті.
Мақсұт өлген бөлменің терезесінен сорлы шешесі бұл күйді көріп, екі көзінен жасын өзендей ағызып, телміріп қарап, қадалып отырып қалды.
Жастарды шығарып салған оқыған жігіттер қалжыңдасып, күлісіп, бұл терезенің алдынан бөлек-бөлек болып өтіп жатыр...
III
Майдың күні. Қөк жетіліп, гүл-жапырақ молайған. Жаңа шыққан ал күрең жасыл щөппен дала жасарған. Былтырдан қалған қу шөп азай-ғандай, анда-санда болмаса, көзге көп ілінбейді. Оның орнын қазіргі күнде аласа бетеге, жасыл тарлау, шашыраған жас көде, шашақталған жас сасыр басқан. Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдерІ көз қуантып жайнап тұр.
Үлкен таудың қолтығындағы жіңішке өзек пен ұзын сайлар да жылда-ғы сұлу көркіне келіп жаңарған. Жапырағы жетілген жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, тасқыны басылмай, сарқырап аққан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұраңдап, толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы қатарланған биік жартас, өзек бойында ойнап ұшқан жыр-шы құстар —бәрі жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің ота-уындай жайнатып, жасартып тұр.
Биыл бұл өлкенің суы да мол еді. Сонау ойда,-көз ұшында жарқыра-ған шарасынан суы асып, айнадай мөлдіреп жатқан көл көрінеді. Жаға-лай жүрген мал шашырай жайылып, көл айналасын шұбарландырып жүр. Жарық күнде шаңкиып көрінген ақ ауылдарды сағым көтеріп, кей-бір үйлер жұмыртқадай болып көрінеді. Жайлауға қарай жаңада беттеп көшкен ел Шыңғыс тауынан асып келіп, күнгейде отыр. Ауыл-ауылдың бәрІ дырдуы мол, көңілді.
Қыстан мал күйлі шықкандықтан, жазғытұрымғы көкке аз күн ішін-де семірІп алған ат-айгыр, ту бце.тер осы күні міністе. Екі-үш кісінің басы қосылса — жарыс. ауларыс. аі сыііасу. күш сынасуды ермек етеді. Күн-гейге келгеннен бері карай ауы.ідып \.ікендері: «Құлындар жетіліп қал-ды, жайлауға қымызсыз барганныц орны жоқ, ендІ бие байлау керек!»— дескен болатын. Сондыктан биссі бар ауылдар ноқта-жіп есіп, саба тігуге қатын-қалашты жиып, наукан кылып жатыр. Сол сияқты қамға Жұмағұл-дың аулы да екі-үш күннен бері карай кіріскен едІ. Бірак Жұмағұлдың шешесі Қамария,— жас күнінен шаруакорлықты сараңдыққа жеткізген,
29
күтімділікті пайдакүнемдікке жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пысық бәй-біше болғандықтан, бұл жолы науқанда да қыл-қыбырын көп шығармай, шығындамай, керек нәрселерін тез қамдап алды.
Сондықтан Әміре ақсақал бүгін ауылдың жанындағы көгалға жылқы-сын иіртіп, бие байлатып жатыр. Желі басында ауыл үйдегі көрші-қолаң-шы, кедей-кепшік болмаса, басқа ауылдардан келген бөтен қыдырмашы-лар жоқ. Әміре шығын шығаратын қошеметшінІ жек көреді. Бұл мінезін білетін ағайын мұның істеген науқандарының көбіне келгіш болмайтын.
Қыс бойы құрық көрмей асаусып қалған ірі жылқылары да, арала-рындағы асау құлындар да желі басына тұрмай шұбырып жүре бергендік-тен, ақсақал әуелі қашаған биелердің құлынын ұста деп бұйрық бердІ.
Ыңғайлы жіңішке құрыққа мықты бауды тағып алып, жылпос жыл-қышы топтанып ығысып келе жатқан көп жылқының ішінде қақтығып жүрген құлындарға нұсқаған сайын, құрығының бауын дәл түсіріп, жас құлындарды бірінің артынан бірін шыңғыртып, тулатып, ұстап байлатып жатыр.
Құрық көрмеген асау құлындардың кейбІреуІ құрық тартқанда аспан-ға шапшып шыңғырса да, жылқышының мықты қолдарының қайта сер-піғен екпінімен шалқасынан түсіп, тыпырлап қалады. Әміре құлын жығыл-ған сайын: «бісміллә!» деп орнынан ата жүгіріп, жылқышыға «мертіктіріп алма!»—деп құрақ ұшып жүр.
Бие тегіс байланып болған кезде, ауылдағы қатын-қалаш бұл елдің бұрыннан келе жатқан ырымын істеп, үйден табаққа салып құрт-май алып келді.
Әміре үйірі мол айғырларды ұстатып алып, сауырларына айран жақ-тырып қоя беріп, желі басына топталып жиылып қалған жұрттың орта-сына келді. Жас-кәрінің бәрі де қатындар әкелген құрт-майды жабырла-сып жеп жатыр.
Аздан соң желі басында отырып, жұрт бір-екі күннен бері карай естіп жүрген әңгімелеріне көшті. Бұл әңгіме қалада Жұмағұлдың қатын алған-дыгы жайынан еді. Қаладан бұл ауылдың өзіне келген әлІ анық хабар жок. Бірақ басқа бір ауылдарға келген қалашылар: «Жұмағұл қаладағы Қондыбайдың қызын алды. Жасау-жабдығы барынша мол көрінеді. Бұ-рынғы күйеуі өлген көрінеді, содан қалған кішкене кызын да Жұмағұл колына алыпты. Өлген жігіттің бір кемпір шешесінен басқа жақыны жоқ, бір басына бай жігіт екен. Қалада көк шатырлы үйі бар білем. ЕндІ мына кішкене кызды алған соң, сол өлген жігіттің қалған мүлкіне Жұмағұл ие болады деген сөз бар. Қыздың әкесі Қондыбай «қалған мүлікке менің қызым ие болады» деген сөздің шет-жағасын шығарып та жүрсе керек. Сонымен Жұмағұл «бір-ақ күнде дүркіреген бай болып шыға келгелі тұр» деген куанышты хабар дүңкілдеп, ӘмІре ақсақал мен Қамарияға естіле зо
бастаған. Бұлар куанып, өрекпіген кісінің мінезін көрсетпейміз деп ішінен «шүкірана» қылып, сырт кісінің бәріне:
— Е, алса алсын байдың қызын! Ол немені біз оқытқанда, «ылғи біз-ден шыгын шығара бер, кемпір-шалдың қолындағы азын-аулағын тауыса бер деп оқытып па едік?! Мал тап, бізді асыра» деп оқытқанбыз. Осы күнгё шейін қара тиын табыс тапқан жоқ. Енді қашан көмегі тиеді бізге? Бұдан былай мал таппаса, үйге де жолатпайық деп жүр едік. Соны естіген ғой!— десіп, Іштегі жұбаныштарын сыртына монтаны күйініштің сөзімен шығаратын. Қазірде де желі басында отырған жұрт:
— Жұмағұл келіншегімен бір-екі күнде келеді; солар келгенше, қы-мызды ашытып қою керек. Бұлар бұл жолы сый болып келеді. Күту ке-рек!—десе, кейбіреулер:
— Анау өлген жігіттің дүниесіне ие болып отырған — жалғыз ғана кемпір, оны да ала келсеші! Кемпірге басын күтетін кісі болса болмай ма, оған енді дүние не керек?— деген сөздерді де айтыса бастады. Қамария ешкімге айтпаса да, бұрын ішінен ойлап жүрген есебінің бірі осы бол-ғандыктан:
— Кемпірге менің баламнан артық бала бар ма? Жұмағұл оны асы-рап-сақтауға жарамай ма, тіпті қолымда тұрсын десе, қолына-ақ берейік Жұмағұлды. Ол кемлірі ақылды болса, енді Жұмағұлды бауырына тартуы керек емес пе?— деді.
Әміре бұл сөздің жарыққа шығып, көп жұрттың талқысына түскенін жаратпайды. Сондықтан әншейінде көп қарсы келмесе де, Қамарияны тоқтатып:
— Қойшы, қатын, куні бұрын жоктан өзгені сөйлей бермей, құдай-дың бір жазғаны болар!—деді.
Қырдың дағдылы салтынша қиын сөздің бәрін жарыққа шығарып, оңай сөз қылып сөйлеп отыратын машыкпен қазіргІ жиылып отырған еркек-ұрғашының бәрі де Әміре мен Қамарияның біріне-бірі айтпай, акы-рын құпия кылып ойлап жүрген жайларының бәрІн қоңыраулатып, сырт-қа шығарып отыр. Бұлардың көз алдарына үлкен байлықтың, салтанат-тың да қызықты суреттерін елестетті. Бірақ ІшІнен тақыс есебІ арылмай-тын Әміре көрші-қолаңның бір жағы — тілеулестік, бір жағы — кошемет-шілікпен айтып отырған сөздеріне көп желікпеді. Ол сыртына сөз шығар-май, жұрттың барлық сөзін үндемей тыңдап отыр.
Осы ретте желі басында бірталай уақыт өткізген соң, жұрт біртіндеп тарай бастап, аяғында, бәрІ де үйлеріне кайтты.
Арада біраз күн өтті. Күн кешкіріп батуға тақалған уақыт еді. Әміре кұдық басында тұрып, кешкі суға келген жылқыны суартып, алдын солтүс-тік жақтағы ащылы ойға шығартып тұр. Ауыл жакта жаңа жамыраған козылар у-шуымен дүниені азан-казан қылып, жаңа ғана корадан өріп
31
барады. Қамария қой сауып отырған қатындарға әмір қылып, есік алдын-да тұр еді. Қасына қозышы бала шауып келіп:
— Шүйінші-шүйІнші, апа! Жұмағұл ағам келіп қалды,— дедІ.
Бұл сөздер естілген жерде, ауылдағы барлық жан ұйқы-тұйқы болып, әбігерленіп қалды. Жұмағұлдың келуін асығып күткендері барлық қарба-ласынан білініп тұр.
ӘрлІ-берлі жүгірісіп сенделген қатындар; шулап секіріп, күліп ойна-ған балалар; кұдық басынан жаңа хабарды естіп, ауылға қарай жылдам-датып келе жатқан үлкендер — барлығы да Жұмағұлдың келуін үлкен қуаныш қылған сияқты. Жолаушыларды күткен ауылдағы барлық еркек, барлық қатын-қалаіп Әміренің үйінін сыртына шығып, екі жаққа жары-лып тұрғанда, ауылға жарты шақырымдай жерде катты жүріп келе жат-кан қоңыраулы тройка көріндІ. Ат басын ұстаған жігіт жолаушыларды қарсы алуға шыққан топты көріп, бұрынғысынан да екіленіп алып, тер басқан үш қоңыр атты бишігімен ыгыстырып, шаптырып келедІ. БІрІн-бІрІ көруге асыкқан жакындардың шыдамсыздығы ұзакқа созылған жок. Аттардың тұмсығы Әміренің үлкен ақ үйінің сыртына келіп тірелді. Жо-лаушылар арбадан түсіп болғанша, сағынған жақындар Жұмағұлды бетінен сүйіп алды. Аздан соң әйелдердің бәрі де Қадншаны жағалап, Қамарня сияқты үлкендері оның да бетінен сүйісті. БІраз сөзбен амандық айтысып, хал-жай білген соң, жұрттың бәрі үйге кірді. Сөйлесіп, хал білі-сіп, арасына қалжың да араласып, күлкі-күбір басталған соң, жақындар-дың қуанған, сағынған, лүпілдеген жүректерінің бәрі орныға бастады. Жұрт біріне-бірінің көзі канып үйреніскен сайын, жаңа келген жастар мен ауылдағы барлық жандардың арасындағы аз үйлеспегендік сезіле бастағандай болды.
Ауылға келерде жазға лайықты барлық таза жақсы киімдерін киіп алып шытырайған жастар қаланың халқына ұқсап, қырға бөтен кісі сияк-танды. Керек десе, Жұмағұлдың сөйлеген сөзінде де «сіз-бізІ» көбейіп қалған жат адамның қалпы байқалғандай. Бұл үйлеспегендік әсіресе келін жайына келгенде айқынырақ сезіліп тұр. КелІннің келген жердегі ата-енесіне «сәлеметсіз бе?» деп амандасуынан бастап, үйге кірген соң төр алдына күйеуінің қасына отырып, минут сайын онымен сыбырласқаны да, қыр тұрмысында еш уақытта болмаған бір өрескелдікті танытқандай болды. ҚелІн затында, өзІ оқып, үлгі алып, оқымыстылардын қатарына кірген кісі болмаса да, қаладағы мұғалімнің қатыны болып ашылып қал-ғандықтан, сол оқымысты жұрттың үлгісін машық еткен еді.
Қазіргі сағаттағы үйлеспегендік жаңа келген жастарға соншалық көп байқалмаса да, ауылдағы үлкен-кішінің бәріне де тез сезілдІ.
Мұндай күйге сезімдірек болып тұратын әйелдер әуелгі жерден-ақ күңкіл сөз шығарып, тысқа шыққанда біріне-бірі сыбырлап күлісе
32
бастады. Үйдегі еркектің бірталайы байқамаған кісі болып, сыр білдірген жоқ. Кейбіреулер ғана куліп жүрген қатындарды қағытқан болып, қал-жыңмен өздерінің Ішіндегі жайларын да сыртқа шығарыңқырап қойысты. Бұл күйдің бәрін, түгел болмаса да, шет жағалап сезіп отырған Әміре қазақы көңіліне ұнамсыз бірдеме тигендей болып, көп сөйлемей, үндемей отырып қалды. Бірақ Қамария екеуінің де түпкі көңілдегі күдіксіз бір жұбанышы бүгінгінің болымсыз кем-кетігін ұмыттыратындай. Сондықтан анау-мынауға қарамай-ақ Жұмағұлды сүюден, сыйлаудан қайтпаған.
Осымен алғашқы келген жердегі аз ғана алшақтық көп уақытқа созылған жоқ. Бес-алты күн өтіп, хал-жайды біліскен соң, бала мен әке, келін мен ене бірін-бірі әбден таныды. Шаруа жағындағы кейбір жұмыс-тарға келгенде, бірін-бірі жалғыз ғана емеурінмен де ұғысатын болды. Бұларды біріне-бірін соншалық тез жақындастырып жіберген себеп не? Ол — қазіргі бұлардың алдында тұрған үлкен мәселе: мал-мүлік, дүние мәселесі ғой. Соған келгенде, бәрінің де мінезі, Ісі түгелімен бір жерден шыққандығында. Малды сүйген қомағайлыққа, сараңдыққа, қанағат-сыздыққа келгенде, жас келін кәрі енесінен асып түсті: жас жігіт оқыған десең де, кәрі әкесінен асып түсті, заты, мінез бірлігі «жас-кәрІ», «оқыған-оқымаған» деген айырмыстарға қарамай-ақ, бұл адамдардың басын қо-сып, бірін-біріне үйлестірді. Аралары мұндай күйге жеткен соң, әрқайсы-сының ойында жасырын күйде жүрген сөздер ашық айтылатын болып, жарыққа түсе бастады. Қамария екІ күннің бІрІнде:
— Шығынымыз көп, кемпір-шалдың қолындағы мал таусылып бара-ды, көздеріңнің қырын салатын уақыттарың жетті. Қайдан болса да мал табыңдар!— деген сөздерді енді баласы мен келінінің құлағына сіңіре бастады.
Келіні әкелген жасау-жабдық басында үлкен олжа көрінсе де, аздан соң ұмытыла бердІ.
Енді бұлардың бәрінің көңіліндегі бір-ақ арман — қаладағы кемпІр қолындағы мүліктің басын ашуда. Жұмағұл мен Қадиша бұрын бұл жай-дан көп сөйлеспейтін болса да, қырға келген соң үлкендерден ашық сөздІ үйреніп алып, оңаша жерлерде ақылдасып, айла Іздейтін болған. Қамария балалары ешкімге ақысын сіңірмейтінін білген соң, бұларға «пәлен-тү-генді істе» деп ақыл айтуды қойды. Бірақ ұмытпасын дегендей ғып, кемпір қолындағы мүлікті әр күнде бір рет неғылса да сөз етіп қоятын. Мұны ашық сөз қылуға сылтау таба алмаған күнде Мақсұттың кішкене қызы Жәмиләні алып, соған сөйлеген болып:
— Дүниеге қашан ие боласың? Біздей кәрі әке-шешеңе қашан көме-гің тиеді? ҚемпірдІң қолындағы мал-мүлікті жиып ал! деп Жұійағұл мен Қадишаның құлақтарын бұрап қояды. Әміре бұл жақтағы әңгіменің көп теріске кетпейтін түрін аңғарған соң, соңғы кезде мал құрудың екінші
3 — 227
33
бір ебін ойлай бастаған. Ел ішінде Әміренің өзімен жасы тұрғылас Жан-ғазы деген ірі бай бар едІ, соған кішкене Жәмиләнің бас-аяғы ұнап кетіп, далада бірге келе жатқанда ӘмІреге сөз салыпты:
— Мына баласын менің былтырғы туған кенже балама атастырып қояйық, соған ырзалығын айтсын,— депті.
Әміре бұл сөзді өз басы макұл көріп, Жұмағұлға келген соң, Жұмағұл:
— Әзірше мұндай сөзді шығарудың орны жоқ. Мен біржолата жа-ман атты боламын. Және ертең кемпірмен сөйлескенде де: «Осы жетім баланы жылатпаймын, берсең — соның есесін бересің»,— деп сөйлескелі отырмыи. БІр жағынан соны айтып отырып, бір жағынан өзіміз сатып отырсақ, ел-жұрттан ұят қой!»—деді.
Әміре Жұмағұлдың әзірше кенбейтін түрін байқаған соң тоқталды. Бірақ баласына:
— Жұрты құрғыр кісіге жақсылык ойлаушы ма еді? Сен мал тауып байып бара жатсаң, көре алмайды. Өне бойы жұрттан қорқамын деп, сыбағаңнан құр калып жүрме, «арсыз болмай — абыройлы болмайсың» дсген! деп, өмір бойы айтып көрмеген өсиетін баласына ендІ айта бас-тады. Бірак ақсақалдың әуелгі козғаған әңгімесі көңілдегідей шешілмеді. Ең жақын болғанда, бір жылға шейін тоқтай тұру керек болды.
IV
Жастар қырға келгеннен бері, екі-үш ай өтті. Жаз ортасы ауып, жұрт егін-пішенге қам қыла бастаған. Дала сарғайып жүдеу тартқан.
Жазғытұрымғы жас иІстІ жасыл шөптердің орнын сары селеу мен қа-таң тартып қураған ақ көде басқан. Жайлаудағы жақсы қоныс, мол кұ-дықтардың айналасын тоздырған ел бауырдағы қүзекке қарай көше бас-тады. Әміре ақсақалдың аулы да көп елмен бірге бауырға қарай көшіп келеді.
Жұмағұл мен Қадиша жаздайғы тұрған тұрмыстарына әбден ырза еді.
Жазғытұрым қаладан азын-аулак жүдеу тартып келсе, осы кунде екеуІ де оңалып семірген. Оның үстіне: ауылда да, жалпақ ел ішінде де жұрттың бәріне қадірлі болып, қайта-қайта қонақтап, ойын-жиыннан босамай, уақытты көңілді өткізген. ЕндІ бұлар қырдың қызықты уақыты өтіп барады, қалаға қайту керек деп сөз байласып, аз күндерде жүрмекшІ бол ға н.
БІр күні кешке жастар жүрердің алдында сөздІ бір жерге байламақ үшін, үй ішінің аз ғана кеңесі болды.
34
Бауырға қарай ығысып көшіп келе жаткан ел жаппалап қонған еді. Ай жарық, түн желсіз тынық. Әр жерге шашырай, үйме-жүйме болып қонған жаппалардың даладағы оттары жарқылдап көрініп тұр. Жерошак-та кейде жалпылдап, кейде лаулап жанған оттар түннің қалың ұйқысымен қалтаң қағып, алысыл тұрғандай.
Жұмағұл мен Қадиша өздерінің оңаша күркелерінің Ішіне салған құс төсектің аяк жағында біріне-бірі сүненіп, қатар отырып, шаруа жайын сөз қылысты. Аздан соң әңгіменің аяғына Қамария да қосылды, Өзге әңгімелердің ішіндегі ең күдікті киын сөз Мақсұттан калған үй мен мүлік-тің сөзі болғандықтан, Жұмағұл бұл турасынан қазір де ашып еш нәрсе айтпай, көп үндемей отырып қалды. Бұл уақытта Жұмағұл жаратылы-сындағы тақыстык қулығына салып, бойың бағып отырды. БІрақ өзгелер-дің сөзін тоқтатқан жоқ. Қадиша мен Қамария бірін-бірі қостап, мүлік турасынан айтылатын сөздің бәрін айтысып шықты. Бұлардың өз ойынша даусыз деп байлағаны: Мақсұтта жақын туысқан жок, қалып отырған кемпірдің төрінен де көрі жуық. Оған өле-өлгенше сыйлап, күтіп отыратын кісі болса — болғаны. Мүліктің ендігі иесі — кішкене Жәмилә. Сондықтан әзірше кай жолмен болса да ізденіп отырып, уй мен мүлікті Жәмиләнің атына аудартып алу керекі— деп сөз байласты. Осымен үй ішінің кеңесі бітті.
Елде калған Әміре, Қамария осы сөзді байлау қылып ұстап қалды. Қадиша мен Жұмағұл қалаға барған соң Ізденбекші болып жүріп кетті. Аз күндер өтті. Қырдағы сейілден қайтқан екі жас қаладағы кұрбы-құрдас, ағайын-туысқан ортасына қайта келді. Сағынған қайын жұрт жолаушыларды куанышпея қарсы алды. Қадишаның төркініне түсті. Қадиша мен Жұмағұл каладағы таныстарының хал-жайларын сұрасып білді.
Тағдырдың тұткынына түскен қаралы кемпір де Мақсұттың орнында әлі күнге қалқиып отыр екен. Оның да жай-жапсарына әбден қанысты. КемпІрді Қадиша тастап кеткен соң, жар дегенде жалғыз жақыны бір ақсак бауыры бар екен: соны қасына алып колғанат қылып, қайғылы өмі-рінің акырғы күндерін баяғыша бір қалыпты жылаумен өткізіп отыр екен. «Жұмағұлдар келді» дегенді естіген күні, түні бойы үйінде шамын өшірмей зарлап отырып,таңды көзімен атқызыпты. Қадиша келгеннен кейін, Жәми-ләні көтеріп барып, кемпірдің үйіне кіріп шықты. Барған жерде кемпірдің зар қағып жылағаны, Жәмиләні бауырына тығып, құшақтап қысып, Мақ-сұтты жоктағаны Қадишаның катып қалған көңілін жібіте алған жоқ.
Оның бұл үйде көп отыруға іші пысып, кемпірден тез жалығып, үйіне қайткысы келді. Сондықтан аз отырған соң баласын көтеріп кайтып келді. Қондыбай Жұмагұл келген соң:
35
— Енді уақытты босқа өткізбей, таныс жолдастарыңа сөйлесіп, ана дүниелеріңді жиып алыңдар!—деп ақыл берді.
Сонымен Жұмағұл мен Қадиша іске кірісті. Бұлар әр жерге барып сұрастырып ізденіп жүріп, аяғында оку бөлімінің жанында жас баланың қамын жейтін кеңсені тауып алып, соған арыз кіргізді. Қеңсе қызметкерін жаңылдырып, тез иландыру үшін Жұмағұл бір жайды көптіріп, екінші жайды шөмейте сөйлеп, есебін тауып жүр. Ақыры, бұл кеңсе Қадишаның арызын қарастырып, аяғында, Мақсұттан қалған дүние-мүліктің бәрін де «жас баласы — Жәмиләға ауысады, содан басқа ие жок, ол ер жеткенше «опекун» Жұмағұл болады» деп бұйрық берді. Қадиша мен Жұмағұлға бұл жұмыстың тұсында өзге жолдастарымен бірге көмекші болған Ақтай еді. Ол Жұмағұлмен бар сыры, барлық ІсІ аралас болғандықтан, ендІ бұлардың бай болып қатарға кіруіне тілеулестігін көрсете бастады.
Ақтай бір уақытта Қадишаны Жұмағұл алуға өзі тілеулес болса да, жаздыгүні қырдан келген ағасынан: «Қондыбайдың қызынан артық кімді алушы едің? Соны алып мал-мүлкіне ие болмай, бос сандалып жүрсің. Есеп білмейсің! Сенен Жұмағұл озып кетті...»— деген сөгіс естіген уақытта шынымен өкінгендей де болып еді. Бірақ уақыт өтіп, Іс орайлы кезінен кетіп қалғандықтан, енді өзіне Жұмағұлдарға тілеулестікті лайық көрген. Қазір-гі уакытта аналарға көмекші болуының себебі сол еді.
Қадиша оқу бөлімінен жоғарыда айтылған бұйрықты алып келген соң, кемпірге Қондыбай кісі салып:
— Құдайдың уақыты осы. Жалғыз өзі бір үйде құлазып отырғаны лайық емес. Ана үй-мүлкін Жұмағұл мен Жәмиләнің атына жазғызып, өзІ солардың қолына кірсін!— деді.
Қемпір бұл сөздерді естігенде, басына Мақсұттың өлімімен тең қабат қаза келгендей болып, аузы күбірлеп жалбарынып, жағасын ұстады. Баг ласы өлгеннен бері қарай бір күн болмаса, бір күн көремін-ау деген зорлық, жетімдік жаңа ғана көз алдына бетпе-бет келгендей болды.
Бірақ Қондыбайдың сөзін әкеліп отырған Дүйсен бұның қайғысын ұқ-пайтын сияқты. Сол түрін байқаған соң, кемпір бар қуатын жиып алып:
— Мен баламнан, кешегі байымнан, арғы ата-бабамнан қалған мү-лікті — туған емес, туысқан емес, дұшпан болып отырған Жұмағұлға неге беремін? МенІң балам жоқ болса да, ағайыным бар, Жұмағұл сияқты жат-қа кеткенше, соларға кетсін! Ырзалығыммен бір сабақ жіп бермеймін. Қу-рап қалған сорлы кемпірге зорлық қылмақ болыпсыңдар ғой, көптіктеріңді істей беріңдер!— деп, Дүйсенді үйіне қайырды. Бірак Қадишаның ұлықтан әкеп отырған бұйрығын естіген соң және өзінің көмексіз жалғыздығын ойлаған сайын, кемпір есінен адаса бастады. КөрІне зорлық-қиянатты сезіп тұрса да, не амал қыларын білмеді. Аяғында құдайға жылап-жалбары-нып, «аһ» ұрып отырғанда, есіне баласының бұрынғы жолдасы Мейірхан 36
түсті. Сол күні касына аксақ бауырын ертіп алып, кемпір Мейірханға келді, жылады. Бәрін айтты. Қадишаның қалған есесі жок, Жұмағұлға тиерде төркінінен әкелген барлық мүлкін алып кеткенін де түгел айтты, Баласы-ның достығы үшін жалбарынып, Мейірханнан ақ ісіне көмек сұрады. Зор-лыктан қорға деп тілек кылды. Мейірхан дағдылы көңілшектігі ұстап, кем-пірдің сөзіне ергендей болды. Зорлыққа ара түсуге уәде қылып, ертең Жұ-мағұлмен де, басқалармен де сөйлеслекші болды. КемпІр жетімсіреген коңіліне болымсыз сұйеу алғандай болып үйіне қайтты.
Ертеңіне Мейірхан Жұмағұлға жолығып:
— Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? «Оқыған деген атың қайда?! Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың, үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей емессің, қатыныңның төркіні — қаланың үлкен байы. Қішкентай кыздың шығынын көтере алмаймын дедің бе? Не-менесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі жолдасың — Мақсұт-тың аруағын күңіренттің?— деді.
Жұмағұл бұл сөздің бәрін Мейірханның іші тарлықпен, кызғаншақ-тыкпен айтып тұрған сөзі деп санап:
— Бұл жұмысты істеп жүрген мен емес, Қадиша. Мен оны токтата алмаймын. Және мұндай болымсыз жұмыс үшін арам дейтін болсаң, ай-тып қой, сені біз сынайтын да кезек келер!—деп қыр көрсетті. «Окыған азамат>, «жаңа адам» дегені тек окыған бай, арсызырак дүниеқоңыз екенін жаңа ұққан Мейірхан қатты ширығып:
~ Байдың баласысың, бай жесірдің байысың, бай қайынға күйеусің... Оқығаныңа емес, тоқығаныңа бақтың ба? «Жыланға түк біт-кен сайын қалтырайды» деп, байыған сайын араның ашы-лып, жұтпақсың ба зарлыны?!. Қакаларсың әлі-ақ!..— деп салды.
МейІрханның бұл сөзі де Жұмағұлға қонған жоқ. Ол «заң бо-йынша» іс қылатын болды. Мейірхан сүлдері құрып, жолдасынан түршігіп, түңіліп қала берді. Бұл әңгіменің артынан Жұмағұл, Ак-тайлар сол күні-ак «Менірхан қызғаншақтық қылып жүр» деп, свзге таңа бастады. Кемпір Жұмағұлдың ннеттерін естіген соң, бір-екі күннің ішінде күйікті ойдың салмағынан езіліп бөлекше ауруға ұрын-ды. Есі ауып қалып, шатасып, сандырақтайтын әдет пайда болды. Әншейівдегі момын жүзіне бұл күнге шейін кәрінбеген ашу шыққан-дай болып, көзі ылғи бір-ак жерге қадалып, бет ажары суықтанып, қайта-қайта орнынан ата жүгіріп, үй ішіндегі әр нәрсені ұстап:
— Бермеймін, бауыздап кет мені... Ертең... кетемін... Максұты-ма... апарып беремін! -- деп жұлқынып, әр нәрсені бауырына ты-ғып, арпалысып шатаса бердІ.
Сол күні кешке кемпірдің дүниені бермеймін деген сөзін естіген Жұма-
37
ғұл қолындағы бұйрық қағазды милицияға алып барып, содан үш солдат алып, Мақсұттың үйдегі нәрселерді алуға кемпірдікіне келді.
Кемпірдің шатынап, бұзылып отырған көзІ мылтық ұстап келіп тұрған солдаттарға түскенде: орнынан жылдам тұрып, ақырын тәлтіректеп ба-рып, әлі кеткен қолдарымен төсектің басынан ұстап:
— Бермеймін... ӨлтІр... Өлтіріп кет... ӨлдІм... Мақсұт... құтқар!— деп сылк етіп шалқасынан жығылып қалды. Жұмағұлдар төрге шығып, бұның қасына келгенде: кемпір бойы сіресіп, көзі жұмылып, жақтары тіс-тесіп үзіліп барады екен.
Тағы бірер секунд өткенде, кемпір демі бітіп үзілді.
Жұмағұл, Қадишаның мұраты орнына келді...
1923
ҚЫР СУРЕТТЕРІ
1 КЕШКІ ДӨҢ БАСЫНДА
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін қоңыр-салқын леп дымқыл тұнық ауада біліне бастаған. Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп барады. Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр.
Қара көк тұңғиық аспан күнбатыска тақаған жерінде қызыл торғын-дай толкынданып, кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады.
Дөң басы қазіргі уақытта өзгеше көңілді. Қешке жақын у-шуы кө-бейіп, азан-қазан болған ауылдан шығып, биік сары дөңге көтеріліп келе жатқанда, бойың биікке тарта бергендей болады. БелгІсІз үміт күткен қо-мағай көз айналаны шарлайды. КейбІр жерде көз ұшында аспан төніп жерге қонып, жақындасып, жымдасқандай көрінеді. Кейде жерден көте-рілген биік таулар иректеліп аспанға созылғандай...
Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты. Алыста қара қош-қыл тау да бетіне көлеңкедей әжімі жиылып, салқын пішінмен түнергендей.
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамылып сазар-ғандай. Жым-жырт.
Күн батты. Қызыл шапақтың көрікті ажары минут сайын бәсеңдеп, дүниені қаптаған сұрлыктан жеңіліп барады. Жас б.аланың үзілген жер-дегі түсіндей болып, қаны тамған қызыл бетке аз-аздап көкшіл-сұрғылт өлім таңбасы араласқанға ұқсайды...
38
Құлакка ойдағы ауылдардын, үні келеді, Қабат-қабат қалың таулар-дың арасында иіріліп жатқан жасыл сайдың бойын құлдилай конған үш-төрт ауыл. ИірІм-иірім әр ауылда алқа-қотан тігілген қараша үйлердің ка-лың ортасында бір-бір ақ үй жарық айдың қара су ішіндегі суретіндей жарқырай түседі.
Аралары жақын. БәрІнің де айналасы неше түлік мал. Кешкі жайы-лыстары бір-бірімен косылып жатыр. Әрбір үйдің жер ошағынан будак-тап, быксып шығып жатқзн түтіндерІ кейде аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарайды... Ауылдардың арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен. Қейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды. Жаңа жамыраған қозылар енелерімен бірге, у-шуынан басылып, ауылдар-дың екІ жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады.
ҚешкІ суға жаңа қайтып келе жатқан топ-топ жылқы ішіндегі түсі айкын қылаңдармен шұбарланып, жасыл шалғынның устінде пыр-пыр етіп келе жатыр. Шыңғырып тебіскен, уйірін іздеп кісінеген дауыстары кешкі ауадан қатты жаңғырыл көтеріліп еді.
Еркектің көбі су жағасында әңгіме кұрып, жылқы аралап жүр.
Ауыл кешке өзгеше жанданғандай. Қатын-бала, кемпір-шалға шейін тыста. Әркім әр түрлі шаруамен карбаласады. Әсіресе малшы-жалшы, қоңсы-колаңшы біткеннің әбігер-машақаты, әуре-сарсаңы бітер емес. Тек жетіскен үйлерден шыққан колы бос, еріккен қыз-келіншек екіден-үштен қосылып қалжыңдасып, күлісіп-сыңқылдасып, су жаққа барып, біресе топ-танып ойнап, доң асып кетіп жатыр...
Бұлардын тобынан жырылып қалған сұлу қыз ак көйлек, қара қамзо-лымен ауылдың түсін ашып, даланың өзінше бір күйін еске түсіргендей бо-лады. Жұка қара шапанын ақ білегіне арта салып, бұл да бір дөңнен асып барып, омырау калтасына бағана асығыс бүктеліп салынған хатты алып окып отыр...
Өзенді өрлеп, Саршегірдің шабытты кезінде кұс ілдірмек болып келе жатқан бозбала судыр қағып, жылжып келе жатқан боз жорғаны қайта-қайта тебініп асығады.
Түрілген суық қабакты анда-санда бір кағып, өзен бойына қадалып келе жаткан. Саршегірдің алтындай сары көзі ашумен от бүркіп тұрған-дай. Еліріп иек қақкандай болып, анда-санда кылмаңдаған басынан өлім-нен де таймайтын іздегенге жау екені білінгендей.
Басын шайқатып, кекшитіп екі қанатын салбыратып жІберіп, шыдам-сызданып отырып, аңшының колғап киген қолына жембасарымен, тегеурІ-німен сығымдап қысып қояды. Бір мезгілде асығып келе жатқан аңшы та-сада отырған екі каздың тұсына келіп калып,— қайта жалт берді. ЖемдІ көзі шалып калған Саршегір колына жата қалды.
Аңшы жылдамдатып кейін шегініп келіп, боз жорғаны қамшылап,
39
дабылды ыңғайлап алып, шаба жөнелді. БІрер секундтың шамасында қаз-дарға жақындап келіп, қаршығаны серпіндетіп лақтырып жіберіп, дабыл-ды қағып-қағып қалды.
Дабылдың даусынан шошынып ұшқан қаздар қанаттары судырлап, қарбаласып тік ұшты. Садақтың оғындай суылдап — қыран жөнелді.
Құлшынып жөнелген Саршегір ұшқыр қанатын сып-сып еткізіп екі-үш қаққанда, әлІ күнге ұйлығып, жөнеле алмай бара жатқан қаздардың асты-на жетіп қалды.
Келесі секундта Саршегір машинаның айналысындай бір айналыс жа-сағанда, аспандағы үш кұстың жарқ-жарқ еткен шапшаңдығы, ұйқы-тұйкы болып жанталасқан қарбаласы көрінді.
Ар жағында аңырап тұрған аңшы қабақ қаққандай уақыт өткенде, бір қазды шалқасынан ұстап сығымдап, төмен қарай созылып келе жатқан Саршегір көрІндІ. Қыран қазды шұбатып алып түсіп, басып қалды. Аман қалған қаз аспаннан төгіле келіп сабаласа да, Саршегір жемін жіберген жоқ... Әне — аңшы да атын борбайлап шаба жөнелді.
1922
п. қысқы ТҮН
Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйтқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп, аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған зат-ты жерге қаққандай болып, құлшынып тұр. Ысқырып, бұлқынып, жында-нып келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айрылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де — екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршықтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.
Долы желдІң айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтаған ұсақ қар ұйтқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр.
Шың тау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға бат-қандай, бас жағы бұлтқа араласып мұнарланып, түнерІп тұр.
Ақ боран көк пен жердІ бір-біріне араластырғандай: Аспандағы ай, жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгІ жоқ. Айнала аппақ болып тұ-тасып алған.
БиІк тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейдІ. Жер тартып
40
шаңын аспанға шығарып, ақ көбігін атқытып шабынады. Біресе жабысып келіп құшактап, жарығына кіріп ыскырып, тербетіп, оятпақшы болады.
Кейде одан өтіп, өзектегі қалтырап жаурап тұрған жас тоғайға келіп, жерге шейін басын игізіп, тәжім еткізіп, арасынан суылдап бұраң қағып, ойнап өтеді.
Кей-кейде бұның бәрін тастап, ұрысайға тығылып отырған кішкене қо-раның ұстіне келіп, ак түтек болып ұйтқып, ойнағын салып, жер жүзінен жоғалтпақшы болады. Суық болып үскіріп, боран болып аласұрып, әлсіз адамға қыр көрсеткендей қаһарланады. КІшкёне терезеден көрініп тұрған әлсіз жарық тыстағы дауылдың лебінен қалтырағандай, суыктан бұғып бәсеңдегендей, жарығы да дірілдеп, ала-көлеңке болып әлсірейді. Тыным-сыз соққан боран ұйтқып, ұйлыққан қар терезенің төменгі көздерін ба-сып, жоғары таман өсіп келеді.
Кішкене үйдің Іші жүдеу. Сарылған сары уайымның таңбасы үй ішіне түскендей. Пештің қырында тұрған жалаң бас лампы үй ішіндегі қараңғы-лықты зорға жеңіп, жалпылдап, ала көлеңке болып жанып тұр.
Үй ішінің барлык жаны — қураған кемпір мен шал және он шақты жасқа келген ауру бала. Кемпір-шалдың бұдан бір ай бұрын сүзектен өл-ген келіні мен азамат баласынан қалған жалғыз ұрпағы осы бала еді. Бұ да он шақты күннен бері қарай сүзек болып, қазірде ауруы қатайып, хал үстінде жатыр.
Баланы пештің жанына жатқызып, кемпір мен шал екІ жағын-да бүрсиіп, жүдеп, жаны кысылып жатқан жалғыздарына телміріп қарап, сарылып отыр. Жалғыз қабат терезеге екпіндеп келіп соққан қатты дауыл біресе гуілдеп шыдамсызданып, біресе ыскырып әлек салып, біресе дүрсілдетіп от ойнатқандай болып құтырып, ауру баланы қайта-қайта шошытып оятады. ТерезенІң тесіктерінен кір-ген тыстағы суық енді бу болып шығып, үй ІшІне тарап тұр.
Бала сағат сайын нашарланып, сөнуге айналған жарықтай төмендеп барады. Кемпір-шал айласы бітіп, әлі құрып, кәрІ көздерінен улы жас-тарын ағызып, мойындарына бұршақ салып тілеу тілейдІ. Сиынбаған аруақ, жалынбаған әулие қалған жоқ. Екеуі де іштегі қайғыны айтыспай ұғып отыр. Орталарындағы жалғыз тірек, жалғыз қанат кеткен соң, күн-дері не болады?
Ер жеткен бала мен келін өлген. Жанашыр жан жоқ. Бүгінгі соғып тұрған боран жалғыз бүгін емес, қыстай соққан. БІр жағы, соның сал-дарынан, бір жағы, баласы ауру болғандықтан, қолдағы азын-аулақ малы күтілмей, бәрі де жұтап таусылған.
Енді аз күнде бұлардың басына келгелі қолын созып, төніп аштық тұр. Жалғыз алданышы, жұбанышынан айрылып, қу моладай құлазып
41
қалатын жетімдік, қу бастық та бүгінгі күн келгелі тұр. Өлгенше көрмесек екен деген суық пішінін сорлы үйдің ішіне кіргізіп, көрсетіп келеді.
Ендігі өмір не болар? ҚелесІ күн қандай күйге ұшыратар? БелгІсіз... Түсі суық... Жылдай созылған ұзақ түн өтпедІ... Суық дауыл, ақ боран ашылған жоқ, бұрынғысындай құтырып, шабынып тұр. ЗәрлІ тун әлсіз жанды жұтқалы жалана берді. Бұл түнмен ауру баланың өмірІ жарыса алған жоқ. Аздан соң демІ бітіп, үзілді. Түнгі боран басқан жалғыз қу-райдай, айдаһарша аласұрған суық табиғаттың арасында баланың әлсіз өмІрІ де таусылып, жарығы сөндІ...
1923
III. ҚЫСТЫ КҮНГІ ДАЛА
Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтарлық бұдыр жоқ. Ақ кебінге оранған дүние ұзақ ұйқыға батқандай, өлім тыныштығын-дай зор тыныштық басында бағып ұйқтатып тұрғанға ұқсайды. ТіршілІктің бір белгісі білінбейді. Қөзге түсетін жан иесІ жоқ. Жер жүзін тылсым бу-ғандай: ызғарлы кар, суық аяз тас қылып қатырғандай.
Дала жайылған кебінге ұқсайды. Алыстағы биік жота жымырайған пішінімен тіршілікті көмген молаға ұқсайды.
Аспанды ажарсыз сұр бұлт қаптап алғандықтан, таңертеңнен берІ күн көзі көрінген жоқ. Қір басқандай болып, жабырқау тартып түнерген сұр бұлттар кәрі көңілге келген қажыған ойдай болып, қансызданып, жүдеу тартады. Алыстағы көлбеп жатқан жоталар, биік таулар түс ауғаннан бері қарай ептеп қарауытып, мұнарланып келеді. Даладағы күңгірт тус басы биік тауға аз-аздап жайылып'жеткендей.
Мұңайып, қайғы басқан ұзақ далада көз тоқтайтын қарайған — алыстағы ақ таудың бауырында тұрған жалғыз қора. Қөз ұшында қарауытып, нобайы көрінген ауылдан жұлындай болып шығып жатқан жіңішке түтін көрінеді.
Айналасында қарауытқан малы, қыбырлаған жан иесі жоқ. Ызғарлы аяз жан иесінің бәрін де жауратып, жүдеу тарттырып, жылы жайды іздет-кендей. Айналадағы жансыздық, өлім ызғары ауылға да өзінің таңбасын басқандай. Қүн екіндіден асып, батуға тақаған. Салбыраған табиғат күн-нің жансыз жарығынан қажығандай болып, түн тыныштығына қарай ерте бастан бой ұрғандай. Қүн батпаса да, аспан қоңырқай тартып қараңғыла-нып, тау түнеріп сұрлана бастап, бейуақтың мезгілінде бұлттың түсіне қосылғандай. Аз-аздап жер мен көк жалпақ сұрғылт түске боялып тұ-тасқандай болды.
42
Кеш батқаннан бері, күншығыстан азырак жел тұрып, катаңдап, жа-ңадан жауған күпсек қарды сырғанатып, жаяу борасындап тұр.
Ауылдан күншығыска шығатын жалғыз аяқ соқыр жолда ақырын іл-біп келе жатқан жалғыз жіңішке қарайған көрінедІ. Қалың қар жүрісіне бөгет болып, қозғалысын өндірмейді.
Келе жатқан — қарайған жаяу екен. Түн жақындағандықтан жүрісін тездетсе де қалың қарға қайта-кайта омбылап, малтығып келеді.
ЖетІмсіреген елсіз далада жалғыз келе жатқан жаяу — зұлымдық, зорлықтан қашқан жас келіншек — Рәбиға. Бұдан бір жыл бұрын Рәбиға-ның күйеуі өлген. Жас келіншек қосағынан айрылған соң, жылау мен қай-ғыда қаралы жылын өткізген. КүйеуІнен қалған жақын туысқан жоқ бола-тын. Жақында жылын берген соң, бұлардың жамағайыны Жақай Рәбиға-ны алмақшы болған. Әмеңгершілік жолымен, жасы алпысқа келген кәрі шал болса да, Жақай Рәбиғаның иесі болып шыққан.
Шалдың бұл ниетін маңайдағы ағайын, туысқан түгелімен дұрыста-ған. Бұл Іске қарсылық ойлаған жалғыз Рәбиға әлсіздік, жалғыздығынан күш көрсете алмаған. Сондықтан кешегі күні жұрт жиылып, шал мен бұ-ның некесін қиған.
Бірақ шалдың кураған сүйегІ, тастай суық денесі Рәбиғаны алғашқы күні-ақ шошытты. Жылы қойнына шал кіріп келе жатканда, жылан кірген-дей болып жиренді. Қалтырап тоңды.
Рәбиға сол минутта-ақ келер күннің қайғы-шерін көз алдынан санап өткізді. Сол қайғыдан құтылу үшін, жас денесін суық жыланның зәрінен құтқару үшін, бүгін Рәбиға қашып шыққан еді. Үстіндегі жұқа киімінен суық өтіп келедІ. Қарсы алдынан ызғырықтап соққан суық жел ішіне кіріп, икемін кетіре бастағандай.
МезгІлсіз шыққан жас әйелдің алдындағы тілегі — бостандық, ақыр-ғы үміті — жалғыз бауыры Мұқаш.
Рәбиға бұдан бұрын үйімен хабарласқанда, бүгінгі күн бауырына ат әкел деп тапсырған болатын. Соның берген уәдесіне сеніп, үйінен шығып кеткен.
Омбы қарда кебісі қарға толып, жүруге бөгет қыла берген соң, екеуін де шешіп алып, қолына ұстап келеді. Аяғында жалғыз ғана мәсісі бар. Күн кешкіріп түнге айналып, өзІ жаурап тоңа бастағандықтан, Рәбиға кезең-кезеңге шыкқан сайын, бауырын асыға іздеп, алдына қадалып қарайды. Қайғымен түйілген қабағында жанға батқан жалғыздық қорқынышпен араласып, білініп тұр. Кеш әбден батып, түн бола бастады. Көз байланып дүние қараңғы тарткандықтан, маңайдағы көп нәрсе көрінбеуге айналды. Боран да мезгіл сайын қатайып, ақ түтек бола бастады.
Аз уақыт өткен соң, Рәбиғаның басы айналып, әуелгІ бетінен адасты. Жүрегіне жақын жанды іздеп, үмітпен қадалған көзіне карауытып тұрған
43
тобылғы, қарайып жатқан тас та келе жатқан кісі тәрізденіп елестей бас-тады. Бәрінің де қасына келген сайын, үміті дал болды. Аяғында, әлі құрып, бір жерге келіп шынтақтап жығылды.
Құлағына суылдап ысқырып тұрған жел даусынан басқа таныс дыбыс естілмеді. ӨмІрмен арпалысқан сорлы әйелдің көз алдына өлім қаупі елес-тей бастады. Қол-аяғы қатып, үсінуге айналды.
Бір мезгілде құлағына ұйтқып соққан желмен бірге ұлып тұрған қас-қыр даусы естілді. Аш қасқырдың ұлуы естілген сайын, Рәбиғаның зәресі ұшып, өмірінен күдерін үздІ.
Аздан соң есінен әбден адасып, жалғыз өзі аласұра бастады. Саушы-лықта жанына сүйеу көрген әке-шешесінің, бауырының атын атап шақы-рады, күйіп жылайды.
Рәбиға қиналған күйде, «енді өлдім-ау!» деп бой сұна берген уақыт-та ғана, көмегіне сеніп шыққан бауыры Мұқаш келіп, тауып алды.
Қасына барғысы келіп құшақтап, үлкен сеңсең ішікті үстіне жа-уып жылытып, жылай бастағанда, Рәбиғаның есІ шала кіріп, ақырын сыбырлап:
— Жалғызым! Сенен басқа сүйенішім бар ма еді? Неге кешіктің? Мені неге қинадың?—деп дірілдей берді.
Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр.
Ақдала меңіреу болып түнеруде. Қайғылы сары бел боран әкеліп тұр-ған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді.
1923
ҮЙЛЕНУ
ШІлденің ыстық күнІ. Шаңқай түс мезгілі. Аспан ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Қүшті жарығы қараған көздІ ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Қүн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең-зең қылып әлсіреткендей. Бір қалыптан айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда-санда болымсыз ыстық леп білінсе,— адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін тө-сеп, еріксіз ұмтылғандай болады.
Бұл уақытта аз ғана гыныштық табылса, жалғыз ғана үй іші-нен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі тү-рулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана
44
дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды жерді қуалап жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, со-зылып жатқан көк тау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Қей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне-бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айрылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшІл түтінімен бір қалыпты дүниенің ажа-рын ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын хажының аулы. Бұл ауыл өзгелер-ден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ, шалғыны мол жеріне қонған. Және, бір жағынан, ешкімді қондырмаған сиякты, өрісті мол кы-лып, беті ашықта оқшау отыр.
Ауыл — он бір-он екі үй. Бұлардың төртеуі үлкен ақ үйлер, БІрі — байдың өз үйі, екеуі — балаларынікі, төртіншісі жаңа киізден істелген, сыртын манатпен оюлаған бес қанат ақ отау — ұзатылатын қыздың үйІ. Ауылдағы қалған үйлердің көбІ кІшкене, үш-төрт қанат жыртықтау қара үйлер. Малшы-қосшының үйлері.
Ауылдан екІ жүз қадамдай жерге қағылған көгалдағы үлкен желіде амалсыздан жатқан байлаулы құлындардан басқа Ірі жылқы жоқ. Бәрі де өзенге түсіп, екі-үш жерге топтанып, үйездеп тұр. Әншейінде шыдамды жылқы дәл бұл уақытта ыстықты шын ауырлап, мең-зең болып тұрған-дай. Бұлардың ыстықтан мазасы бір кетсе, ызыңдап ұшқан, тынымы жоқ көк бас сона, бүгеліктен тағы тыныштығы кетіп: суды аяқтарымен шыл-пылдатып, құйрығымен екі жағын сабаланып, тыным ала алмай тұр. Ыстық-суыққа бірдей шыдамы жоқ сиырлар даладан оқыра қуып кетсе, ауылда да тыныштық таба алмай, аласұрып жүр. Анда-санда тыныштық алайын десе де, сәйгелдің бір қалыпты ызыңы естілгенде: көзі аларып, құйрығын шаншып, жан-жакқа бытырай жөнеліп, құтырғандай жосиды. ЕкІ бүйірінен демін алып ентігіп, танау қағып жүрсе де, күн ыстығы қайт-қанша, тыныштық алу жоқ сияқты.
Байбосын аулы кешеден бері қарай күндегісінен көңілдірек. Ке-ше екінді кезінде келген бес-алты кісі күйеулер ауылдың қызығын молайтып, қыз-келіншек, бала-шаға, бозбалалардың желігін көбейт-кендей. Бір жағынан күйеулерге амандасуға келіп жатқан жақын ауылдың қыдырмашылары да ауылдағы қара-құраны молайтып, ер-теңді-кеш топырды көбейтіп жүр. Байдың келіндері, жақын ауылдың қыз-келіншектері түгелімен таза киімдер киіп, күйеулер отырған ақ отауға
45
ерсілі-карсылы кіріп-шығып, даурығып, қалжың айтып, дамылсыз күліп, бірін-бірі жұлқылап ойнап, желігіп өтіседі.
Күйеулермен қыдырып келген жұрт та таңертеңнен қозғалмай отырып, әлденеше тегене қымызды ішіп алып, қызысқан. БірІн-бірі қағытып қалжыңдасып, мысқылдап күлісіп, кейде қызыл кеңірдек болып, болымсызға дауласып та кетеді. ҚүйеулердІң үйІ қазіргі сағатта өте көңіл-ді. У-шу, ойын-күлкі, қалжыңдар әлі басылған жоқ. Қөп дырду, күлкі ара-сында анда-санда домбыраға қосылып, жіңішке дауыспен шырқаған әнші Матайдың маңызды әні де естіліп қояды. Қүйеулердің үстіне кіруге лайық-сыз көрген үлкендер ауылдың алдындағы өзен жағасына таман келіп, көк шалғынның үстінде көйлекшең отырып, салқындап әңгіме құрып отыр. Ауылдың қазіргІ ажарына қарағанда және үлкендердің ниетіне қараған-да, бұл күйеулер кадірлі қонақтарға ұқсайды. Бұның бір себебі — күйеу болып отырған Қасым осы елдің көрші болысы — ҚызылшІліктің жаңада сайланған «болатком» бастығы болатын. Ел ішінде аталы ауылдың бала-сы биылғы жылы партия* басы болып, елінде атқа мінген ж|гіт. ӨзІ пәлен-дей батыр, өнерлі, өрелі жігіт болмаса да, «ата баласы ғой» деп атасының «аруағын» сыйлап, ел осыны болыс қойған: «Аузы қисык болса да байдың ұлы сөйлесіннің» кері болған.
Қүйеулердің бұдан басқа бір сый болатын себебі — бұлардың қасына Қасымды болыс сайлаған нұсқаушы Оспан да ере келген.
Оспан — осы маңдағы үш-төрт болысқа келген сайлаушы. Өзі шала оқыған мұғалім болса да, Қасымның айтуынша, «өнерімен жетілген» деп саналады. Ұлыктықты ұксата білген, сый-сияпатты тәуір көретін жігіт бол-ғандықтан, Қасым ау-жайын байкап, әдейі қасына ертіп, қонак ретінде алып келген. Сайлаушы төренің саяси пікірі қыр тұрмысына үйлеспесе де, «қазакты жақсы көретіндіктен», анау-мынау ойларды былай тастап, бәй-бішенің үстіне тоқалдыққа Байбосынның қызын алғалы отырған Қасым досының қасына еріп келген.
Қасымның жасы қырықтың шамасында. Бетінде шешек шалған айкын таңбасы бар — шұбар. Қоңқақ мұрын, бітеу бастау, селдір қара сақалы бар, зор денелІ аңсағай жігіт. ҚісінІң Іші-бауырын ел-жірететін орамды жүйрік тілі болмаса да, Оспанды ылғи «төре» деп сөйлеп, асты-үстіне түсіп, корыкқандай болып күтіп тұрады. Айтқан сөзінің бәрін де «құп!» деп мақұлдап тұратын мінезімен «төреге» жақ-қан болатын. Оспан бұл мінездерін «қазақтың қонақшылдығы, мыр-залығы, кеңдігі» деп сүйген еді. Сайлаушы таңертеңгі шайдан соң енді біраз «гулять» жасау керек деп, қыр кісілерінің бір жерде отыра беретін мінезін өзінше сөгіп, біраз жүріп келуге тысқа шыққан.
Бірақ тыстың ыстығы шыққан жерден жайсыз көрінсе де, қайта кіруді ыңғайсыз көріп, қасына өзінің шабарманы мен тағы бір-екІ
46
жігітті шақырып алып, ауылдағы әр нәрсені бұрын көрмеген кісідей тамашалап жүрді. «Төреге» жусап Жаткан қой да, оқыралап жүрген сиыр да тамаша көрінді. Желіде жатқан құлынды көргенде «ақ жү-ректігі» ұстап: «ыстықтап жатыр-ау, байғұстар! Әй, қазақ деген қан-дай, «жестокий!» деп, бІрталай ой ойлаған кісі секілденіп бір тұр-ды. Біраздан соң кұрт қайнатып жатқан кемпірге келіп:
— Бұдан не жасап шығарасың, кемпір, ә?— деп күлімсіреп,— «Өнді-ріс» осы ғой,— деді. Қасындағы жігіттер төренің бар сөзін макұлдап:
— Біздің қазекеңнің осындай қазақшылығы болады,— деп, мысқыл-мен күліп қойды. Оспан осыдан аз-ақ бұрын құрт Ішемін деп жерошақты жағалап, шешесінің мазасын ала бергенде, басына «таңқ» етіп талай тиген ожауды ұмытып, қазір де сол құртқа кісілік көрсеткендей болып тұрды. Осындай біраз сейІл жасап үйге қайтқанда, бұны тосып отырған күйеу «бір оңаша сөзім бар» деп, бұны тысқа шақырды.
Екеуі де тысқа шықты. Ауылдан қырык-елу қадамдай жерге барған соң көгалға жайланып отырып, Қасым сөз бастады. Қасымның айтпағы өз жайы екен. Тымағын көзіне киіп, төмен қарап отырып:
— Төре! Мұнда маған жайсыздау бір әңгіме болып отыр. Бұл Байбо-сынның қызын мен жаңадан айттырғам ғой. Әке-шешелері қызың бермек-ке ырза болып, бізден бірталай мал да алып қойып едІ. ЕндІ бұл уақытка шейін ай қарап жүрді ме — білмеймін, кызы: «Қатын үстіне тимейміп. ырза емеспін, бостандықтың заманы, өзімнің көңілім сүйген кісіге тиемін! Оның жасы да үлкен!»— деп айтады дейді. Әлі бұл сөз әкелерінің құлағы-на тимеген болса керек. Жаңа жеңгесІ келіп, осыны айтып кетті. «Сайлау-шыға айтамын, басыма бостандық аламын, сотқа барамын!»—деп айтады дейді. Сонымен кеше де, бүгін де біздің қасымызға шақыртсам да, келмей отщр: «бармаймын!»— деп айтады дейді. Ата-анасы батасын ай-тып, қызын беруге ырза болған. Құйрық-бауыр жесіп құда болғанбыз. Оның үстіне, мінеки — сізге сый көрсетемін деп, әдейі өзіңізді ертіп келіп отырмын. Осыны қалай дейсіз? Қашқанның да, қуғанның да тірегІ сізсіз ғой! Арыз беремін деп отырғаны сіз екенсіз. Лайық көрсеңіз, өзіңіз соны сөйлесіп, ақымақтық қылма десеңіз қайтеді? Сіздің сөзіңізге тоқтайды ғой.
Оспан аз ойланғансын отырып, шімірікпестен:
— Жарайды, мен сөйлесейін. Мұнысы қисынсыз екен. Қанша бостан-дық дегенмен, қазақтың қазақшылығына лайықсыз жұмыстың орны жоқ қой' - деді.
Қасым көңілденіп күліп:
— Төре-ау, тіпті енді декретіңде күйеуі келіп отырған қыз да бұзыл-сын деген бе? Мұнысын қойғызыңыз!— деді. Жігіттер осы ретте сөздерді тағы біраз сөйлескен соң, түрегелісіп үйге қарай жүрдІ.
47
Оспан сол бетімен барып қызбен сөйлеспекшІ болды. Қалыңдық бұлар отырған үйге келмегендіктен, пішінін Оспан әлі күнге көрмеген болатын. Төре күйеулердің үйінен өтіп, қыз отырған кіші отаудың жанына тақал-ғанда, қалтасынан тарағын алып, тыста тұрып шашын тарап, қоразданып, қақырынып үйге кірді. Үй оңаша екен. Оң жақтағы биік төсектің алдында, машинамен Іс тігіп Қасымның қалыңдығы Жәмила жалғыз отыр. Басында оқалаған қара тақиясы жаңа тараған қара шашына, бетінің ақ түсіне жарасып тұр. Бетінің ұшындағы жұқалаң қызылы, аз ғана күлімсіреп тұр-ған мөлдір қара көзІ, кішілеу қырлы мұрны бір көрген жерден-ақ Жәмила-ның сұлулығын білдіріп тұр еді. Орта бойлы, толықтау денесіне киген ақ көйлегі, жасыл пүліш қамзолы де ешбір мінсіз болып жарасқан. Оспан қыздың сұлулығына таң қалғандай болып, көрген жерден көңілі құрмет-тегісі келгендей болды. Бұл төрге шығып отырып амандасқанда, Жәмила аз бұрылып, көзінің құйрығымен қарап, ешбір қымсынбаған пішінмен «шүкір» деп ақырын ғана жауап қайырды. Оспан қалжыңдаған болып, әр түрлі сөздің басын айтып аз отырған соң, келген сөзіне көшті. Қыз мой-нын бұрып, таңданған пішінмен жас жігітке қарап отыр. Оспан сөзінің басын ұғымсыз қылып, қайта-қайта бөгеліп сөйлеп, аяғында:
— Ата-анаңыз атастырып қойған екен. Я, оның үстіне, күйеуіңіз — бір елдің болысы, ұлығы. ЕндігІ тимеймін дегеніңіз лайық бола ма? Я, мен бұл сөзді тастауыңызды сұраймын!—деп қызға қарап себепсізден күлім-сірей келіп, ақырында мырс еттІ. Жәмиланың өңІнде жігіттің сөзі әсер бер-мегендігі білініп тұр. Ол Оспанның сөзін естіп болған соң, ақырын езу тар-тып күліп, жігіттің бетіне тура қарап отырып:
— Осы өзіңіздің ойыңыздағы сөзіңіз бе? Жоқ, Қасымға еріп келген соң, жолдастығын ақтайын деп айтып отырсыз ба?— деді. Оспан басында не айтарын білмей қысылыңқырап калып, артынан әлденеден рақымы түскен пішінмен күліп:
— Әйтеуір, айттым ғой, әуелі менің сөзіме жауап беріңізші!— деді. Қыз:
— ӨзгенІң жөнІ бІр басқа. Жалғыз-ак сіздің жеңгетай болғаныңыз қисынсыз емес пе? Әйелге бостандық әперетін сіздер десек, өзіңіз бұны айтқаныңыз дұрыс па?—деп, кінәлаған кісінің пішінімен Оспанға тағы қарады. Оспан:
— СІз мені жеңгетай деп «обижать» етеесіз, мен оныңызға ренжи-мін! — деді.
Қыз күлімсІреп:
— Олай болса, жөніңізге көшіңіз! ӨзіңІздің жастығыңызға, орныңыз-ға, түсіңізге қарағанда, осы сөз лайық па — соны ойлаңыз!—деді.
Оспан бұл сөзге келгенде, бІржолата жеңіліп, кінәлі болған кісіше төмен қарады. Қыздың Ірге бермеген ашықтығы мен шешендігі жігІттІ
48
женді. Бірақ бұдан төренің көңіліне ашу мен намыс кірген жоқ, қайта қыз-ға қатты суйсінгендей, ішінен кұрметтеп, көңілі басқа жаққа қарай ауа бастады,
Соңғы бір-екі сөз өз көңілін оятып, күтпеген жерден болымсыз үміт туғызгандай болды. Қыздың пішіні, мінезі, барлық сөзі де жігітке әбден жақты. Бұл уақытта Жәмила да «окыған жігіт» дегенді жаңа көргендіктен, бұған өзгеше көңілмен қаран, орысша сәнді киінген киіміне, қызыл-шырай-лы сүйкімді пішініне айрыкша көңіл бөлгендей болды. Жас жігіттің ажар-лы пішіні мұның да әр тұрлі сезімін ояткандай еді. Енді үміт пен күдіктің арасында алысып отырған шыдамсыз күйеуді ұмытып, сайлаушы «төре» өз әзілінің жарастығын іздей бастады.
Қыздың соңғы сөзінің бетімен бірталай сөйлесіп отырған соң, екеуі біріне-бірі үйір болып, әбден таныс болған кісілердің қалпыма келді.
Аяғында, қыз сөзінің көбі Оспанның үмітін әбден нығайткан соң, кырдағы мүсіні тәуір әйелдің бәріне істеп жүрген дағдылы машығына са-лып, төре белгілі тілек айтуға ауысты. Көптен қалжыңмен жағалатып ай-тып отырған сөзінің бетін ашты. Қыз бұл жерде де қысылған жоқ. Қөп естіген сөзінің бірі екендігі жауап ретінде жымиған кұлкісінен білініп тұр еді. Енді біразда «ғашық» болуға такап, жүрегі лүпілдеп, жауабын асығып күтіп отырған жігітке қарап, Жәмнла:
- Сіздің сөзіңіз жерде калмас, бірақ менің айтатын тілегіме өзіңіз де табылыңыз? — деді. Оспан бұл жерде шыдап отъіруға шамасы келмей: қыздың қасына барып, қолынан ұстап, бір жолымен мойны-нан құшақтап, бетінен сұйіп алды. Қыз болымсыз ғана қымсынып, төмен карап, ақырын: «Біреу келіп қалады!»— дегеннен басқа еш нәрсе айтқан жоқ.
БІраздан соң Оспан орнына қайтып келіп отырып, қыздан оңаша жо-лығатын уақыт сұрады. Қыз жымиып күліп:
— Айтқаныңыз жаңа, асыққаныңыз не? Әуелі менің тілегімдІ есті-ңіз!— деді, Оспан:
— Айта ғой, олай болса, тілегіңдІ,—дегенде:
— Тілегім — біздің жақындығымыз аз күндік жақындық болмасын, Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайык деймін. Осыны қалай көресіз?— деді.
Оспан бөгелместен, байлауын жасап:
— Жәміш! Менің де айтқалы отырғаным осы еді. ЕндІ сөзіміздің байлауы осы болсын, сен — менікі, мен — сенікі!— деді.
Осы секілді сөздерден кейін қыз бен жігіт арасында уәде беріскен байлау болған соң, енді қалай косылудын жайын сөйлесті. Бұл турасы-нан бірталай сөйлесіп келіп байлағандары: аз күнде елдегі жұмыстарын бітіріп, Оспан калаға қайтады, сонда жолшыбай келіп, Жәмішті алып 1 227	49
қашады. Оған шекті Жәмила Қасымға тимеймін деген сөздІ айтып тұра-тын болды. Осымен сөздің аяғын бітіріп, екеуі талай жылдан көрісе алмай, сарғайысып жүрген ғашықтардай, құлаштарын жайып сүйісіп, зорға айрылысты. Бұл оқиғаның артынан Қасым күйеуге Оспан көңіл жұбата-тын сөз айтып келген жоқ. «Қызды көп сөйлесіп, тәуір-ақ көндірмекші болып айналдырып едім, болмады. Мен енді бабын таба алмадым...» — деп болымсыз сөздермен Қасымды жұбатпақшы болды. Қасым бұл сөздер-ге сенер-сенбестей болып, үндемей отырып қалды. Сол күні кешке қыздың «тимеймін» деген сөзі бұл өлкедегі ауылдардың бәріне де жайылып қалды. Әке-шешесі қыздың мінезіне ұялса да, зорлық қылуға бата алмады. «Ер-тең болады» деген той жасалмайтын болды. Қешеден желігіп жүрген са-уықшыл жастардың бәрі де басылып қалды. Аяғында, сол түнде күйеу қасындағы жолдастарымен ақылдасып, еліне қайтпақшы болды. Қыз-дың әкелері ағайын-туысқан, жақындарын жиып алып, қызға қайта-қайта кісі салып сөйлескенде, ол көнбеген соң, күйеулерге кісі салды. Біздің қызымыз әзірше бұзылып тұр. Бірақ бізге он бес күнге рұқсат беріңіздер, соған шекті көндіреміз, тентегімізді тыямыз. Он бес күннен соң қайта келіңдер дестІ. Күйеулер осы сөзді малданып, қайтып кетті.
Арада төрт-бес күн өткен соң, шабарман арқылы қызға берген уәделі түнінде Байбосын аулының сыртына үш ат жеккен трашпең-кемен келіп, Оспан Жәмиланы күтіп тұрды.
Мұның ойын әлі күнге шейін ел ішінде сезген жан болған жоқ. Жүрісін тіпті сезіксіз қылу үшін Байбосын аулынан қайтқан соң да ылғи Қасымның аулында жатқан. Қыздың аулының сыртындағы табысуға уәде қылған кішкене төбешіктің түбінде ауыл жакқа қайта-қайта телміре қарап, Оспан мен шабарман Жәмиланы сабырсыздықпен күтіп тұр еді. Бірталай ауыр минуттар өтті. Ұйқыда жатқан ауыл жақтан ешбір дыбыс білінбейді. Сабырсыз жігіттердің қадалып қараған көздеріне жұлдыз жа-рық болып тұрған қараңғы түн де, кейде түрегелген ірі қараның бәрі де келе жатқан кісі секілденіп көрінеді. Аяғында, бір сағаттай уақыт өткен соң, жігіттердің сақ құлақтарына бір-ақ рет шылдыр еткен шолпы дыбы-сы естіліп қалғандай болды. ЕкеуІ де құлағын тігіп ауылға қарады. Аздан соң қараңдап, ақырын сөйлесіп келе жатқан екі кісінің бойы көрінді.
Бұлар алдынан қарсы жүрді. Жәмиланы шығарып салуға жең-гесі Айша ере келген екен. Үстінде ақ көйлегІ бар, басына қара шапанын жамылған Жәмила жеңгесін ертіп, жігіттердің қасына келді. Қыз келген соң азғантай ғана сөйлесіп, Айшамен бәрі бірдей қоштасып, қара жолмен жүріп кетті.
Қала бұл жерден жүз шақырым. «Жұрт тұрып құлақтанғанша, біз барып та қаламыз»,— деп, ауылдан ұзап шығып алған соң, атты қатты айдап, қашқындар кете барды. Ел ертеңінде түс мезгілінде қыздың кет-
50
кендігінен хабарлана бастады. Байбосын аулы қыздың кіммен кеткенін білмей дағдарысты. Сол күні кешке бұл хабар Қасым аулына да жетті. Бұл жұмыс төреден келгенін жұрт ертеңінде ғана білдІ.
1923
ЖЕТІМ
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қо-ңыр салқын желІ еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күн-батысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бой ұсынған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көк-жиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күштІ еді. Қара-барқан тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен найзағай жарығымен күңгірт даланы әлденеге үмІттендірІп тұрған сияқты. Тау бөктерІндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, сал-быраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салкын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп сокқан желмен бірге жұректі ақырын-ақырын шымшылағандай едІ. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйкыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зарлы-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті, кы-зықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап коңырлатқан, кейде шырқаған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл минутта адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп сокқан бөктердің желІндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқ-ты еді. Бойды табиғат қуатындай болып тоңазытып, көңілдІ жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан күнмен бейуаққа қош-тастырған үн сияқты.
Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяк жолмен түн қатып келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында жігіттер келе жатқан
4*
51
жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты. Жол үстінде ымырт жабылып, қас карайған шақта жалғыз келе жатқан бала-ның ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар.
Табиғат балаға қатал, суық көрінедІ. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазар-ғандай. БетІндегі ақ көде, сары селеуді сүйретіп сумаңдатып соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. Қарауытқан кәлеңкелі сайлар қара түннің қараңғы сырын бауырына жиып, әлденеге сақтап тұр-ғандай болады. БелгІсіз тұңғиық жүрегін жаныштады. ӘрІ салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. Жүрегін корқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді.
Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп едІ. Одан жарты жыл бұрын өзін туған әке-шешесі өлген... Өз әке-шешесі өлгенде Қасымның кішкентач әлсіз басы тағдырдың бұның басына келер-лік барлық соққысын түгелімен көріп шықкан. Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі де өліп едІ. Бұрынғы бала — бұрын еркелік-пен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді.
Жақын, жанашыр туысқаны жоқ болса да, маңайындағы ел әжесі-нің өлігін үйден алып шығарда, кішкентай Қасым үлкейген кексе кісі айта-тын зардың бәрін айтып, шешесінің үстіне жығылып, айрылғысы келмей құшақтап:
- Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? МенІң шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба?— деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.
Қасымға өзге өліктің бәрінен әжесінің өлігі батып еді. Әжесі демі үзіл-ген минутына шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып ұзілген. Кәрі кеудесінен жаны шыққан-ша, Қасымға ендігі қайғының қаншалық ауыр болатынын біліп, бұның сорлы болған пішінін көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тартып күлген сияқтанып жатып едІ. Сонда өмірді тілесе — Қа-сым ер жеткенше деп тілеген. «Құлынымның бұғанасы қатқанша, ракым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!»— деп тілеп еді.
Әжесі осы тілектің үсінде өліп еді. Қасым сол күнгі жылауынан бас-тап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті. ШешесІн жоқтап жыла-ғанда, елжіреп сүйген атасы, өз әке-шешесі түгелімен көз алдына келіп елестеп, кешегі жылы ұяны көз алдына әкеп тұрғандай болушы еді. Қасым 52
бәрінің де атын атап шақырып, кішкене ақ таяққа сүйеніп тұрып, жалғыз өзі оңашаға кетіп, зарланып жылаушы еді.
Қасым ұйқтаса, бақытқа жеткендей болып, өзін алдына алып сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген әке-шешелерін көруші еді.
БәрІ де — біз тіріліп келдік, енді өлмейміз... Сен қорғансыз емес-сің, сен жыламайсың, сенің көз жасың бізді қайта алып келді...— деуші еді. Қасым түсінде еркелеп, әжесінің төсін иіскеп, «менІ неге жылат-тың?»— деп өкпе айтатын. Ояна келсе,— көргені түс болса да, Қасымның көңілі солардың өлгеніне көпке шейІн сенбей жүрді. Белгісізден солардан хабар әкелуші бардай, не болмаса біреуі келетіндей, көңіл қиялын сол ой билейді.
Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды. Жетімдік бұған өзінің барлық суық пішінінде емін-еркін танытты. Қатал тағдыр мықты қолымен қатты ұстады.
Күннен-күн өткен сайын, әжесі келмейтін болып, алыстай бастады. Оның бейітІ Ұлытаудың бөктёрінде алыста калды. Ауыл тау асып көшіп кетті. Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғы-тұрғы мамықтүсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Әжесінің мұны уатып айтатын ертегісі, кешкі мезгілде алдына алып, күпі-сіне орап отырып, тербетіп айтатын сезімді қоныр әні де жоғалды. Өшті, Қасымның үмітті жарық күні де батты.
Әжесі өлген соң «жақынымын» деп, жаны ашыған ие болып шығып, Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды. Қасымның әке-шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді.
Исаға Қасымның малын берерде жұрт: «Жетімнің малына қиянат кылма! ӨзІн адам ет, күт, асыра, жылатпа!»—деп тапсырған болып беріп еді.
Исаның балалары көп, малы жоққа жақын кедей болатын. Ұрыс-қақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен, малды өз малындай, өз мүлкіндей баурай бастады.
Түнде ел жатқанда, жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйқтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін естіп едІ. Сонда олар Қасыммен бірге келген малдың санын азсынып, әрқайсысының түсін атап, әне бір көк саулық пен қарабас қойды соғымға жібереміз, қасқа сиырды сатып, үй-ішіне, бала-шағаға сәудегерден бұл аламыз,— деп ашыққа салып, кеңесіп жатты.
Қасымның көрпе астында жылап жатып, мұрнын тартып дыбыс бергені де, оларды бұрынғы әңгімеден тыйған жоқ еді.
Қасым осы түннен бастап бар қайғыны ішіне жия бастады. Маңа-йындағы көрші қатындар, сенімсіз топас шалдар:
— Бала, малыңа ие болуға жарамайсың!.. Әй, сені Иса жейді ғой.
53
СенІң малыңды құртады ғой. Ие бол!—деген сөздердІ айтқыштап қоятын.
Қасым сөйлеп, орынды сөз айтып жеңе алмайды. БІрақ көңіліне жетім-дік, әлсіздік қайғысы зіл-қара тастай орнап қалды. Аз заман өткенде, бұрынғы толық ажарлы Қасым аппақ болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы түйіліп, қайғы сызымен түксиіп алды. Жалғыздық, сорлылық кебін барлық пішінімен білдіретін болып еді.
Бұрынғы кішкене әлсіз ойымен нобайын сезіп, қорқып күткен суық күн Қасымның басына күннен-күнге суық қолын созып, жақындап келе жатты. Қасымның малы ұстала бастады.
— Мен жетім емес пе? Менің малыма тигенің обал емес пе?— деп жылап айтқан, жұрттан ұғынған сөзі әсер бермейтін болды. Көк сау-лықтың мойнынан құшақтап жабысқан жолында Иса мен Қади-шадан қабат таяқ жеді. Жылаған сайын тамақ бермейтін болды. Ал-ғашқы қайғылы күндегі Қасымның қадІрІ де ұзақ болған жоқ еді. Екі-үш күннен соң Иса мен Қадишаның сезім дегенді білмейтін — көн болған көңілдері бұрынғы таз қалпына келіп еді.
Олардың балалары бірінен-бірі ерке болып шығып, Қасым қаға бе-рісте қалатын болды. Қасымға таласа-тармаса күн көру керек болды. Мал ұсталғалы басында қайғыртып жылатып, кішкене сорлы жетімнің ішіне у болып жиналып жүрсе де,,.әрі-беріден соң ол қайғы бөлек қалды. Енді Қасым тамақты да жөндеп Іше алмайтын болды. Жыламаса, әке-шешесі бар балалардан кезек тимейді. Оның үстіне олардың ересегінен таяқ та жей бастады. Қасымға бұдан соңғы бір қайғы болып — малды қарастыру, қозы бағу шықты. Аздан соң өзге балалар «тілазар, кәпір бармайды» деген атпен құтылып калатын болып, Иса мен Қадишаның бейілді қабағына ырза болатын күйге келген Қасым тезек теретін болды. Малдан кешке келіп сүрініп-жығылғанда болмаса, Қасымға бостандық, еркіншілік жок болды. Кейде Иса өз балаларын: «олардың малы жоқ, мал-дың иесі — Қасым» деп қойып, олардың еріншектігіне өзІ құрық беріп, Қасымның бейшаралығын ашык арамдықпен қақпай қылып та қояды. Бұл халдің барлығы сорлы жетім көңілінде күннен-күн өткен сайын арыл-мастай үлкен у болып жиналып жүрді. Қасым ендІ барлық өзіне қарсы арналған арамдық, өгейлік, қулық пен кәпірстан мінезді қа-бақтан, жарты сөзден ұғатын болды. Тұрған аулында бір адамнан мейірімді мінез көрмеген соң, ешбір жанмен сөйлеспейді. Күз күнін-дей жабырқап жүдеп, кабағы қатқан қайғыда. Сырт пішіні момын сияқтанады. Бірақ ішіне ылғи жетімсіреген жалғыздықпен бірге, дүние-ге сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып орнай бастады.
Бұл мінез өсіп, күшейіп ішіне мұздай болып қатқан сайын, Қасым ашулы болып, қаны бұзыла бастады. Оның үстіне үнемі аштық, күтім-54
сіздік, ауыр жұмыс косылып, ойын шатастыра берді. Әжесі өлген соң, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жок. Кішкен-тай Қасымның түсІ де, көңілі де*қартайып, жүдеп барады. Бұл уақытта Қадишаның қолы үйреніп алған таяғы күннен-күнге «ЖетІм ит», «Жаман неме!» деп көзге шұкып, жиі-жиі тие бастады.
Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында таңертеңнен кешке шейін Иса мен Қадиша бұны үйіне жолатпай, ауылдан қуып жүріп сабап еді.
Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен үздігіп әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бой ұсынған пішінімен Иса-ның үйін жағалап келе жатыр еді. Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді. Иса бұған «сен қарсы келдің» деген зілмен тағы да ұрмақшы болып, қарсы жүгірді. Сол уақытта Қасым жаны күйіп, шыдай алмай жылап жүріп сөйлеп:
— Мені мұндай сорлы қылғандай не жазып едім?.. Неңді жеп едім?! Жазығым — қуарып қалған жетімдігім бе?— деп, жерде жат-қан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай каша жөнеліп еді.
Иса аузына келгенін айтып боктап, аяғы мертігіп, «бақ» етІп отыра қалды. Қасым сол бетімен тас лақтырып қуған балаларға жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп кеткен.
Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, зарлап еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып келе жатқанда, бұрыннан ойлап жүр-ген бір көмескі ниеті есіне түстІ, ол ниеті — ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман жақындаған соң, сол қыстау маңында зираты бар әке-шешелерінің басына бармақшы еді. Олардың басына мал сойып апарып, құран оқытамын дегенде, алдында Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған.
Қазіргі Қасымның ойы, енді баратын қорған жок болғандықтан, сол қораға барып, сол маңайда қалған жатақтарға жетіп, тау бөк-теріндегІ әке-шешелерінің басына барып, қабірін құшақтап, жылау еді. Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан, зар еніреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал — осы.
Қасым жүгіре бастады. Шошынған қабақпен алды-артына қарай береді. ЖетІм көзі белгісіз бірдемені куткендей болады. Пайдасыз күту. Ішінен қатты корқып келе жатса да көзіне көрінер тірі жан жоқ. Қап-қа-раңғы түн болды. Қасым тау ішінде келе жатыр. Бұдан кішірек күнінде көп естіген қараңғы сырлы әңгімелер болушы еді. Түнде кездесетін жын-шайтандар, қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып кететін перІ-лер. Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, жындандырған,
55
көзіне көрініп елестеген әңгімелері кішкентай Қасымның көңіліне әбден қонып, онсыз да наукасты әлсіз киялында мықты орын алып қалған...
Бұл уақытқа шейін Қасымды қайғы, жазықсыздық ашу жетелеп, дедектетіп келіп еді. Бұдан бұрын қайта қайту, Исаның пішінін көруден де өлімді таңдап алатындай еді. Сол күй қорқынышты ойлатпай алып кетіп еді. Қазіргі уақытта қараңғы тұннің қара желі қатайып, түн тусі суи бас-таған сайын, Қасымның жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп келе жатты. Оның үстіне алыстағы бұлт жиі-жиі күркіреп, күн жарқылдайды. ТүнгІ тау, қара жартас алыстан перілер мекеніндей болып — жарқ етіп, қайта қараңғылыққа батып жоғалады. Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетіп, жалмауыздай басып қалады. Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың қалың көлеңке басқан қара күйедей тұңғиық қап-қара беттері түндегі таудың қараңғы пәлелерін ішіне бүгіп жиып тұрғандай көрінеді... Тоғайда да қалың жапырақтың арасында қара бірдеме жасырынып, әлде-нені күтіп тұрғандай. ӘрбІр түптің астынан қара түннің тұңғиық, суық, терең, қара көздері мың сан болып қадалып қарап тұрғандай... Биік тау, мықты қара жартас, бұралған тоғай мен майысқан шалғын — барлығы да түн мезгілінде Қасымның көзіне жат болып кеткендей көрінеді. Тас қабақты, жұлдыз көздІ, түндей қара түсті қара кемпір тау ішін құ-йындай кұтырып, кезіп жүргендей. Қара желімен «әпсін» оқып үш-кіріп тұрғандай. Дүниені тас қып қатырып, тылсым буғандай. Түн тыныш-тығын ұйқылы қанатың жалпылдатып қағып ұшқан жалғыз ғана қарақұс бұзады. Сондықтан оның атын жынды құс қойған. Осы сияқты ауыр мез-гілде Қасымды тау ішінде жетімдік қайғысы жан ұшыртып алып келе жатты... БІр мезгілде Қасым қоркып, дірілдеген жүрекпен маңайына жал-таңдап әр нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті. Сол уақытта жол жиегіндегІ бір кішкене тоғайға келіп қалып еді. Оқыста көзін жұм-дырып шошытып қалған жарықтың Ішінде Қасым көз алдынан елбеңдеп жөнелген бір нәрсенің түсін шалып қалды. Шошынып, өне бойы мұздап, жүрегі лүпілдеп соғып кетті. Бұл кеткен сол тоғай ішінен ұшқан жынды құс еді.
Бірақ Қасымға ол көптен күткен қараңғы сырлы күшті қуаттың бірі болып көрінді. Сол кезде Қасымды шешесінің қабіріне қарай тартқан жетім жүрек өзге денесінің іркілейін дегеніне ерік бермей, ілгері дедектетіп алып жүріп кетті. БірГақ бұл уақыттағы серігі кім? ПерІште дегені осы ма? Әлде жын ба? Әйтеуір, енді алдында бұлдырлап, елестеп жүгіргендей болып, елбеңдеген бір нәрсе жолын бастап келе жатқан сиякты. Қасым бір уақыт кісі екен деп ес көргендей болып еді, артынан шоши бастады. Жүрегі сенімсіздік қаупімен тағы лүпілдеп соқты. Ақырын жүріп, кейін-дегісі келді... Бір мезгілде бетіне құтырып, ысқырып келіп ұйтқыған бір
56
кұйын соқкандай болды. Жасканып көзін жұмды. Қайта ашса — караңғы түнде оттай жанған алакөз ашумен түксиіп қарап тұр...
Алдында тісІ ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара пышағы бар кара кісі тұр екен. Даланың жыны осы ғой деп ойлай беріп еді, анау Қасым-ға әмірлі дауыспен ақырып:
— Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына қарама! Аяғыңа кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр!—деп жүріп кетті. ӘлсІз жетім:
— Ағатай, жетіммін...— дей беріп едІ, алакөз қайта жарқ ет-кенде, артынан жүгіріп кетті. Қасым өкпесі үзілгенше ентігіп жүгіріп отырды. Қөз ұшына жоғалып кетті. Түн ортасы болған кезде, таудың осы мөлшеріне бөктерде келе жаткан үш жігіт жеттІ. Бұлар аяңшыл аттардың екпінімен тастақ жолды тықырлатып, таудың сала-саласын бір құлап, бір өрлеп, жолды қуалап келе жатыр едІ. Ұзақ жол жалықтырып, түн ұйқысы жеңе бастаған жүргіншілер бірінің артына бірІ түсіп, тізіліп келе жатқан. БІр уақытта бір тоғайдың тұсына келгенде, аттары осқырып, ішін тартып, тоғайға қадалып жүрмей, үркіп тұрып алды.
Сол уақытта жаңбыр бұлты тауға таман жақындап, жел қатаң-дап, күннің күркірегені жиілеп тұр едІ. Қүн әдетінше жарқ етті. Сонда үш жолаушы алдарындағы ағашқа сүйеніп жығылып, қатып тұрған баланы көрді. Басында бұлар шошып, аттары да үркіп атып кетсе де, артынан оралып дыбыстап, әлгі жерге қайта келді. Бұлардың көп айқайы-на ешкім дыбыс бермедІ. Аздан соң аттан түсіп, қасына келіп қараса, жыр-тық киімді, өңі құп-қу болып, қаннан айрылып жүдеген он, он бір жасар бала екен. Ол — әлік. Бірақ денесі әлі түгел мұздап та болған жоқ екен...
1924
БАРЫМТА
Жарық, айлы түн еді. Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиық-танған түн аспанында алыстағы оттай таласып, жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел ендІ күзекке тамач қайта көшуге айналып, бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтқан елдің бес-алты аулы Қеңөзекке кешелер қонған болатын. Қеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. ТерІсаққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Қеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғынды өзектің ортасында
57
Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қо-ныстардың ішінде ең ерекше жері — жаздың қандай ыстық күні болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын. СолтүстІктегі биік таулар-дан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айрылмайтын сияқтанушы еді.
Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты. Өзек бойына шашырап қонған ақ шұбар ауылдан әр жерде, тарғақтың, үйрек-қаздың ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен дөңгеленіп, үймелей отыр еді. Ауылдардың көпшілігі жатқан. Түңліктері жабылған ақ үйлер ай сәулесі түсіп маңқиып, қара үйлер тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып қал-ғығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан — тегіс қалғытқан ұйқыда. Өзек бойында бір-біріне сүйеу. болғандай болып, анда-санда даланы жаңғыртып айқайлаған күзетшілердің айтағы естіледі. Әр жерде бірен-саран иттер үреді. Күзетші сарылған дауыспен дағдылы айғайын созып, зорайтып айтады. ¥йқы түніндегі күзетші айқай тұманды түс көргендей болып қалғыған ҚеңөзектІ әлдилеп тербеткендей еді. Кү-зетшінің айтағы ұйқыға, тыныштыққа, демалысқа шакырғандай болады.
Ауылдардың көпшілігі жаткан болса да, кейбірінде бірен-саран үйлер-дің оты бар еді. Кей жерошақтарда бірде үзіліп, бірде қайта қозданып, жалпылдап жанған оттар көрінеді. Тұңлігі жабылмаған үйлердің шаңы-рағынан қызғылттанған сәуле көрінеді. Қызғылт жарық тіршілік белгісін-дей болып көзді тартады. Әр ауылда жатпаған үйлер — кешірек жататын байлар үйі еді. Ел жататын мезгіл болса да, бүгін бұл үйлер жата қойған жоқ-ты. Үлкен үйлердің арасындағы кермеде әрбір ауылда суып тұрған ерттеулі аттар бар. Араларында жарау бәйгілер, дәмелі жүйрік айғырлар да көрінеді. Бүгінгі күн бұл ауылдардың қалың жылқысындағы сәйгүлік-тің бәрі де кермеде болатын. Аттар әлдеқалай дыбыс шықса, сарылып тұр-ған тыныштықты ауырлағандай болып тықыршып, пысқырып, кейбірі жер тарпып елеңдейді. Бұл аттар түстен бері тегіс мініліп, бусанып келіп, жаңадан байланған болатын.
Кеңөзектегі ауылдың кермеге ат-айғырын байлап, бүгінгі күн әбігер болуына себеп не болып еді? Енді соған келейік. Терісаққанның елі жыл сайын жайлауына келгенде, бұның жайлауы мен жайлауы жап-сарлас болып аралас отыратын Қарағанды болысы болатын. Қарағанды, Терісаққан -- екІ дуанға қарайтын. Екі елдің руы да екі басқа, бір-біріне алыс болатын. Бұларды бір-біріне жақындастыратын жазғы жайлау ғана едІ. Екеуі де малды, кісілІ, жуансынған соктыққыш ел болатын. Осы екі ел ру басы жуандарының бір-біріне сыз өткізсем деген басталасы, бақкүн-
58
дестігінен және солардың екІ елдІ бүлдірген мінезінен барып, ақыры, бір-біріне катты уыққан, қатты аңдысып шатасқан ел болатын. Соңғы екі жылдан бері екі ел бір-біріне әбден өштесіп ап, қолдарынан келген қас-тықтарын аяспайтын болып еді. Жаулықта аралары ұзасқан болатын. Екі жағы да қарсы елдің басты кісілерін ұлыкка шағысып, талай-талай арыздар берісіп, адвокатпен де қуыскан. Бірақ бірін-бірі меңдетіп жеңіс-кен жоқ-ты. Ұлық бұлардың арасындағы дау-шарды жете тексерген жоқ.
Дуаны екі басқа болған соң, араларындағы шатасқан түйіндІ шешу қиын да болған. Сансыз көп қып берген арыздарынан кей уақыттарда, айлар өтсе де, жауаптар келмей қалатын. Бірак бұл елдердің адамдары кыс болып аралары алыстаған уакытта ғана арызбен іс қылушы еді.
Жаз болып, бір-біріне еріксіз жақындап, қоян-колтык келгенде кол-мен іс қылып: не ұрласып, не барымталасып, кей уакытта жасақ жиып шабыспак та болып, дөң-айбат жасасып қалатын. Осы сияқты халдер бір-талай жылдан бері келе жатқандыктан бұлардың арасында ел ортасының жесір дауы, қоныс дауы, құн дауы сияқтылардай ІргелІ даулары да бола-тын.
Сондаймен көптен кіжінісіп келген елдер биылғы жылдың жазын-да бір-біріне қолдарын батырмақ болып, қыза қимылдасып еді. Ала жаздай жайлауда екі ел жакын отырған уақытта ел азаматтары түгелімен ат үстінде болған. Жаздай неше килы әңгімелер болып өтті. Бір күні «пәленше таптан барымта алынып қалып, пәлен ауыл-дың жылқысына жау тиіп, айырып қалыпты» десіп, кейде «пәленнің екі-үш жылқысы өткен түнде жоқ#болып шығыпты» десіп, тағы бір уакытта қорага ұры кіріп азан-қазан болып қалған ауылдардың түрлі-түрлі әңгімелері естіліп жататын. ЕкІ елдІң жаулығындағы бір дағдылы жұмыс: алғашқы көрші келіскен кезде бұлар көп алыспай, көп соктықпай, бірін-бірі барлағандай болып келіп, жаз ортасы ау-ғанда, әсіресе айрыла көшетін мезгіл жеткенде, қызысып алысатын. Қей уақытта айрылып өшіп, арасы әбден елсіз болып алыстап кеткенше, түн асқан сайын, бір оқиға болып калып отырушы еді. Бүгін түнде Кең-өзекте отырған ауылдар — сол окиғаның нағыз қайнаған ортасында бола-тын ауылдардың бірі еді.
ӨйткенІ бұл ауылда Терісаққанның ең жуан жері — Досбол аулы болатын. ТерІсаққан Қарағандымен алысқанда, Досболдың нұсқаған беті-мен барып соқтығып қағысады. Биылғыдай жаугершілік болған жылдар барымташылардың топтары аттанса да, айтыс-тартыс болса да — барлы-ғы Досболға мәлімделіп отыратын. Кейде көп сөз, көп кеңес Досболдың өз алдында болатын. Қеңөзекте отырған бес-алты ауылдың ортадағысы сол Досболдың аулы едІ. Бұлар жайлаудан қайта көшкен. Қарағанды да кейін серпіле бастаған. Сондықтан енді түн болған сайын жүдеу тарт-
59
қан кемпір-шал: «Тағы не болар екен, тағы қандай пәлесі сап етеді?» де-сіп, күрсініп налығандай. Желікті бозбала, ер-азамат аты мен сойылын сайлап, елең қағып әбігерлене бастайтын. Биылғы жыл Досбол Қараған-дыны жуасытамын деп бата қимыл қылып, сол елдің өзіндей басты аулы — Айдардан жақында отыз жылқы барымта алған. БүгІнгі түннен бес-алты күн бұрын олардың қуғыншылары келіп, сөз ала алмай қайтқан болатын. Сондықтан барлық Терісаққан болып, әсіресе Досболдың дәл өз маңайын-дағы жақын ел болып, енді Айдардан іс күтіп отыр еді. Досболдың тілеуін-дегі жуан ауылдың көбі бұның ыстығына күйіп, суығына тоңбақ болып, өздІ-өз ауқымындағы кедей-кепшіктерін де қолтығынан шығармай сойыл соғар қылып, әзірлеп жүрген. Екі елдің арасы алыстағанша бұның аулы мен сол ниеттес жақын атқа мінерлерінің ауылдары бірге қонып, бірге көшпекші еді. Бірақ ылғи малды бай ауылдар жақын отырса, қой-қозысы араласып, былыға беріп, түгендеуі қиын болған соң, Кеңөзекке алты-ақ ауыл қонып, өзгелері сол маңайдағы жақын-жақын қонысқа үйіліп-үйіліп, тығыздалып қонған болатын. Осы сияқты мазасыз болған халдің ішінде бүгінгі күн бір үлкен оқиғаны күткен күн еді. Аңдысып алған ел бұл соңғы уақытта бір-біріне соқтығуға бекінген соң, барлық сойыл ұстауға жарай-тын жігіттеріне, барлық дәмелі жүйріктерін мінгізіп, күндіз-түні бірдей жер шолғызушы едІ. Бұл сияқты сақтыққа келгенде Досбол өте жаулары-ның бәрінен айлалы, шебер, әккі болатын. Ол сойыл ұстатып, атқа мінгізген көрші-қолаң, кедей-кепшіктерге өз балаларын, туысқандарын да қосып, көбінесе өзі де қоса атқа мініп, дамыл алмай жер шол-ғызып, маңайды сүздіріп алып отыратын. Сондай шолғыншылары Қара-ғандының жалғыз аяқ болып жүрген жауларынан талай жортуылшыны бекініп жатқан жерлерінен басып қалып, түсіріп алып жүретін. Ел жай-лауға келгенде, Досбол өз жылқысына көп жылқышы салатын. Ылғи жау-мен соғысуға жарайтын сенімді мықты жігіттер Досболдың жылқысында болатын. Сондықтан Айдардың бестен, оннан аттандырған кісісінің көбі талай келіп, жолы болмай, бос қайтқан. Кейбір соқтыққан топтары ұрыс-қыш жылқышылардың қолына бірен-сарандаған кісілерін де қалдырып кеткен. Досбол Айдардан соңғы барымтаны алдырғаннан бері, сақтык пен пысықтықты бұрынғысынан да асырып еді.
Маңайдағы елдің «соғысады» деген ірі жігіттерінің көбінің асты-на сенімді ат беріп, сойыл-шоқпарларын ыңғайлап, кейбіреулеріне мылтық та беріп, өз аулында сақтайтын. Күндіз-түнІ соларға жер шалғызатын. Бірақ осылардың бәрінің ішінде Досболдың ең нық се-нетін бір жігіті бар едІ. Ол өзінің жылқышысы, бір жесір кемпірдің жалғыз баласы Қалбағай болатын. Қалбағай отыз жастардың шама-сына келген кең жауырынды, дөңгелек денелі, өзгеден ерекше біткен қайраты мен жүрегі бар, шоқша сақалды қара жігіт еді. Бұны «Қа-
60
рағандыдан шыққан жаудың албастысы» деген атақ Терісаққанға түгел жайылған болатын.
Соғыстағы шапшаңдық, мықтылыктың үстіне, бұл кыстыгүні ат құлағы көрінбейтін боранда, айсыз қараңғы түнде жылкының ішінен бірде-бір күн қалмайтын. Қапысы жоқ. Жалығары, қажуы жоқ ерекше біткен жан еді. Қар төсеніп, мұз жастанып дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін. Қосты ылғи өзі бастап жүріп көшіріп, алдындағы малын қыстың жұтынан, қасқыры мен жауынан, жаздыгүні барымташыдан ылғи аман алып қалатын. Қалбағай жылқының құты, өзіне тиген малдың берекесі еді. Жылқы да Қалбағайды танығандай еді: нелер шу асаулар Қал-бағай боз айғырмен қуғанда қалтырап, қаша алмайтын. Дөнен бесті-сіне шейін жүген-құрық'тимегён асаулар Қалбағай не бұғалық тас-тап, не құрық салғанда, тақымын қозғауға жарамай, шыңғырып барып жығылып, не темір қолдың күшіне бағынып, буынып жуасып, бойсұнып тұрып қалатын. Қарағанды жауларын айтқанда Қалбағай мазақ қылып: «Жаман жігітті кім жықпаушы еді: жауды көрсе, буыны босап кететін жігітке жауға шауып не керек?»—дейтін. Бүгін сол Қалбағай жылқыда еді. Досбол Қалбағайдың қасына жеті-сегіз жігітті косып беріп, өзге аза-матты аулында сақтап, аттарын байлатып отырған. Бүгінгі күннің өзгеден ерекше қаупІ бар. Өйткені далада жүрген түйеші түстен кейін Қарағанды жақтан шыққан бір топ жауды көрген. ТүйешІнІң айтуынша, алыстан көрінсе де, жау қарасы мол, жүрісі қатты, беті — Қеңөзек айналасындағы ел болғандай. Бұлар Қеңөзектен құнан шаптырымдай жердегі Қызылтасты бетіне алып келе жатқан сияқты деген. Осы хабарды ауылға түйеші екінді кезінде келіп айтқан еді. Шолғыншылар түн боп кететін болған соң, ұзап шығып, жер шала алмай: «қапыда айрылып калармыз, енді жауды ауылда жылқыдан тосайык, не болса да, өздері келгенде қақтығып көрейік» дескен. Қазіргі уақытта ел жатқанша жылқыда жүріп күткен шолғыншылар ендІ: «Ол жау соқтықса, таң ата жылқы иіруінде соқтыға-ды; оған шекті тамак ішіп келемІз!»—деп ауылға келген. Бұлар тамаққа келерде жылқыны ауылдан өткізіп, ел жаққа шығарып, ауылға жақын-датып әкеп салып, жылқының Ішінде бұрынғы жылқышылардан басқа тағы алты-жетІ кісінІ қалдырып келген болатын.
Көпшіліктің айтуынша да, Досбол мен Қалбағайдың болжауына да бұл жолы Қарағанды мықтап сайланып соқтығуға лайық еді. Соңғы уақытта Қарағанды жақтан жансыздан келген хабар: «Айдар Қалбағай-дың да атын естіп, Қарағандыдағы мықты ұрыларды жиып жатыр, үлкен колмен келіп, бір мықтап соқтықпакшы»,— деген. Айдардың қолының ішінде бұл жолы Қонақай, Жоламан да болады деген сөз бар еді. Қона-
61
кай, Жоламан бір туысқан ұрылар болатын. Бұлар жалғыз екі болыс ел емес, осы маңайдағы жапсарлас елдің бәріне аты шыққан әрі әккі, әрі мықты жауынгерлер едІ. Бұлар талайды зар қақсаткан жайлаудың қас-қырындай ұрының көк бөрісі еді. Малды, белдІ ауылдардың сазайын көп бергендіктен, бұларды көрсетушІ көбейіп, аяғында, ояз бен маңайдағы приставтарға аттары белгілі болып, бұларды қуып жүретін. Қазірде бұ-ның екеуі де аты шыққан «қашқын» едІ. Соңғы кезде ұлық әлденеше рет қуып келіп, ұстай алмай, ала алмай қайтқан. Ұлық қолына түспеген соң, бұлар қазак қолына тіпті түспейміз деп бұрынғысынан да аскан болатын. Өздері үнемі қарумен: мылтық, қанжармен жүреді деп, жұрт шошына аңыз қылатын.
«Осы Қонақай мен Жоламанды Айдар баурына тартып, қашқындық халдерін пайдаланып, ұлыктан бүркеген боп, өзіне пенде ғып ап, Досбол-ға қарсы салмақ болып жүр»,— деген хабар болған. Сондықтан бүгінгі жаудың ішінде олар да болуға мүмкін едІ.
Ауылға келген жігіттер Досболдың үйінде ас ішіп, екі елдің ара-сын, Қалбағайдың мықтыЛығын, Қонақайдың жүрістерін әңгіме қылып отырғанда, Досбол аулының солтүстік жағында, өзеннің ар жағында отырған ауылдан шуылдаған дауыс естілді... ҮйдегІ жұрт тегіс тына қа-лып, «бұ не?» десіп елеңдеп, кейбіреуі жүгірісіп тысқа шыққанда: түн ортасында айқын шыққан «Аттан! Аттан!»— деген көптен күткен суық сөз саңқ-саңқ етіп естіліп қалды. Үйдегі жұрттың бәрі алай-түлей боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде жылқы жақтан да түн тыныштығын қақ жарып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді.
Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдап шапқан көп аттың та-сыр-тұсыры мен сатырлап қатты қағысып жатқан сойыл даусы да естіл-гендей болды. ШеткІ ауыл жылқыдан шыкқан «аттанды» естіп шу еткен екен. Тысқа шыққан ер-азамат қарбаласып, ерсілі-қарсылы жүгіріп қақ-тығып жүріп, сойыл-қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін сарт-сұрт етіп аттарына мініп жатты. Алғашқы шу мен жылқы жақтан шыққан «аттанды», сатыр-сұтырды естіген ат-айғырлар тыкыршық атып шыдай алмай, басы байлаулы болса да, кермені сүзіп жөнеліп, еліріп, тыныш-сызданып тұр едІ. Бұлардың кейбірі асығып келген жігіттер мінгенше болмай шыр айналып, сабырсызданып алып жөнеліп жатты. Көп қарбалас-тың ішінде түгелімен тысқа шығып қалған ауылдың кәрілерінің: «А, кұдай, сақтай гөр!.. А, құдай, жаманшылығыңнан сақта!»— деген шын жал-барынып, шын тіленген зарлары естіледі... БіреулерІ оларды ұрсып тоқ-татып: «Қайтушы еді!»— деп қайрат береді. Үлкендердің араларында бала-шаға, қыз-келіншек бір жағынан жүрегі қалтырап тоңазып қорық-қандай болса да, сонымен бірге дірілдеп қызық күтіп, біріне-бІрі тығылып топтанып жүр.
62
Аттарына ілгері-кейінді мінген жігіттер біріне-бірі қарамастан сүзіп жөнелген ат екпінімен желдетіп, аспанды қақ жарғандай болып, «қай-да, қайда?» десіп, үздік-создық шауып кетіп жатыр. Аздан соң ауылда еркек қалған жоқ. Досболдың өзі де кетті. ҮйілІп қалған әйелдер-дің, бала-шағаның ортасында Қалбағайдың жалғыз кәрі шешесІ ¥м-сындық та бар еді.
Ол жүрегі белгісіз қауіптен корыққандай болып: «А, құдай, ак-сарбас!.. ҚеселдІлердің отына күйгізе көрме, қарағымды! Жалғыздың жары құдай!»—деп тілеу тілеп жүрді...
Бұның жалғыз сүйеніші, жалғыз медеу қылғаны, аға, бауыры жоқ, жалғыз Қалбағай еді. Қерек десе, жасы отызға жетсе де, әлі күнге кедейліктен қалың малын жеткізе төлеп қалыңдығын да алған жоқ еді. Кемпірдің бұндай қауіп үстінде көкірегін қарс айыра ойлайтын арманының бірі сол да болатын.
Ауылдағылар шыдамнан айрылған сабырсыздықпен жылқы жақтың хабарын асығып күтті. Аттанған шабушылар бірталай уақыт бірін-бірі демеп, «қайда, қайда?» деп айқайласып, сол «аттан» шықкан бетке қарай қисая шауып кетіп қалды. Бірталай уақыт өткендей болды. Бұл кездегі айғай үзіліп-үзіліп, алыстан ғана естілген сиякты. Жау да, қуғыншылар да әлденеше белден, қырқалардан асып, ұзап кеткендей болды. Жылқы-шылардан басқа ел кісілерінен, ауылдардан шапқан жалғыз КеңөзектегІ ел емес еді. Өзге маңайдағы ауылдардың бәрінен де, Досболдар шапқан уақытта, осылардың топтарындай болып, әлденеше топтар шуласып, ізденіп шапқан болатын. Әуелгі «аттан» даусы естілгенде, бар ауылдардан жеті қараңғы түнде шулап шапқан көп аттылар жайлаудың даласы мен белін азан-қазан қылып едІ. КеңөзектегІ ауылдардың үсті көп уақытқа шейін у-шуынан басылған жоқ-ты. Түн оқиғасынан сергіп қалған күзетші айтақтары да жиілеп, құшырланып шығып, иттердің үруі де үлкен шу жасағандай болып, молайып кеткен. Оның үстіне, далада шауып жүрген-дердің айғайынан басқа жақын ауылдардың қатын-калашы бір ауыл ішіндегі әңгімеге қанағаттанбай, біріне-бірі барысып қалып, топтарын көбейтіп, у-шу әңгімені молайтып жүрді. Бұлар анда-санда өзара әң-гімелерін үзіп, бірін-бірі: «Токта, тоқтай тұршы әрі»,—деп тоқтатып тастап, құлағын тігіп, алыстағы алысқан жаулардың сөзін естіп, белгі білмекші болады...
Бұл кезде жау да, куғыншы да әуелгі жылкы жатқан жақта емес, Кеңөзектің басын айналып, елсізге тартып, Қарағандыны бетке алып, оңтүстікке таман ойысып бара жатқан сияқты еді. Ауылдағы жанға жау Қарағандының жауы екені анықталғандай болды. Алыс-тағы көп сарынның ішінде кейде көп аттың тұяғының дауыстары, кейде сойыл даусы, кейде үзіліп, кейде шулап шыққан айғайлар ес-
63
тілгендей болады. Сол көп сарынның ішінде екі-үш рет алыстан атылған мылтық даусы да гүрс-гүрс етіп естіліп қалды. Ауылда осы сияқты белгісіздік халінде қалдыра тұрып, біз Кеңөзектің аяғында жатқан жылқышыға келейік.
Досболдың көрші ауылдары мен өзінде жеті-сегіз жүзге тарта жылқы бар еді. Күндізгі түйешінің хабарын тегіс естіген жылқышылар бүгін жылқыға тиетін жауды түн бола бастаған сайын асығып күт-кендей еді. Қалбағай ымырт жабылған соң, күндіз бірталай мініліп қоя берілген боз айғырды үстап мініп алған.
ӨмІрінде талай жау, талай барымташымен соқтығысып, қағысып көрген жырынды жылқышы бүгін қапысыздық пен сақтыкқа түгелімен берілгендей еді. Ол өзге жылқышының бәрін анда-санда күлдіргІ, кө-ңілді әңгіме айтып сергітіп кетіп, үйқыларын келтірмей еліртіп, өзІ дамыл алмай жылқыны шыр айналып шығып отыратын. Жылқы күндегі дағдысынша тырағайлап, шашылып жайылуға айналып, айғыр үйірлерІ оқшау шыға бастаса, Қалбағай қайыртып, көп жылқыны топ-тап жайып келе жатты. Жылқы жатқан жер адырлы қабаты көп, жасырыны мол жер болатын. Сондықтан, көп ендетіп жаюға болмап еді. Жылқының шеті биікшелеу адырлардың тұсына келгенде, Қалба-ғай жылқыны тастай беріп, сыдыртып, ай сәулесінің астында қылаң-мен жер шалатын. Ел жатар мезгілге тақалғаннан берІ қарай, Қал-бағай бұрынғыдан да кұшті сақтыққа салып, ширап алып еді. Ол тыным алмай, жылқы құлап келе жатқан өзектің айналасын кезек-кезек сүзіп, жауды барлап жүрді. Жылқыдан кейде жарты шақырым, кейде бір шақырымдай да шығып кетіп, қалғып тұрған сайларға келіп, жым-жырт болған түнмен бірге демін ішіне тартып, тымағын қолына алып, қатып қадалып тұрып қалатын. Бұл кезде боз айғыр да ұрлыққа көп мінілген дағдылы аттай болып, не бір пысқырып, не ер-тұрманын сылдырлатпай, Қалбағайдың тілін ұққандай болып мел-шиіп, сарын тыңдап тұрып қалатын. Осымен ел жататын мезгіл әб-ден болғанда, Қалбағай жылқының күншығыс жағына шығып жер шалып, ендІ жылқыға қайта келгелі тақап қалғанда, күнбатыс жақ-тағы ай сәулесІ түсіп тұрған бозтөбеден самаладай болып жаудың көп шоғыры шыға келді. Бұлар жетІ түнде үркіп қиқулап ұшқан қаздардай болып: төбе басында бөгелместен сатырлатып сойыл қа-ғып, қалың жылқыны үркіте қикулап, өзекке қарай шапты. Жау қарасы көп еді. Алғашқы төбе басына қара бұлттай, шоқтай болып үйіліп жау шыға келгенде-ақ, Қалбағай жүрегі селт етпестен жаудың санына көз салған. Бұлардың қарасы 30—40-тан кем емес екен. Жылқыдағы кісі 15 шамасында болатын. Сайды басына көшіріп сатырлап шулап шапқан жауды көргенде, қалың жылкы «шұр» етіп үркіп, қатты жел
64
күнгі дүрілдеп жанған әрттен болып Қалбағай жакқа қарай жосын жөнелді. Жылқышылардың бірен-сараны шошынып, үркіп кеткен жүрекпен жылқымен бірге кетті. Жау қарсысына бір 12 кісі «қайт! қайт!» деп қарсы шапты. Аралары жақын болып қоян-қолтық келіп қалған жаулар ай сәулесімен шағылысқан ак сойылдарды айдынмен котерісіп, шәпыр-шұпыр араласып, ұрысып қалды. Бірақ жылқышы саны аз. Жаудың жартысынан артығы жылқышымен ұрысқа, бөгеуіл-ге қалып, өзгелері жылқының соңынан түре қуып, жосылтып әкетпек болып бөліне шапты. Бұларды қуып үш-төрт жылқышы да шауып кетті. Жылқышылар екі-үш рет ұрысып, қағысып, байқасып шыкты. Бұл жолғы жау бұрынғылардан гөрі бата кимылдайтындай түсі суык, екпінді еді.
Жылкышылар .алғашқы жау карасын көргеннен-ақ шуласып «ат-тан» салып еді. ӘлІ де сол дауыстары басылған жоқ. Жылқы жосы-лып, езектен шығып, адырға қарай асып кетті. Алғашқы кезде кез-десіп калған топтар екі-үш айналысып үрысқан соң, калған жау да жылкының артынан салды. Жылқышылар шұбатылып куды. Жау Ішінде өзгелерден гөрі бөлекше болып, бата қимылдап екіленіп келіп ұрысатын және ұрған колдары асығыс ұрып жүрсе де қатты-қатты тиетін екеу бар. Бұның бірі теңбіл көкке мінген, біреуінің астында құйрығы төгілген есік пен төрдей тор қаскасы бар. Бұлардың қолы-нан жылқышының үш кісісі түсіп қалды. Қашып ұрыс салып келе жат-қанда да артымен, алдынан келгендей табандап ұрады,- Әлдеқалай көп сойылдың арасына түссе, сойылдарын шыр айналдырып, бірен-саран болмаса, көп ағаштарды тигізбей шығады. ЕкеуІ бір емес, барлық жылқышыға да көзге түсіп көрініп, өздерін танытып қалды, бұлар соғысқанда да алғашқы келгеннен-ақ - «Мен — Қонақай», «Мен - -Жоламан» деп келіп салысқан болатын. Қәзірде Қонақай мен Жоламан өзгелерден бөгеліп қала беріп, жылқышылардың бірталайын богеп ұрысып келе жатты. Сатырласқан ұрыс ішінде тістеніп егескен: — «я, шіркін-ай!.. Уа, кәпір-ай!» дескен, шолақ-шолақ қылып айтып, бір-біріне ызалы болып, тұжырған сөздер естіді. Осы сияқты ұрыспен жау мен жылқышылар жылкының көбінен өтіп, алдыңғы тобына жетіп калды. Бұл топ жүз қаралы жылкы еді. Жаудың он бес шамалы кісісі бұл жылқыны өзгеден жырып алып, алдына төсеп салғандай болып сойылдап, шаңын бұрқыратып қуып барады екен. Қейінгі ұрыс салып, жаумен жағаласып келе жатқаи жылкышылардың ішіне әлі күнге шейін Қалбағай келген жоқ еді. Ол өзінің үстіне қарай жылкы алғашкы дүркіреп жөнел-генде, қалың жылқыға қақтығып шыға алмай қалып, сонда да тебІніп, қамшыланып, ызамен қаны қайнап, жылқыдан сытылып алып, ұрысып жатқан қалың топқа боз айғырға қамшы басып, айғайды салып, жаңа
5 -227
65
шапканда жау тобынан жылқыны' бетке алык шапқан бір шоғырдь көріп, соны түре қуған. Қалбағай жылқыға шапқан он-он кісінің тобына араласқанда, бұған өз кісілерінен төрт-бес кісі қосылып еді, Бұлар касын-дағы он беспен тізе косып, қатты ұрыс салып келе жатты.
Бұл кезде Қалбағайдың қасындағы жігіттердің де жүректері ср нына тұсіп, ұрысқа төселіп алғандай еді. Қалбағай жау тобымен екі-үш рет араласып, салысып қалғанда, бір жау аттың жалын құшып барып, өзгеден оқшау шығып кетіп, ауытқып барып түсіп қалып еді. Бұдан сон тағы бір айналысканда, алдынан қаскиып келіп табандасып ұрысқан жи* рен қасқа атты Қалбағайдың сойылымен бірге шаншылып түсті. Қалбағай бұл арада кара шокпарды сүйсінгендей болып бір салмақтап алды. Жыл-қыны көздеп шапкан топ бұлармен ұрысқа бөгелмей, жылқыны жарып жөнелмекші болды. Бірақ Қалбағай бұл жылқыны оңтайлықпен беретін сияқты емес еді. Жау мен жылқышының артқы тобы жақындап, сатыр-лап, жанталасып тақап қалғанда, Қалбағай жанындағы жолдастарының тізесін қосып алып: «Менен жырылмай, жылқының ортасын қақ жарың-дар!»— деп боз айғырға қамшыны басып-басып келіп, жолшыбай сермел-ген сойылдарын кағып ұшырып, алдыңғы жаудан тобымен өтіп шыкты. Сол бетімен жылқыны жан-жағына кезек-кезек машинаша жылдамдықпен сойылдап, айғайды салып, ұрып отырып, қақ жарып шықты. Дәл осы кезде топтанып, шоғырланып келе жатқан жылқы жан-жағына тоз-тоз болып бытырап жөнелді. Қөбі кісінеп үркіп, кейінгі көп жыл-қыға қарай қайта жөнелді. Артқы жау шашырап жөнелгендерге ие бола алмай қалып еді. Алдыңғы жарылып жөнелген жылқының артынан өзге қалғаны да шашырап жан-жағына жөнеле бастады. Әрі-беріден соң жау сойылы да бөгет бола алмады. Өзге көп жылқыдан бұл кезде жау ұзап кетіп еді. Басында алдарына түскен жылкыдан жартысынан артығы қашып кетті.— Қалбағай айырып алды.
Қазірде жаудың алдында жиырма бес-отыздай-ақ жылқы қалды. Қалбағай бұл уақытка шейін жаумен ұрысқа көп алданбай, ылғи бестен, оннан жылқыны айырып келе жаткан. Ұрысты жылқыны айы-рып болған соң бастамақшы еді. Әрі-беріден соң жылқыдан жау ал-дында он бестей Ірі жылқы қалды. Бұларды қалың жау ортасына қоршап алып, енді шетке шығармауға айналды... Жау бұл он бес жылқыға канағаттанса да, қанағаттанбаса да, ендІ осылай басқа жылқыны қайта оралып ала алмайтын болды. Өйткені жылкыдан ұзағаннан басқа сол кезде ауыл жақтан да шулап шапқан дауыстар естіліп қалып еді. Сондықтан олар енді жылқышыға өктемдік Істеп кетпек болып, он шақты кісіге жылқыны қаматып қуғызып отырып, қалғандары бөгеуіл соғысқа шықты. Жау бұл уақытта ел қуғыншы-сынан бетін алыстатып, оларға тез жеткізбейтін болып, КеңөзектІн
66
басымен күншығыска қарай тартып еді. Енді куіыншы жаудың өкпе тұсынан төтеден қосыла алмайды, Олар да артына түсіп қуатын бол-ды. Қашқан жауға бүл бір тыныс еді. Олардың кіжініп келе жат-қанын жылкышылардың калыспағаны үшін соғысып жазалап кетуіне орын кең болды. Сошшіқтан жылқы қуғаядарды алдарына сала беріп, өзге қалың тобы аттарының басын іркіп, жылқышыны тосуға айналды. Бул кезде жау саны отызға толар-толмас едІ. Өйткені бұлардың іші-нен алғашқыдан бергі ұрыста Қалбағай төртті түсірген. Өзге жыл-кышылар екеуін түсірген екен. Оларды арттағы жылкышылар басып калып, аттарын іліп алып, жолдастарына кұткартпай койған. Бірак оның есесіне жылкышылардың да саны кеміп еді. Анықтап төселіп ұрыспаса да, қашып ұрысып жүріп-ақ, Қонақай мен Жоламан бес жылқышыны түсіріп кетіп еді. БІрақ Қалбағай қалған жылқышылар-дың тобын маңына тартып алын, ел кісісі артта қалғанын біліп, енді тізені жазбаңдар деп шауып келе жатып, басшылық бұйрык айтып, жұртты желпінтіп қиқулап кыздырып келіп, тосқауылға бөгелеңдеп қалған топқа артына ерген шоғырымен тұтас келіп араласып кетті. Бұл арадағы қактығыс бүгінгі түндегі асығыс қарбаластағы ұрыс-тардың бәрінен бөлек, ең ірі ұрыс еді. Соғыс қызбастан бұрын, жылқышы-ны жасқантпақ болып, Жоламан «қайт-қайттап» тұрып, алтатарды екі атып жіберіп еді. Оған соғыска бойы үйреніп, қызып алған жылқышылар бөгелмеді. Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылдаған шаң, бір жерде ұйлығып таласқан топ иттей жанталасқан, үймелеген үлкен топыр болып кетті... Екі жақ та секөнт сайын жапыр-жұлыр көтеріліскен сойылдарын жауларына жиі-жиі тигізіп, соғысты кыздырып бара жатты.
Аз уакытта екі жақтын қолынан тағы да иесі жығылған төрт-бес ат ойнап шықты. Бұлар Конақай, Жоламан мен Қалбағай қолынан босатылған аттар еді. Бұл түнгі соғыс — Терісаққан мен Қарағанды жаулығында бұл күнге шейін көрмеген соғыс. Мұның ерекше кызулы болуына себепші болған — Қалбағай мен Қонақайлар. Осы кызу ұрыс-тың кезінде Қонақай бір жылкышыны кұлаткан бетімен өз колына өзі сүйсініп, «мен — Қонақай... мен — Қонақай» деп тағы да кұлшынып шықты. Қалбағай көптен Жоламан мен Қонақайды басқалардың іші-нен анықтап айыра алмай жүр еді. Бұл Қонақайдың даусын естігенде. жолдағыларды тастай беріп, боз айғырдың жылдамдаған бетімен қарсы алдынан ойқастап кеп: «олай болса, мен — Қалбағай» дегенде, екеуі де ежелден кекті болып кіжініскен жауларша қарсы қарасып келіп, сойылдарын жұлып көтерісіп алысты. Бір-бірінен жалтарған жоқ. Табандап тұрысып салысып калды. Екеуінің армаьсыз сынасагын жері осы еді. Қалбағай соны ойлағандай болды. Қонақай өзіне біткен шапшаңдықпен жылдам ұрдым десе де, ол екІ ұрғанда, Қалбағайға
5'
67
үсті-үстіне төрт ұрып жіберді. Бұл уақытта жыбырласып ұрысып жаткан қолдар бұлардың маңайында қалмаған екен. Қонақай соны аңғарып байқай бергенде, құлағы тағы бір нәрсені шалып калды. Ауылдан шагіқан қалың жау қазір бұларға жақындап қалыпты. Мұ-ның жолдастары соны естіп жөнелген екен. Олардың артында төрт-бес жылкышы қалмай кетіп бара жатыр еді. Қонақай бұл халді сезген соң теңбіл атты бұрып ала жөнелді. Қейінгі елдің айғайы жа-қындап келеді... Бұл ұрысып жүріп бұрылуға айналғанда, Қалбағайдың сойылы дымырак көп тніп жіберді. Атының бетін түзеп жөнелгенде, Қонақайдың басы шыр айналғандай болып зеңіп қалған екен...
Қонакай қашып келе жатып ұрысқан болса да, бұның атын боз айғыр жібермейтін болды да, Қалбағай мүны меңдететін көрінді. Оның үстіне ұрысып келе жатып артына бұрылып қарағанда, жақын ке-зеңнен асып келе жаткан ел қуғыншысының алдыңғы тобын көрді. Бұл топты көрген соң, сасқандай болып тебіне бастады. Қалбағайға қазіргі уакытта Қонақай есІ кеткен кісі сияктанды. Бұрын: омыраулы, үлкен денелі, айбатты жауы қазірде жауырыны бүрісіңкіреп, еңкеюге айналғандай болды... Қалбағай мұны көрген соң, тепсініп келіп, күшін жиып алып, екі ұрып жіберіп, айдыны аса бастаған жау даусымен: «Түс!.. Түс! Өлесің!»—деді.
Соңғы екі ұрғанда, Қонақай аттың жалын қушып теңселіп қалды. Боз айғыр барлығуға айналса да, теңбілді көп ұз-атпайтын сияқтанды. Дак сол уақытта Қонакайдың кейін қалып, әлІ күнге жете алмай келе жатқанын біліп, Жоламан қайта оралып келіп қалып еді...
Жоламанның араға түсіп кететінін біліп, Қалбағай емін-еркін жетіп алып, меңдетіп алған жауын ақырғы рет табандатып бір ұрып түсірмекші еді. Сондықтан айғырына қамшы басып, Қонақайға тағы да сойыл салым жерге келіп қалды. Сол уақытта Қонақай Жоламанды танып, әлсіреп асыккан дауыспен: «Мен қалуға айналдым, әлсіреп кеттім., ат!..»—деді. Сол сөз айтылғанша, Қалбағайдың шоқпары қара құстан тап басып, зілдей болып ұрып жіберді. Қонақай қатты теңселіп кетіп, атының оң жақ кабырғасына түсіп барып, қайта әлін жиып көтерілем дегенде, екінші қабырғасына түсті. Сол уақытта Жо-ламан да араласып қалып едІ. Қалбағай шоқпарды Қонақайға тиген бетінен жұлып алып, енді Жоламанды ұрмакшы болғанда, мылтықпен созылған қол боз айғырдың басын көздеп тұрғанда, жасканып барып атылып кетті. Дәл осы сөкентте теңселіп бара жатқан Қонақай боз айғырдың алдына құлап еді...
Жасканып атқан оқ дәл жүрегінен тиген Қалбағай да мылтық-тың түтіні айықканша ат үстінде жоқ болып, Қонакайдың қасына бүктетіліп түсті. Жоламан Қонақайдың аты мен боз айғырды іліп
68
алып жүріп кетті. Одан әрі айналуға уақыт тығыз еді. Өйткені қу-ғыншы тобы шулап келіп калып еді. Боз айғыр жау қолында кете барып, Қалбағай жоқ бодған соң, ұрысып жүрген жылқышының бәрі: «Ой, бауырым!» салып, Қалбағайдың басына жиылып қалды... Жау кете барды. ҚейінгІ қуғыншы да Қалбағайдың басында шулап жылап, үйіліп қала берді.
Жарық айлы бүгінгі түн қаралы қанды түн болды. Өз намысы оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына итаршылық жасады да, жайрап түсті қос арыс!
1925
БҮРКІТ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ
Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыт-тыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесІ, құсы, тІлегІ мен қуанышы, томагалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қа-жытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.
Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда, жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдап қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, кағушының алдынан бұлаңдап жөнеледі», деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тынық-қаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тІлмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір еке-ніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады.
Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні акын күйіне жеткізетін се-зім күйі көп. Бұл салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмірІ. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де күйлер кешеді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі ше-шен, қиялы жүйрік. БүркІттің ұшқанына, түлкінің құтылмак болған
69
айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздері бар. Аң-шылық өмірінен ілгерІ-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелері бар. Тауда жүрген аңшыда амалсыздан екі түрлі мінез болады. Бүлар Ішкі сезімінде құбылу көп болғандықтан, сахнаның ар-тистеріне ұқсайды. Көргеннің бәрін не шапшаң сөйлеп қуанып, не күйініп жіберетін күйгелектік, сөйлегіштік, қызулық болады. Бұндай аңшы азын-аулақ өтіріктен де аман болмайды. Бұл болмаса екінші бір түрлі аңшыда көргені тіпті көп болып, бәрін әңгіме қыла беруді ланықсыз көрген, сезімінің бәрін ішіне жиған, қуаныш-күйінішін сыр-тына шығармайтын тастай салқын сабырлылық болады.
Аңшылыктың қызығы мен өкінішІ сияқты жанды өмірінен басқа биік шың таудың азын-аулак қар басқан салқын пІшІнін көрІп жүр-геннің өзіне де көңіл сезімі әлдеңеше өзгеріске түспей отыра алмайды.
Қарлы таудың ішінде кейде кездесетін қара бұжыр қой таспен меңіреуленіп, мәңгілік тыныштыққа қатқан құз-қиялар көңіл күйін көп тербетеді. Бұлар кей жерде үлкен-үлкен теңдерше сүйеніскен, әлде-қашанғы алыптың қолымен қаланып қалған сияқты. Кей жерде ұза-тылатын қыздың үйіне жиылған сандықтай қатарланып қойылған. Қей-бір уакытта ұзақ жылдардың жел-боранымен тозған қатпарлы тастар кәрі молданың ескі құранының шетіндей жемтірленген. Кейде тіксиген қара жартас пен кеуделі биік таулар қара қошқыл пішінімен ақшыл тартқан сам жақта, кеш мезгілінде қатал-суық тағдырды еске түсі-реді. Кей күні түс мезгілінде жарқыраған ашык күнде тау басына шыксаң, ыскырып соғып тұрған жел даусын есітесің. Бұл кейде жын-данғандай ұйытқып соғып, кейде биіктің басына қарай төсін төсеп, екпіндеп түзу есіп, қыстыгүнгі тау Ішінің ұзақ жырындай жүз толқынтыл, шаншады.
Тау басында, бүркітшінің қолында, томағасы тартылған қыран етекте-гІ жартас жырық қорымға тығылып жүрген түлкінің түйіліп тұрған қараң-ғы тағдырындай көрінеді.
Осы сияқты Сыздық көрген жалпы суреттің Ішінде ерекше көрік бо-лып, есінде қалғаны да бар еді.
Бір күні бес-алты аңшы тау ішіндегі ауылдан атқа мінді. Ерте шық-қан бүркітшілер тас-тастың басына тарап, ұрымтал тұрғыларды алып,. қа-ғушыларды етекке жіберіп, қашатын түлкіні тосып отырды. Жаңа көтеріл-ген күн сәулесінің астында тұрған қызыл жартас. БІр жағы көлеңкеленіп, әжімді кәрі жүзімен аңшылардың қарсы алдында түр. Қатпарлы кәрі пішінімен қалың сырлы сияқтанады. Жартас мұңлы. Қәрі көңілдің қай-ғылы түріндей жүдеу — кайғылы. Қүндер, жылдар тоздырған беттері терең әжімді. Дүние қатқан, жым-жырт. Өңкиген тік жартас. Таңертеңгі кезде-ақ кардыі. /стіне түскен к^ралы көлеңкесін көріп, айнадан жүзін
70
көрген дәудей, кәрі алыптай үңіліп, түксиіп қарап тұр. Етекте жатқан қазандай жұмыр тастар салақ қолмен тәртіпсіз үйілген теңдей болып, бірінің үстіне бірі үйіліп жатыр. Қәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. Бір мезгілде алыстағы қағушының ай-ғайы естілді. Ақшегір елең етіп, барлық үлкен денесі екі ғана отты шегір көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. Артынан аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде кызыл тастың аңшыларға қараған карсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке қарай шұба-тыла берді. АқшегІр аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан кылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған шыдамсыз кыран жай отындай жарк етіп, аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге шығып тоса ал-май, қызыл тастың қия бетіне құйрығын шаншып, керіп тұрып кал-ды. Майданға шығып, кызықтырып тұрған жерін көрген қыран ай-налып, аспандап, көтеріле берді. Аспандаған сайын жынын шақырған кара баксының кабағындай төңкеріліп, кайта-қайта түйіліп, көтері-ліп, күші мен ызасын жиып жүрді, Аяғында желге қарсы касқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетіне бұра сала түлкіге қарай шаншылып жөнелді. Құсының бар әдісін, бар ерке мінезін жат-тап алған кәрі'аңшы касындағы Сыздықка: «Боздады енді, қолыңда өледІ. Бұйырса істікке шанышқандай кылып-ақ алар. Ша!»— деді. Атын ойға тастап жаяу отырған Сыздық биік тастың басынан құлай жүгірді.
Бұл кезде биіктен тасқабақтай түйіліп аққан АқшегІр қия бетте сідІгін атып, қыржыңдап тұрған ақ шуланға тас жағынан келіп, сарт етіп түсіп, есін жиғанша екпінімен етекке қарай қағып алып жөнелді, Аңшылар: «А құдайлап», бірінің артынан бірі жығылып, бір тас, бір омбының арасында алқынып келе жатканда, Ақшегір түлкіні жазық-тағы қалың қардың үстіне әкеп салып, аямай бүктеп, мықтап басып алып едІ. Қанмайданның еркесі ақ мартулы қыранның ашулы көзінде жай отындай от ойнайды. ЕртегінІң жез тырнағындай сатырлаған көк болат тұяқтары түлкінің өкпесінен жанын суырып алуға асығып, кезек-кезек сығымдап қысады. Қалың қардың үстінде алыса алмай қалған түлкі салмағынан жаншылып, қайрат қылмай бос жатыр екен.
Аңшылар келіп түлкінің сирағыиан ұстап, белін сындырып, құсқа олтіртіп, аздан соң айырып алды. Бұлар түлкіні Акшегірдің тұяғынан босатып алған кезде, мұнда болып жатқан уақиғадан хабарсыз жүрген қағушылар келдІ. Қағушылар кызыктан кешігіп қалғанына әкініп, бұларды көре салып атын бұрып, байлап келіп, жанталасып: «Калчй ал,?г’ кдлай түсті?» десіп, сұрасып жатты. Қыранның май-
71
данын көрген бүркітшілер де бір-ақ түрлі уақиғаны көрсе де, неше түрлі қылып жан-жақтан айтысып еді.
Қыранның түлкіні көргенде аспандап шығып, қағынып келіп түс-кені: бір аңшыға биіктен сорғалағандай көрініпті, екіншісіне шаншыл-ғандай, тағы біріне боздағандай, кейбіреулеріне ағылып еңІрегендей көрІніпті.
1925
ЖУАНДЫҚ
I
Ақөзектің егіні биылғы жылы бұл атыраптың алды боп тұр. БІр болыс Қараадыр «Акөзек озды» десіп аңыз қылысты.
Әр рудан жиылған жиырма-отыз үйлІ кедей-кепшік осы өзекке екі-үш жылдан бері егін салуды машық қылған. Жаз ортасы ауғаннан бері, солар егін жайын байқап, іштен қуанып, үмітті болатын.
Ел Іші әңгімесіз отырмайды. Қейде ананы, кейде мынаны аңыз қылады. Мезгіл-мезгіл тыңнан хабарлар шығарып, ұзын құлак арқылы көпке жайып, таратып отырады. Қөп ел егіншілікке айналып, адал еңбекке салынған соң, кей-кейдегі әңгімесі егін болатын. Қазірде жаз ортасы ауғаннан бері, ел аузындағы әңгіме — сол биылғы егін жайы. Сонда ананы-мынаны мақтасып келгенде, ең аяғы Ақөзекке тоқтау-шы еді. «Төрт түлігІ сай. Төмен егін жоқ, қызыл бидайдың өзі көк найзадай» кейбір көтеріп айтқан айтушының сөзіне қарағанда «ақ бидай, қара бас бидай аттың бойын жасырады, құдай Акөзекке бе-ріпті» десіп келіп, онда егін салған кім-кім еді, шаруасы қандай еді, қыстауы қайда болушы еді? Қой, түйе, сиыр сияқты төрт түліктің саны қанша? Ауылдарында қанша қатын, қанша кыз бар? Неге жі-гіттің әйелі бұзылды? Қандайлық жігіт қатын бұзып алды? Жақында кіммен дау-шар, ұрыс-төбелес болды? Осының бәр-бәрінің егжей-тегжейіне дейін қағып сұрасатын. Қей ауылда қымыз бен ет сағалау-ды кәсіп қылған, қолы боз кәрілерге хабар әкелген қыдырмашы кыз-мет анкетінен сонағұрлым көп сұрақтарға кездесетін.
Ақөзек осылайша көп елдің аңызы болды. ЖерІнен пәлен бау баулап, пәлен пұт алатынына шейін қымыз басындағы әңгімешілер кесіп, пішіп, өлшеп жатты. Сонда алыстағы ел жалпақ Ақөзек деген атты білсе, жақындағы көрші елдер өте-мөте кімнің егіні жақсы еке-72
нін де білген. Олардың айтуынша: «Биыл бір болыс Қараадырдың алды — Жақсылық» болатын.
Жақсылық — он бес-жиырма ірі қарасы бар, қырық-отыз тұяғы бар енбекшіл, қарекет иесі адам. Үй ішіндегі топты жанды қыстай-жаздай тыным таппай еңбек қып, жанын жалдап асырап журетін. Қолыңдағы азғана малды сонғы үш-төрт жылдың Ішінде егінге ай-налған соң құрап алған. Әуелгі жылда екі жер егін салып, содан ішермендік, тұкымдык алған соң, жер емшегін емуден дәндей берді.
«Баяғыдан бері арам тер болып жүріппіз, мал жерде көмулі жа-тыпты. Еңбек кылсаң — бермесі жоқ екен. Енді барымызды егінге салып күнелтсек деген ниетіміз бар» дейтін.
«Егінің тәуІр шығыпты» деген кісілерге:
«Не берсе, еңбекке өлшеп бередІ. Жыртуы жақсы, маласы тегіс, майда болса, құр тастамайды»,— деп жауап беретін.
Егін тегіс басқа отырды. Осы кезде бір жауын жауса деп жүруші еді, тілеген жауыны да жауды. Екі күн, үш күнде барып бір аралай-ды. Ақ бидай әлі де бойлап келе жатыр. Кызыл бидайдың бірен-сарандап сары кұлактанған уакыты да жетті. Әзір ұшыктан, торғай-тышканнан — пәле-казаиың барлығынан да аман. Ертеңді-кеш егіннің амандығын тілеп Жаксылык жүр.
Аз заманда егінге орак салатын уақыт та жетіп қалды. Жақсы-лыктың ендігі каупі әзгс пәле емес. шынға келгенде ішінара қорқа-тыны — адамның қастығы.
Акөзекке егін салған азғана елдің ортасындағы бас көтерген тә-уірі — Жаксылық. Сол Жақсылық бұрын нашар кедей күнінде маңын-дағы малды жуан ауылдарга жалтаңгөз болатын. Ол кезде өзінің бетімен жүріп, ойына сызғанын істеп, ықтиярлы еркін адам болып көрген емес. Жаз болса көші-қон, егін, пішен қарекет кәсіп: қыс бол-са — қыстайтын орын, соятын согым, жүретін қала-дала — барлы-ғына да байдың әмірі кәлденең келіп килігіп, тағдыр бұйрығындай өз айтқанын істетіп отыратын. Қөгін шабамын деген қоныска бай ауыл конып койса, пішенсіз қалатын. БІр жаққа барып, еңбек кылып мал табамын десе, бай өз шаруасының бір керегіне жаратам деп босат-пай коятын. Өзінде жер жоқ: ертеден іргелі, аталы жуан байдың қоң-сысы болған соң, қыстыгүнгі кыстайтын орнын да бай білетін. Кейде өз касына алып, кейде Жақсылықтын өзі сиякты бір келімсегінің жа-нына, көп қыстаушының біріне уақытша қыстатып қоятын.
Қашан болса да бай-бәйбіше, келін-кепшік, бала-шағадан Жак-сылық қаққы, соққы көретін. Боктық-қиянат еститін. Бірақ бұндай-дың көбі ӘбіштІң қоғамында жүргеи кедей-кеишіктің барлығының да үйренген нәрсесі. Сыбағалы сыйы болатын.
73
Ер-орта жасқа келгенше, Жақсылық бар өмірін осымен өткізіп келіп, осы соңғы төрт-бес жылдың ішінде ғана Ақөзекті мекен қылып, бір жерге ірге теуіп орнығып отыратын болған. Ол кезде Қараадыр егін дегенді білмейтін. Ақөзектің қандай қасиеті бар екенін Әбіш те, ағайын да білген жоқ. Қыстаулыққа жақсы емес. ҚыстыгүнІ қары қалын болатын, панасы жоқ жер. Оның үстіне суы тапшы, әрІ ащы болатын. Әбішке мұндай жер дәрІ емес. ҚүздігүнІ бес-он күн отырып көшіп кететін, күзектегі көңілсіз бір қоныс. Жаксылық бір жерге ор-нығып Ірге көмсем деп айта берген соң, бір күні Әбіш шүленсіп, мыр-засып отырып: Ақөзекке өзгелермен сен де егін сал деген. Бұл өзек түгелімен Әбішке тиІстІ емес болатын. Өзге кедейлер осы сияқты, әрбір байдан рұқсат алып келіп отырған. Сол ретте Жақсылық та ӘбІшке тиісті жерінен келіп қора салып алған.
Сонымен арада төртті-бесті жыл өткенде, Жаксылық бұрынғы Жақсылык емес, ешкімге жалынбайтын, ел қатарлы кісі болды. Ша-руасы жыл санап артып, өз колы өз аузына жеткен соң, маңындағы көршілерінің кем-кетігіне карайласып, солардың көпшілігін өзіне дос кылып алды.
Басында Жақсйлыққа жер берсе де, артынан өз бетімен күн кө-ретін болып, Әбішке бұрынғыдай жалынышты болмаған соң, бай барлық маңайымен, ағайын-туысқанымен Жақсылықты түртпектен бастады. Орайы келіп, қоңы тәуір аты болса — сұрап, түсі тәуір сайманы бол-еа — алғысы келе берді.
Бұл орайда советтің кедейге есе беріп, теңшілік әперуге айнал-ғанын өзге елмен бірге Жақсылық та сезе бастаған. Сыртына шы-ғарып ешкімге айтпаса да, ІшІнен: «СенІң табаныңда езілуім жеткен жоқ па? Ендігі жуандығыңа кұдай ақта!» дейтіндей ой-лар ойлай бастады.
Жақсылықтың қыбыр еткен қабағын аңдып жүрген Әбіш бұл жайды ішінен түсіне жүрді. Сонымен іштей күрең кабақтау болып жүргенде, биыл бір старшын Қоңырдың арасында шолақ партия болып, Жаксылык Ақөзектің езге елімен бірге Әбіштің қарсысына шығып калды. Бұл оқиға елдің жайлауға шыгар кезінде болған. Жайлауда отырғанда еайлау болды. Әбіш жағы жеңіп шықты.
Жақсылық жаздан бері Әбіштің бетін кәрген жоқ. ЕндІ күзекке шйдың аулы маңындағы екі-үш көршІ аулымен келе жатыр.
Жақсылык іштей кауіп қылғанда, осы жайлардың барлығын ой-аап келіп: жуан ауыл бүрынғы өктемдігін Істеп келіп, бір қастығын гигізіп кетер ме деп коркатын.
4
Байдың ауылдары жылдағы дағдыдары бойынша Ақәзектің жел-кесіндегІ Дөңкияққа келіп қонып алды. Қелген ауылдар: Әбіштікі, онан соң інісі Құрман аулы. тағы бір-екі көрші кедей ауыл.
Бүл коныска жылда қонбаса да, анда-санда Жақсылыктын бір кылығы ұнамай қалғанда, Әбіштің өз аулы келіп қоныя кетеді. Бірак «көршілік хақын», «пәлен-түген» дегенді айтқан болып, Жаксылықты «құдайын ұмытпасын» дегендей жалтаңгез кылып жасытып алып, егін, пішеніне малын түсіртпей, көшіп кететін. Биыл не қылары мә-лімсіз. «Не істесе де — істейтіні биыл» деп күтті Жақсылық.
Дөңкияқта ауыл отырғанда, Ақөзектегі ең жақын қыстау Жақ-сылыктікі болады. Егіні өзектің күншығыс жағындағы жотада. Ауыл-дан егін мойны қашаңдау, бірак аяқты малды аңдап отырмаса, түсіп кетуі де мүмкін. Әбіш қырына алса, осы жақпен келеді ғой деп қауіп етеді Жақсылық.
Ауыл кошіп конғанына екі күн болды. Егін пісетін уақыт тақап калған соң, қолғанаты аз Жақсылық асығыс қимылдап пішенін шауып алайын деп тырбанып жатыр. Сонымен қолы босаман, бай аулына барып амандаса алмай жүрді. БІрақ сөйтсе де, жайы өзіне мәлім бол-ған соң, үшінші күн бармақшы болып атқа міндІ.
Егін жолдан бұрыс болса да, көре кету керек. Ел келгенде ертеңдІ-кеш көздеп, тықактап тупмаса — болмайды. Баяғыдан жер корып, күндіз-түні ұйкы көрмей журсе ғана егін, пішен алатын. Сол дағды бойында аулынан егінге қарай беттеп келе жатып, бір жотаға шықты.
Шыға бере Жақсылық есі шыііып кетті. Іштей кауіп қылғанда, қастық қылса - түнде жібереді ғой деуші еді. Бірақ мынадай сұмдык-ты бір күн ойлап есіне алмаған.
Тапа тал түсте жүз қаралы жылқы шеттегі бір аңыз ақ бидайы-на емін-еркін кіріл алып, бырт-бырт ұзіп, талқандап жүр. Жылқы пыр-пыр пысқырып, басын алмай жұлып жатыр. Адал еңбек, маңдай тері, қызыл қарын жас баланың көз сүзіп отырған егіні күлталқан болып , оғалып барады. Жаздайғы үміт пен тілектің өшкені, ошіргені осы:
Ауыздан ащы зар мен карғыс араласып айғай шықты. Көзден 5ұла болып жас ытқыды. «Қорлық-ай, корлык-ай! Әй, өлейін, өлмесем енен келген керді көрейін!» деп айғайды салып жылкыга келіп ара-ласып, дүркірете Әбіш аулына карай қуып жөнелді. Жағында тыным жоқ, айғай салады, қарғайды. Оңаша жуан ауылды жетпіс жеті ата-сынан бері қарай кұлдилап боктайды да, көзінен ыршып-ыршып . <асы кетіп жылайды да.
Б'ртал»һ жерг'- ш»- ‘;ің жылкыны жос^. 'ып қуін. та*"”іп, г-'ыпь:н-

да есін жиды да ішінен іріктеп жүріп, екі семіз атты ұстап алып үйіне келді. Бұл барымтасы емес, егін жегеніне бай аулы бет бақ-тырмай дау айтуына болады. Соған көрсету үшін ұстап алған айғағы.
Дүркіреп үріккен жылқы аулына барды. Бұл Құрманның жылқысы екен. Алдынан кесірлі жылқышы шығып, егінге түскенін білсе де, түгі кетгтей сүйсінгендей болып, малын түгендеді. Түгендесе, Құрманның аңға мінемін деп қоя берген іріңдей екі семіз аты жоқ. Жотаға шығып қарағанда, өзектІ кұлдап, аулына екі атты жетектеп шауып бара жат-қан біреуді көрді. Дәу де болса Жақсылық -шығарсың деп, ауылға қайта келіп, байына көрген-білгенін айтты. «Жылқыны қара сорпа кылып қуалап, құла ат пен қозыгерді барымталап алып кетіпті. Егінге түскен-түспегенін кұдай білсін!» деп-келді.
Мұны естіген соң-ақ Құрман етін сыртына теуіп, зәрін шашып, Жақсылықты жер-көкке сыйғызбайтын болып, әке-бабасынан бері қарай боктай бастады. Шауып алмақ, байлап алмақ, қырмақ, жоймақ болды...
Бұл хабарды Әбіш те естіді. Жақсылық келер деп тісін басып, сабыры кетіп отыр. Екі атты аулына апарып тастай сала, Жақсылық та жылқы ҚұрмандІкі екенін біліп, бұл ауылға тура келді. Әлі де накактығын ойлап, ызамен күйіп жүрген. «Мұны көргенше, өлгенім артық, не аянар жан калды?» деп өртеніп, түтігіп келді.
Есіктен кіріп келгенде, Әбіш пен Құрман бір жерде отыр екен. Болымсыз күбір етіп сәлем берді. Екі бай қатар сұрланып, окты көз-дерІмен атты. Бір болыс елді партийда жеңіп бүктеп алған Әбішке шүй-кедей Жақсылык бұйым ба? Жерге қағып жібермесе — несі кісі?!
Жақсылық келіп тәрге шығуы-ак мұң екен, Құрман амандықтың орнына әке-бабадан жіберіп келіп:
— ЕсІгІмде жүрген есесіз құл, құдайыңды ұмытқан екенсің! Бес қара бітті деп, терІңе сыймай жүр екенсің ғой сен! Қаңғыртып, қоңыз тергізіп жіберейін. Жылқымды кан сорпа қылып куып, атымды барым-та қылып ұстайтын сен қандай әулиесің?— дегенде, Жақсылық өзінің кінәсіздігін ойлап, бұрынғысынан да ашынып:
— Жазығым болса, қоңыз тергізерсіз. Жазықсыз болсам, зәрің шашқанмен түк қылмайсың! Құлдануың жеткен! Мен қусам, ақы-адал малымды қуып келіп...— дей бергенде, Құрман жанында жат-қан қамшыны жүлып алып, атып тұрып Жақсылықты отырған жерінен тұрғызбай батырлатып жөнелді. Баеқа тиген қамшымен бірге, дүре-ден сонағұрлым ауыр сөздер боқтықпен араласып, Жақсылықтың ар-намысын да тілгілеп жатыр.
Басында кішкене тырбанып қарсылық көрсетіп, бас қорғайын деп орнынан тұра беріп едІ,— отырған екі-үш қонақ Жақсылықтың екі
76
қолынан ұстай алды. Содан соң Құрман қолындағы қамшыны басы үзілгенше, Жаксылықтың бауыр сыртынан бірдей дүре соғын, ойына келген жауыздығын істеді. Ашулы інісі Жақсылықтың керекті сыба-ғасын беріп болган кезде ғана, Әбіш: «Қой енді, кой, тоқтат!» деген болды.
Өзі де ызалы, өзі де соны істемекші болған Әбіш бұған бұрын «қой» демекші емес-ті. Өйткені астыртын жылкыны егініне түсіріп отырған, бәр-бәрін істеп, отты Құрманның қолымен көсеп отырған — Әбіш байдың өзІ.
Әбіштің ел мінезінде көптен жақтаған тәсілінің бірі осы. Тар-тыста әркімге әр түрлі мінез істеу керек. БІреуді әліне қарай сөзбен, малмен, бейілмен алдасаң; біреуді ызғармен, қоркыту, зілмен алу керек. Тағы бір алуан Жақсылық сияқты қорғаны жоқ кедей-кепшік болса, оларды осылай дүре, жазамен ықтырып, бауырыңа тығып алу шарт. Мынау сол ел ішінде талайдан бері, талай жерде сыналған айла. Жақсылыққа жаздан бері екі байдың арнап жүрген емі' осы. ҚазІрде сонысын ғана істеді.
Сыбағалы таяғын жеп алған Жаксылық енді мұнда отырар орны қалмады. «Не көрсе де, бұл ауылдан сырт жерден күтпесе, мұнда ракым жоқ. Шағатын Әбіш көзбе-көз бұны істеткен соң, не үміт қылсын!»
Жылай, зарлай үйден шығып, атына мініп, басы ауған жаққа жүріп кетті.
Есінен адасып, не қыларын білмей, қайда баратынына акылы жетпей, үйіне келсе, Құрманның жылқышылары ауылда қатынын сабап, екІ атты алып кетіпті. Үйде бала-шағасы мен қатыны зарлап отыр.
ӘйелІ алдынан шығып, көгеріп жылап, Құрманды қарғап-сілеп жүргенде: «Ұлыққа шақ, ұлыққа бар!», «Өл, өлмесең, өшіңді ал!» деген сөзді айтып, жылап жүр. Жақсылықтың ақылы осы сөзді естіген соң ғана орнына түстІ. ДертІне жаңа ғана ем тапқандай.
Қатын-баланың не көргенін сұрап, уату керек болса, оның бірін де ескерместен, бет-аузының қанын да жумастан үйінің сыртында арқандаулы тұрған торы атын әкеп ерттеп алды.
Ақөзектен қырық шақырым жерде, Ақтаста начальник бар деп еститін. Бар қорлығын соған айтпақ болып, шауып жөнелді. Жақ-сылық үйден шыққанда, түс бола бастаған. Екіндіде начальникке келіп жетті. Милиция начальнигі жас жігіт екен. Пішіні қара - казақ жігіті. Көзі үлкендеу, сөзі сыпайы, түсі жылы. Есіктен кірген жерден Жақсылық жылап, зарланып бетінің қанын көрсетіп, барлық көріп келген қорлық-зорлығын айтты.
77
к. пе боиындағы жараны көрсетті. Атг-бабасынан берІ карай көріп келе жатқан іске шейін бәрі де ақтарылды. Ақырында тағы да жылады.
— Шағарым жоқ, барар жерім жоқ. Жалғыз сіздің панаңыз болмаса, қорғалар, тығыларым жоқ. Мені енді Ақөзекте де отырғыз-байды. ЕлдІң бар жуанының сөзі бір. Менің намысымды, менің жо-ғымды жоқтайтын бір мұсылман табылар деп білмеймін. Есемді әпер, қолымды теңдікке жеткіз, совет!— дедІ.
Тағы да осы сияқты көп сөздер айтты. Барлығы да жуандығы қалмаған елдің ішінде кедей кәпшіліктің айтатын шын зары. Жуанмен ұстасқан кедей тентек болатыны, оның сөзі тыңдалмайтыны, есесі тимейтіні, ылғи ғана алдауға түсіп, көптің талқысынан шыға алмай, жуанға жем болатыны, сол көргенін ұлыққа да жеткізе алмайтыны — барлығы да айтылды.
Начальник басында арызшыға шала сенетін дағдысы бойынша, бұған да сене алмай төрт-бес сұрақ берді. Бірак басындағы ажары сенімсіздеу қараса да, Жақсылық көрген-білгенін күдіксіз қылып ор-нықты етіп, әлденеше айтқан соң, шын сенді.
Орнынан атып тұрып, үш милицияны шақырып алып:
— ӘбІш пен Құрманды қазір барып ұстап әкеліңдер!— деп бұй-рық берді.
Жақсылық төбесі көкке тигендей қуанды.
Аздан соң үш милиция қылыштарын сартылдатып, мылтықтарын асынып алып, сатырлатып желіп жөнелді.
Жақсылық арттарынан қарап тұрып: үш жігітті өз кегін қуып бара жатқан ең жақын досы деп білдІ. Айдынды, алапатты пішіндері-не сырттан сүйсініп, солардың туғызған ата-аналарынан айналды.
Ертеңінде екі байды алып келген соң, начальник жерге кіргіз-гендей қылып ұрсып-ұрсып, Жақсылықтың айызын қандырып келіп жауып қойды. Оларды жатқызып тастап, Жаксылық үйіне қайтты.
Талайдан ыза көрген сорлы бүгін Әбіш пен Құрманға не қылса да аямайтын сияқты еді. Алған кегіне ырза болған көңлінен анда-санда қуанышты жалын шығады.
— Енді сол екеуінен не көрсем де арманым жоқ! Әйтеуір, кегімді бір алдым. Ырзамын, ырзамын... Советім! Баяғыдан білсемші!—деп, жолшыбай келе жатып жүз қайырып айтты.
III
Бүгін Әбіш аулында жиын бар. Жиын Қараадырдың барлық ат-қамінер пысығы, нелер ызгарлы жуан, нелер сұрқия партияқор, не-лер пәле іздегіш қулар сақалдарын сипап, әркім-әркімді қолға алып
78
'оі кьмд кейбірі жыміоі күлісіп, кейейрі үр іанып тсмсарш, <ь үйлердің сыртында әр жерде топ-топ болып, куңкіл-күңкіл сөздер сөй-леседі. Бір болыс елдің жуан аталы мыктылары өздерінің ежелден келе жатқан әмірін сактап қалмакшы. Бұрынғы уақытта ешбір за-манда көрмеген құқайы, естімеген пәлесі келді. Бір болыс елдің, бір беттің бұрынғы күннен бастығы болып келе жатқан жуан белІ -Әбіш болатын. Бүгін сол Жақсылықтай құисыз-бұлсыз келімсектен көр-мегенді көріп отыр. «ИттІң ұлы — итакай» тең түсіп, қарсы сөйлеп, аз кұн болса да жатқызып, жаза тартқызып отыр.
Бүгінгі күн асауларға ноқта киіліп, тоңмойынның сынған күні сияқты. Іштегі барлық қарсылық неше түрлі еппен, айламен жол тауып, өз дегенін істеу керек. Қөптің миын катырып отырған - сол сергелдең.
Бір жолда ұлыққа шағып, тең түстім деп отырған Жақсылықты әлде болса қорқытып, ыктырып, ендігәрі мұндай істі істемейтін қылып алу керек. Құдайын ұмытпайтын, байына қарсы келмейтін болуға керек. «Ұлыққа қазақ баяғыдан да шағысатын, ұлықтың жеңгенІ түбінде жеңген емес, онымен әбүйір алмайды.
Әлде болса не қылса да осы қарсылыкты істеген Жақсылык-тарды осы Істі машық қылмайтын етіп, бұқтырып, шошытып жіберу керекі»— Ниет осы.
Әбіш пен Құрман екеуі Жақсылық жаптырып қайтқаннан кейін, он күннен артық начальннктің қолында тұрған. Жақсылықтың жан-жалынан соң екеуі жабылды дегенде, елдің барлык жуандары атқа мініп, Әбішті қуысатын болған. Әлде болса алыстан «жуан» деп да бырайтқан сөздер көп болса да, бұл күнге дейін бұл елдің ішінде ешбір жуанға жүген-құрық тиген жоқ. Сондықтан бұрыннан көп сөйлесіп, көп жүріп, көпті көріп кіріп-шығатын тесіктің жөнін көп байқағандықтан, елдің пысықтары Әбіш пен Құрманды іздеудің жол-дарын тауып алды. Ел ішінде қызмет кылып тұрған кайсыбір «оқы-ғандардан» начальникке хат алды. Қаладағы таныстарына шауып, солар арқылы қағаздар түсіртті. ӨздерІ барып кепілге сұрады. Не қылса да «жатып калды» деген атты шығармаймыз деп, көптің на-мысы келетін істей көрІп, жұмыла куысты.
Бұл істің турасында Қараадырдын атқамінерлерінің ынтымағы бір. СебебІ — биылғы сайлауда Әбіш жағы жеңіп шыққаннан кейін, екі жак: «енді партияны қояйық, берекелесейік, заман бізге жаман болып барады, тоқтасайық!..» деп табысқан. Сайлау үстІнде сайлау-шыдан да бұл адамдар бірталай қатты сөздер естіп, кақкы көрген. Көпшілігін жуан деп, қара тізімге тіркеп, сайлау басына жуытпаған. Бұғап шейін баяғы бір желікпен еш нәрсенің нарқын байкамай, кызыл
79
кеңірдек болып жүрсе де. нак биылғы сайлауда арамтер болған-мсн, игілІгін өздері көрмейтініне көздері жеткен-ді. Содан кейін сыртка: «Енді не болса да тыныш отырып, тыныш жүріп байкайык* Үндемей момын болып отырсақ, кім басымызға ойнайды?» деген дақпырттарын нзара табысқан-ды. Енді бірін-бірі қорғауға жұмылғанда, «ел берекесІ» деген бон бірінің басына төнген қауіпті қалғандары бірігіп жеңілейту карыз саналған. Оның ішінде Әбіш сияқты топ басы жуанын мықты қылып ұстау мақүл. Ол сыртқа айдын үшін керек. Мұны ойласа, Әбіштерді әсіресе барлық ынта-бейілмен іздеу міндет.
Осындай кңп себентер қамшы болып, көп ел соңына түсіп Іздеген соң, байларды босатып алған. Бірақ босатарда начальник Құрманның қолынан «Жаксылыктың шығынын төлеймін» дегізіп қолхат алып қалды. Ол Жақсылықтың тілегі бойынша істелген Іс.
Сонымен бүгінгі күнде мына жиылысты шақырып отырған Әбіш пен Құрман елге келген соң, колхат бойынша Жақсылықтың пұлын бермек керек еді. Құрман оны берген жоқ, сұрайын деген Жаксылыкқа тағы да бұрынғыша зәрін шашыл, маңына дарытпаған. Бұл төлеу былай тұрсын, енді Жаксылыкты бір азырақ көп жуанның талқы-сына салып, тәубесін есіне түсіру керек. Әбіш пен Құрман өз жа-қындарымен бұл жайдан ақылдасқанда: «Жақсылыкты қайта ұлық-қа бармайтын қылу керек» дескен.
Сол ретпен Жақсылықтың ісІн биылғы партияда Жақсылықты өздеріне тартып алған Алатай аулынан көрген. «Солар колтығына дым бүріккен соң барады, әйтпесе Жақсылыққа бұл қайрат қайдан келді?— дескен.
Бір болыс елдің атка мінерін жиюдағы мақсұт: бүгін «ел жак-сыларының» берекесі шын болса, Әбіш пен Құрманның басын жоқ-тауларын тілемек. Бұлардың аулына милиция әкеліп, ат ойнатып, бай-латып отырған жауы — Жаксылық болса, соны сүйеп отырған — Ала-тай аулы. Содан арылып беруін сұрамақ. «Алатай аулы ұстап жүрген Жақсылық біздІ жаралап отыр. Енді мынаған иелігі бар ма, жоқ па? «Иемін» десе мынаның істеген Ісі үшін, ағайын ауқымынан шығып, шеңбер бұзғаны үшін жауап берсін: Жок «ие емеспін» десе — Жақ-сылықтан былай шықсын, ие еместігін айтсын! Бұдан соң өз білгені-мізді әзіміз істейміз» деседі. Бүгін жиынның ортасындағы сөздің бІр ұшығы — сол.
Жиын ішіндегі тілді-ауызды шешендер Алатай аулының адам-дарымен сөйлесіп, арылып шықты. Олардың жауабы: «Біз Жақсы-лықтың бұл жұмысын білмейміз. Ақылдасып істеген іс емес. Өз бетІ-мсн істеген тентектігі, Мынау елдің береке-бірлігінің үстінде сау басымыз-ға сақина тілейік деген ниетіміз жоқ. Әбіш бізден көргенді қойсын! Араз-
80
дық үсті болса бір басқа, сонда да біз ұлыққа шығып, дуанға шауып көр-геміз жоқ. Өзі біледі!»— дескен.
Сонымен бұл арадағы қауымның түйінді сөзі бітіп қалды. Жуан-дардың бұрынғы бірлігі — бірлік, берекесі — береке болды. Сол ын-тымаққа арнап сойған ақсарбас түгі қалмай желінді.
Бұл жолғы іс бір жерден шыққан соң, енді тамам елдің атқа-мінері бірігіп, Әбіш пен Құрманның құнын жоқтамақ болды. Сөз сөй-лене келе: «Жақсылықтың қылығы кісі өліміндей қылмысты жұмыс» болуға айналды. Ел ұйтқысын бұзып, ұлыққа шапқаны үшін не жаза істесе де рауа» десті. Бұл Әбіштің басын жоймақ болған іс деп те танылды.
Сонымен барлық жиын көп сөздің артынан байлауын қылып, баталасып алды. Батаның серті — Жаксылықты ел болып жауламақ. Мына шырық бұзған қылығы үшін кезі келгенде кегін алмақ болысты.
Бұл ызғар, бұл доң-айбат ежелден дегеніне жететін —«көп қорқы-тады, терең батырады». Заңмен табан тіресіп қарсы тұрып, бүгінде қолмен Іс қылмаса да, Жақсылықтың емі осы десіп еді.
Шынында, Жақсылыққа осының өзі де жеткілікті болды.
Күнде милицияға шауып, арқасын ертеңді-кеш соған тіреп отыр-са — бір жөн.
Сондықтан батаның артынан көптің байлауын айтып тілдескелі келген қу-пысықтар айтқанын істетті.
Желінген егіннің шығынын алмақ болып отырған Жақсылық енді бұрынғы егіндігінің бәрінен айрылды. «Бермесе қайта кел» деген начальникке енді бара алмады. Шығын алу былай тұрсын, егінін жиып алған соң, АқөзектегІ қорасын тастап, Әбіштің жерінен көшетін болды.
«¥рысы жуан болса — иесі өледінің» аяғын құшып, егінін жиып алған соң, боқыраудың басында қызыл қарын жас баласын шұбыр-тып, Жақсылық Ақөзекті ықтиярсыз тастап көшІп кетті.
1927
Б 227
81
ҮШ КҮН
I
Оған енді көп заман болды...
Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күнІ еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезеқті қоздандыра алмай, өнешІ қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсердей\кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. ТүтінІ құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің Ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп ала-йын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйІ көлік берді ме?
- Әй, итшілеген қу дүние-ай!—деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып, босағаға қарады...
— Мына пәлесі тағы жатыр ма едІ, жаратқан?—деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр.— «Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!» деген бұйрықпен байдың үйі жіберіптІ, бүгін құлқын сәріден.
— Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күнІ не өзі, не жақынның ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген Іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрай-сың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар.
— Жаным-ау, бұ не деген боқтдшық? Бүгін қазан, кеше табаны сынған тоқсан жылғы қара үзеңгі, оның алдында ала жаздай майды аяп, қарамайламай жүріп, білігің жандандырған ағаш арба... Оның ар жағында қырық жыл бұрын кара бәйбішемен бірге келген, топсасы кеткен, көмейі бұзылған кәрі абдыра... Не деген таусылмайтын жыр-тық тесік? БІр де бірі не жамау, жасқау болатын ескі-құсқы темір, көр-жер, немесе аспап-сайман берсе екен-ау, тым құрыса... Ақы тұрсын, отынды да өзі шабады.
Алары не? Көші-қонда көлік береді. Оның аты — бай, аузында семіз сөз:
- Далаға қаңғытып, жалғыз лашықпен тастамай, алты ай жаз өзіммен ілестіріп алып жүрдім, асырап шықтым,— дейдІ. Соңғысы — күнінде бір тиетін, жалғыз аяқ қымыз. Окта-текте қонақ келсе, қазан басынан беретін Ішек-қарын, сорпа-су.
Су тезек үксе де тұтанбайды... Бықсиды, көк тұман боп шырма-
82
лады. Ащы уыты квзін жейді, мұрнын жарады, колқасын атады. Өне бойы ыс пен қорда... Барлық өмірі де, еңбегі де осы су тезектің бық-сығанындай, көзді жасаураткан, қолқаны атқан, діңкесіне тиген тұтас бір ащылык, мор сиякты. Келбай ызаменен езу тартты. Жап-жас басы, ертеден ер жанышқан құл тұғырдай езіліп бара жатқан тәрізді. Осын-дай ойлар өзін де күйдіріп отыр еді. Қайнаған қара шәугімді колына ұстап, тыстан Жамал кірді. Қатыны. Оның да тіршілігі оңып тұрған жоқ. Жап-жас әйелдің иығында жалғыз лыпа - жыртык көйлек. Оң жақ иығы мен бүйіріңен ашаң-коңыр еті көрінеді.
Арық жүзі кейіспен түйілген, қабағы катқан Жамал:
— Әлгі екі туысқаның тағы ұрысып, боқтасып жатыр желі ба-сында,—деді де үйдегі әлі күнге бықсып жатқан тезекті, сол от басы-ның күлімен көме бастап, түтіндІ саябырлатып жатып:
*— Қараң қалғыр, тым құрмаса суымызды ұрттатсыншы! — деп, алғашқы сөзіне қайта ауысып:— Не жетпейді екен екеуіне? Итаршы болып, ел-жұртка мазак боп ырылдасып жүргені! Өз қамы болса екен-ау, тым құрмаса!
— Тағы не екен?
— Талпақ, құдық басына жылқы қамалып қалды, неге қауға тартпайсың,— деді... Анау Сарыауыз: мен бие байлап жатырмын, сенің ішіңде шеменің тіреп тұр ма? Өзін неге кұймайсың,— дейді... Жөн айтыса ма олар, адамша? Бірін-бірі боқтап, жер-жебіріне жётісіп, тә-белесермен болып жатыр...
— Бай ше?
— Ол қарап отыр, сылқ-сылқ күле береді құр! Аналар онан сайын екіленіседі... Мазақ болғанын, қор болғанын білмейтін немелер!— деп Жамал кішкене ала дорбаны ас жаулық орнына жая салып, бес-алты құрт тастап, екеуінің таңертеңгі шай болмысын кұя бастады.
— Мықты, кайтпас, айпар-жайпар деп екеуін екі жерде құтыр-тып койған ғой бай үйі!
— Атама! Ертеңді-кеш күлкі қып, ермек ететіні солар. Бірі жыл-қышы, бірі биеші — екеуін «Бірің батыр, бірің балуан» деп қойыпты. Екі туыскан кұдайдың құтты күні қырык пышақ!
— Ой, төбеңнен ұрғырлар, тұра тұр, өлтірдіңдер ғой сендер-ақ! Құмарыңды бір қандырып, жындарыңды бір басармын, бәлем!— дей бергенде, екі иығынан демін алып Талпақ кірді. Қайратына семірген күшін кайда жұмсарын білмеген төртбак денелі, тасыр Таллақ, туыс-қанының үйіне кірісімен, екі адымдап төрге шықты.
Өйткені Көлбай бұны таң-тамаша калдырғандай боп, дағдыдан ерекше түрде қарсы алған еді. Ол жаңа ғана қатынына айтып отыр-
в*
83
ған наразы пішінді тастай беріп, Талпақты көрісімен қолымен қой-ғандай құбыла қойды да:
— Ә, Талпеке! Уай, батырым-ай, келдің бе... Уа, жоғары шық!..— деп қағылып орын әзірлеген. Сый қонақ келгендей қалбақтап, күте бастаған. Бұл сияқты ойда жоқ мінез Жамалды да, әсіресе Талпақты да таң қалдырды,.. БІрақ жалт-жұлт қарағанмен олар Көлбай жүзі-нен еш нәрсе ұға алмады... Оның Талпақ алдына ала дорбаны сүйреп салып, кесесін әперіп, кұрақ ұша бастағаны жігітке бұрынғы келген бетінен гөрі де молырақ нығыздық бітіре бастады. Өйткені үндемейтін, өз ақылы өзінде жүретін Көлбай бұл туысқандарына тұп-тұтас бір жұмбак сияқтана беретін. Өзі ұста. Елде жоқ өнері бар. ЕндІ ол сый-ласа, кісі тек бола ма дегендей боп, Талпак тіпті Жамалға да сый қонақтай, қоқилана түсіп, жота көрсете бастағандай еді.
Сол кезде тыстан:—Ой, тұкымыңды,— деп, алыстағы біреуге да-бырлап сөйлеп, жайлап келе жатқан Сарыауыздың үні шықты... О да осылай беттеген сияқты... Талпақ, «анау кеп бұлдырақ боп кетер ме екен» деген кісіше, отырған жерінде ырғала түсіп, нығыздалып, өз салмағын өзі безбендеген сияқтанды. Тамағын: «Мен отырмын...» деген кісідей боп кенеп-кенеп қойды.
Сарыауыз үні шыққаннан, бір оймен басын төмен салып, Талпақ-ты көз астымен үндемей бағып отырған Көлбай, енді анау есікке таман келіп қалғанда, екеуіне де естірте:
— Пай, екеуі бүгін қырбай боп қалды деп еді, кақтығып қалмаса игі еді,— деді. Сол сөздің аяғы біткенше, алпамсадай, аусар жігіт Сарыауыз да кіріп келді.
Талпаққа Көлбай сөзі «шу» деп тебінгендей тиді білем:
— Әй, енеңді... мен отырған үйге неге кіресің?—дей бергенде, анау іле жөнеліп:
— Е, атаңның... Әулиең бар ма еді мен кірмейтін?—деп ежірейіп калды...
Көлбай екеуінен үркіп қорыққан кісідей кезек қарап ап:
— Қап, айтпап па едім? Қатын, ойбай, төбелесті ендІ, бұлар...— дегенде:
— КІмді басынасың сен?— деп Талпақ орнынан өрекпи тұра берді... БІрак әлі екеуІ жүгірісе қойған жоқ еді. Қөлбай естерін жиғыз-бастан Жамалды қағып қалып:
— Жи, ойбай, қатын, шыныңды, аяқтарының астында қалатын болдық қой, тәйірі!—деп, ала дорба мен шыныны Жамалдың ар жағына сыра салып, екі туысқанына майданша жасап берді...
Бүның алдында біраз тұрысып қалған екі жігіт енді біріне-бірІ тап берді. Көлбай:
84
— Ойбай, құдай, екеуі де дәусіген неме еді. Енді араша береді деймісің! ӨзІмнің саным да басқызбай отыр еді,- - деп, босаға жак-тағы жаман кебеженің үстіне барып отырып алды.
Сүзістіріп жіберпн қошқардай боп ана екеуі жағаласып, жұды-рық салысты... Жамал басында Көлбай мінезіне таң болып тамсанып отыр еді, енді шошып, безектей бастады. Көлбай ана екеуінің тамаша-сына былқ етпестен қарап отырып, қатынын қолынан тарта беріп, көзін кысты да:
— Бұл ауылда айыруға жарайтын кісі де жоқ. Бар, қатын, ана ауылдағы ұзын аяқ Мұсаны шақыр!—деді... Жамал таң болып тағы карағанда:— Бар, жылдам, ойбай! Тоқтамайды бұлар! Тез басылады деп тұрмысың? Менде дәрмен жок, өзім өлейін бе?—деп, қатынды жөнелтіп, шақшасын суырып алып, насыбайын атып алды. Маңдай тістерінің арасынан фонтанша атқытып шырт түкіре тастап, аналар ойнап жүргендей жап-жай ғана қарап отыр. Бұл кезде бірталай тар-пақтасып қалған екі жігіт, енді демігуге айналған еді. Бірақ екеуінде де жаға жыртылып, көз ісіп, бет тырналып, қан да шығысып қалған. БІрін-бірі алыса алмай, ендІ тағы біразда құр кеңірдектен алысып итерісе берді. Дәрмендері құрып барады... Жай төбелестің бэсыла-тын да кезі болды. Әрі-беріден соң Көлбай «қой» десе де тоқтарлық-тай болып еді. Бірақ ол құр бақырайып карайды да отырады, ЕндІ біразда аналардың сүлдері құрып, екеуі де бұған жалт-жалт қарай беретін болды. ЕкеуІнІң кәзінде де мынадан арашаны дәме қылу бар. Өйткені ұзын аяқ МұсанІкін олар біледІ. Бұл ауылдан тақ жарты шақырым жер... Оған әлгі Жамал жеткенше қашан? Соны ойлаған сайын Қөлбайдан дәме қылысады. Колбай әрқаЙсысының бірер рет көзі түскенде, шімірікпестен тамсанып:
— Пәлі! Әлі, алып дегені қайда?— деп біреуіне айтады да, екін-шісі жалт қараса:
— Болмайды деген осы ма, сығыр?—деп, оған да дем беріп қояды. Ана екеуі бұндай сөздің артынан амалсыздан тағы қаужаң-қаужаң етіседі. Бірак ендІ кұр нұқысады, дәрмен кеткен. Үйдің іші апыр-топыр болды. Көлбай жалғыз-ақ шыны-аяқтарын ғана қорғай береді. Одан басқа, босағадағы бай үйінің қазанын да аямады.
Жалғыз-ақ мыналар енді тым көп қарай беретін болған соң, өзі басын көтермейтін, көз салмайтын болды, Мойнын төмен салып, көз-дің астын ғана жібереді. Анда-санда екі танауы желбіреп, үндемей ғана іштен күледі.
Осымен әлдене заманда демігіп, өкпесі күйген Жамал қайта жет-ті. Бұл: «Мұсасы құрғыр жоқ, ойбай»,— деп үйге кіре бергенде, Тал-пақ пен Сарыауыз сілесі құрып болып, көптен бері кұр ғана тіресіп
85
тұр еді. Тағы бір-бір нұқысты. Мұсаға екеуІ бірдей мұндай құштар болмас! Көлбай сонда ғана есінен танған кісі боп:
- Ойбай, рас-ау, ол ит кеше қалаға кетіп еді-ау,— деді... Тіпті өзі шығарып салған едІ. ТөбелескІш екІ жі.іт бұл хабарды естігенде, «өлер болдық қой, ойбай!» дегендей, қатар күрсіндІ...
Бағанадан сезбес кісі боп отырған Қөлбай енді ғана орнынан тұрып жақындап кеп:
— Жә, енді қайтесіңдер?— дегенде, екеуІ де бірін-бірі қоя бере салды. Қөлбайдың ендігі жузіне бұлар да, Жамал да көрмеген ашу мен намыс белгісі шықты. КөзІ шаншылып, есті ашудың ұшқынын шашып, қатты зекіп:
— Ой, құдай ұрған екі қор. Бай үйінің бәйтөбеті болғанға елір-діңдер ғой. Мазақ қылса да мәзсіңдер ғой! Мыналарың сол ғой! Итаршы боп екі жақтан абалағандағы күзеткенің кімнің дүниесі, кімнің ты-ныштығы? Сол үшін де кор бола ма екен? Ал, тойдыңдар ма!— деп үйден екІ туысқанын айдай берді. Ананың екеуі де: «Ит болған еке-міз»,— деп, балаша жылады. Жамал қоса жылады. Бірақ ол Көлбай-дың өз мінезіне әлі де таң еді. Мұрнын сіңбіре тастап жылап отырып: — Әлі осы, өзіңдікі не,— дедІ... Көлбай қол көрікті қайта сүйреп келе жатып:
— Қараңғымыз ғой, қараңғы... Қараңғы!—деді...
II
Бұған да бірқатар уақыт болып қапты-ау! Мың да тоғыз жүз жиырманшы ма, жиырма бірінші ме жыл еді.
Қөлбай, Талпақ, Сарыауыз үшеуі қосшы союзының болыстық съезінен қайтып келеді. Астағы аттары енді бұрынғыдай тайтулақ емес. Жал-құйрығы бүтін: қоңы ток — шаруаның тұғыры... ҚиІмдері де бірсыдырғы бүтінделіп қалған.
Талпақтың мойнында, от алмаса да айбар үшін салып жүретін ескІ қара берденке де бар. Сарыауызбен екеуі бұл күнде өздерін қай жерге қоярын білмей жүр. Таңдау көп.
— Мелитсе болсақ па екен?
— Жоқ, болысполкомның атшабары қайтеді?
— Әлде тіпті содия, тергеушінің жігітІ болса нетеді?—десіп, кең-де жүзгендей керги түседі...
Қөлбай қосшы союзының жұмысына өзі орныкқан кісі, байқай-ды... Мыналар арлы-берлІ жүйткумен, әлі байыз таппай жүрген сияқты.
БІрталайдан бері үшеуінің кезі келіп, бірге шыққаны осы еді.
86
Талпак лен Сарыауыз Келбайға бір өнер көрсеткісі келді білем, екеуі: «е» дегендей болысты да, Талпақ сөз бастап:
— Уа, мына Суықбұлақта Жаман байдың аулы отыр. Соған ба-рып түстене кетеміз!— деді.
— Бәрекелде, Көлбай біздің жүрісті де бір көрсін, әйде бара-мыз!—деп, Сарыауыз астындағы торы аланы шаужайлап, омырауға ұрып, қаздақ-қаздақ бастырды.
Көлбай сыртка сыр білдірмейтін, қоңыр бояу пішінмен:
- Қойсаңдар, қайтедІ?.. Осы бай жағалағанды әлі қоймадың-дар ма?— дедһ
Ана екеуі бұл күнде байға күніміз түсіп, көз сүзіп жүрміз деп ойламайтын... Ендігі байға түстеніп, байға қонып, қонағасы, түстік дегенді: есе, теңдік алғаны есепті көретін. Бүгін Қөлбайға сонымен қыр көрсетпек те еді.
— Бай жағалады дегенің қай сөзің?— деп Талпақ тікірейді.
— Жағаласа бай жағаласын. Біздің оған бір күніміз түсіп тұр ма? Неміз кетіпті?— деп Сарыауыз елірді...
Көлбай басын төмен салып, атының шашасына караған кісі сияк-танып келе жатып, екі танауы акырын желбір етті де:
— Жоға дейім, әшейін... ТегІ, Іргені аулақ салған мақұл дегенім ғой!— деді.
Талпакка ол сөз дарымады.
— Е, есе әпермейін деп пе едің. Не қылмап ед!~ дегенде, Сары-ауыз да: «Байды қорғайын деп пе едің!» деген кісіше қабағымен Тал-пақ сөзін қостап, жотасын күдірейтіп, Көлбайға тесіле қарады. Көл-бай кызған жоқ. Жауапқа асыкқан да жоқ. Бірдеңе ойлап, шешіп алғандай боп:
— ЕсенІ осылай алады екеміз ғой, тегі. Мақұл, керейік!—деген болды.
Баяғы кара бәйбішенің қазаны пісуге такап қалған. Үш батырак әлдекашан қымыз ішіп, шайды да жайлап болған. Енді Талпақ пен Сарыауыз баяғы өздеріне мәлім, кұдык пен желі басын аралай кет-кен. Қастарында байдың өзі. Сый қонақты қарсы алғандай, екеуіне шаруаның мұңын айтқан боп, қас кабағымен арбай түсіп, қолына қондырғалы баурап жүр. СезІнің'құйрығын ылғи бір-ақ жерге имек-тей беріп:
— Ағайынбыз, бір атаның баласымыз... Екеуің азамат болдың, атқа міндің. Құдайга шүкір!— деген сияктыға соға береді...
Келбай келгеннен көп жауап қатпай, теріс қарап, бүк түсІп жата беріп еді...
Енді тыстан кірген бәйбішенің бір сөзін аңдап калды... Қазан
87
пісті, түсірейік, әлгілер қайда жүр екен деген сияқты. Осы кезде Көлбай бағанадан бергі томсырайған, үндемеген пішіннің бәрін тастап, басын көтеріп, ширап алып:
— Бәйбіше! Осы бізге берейін деген асың ғой, ә?
— Е, шырағым, сендерге бермегенде кімге берем?
— Ендеше, осы бүгінгі қонақты қалай сыйлаудың еркІн маған берсең қайтедІ?— деп бәйбішеден рүқсат ала сала, өзінше бір іске кірісті.
Аздан соң Сарыауыз, Талпақ, бай үшеуі үйге қайтты. Бұл уа-қытта екі табаққа ет те жасалып қалған екен...
Бірақ үй ішінің суреті біржолата өзгеріп қапты, жаңа келген үшеуінің кіре бере байқағаны: Қөлбай болды. Ол калбаң қағып, ая-ғының үшінен жүрген кгсідей боп, әлдеқандай жат, сый қонақты күт-кендей әзірлік жасап жүр. Мыналар кірер-кірместен-ақ Талпақ пен Сарыауызға:
— Жоғары, жоғары!.. Уа, жоғары шығыңдар!—деп төрге нұс-Қады. Бірақ төр дегені бұл күйінде үркітерлік боп қапты... Онда ба-ғанағы жатқан кілем, көрпенің орнына құрым кніз, тулақ төселген...
...Ал кілем мен көрпе оң жақ босағаға төселіпті. Кергіңкіреп там-санып тұрған Талпақ пен Сарыауызға Көлбай:
- Бүгін бір есе-теңдік күні болсын, кел, жігіттер!— деп отыра беріп:
— Бай үйінен есе алсақ, тегіс алайық... Уай, байеке мен бәйбіше! Сендер төрге отыра-отыра болдыңдар ғой, ана босағаға отыр... Біз босағада шіріп қалып ек қой, енді, міне, есе алып төрге шығамыз!..
Үй аң-таң боп Қөлбайдың айтқанын ғана істейді. Бәрі де артынан не шығар екен дескендей... Бәйбіше көрпеге отыра беріп тамсанып қояды. Қөлбай ерекше құбылып алған. Ана екеуіне ой ойларлық та дәрмен бермей үсті-үстіне шатыстырып барады.
— Сорлы құрым киіз бен тулак, сен де бір төрге шыкшы!— деді екі жолдасы бұл да, касына төрге отыра бергенде...
— Бай үйінен есе ала келдік... Уа, анау бас пен жамбас, мықын-жілік — бұл төрге шығушы болмасын... Сол босағадан бері озбасын! Бәлем, көзіңді бір көгертейін. Әпкел: шығар төрге, ана мойын, сирак, Ішек-қарын, өкпе, көи бауырды!— деп бағана өзі жасатып қойған бір табақты алдарына алғызды да, қаужаң-қаужаң турап, қапыл-құпыл асай бастады. Аналар да амалсыздан табаққа қол салды. Көлбай тоқ ішекті қарбыта асап жатып:
— Бәлем, төріне шығып талтаңдап, байдағы есеңдІ сен де алшы бір, ащы ішек!—деп, соны пышағы жоқ екі жолдасының алдына буды-рата кесіп, тастай-тастай береді...
88
Бұны ок,ты көзімен атып, намыстанарын да, күлерін де білмей бір қуарып, бір қызарып отырған жолдастарына, табақ тақырлана берген кезде:
— Байдан есе алғанда төріне құр өзІміз ғана шығып қоя ма еке-міз? Босагасын сүйреп төріне шығарып, төрін тепкілеп босағаға ай-даймыз да осылай, ә, жігіттер!—деп қояды... Бұл сөздерді дәл кеше, қосшылар съезінде сөйлеген, көпті жақсы жолға бастаған сөзіндей сөйлейдІ-ау және! Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау деуге тіпті он екіде бір нұскасы ұқсамайды. ЖүзІнде күлкінің ныспысы да жоқ. Шын-ның шыны...
Екі жолдасы үннен калды. Олар да, үй іші де құр сылп-сылп там-сана береді...
Атқа қонысты. Ауылдан шыға бере аз үндемей келісіп, аяғында екі жолдасын екі жағына алды да Көлбай:
— Бай-жуанның үй мүлкІн аман қой да, одан жаңа есе алам де! Ол жаңағы босағаның тулағы мен ішек-қарынның есесІ ғой... Жоқ, шырақтар, есе теңдік отауы, бұл шаңырақтан бөлек жерге тігілсе керек. БІлдіңдер ме? Босаға мен төр арасының бәйгесінен гөрі, алы-сырақ бәйгеге шықсақ керек!— деп енді ғана күлді.
— Талпақ пен Сарыауыз мойындарына су кеткендей ұйыса да:
— Қашанғыдан бұрын ет жегізбегенің не?— десті.
— ӘлІ сипалаумен келеміз. Көзді жаңа тырнап ашып келеміз. Бір жарық таяу-ау, таяу-ау, жігіттер,— деді...
Аттары алдағы белге қарай борт-борт желеді...
ІП
Бұл бұрынғы емес, биылғы. Кешегі емес, бүгінгі. Үш бригада жарысынын таразысы құрылған кеш. Көктемде колхоздың жалпы жиы-лысында шарттасқан үш бригада, бүгін көмбеге үзеңгІ қағыса жетіп тұр. Бригадалар басы колхоздың талай жылғы желді аяғы, үш екпін-ді: Көлбай, Талпақ, Сарыауыз.
Колхоз мектебінің үйі үш бригаданың кол.хозшы әйел-еркегіне әлдеқашан лық толған. Жиылыс басқармасы бүгін өзгеше. Көпшілігі ауданнан келген қонақтар. Басқарып отырған райком хатшысы. Тө-бесі аласа кішілеу залдағы тығыз жиын, өз күштеріне енді сенген, аудан ортасындағы маңызын сезген, салмақты нығыз жиын.
«Бүл колхоз аудан алды... Аудан емес, тіпті округ алды!» деген жайлы дақпырт бүгін түстен берІ аудан кісілері келгеннен берІ, тегіс тарап калған...
89
Өз бригада атынан алдымен Талпақ сөйлеп кетті. Бұның сөзі баяндама емес, тұтас рапорт есепті боп өттІ.
— Үкімет салығын сентябрьде толык бітірткен, тұқымдық корды түгелдеткен, ең алдымен — біздің қырман, көлігі жүз пұрт, түгел, арқа басы бүтін. Бір машине, бір арбасы бүлініп реттен шықпаған — біздің бригат. Ішінде лодыры болса түзеліп, екпіндісі ерекше еңбек сіңірген біздің бригат. Алды үш жүз, ең арты екі жүз еңбек күніне, маңызды, мағыналы еңбек күніне ие болып отырған тағы біздің бри-гат... Салықтан қалған астықты тегіс жинауда кешеуілдеп, екі, бірақ, міне, бүгінгі күнге, ең соңғы маямызды басып, тазалап, қаптап болып, жаңа осы жиылыс алдында қамбаға үйІп кеп отырмыз,— дейді. Сарт-сұрт еткен, дәлдікпен, сенімділікпен айтылып өткен мағлұмат ең аяқ сөздің тұсында бытырлай соғылған шапалақпен, шын сүйсінген қо-шеметпен аяқтады...
Дәл осындай ақпар, рапортпен Сарыауыз да мүдірместен сыдыр-тып, өркештене түсіп желе жортып өтті. Оның да соңғы ат басын іріккен жерІ:— Соңғы маяны жаңа басып бітірІп шықтык!— деу болды.
Бұл өз ақпарының арасында екі малателкені сумен жүргізген-дерін, сонымен көлік қаруыштап, күш молайтып, жұмыс өндіргенін айта келіп еді. Дәл осы тұста Көлбай баяу ғана:
— Шіркін, ең болмаса малателкенІ суменен жүргізіп бергенімді айта кетсеңші енді, құдай, кәнеки,— деп жұртты тегіс ду күлдірді. Сарыауыз онысын растап тұрып, тәртіпті жолмен алғыс айтты... Бұның Талпақтан аса омыраулай койған мәселесі, қалтасынан обком қау-лысын алып тұрып:— Ноябрь күнінде Мәскеуге бар одақтан, жақсы колхоз, озған колхоз өкілдері жиналады екен. Одақ қана емес, шет-елдер жұмысшылары да келеді екен... Осыған, міне, ауданның, өкі-ріктен озды деген шын болса — дәл, міне, біздІң колхоз барады,— деп басқарма басындағылардың бас изескен, қошемет қылған күлкісімен қатар, азырақ желіге келІп:
— Тіпті дәлін айтайын, тақ мына тұрған пақырыңыз барады деп білем!— деп жұртпен бірге өзі де күле тұрып кеудесін түртті... Бұның да бригадасы нық сұйсінді. Екпінді басшылары, сын жиынның алдында көмбеге ойнақтап жетіп, баяғыша айтқанда ту жыға өткендей болды...
Баяу қоңыр пішінмен Көлбай шықты...
- Рас, біздің әлі үш маямыз басылып болған жоқ! Аналардан ол жағында кешең қалдық,— дегенде, Талпақ екі білегін сыбана беріп:
— Ендеше, не бәсің бар?— деп қарк-қарқ күлді.
— Бәлем, Көлбай, ілесе алмай, бір калдың ба? Бәсе, өзің айт-шы?- деп Сарыауыз да әзіл етті. Басқарма да, өзге жиын да «Қөлбай үтылдыға» бейімдей бастаған едІ. Әсіресе Көлбайдың момақан пішіні 90
мен залға тегіс естілмейтін баяу қоңыр үні де, сырттай, сол күйге мойын ұсынған тәрізді. Бірак өз кісілеріне көзі түскенде, Көлбай олар жүзінен әлі бұның бірдемесіне сеніп, жрбырқамай, кайта дәме-леніп кең пішінмен күле қарасып отырғанын көрді. Әйткенмен баскар-малар болсын, өзгелер болсын, бұларды кабақ шырайларымен ықтатып бара жатқан сияқты. Онан соң Көлбай, еңбектерінің жалпы, аналар айтқан сияқты тұрғы-тұрғыларын айтып болып, енді даусын катай-тыңқырап кеп сөз бастады. Онысы — біз еңбек істей жүре сауатсыз-дықты жойдық!— деген ақпар еді.
Талпақ пен Сарыауыз қатар дүрсе коя беріп:
— Е, сауатсызың біз бе екеміз?
— Казет жорналыңның бізден құр кеткені бар ма екен?!—деп өз бастарының әзірлігін айтыса жөнеліп едІ...
Қөлбай мызғымастан, бұларға бұрыла беріп, баяғы ішек-карын табағын тарткандай пішінмен, тағы да екі танауы желбір етіп, -іштен күліп, әлі де сыр бермейтін салкын жүзбен:
— Өз басымыздың сауатын былай қояйык, жолдастар. Мен бри-гадіміздің сауатын айтамын, ол тегі керекке жарай ма екен өзі? — деп басқармаға қарай бір рет қана көз тастады.
— Е, бригадіні айтасың ба?
— Е, көпті айтады екенсІң ғой!— десіп Талпақ, Сарыауыз баяу-лап қалды.
— Е, ия, соны айттым,— деп Көлбай енді даусын қатайтыңқы-рап алды. Жұрт бұл кезде бұған тегіс аңыра бастап едІ.
— Уа, біздің бригадімізде сауатсыз бір жан жок! Және көпші-лікте шала сауат қана емес, төс табандап біліп, мәдениет іздеп келе жатқан сауат... Рас па, осыным, біздің жолдастар!— дегенде, бұның бригадасы әр жерден қостай жөнелді.
Өзгеден ерекше боп бұған қарап аңырып, тесіле қарап отырған бастыққа көз қырын бір тастап, рұқсат тілеп алғандай боп, Қөлбай:
— Ендеше, берІ шығыңдаршы, біздің бригат! Кітаптарыңды ала шық,— деп команданы өзі ала бердІ. Он шакты әйел мен жиырма-отыздай еркек қалта, койындарынан кітаптарын суыра алға шықты...
— Е, тәйірі, біз кұмадан туыппыз ба?— деп Қөлбай енді өркеш-тене бастап:
— Кәні, кімің ненІ оқып жүрсіңдер? Айтыңдар тегіс!—дегенде, қатарынан көп үндер жауап қатты.
— Мен жетінші кәнперенсені...— дей бергенде, комсомол Жакып үнін:
— Мен ұлт мәдениеті жайындағы баяндаманы...
91
— Уа, мен «Даланы»... «Қелесі кеңес кең далам, «Кеңесім — анам, мен — балаң!»— деп бІр жас жігіт әндете бастады.
— МенІкі «Қызыл ат»...
— Менде, міне, «Талтаңбай!» Рақым етіңіз, маладая кадр!—деп баяғы өзіңіз көрген Жамал, Көлбайдың Жамалы ендІ біраз әжім түсіп қалған жүзімен сақ-сақ күлді.
Көлбай енді барынша қатты дауыспен, жұрттың күлкі дабырын баса:
— Уа, міне, бәрін оқытып көріңдер! Жарық бер! Жарық берші, жолдас райком! Күшті жарық. Коммунизм жарығын!..— дегенде, жұрт бірІ қалмай қолды соқты, орнынан қалай тұрғанын білмей қал-ған басқарма да тегіс келіп, Көлбайды көтеріп алды.
БУРКІТШІ
Күздің таңы баяулап атып келедІ екен. Қос аңшы құстарын ұс-тап қостан шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.
Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол жуан торы аттың шылбырын беліне қыстырып, ендІ үзеңгіге аяғын сала берген-де, арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды, кеспелтек денесін шапшаң бұрып сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншІнІ көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.
Бекбол ерге қонбай, торы атты сулығынан тартып, жүргІншІ келе жатқан жаққа бұрды. Ауыр бүркІт ұстаған оң қолын ердің үстІне салып, таңырқап тосып қалды.
Әлі ала көлеңке айыққан жоқ, сондықтан жүргіншінІң кІм еке-нін дәлдеп тани алмап еді.
- Мынау кім өзі?—деп, жас жолдасына қарады.
Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жок екен. Ол да сырт карады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жІгіттІң бет ажарында тау күніне күйген қою қызыл бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді. Аңшылар тобы жайлаған бұл маңай қазір де елсіз. Қолхоз фермасы болса бұл жай-лаудан көшіп кеткен. «Октябрь» колхозы бұл маңға жалғыз осы үш үйлі аңшылар бригадасын ғзна қалдырып кеткен еді... Соңғы он шақты күн ішінде бұл бригадаға оқта-текте келетін кісі болса, ол сол өздері-нің колхозынан қатынасатын кісілер еді. Бірақ колхозға қараған жылқы-
92
ның ішінде некен-саяқ төбел немесе ақтанау, болмаса мынадай маң-ғыл қасқа жылкы жоқ болатын. Ала көлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқэн баран атты жас аңшыны да таң қалдырды.
— Бәсе, бұ кім өзі ала көлеңкеден?— деп, о да аңырды.
Таңданумен қабағын түйіп, ойланып қалған қарт аңшы үндемейді.
Сөйткенше Жәнібек жүргіншіні шырамыта бастап:
- Е, айтпақшы, мынау әлгі конезаводтың бригадирі Оспанкұл ғой. Бұ не қып оқыс жүр?— деп бұрынғысынан да таңдана түсіп:— Мұнысы несі бұл?— деп, Бекболға карай берді.
— Болғаны-ақ сол, толайым бізге жолыккалы келеді-ау!—деп, Бекбол тағы үндемей калды.
Осы кезде жуан торы аттың еріне қонып отырған Қызылбалак оқыстан дүр-дүр сілкініп қалды. Иіс-қоңысты тар қостан таза ауаға шыкқанға сергіген сияқты. Қөк-жасыл болаттың ажарындай ажары бар қат-қат кауырсындары бүркіт қатты сілкінген уақытта, құйын үйір-ген шоқ қамыстай су-су етіп судыр қакты. Қызылбалақтың сілкінуі тегі ерекше болатын. Окыс сілкініп қалғанда, атты да, адамды да еріксіз елең еткізів калушы еді. Аңшылық өмірінде талай қыранды көріл өткен Бекбол Қызылбалактың сілкінуінде зор қайрат лебі барын танитын. Сүйсініп, мактан ете сөйлеген кездерінде: «Атама, сілкінгені тақ қымқап шапанды сіліккендей келеді мүттем»,— дейтін.
Қызылбалақтың машығына бойы үйренген жуас торы ат үріккен жоқ. Бірак жонын торситып, ішін тартты да, ауыздығын ғана шылдыр-шылдыр шайнап қойды.
Жәнібек жүргіншіні тосып, жүресінен отыр еді. Оның қолындағы бала бүркіт Қаракер оң аяғының көк тұяқтарын салдырлатып, тома-ғасын қаға бастады. Бұл құсты Бекбол осы аз күннен бері ғана өз қасына алып, енді баулып жүр еді. Мазасыз мінезі көп, әлі тентек, сабырсыз кұс. Әрдайым томағасыи қағып түсІріп, жарық дүниені жалаң бас күйде көргісІ келеді. Дегбірсіз.
-	Қақтырма, қымтап ұста дейім балақ бауын. Бір-екі рет қағып түсірсе, машық кып алады...- деп қойып, Бекбол тағы да жолаушыға қарады.
Қасқа атты жылқышы жақындап қалған екен. Жіті жүріп келе жатқан касқаның ер-тұрманы шылдырлады. Шымды жерді керте бас-қан түяқ дүбірі де естіле бастады.
-	Мынау әлгІ Октябрь мейрамына бәйгеге қоскалы жүрген қасқа бедеу екен-ау,— деді Жәнібек.
— Ажары қандай еді жануардың, шоқтай жайнап тұр ғой өзП -деп, Бекбол да сүйсініп тұр еді.
Сөнткенше Оспанкұл да жақындап кеп, амандық айтты.
93
— Е, жаным, не қып асығыс жүрсің? Малың аман ба еді?— деп, Бекбол алғаш ойлаған күдігін алдымен сұрады.
Ұйқысыз еңбек түніне біраз шалдығып шыққан және қабағында шаршаумен қатар кейісі бар Оспанқұл өзінің не жаймен жүргенін баян еттІ. Жылқышының әңгімесі кысқа еді.
Бүгін түнде анау Сарымсақтының қойнауында конезавод жылқы-сының бір тобы жайылған екен. Осы Оспанқұл бригадасына қараған жылқының Ішіндегі ересектер тобы. Күздің түні әрі ұзақ, әрІ өткең түн бұлты қалың, қараңғы, дауылды түн болды. Сонымен иіруде жылқы жаңа жусай бергенде, бір нәрседен қатты үркіп, шұрқырап, дүркірей жөнелген. Өзі семіз, өзі тоқ жылқы қайыру бермей, быт-шыт боп барып, таң алдында жылқышыларға ырық беріп басы құралыпты. Бірақ бағана таң білінер-білінбестен, Оспанқұл өзі жүріп түгендесе, тоғыз Ірі жылқы жоқ боп шығыпты. Жылқышылар мен Оспанқұлдың күдігі бойынша алғаш үріккенде де бірдеменІ көріп үрікті. Сол аласапыранда бір топ жылқыны бөліп әкеткен сияқты.
Сонымен жан-жаққа кісі шаптырумен қатар Оспанқұл ең алды-мен мына шекарадағы комендатураға келеді екен. Екінші «Әйтеуір, күні бойы ат үстінде боп, елсіздІ, тау-тасты аралайды ғой, есінде бол-сын, көз салсын» деп осы «Октябрь» колхозының аңшылар бригадасына алдымен сокқан екен. Сол жайын айта кеп сөз аяғында Оспанқұл Бекболға қарап:
— Беке, тығылып жортқан аң ғана емес, жасанып жортқан Со-вет жауының да талайын тұмсыққа ұрып, ұстасып ең. Енді осы жолы қырағылығыңа тағы бір сын болды. Мына Октябрь мерекесінде қызыл әскерге ремонтқа берейін деп отырған Ірікті дөнен, бестінің де үшеуі жоқ. Тек атыңа тез қон да, бүгін мына осы Керегетасты ғана сүзіп, арылтып бер!—деп, сол жақтағы көкшіл биікті көрсетті.
Бекбол ойланып тұрып:
— Бұл, қолды болды ма, жоқ үркіп шығып кетті ме әлде...—дегенде, ЖәнІбек Бекбол сөзінің аяғын тоспастан:
— Е, осы күнде тыныштық қой, қай жау келе қалды дейсің, үркіп кет-кен де...— деп бейбіттікке сала берді.
Бірақ Бекбол дәл бұлай деп байлаған жоқ еді.
— Дәл сол жауың әзір бұл өңірге келмей, сол өзіңнің сырт жағыңда, ана Сарымсақтының арғы жағында, бір елеусіз адыр, бұйратта бұғып қал-масын. Ондағы себебІ күндіз сонда жатып, түнде бір-ақ жортып кеп шека-раға ілінбек. Сен не де болса сол артыңды арылтсаң мақұл болушы еді,— деді.
Бұл жайлы жылқышылардың өзі де ойлаған, екшеген екен. Сонымен Оспанқұл өз күшінің барлығын сол маңайларды арылтуға жіберіпті.
94
Ол жағының қамтамасыз екенін естіген соң Бекбол тағы да бір ойла-нып тұрды да, ақырында атына мініп, бүркітін балдағына қондырып, тіз-гінін қымтып алып:
— Ендеше, сен тез комендатураға жет, жайыңды айтып құлақтандыр. Ал біз мына Ожарға шығамыз,—деп оң жақтағы қарағайлы көк тасты нұсқады. Оспанқұлдың күткені бұл емес еді. Оның ойынша Сарымсақты жағында қалмаса, жаудың нағыз паналайтын жерІ сол жақтағы Кереге-тас. Ол өзі әрІ қиын тас, әрі Сарымсақтыға аттанған жауға нағыз түс екпе, ұрымтал биік. Қерегетас сияқты ұры қойын, жасырын далдасы көп биікті Бекбол арылтпаса, өзге кісі, қаншалық көп болса да ойдағыдай арылта алмайды. Шың мен құз бар ма, арқар жым, тас кешу бар ма, қорым, қой-тас бар ма — барлық жықпылын білетін бұл өңірдегі атаулы жерші Бек-бол ғана. Жолынан әдейі бұрылып, ат өксітіп келгенде, енді кеп Бекболдың Ожарға шығам дегені Оспанқұлға жақпады, таң қалды.
— Беке, мен сенен көмек тілей кеп едім. Ожар дегенің қалай? Атпал-дай тоғыз жылқы қолды боп отырғанда, бір күн алатын төртті-бесті түлкің-ді артық санадың ба, бұның не?—деді.
Оспанқұл — тілді жігіт. Өзі әрІ шалдығып, әрІ күйініп те тұр. Сондық-тан тез қатулау боп, таусыла сөйлеуге жақын тұр. Бекбол оның осылайша жұқарып тұрған қалпын аңғарып қатты серіппейін дедІ де, үндемей, іркі-ліп қалды. БІрақ өз байлауынан қайтқан жоқ едІ.
Осы кезде Жәнібек пен Оспанқұл да аттарына мінді. Жәнібек соңғы екі-үш күннен бері Ожарға шығуға асығулы болатын. Өйткені Керегетас-ты кешегі күнге шейін Бекбол екеуі бір жұмадай сүзіп шыққан. Бұның қол-бала бүркіті де сол таста аяқтанған еді. Алғаш шыққан үш күн бойында Қаракер де ұдайымен үш түлкі алды. Бірақтүлкі атаулы балак адырларға шығып кетті ме: әйтеуір, соңғы екі күн бойында бұлар мардымды еш нәрсе ілдіре алмай, енді не де болса Ожарға шығамыз деп байласқан еді. Бірак конезаводтың жылқысы, оны жаудың әкетуІ де оңай емес. Сонымен баға-надан үндемегенде Жәнібек іштей екі ұдай еді. ЕндІ құла төбел атты ілбіте басып, Бекболға жақындап кеп:'
— Беке, бүгін не жауға шығайық та, не аңға шығайық. ӨзімІз де екі жар болмайық, мына Оспанкұлды да екіталай қылмайық,— деді.
Оспанкұл Бекболдан гөрі мұның жауабын тәуірірек көріп едІ. Бірақ екі аңшының созалаңын жақтырмай кекете сөйлеп:
— Қайтеміз. Сендер де көп түлкі алып, колхозыңа көп кіріс кІргІземіз дейтін шығарсың. Тоғыз жылқыдан, тоғыз тышқан да болса бағалырак боп тұр ғой... ЕндІ не де болса байлау сөздерІңдІ айтыңдар!— деді.
Бекбол ендігі көп сауданы орынсыз деп біліп еді. Сондықтан келте қайырып, Оспанқұлға:
— Сен комендатураға барасың ғой? Ендеше, барысымен Александр-
95
ға айт: Бекболға Керегетасқа шық деп ем, көнбестен Ожарға кетті де. Біз бүгін күн ұзын сонда боламыз. ІзІмен қуып, індетіп отырған жауың жоқ. Қолмен қоймаған соң қайда тығылғанын кім біліпті. Сақтык үшін әр жақты қамти қараған мақұл...— деді де бұдан әрі ойланып, бөгелген жоқ. Ақырын тебініп, аттың басын Ожар жаққа бұра беріп, Жәнібекке:
— Жүр. Біз түлкі де аламыз. Бұл бетімізде бар болса жауды да шала-мыз!—деп жөней берді.
Оспанқұл да қош деместен қасқа биенің басын шұлғытып аяңдай жөне-ліп еді. Бекбол жуан торының дағдылы бүлкегіне салып, тауға қарай тар-тып берді. Оспанқұлдың дәл өз басы Бекболмен көп істес болған емес-ті. Сыр мінез де емес болатын. Бірақ, әйтеуір, «шекарадан өтем деген жау атаулының нағыз зәулісі, погранотрядка көп көмек етіп, зор еңбек сіңірген атақты колхозшы-аңшы» дегенге ғана қанық болатын. Келгенде де соны-мен келіп еді.
БІрақ қазір сөйлесіп айрылғанда, бұл ырза боп кетіп бара жатқан жоқ. Оның ойынша соңғы сөзді Бекбол жеңерақынға айтты. Қазір ол аңшылар кетіп бара жаткан бетте жау да, жылқы да жоқ. Не де болса Оспанқұл-дың ендігі сенетіні погранотряд пен өз күші. Қасқа бедеудің тізгінін біраз босатып леп берді де, сыдырта жөнелді. Жортып бара жатып кезең аса бере, ең соңғы рет аңшылар кеткен жакқа тағы бір қарады. Ішінен «кайта оралмас па екен» дегендей едІ.
Бекбол өз дегенінен айнымапты. Екі аңшы Ожардың Сарымсақты жақ сыртын бетке алып тартып барады. Қолдарындағы қос қоңыр бүркІт қыбыр етпей, жансыз заттай, түнере мелшиіп қапты.
Бұл кезде күн шығуға тақап, шығыс жақтағы көкжиек мол қызыл нұрға малынып, қып-қызыл боп көркейе бастап едІ.
Екі аңшы келе жатқан бөктер шымы тұтас бетегелі төскей болатын. Бекбол байкап келедІ. Түн, бұлтты түн боп өтсе де, жауын жаумаған екен. Шөп басында тіпті шык та жоқ. Тыкырлау алаң мен тастақ жерді басқан-да, аттарының тұяғынан шаң да шығады. Қәрі аңшы екІ рет оң жағына қадалып, Сарымсақты жаққа көз жіберіп, содан сырт айналып, арт жак-тарында қалып бара жатқан Қерегетастың да өзіне мәлім бөктері мен сайларын шолып өтті. Әлі айналада шаңыт па, тұман ба, әйтеуір, көкшіл буалдыр бар. Шөбі сарғайған дала жоталар да, жым-жырт болған биік серек тастақ та бадырайып көрінгенмен, бірыңғай көкшіл қоңырқай тар-тып тұр.
Аспан ашык. Күздің әдемі бІр шағырмақ, жайлы күні туып келеді. Біраз жүріп, тағы бір айналып қарағанда, Керегетастың азу-азу, ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесінің ілінгенін де көрді. Атқа да, адамға да жайлы бөктер желі есті. Ожардың сыртын ала жүрІп орталық сайларына жақындаған сайын, тау қойнынан шыққан түн салқыны біліне бастады.
96
Ат үстінде желіп келе жатқан қалиында екІ аңшының құлағына күзгі тьь нык, таза ауаның лебі шым-шым етіп, үздіксіз естіліп, сезілгендей.
Бекболдын. колындағы Қызылбалақ бірер рет саңғырып алды. Қәрі аңшы бұл екі ретте де қалт еткізбей, үндемей байқап келеді. Саңғыруы таза, аппак. Құсының бойы таза, дені тетік сияқты. Шақпақ тастай көк тұмсыгын көтере ұстап, тау желін түшіркене тыныс етіп, серги бастаған сияқты.
Осылайша біраз жүріп Ожардың орталык тұсымен қатарласқан кез-де, Жәнібек Бекболдын бүгінгі жүрісіне таң кала бастады. Қарт аңшы таудың өзіне қарай тура тартып, қойнауына кірудің орнына ылғи сырттан бөктерлеп жүріп, көлденең тартып келеді. Тауға ерте кіргенде бірен-саран қорымның тұсынан томаға тартып қалуға да болушы еді. Сондай белгілі ұрымтал шокылардың біразы да кейін қалды. Жәнібек:
.— Былай жүрмейміз бе?— деп бір-екі рет ескертіп те көріп еді. Бек-бол үндемей бұрынғы бетпен тарта берді.
Сонымен көз мөлшер бойынша Сарымсақтымен қатарласып өкпе тұс-тай келген уақытта ғана Бекбол үнемі төмен келе жатқан қалпын өзгертіп, снді Ожардың Қабансай деген орта сайына қарай шұғыл бұрыла жөнелді.
Жәнібек артта келе жатыр*еді. Бекболдың соңынан о да тез бұрылды. Бағанадан бергі киғаш жүрісі «Бекболдың бір ойға түсіп кеткендігінен болды-ау» деп топшылады. Тауға карай беттесімен, Бекбол торы атты тебініп калып, текітіп желе шокыраққа салды. Торы ат тегінде желіскер болмайтын. Жанібек құла төбел аттын орта желісімен келіп-ақ Бекбол-дың катарына Ілесті.
Жәнібектің ендігі көз кадағаны дәл осы келе жатқан бет алдындағы бір кішілеу қорым тас едІ. Өзінің ар жақ төріиде де, онан соң сол жақ қа-тарында да екі ұрымтал шоқы бар екен. Соның екеуінен да томаға.тарта-мыз деп келе жатыр еді. Сайдың шетіне іліне бергенде қатты жүрістен іркіліп, Бекбол аяңға салды. Ат дүбірінен аң үрікпесін деген сияқты Жәнібек те баяулап еді. Бұнын көзі қорым тастың айналасын шолуда. Зөйткенше Бекбол үй орнындай бір ақ көденің тұсына кеп, тағы да төмен сарап, атының басын іркіп калды. Азғана қадалып тұрыгқ сол көденің бар іөлемін айналып шыкты да Жәнібекке карап:
- Жә, бала, ендІ сен бері таман кел!—деді.
Жәнібек тебініп жіті бастырып келгенде, Бекбол екі-үш тұяқтың ізін .өрсетіп:
— Жаңағы ылғи ересек демеп пе еді? Мынаның ішінде бір құлын, бір ай да бар ғой...— деп бөгеліп қалды, Жәнібек те құлын мен тайдың ізін йкын көрді. Бірак көрІсімен күліп жіберіп:
— Ойбай; Беке, жоқты таптым деп тұр ма ен, тәйір! Қеше осы арада
97
өзіміздің аттар жайылған. Мынау Сымақтың құлынды биесі емес пе?— деп тағы күлді.
Бекбол жауап қатпай, дауласпай, сол іздердің сүрлеуімен ілгері қа-рай жүрді. Бірақ тағы да шымы түтас, аласа, тығыз, тарлау екен. Із жоға-лып, өшіп қалган сияқты. Бекбол осы бет алдындағы бір көделі жерге та-ман тартты. Сөйтіп желі арқан бойындай жерге барып, Жәнібекті тағы шакырып ап:
. — Кеше біздің аттарды осы арадан түс ауа қайтарып алмап па ек?— деп түрып,— ал мынау тезекті карашы, бүл кеше түстегі емес, жас тезек. Осы түн немесе осы таң шамасында түскен тезек!— деп тағы біраз ілгері жылжып барды да:
— Ал, шырақ, енді көр. Анда бір тезек болса, арты мүнда кеп түскен. ӨзІ шашыла түскен. Бүл шауып келе жатып тастаған тезек. Жайшылык-тағы, жайылыстағы жылқы бүйтпейді,— деп өз Ішіндегі бір байлауына беки бастаған сияқтанды. Жәнібек ішінен: «Жайылыстағы жылқы да бі-рін-бірі тістей теуіп қуатыны болады. Жаудың орайы Керегетас дейді ғой. Сенікі дұрыс. Бұнда қалай қарасаң да, ол жылқыны таппассың, Беке»,— деді. Бекбол сөзін қиястау пішінмен тыңдады.
Сөйткенше Бекбол тағы бір тақырлау жерге кеп қадалып тұрып:
— Ендеше, мынаған не дейсің?—деді. Жәнібектің ішіндегі күдігін сезіп, сонымен дауласқандай боп тұрып,— мынау шөптердің сынған, жапырылған түрін көр. Қатты тиген тұяқтың жапырғаны. Ана бІреу ұшып түскен тасты көрдің бе? Бүрынғы жатқан орны, шүқыры мінеки,— деп біркыдыру жерде жатқан бір іздін маңдай түсын көрсеттІ,— шапқан жылқының түяғынан ұшқан тас,— деп оны бір тұжырып қойды.
Дәл осы жерде Бекбол өзінің бағанадан бергі бақылауының қорытын-дысын жасауға айналған екен. Бұған себеп, ең зор айғағы нақ өзі отырған жерде, оң жақ үзеңгінің астын ала бір түп көде тұр екен. Соның шеткІ бір шоғы тамыр түбірімен ұшып түсіп, сойыл салымдай жердегі бір қуар-ған атқұлақтың басына ілініп қапты. Тағы да даусыз, анық нағыз шапқан жылқының аяғы ұшырып түсірген көде. Осы арадан тұрып ең алғаш тоқ-таған көдесін мөлшерлеп шолып қарап еді, оқ бойындай жерде қапты. Және түп-түзу, бірақ жолдың бойындағы белгі айғақтар сияқты. Жәнібек-ке енді біржолата жеңген пішінмен жымия қарап, салмақпен сөйлеп:
— Жайылыста жүрІп, өздігінен шапқан жылқы бүйтіп тура шаппас болар,— деді.
Бұған Жәнібек те дау айта алмады. Осыны айта салысымен Бекбол асығыс бір байлауға келгеңдей болды да:
— Ал бірақ құр Ожарға келгенін білгенмен, қайда тығылып, қай жер-ді далдалап жүргенін қайдан білеміз? Ожар — үлкен тау, Онан соң ондай неме казір тау-тастың басына қарауыл да қойып, сен екеумізді көріп те
98
отыр ғой. Ізімізге түсіп жүр ме осы немелер деп, сезіктене бастаса тағы жайлы емес-ау, ә, Жәнібсгім?— деп, Бекбол айрықша бір күйіне келгендей боп, көңілденіп күліп алып:— ендеше, бала, тек тұрмайық. Екеуіміз аңшы емеспіз бе? Сол аңшылығымызды істеп, бейбіт бола қояйық. Сөйтіп түлкі қаға отырып, жылжи барып кана жатағын шамалайық. Ұқтың ғой?— деді.
Жәнібек ұққан да, құптаған да еді.
— Ендеше, Беке, өзің мына шоқыға шыға ғой,—деп сол жақтағы оңашалау тұрған биікшені көрсетті де, өзі атын тебініп ІлгерІ қозғала бе-ріп: - Мен мына алдыңдағы қорымды қағып берейін. Тақ осында түлкі жатыр!— деді.
Бекбол макұл деген сөзін айтпастан-ақ торыны тебініп сол жаққа қа-рай өрлей жөнелді. Біраз минут өткен кезде ол биікшенің басына шығып, Қызылбалақтың томағасын да тартқан еді.
Мерзімді қыран томағасы алынысымен, көзі жайнап ашылып, қаба-ғын бір қақты да дүр-дүр сілкініп алып, Жәнібектің алдыңғы жағына қадалды. Анда-санда ердің қасын тықылдатып, ақырын ғана ысқыра түсіп, Жәнібек қорым тастың етек жағын әрлі-берлі сүзіп жүр. Бұл өңір-дің түлкісі әлі қашқылық, қуғылық көрген жоқ. Қорым тасқа түнгі жор-туылдан таң ата кеп жатқан түлкі дәл үстінен түспесе қаша да коймайды. Сондықтан Жәнібек бұл шатты арылта карап жүр.
Қызылбалақтың кызыл шегір көздері «қайдасың?»— дегендей боп бір сай бойын тінтіп, шаншылып қапты. Бекбол түлкі жайын құсы мен Жәні-бекке сенген тәрізді. Томаға тартысымен, Қызылбалақтың шыжымын алып беліне қыстырды да, озі Ожардың селдір қарағайлы тас биІктеріне көз жіберіп, жағалай карап тұрды. Әзірше бірде-бір қыбыр еткен қара құр да, өзге белгі де білінбейді. «Ожарға бекінді ме, жок өтіп кетті ме? БекІнсе, қарағайда ма, таста ма? Қөп шат құздың, көп карағайдың қайсысын таңдады екен? Ожарға Қабансаймен кеп кіргеніне қарағанда, әдейі қиын шыңдарға батып, жоғалайын деп келген ғой. Әй, кәпір, жер білетін, сырқынды сұмдар-ау. Немесе сондай жершіл басшы бар топ-ау. Осы өңірден шыққан біреу не қылса да бар-ау»,— деп түрлі қисынды жайды топшылап тұр едІ. Сөйткенше бір сәтте Жәнібек аң көргенде істейтін машығына сап, саңк етіп дауыстап қалды. Сол дауыс жетер-жет-песте, лезде Қызылбалақ та Бекболдың балдаққа салып тұрған қолын серпе теуіп жіберіп атқып жөнелді. Құр дауыспен ұшқан жок, көріп ұш-қан сияқты, етпетінен түскендей болды. Қанатты екі-уш рет шапшаң сер-меп қысып-қысып қалғанда, Ожардың басын ала өрлеп салып, кайқаң қағып биІктей берді. Ұшқаны жаңа ғана болса да талайдан қанаты жазы-лып төселіп, көсіліп ұшып келе жатқан жеңіл құстай самғай жөнелді.
Құсының биылғы түлегі талай жылдан бергі бір ойдағыдай боп өткен
7*
99
армансыз түлек сияқты еді. Осылайша «ә» десе «мә» дегендей боп, тұт-қиылдың өзінде-ақ азнай сермеп жөнелуі, құсының осы кездегі зор күйін, нағыз бабын білдіргендей болатын. Қарадай қағып жүрсе де, осы он-ақ күннің ішінде колхоз қорына отыз түлкіні бір өзі кіргізіп отырған Қызыл-балақ «күйсізбін» деп айтпаса керек. Құс керегінше биіктеп ап, енді қал-қып ұшып, бір сәтте ЖәнІбектІң алдына қарай, қиыс өте берді. Бекбол тебініп жіберіп, шоқының басынан сайға қарай түсіп келеді. ЕкІ көзін Қызылбалақтың қимыл, құбылыстарынан айырмай келе жатыр еді. Жәні-бек те лекітіп шауып барады. Түлкінің бойын Бекбол әлі көрген жоқ. Тас-тастың жотасына шықпай, далдалап зытып бара жатқан тәрізді. Қызыл-балақ ЖәнІбектен оқ бойындай өтіп барды да, тағы бір рет, соңғы рет ырғызғандай боп, төстиіп, сопаң еттІ. Өрлеп шығып алып, сол сәтінде жарқ беріп, шұғыл бұрылып төмен қарай зу етіп, құлай жөнелді. Айнитын құс емес «қолында өлемін» деп-ак құдиған сияқты. Тура тастаған тастай шаншылып кеп, қорым тастың ар жақ қабатына бір-ақ жок болды. ЖәнІ-бек те шауып барып, атынан түсіп ұмар-жұмар боп қалды.
Қызылбалақ сорғалай жөнелгенде Бекбол атын Іркіп: «Қалай түсер екен, теуіп қайта шығар ма екен, жок, бірақ айқасар ма екен?»— деп, оны да бір сын қып, бағып тұр еді. Ешбір уақытта өзінің салқын сабырынан, сергек сыншылдығынан айрылмайтын ұстамды Бекбол ғой. Осындай қан қызудың үстінде Қызылбалақты да өзінің үнемі бақылауынан босатпай-тын. Енді не' болса да болды деп ақырын ғана аяңдап отырып, қорым тастан асып түсті.
ЖәнІбек бұл кезде, өлі түлкінің тілін суырып ап, кәрінің алғыр қыра-нын кызылдатып отыр екен. Бекбол аттан түспей тұрып:
— Не болды, қалай түсіпті?— дегенде:
— Теуіп түскенде, белін сындырып жІберіптІ, мінеки,— деп жайрап жатқан қызыл тағының буктетіліп түскен белін нұсқады да,— әй, сорлы-ның дер кезі-ақ-ау дейім. Биылғы жыл тақ осылай түскенін алғаш көрге-нім осы,— дедІ.
Құсының шын бабына Бекболдың да көзі анық жеттІ.
Сөйткенше бұлардың төбе жағында биікте зу етіп, қанат, құйрығы суылдап, бір құс калқып өтіп барады екен.
ЖәнІбек бір ғана қарап қоя салып еді. Бекбол ат үстінде шалқая та-ңырқап, әлгі құсқа қадалып қалды. Жай ғана ақ бас күшіген екен.
— Бұ қайда барады, ә? Бірдемені көріп ұшқан тәрізді-ау, бұл құз-ғын!— деді.
— Көрсе, Қызылбалақтың ұшқаны мен түлкІсІн көрген де,— деп ЖәнІбек төмен қарап, түлкіні айналдырған бетінен басын да көтерген жоқ. Бекбол:
— Бізді қара тартып ұшса айналсоқтар еді. Өзі түстікке асыққандай
100
самғап ұшып барады-ау. Ожарды^ үлкен биігін мезгеп барады!— деп артқа бұрылып, тағы аспанға қарап тұрып:
— Тоқта, шырақ, мына бір көрегенітағы келеді. Бұның да беті солай. Әй, осы тегін емес! Түлкіні қоржыныңа сал да,’ тез атыңа мінші!— деп шұғыл өзгеріп, асыға бастады.
Жәнібек тегі елгезек, шапшаң жігіт болатын. Аңда жүргенде Бекбол-ға екі айтқызбаушы еді. Оп-оңай әзір болды. Сөйтіп Қызылбалақты Бек-болға әперіп, өзі де таста отырған Қаракерін алып, атына қонды. Бекбол әлі де аспанға айнала көз жіберіп тұр екен. Әзірше ұшып кеткен қара-құстар жаңағы екеуІ-ақ. Егер бұның күдігІ дұрыс болса, әлі тағы да, әр түстан да аңдау керек. Енді Бекболдың көзі Қаракерге кадалып, біраз ойланып тұрды да:
— Сен осы арада мынау қорым тасқа шық та қозғалма. Мен сонау тектұрға барып шығам,— деп сол қолымен қамшысының сабын созып, осы сайдың төріндегі биік қызыл тасты көрсетіп тұрып,— сол арадан «ұшыр» деп белгі бергенімде, Қаракерді коя берші бір. Қызылбалақ аң көрмесе ұшпайды, қыркылжың кәрі неме ғой. Қаракеріңді ұшқыш қып баулыған көп еңбегім бар еді. Өзі қызылшыл қолбала да ғой және «пүш-тектеп» шақырғыш мінезі де бар. Осының бәрі қазір бір керекке мықтап жарайтын боп тұр. Ал сен осында қал,— деп торыны қамшылап, сайды өрлеп, шоқыта жөнелді. Жәнібектің «жөн-теріс» дерлік жауабын да тос-қан жоқ.
Аздан соң атаған тектұрына барып шыкты да, Бекбол бөгелместен «ұшыр» деп қолын сермеді. Томағасын тартқаны да сол еді, Қаракер ат-қып аспанға шыға берді.
Шын шебер болсақ, тақ осы қолбаланы, өзге құстай емес, өздігімен ұшып жүріп, түлкіні өзі кағатын қып баулимыз дейтін, Бекбол. Соңғы бір жұма бойында Қаракер ұшкыш, ізденгіш болып алып еді. Рас, әзірше ол ұшудан пайда да, зиян да болатын. Аң көрінбесе, Қаракер әрі-бері ұшып жүріп, итке, балаға қарай, немесе ауыл үстіндегі бір қызыл-мызылға карай да салып кететін. Бірақ әзіргі үйренгені, әйтеуір, не десең кергімей-ді, ойнай жөнеледі. Түз құсындай ұзақ ұшатын, қанаты бекем құс боп келе жатыр еді. Жәнібек кұсын ұшырып жіберісімен аспанға қарады. Сөйтсе бағанағы екі ақ бас ұшқан бетке қарай енді шанжау-шанжау боп үш-төрт алып каралар андап келеді екен. Қаракер басында өздігімен күндегі машы-ғынша, сайларды шолып ұшып еді. Бірак тұсына анау күшігендер жет-кенде, бұ да шырқап биіктей берді. Сөйтіп ап, енді бір сәтке іркес-тіркес келе жатқан екі қарақұстың соңына түсіп елігіп ап, «шүу» деп солардың артынан салды. Шырқап жөнеп бердІ. Жәнібек бұны көргенде «құсымнан айрылдым-ау», деп қатты қынжылып, Бекболға қарай шауып еді. Бұған Бекбол түк саспапты. Әлгі аспандағы бар құстың асып кеткен бір жотасы,
101
бір соқпағы бар еді. Сол жаққа ғана көзін кадап тұр екен. Жәнібек өзінің ренішін айтып келгенде, ол жайдан ләм демей, колындағы Қызылбалақты жас жігітке ұсынып:
— Енді өзге сөзді қой. Мә, мынаны қолыңа кондырып ал,— дедІ. Жәнібек: «Қаракерден айрылдық дегені-ау. Өтеуіне беріп тұрғаны-ау есіл кәрінің!»— деп ішінен алар-алмасын білмей, дағдарып қап еді.
— Өй, тәйір, басы бүтін беріп тұрғам жоқ, ұста мынаны, — деп, бүркіт-ті жігіт қолына қондырды да:— бермеймін, бермейтінім Қаракерден ай-рылгамыз жоқ. Үндеме, бір жок бір жокты табайын деп тұр,— деп, сас-пай, насыбайын атып ап:
— Бұл жау осы Ожарға бекінген болды. Не де болса мынау жотаның арғы бетінде. Жаңағы қаракұстарды түстікке шакырып жатқан солар. Мен білсем, олар бір қиын койнауға бекініп ап, ана жалғыз құлынды со-йып жатыр. Ашқарақ немелер аңғалданып кіріскен де, күн көзіне жаркы-ратып сойған ғой,— деді.
ЖәнІбектің көңіліне бұл сөздер әбден қона бастады. Бас шұлғып қос-тай берді. Бекбол өз тұспалын баппен айтып тұрып:
— Сол кұлынды бүгін олар жер ме скен, біз жер ме екенбіз өзі?— деп мырс етіп күліп тұрып:— сен мына құсты колыңа ұстаған бетіңде қазір бөгелместен комендатураға, Александрға шап. СендердІң қайта ора-латын шамаңда, мен бірдеме қып Қаракерді ұшырып бағармын. Орайы келсе, солардың тап ортасынан ұшырармын. Жат.кан жерін көрсететін атой белгі со да. Ал енді тарт, шырағым, жолың болсын! — деді.
Жай мәлім, сөз кыска. Жәнібек: «Бірге болсын, Беке!»— деп қарт аңшыға сүйсінс карап алып, бұрыла жөнелді; тастан түсе салысымен, сы-дыртып жортып кетті. Балдағы мен шыжымы ғана бар, бүркітсіз, кәрі аңшы торы атты жай бастырып, кара кұстар аскан жотаға өрлей берді. Ьалақ таулардан өтіп, төскейдегІ қарағайға кірді. Жәнібекті жөнелткен мезгілде, күн аркан бойындай көтерілген еді. Жас жігіттің командатура-га жетіп, қайта оралатын мөлшерін күнмен межелеп алған-ды. Осы күн Ожардың батыс жак желкесіне ілінгенде, Бекбол жау жатағын тауып, өзінің уәделі белгісін беріп үлгеруге керек. Бірак Ожар — қиын тау. Аяң-нан артық жүруге аттың өкпесі кабынады. Титығы тез құриды. Не де бол-са ұрымтал, тоте жолдар тауып, жердІ ұта жүруді ойлау керек. Сондықтан да Ожардың өз биігіне қарай тура тартатын жоталарды таңдап, солардың қыр аркасын жалбылап келедІ. Қазіргі кірген қарағайы сондай жолдағы бір белдеу еді. Біраз сызды-салқын лебі бар күңгірт қарағай Ішін аралап келеді. Анда-санда сауыскан шықылыктап ұшып-конады. Оқта-текте төбе жағында кейде қалкып, кейде елбІреп ұшкан күйкентай шыкы-лыктайды. Өзгс бөтен үн жоқ.
Не кісінеп, не пьь қырған жылкы үні де естілмейді. Қаракер де шакыр-
102
майды. Сақтык, сергектікпен тын тыңдап келе жатканы болмаса, Бекбол ол үндерді Ожардың бұл бетінен ести коям деп те сенбейді.
Енді біразда торы атты аңшы қарағандан өтіп шығып, Ожардың иығы-на ілінді. Суыр бөрік, сұр тонды жалғыз жүргінші ұнсіз, жым-жырт сұр тастардың қабат-қабат шыңына кірді. Асқар сокпақтың жым-жымын аралап келеді. Тау басы өзгеше боп калғып тынған, соншалық бір үнсіз тыныштык қалпында екен. Шағырмак әдемі күз күнінде, мынау таңертенгі мезгілде, мелдір таза ауаны канша жұтсаң да канғысыздай, Бекболдың бойын катты сергітіп, ойына да үлкен кайрат, кимыл екпінін бергендей болды. Енді асығу керек. Бір үлкен жакпар тастын ыгына кеп торы атты төмен қалдырып, өзі жаяулап өрлеп, басына шықты. Ожардын арғы өңірі далиып, жайнап, ашыла қалды. Ол беті де тастан төмен бір белдеу боп біткен карағай еді. Сол қарағайдың ара-арасын, жықпыл-жыкпыл, терең-терең құз шаттар бөліп өтеді. Әр жерде карағайдан окшау-оқшау бөлініп тұрған оркаш-оркаш жақпар тастар бар екен. Бұл шаттардың қайсысын-да? Сайда ма, төскейде ме? Тасты панаяады ма, карағайға тығылды ма?» Бойын созбай, бір мұрыншақ тастың тасасын далдалап тұрған қалпында, Бекболдың ойына іздеу, зерттеу сұрақтарының талайы кеп еді. «Әлде арт-та қалмады ма екен» деп, енді теріс анык көрінген арт жактарын да шолып әтті. Биік таудын екі өңірі мен сонау алысырақтағы көкшіл торғын орна-ган егін еңбек далалары, колхоз, конезавод далалары да соншалык көр-кем, соншалық жанына жақын, қадірлі, өзінікі. Еңбегімеп ақтайтын, қырағы сергектігімен сақтайтын елкесі. ҚіршіксІз боп мөлдірей жайнаған осындай бай, бақытты әлкесінің амандық, тыныштығына дақ салушы жыртқыштар Бекболдың иегінің астында, осы өңірге тығылып отыр. Қара түннің, қаранғы істің борсықтары, күн көзінен тығылып, бұның да көзін адастырмақ, тайдырмақ. Көңілінде кажырлы, қайрат лебі бір толқып кеп:
-- Табамын жауымды. Қыркамын тілерсегіні— дегізді. Бағанадан бергі із, айгагын түгел көріп кеп енді айрылсам, Бекбол болмайын, тіпті кара бассын мені! — деп кеп атына кайта міиіп, оң жақтағы бір серек тас-тың қасына барды да. басына шығып, тағы да коп кадала қарады.
Бағанағы құстар да жок. Әлі ешбір белгі білінбей тұр. Жалғыз-ак бұл жерден Ожардын ет-бауырына жарыса кеп тірелетін екі шатқал әдемі көрінеді екен. Оны арылтып алды. Ұрымтал сайлар осы еді. Бұл жерді па-наламапты. Бергі тастарда да белгі жоқ. Тағы да атына мініп, енді алгаш шыққан тасының сол жағына өтіп шығып, тағы бір тұрғыдан карады. Бұ-дан да арылта қарап тұр. Ендігі сүзгені қарағай еді. Ені тар болса да, көл-бей созылған калың карағайдың сол жак шетінен түсіп түре қарап тұр еді. Дәл өзініи тұсына такай бергенде, бір қалын біткен шоқ карағайдың үс-тіңгі жағында болымсыз ғана бір белгі елес еткендей болды. «Шын ба, какһс көргем жок па?»— дегендей боп кәзін сүртіп ап. кайта кадалды.
103
Ьолар-болмас қана білінген көкшіл буалдыр, өзге мұнардан гөрІ қоюырак. Және қозғалған тәрізденіп ырғалып толқып, баяу ғана сейілдеді. Аспан-дап, биіктемей-ақ, көз ұшынан жоғалып жатыр. Бекболдың бір бакқан белгісі осы еді.
— Әй, түтін: Түтін-ақ осы...— деп тағы да бірталай багып тұрды. Ал-ғашқыдан айқын боп қоюланған жоқ. Бірақ бір ғана рет жоқ боп үзілді де, артынан қайта шығып, қозғалақтаған тәрізденді.
— Қисының осы-ак,— деп Бекбол көз алмай тұрып: - бәсе, өзге жер-ге, алаң ашыққа түтін салып, жүрегі мүйіз деймісің? Тас емес, қарағай-ды алуы есеп қой мұның! Жырындысын! Отты ғой сөйтіп бұтағы қалың үлкен шыршаның тақ астына жағып отырсың! Бұтақты аралап шыққанша сейіліп, тарап шығады дейсің. Және отты маздатып жақпайсың, тамызық-тап, үзбей жағуға тырысасың. Қүні бойы жатпаққа бекінгесің. Асығып, қалың мор салатын да жөнің жоқ!— дейді.
Тас арасында үн, сарын да жаңғырығып, әулеп кеткіш болады. Бірқы-дыру жылқы бар. Бірде-бірі кісінеп қойса да «мен мұндалап» тұрады ғой. Қарағайлы, қалың бұтақ арасында үн атаулы баяу да, мылқау. Бек-бол бұны да нағыз тапқыр, зершіл ақылмен талдап шықты.
— Жә, бұл Қаракер неге шакырмайды?— деп бір ойлай бастады да:— ә, оның үнін өшіру ұшін қызылдатып, жас қанға отырғызып қойды-ау! Бабын бұзды-ау...— деп, бұл жайды жүре ойлап барып шегеріп қойды да, енді асығып кеп атына мініп, ылдилап жөнелді.
Тау басында тұрып, көз мөлшермен жасаған бір межесі бар едІ. Қара-гай Ішіне кірсе де сол нобайы адастырмайды. Аз-ақ уақыттың Ішінде жау жатагының так үстінен кеп түсті. Қалың ағаш ішІ екен. Бұны олар көрді ме, жоқ па? Не де болса Бекбол енді тура бармакқа бекІнген-ді. Жай ғана келе жатып ендігі көз салғаны жаудың саны еді. Бірақ кісінің бойы көрін-бейді; жайларын аттары ғана білдіріп тұр. Қатты жүріс артынан суытып қойған аттар калмақша байлаулы екен. Қазақ ерімен ерттелген екі торы бір жерде де, бір құла мен тағы бір жирен ат бір жерде екен. Ер-тұрманы қызай, суан үлгісіне келеді. Арғы беттің ұрысы болуға лайық. Тегіс емен-дей, катқан жарау аттар болса да бүгінгі жүрІс бұларды қан сорпа қып терлеткен екен. Омырау мен сан, тілерсектері жаңа кепкен терден айғыз-айғыз боп тұр. Сақ ұрылар өзге жылқыны да жайылысқа жібермеп-ті. Азғантай аяда, ағаш бас сайын екіден, үштен байланған ноқталы құр ат, ту биелер тұр. Олардың терІ, анау мінгіш аттардан сонауғұрлым қалың. Тұтқиылдың шабуылына түсіп, сұргін көрген семіздер. Қан, жыны араласып, қызыл май боп, еріп тұрған сияқты. Қолды болған кенес малы Оспанқұлдардың адал енбегінің көркі болғандай, іріткі сәйгүліктер — кор болғаны-ақ жануарлардың!— деп Бекбол ішінен тынып келеді. Енді ок бойындай тақап та қалып еді. Қісі дегеннің әлі бойы көрінбейді.
104
— Ұйктап жатыр ма бұлар, әлде?— деп Бекбол, олай болса оят-пайын, баска есеп ойлайын, дегендей боп атының басын кішкене ірке берді.
БІрақ дәл осы сәтте, бұның бар қозғалысын бағып тұрғандай және енді өзгерісін тани қойғандай боп, тап желке жағынан бір дауыс саңқ ете түсті.
— Токта!— деді.
Бекбол бүркіттің балдағын бір қозғап қойып, саспай ғана сырт айналды.
Қараса, жаңа ғана бұл жанынан өткен, сол жактағы үлкен шырыш-тың орта тұсында бір қансыз қара сұр банды мылтық кезеп тұр екен. Қа-лың бұтақты жуан ағаштың басына шығып, бойын тасалап, Бекболды бағанадан бағып отырған күзет қарауылы осы екен. Енді бұтақтарды серпіп тасгап, бас пен омырауын көрнекке шығарып апты. Бекбол аз ғана таңырқаған нысайға мініп, көз алмай қалса да мұның түсін танымады.
-- Түс аттан!—деп, банды тағы команда берді.
— Түсейін, шырағым!—деп Бекбол жай ғана түсіп, тізгінін ердің қасына Ілді де:
— Сескенбе, азамат, сен де түс! ЕлмІсің, жаумысың,—деп сұрасаң-шы. Сиқым мынау, өзім жапа-жалғызбын. Жасанып кеп тұрған қуғыншы деймісің? Аңшымын. Құсымды жоғалтып жүрмін!— деді. Бұл сөздері сон-шалық бір жай, момын, бейбітшілік пішінімен айтылған еді.
Банды сенсе де, сенбесе де ағаш басынан секіріп түсіп, жетіп кеп аңшы қолынан торы аттың шылбырын жұлып алды да, содан әрі тіл қатпастан, аял етпестен, Бекболдың артына шыға берді де, мылтығының ұшымен аттар тұрған жақты нұсқап, бұйрық түрінде басын ғана былғаң еткізді.
Бекбол қалт етпестен бағынды да, топқа қарай тартты.
Енді байқады. Өзге үш банды да ағаштың түбінде бас бағып отыр екен. Мылтықтарын ұстай-ұстай қарсы алдынан тұра-тұра қалды. Қара-кер осында отыр. Орта тұстағы бурыл сақал ұрының тақ алдыңғы жағына қу томарға отырып ап, бір көк шандырды өлердей тартқылап отыр екен.
Бекбол тақай бердІ де, кұсынан асып, сол қартаң бандыға қарады. Тесіле қарай беріп, шұғыл өзгерді. Аң-таң болғандықтан селт етіп аңырып, тоқтап та қалды. Сол сәтте анау да таныды. Өңінде бір таңдану белгісі мен бір суық мұз кезек шарпысқандай бір сәт болды да, тез-ақ:
— Бекбол, сенбісің әй?— деді. Таныса да түрі суық, үні жат.
Бекбол бойын тез билеп алып, талайдан сағынып құштар болған жан жүйесін көргендей боп, бар ынтасымен:
— Сәтбек? Қайран Сәтбек-ай, тірІ ме едің, бар ма едің?— деді, қуан-ған тәрІзді.
Екі жақ бүйірден шыққан екі банды бұл кезде Бекболды қоршап, та-
105
қап келіп еді. Бекбол бір-бір қарап алды. Бірақ олардын. ІшІнсн көз таныс-ты ұшырата алмады.
Сәтбек Бекболға енді тақай беріп:
— Елмісің, жаумысың?— деді.
Жаңағы Бекбол пішіні жаулыктан алыс корінсе де, арылып алмақ се-кілді. БүйірдегІ екеуі мен алғаш Бекболды айдап әкелуші арттағы қара сұр үшеуі аңшыны жалма-жан тінте бастады. Жұлмалай тінтіп, қойны-конышын арылтып жатыр. Бекбол өз бойын еркімен соларға беріп, алғаш-қы Сәтбекті таныған, соған куанған калпынан өзгермеді. Көзімен қада-лып, көңілмен құлай ұмтылғаны да сол ғана сияқты.
— Елмін. Еліңмін, Сәтбек!—деді.
— Шын ба?
— Шыным!
Бандылар бұның бойын арылтып болып еді. Түк таппай серпіле бер-генде, Сәтбек те «қойыңдар» дегендей ишарат жасады. Әлпетіне қараған-да бастык өзі сиякты.
Шокша сакалына бурыл кІргені болмаса, жыл өтсе де, баяғы пысық, кунақ қалпы екен.
Бұл өңірдегі ең жырынды. алаяктың бірі еді. Тұқымы шонжар, өзі атқамінер болса да, сол кездегІ облыс әкімшілігінің басындағы бір қызмет-керге қызын беріп, сол жігіттің панасымеи бай-құлақ конфискесіне ілік-пей, ерте бой тасалап кеткен-ді. Артынан әр кезде естілетін еміс хабарлар бойынша біреулер: «Сибирьде екен» деп, тағы біреулер «Ташкент жағын-да қызмсткер боп кетіпті» десетін. Тағы біреулер «өліпті» деп те сөйлеп еді. Әр жерге із тастап, әр жотадан бір қылт етіп, көп шиырға салып жүр-ген ғой. Алғаш жок боп кеткен 29-шы жылында бір қыстың ішінде әрІ Сибирь, әрі Ташкент маңын бір-бір сүзіп шыкканы рас болатын.
Бү да бІр жагынан аңшы еді. Бекбол осы Сәтбек аулының маңындағы кедей. Өмірі Сәтбектін әкесі мен өзінің кұсын ұстаған жал ғыз атты жалшы, қарашы болатын. Құрбылас болғансып жүрсе де, Сәтбектің сұр-кия, обыр мінезінен Бекболдың өз басы мен үй іші көрген жокшылык, корлыктың өзі де ұшан-теңіз едІ. Бекболға Сәтбектің тағы бір сыры мәлім. Ол — жауырыны жерге тигенше айла жасайтын әрі сайкал, әрі өтірік-ші. Енді мынадай суық жүрісте жүргенде, одан нені болса да күту керск. Бекболдың ендІгі халі зор қауіпте. Талайдан көрген қатты қысталаңның бірі осы еді. Не де болса бұрынғы Бекбол боп көрінуден баска айла жоқ. Сәтбек бұны барлап бағып, шалар жерІн аңдығандай торып қарайды.
— Дегенің шын болса, бері жүр!— - деп от басына әкеліп отыргызды. ӨзІ кара бақырдың астына тамызықтап қана от жаға бастады. Бекбол-дың келуінен бұрын, бағанағы айламен жағылған от осының өзі жағын отырған ',т екен.
106
Ендігі жедел сұраған сұрағының бірі:
— Аңшы нешеу едің? Жолдасың кім? Ол кайда?— деді.
— Жолдасым жоқ, жапа-жалғызбын. Құсымнан айрылып қалғаным да сол ғой. Болмаса кағушының алдынан қашқан аңға қол жіберіл қана колма-кол алып отырмас па ем! — деді Бекбол.
Бұған сенер-сенбес боп Сәтбек Қаракерді нұскап:
— Мынау балапан, көрінген қызылға қабатын, жаман колбала ғой. Сен ұстаған құс осындай болушы ма еді? Кісінің құсы емес пе?—деді.
Қадала бағып отыр, ұстар жері осы. Бірақ Бекбол саспастан мырс беріп күлді де:
— Танисың-ау, Сәтбек! Дегенін рас. Бір бала жігіттің бұзылған кұсы екен. Түзеп алғанымызша сол боп жүр,— деді.
Сәтбек үндемей қалды. Бірак көзінің астымен ылғи бағып қарап отыр. Бұл кезде Бекболға алғаш кездескен асау қара сұр да әр алуан сұрактар бере бастап еді. Оған біраздан соң. өзге екі банды да қосылды.
Бұлардың сұрағаны: «Қуған бар ма, іздеген жокшы бар ма? Қеше кештен бері кімді кәрдің?»— деген сияқты дәл қазір, әздеріне керекті ха-барлар болатын. Бекбол құсынан басқа тұк білмейтін, түк көрмеген мо-мын, меңіреу гана шал болды. Бұл пішіні Сәтбекке тағы бір сезік бітір-гендей боп, қайта қадалып:
— Жә, ел екенің шын болса, бізге ересің. Бұған не дейсің? - деді. — Е, бәсе!
— Иә, иә, кәне, осыған не дейсің?— деп өзгелер де төне түсті.
Бекбол шынымен бейіл беріп, бекінгендей болып, Сәтбекке қарап, шарт жүгініп алып:
— Ей, Сәтбек, Екі сөзге келмей, ердім десем, сөзімді жалған дер едің. Бірак сен түс шаймай, баяғы Бекбол де де. бәяғы Сәтбек боп бел шеш. Не саудасы бар?— деді.
Осыған келгенде Сәтбек қайта жауап катпастан өз жолдастарына карап, шетке қарай ым кақты. Төрт банды үндемей тұрып барып, аттар-дың ар жағына шығып, аз ғана кеңесе қалды. Бекбол ол жерден де, Сәтбек көзінің бағып тұрғанын сезіп, секем алдырмас үшін, кыбыр етпеді.
Соиымен аз ғана уакыт өткенде, бандылар екі ұдай боп даурығып, егесе сөйлесія, кайта жүрді. Алғашқы қара сұр Сәтбекпен шындап ұрсы-сып, омыраулап келе жаткан сияқты. Өзге екі ұры да осыған бейім. Сәтбек жаліыз қалған сияқты. Аналар келді де, Бекболға тап берді. Орнынан тұрғанша, ес жиғызбастан кеп міне түсіп, қара сұр банды сары пышақты жар^ еткізді. Өзге екеуі Бекболдың аяк-қолын баса қалды. Пышакты ке-ңірдегіне такап кеп, енді ора берін еді, сол кезде Сәтбек кеп қара сұрдың білегінен жармаса түсті.
107
— Әй, жігіттер, мен десеңдер, өлтірмеңдер! Заманым бір құрбым еді. Ең болмаса тілге келтіріңдер!— деді.
Бекбол бұның өзі жасаған бір қыр екенін түсінен сезді де, үндемедІ. Артын тоспақ болды.
— Не тіл? Не қылған тіл?—дел бұның үстіндегІ ұрылар арс-арс етіп еді.
— Ей* болмаса бұл бақырдан бірдеме тіле де, соны орындамаса өл-тірші!—дедІ Сәтбек. Жасаған айласының тетігІ осы арада екен. Бекбол өздері айтсын деп тағы да үндемеді.
— Ендеше: «Не көрсем бірге көрдім, өлсем бірге өлдім. Ердім!»— десін бұл шалың. Әйтпесе бауыздап кеткеннен басқа жолым жоқ. Қылыш үстінде серт жоқ...— деп, қара сұр Бекболды тағы бір рет тізерлеп жіберді. Бекболда қорқыныштан белгІ жоқ, ішін кернеген ыза едІ. Сәтбектің баяғы әлсіз, правосыз кедейді алдап, аунатып жеудегі сұм-сұрқия әдісі. Қуарған қанқұйлы. Маған жалыныш сөздерді айтқызбақсың ғой, сонымен өзіңе қорғалатып, өзің айырып алған кісі болмақсың. Тағы да «қарыздар» кісі қып алмақсың ғой деп, ішінен бұрынғы барлық көрген жауыздықтарды тегіс есіне түсіргендей болды. Намыс пен ашуға қатты бекініп ап еді. Жау-лары қанша тосса да, бұдан үн шықпады. Сәтбек соған ашуланып кеп:
— Өй, өзің тілің бар ма? Неге үндемейсің? Мен саған болысып жанды ортаға сап тұрғам жок па?— дедІ.
Бекбол қатты ашулы пішінмен:
— Ал, әрмен, ендеше, мынауыңды үстімнен!—деп бұлқынып қалды. Қоқан-лоқымен отырған ұрыларды Сәтбек оп-оңай тұрғызып жіберген болды. Мазақ пен қорлыктың олақ ойыны. Бірак айла қып бөгей бермесе тағы болмайды.
Бекбол босаған соң, Сәтбек:
— Жә, сенің басыңа мен кепіл болайын. Жалғыз-ақ бізге ер де, бүгін түнде есебін тауып, бой көрсетпей мына малды жолдағы отрядтан алып өтіс. Ары өткен соң міндетің менің мойнымда. Баяғы Бекбол, Сәтбек бола-мыз. Қөндің бе? Болмаса мына тұрғандардың сені бауыздайтыны шын!— деді. Сәтбектің алғаш шешілгені осы еді.
Бекбол үндемей, саспай құр ғана тосып отырып, барды айтқызып алды.
Енді көп сауданың орны жоқ. Қүнді байқап еді, Ожардың желкесІне карай құдиып қапты.
— Ей, Сәтбек, ей, жігіттер' - деп, Бекбол оңдалып, бойын түзеп алды да,— сол дегенің деген-ақ. Сөз бітті, болды. Пісір мынау етіңдІ, жейік те, атқа қонайық. Өзімнің де ойлағаным осы болатын. Не мыжитыны бар, тек жолымыз болсын,— дедІ.
108
Ұрылардың бұған деген шырайы енді өзгере берді. Сәтбек тағы бір шүйлеу үшІн:
— Бәрібір енді колға түссең, шекарада бізбен түсесің. Ондағы өлім-нен сен де құтылып жатқан жоқсың. Солай емес пе!— деді.
— Уай, енді сөзді доғаршы, жаным! Қолға түспейміз. Аман өтеміз. Болды!— деп, Бекбол енді тіпті аналардан аса сөйледі.
Осыдан соңғы сөздері Сәтбек пен Бекболдың жай сұраскан бейбіт-шілік сөздері еді. Ет пісті. Енді соны түсіріп жеуге асығысып еді.
Бекбол дәл етке отырар алдында Қаракерді қолына қондырып, күнді тағы бір болжады да:
— Ал тез жеп алайык та, қазір атқа конып иек артпа, кіре беріс тас-тың біріне жетіп алайық. Болыңдар!— деді. Өзі асыққан сияқты.
Бандылар аңшыныңбұл ақылын мақұл көрген еді. Күн ұзын бір жерде жатуды олар лайық демейтін. «Жөн» дескен ажарларын байқаған соң Бекбол енді құсын көтеріңкіреп тұрып:
— Жә, туып-өскен жер-суға Сәтбек екеумізден қалған бір белгі сен бол. Балақ бауыңды да алмаймын. Бар, жануар, қош бол!— деп Қаракер-ді әуелете лақтырып жіберді.
Алдында жем тартып алған неме ұшпай жүре ме деп қатты қауіп қып тұр еді. Бірақ Қаракер аңшының көп тәрбиесін ақтағандай болды. Атқып ұшып, биіктей берді. Ойнай ұшқан сияқты, айналып жүріп биіктеп барады. Құсты кимағандай қарап тұрып-тұрып, ақырында Бекбол от басына кел-дІ. О да етке отырды. Мол асылған семіз құлынның етін өзгелер капыл-құпыл жұлып, жұтып жатыр екен. Табақ жоқ, бір кір орамалдың үстіне үйіп салған бусанған етке, от жак шетінен кеп Бекбол да араласты. Бақыр отта екен. Бірақ от өшуге жақындап капты. Етті қамти отырып:
— Сорпа суып қалмасыншы!— деді де бағанадан ескеріп қойған бір уыс жапырақ пен ку шөпті шала шоқтың үстІне тастай беріп, үрлеп-үрлеп жіберді.
— Үй, үрме-ей! Өй, оның не? - деп Сәтбек біраз омыраулап еді.
— Ей, қайтедІ? Сорпа суымасын!— деді, қаннен-қаперсіз пішінмен ет-ке колын сала берді. Атылған мылтық түтініндей болған бір шуда, айкын көк түтін, шоқ қарағайдың үстінен бұрқ етіп көрініп қап еді.
Осы етті мейлінше жеп, енді артын бітіре берген кезде, анадай жерде қалмақша байлаулы тұрған екі торы аттың құлағы қатарьгнан елең ете түсті.
— Әй, мынау не көрді?— дей сала Сәтбек сол жағындағы мылтығына тап беріп еді. Өзгелер де дүрк беріп, қаруларын шап-шап ұстай алысты.
— Қап, күзет те коймай!— деп Бекбол да өкіне берді. «Енді келер пәле жок. Маңайда кұнан шаптырымнан беріде тірі тышқан жоқ» дегенді ай-тып, бәрін бейбіт қып қойған өзІ еді.
109
Бандылар әр ағаштың түбіне тарай жүгіре берді. Сәтбек атқа жақын бір ағашқа қарай ұмтылып еді. Бекбол соның соңынан жүгірген. Бұлар-дан жиырма қадамдай жерге шыға бере-ақ қара сұр банды мылтықты басып қалды. Анык-ақ қуғыншы жетіпті. Сәтбек пен Бекбол ешкімнің қа-расын көрген жоқ еді. Мылтық үніне жалт карай бергенде, екеуі де лезде қарсы атылған мылтық үнІн есІттІ. Сол сәтте қара сұр банды шалқасынан ұшып түсті. Қазақша, орысша қатар айтылған бүйрық команда да естілді:
— Сдавайся’
— Таста каруыңды!— деп барлық айналадағы қарағайлар әмір еткен сияқты. Жолдасының құлағанын көре салысымен Сәтбек Бекболға қарап аузын ақситып, мылтыгының құлағын қайыра беріп:
— Ал өлесің, бәлем! Жастығым...— дей бергенде, Бекбол ақырып:
— Таста каруыңды!— деп секіріп ұмтылып кеп, мылтығынан да ұста-ды, тізеден де теуіп жіберді... ЕскІ дұшпаны, жырынды бандымен шаппа-шап алыса түсті. Бірақ бір айналуға келместен-ақ жау бұраң етіп Бекбол-дың астына барып бұрк ете тұсті. Бекбол өзі әлі оншалық жыға қоярлық қнмылды істемеген сияқты едІ. Сөйтсе Сәтбектің артынан кеп жұлкып бүктеп түскен Александр екен. Бекболдың талай жылғы досы, талай қыс-талаңда қатар жүріп бірге сынасқан, сеніскен досы — Александр. Комен-данттың өзі. Айналаны қоршап алып, баспа қып тұрғанда Александрдың ең алдымен ойлағаны Бекбол еді. Қысылған банды Бекболды зақым қып кете ме деп сескеніп еді. Дәл аттардың касына жеткенше атака жасама-ғаны сол болатын.
Бір банды өлді де, үш банды тұтқын болды. Оспанқұл, Жәнібек және барлық кызыл әскерлер байлаулы жылқыларға беттеді.
Бекбол Александрды құшақтап Сәтбекке алып кеп, қашқын шонжар-дың көзіне нүсқап тұрып, әуелі қазақша:
— Мынау Сәтбек! Мен туған жылы бірге туып, совет орнағанша, сақалымның ағына шейін мойныма мініп, қанымды сорып келген борсы-ғым еді. Сәтбек атын менен көп естімеп пе ең?— деді.
— Көп естігем. Жақсы білем!—деді Александр.
— Ендеше, сол Сәтбек осы!— деп, Бекбол Александрдың өзіне бұрыл-ды да, қуана күліп, енді орысша таза сөйлеп қоя беріп:
— Осымен нешінші қашқынды ұстасып тұрмын, Александр?—дедІ. Александр Бекболды қолтығынан алып оңашарак бұра беріп:
— Ну, Бекбол, құтты болсын! Бұл — сен ұстаған он тоғызыншы нару-шитель!— деп кәрі аңшы досының колын қатты кысып, ұзақ сілікті.
Арада бірнеше жыл өтті. Тағы да октябрьдің әдемі бір шағырмақ, мөлдір күні еді. Көлемі үлкен, бай колхоздың ылғи жаңа, таза үйлері әрі көңілді, көрнекті, әрі тыңқиған тоқ пішІнде. Осы колхоздың тап орта тұсын-да қызыл темір шатыры бар әдемі үлкен бір үй тұр. Бұл — біздІң Бекбол-
і ю
дың үйі. Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесІнде баяғы досы Александрмен бірге отыр.
Тәжірибелі карттыңсоңғы Жылдардағы еңбегі бүрынғысынан да арт-кан. Қазіргі еңбек тізімі Сәтбекті ұстаған он тоғызыншы уақиғадан сона-ғұрлым молайған. Бұл кунде Бекбол — ардакты, орденді колхозшы. Өзі ғана емес, казірде ЖәнібектІ де дәл өзіндей көреген, алғыр, жас кыран кып баулып алып еді.
Ана босағада тұрған Қызылбалақ та тұғырдан тайған жок. Жыл сайын, күздің екі айының ішінде «Октябрь» колхозының қорына 130—150 түлкіні кіргізуден о да айныған емес. Отан жауына қарсы жанын сала кнмылдайтын саналы кәрі қыран Бекбол болса, мал табар қайтпас қыран Қызылбалақ. Екі серік әлі қажыдық, тоқырадық дейтін емес. Қайта қазір ең ажарлы, ең әдемІ күйіне келген сияқты.
Соның ең бірінші белгісі Бекболдың өзінде. Ол соңғы екі жыл бойында зер салып, Александрдың дегенін істеп жүріп, орысша хат танып қалған еді. Бұрын тілге жүйрік болса, енді өздігімен газет, кітап оқитын да боп алған. Сонымен бүгін Александрды әдейілеп қонаққа шақырып, бір қым-бат кітаптан кейбір түсінбей қалған жерлерін сұрастырып отыр. Екеуі-нің ортасында қолдан-қолға ауысып отырған жұқалау сұр кітапшаның сыртында алтын жазу бар. Ол - Қазақ ССР-нің Конституциясы.
Жүз он бірінші статьяның тұсында Бекболдың бір белгісі бар. Соған үңіліп отырып: «Отанын қорғау — СССР азаматының касиетті міндеті»,— деп бірнеше рет айтып шықты.
Бекбол Аленсандрмен бірге конституцияны да, сайлау заңын да мық-тап талкылап, ұғынып шықпаққа сөз байлаған. Екі дос та бұны әсіресе ұлы, зор міндет деп біліседі.
1937
ШЫҢҒЫСТАУ
I
Базар хикаяшыл, тіпті қиялшыл қарт болатын. Қазір мына касында отырған баласы Медеттің кішкене күнінде Базар айтпаған ертегі, хикая қалған жок шығар. Ол әңгімелер ішінде кезеген ерге кездескен ат басындай алтын қандай көп еді. Ғашықтык сағымына бой ұрған сұлу жас жІгІттің алдынан қашатын басы алтын, арты күміс киіктер Қан-шалық еді. Тылсым есік, тас қамаудың ар жағынан, жер астынан табы-латын, дүр гауһардын ортасында отырған сүлу перизат шаһзадалар — бәр-бәрі мол еді. Жүрген аяққа жөргем ілінгендей боп ерпібеген ер әлгі сұлуды алып, қазьша күреп қайтатын. Қім біледі, әлде, тіпті бүгін инже-нер-геолог болып кен іздеп жүрген Медеттің осындайлық алтын байлық іздегіш болуына сол бала шақта, әкесінен естіген қиялдык сұлу әңгіме-аңыздар себепші де болған болар. Бірақ бұл күнде ешкімнің ойында жоқ. Әке мен баланың көріспегеніне тоғыз жыл болыпты.
Жас оқымысты, инженер Медет өзінің оқу, өсу жолында әкесін ұмытқан жоқ-ты.
Өйткені Медеттің білгені мен көргенінің' бәрі Базармен дауласып, оған қайшы кеп, оны жеңіп, тонап отырды. ӘкесІ Ескендір Зұлқарнайын-ды мұсылман деушІ еді. Ескі ІОнан тарихы оны бекер деді. Жерді көтеріп тұрған көк өгІздІ Коперник жок етті. Қазақтың түбі Мұхамед пайғамбар-дың сахабасы Ғақашадан тарайды деп едІ. Оны монғол-түрік тарихы теріс етті. Дүниенің шеті Каф тауы, ол диюлар, перілер мекен еткен жер десе, дәл сол Қаф — Қавказ тауларында экспедицияда жүріп, Медет өзі үйле-ніп те қайтқан.
Химияны ет пісіруден білген, астрономияны космогония ертегісінен білген, тарихты лақаптан, ата санаудан білген, есеп ғылымын қой санынан білген сияқты әлсіздікті Медет көп аяған еді.
Әкесіне қазіргі бір тартымды, шолақ әңгімеде де осы өңірді сондай мүмкіндігі ашылмаған жас өлке деген. Өзінің желілі ойларының бір ұшыгын ғана шығарған-ды. Бірак баласының бұл өңірді кішірейтіп сөйлегенін Базар ұнатпады. Бұлар дөң басында отыр еді. Әңгімелері үйлеспегендіктен, орындарынан тұрып, қыстауға қарай аяңдады. Базар-дың аласа ескі қыстауының кос мұржасынан кешкі түтін будақтап тұр.
Баласымен дауласып келе жатып, Базар осы таудағы колхозшы, шопандарға, аудан қызметкеріне айтып жүретін желілі әңгімесінің біріне түсті.
— Дүниеде даңқы шықпаған, жас деген немене сөз? Білмегеннің сөзі. Болмаса дәл осы өңір қадымнан мәлім,— дейді. ӘкесІнің «Қадымнан»
112
деген сөзінің тұсында Медеттің ойы катар жарысты. Іштей жарысады,— Кадым!.. Қадым деген адам есіне әлдеқандай сскілік көрінгенмен, ғеологияға айткызсаң, сүт пГсірім еселті дейді... Базар сөйлеп келеді...
--- Тау аты — Шыңғыс... Бұны атам заманнан атакты Шыңғыс хан мехсп еткен... Биігішң аты — Хан. Ол тіпті өз қыстауының желкесінде тұр. Сонау көк тау ~ Орда... Шыңғыстың ордасын тіккен жері... Мінеки, аудан тұрған тау аты — Қарауыл. Қолбасы батырлары, нояндарының жортуылға шығатын бнігі... Жас бола ма осындай дұпие?—деп Базар дауласып келеді.
Медет дауласкан жок. Әкесінің хикая дауында аса қыңыр екенін білсді.
П
Базар сөйлеп келеді...
•Жайман. Сыбанмен Тобықты алысатын бөктер де д;«л осы бөктер... О да қадым заманда болган. жастыгы кайсы?..»— деп келеді.
Медеттін ойы тағы да өз желісімен тарихи геологияпы бойлап ке.іеді Бір Шыңғые емес, тіпті Сібірдің барлық тауы өзінше жас таулар дейді Геолопіяның соңғы пікірі рас, третичний дәуірдс казак сахарасының Ұлытау, Қөкшетау, Мыржык, Дегелеу сиякты таулары бар... Бірақ соған тіркес дәуірде СІбір тауының кәбінің бітімі қайта бұзылып, бертінгс шейін әзгере келген. Мысалы, шығысқа карай басса Манырақ, Тарбағатай, Сауыр, Алтай, одан ары Саян, Стаиовой таулары, мынау жақын екпс тұс-іағы Қалба тауы — - бәрі де сол белгіні білдіреді.
Мсдет ойы тек осы Шыңгыс жайында біраз басқарақ, екІ ұдайлау. Семей қаласының меридиэнынан оңтүстікке қарай тартса, сонын батыс жағындағы таулардың қалыптануы ертерек токтаған,— дейді тарихи геология, әлде Шыңгыс сол қатардыи тауы болар...
Міне, ескілік иен жастық женінде әке мен баланың дауы осындай екі салада жатыр еді. Медет оны білдірген жок. Тек кыстауга қарай келе жатып, әкесін үндемей тыңдайды да, колынан тастамайтын асыл балғасымен әр тасты бір алып ұрып сыидырып, жеке сыныктарға бір рет үңіле түсіп, қайта лактырып тастайды. Базар өз дәлелін гағы айтып келеді.
-- Жердін жаманы жоқ, тек көркейтетін ер тусын,— деп бір қояды. Онысын Медет те орынды сөз көреді.
- Жерім жаман деген жоқ... Жері жаман болғандықтан, енері басы-лып қалған жоқ кешегі Абайдай асылдың. Ол да осы өлкеде туып, осы бнктсрде тірлік еткен алпыс жасына дейін. Анау Ордада құс салатын.

113
Дәл осы бөктерде Тогжан деген СүйІндік қызымен ғашық отын тарткан. Қандай әсем жыр қалдырып, өлеңіне көрік берген...— деп бір кетті.
Медет бұл әңгіменІ ілтипатпен тыңдады. ҚешкІ күннің сәулелі биік басын алтындап, жарқын, әсем рең берген алыс Орда көңіліне өзгеше ыстық, жақын көрінеді. Тек қана ескісімен, әсем естегісімен ғана тірлік етпей, жер санатына қосылып, жаңғырса етті осы тұманды сұлу көкшіл тау.
Әкесі сөйлеп келеді. Әсіресе, қорытқан сөзі дөп тиерлік сәз еді: — ҮмІтпен ұл өсіріп, құрметпен қыз жетілдіріп жатырмыз. Қайта соны ақтаңдар... Өзің ғана болдым демей, жеріңді де, ағайыныңды да көркейт, үмітін ақта... Туған өлкеңе өнеріңді әкел, түге,— деді. Бұл тұста Медеттің осы тауларды көптен кезіп жүрген максұты мен әке пікірі бір сағаға құйғандай болды. Бәсе, бәрінен де сол арман. Медеттің мынау кундерінде бұл өңірден өтетін талабы да сол. Әрине, өзіне алатын міндеті де осы да. Жері мен ауданын Отан білер. барлық совет халқы суйер өлке болса екен дейді. Сондай болып сүйгізу үшін мынау ұлы соғыс, Отан соғысының керегіне керек-жарағын, жабдығын, казынасын қоссын Ордалар мен Шыңғыстар.
Бұл кезде екеуі кораның тау жақ бұрышына айналып келе жатыр еді. Үнсіз Медет кораның бұрышына кадала қарап, тоқтаңқырап қалып, бір кезде дәл бұрышка тақап келіп, балғасын көтерді. Базар да бұған шіни.ісоқтап, тоқтап кап еді. Медет кой кораның бұрышына қаланған бір улксп ақ тасты балғасымен соққылай бастады. Базар қораның тасын сын.іырғанды жақтырмады. Қораның қабырғасын бүлдіресің ғой деп токтатпак боп еді, сөйткенше болмады, жоғарырак қаланған бір тасты Медет сындырып жіберіпті. Сынып түскен үлкен ақ тасты бөліп алып, уңіле карап, басында аңырып қайран боп, артынан тағы тесіле қарап алып, куанып жымия бастады.
Базар қорасын аяп, құймаға залал келді-ау деп тақап келіп еді.
Медет қолындағы бөлек тасты жерге қойып, тағы төменірек жерге, қаланған Ірге тастың бір кесегін ұрғылай бастады. Оны бұрынғыдай емес, тіпті катты ұрады. Асығыс соғып жатыр. Шал енді ескі корасын бүлдіріп жаткан баласына ыза болды.
— Қой енді! Өшің бардай бұ не?~ деп баласының қолына жармаса бастап еді.
— Токтаңыз, әке... Былай тұрыңыз... Мән бар!— деп Медет құлшына соққылап, улкен ақ тасты тағы қақ бөлді. Бұл кезде ескі қораның жоғарғы қалауы қолсып, қатар тастар жіктеуІ босап, аралары ашылды. Ескі былжыр топырақ боп угітіліп, саулап төгіліп жатыр.
— Ойбай-ау, бунын не? Бүлдірдің ғой, жаным-ау,— деп Базар ұрысарманға тақады. Мынау үлкен тасты тағы да бөліп құлатып түсіріп
114
алған Медет енді жерге тізерлеп отырып, біржолата қадалып жатты. Ашуынан да таңдануы басылмаған Базар енді кеп баласы қадалған тасқа үңілдІ. Ақ тастың қалың ортасынан тартылған бір сарғыш жалпақ қисық сызык бар... Түсі тас сияқты емес, мыс, жез сияқтанып жарқырай сарғаяды.
- Бәтір-ау, мынаның түрі калай?- дей бсріп сді. Мсдет тасты құшақтап кысып, кеудесіне шейін көтеріп, қадалып көз алмай тұрып:
— Тоқтаңыз!..— деп барды да, бір сәттех күліп, әкесіне бұрылып жарқырай қарады:
— Мынау кой қораның тасында алтын жатыр, әке... Алтын!.. Ойлап па ең?.. СезІп пе ең?.. Алтын!— деді.
Базар аңқиып аңырған бойында аузын аша беріп, екі санын салп еткізіп ұрды да, үнсіз келіп, өңІ сұрланып барып, қара корданың үстіне жалп етіп отыра кетті.
— Қарағым-ау, не дейсін?.. Медет жаным-ау, не дейсің?— деуге ғана дәрмені келді...
Қөзіне моншактай жас оралыпты... Медет тастың сынықтарын ала сала асыгып атқа мініп, жақын жердегі жолдастарына, огрядіне қарай шапты.
Базардың жөн сұрап, бірдемелерді ұғынуга мұршасы да келмеді. Тек білгені осы кораның іргесіне, құймасына қаланған ак тастың бәрі де тегін емес, осіл тастардың кай арадан алынғанын әкесі жақсылап ойланып есіне түсірсін. Отряд келеді. Ертең осы қораның маңын зерттеуге алады, — деген үзік, шолак сөздер болатын.
Қорасының тасы кайдан алынғанын білмейтін Базар ма?
Медет отрядтағы жолдастарымен бірге түн бойы тастың нәрін айыру-мен болды. Күмәнсіз, анык. Базардың қой қорасына қаланған ақ шақпақ тас «желілі» алтын шеккен тас боп шықты. Және ең кымбат қасиетті: ал-тын проценті бұл желіде аз емес, мол, аса мол жатқан болды.
Тек енді көп пе екен осы тастың катысы... Өндіріс ошағын орнатуға татитын запас мол ма? Ертең колға алатын сол жайы... Бағана баяу. сыр-дан Медетті енді танып болмастай еді... Түн бойы ұйқтаған жоқ. Таңды атыра алмай, қоңыр күздің жарык айлы түнінде ұйқылы сар қабақта жал-ғыз өзі арлы-берлі кезіп жүр.
Бала шағында тайға шапқан, бұзау қуған, қозы қайырған бөктері мынау жұлдызы қалың түнде анандан қалғып, түнерген қалың таулармен, сонау ұзақка шалкып кетіп жатқан сар селеулі өлкесімен қазір өзгеше ысгьіқ, соншалық жақын секілдІ... Мейір қойнын ашқан анадай... сағын-дырған салқын қоңыр түн осы... Сағымданып тұрған қиял мекеніндей.
Жалғыз бөктерінің ақырын ескен қоңыр желі де жақсылық лебін үздіксіз үміттей майдалап, сергітіп соққан сияқты.
> *
115
Дүниеге сыры ашылмаган, берерін бермеген үнсіз мылқау алып Шыңғыс тауы, қазір мынау ай астында жеңіл көкшіл тұманға оранып тұрып, мырза сенімін бергендей... Медет қғялы әке қиялынан ары болмаса, бері емес екен. БІрде қиялшыл, бірде сергек, зерек ойы көп жайларды шарлайды. Сонау жауыздық пен игілік майдандасқан қан кешуде Қазак-стан ұлдары алысып жатыр. Қазақстан фронтқа азық, киім жөнелтіп жатыр... Жас республиканың барлық саналы, қайратты тіршілігі Ұлы Отанның керегіне, көмегіне жарасам деп анталап, таласа бңрып жатыр... Аймағы үлкен Қазақстанның Алтайы, Жезқазғаны, Балқашы, Қараған-дысы, Қосшағылы буырқана бұлқынып, асығыс қарқынмен асыл бұйым-дарын аттандырып жатыр, Отан үшін.
Осы ойларының арасында Медет:
— Шыңғыс... біздің алып Шыңғыс ше? Жер иесі еріңді, жер үстін-дегі малыңды беріп қоймай, кенерең де тебіренсе, не етер еді? Сең де Отан мұқтаж болған мол қазына атсаң не етер едІ деп жүрген... Жауға атылған он оқтың сегізін Қазақстан жері береді екен. Сол сөреден сен қалсаң жөн бе, Шыңғыс!—дейгін... Әлі де... Бүгін мына тунде де соны айтады...
Талай қайырып айтады. Тек күндегідей емес, бүгін бір үлкен үмІтпен сенімді, қиялшыл үмітпен айтады..
Ұйқысыз алағызған көңіліне алтын кеннің дүние жүзіндегі даңқты-лары елестейдІ. Әлемде әйгілі Франция, Америка қазбаларын, Англияның империясы қазынасын байытқан Клондайк, Колорадо, атақты құт қазына-сы Родезия — бәр-бәрінің қатарына Шыңғыс... Шыңғыс аты тізілсе... Шыңғыс сыйы Одақ, Отан сүйіп атарлық сый боп танылса...
Ертеңгі қиял әнгімесін жетпіс жасқа жеткенше өмірлік қуаты етіп өткен Базар шалдың алақандай жері танытса. Ат басындай алтын іздеген-дерді ердің ері деп баласын жетілткен Базар шалдың, колхозшы Базардың баласы тапқан болса...
Қиялдың ұшы-қиыры жоқ едІ...
Осыған орай, Хан биігінің бәктерінде Базар шалдың қорасы да бұл түн тыным көрген жоқ...
Қарашоқы колхозының қой фермасын басқаратын Базар қарт бағана Медетпен айрылысымен, ес жиысымен, ферманың барлық шопандарына, барлық әйел-еркек, көрші-қолаң достарына, тіптІ бар осы жердегі бала-бауыр бәріне алтын жайын сүйІншІ деп мәлім еткен. Содан бері кеш бойы Базар қорасымен көршілес қыстаудың барлығында да әңгіме, лаулаған қуаныш, үздіксіз күлкІ еді. Базар өзі де Медетке ұсап қораның бірнеше ақ тасын шопандар көзінше сындырып қараған. Содан бері жұрттың аузындағы ақ тас... Қолдарының жабысқаны да сол. Көздері де әрбір жаңа кезекті Базар ертегісінен туып, осы араға жиыла келіп, жымлай
116
бог: шөккен алтындар «біз-біз»—деп шыға-шыға келетіндей карайды. Базардың ерте күннеп коршісі, туысы боп кеткен Көшпесбай деген жиені бар еді... Ол тіпті бүгін осы алтынның буына масайған сияқты. Құдык басына барып бІр кайгып:
— Ойбай, біздің глсты қүдықтың да бәрі алтын! — деп келді. Осы қораның ауыз су алатын қүдығы да тастан құйылған. Көшпесбай ерікті зерттеуші болып, ымырт жабылғанда сол құдықтың Ішіне қиялап түсіп, бар үлкен тасты санап шығыпты. БәрІ де ақ тастан қиыстырылған. Қыс-тыгүні құдықтың бетін бастырып коятын жалпақ ақ тас бар еді. Бүгін Көш-песбай қуанғаннап соны талкан етіп көп сынығын алып кепті... Базар екеуі үзақ даурықтын артынан кешкі асқа үйге кіргенде, казандык алдын-дағы жазығы жоқ жалпак сүр тасты да талқан етті... Қорадан шыққан алтынды жалғыз бұлар емес, қатын-қалаш, бала-шаға да енді үй мен тас-тың бәрінен іздей бастаған. Базардың бар әңгімесін өзіндей үқкан ертек-шІ жас шопан Сандықбай да бір кезде лепіріп, қуанып келді. Қолына екі үлкен күйелі тасты көтеріп, сұр шекпенін кап-кара ғып былғап апты...
— Оны айтасың, бар, қара... мынаны қара!— деп қып-қызыл боп кү-ліп куанып кеп, екі тасты жаңағы екІ шалдың алдына тартқан табактай қып әкеп койды. .
— Уә, бу қай тас?!
— Күйелі тас қой!— дескен үлкердерге, Сандықбай:
— Ойбай-ау, біздің ошактың бұтына қойған тас қой. Осы екеш осы да алтын... Міне,— деп, Медет әкесіне көрсеткен сызықты о да дәл тауып нұсқап отыр.
Ертекші, әңгімеші колхозшылардың да бүгінгі киялы шалқығандай серпіседі.
— Айтам гой... Осы фермада жарықтықтың төлІ сондай өсуші еді. Қойы қандай семіз келеді.
— Алабөтен ғой...— деп Қөшпесбай мақтана бастады...
Үй Іші:
— Ал енді бөсті,— десіп, келекеге ауысайын деп еді.
-- Өй, не дейсің түге! Алтынның буы ше? Алтынның буы адамды да есіртеді. Койды тек қоя ма? Оған ырыс беред те!— деп таймай таласады. Бұнысы Базарды үлкен ойға салды. Көшпесбай сөзін тіпті орынды көрдІ.
Шалқып, даурығып отырғанның бірі Сандықбай еді.
— Жә, бұл алтынның көзі қайда, кіндігі қайда жатыр бүл?— деп Базардан сұрады. Базар алғашқы қуаныштан ендІ бойын жиыңқырап ал-ған... ӘйелІ үлкен жүзі жиырылып, жадырап күліп отырды да:
— Е, соны менен сұра! Бәрін бекітіп, түйедей матап, бірің - «көз», бі-рің —«кіндік» бол деп келген мен ғой, тегі... Менен сұра,— деді. Үй іші
117
Сандыкбайды мазак етІп күле бастап еді... Базар өзі бұл тұста күлген жок.
Бір алуан өмір киялын ойлауда екен:
— Жасым отыз беске келгенше кісі с-сігіндё жалшы боп, кыз айткы-зып, калың төлеп ала алмай, жар кызығын, бала кызығын да кеш көріп ем... Пайдашы боп Ішкі жаққа барып, батырақ малай боп та жүрдім. Са-кал-шашым ағарғанша өзіме өзім жеткен күн көрмедім. Қор еткен жоқтық сді. Сонда, әйтеуір, тым құрса ауызбен мейір қандырайын деп алтын тап-кан ырыстының жайын әңгіме ете беруші едім. Сүйтін түсте көріп, ерте-гіден емініп жүрген алтыным қой кораның тасында, құдыгымның басын-да, от басы, ошақ бұты қасында жатыпты... Мазак етіп жатты-ау осы мені... Ә!— деді...
Үйдің іші Базар жүзіне мүсіркей карап қапты. Қей шопандар күрсіне түсті.
Көшпесбай мойымас қарт едІ. Ол жүдеген жоқ.
— Ырысың бар шалсың, не керек. Өзің таппасаң, сол алпыс жыл айткан алтынды табатын ұл тудын... Ол тапты. Не қыл дейсің!— деді. Базар оңай сергіді. Қуанып сергідІ. Бұл ой әзір өз басына келмеген еді.
— БәлІ, бәлі, дәл айттың! Ұл тапқаным өзі — сол алтын тапқаным екен... Алтын менде болғанша, елде болсын. Мені ұл қуантсын, ұлым елін, жұртын қуантсын!..— деді.
Бұл советтің ырысы бар деймін ғой. Жолы, жөні елге жайлы болған соң солай ғой. Бағы ассын өзінің. Жауға тиген соққының бірІ осы болсын, қысқасы... КәрІ Шыңғыс екеш ол да атой шыққан күндерде ел мен жұрт-тың көмегіне алтын қойнын ашты десін!..— деп Қөшпесбай байсалды сөз айтты. Осы әңгіме кезінде кешкі асын ішіп шыққан көрші кыстаудың шопандары тағы да шулап келісіп жатыр еді.
Барлык ферма бүгін старатель боп кетіпті... Қөрінген кесек тасты ау-дарыстырып қарау, бөлшек-бөлшек сындыру тегіс парыз болғандай. Қел-геннің бәрі енді Базарға бірдеме айту қажет сияқты көреді. Бірақ әркім әр алуан сәйлейді. Біреулер Базарға қайырлы болсын айтқан, біреулер әлденеден көңіл кос айтады. Ертеде таппай өмірің жоқтықпен еш боп өтіп еді дегеннен болса керек. Базар бұндай екі алуан сөздің екеуін де бұл кеште үнсіз қарсы алды. Дағдарып, не айтарын білмегендей.
Жиын үйге сыймай, жарық айлы түнде тысқа шығып, онда да көп дау-рыкты. Ендігі әңгіменің бәрі:
— Бұл ақ тастың жатағы қайсы?
— Қораның тасы қайдан тасылған еді?
— Базар өзі салып па бұл қораны? Қашан копарылған тастар екен?..—деген -орынды сұраулар болатын...
118
Қазірде Медеттің отряды да сөйленіп, ауызға қайта-қайта алынып жатқан сұраулар да осы еді. Базар бұл жайды алақандай білетін.
— Бұл кора дәл осы Медет туатыннан бір жыл бұрын салынған. Ақ тасты қайдан тасыды дейсің? Тас тасып әкеп үй, дүкен салатын мұрша-сы кәне Базардың? Алтын тасың, ақ тасың дәл осы өздерің табаның ба-сып тұрған тақыр төбенің ішінде. Осы қораның астының бәрІ ақ тас,— дсді.
Қөшпесбай үндемей таңдай кағып, таңырқаған жұрттың бәрінің көңі-лін қалжыңмен қорытып:
— Қыскасы, айды басқан бұлттай сары алтынды жамбасымның асты-на басып жатқан өзім едім десеңшІ!-- деді. Жұрт осындай күлкі қалпы-мен түн ортасы ауа бере зорға тарқасты... Үркер төбеден өтіп бара жатыр. Шыңғыс тауының үстіндегі жұлдыздар бүгін соншалық жиілеп, бадырая түсіп, шаншыла қарап тұрған едІ.
Келер таң атар-атпаста Медет он шақты кісі тобымен Базар қорасына келді. Тас қора тұрган тақыр төбе бұл өңірдің, бұл ауданның болашағын өзгертетін жұмбақ сырдың төбесі боп тұр... Базарды отряд адамының бәрі көңілді жүзбен күліп, амандасып ортаға алды...
Базар ынталы сөйлеп жүріп, отряд адамдарына әуелІ қора тамын тү-гел көрсетіп, ак тастан қаланған іргені, бірнеше кораның кіндігін, бұрма-сын, сыртқы құймаларын көрсетіп шықты. Аузы түндегі өз жайын айтқан әңгімеде болатын. Инженерлер кораның қалауын бұзбастай етіп бірнеше жердің тасын жарып, сындырып, бгр-біріне көрсетіп өтті. Медет бастаған үлкенді-кішілі мамандар бас изесіп, аз сөзбенен жөн табысып, аралап жүрісті.
— Енді осы тастарды алған жерімді көріңдер, сыр сонда ғой,— деп Базар тақыр төбенің шығыс жақ етегіне қарай бастады. Ертеде қазылған кен, апан бүгін түйетайланып, топырақ басып, тегістелуге айналған еді. Бірақ дәл қыстауға қараған шетінде тік жарлауық болып қалған кішілеу шұңқыры бар. Сол кенерде қалың ақ жартас жардай боп тұр екен... Көне топырақ басқандықтан сарғыш реңді... Бірак бітім-тегіне қарағанда, қора-ға, құдыққа, қазандыққа барған кесектерінен жат емес...
Осы күн күні бойы отряд қыза іске кірісті. Бір бұл ара емес, тақыр қылып төбені жаи-жағынан төрт жерден қазғылап қолға алды. Базар қорасы төбенің дәл басында, тап орта тұсында еді. Оның тұрған жері де бұрғыланып, терең түбіне шейін ақтарылатын болды.
Күн түске жақындаған шақта Базар қорасына қарай андыздап асық-қан жүргіншілер көбейді. Көршілес колхоздар, фермалар, Базарға көңіл-дес ағайын, жақындар бір алуан. Өзгеше топ-топ болып аудан активі ке-ліп жатыр. Келушінің бәрі де ең алдымен Базарды көруге асығады. Тағы
1 19
да түндсгідей кайырлы болсын айтысады. Бүгін Базар кешегідей іркіл-мейді.
 Қайыры халыққа болсын!.. Қайыры оргак болсын бәрімізге!-- -деп желпініп, қуанып қарсы алды. Тақыр қызыл түгел зерттеліп шыкгы Алтыны мол тастын запасы да аса мол екен. Отряд қолымен ұстап, кот-бен кәріп өткендей болды.
Осы күндср отряд і » і осы Хан бауырынан жиырма шақырым жердегі Қыдыр дсгсн адырдан гас көмір де тапқан еді. Енді Шыңғыс бөктері алты-ны, көмірі мол бөктер болғандықтан, өзгеше өндіріс бөктері болуға бет қойғанын екінің бірі ұғынып, сеніп тұр. Қешегі заманда көшпелІ аудан, бүгінде көбінесе мал бақкан аудан, облыс орталығынан алыс қалған, қатынасы киын оқшау аудан. Енді өзгоше тарихқа, өзгеше бір жаңғырған дәуірге ауысатынына бүгінгі жұртшылык сондай ырза, соншалық шат еді.
— Шыңғыс, кәрі Шыңғыс, Отан ұран салғанда, алтыны мен асылын ала аттанды! Тыс байлығын беріп қоймай, қойнын да ашты, іш сарайын да берін тұр. Жауға қарсы жұмылған бірліктің бұл бір өзгеше балғын белгісі болсын,— деп Медет бүгін жиын жұртқа сөйлеген еді.
Сөйтіп Базардың қиялы, ертегісі шын алтын табысқа, асыл өндіріске әкеп косылған күні, Отан соғысының майданнан алыста, майдан түгіл, облыс орталығынан да жырақта жатқан, қатынас жолдардан қиғаш жат-қан алыс түкпір, ғасырлар бойы үнсіз Шыңғыс бөктерінде де патриоттық үлкен қызудың, шын жалынның қуанышты, жарқын куәсі болды.
ТАТЬЯНАНЫҢ ҚЫРДАҒЫ ӘНІ
(«АбаіЪ романының «Ақын үніне сахзра мүлгіді» деген болімінен бір үзінді)
Таңертеңгі шайдан соң үй іші де, қонақ атаулы да тысқа шығып кетті. Қыстың осындай бір ашық күнінде, Абай өзІнің үлкен үйІнде, оңаша оты-рып қап еді.
Алдында үлкен дөңгелек үстел тұр. Оң жағынца, Абайдын. кайда отырса қасынан үзілмейтін көршісі — үлкен жастық жатыр.
Абай біресе аласа үстелге шьштақтап, біресе үлкен алақанымен мыкы-нын таянып, үнсіз отыр. Ойда отыр.
Ішінде ой шырағы жанғандай боп, салмакпен караған көздері анда-санда, қарсыдағы терезеге қадалады. Қүн түсіп тұрған қарлы адырға ұзақ-ұзақ қарай түседі.
120
ЭзІНШҒ б|р МЫҒЫМ ‘'.у. уҒЫМСНЗ ІНП мұііМР-І жүмырлаші бүплген тобе- гебе.іео.
Бинлғы \ыс Лбай/іыіі ед ел/ігн, тыньшкнз д/рістғрдсн 6е<'анқы-рші, үи іе көбірек орнығып оті.ірған қысм еді. Қөң ет<-и жазылнш ъылчың бірі де осн іатын. Ссндай, сүй‘'ен епбегіж1 бері..і<п, е нменшзі і ..ша боп, толғана ойлзнған уақыттзрында. көл илдыпа көггеп көп ора ь.іын осы іді-і;>.! і; Бүлар <ун рашша  ррзй '.р іүрлі <<Ол(;йді. Мұңлн көні ? осы мұНлТЫ адырмен ертеңдікеш кеп сырласкандзй бо.іушы •?ді Бү.ігты. сұр-ғылт күні ол адыр күн ілуағын сағына м уңдан.ідн. Лшық қүш жылы, жар-кын жазын сағынғандай болады. Жеткізбес арман жеңсігі жеңген адыр. Қанағат қылған күні жок мыкты адырлар.
Сол адырдың қазір бір жадыраңқы қабағын көргепдей болды. Қойдың алды солай қарап өріп барады екен. Сарылып, сазарған адыр енді тас басында жүріп шыркаған қойшы әнімен сергитін сияқты.
Абайдың осындай боп, үндемей ойланып қалған кездерін қабағынан таннтын жігіт бар. Ол — мұндай шактарда үндемей, көп қозғалмай отыра-тын Қарасақау. Қазір де тіпті қаран отырмас үшін ол Абайдың тобылғы сапты сарбас қамшысына бүлдіргі тағып отыр. Анда-санда Абайға карай түсіп, өз жұмысын Істейді.
Бір кезде жұмыс арасында көз тастап еді, Абайдын ерні күбірлеп, колы да әлдекіммен сөйлескендей қозғалақтаған сняқтанды. Бұрын мұн-дай машығы болмаушы еді. Биылғы кыс жалғыз отырған шақтарында, анда-санда осылай ететін бір әдет пайда болды. Қарасакау біледІ. Осын-дай күйдің артынан Абай көбінесе кағаз, қарындаш алғызады.
Сондай бір нәрсені бұйырар деп күтіп отырғанда, Абай бұған шұғыл бұрылып, жалт етіп салқын қарады да, үйдің сол жақ бүрышына қарай сол қолын көтеріп, үн қатпастан бір нәрсенІ әкел дегендей белгі етті.
Қарасақау нені керек қылғанын түсінді де, шапшаң тұрып барып, үс-телдің үстіне көпелеу боп қалған екі үлкен кітапты әкеп қойды.
Абай бір кітаптын бетін ашып, өзіне керек жерін тапты да, оқымай, сол беттерге қаран шалқиыңқырап, біраз бөгеліп отырып калды. КөзІ бұл беттерден ана жатқан екінші кітапқа да түсе береді.
Бұл екі кітап, бұл ауылдын, бұл өлкешң Абайдан басқа барлық жаны-на тілі де, мазмұны да ұғымсыз кітапгар. Бір Абайдын. ғ.зна коңіліне әрі ұғымды, әрі құрметті боп .і.н.ііі, алыс дүнне, алыс замашіың екі ақыны-ньш кітантары. Ол жагкан — Пушкин мен Лермонтон.
Ьжеуі де мұның ата-бабасы кешкен ө.мір соқлағынан мүлде басқаша боп өткен жандар. Бұлар жүрген орындардзн да элдекайда алыста өіжен. Қззакша есеп қып айтса, олар да банғынын адамы
Бірақ сол калпында, осы кмстың ішінде бұл екеуі Абайға бір түрлі жақын сияқтанып, жылы ұшырағандай болды. Бөтен дүниеден бөтен тіл-
121
мен кеп бұған сырларын аілкан, мұңдарын шаққан егіздер сияқты болады.
— Сен де біздей саналы мұңлысың’— дегендей болады.
Осылармен танысып, табысқалы Құран да, Аллаяр да, тіпті Науаи-лар да сыртта қалды. ҚейбІр намазқой діндар кәрілер, иә шала сопы мол-далар Абай үйіне конып отырып, Абай бос кітаптарды күндегі машығы бойынша қасына алғызғанда, іштерінен ырза боп:
- Шаригат жайын оқып отырады екен-ау бұл кісі, деп, кейде біріне-бірі:
— Әлде аруақтарға құран қатым қып жатыр ма екен? Молдаға ау-дартпай өзі оқиды. Оның сауабы мол ғой!— десетін. БІрақ кІтап теріс жа-ғынан ашылып, суретті беттері көрінгенде, жаңа әр қарпі ереуілдеп тұра-тын араб жазуынан басқарақ, біркелкІ боп жылып аққан орыс жазуын көргенде, әлгі адамдар іштерінен сұқтанып, жымдай тынатын:
Абаймен арбаса жүрген кейбір жуандар болса, сырттай бере:
— Бұл теріс оқуды неге сонша қадалып оқиды екен, ә?—десіп кеп:
— Е, бұ да бір асқандық қой... Қазаққа істеген қыры ғой. Мен ұлық-қа сендерден жақынмын деп отырғанын көрмеймісің?— деп те кетісетін.
Абай көп кештерде, жалғыздық шақтарда өзімен үнсіз тілмен ұзақ-ұзақ сырласатын достарын сырт адамның көпшілігі жат жұмбақша баға-лайтынын біледі. Бірақ оны елеп, ескерген емес.
...Өткен жандар. Бірақ мұндай өлім өлім бе? Мәңгі-баки өлместей боп, кейінгі дүниеге өз аттарын ұмытпауды уағыз етіп кеткендер.
...Өзгеден жер үстінде қалатын белгі — томпайған көр. Әуелде жер бетінде томпайған бос топырақ мезгіл сайын шөге-шөге барып, ақырында мүлдем жермен жер боп тапталады. Шамасы, осы көр, жер болумен қатар, адам аты да өшеді. МәңгілІкке жұтылады. О да бітеді. Мыналар — сол өзінен калған, жер үстіндегі белгіні тану етіп, мәңгі мықты беріктікке бе-кітіп кеткендер. Олар анау көрініп тұрған екІ Ақшоқы биігіндей. Абай күрсініп кеп:
— Туған еліңде, отаныңда өнер-білім болуы қандай сый болар едІ’ Әлденеше ағарған буындардан қалып келе жатқан қазыналар болып, соны сақтаған асыл сандығы болса арман бар ма?..— дейді.
Мынау екі ақын Абайға әр кезде туысқан аға-інідей көрініп қала-ды. Сол «аға-інідей» деген теңеу, бұл екі атты Абайға осы өз ортасы, өз айналасындағы адамның арасындай етіп бір көрсеттІ.
...Басында, ақылы мен ашуы шарпысып, кезек жеңісіп барып, ақырын-да сыншы — кемел ой жеңсе де, шерлі көргіш боп алып, тына алмай жан-ған аға бар. Сол ағаның дертін көріп: «Тынғаннан не тауып ек!»—деп ызасы мен ашуына бой ұрып өлген іні бар. Сол аға — Пушкин. Сол іні — Лермонтов. Кейінгі ұрпаққа, барлық ел, барлық заман, бар қауымдағы шерлілерге атой салып, өмірлері шырақша жанып өткен аға, іні...
122
Абай ойлана күрсініп отырып, Татьяна хатына үңІлдІ.
— Неткен айтқыш тіл! Тіл емес, жүректің лебі! Гүрілдеп соккан ырғағы! Неткен нәзік тереңдік...— дей отырып, кітап бетінен көзі тайқи бере:
Ғашықтың тілі, тілсіз тіл,
Қөзбсн көр де, ішгісн біл... -дедһ
Татьяна хатының ырғағы мен нәзік үніне өз жанынан үн косты. Қыз шеріне қызыққаннан шыққан бір сарынның басы еді.
Өзінен өтіп кеткен дәурен. Бірақ сол күнде де осындай боп айтылған илдІ естімедім-ау! Естірлік, мүлгітерлік күй, ұғарлық сергек жүрек болса, осыған шомып көрсейші. Осы үлгІ болар! СезІнетін жас табылар. Үлгі етіп көрсем нетер дейтін.
Сондықтан да осы бір-екі күн бойында Татьянаны өзінің қазақы қоңыр тілімен сөйлете бастап еді. Сөйлеткен сайын Татьяна майда қоңыр үн тауып, нәзік қоңыр күй тауып, ділмар жас, шебер-шерлІ боп барады.
Қазірде ұяң, майда қызға Пушкин жазғызған хат пен өзі жазғызған хатты салыстырады. Қей жерлерІ Пушкинше емес. Қатаңдау. Бірақ ол окушының шалалығына амалсыздан берілген баж. Сонда да ұғынар ма? Қөз алдына Көкбай, Мұқалар келедІ.
— Әй, мынадай сөзбен мұңданған Татьянаны олар да ұқпас!— дейді.
«Евгений Онегиннің» осы беттерінің арасына салып қойған хат бар еді. Бір нәрсеге ойы ауғандай боп насыбайын атты да, бір-екі қағазды аударып барып, сол хатты алды.
Семей кітапханасына барып, он шақты кітап әкелген Қарасақау кеше кешке осы хатты да әкеп беріп еді. Білімді досы Михаэлис Абайдың «Евге-ний Онегинге» сүйсініп жазған хатына жауап ретінде жазған мынау ха-тында:
«Соңғы жырларда «Евгений Онегин» әңгімесі күйге де түсіпті. Пуш-киннің Татьяна, Ленскийлеріне сай күй дейді. Петербор, Мәскеудегі сана-лы қауымның бір тынысы сол болғандай деседІ. Бірақ керегІ не, бізге оны естуге бұйрық жоқ» деген екен, айдаудағы сорлы тұтқын.
Хаттың осы жерін қайта оқып отырып Абай Қөкбай, Мұқаны тағы да еске алды:
— Әдемі әні мен «Әри әйдай, бойдай талайды да» бұлдап өткізіп жүр-ген сорлылар еді,— деп күлімсіреп отырып бас жақта тұрған домбыраны алды да:
— Сол бейшара бақалшылардың қолына бөз орнына торқа берейін-ші осы!— деді.
Көзі жасаурап, ерні жыбырлай отырып, Ақшоқының қос биіктеріне анда-санда көз тастайды. БІрақ қараған нәрсесін көріп отырған көз емес.
123
Ол казір ойдың козі... тербеле толкынған ақын толғауының көзі. Қолы шек пернені термелеп, жебелей береді Қеше, жатарда да осы бір сарынды алыс бір ызыңдай шалып қап еді.
Қазір сол есінс де, домбырасының Ішегіне де тап түсіп, орала кетті. Тағы да тарта отырып, ақырын үн салып, күңіреніп көрІп еді, уәзіні келген екен:
Лмал жок кайттым білдірмей, Апырм^ау, қайтіп айтамын...—
деген екі жол, Татьяна сырының басы іркіліп турып, шешіле бастаған сияқтанды... Тағы да, тағы да... бір жантайып шынтақтап, біресе тез қоз-ғалып, құшырлана малдас күрып ап, арлы-берлі тебіренеді... Қос ішек бір-де баяу басып, біресе шұғыл қатаң үндерге басып, асып қайтып, асып қай-тып отыр. Соңғы екі жол қымбатка түсті... бірақ оралды... Татьяна хаты-ның үш ауызын мүдіртпей айтып өтті,.. Қуанып отырып, насыбайын алып тастап, тағы айтты... Енді бірде қатты, бірде баяу тартады... Ұмытылмай-тын сияқты... Бір сәтте артына қарай барлық мол денесімен шұғыл айна-лып, бұрылып қалды. Қөзі әзіл, мысқыл ажарымен жарқ етіп барып, жылы карап, Қарасақауға:
— Өй, осы сен не мыжып отырсың, не білдің?—деді.
Қарасакау Абайдың шұғыл өзгерісінен біраз дағдарып қап, бүлдірге-сі тағылып болған тобылғы сапты сарбас қамшыны алаканына салып отырып:
— Мынау еді, Абай аға!— деді.
— Мен не қып отырмын, оны сездің бе?
— СіздІң ойыңызға бір орыс күйі тұсті ме деп отырмын...
— Ә, олай болса, о да білгенің екен. Бар, ендеше, кішкене Молданы шакырып кел!..— деді де, өзі тағы да «ұмытып қалмайын» дегендей жаңа-ғы ырғағын тарта жөнелдІ...
Қарасақау тұрып барып есікті ашқанда, ар жағында тыстан қайтып келе жатқан Ділдә көрінді. Бірақ артында бөгде кісілер сияқтанған бір-неше адамнын басы байқалды. Қолдарында қамшылары, белдері буулы, беттері біраз аяздаған адамдар. Өңшең тон, шекпен, шапандар екен... Алдыңғы бір-екеуі — тобықты үлгісінен бөлек, шошақ төбелІ алты сай уақ тымағын киген кісілер. Соны көзі шалып болғанша, Ділдә да, бұл кісілер де үйге кірдІ.
Абай домбырасының үнінен ойын үзген жоқ еді:
— Түу, аяз келд.І-ау!— деді.
Ділдә орнына отырмастан, тіксініп қап:
— Аяз жоқ қой, Абай-ау, тіпті тыста да май тоңғысыз,— деп таңда-на карағанда:
124
— Ә, рас, аяз екен десем, сендер екесің,— дедІ де шетелдердің кісісІ-мен амандасты. Ділдә Абайдың талай ұғымсыз мінезі мен жұмбак сөзінің бірі деді де, түкпір үйге карай кетті. Сөйткенше қарсы үйде бала оқытып отырған кішкене Молда да келген едІ. Абай соған қарап елең етіп:
— Татьяна хатын көшіріп пе ең? Енді ол ән салатын болды ғой, біл-дің бе?— деді.
— Онысы абзал болған екен... көшіріп қойып ем.
— Ендеше, Мұқа менен Көкбайға хат жазып жібер. Екеуіне Татьяна сәлем айтты. «бізбен де таныс болсын» деп айтты де. Мына Мұхаметжан қалаға бара жатқан шығар, сол сәлемін ала барсын,— дедІ.
Үй ішінде тымақ, белдігін шешпей отырған бөгде қонақтар сол сөздер не сөз, кімнің жайындағы сөз екенін ұккан да жоқ. Ұғайын деп елең етіп селт еткен де жок.
Жалғыз-ақ осылармен бірге Абайдың төменгі жағына келіп отырған Мұхаметжан бар еді. Кішкене Молдамен қатар Абайдың жаңағы сөздерін құлак түре тыңдаған сол ғана болды. Жасы отызға жаңа Іліне берген сұлу қызыл жүзді, қой көзді, әдемі қоңыр сақалы бар Мұхаметжан, ра сында да, қалаға бара жатыр едІ.
Ол өзінің қайда бара жатканын сұрамай сезген Абайға біраз таңдану-мен бірге жаңағы хат пен өлең жайын шын білгісІ кеп еді.
Мұхаметжан да Көкбай, Мүқа сияқты жаксы әншімін деген жігіт болатын. Оның үстіне мұның өзінін де анда-санда өлең шығаратыны бар еді. Ол сыртқы киімін шсшіп жатып:
— Абай аға, бұл ән салып жатқан кім болды?—дей бергенде, Абай домбырасын қайта ұстап, Татьяна хатының алғашқы үш ауызын әндетіп айтып берді де, енді қайтып бұл жайға сөйлеспей, ана өзге қонақтардың шаруасын сұрады.
Жаңағы бір айтканынан әнін ұға алмай қалған Мұхаметжан, ән ішіндегІ сөздің төркінін сезіп кап еді. Бүл күнге дейін Абай шығарган өлең мен әннің барлығын осы маңдағы өзге акын, әнші жастармен қатар түгел білдім деп жүрген Мұхаметжан, мына сөзді бұрын естімеген болатын. ТегІ жаңағы сөз аңғарына карағанда Мұка мен Көкбай да білмейді екен. Маған «жаттал, біліп соларға айтып бер» дегені ғой деді де, енді өлеңін де, әнін де қана білмек болды.
Бұл Абайдын жақын туысқандарының бірі болғанымен, жасы Абай-дан согұрлым кіші. Сондықтан Абайдын өзі айтып бермесе, тағы айтып берінізші деп сұрай алмайды. Қазбалап, тақымдай бергенді Абайдың жақтырмайтынын да біледІ. Сондықтан «БүгІн Абай ағамның түстігіне қалайын да, осыны біліп кетейін»,— деп, қарсы үйге кеткен кішкене Мол-даның артынан барды. Өйткені Абай қазірде анау Уактардың сөзін тың-дауға кіріскен еді.
125
Бұлардан: «Шаруаларың не? Не қып жүрсіңдер?»— дей стырып Абай бір нәрсеге аса қатты таң қалғандай болды. Өйткені осыдан бұрын, әйтеуір, осы қыстың ішінде дәл осы қазір қарсы алдында отырған үш кісі — екі Уақ, бір көкше — осы киімдері, осы түстері, осы отыырыстары-мен Абайдың алдында болып өткен сияқты еді. Мал дауымен келіскен. Сонда да ана көкшенің ұрысы — Тұрсын осылай мөлиіп отырып еді. Кал-ғығандай боп, төмен тұқырып жым боп отыратын. Сонда да мынау жок-шы Қанай — Сәрсеке мыкиып, жұп-жуан боп жалпия отыратын. Сонда да қазіргі сиякты Тұрсыннан Сәрсеке мал даулайтын. Бірақ ол жолы малын алып бітіп, тынып кетіп еді. ӨмірдІң айнығыш суреттерінің ішІнде, айны-мас бір қалыпты ұстанып, әр елден шықса да, бір күйден жазбай жүретін осылар тәрізді ме? Немесе сол екі жерде көрген бір халдің өзінің бірі шын, бірі түс пе? Бұ неткен айнымаған ұксастық? Мыналардың анадағы көрі-нісі мен мына қалпын алғанда арада тіпті ешбір мезгіл өтпеген, қатып тұрып қалған сияқты ғой...
Абай Сәрсекені тыңдай отырғанда, Ішінде жарыла жарысып отырған осы сияқты екінші ой да бар едІ.
Бұл ойы Сәрсеке сөзінің бір кезеңіне келгенде шешуі табылып барып, үзіліп қалды. Ағаштан істелген келІ, келсап сияқты тоңқылдак үнді Сәрсеке:
— «Әнеугі алган малымды бойыма сіңіртпедің, Абайдың алдына апа-рып қайта құстырдың. Ендеше, тіні саған қылғаным — қылған. қайтесің? Тағы да талайын, кәріп алайын, сен Уақтың күшіңді» деп әдейі істеп отыр. ЕгесІп істеген ісі мұның. Ана жолда алғаны үш жылқы едІ. Мынада бір кілем, бір тонын арттырып, бес жылқы кып алып отыр. ЕгестІң ісі емей немене бұл, Абайжан!— деп аяктады.
Абай енді аңғарды. Өңінен шынын іліп көрейінші деп ұрыға қарап еді. Ол қызыл сеңсең тымақтың құлағын шарт байлап алған күйінде төмен қарап, тұқырып апты. Жуан тұмсығының ұшымен, шоқша қара сақалы-ның жарымынан артық жерін көрсетпейді. Абайдың қозғалысына көзінің астымен ғана қарап, мелшиіп, тастай боп үндемей отыр. Сәрсеке айтып жатқан дауға, әлі жалғыз үнмен болса да жауап қатқан жок. Өзіне жана-сы жоқ сөз сияқты тыңдайды. Селт етпейді. Абайдың өзі сөйлеспесе, Сәрсеке сөйледІ екен деп қыңк етер емес. Абайды үлкен бір би тұтып тәртіп сақтағаны ма, жоқ болмаса жоқшыға ұрының ірге бермеймін деген ыз-ғары ма?
Абай мұның бетін көрмек боп, ызғарлана үн қатып:
— Әй, сен не дейсің? - дегенде ғана, қызыл сеңсең тымағы жай қоз-ғалып, қырыс жүзі Абайға енді ғана қарады. Дөңгелек, мығым денелі сары үрының кішкене сұр көздері Абайға бір-ақ рет жалт етіп қалды да, кайта сөнді. Тағы төмен тұқырды. Кабағының еті қалың, ұрты да біраз салбыра-
126
ған. ПІшіні мен мүсіні де, кескен терек сияқты бітеу, тұтас, безбүйрек келген. Ол басында үндемей отырып барып, аздан сон бір ырғалып қойып:
— Абай аға, осы анау күні ғана тап осы Сәрсеке өз алдыңа әкеліп ба-рымды ұйпап бір алды. Ол жолы «төле» дедің, бұйырдың. Бердім... Ал енді осы Қанай малы ұрланса, ақай жок, тоқай жоқ, ылғи мен төлейін де оты-райын ба осы?—деп бір тоқтады.
...Тағы ұзак сүре дау. Шыны қайсы, жалғаны қайсы? Осындай дау-лардың, осылар сияқты даугерлердің таусылары, тынары бар ма, жоқ па? Тағы қазу керек. Сірескен жақтардың шынына жетем дегеніңше, өзіңнің де шыныңа жетіп болады.
...Тағы да бөліп кетті... Жаңағы Пушкин қайда? Анандай боп жібек талдай ширатылған Татьяна қайда қалды? МөлдІр шындығымен, шын-шыл жүрегімен жаудырап, тыныс алып тұрған Татьяна... Малын қуған даугер, кісі малын жем қылған қияс ұры. Былыққан өмірдің бітпес лаңы. Қажытты да, талдырды-ау!..— Естіп майысқан үнің қайда, Татьяна?.. Есімде ме екен?—деп алаң көңілмен домбыраны алып бағанағы күйді кайта іздеп еді. Қос ішекті домбыра бағана шешен еді... тапқыр еді... Енді тұсаулы аттай күрмеліп қапты. Үні тырым-тырағай. Әлғінде ғана табылған ән енді жок. Ұмытылып қапты. Сәрсекенің жаңағы Тұрсын сөзі-не қарсы айткан дауын тыңдай отырып, бірталай іздеп, қарманып еді. Қайта оралар емес. Өшіп қалған, шегініп жылжып кеткен, ұстатпады. Домбыраны қайта тастады.
Сәрсеке күйіп сөйлеп кеп:
— ...Малымды тағы да алдың, тағы сенсің Тұрсын... әдейі, егесіп істе-дін. Мал қуатын, төлеу алатын немесің ғой деп істедің...
— Соқыр көргенінен жазбас... сенен басқа ел, сенікінен басқа мал кұрыған ғой, тегі. Тіпті ео.і бейсенбі түгіл, бүткіл бір ай бойында атқа мі-ніп пе екем әуелі...
Екеуі енді ашылып, шапшаң сөйлесіп қағысып барады.
Абай үндемей тыңдап отырып, күрсініп қабағын шытты да:
— Алыр-ай, ағайын, осы басқа біреудің алдына барып тергетсеңдер қайтеді? Қөршілерің ғой... қағуы қамсыз боп, шыны қазыла түсер еді. Ана Ақылбайға барып тергетсеңдер кайтедІ?—деп өтініп едІ.
Бұған Сәрсеке де, Тұрсын да шалқалап болмады.
«Бар болсын — жоқ болсын, ак болайық — қара болайық, не де бол-са өз байлауыңыз — байлау»,— десті...
Абай осыдан соң ұрыға ажарлана қарап, қатайып ап:
— Ендеше, айт шыныңды. Өліп кетсең де айт. Алып па ең мынаның малын, алмап па ең?— деп ашулы көзбен қадала қарады.
Тұрсын сасқан жоқ, іле жауап қатып:
— Абай аға, сенің алдыңда өлсем шыныммен өлем деген сертім бар.
127
Ұры болсам да уәдеммен әлем деген ұрымын. Міне, барым, шыным: бұл жолғы малынан акпын...— деп, сеңсең тымағының маңданын қайқайта қайырып ап, бетін ашып салып, Абайға тік қарай қалды.
Осы сөз, осы ажарын көрген соң, Абай бұған көз аудармай бірталай уақыт тесіле қарап отырды да, ішінен:
 — Ұры болса да мынау пішін шынның пішінІ ғой!— деп ойлана баста-ды. Абай көзін аударғанша, Тұрсын да жаңағы қалпынан өзгерген жоқ. Міз бақпай тастай боп шаншылып отырып калды. Мұнысы да әсер етіп еді.
Абай:
— Бәсе, бұл шынын айтады, айта алады. Мынада сенің малың жок. Басқадан ізде! — деп Сәрсекеге коз кырын бір тастады да, байлауын жа-сады.
Тұрсын тымағын кайтадан оңдап киді. Мұнда да, Сәрсекеде де кайта қатқан үн болмады. Жалғыз-ақ енді Сәрсеке кө.з қырын бір тастады да, тұнжырап қалды.
Абай бұлардын созін бІтІре берін, домбырасын қайта алып, мына-ларға;
Ал. сөздерің бітті. Енді ас-суларыңды ака қонак үйге барып ішің-дер! - деп, взі домбыра ұстаған бойында Татьяна хатына қайта үңілді. Сәрсекс мен Тұрсын қатар гүрды Бірақ басында үйге келгенде, Сәр-секені жогары отыргызып, әзі босаға жақта огырған Тұрсын казірде де шетел адамы ден жоқшыларды алдымен шьпарып, өзі артынан кетті. Бірақ қонак үйге бармастан бұрын, бұлар бір кішкене ұзынша караңғы далаңмен жүрІп нту керек еді. Сонымен келе жатқанда Тұрсын үн шығар-мастан аузын керігі тұрып, сылк-сылк күлігі алды. Үндемей ұзақ күле біле-тін әдеті бар еді. Өзіне-өзі қатты сүйсінген кезшің бірі болды.
Шынында, ол бұл жолы үлкен артистік істеп шығып еді. Күздігүні алысқа аттануға ерініп, көрші отырған Қанайдан үш жылкыны әкеп сойып алғанда, осы Сәрсекелер куып жүріп Абайдың алдына болмастан алып келген. Сонда кағу үстінде бұл бір байлау жасап еді. Абай: «Алдың ба, шыныңды айт»,— дегенде екі сөзге келместен:
- Алдым, бұйрыгыңды айт, өлдім,— деген еді. Талайдағы ұрыдан Абайдың оп-оңай шынын айтқан ұры көргені осы едІ. Сол арада:
— Ұрыдан менің алатын парам — шындығы...— деген болатын.
Тұрсын сонан соң ішіне бІр нәрсені түйіп кетіп, екі ай уакыт өткізіп жіберіп, дәл сол Сәрсекеден бір-ақ түн ішінде барып, бес жылқы әкеп жай-ластырып алған болатын. Бұл жолғы ұрлығын маңайдағы жанның сезгені жоқ. ЕкІнші, әдейі бІр қатты боран боп тұрған түнде барып, із-тоз қалдыр-майтын кезде қағып кеткен болатын. Сондықтан Сәрсекенің ендІгісі еезік
128
болмаса, ізі де, айғағы да жоқ дау болған. Осындай жайларға сүйеніп Тұрсын Абай алдына келерде енді:
«Бұл жолы өлсем де алғам жоқ деп өлейін»,— деп тас түйін боп бекі-ніп келген. Сол есебі дегеніне жетіп, Сәрсекені де, Абайды да қабат ұтып шыққанына күліп еді.
Бұл қонақтар кетісімен Абай Татьяна әнін қайта іздеп: ...«Амал жоқ, кайттім білдірмейді» домбыраға ыңырана қосып көріп еді, жаңағы әні де жок, ұмытылған. Сүйткенше қарсы үйден шыққан бірталай кісі тағы үс-тіне кірді.
Бұлар кішкене Молда. бағанағы Мұхаметжан екен. Жаңа осылар-дың алдында тоғыз құмалақтың ағашын бір колына ұстап, терІ дорбаша-дағы тастарын бір қолына алған Көрпебай кіріп келе жатты.
КелгенІне үш-төрт күн болса да, Көрпебай Абайға тоғыз құмалақтан әлі жөндеп ұтқызған жоқ. Соңғы күндердің бір қатты бәсекесі болып ал-ған ойын еді. Кейде таңертеңгі шайдан түстікке шейін ойнағанда бір ойын-ды тауыса алмай айрылысатын. Кеше, кеш бойы Абай кітап пен жазу үс-тінде болды да, ойын үзіліп қап еді. ЕндІ Көрпебай мен тоғыз құмалақ кіргенде, Абай «тағы алаң кірді, қоя тұрайын» деп Пушкин беттерін жа-уып қойып, Көрпебайға:
— Құр құмалағыңды, кешегінің есесі енді қайтпаса, сен ағалап тұр-сың!— деді. Сары сүйектен істеген жылтыр құмалақтар ұядан-ұяға тоғыз-тоғыздан сырт-сырт түсіп жатты. Абайдың ұяларын да Көрпебай толты-рып жатыр еді. Мұның қолы ағаш үстінен жүргенде лыпып қалқып жүрген сияқтанады. Ұяларға санап түсіріп жатқан тастарды қандай қозғалыспен, бөгелместен бір-бір тастан түсіріп жатқанын байқау қиын.
Абайдың кейбір қыстарда, ұйде отырып қалғанда, әдейі шақыртып алып жиырма күн, бір айдай табан аудармай ойнап калатын кісінің бірі Мақыштың Смағұлы не Марқабай болса, тағы бірі осы Көрпебай болатын. Ішінде Абай бар, осы үш-төрт ойыншы бір атыраптағы басқа ойыншылар-дан озып, ағалап шыққан. Өзара бәсекесі күшті ойыншылар еді. Абай мен Көрпебай ойынға кірісті. Басында үш-төрт кезекте, машықты бастаулар бойынша, екІ жағы да тез-тез жүріп барып, екі-екі ұядан тас алысты. Әлі тұздық алысып беріскендері болған жоқ.
Қазірде бұл ойынға Мұхаметжан, кішкене Молда, Қарасақаулар Да қадала қарап отыр еді. Мұхаметжан бағана қарсы үйге барған бетінде Абайдың өзі жазған қағаздан Татьяна хатын түгел көшіріп алып, артынан кішкене Молдамен салыстырып бірге оқып шыққан-ды. Молда бұл өлеңді сиямен көшірумен бірге жаттап та алған екен. Сонысын көрген Мұхамет-жан Абайдың қарындашпен жазылған қолжазбасын төрт бүктеп, өз қал-тасына салып алған.
Тегінде Абай өзі жазған өлеңін молда көшіріп, жастар жаттап алған
227
129
соң, «алғашқы жазған қағазым қайда» деп іздемейтін, Сондықтан Мұқа, Көкбай, Мұхаметжандардын қайсысы болсын, әрқашан осылайша, кез-кезінде қойны-қоныштарына салып алып кетісетін.
Мұхаметжанның қазіргі есі-дерті Татьянаның әнін қайта есту еді. Бірақ Абай мына қадалған бетінде, ойын аңғары ашылғанша, басқа нәр-сені ойға алатын емес. Сонымен жас әншІ қалтасындағы қағазды алып, аузы күбірлеп қайта оқып, басқы жолдарын іштей жаттап отырды. Жат үн, жат тілдІ Татьяна бұрын бұлардың Абайдан да естіп көрмеген басы-мен шерленеді.
— Соны сөз деген осындай-ақ болат та,— деп қадалады... Абай әлІ де үн қатпай, Татьянасын ұмытқандай боп, Көрпебаймен аңдысуда отыр. Мұхаметжан алғашқы екі ауызды жаттап та алды.
Енді құмалаққа қарай түсіп, домбыраны қолға алып ақырындап тар-тып, Ішінен «Амал жок, қайттым» өзі білген әнге қосып көріп еді. Әзірге әндерге қосылмай жатыр. Ол өзінің атақты әні «Аққайыңға» да салып көрді. «Топайкөкпен» де жағалатты. Созылмайды, көнбейді. Қиналып кеп Қарасақауға қарайды.
Қарасақау мұның нені Іздеп отырғанын ана үйде-ак естіп кеп еді. Енді Абайды осылай аударып көрем бе деп жағалатып, Мұхаметжанға:
— Немене, Татьянаның «Аққайыңды» білгісі келмей ме, қалай? — деді.
— «Аққайың» ғана емес, тіпті біз білген әнге жуысайын деп тұрған Татьяна көргем жоқ.
— Бәйіт тақпақ сияқты келте шолақ әнге тең келе ме дейім...-- деп, Қарасақау Абайға тағы қарап қойды. Абай бұлардың сөзіне енді ғана көңіл бөле бастап:
— Солай деймісіңдер? Татьяна Татьяна болат та. Ол «Ақбала» да болмас, Бағдат, Мысырдан бәйіт те тілемес!—деп бір койды да көңілде-ніп, көтеріліңкіреп алып, бір байы көшіп кеткенде, соңғы тасы тарс беріп, Көрпебайдың орта ұясының біріне түсе қалды. Сүйткенде Абай мәз болып, мол денесі селкілдеп қатты күле жөнелді. Көрпебай сасып, қабағын түйіп, томсарып қалды.
Құмалаққа қарап отырған кішкене Молда:
— Қайыр, тұзлық, биқисап жақсы тұзлық болды...— деп, Абаймен қоса күлді. Көп есептің соңында, дәл осы жерде, Абай кеп «Бел басардан» тұздық алып едІ.
Алғашқыдай емес. Қасында отырған жігіттердің нені тілеп отырғанын енді аңғара түсіп:
— Қарасақау-ау, Татьянаның бағанағы салған әнін ендІ қайта айт-пайым деп отырғанын көрдің бе? Мына Мұхаметжанға өзің тапсаң тап, болмаса қай казақтың құлағына сарнай берейін десе керек...— деп,
130
Мұхаметжанның домбырасына қол созды... Мұхаметжан домбырасын ұсы-нып, тізесінде жатқан қағазына үңілді. Ентелей тыңдамақ еді... Абай бұл жолы тартып жөнелгенде, таңертеңгі ән қайтадан қаз-қалпында орала кетті...
— Жоқ, ендІ айтқысы келген екен. Былай депті ғой,— деп үн қосып, өз аудармасының екі ауызын айтты... Сол екінші өлеңі біте бергенде, түк-пір үйдің есігі ашылып. арт жағына бұрылып сөйлеп, шығып келе жатқан Ділдә көріндІ. Ол Абайды тыңдай кеп қасына отыра берді.
Мұхаметжан екінші ауыздың тұсында ішінен қосылып отыр едІ. Дәл осы кезде бір мол байын жағалай көшіп келе жатқан Көрпебай, Абайдың артқы ұяларын жағалап, сытырлата тас тастап кеп, дәл «көк мойыннан» тұздық алып қона түскені...
Абай:
— Өй, мынау не қып кетті, бәтір-ау?— деп домбыраны Мұхаметжан-ға бере беріп, қайтадан құмалаққа үңіліп қалды.
Мұхаметжан Ділдәға қарай жамбастай беріп сыбырлаңқырап:
— Қап, мына біреу, бір жапырақ болған неменің қылып кеткені-ай!— дегенде, Ділдә:
— О не шырақ, не қып кетті?— деп құмалаққа үңілді.
— Абай ағамның мына бір жаңа әнін үйреніп кетейін деп, әдейі жо-лымнан бөгеліп отыр ем, «көк мойыннан» тұздық алдырған кісІ енді бізге не қып оралсын?— деп күбірлей сөйлеп күліп қойды. Қарасақау да өкініп, басын шайкап еді.
Ділдә Мұхаметжанға қайта бұрылып қарады да:
— Кәні, ол әні қандай ән екен? Талайдан үніңді естігеміз жоқ. Тус-тік жеп аттанарсың, айтып берші!— дедІ.
— Ойбай-ау, өзім де бір-ақ естіп ұстай алмай дәт деп қап отырғам жок па, жеңеше-ау?— деп Мұхаметжан домбыраға жаңағы әннің басын тыңкылдатып көрдІ. Келмей жатыр.
Абай бұл кезде бір рет орай жүріс жүріп, кезегінен босап отыр еді.
— Жок, теріс тартып отырсың,— деп домбыраны қайта алып, тағы тартып берді. Үш-төрт тартып өтіп еді. Мұхаметжан домбыраны кайта алғанда, тартып та жөнелді. Сол арада жаттап алған екі ауызын әнге де салып бердІ...
— Жоқ, Татьяна Мұхаметжаннан үріккен жоқ. Танысты... Бірақ айта түс,— деді Абай. Сонан соң рұқсат алып алған Мұхаметжан, өзінің зор таза үнімен шырқай жөнелді. Тізесінде жатқан жазуына көз қиығын тас-тап қарай-қарай отырып, барлық Татьяна хатын Ірікпей айта берді. Құма-лақ тоқтап қалды.
Абай міз бақпай, кірпік қақпай тыңдағандай еді. Ол қазір Ақшоқы
9 *
131
биіктеріне көз жіберіп, бағана өзІ теңеген Пушкинді еске алып, Татьяна сазын ұйи тыңдайды... Өңі сұрланып, бойы тоңазығандай болады. ӨзІ сөйлеткен сөз, өзі жырлатқан ун, ең алғашқы рет әрі жас, әрі сұлу, әрІ әсем әншінің көлденең үнімен айтылғанда, енді өзін де қатты толқыта әсер етті. Абайдың ажарына қарап үйдегінің бәрІ де, құлақ қақпай, қыбыр етпей, Мұхаметжанның аузына ғана қарап қалған еді. Қазақ әні емес. Бірақ сондай бір мұңды шермен, ұғымды күймен ырғалған, майда қоңыр толқын тәрізді.
Мұхаметжан:
— Енді айрылып қалмайын. Жадыма тоқып алайын!— дегендей боп тоқталмай айтады. Сонымен бірге өзі де бойы шымырлап, көңілі елжіре-гендей боп қатты сүйсініп айтып еді. Алғаш танысқаны осы болса да, ол Татьянадай назды жасты көз алдында көргендей боп, шындап сезініп, ұғынған сияқты боп еді. Осы әннің үстінде ұғынды.
Әнін тоқтата берді.
— Тал бойыңды ұйытқандай сорлы, шерменде екен-ақ! Мұны осын-шалық күңіренте күйзелткен кандай ғана неме екен, Абай аға?— деп Абайға қарады.
Тыңдаушы өзгелер де бұл сұрақты аса орынды көргендей еді. Отыр-ғандар да Абайдың жауабын күтті.
Сұйткенде жеңілтектеу, кішкене Молда:
— Пошкин, айтқызып отырған Пошкин, Пошкин ғой,— деді...
Мұхаметжан мұның киліккенін жаратпай қап:
— Қоя тұршы, Молда, Пошкин демей... тіпті сол ақынның аты да сен айтқандай емес,— деді...
— Е, енді қалай екен?.. Мен бек дұрыс айтам, солай,— деді.
— Жоқ, менің бағана құлағым бір шалып қалып еді. Абай ағам Пуш-кин деген сияқты еді. Осының дәлі қалай, мына кішкене Молда екеуіміз ана қарсы үйден дауласып кеп отырмыз осы туралы,— деп Мұхаметжан мұны да сұрады.
Абай Пушкиннің туысын, өлімін айтып беріп, жаңағы Татьяна хаты-на қайта оралды.	*
Мұхаметжанның жазбасын қарап, ойланып, кейбір жерін тузей оты-рып, қарап шығып:
— Осы да жүректегісін жеткізе білген-ақ тІл-ау!— деп отыр. Шынның шыны керек те. Пушкиндей ақынды қазақ баласы сен де, тіптІ иісі мұсыл-ман ғаламы сен де әлі көрген жоқсың... не десең үй де!— деді.
— Иә, әйтеуір, мына қыз байғұс шер-шерменін айта білген-ақ, құдай кәнікей,— деді Қарасакау.
Қөрпебай осы кезде құмалаққа таман тағы үңіле беріп еді, Мұхамет-жан байқамаған боп тізесімен шетке таман сырып жІберІп Абайға:
132
— Бірақ енді сол Татьянаның осындай үні жауапсыз қалғаны әділет пе, Абай аға, жігіт те бір орай сөзді айтса мақұл болмас па еді,— деді.
— Бек дұрыс айтады Мұхаметжан! Күмәнсыз дұрыс сөз осы, Абай аға...— деп, кішкене Молда да Абайдан тілек еткен кісіше қарады.
Абай аз ойланып отырып:
— Ол да дұрыс екен. Онегинді сөйлету керек болар...— деп біраз отырды да:
— Әй, бірақ ол өзі опасыз еді, әй!— деп үндемей қалды. Пушкинді қайта оқуға кірісті.
Сол күні Абайдың түстігінен жеп алып, Мұхаметжан Семейге қарай жүріп кетті...
Кеш бойы Абай Пушкинді қайта окумен болған еді. Бүгінгі күн анда-санда алаң еткен ол-пұл жайлар болса да Абайдың Пушкинге ең алғаш-қы рет таныса жақындасып, туысын тапқандай боп толғана бой ұрған күнінің бірі еді. Кеш піскен еттің алдында Пушкин кітабын жауып жатып, Абай үй ішіне естірте:
— Дүниеге көзімді аштың-ау, Михаэлис. Енді қағбам орнынан кө-шіп, күншығысым күнбатыс, күнбатысым күншығыс боп барады. Солай болсыншы,— деді.
Ас ішіп болған соң үйдің іші жатпай, күндегі әдеті бойынша Абайдан бір әңгіме шығар ма екен дегендей боп, ұзақ отырып еді. Алдында шам жаққаннан асқа шейін кітап оқыған Абай, енді үйде жиылып отырған молда, бәйбіше, Қарасақауларды еске алып, әсіресе Абай әңгімелерін телміре күтетін атақты ертекшісі БаймағамбеттІ еске алып, үй ішіне бір әңгіме айтып бермек болды. Сонымен түн ортасына шейін міз бақпай, қа-дала қарап тыңдаған мәжіліске бұл түнде «Шаһразаданың» жаңада оқып шыққан пәленінші кешін, Шәркен-Зүкіл Мәкен жайын баян етіп отырды.
Бүгін кеште Семей қаласының күнбатыс жақ шетінде Таңжарық де-ген ұсақ саудагердің үйінде бірталай жастың басы қосылып еді.
Таңжарық үйі — Абайдың тағы бір туысқаны Қысатай деген жас жі-гіттің пәтерІ. Қысатай қырдағы машығымен қалада да қонақшыл, көпшіл болатын. Өзі үндемес, жас болумен бірге ол маңайына көп адамды жи-нап, көңілдІ мәжіліс құруға әрқашан құштар сияқты болатын.
Мұның бүгінгі қонақтары Абайдың ылғи етбауыр жақын туыстары мен шәкірттерІ еді. Қазірде мәжіліс ағасы сияқтанып төрде отырған зор үнді, қошқар тұмсық, мол денелі жігіт Көкбай ақын. Мұның Абай жоқ жердегі әдетІ суырыла сөйлейді. Сөйлегенде тәуір көрген нәрсесін құлай мақтайды. Ұнатпаған жайларды тұқырта, қазымырлай айтады. Әрқашан бейімдеген жағына қарай ауып түсіп қалатындай боп асып түсіп отыра-тын. Сонысымен өзгелерді күлдіре беруші еді.
Қысатайдың бұл жиындағы дағдылы сый қонағының бірі — қалың
133
кара сақалды Шұбар ақын. Ол — Абайдың жақын Інісінің бірі. Көкбай мұсылманшаға жетік болса, бұл бір жағынан орысшаны да білетін, Абай-ша орыс кітаптарын да қарай жүретін еді. Абайдан жасы кіші Көкбай да, мына Шұбар ақын да Абай алдында көп жазылып сөйлемегенмен, ол жоқ жерде өздерін «қалған қазақтың білгіші де, ділмәрі деміз» деп бағалайтын.
Шұбар ақын әдемі киінетін сыланған кербез еді. Жаңада сатып ал-ған алтын сағатының алтын бауы қара желетінің омырауында жарқырай салбырап отыр. Ол тартына сөйлейді. Бірақ Ірге бермей іле еөйлейтін ны-ғыз еді.
Бұлардан басқа қонақтың бірі — Абайдың ең жақсы көретін баласы Мағауия. Ол —17—18-ге жаңа келген арықша біткен аппак сұр, сүйкімді жас. Биік кең маңдайы да, жоталы келген қырлы сұлу мұрны да өзге жиын-ның ішінде мұны бір оқу-біліммен ағарған жас сияқты көрсететін. Жасы-ның кішілігіне қарамай, ол мынадай мәжіліс ішінде қай сөз болса да кірі-сіп, тен боп араласып отырады. Бұлардан соңғы қалған алты, жеті кісінің Ішінде атақты әншІ Мұка бар. Боздай шығатын зор үнді Мұқаның биік денесі, келбетті кескіні бар, сыртқа салмақты адам еді. Оны осыдан екі жыл бұрын әрі әншІ, әрі домбырашы, скрипкашы болғандықтан, Абай Уақ ішінен шақыртып, өз қолына алып, Мағауияға жолдас етіп берген болатын. Казірде бұған тақау отырған Ырсайдың Ысқағы. Оның да өз өнері бар. Көкбай, Мұкалар қазак әнін, қазақ шежіресін айналдыратын болса, Ысқақ бір жағы Абай аркылы, бір жағы өз бетімен ізденіп оқып-тоқуы арқылы ылғи араб, парсы хикаяларын жадына жиған еді. Ол білме-ген «Жәмшид», «Бақтажар», «Қаһар-Қатыран», «Рүстем дастан», «Мың бір түн», «Көрұғлы» әңгімелері жоқ деуге болады.
Бұлар жаңа ғана бастары қосылып, осы үйде қона жатпақ болып, атшыларын пәтер-пәтерлеріне қайтарысып жіберіп, енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылып, Таңжарық үйінің үлкен самауырыны екі иінінен буы бұрқырай кіріп келеді екен. Саудагер-дің толық, ақ денелі кербез келіншегі самауырды бір жігітке көтертіп, өзі дастарқан әкеле жатыр. Үзынша кең бөлмеде есіктен төрге дейін жайылған көрпелер, көп жастықтар бар еді. Солардың үстінде көсіле шынтақтай отырған қонақтар көтеріліп малдастарын құра отырып, үстел, самауырға орын берісті. Үстел үсті жасалумен қатар Қысатайдың жігіті шкафтан бір бөтелке коньяк пен тағы бір бөтелке зубровканы да әкеп койды.
Ауылдан соғым терісімен келіп, қалада бір-екі ай жатып қайтатын бұл жастар кейбір кештерде осындай жиын үстінде арақты мәжіліс, карта-лы мәжіліс құра отыратын. Шайға әкелген тәттІ-дәмдімен қатар, тоңазып тұрған қазы-қарта, жал-жая да тураулы күйде тәрелке-тәрелке болып,
134
үстел үстіне орнай бастап еді. Ысқак мынау көрініске көнілденіп, бір ыр-ғалып қойып:
— Е, бәсе, сонау етің піскенше сарғайтпай былай еткенің ақыл бол-ды ғой, Қысатай!— дегенде біраз жұрт қошеметтеп күліп еді,
Шұбар ақын Ысқақты әзіл етіп:
— Осының өзі «мәжіліс жәмшиди» болып бара ма деймін!— дегенде, Мағауия, Қөкбайлар қатты күлісті.
Ысқак айтатын ертегі, хикаялардың ішінде осы отырған жұрттың бә-рінің құлағына әбден қанықты сөздің бірі осы еді.
Үлкен дөңгелек үстелдің айналасына қоралай жиылған қонақтар ішіп-жей отырып, әр алуан көңілді, желікті әңгімелерге кетіп отырысты, БірІн-бірі қағыта, іле сөйлеген әзіл-күлкі де мол едІ.
Шұбар ақын бір кезде Абайдың осындай жас мәжілісті тәуір көретІ-нін еске алып:
— Абай ағам осы жолы қалаға бекер келмей қалды-ау,— дегенде Қөкбай:
— Жок, үйінде отырса отырсын. Осы биыл кітап оқу мен өлең жазу-ға жақсы бет берген сияқты,— деді. Шұбар ақын киястана сөйлеп, Ма-ғауияға қарап:
— Әй, білмеймін, осы шалың үдей берсе, өзіміз ығында қап өлең жа-зуға батылымыз бармай қалатын бола ма дейім!— деді. Мұиысы бірталай жастың жаңа жазған өлеңдерін Абай сынына беруге қорғаншақтап жүре-тінін білдіргені еді. Ойының арғы түкпірінде жатқан қызғаншақтық та жоқ емес еді.
Мағауия күлді де:
— Ендеше, тәуір өлең шыққанша көрсетпей-ақ тұра тұрамыз да,— деді.
Шұбар ақын мұң шаққандай болып:
— Тәуір, жаманын қайдан білейін. ӘйтеуІр, былай бір «СегІз аяқ» деген жаңа уәзінді бір өлең жазып апарып көрсетіп ем, «СегІз аяқ» былай жазылмайды, мұны мен жазамын деп алып та қойды-ау шалың!—деп қыжалдана күлді.
Мұндай әзіл, мұң Көкбайда да бар еді.
— Маған Наурызбайдың қызыл ауыз аты осы болсын деп «Шоқпар-дай кекілі барды» бір мінгізіп еді. Артынан қарап-қарап, осының өзі мес боп кетті деп сылтауратып қайта аударып алғанын білдіңдер ме?— деді. Отырған жұрттың бұл жайды естігенІ осы еді, ду күлісті.
Мағауия Көқбайға қарап:
— Көке-ау, оны айтасың, тіпті бар өлеңін өзІ алып қойғанын қайте-сіз!—деді. Осының алдындағы жазда Абай «Жаздыгүн шілде болғанда» деген өлеңін жазған соң бұрын Көкбай атымен шығарып жүрген өлеңнің
135
бәрін өз атына алған еді. Сол өлеңін алумен бірге Көкбайға: «Сен бір бие ал, мен өлеңімді өзім алайын»— деген-ді. Соны еске алып, Көкбан:
— Е, оның сыбағасына Көкең жирен биені сойды ғой. Екі елі қазы шығып, телшесін жеген күні «өлеңін өзі алса алсын, қазысына бір тойдым» дедім ғой!— деп жұртты тағы бір күлдіріп алып:
— Осы жирен биенің жас қазысын жеген күнгІ сөзімді әнеугүні Абай-ға айтып ем: «Е, сен онда ТашкеннІң нашакоры сияқты болған екенсің. Тәлкен шаһарын пәлен жандарал барып өзіне қаратып алып, енді әскері-мен сырнай-кернейлетіп жеңілген каланың ішіне кіргенде, шайханада ләй-ліп отырған бір нашақор: «Шұ Ташканны алса алсын, әмма гарнайына зауық еттім»,— дептІ ғой. Сенің де сол болғаның ғой!— дегенде жұрт тағы да ду күлді. Бағанадан үндемей отырған Таңжарықтың келіншегі бұл жолы көзінен жасы аққанша күліп, бірталайға шейін кеселерге шай қүя алмай отырды.
Осы күлкінің аяғы басылып бола берген кезде, ауыз үйдің есігі ашыл-ды. Қолында қамшысы бар, бет-аузын қырау басқан, табанының қары сықыр-сықыр еткен, аяздаған бір жолаушы келеді екен. Ол кіре бере:
— Ассалаумалейкүм!—деп мәжіліске даурыға сәлем берді. Жұрт мұның сәлемін токырай, жақтырмай ақырын алып, күлкіден тыйылып, «кім екен» десіп үңіле қарасты. Алдымен таныған Ысқак болды. Ол жады-рай күліп:
— Е, Мұхаметжанбысың?— дегенде, үйдегі бәрінің де шырайы өзгерді.
Елден, Абай аулынан кеткен бетінен қалаға бүгін жетіп, жаңа кеп ат тұмсығын тіреген жері осы еді. Мұхаметжан ел-жұрттың амандығын жапырлай сұрап жатқан жұртка жауап бере тұрып, саптамасын тастап, белін шешіп, сыртқы киімдерін шешіп болып, сакалы мен мұртына қатқан мұзды арылтып тұрды. Енді отырғандар әр жерден қағылып'«былай шык, былай шық» дескенге де келіп еді. Мұхаметжан саспастан сүртініп, ык-шамданып алып, төр жакқа қарады да:
— Тақ бүгін осы Мұка мен Көкбайдың ортасынан отыруға рұқсат па, қауым?— деді. Мұқа төмен қағыла берді. Бұл келіп қасына отырғанда Көкбайдың ойына бір сезік кіріп қалды. Әнде де, ақындықта да осы отыр-ған жастардың ешкайсысына жол бермейін дейтін кеуде Мұхаметжанда анық бар екені күмәнсыз. «Өзінің кедейлігі болмаса, күтіп ұстаса және мұны бұра беретін «Ырғызбай руымын» деген жуан кеудесІ болмаса, осыдан да көп өнер шығар еді-ау!»— деп Көкбайдың әр жерде айта жүре-тіні де болушы еді. Бүгін мынада бір қыжал бар сияқты.
Сондықтан Мұхаметжан жайланып болмастан, Көкбай соқтыга сөйлеп:
136
- - Сақал-мұртына мұз катып, сақұр-сұқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой!— деді.
— Ауыл жаман болса медресені тастап, құдайдың үйінен қашып, өзің не кып ауылға барып жүрсің?—деп бұрын Көкбайдың молдалық окуын окығанын еске алып, жұртты күлдіріп кеп Мұхаметжан:
— Үндеме, береке сол ауылда, не қыласың,— деді.
— Қай берекенІ айтасың?— дегенде:
-- Қай берекені айтсаң да, тауып беруге мен кспіл болайын... тек шайымды ішкізші, жаным!— деп паңдана қарады.
Осыдан соң Мұхаметжан үндеген жоқ, шайға кірісті. Өзгелер ішіп-жеп болған еді. Қейін-кейІн шегінісіп, бұрынғыша әңгіме, әзілдеріне көшті.
Шұбар ақынның тілегі бойынша, енді жұрт ән-кұйге ауды. Ол ақын бұрынғы дағдылы әдеттері бойынша:
—- Әуелгі ән үлкеннен басталсын, өзгелердің іркілмеуіне жақсы бо лады. Қөке, өзіңнің Наурызбайың мен Тілеуқабақ қызының айтысқанын еске алып жібер,— деді. Жұрттың бәрінің де қалауы сол еді.
Көкбай тамағын кеней түсіп, саспай отырып осы қыста өзі жазған өлеңін шырқаған бір кең әнмен әдемі қып айтып берді.
Бұдаң соң Мағауия бастаған тілек бойынша, көпшілІк Шұбар ақын-нан «СегІз аяғын» сұрады. Ол өзі айтпай, қасындагы жігітІ Орымбек таз-ға айтқызды.
Бұл кездердің бәрінде Мұхаметжан ашығып, тоназып келген бетінде ешкімге үн қатпай, қазы-картаны жеп, шайды да мейлінше көсіліп, терлей ішіп отыр еді. Жұрттың өлеңін де, әнін де тіптІ тыңдамаған сияқты.
«Өзегімді жылытып алайын»,— деп қойып Қысатай ұсынған арактан бір-екІ рет ішіп те алған еді.
ӘредІкте бір ретте Ысқақ бұдан: «Абай аулына соктың ба, денІ са\ ма екен?»— дегенде: «Соқтым, сау, сәлем айтты»,— деп қана койған бола-тын. Ақырында, бұл шайға әбден қанып болып кейін шегініп шыкты. Дастарқан жиылды. Енді дәл осы кезде басым ұні боздай шыккан Мұка «Топайкөкке» сермеп отыр еді. Ол осы әнді айтып болған соң, жұрттың тілеуі бойынша тағы бір-екі әнді айтты. Соңғысы бір коңыр ән едІ. Сөзі де «Ауылым көшіп барады көк қауланға» екен. Осы әні біте бергенде Мұха-метжан жұрттың сұрағанын күтпестен тамағын кенеп ап, Мұқаның домбы-расына қол созды. Анау да әнін бітіп, ұстата беріп еді.
— Осынша ақын жиылып ап «Жабағы арық, тай семіз көп сауған-ға» деп отырармысың әлі күнге! Тыңдасаң өлеңнің өлеңін тыңда, сөз олай емес, былай!— деді де, бөгелместен соға жөнелді.
Бул кеткен Татьянаның шер назы: «Амал жоқ, қайттым білдірмей» еді. Жұрт калт етпей тына кап тыңдады. Мұхаметжан әнінің бұларға мәлім бір ерекшелігі ешбір сөзі шала болмай, бұлжымай естілуші еді.
137
Алғашқы бірер ауызды естігенде жұрт «бәйіт пе, орыс әні ме?» деп нені тыңдап отырғанын айыра алмай отырды. Аздан соң бұл әннің өзгеше қо-ңыр мұңы бар, шер толкып шығарған салмақты, терең сырлы ән екені бай-қалды. Осымен қатар әсіресе жұртты ұйыта бастаған өлеңі мен тілі еді. Барлық жас ақындар мұндай ғашық лебізін ұққан сияқты болады. Бірақ сонымен қатар «осылай болса керек едІ ғой» деумен өзіміз естіп көрмеген сыр мен шер екен-ау деп құлай тыңдайды. ЕкІ-үш ауыздан соң Мұхамет-жанның аузына барлық елдің көзі қадалып қапты. Таң-тамаша қалдыр-ған ғажап тіл. Және соншалық нәзік бұралып ырғалған ұяң сезіммен сон-шалық майда жүрек тіл қатып үн салғандай. Көзінің жасын Іркіп тұрып айтқандай. Қазір міне көз алдында бусанып, тыныс алып тұрғандай шын-шыл жүрек.
Мұхаметжанның кызара нұрланған жүзін көрІп жаңағыдай әсем жы-рына елтіп отырып, ақ көңіл Ысқақ бір әредікте әншіге қарап:
— Ой, көмейіңнен айналайын!—деп қойды. ӘншейІнде күлерлік те жай еді. Бірақ мынау халде ешкім де тыныштықты бұзған жоқ.
Әнші іркілмей, бөгелмей отырып барлық Татьяна хатын ақырына де-йін тұтас жырлап шықты да, күрсініп ап, маңдайының терін сүрте баста-ды. ҮйдІң іші сілтідей тынып қапты.
Көкбай да, Шұбар ақын да үн қатпайды. Сұрлана томсарғандай. Бүлар Мұхаметжанның түсіне де қарамайды. Бетінен ыққан тәрізді. Көк-бай Мұхаметжанның келісінен-ақ осындай бірдеме шығарын сезгендей еді. «Астам сөйлеп келіп еді, тегін емес екен»,— деп мынау өлең мен әннің жөн-жосығын да сұрауға жарамады. Өзге ақын, әншілер де осы сияқты халде еді.
Жұрттын үндемеген жым-жырттық күйін Мағауия ғана бұзды. Ол Мұхаметжанға сүйсіне қарап отырып:
— Ал, Мұқа, ендІ бұл әннін, бұл өлеңнің жөн-жосығын айтсаңшы! — деді.
Шұбар ақын мен Көкбай Мұхаметжанға енді ғана қарап еді. Бірақ екеуі де қарағанда қатты күдікпен қараған тәрізді. Мұхаметжан бөгел-ген жоқ. Қалтасынан кішкене Молда жазған хатты алып, Абайдың қол-жазбасының бүктесінін жазып алып отырып:
— Бұл — орыстың үлкен ақыны Пушкиннің сөзі. Татьяна деген бір қызды бір жігітке ғашық етіп жаздырған хаты осы екен. Осы үш-төрт күн ішінде қазақшаға аударып және мынадай ән шығарып осымен ай-тылсын деген Абай ағам!—деді.
Шұбар ақын жадырап күліп жіберіп:
— Бәсе, мынадай көркем сөз, көрікті әндІ шығарған сен болсаң сенІ-мен не деп тайталасар едім? Жолды беріп, енді өлеңді сен айт, мен қойдым дегеннен басқа нем қалар еді? Түу, бағымды алып қоя жаздағандай боп 138
шұқиып ең, рақмет саған... көп рақмет, Мұхаметжан!— деді. Жұрт ду күлді.
Осы кезде Мұхаметжан бұған хатты да, Абайдың қолжазбасын да табыс етті де, өзі атын жаңа есіне алып, тысқа шығып кетті.
Күні бойы терлеп кеп, енді далада аязда тоңазып, дірілдеп тұрған атын қораға кіргізіп, жайластырып болып, қайта үйге кірген уақытта, үйдің ішіндегІ жай бір түрлІ жат боп өзгеріп қапты.
Енді үлкен үстелдің ортасына пеш қырында тұрған лампыны әкеп орнатып қойысыпты. Бастығы Қөкбай мен Шұбар ақын және Ысқақ боп, бес-алты кісі қағаз, қарындаш алып үстелге жабысып қапты. ШетІнен кө-шіріп жатқаны Татьяна хаты.
Мұхаметжан үндемей кіріп, есік алдында бІраз тұрып, мырс етті де:
— Е, мынаның бәрі менің бұйрығымды көшіріп жатқан песірім бопты ғой! Пәле, Пушкин, тіпті аруағыңнан айналайын!— деді.
Ақындардың құр күлгені бұл сөзге жауап қайырар мұршасы да жоқ еді. Олар тегіс көшіріп болған соң, осы кеш бойында біреу домбырамен, біреу үнмен ылғи ғана Татьяна хатын айтуда болды. Тез үйрене алмаған-дар Мұхаметжанға бастатып, өздері екіден, үштен қосылып отырып айт-ты. Сонымен түн ортасы ауғанша барлығының жалғыз ермегі осы Мұха-метжан әкелген, Абай жіберген Татьяна сәлемі болды.
Көп-көп мезгіл өтіп, жатарманға тақағанда, бұл үйдің ішінде домбыра тартып, ән сала білетін адамның барлығы да Татьяна әнін, Татьяна мұңын ұғып та, көп шерлерін жаттап та алып еді.
£
Осы кештен екі күн өткен соң, қаладағы бір Уақтың қыз ұзатқан тойына Мұқаны шақырысқан еді. Сондағы қыз-келіншек, күйеу-қайын, жас-кәрінің ортасында Татьяна хаты ең алғаш рет топ алдына шығып, атақты әншІнің үнІмен мұңды сазын шертті. Мұнда да барлык мәжілісті шын сезім, шын назымен ұйыта мүлгіттІ. Мұқа соңғы сөздерін ырғап қа-йырып болғанда, құлай тыңдап отырған бір кәрі:
— Қарағым, көп жаса! Бойды балқытудай-ақ балқыттың. Ал енді осыны айтқан кім, соны бір шешіп берсеңші?—дегенде, әнші жігіт:
— Орыстың баяғыда өткен мен сияқты ақыны Пушкин деген кісі болған екен. Соның сөзі. Қазақшаға аударған — Абай,— деді.
Осы күндерде өзІ кездескен мәжілісте Қөкбай да, Ысқақ та, Мұха-метжанның өзі де, басқа білгендер де ылғи ғана Татьяна әнін айтумен болып еді.
Солайша, 1887 жылдың қысында орыстың ұлы ақыны Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан ұстап кеп, қазақ сахарасына ең алғаш рет қадам басып еді.
139
ҚАСЕННІҢ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
(Психологиялык очерк)
Ойпыр ай, не деген, не деген биік! Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара? Неліктен жап-жалаңаш... Бұ қай тау, жаным-ау?.. Қандайлық қап-қараңғы дүние. Түн бе, ала көлеңке ме, әлде не?.. Не қылған құлазыған жалғыздық... Қайдан, қалайша кеп қалдым осында?..
Тау зорайып, пішіні суып, аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Салған сайын тіктеніп шаншыла түседі. Астында өлеусІреғен бір жаман ат... Аяғын жылжыта алмайды. Қалтырап тұрғандай. Сондай халде өзІ. ТөменгІ жағы көз алдында кұлазып, шаншылып тас құзға ай-налып барады. Ар жағы? Қарай алмай көзін жұма берген сияқты. Қап-қара боп, азнап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсІз қара қуыс... Ажал иісі аңқиды.
Қапсағай қара мойнын ашқан өлім бе?..
— Өлдім-ау... Қеттім-ау... Бітті деген осы ма? Бұлқынып қалды, бірдеме тарс етті.
Жәмиланың даусын есітті. Ашулы, ащы екен... Сонда да майдай тиді. «Уһ!»-- деп көзін ашты.
ЕсІкті екінші рет тарс еткізіп жауып қалып:— Құртар болдың ғой әбден, түге... Құдай құртқан немелер! Құрттың бізді де әбден!— деп келе жатқан анық Жәмила, өзінің қатыны,
Аяздай соғып ұшқындап келсе де, бұл жаңағы жалғыздык емес... Қара құз ажал емес... Жер... Ол да емес-ау... ТіптІ өзінің үйІ... Өз төсегі... тірі... бар...
-- Жәмиламысың? Уһ, Жәмила-ай!
— Немене? Неге күрсіндіңіз?
Даусы шошынғандай шұғыл өзгеріп, касына жетіп кеп:
- Бір жеріңіз ауырып жатыр ма?—деді.
Қасен көзін бір жұмып, бір ашып дүниесін әбден күндегі өзінікі қып кайта тауып алмақ боп үндемей жатты. Енді бойын жия бастағанда, Жәмиланын ашуын да күндегі шарт-шұрттың бірі шығар деп, серпіп тас-тамақ еді. Бірін-бірі жақсы білгеннен туған дағдылы есеп. Ертеңді, кеш-кі саясат... «Мен өліп, тірілсем де өстіп қарсы болар еді-ау» деген сияқты, көңілдің алыс түкпірінде жатқан, әншейінде өзіне де жат бір кемпір наз... Сондықтан үн қатпауын бүлдаңқырайды. ТІпті мекірене түсті.
— Япыр-ау, айтсаңызшы, ауырып қалдыңыз ба? Әлде кешегІ ішкен-нен бе екен? «Градус» әкелейін бе? Көп ішіп пе едІңІз?
Жәмиланың даусы әбден жылынды. Ендігісінің бәр-бәрІ күндегі ма-
140
шыкты, бас-аяғы мәлім — тіпті қолымен ұстап, шымшып көруге болатын өз өмірі... Сабасына түсе кетті.
— Жок, ауру емес... БІрак керегі не, өліп-тірілгендей болдым.
— Е, немене, жаным-ау, айтсаңызшы жайын?
— Бір түс,— деп шын-ақ өз жайын, барлык тірлігін снпап, сауырын ұстап байқамак болғандай боп, Жәмилаға қолын созды. БІрақ сипай бергенде, шошайып тұрған мықын сүйегіне қолы тиіп, сұлық түсіп қалды.
«ШІркін, өкпе-бауыр, жалың қапты-ау'» дегендей болды ішінен,-Мәлім, МӘЛІМ».
— Е, со ма? Құдай-ай тіпті,—- дей сала-ак Жәмила түсі сұрланып, даусы қатайып, әуелгі ашуын қайта шақыра:
— Анау қатынды көрдіңІз бе, үлкен табакты плитадан құлатып сын-дырып қойғанын!
— Өй, қай үлкен табақ? Блюда ма, әнеугүнгі төменгі базардан ал-ған ба?
— Е, сол емес пе? Ішім күйіп барады тіптІ. Талайдан қолға түсіре алмай жүріп, жаңа ғана таптым ба десем...
— Ой, құдай ұрсын, құдай ұрғыр... Әй, мазаны кетірдІ-ау, осылар-ақ... Сағат не?..
Жәмила түйілген бетімен:
— Жеті!—деді.
— Уакыт бар екен, ұйкым бұзылғаны-ай!— деп кырын жатқан бойын-да қабағын жоғары көтеріп Жәмилаға қарады. Түсі сұрланып, ерте түс-кен әжімдері айқынданып, бас сүйектері де шодырайып, көп күйкі арық, қара қатынның бІрІ бопты. Шаруа қылам деп басын ескІ сұр шәлімен де орап апты... Ірге жаққа қарай аунап түсті. Алдында төсектің қырына келіп отырған Жәмила бұл мінезге мұкалмай-ақ тұрып жүріп кеттІ.
Ауыздағы үйден: ұзақ, күрк-күрк жөтеліп, кәртең үнмен ыңыранып, алқынған дауыс келді... Қөңілсіздеу жүріспен тырп-тырп басқан аяқ дау-сы да естілді... Бірак анда-санда естілген сөздері жасқаншақ. Еркек дау-сы күбір-күбір етсе, екінші жағынан әйел даусы сыбырлайды.
Қасен ойында:
— Иә, бұл солар!— дейді. Сонымен қатар көз алдынан үздік-үздік көріністер өттІ. 18-жыл. Ақтың тұсы. Ояздық комитеттің бастығы боп жү-ріп, ауырып ауылға келдім... Жазылғанымда ат шаптырам, той қылам деп әлек болға-а-ан. 20-жыл қызылдың қолынан аман шықты деп, қатын-қа-лаш тойын жасап, айтқан малын сойың таратты-ау, осы қатын!
Одан бері де жыл сайын келуіме қарсы бірде қасқа жорға ат, бірде кұлагер ат, пай-пай, бірде ақ жал атты жаратып қойып жүрді-ау!..
Жаз сайын ел үстіндегі қоналқадан басқа, дәл өзінен 30—40 қозы жеп, шығындатып кетуші ең-ау... Байғұстар қолынан келгенін Істепті-ау,
141
өзі... Ей, бірак қазекеңдікінің көбі сатымсақ та ғой. Орайын да алған шығар! Бәсе, соны айт. 17-жылдарда 30 қой, 10 қара, а бертін... бертін?..
Тіпті елдің ру басы, атқамінерлері осыны салып, өзін атқа мінерім қып қоқайтып ап, волисполком сайлауында, кооператив сайлауында, сот, тер-геуші жұмыстарының тұсында менің ықпалымды пайдаланбап па еді?.. Ел ішінде, іс басында жүрген жігіттердің өздеріне жазған хаттарымыз-дың өзі де талай материал болар еді-ау!.. Елдің ішінен шыққан кедей, еңбекші, байга қарсы дегендер болса, үстінен құс ұшыртып, астынан ит жүгіртіп сотты қып, әлекке салып есін жиғызбай, партиясынан айдатқан күндер де болды-ау...
...Түу, со кездегі кеңес үкіметі не деген жайлы деймін-ау! Бұл байғұс-тар онда тыраштаған еді... Не беріп едің дер ме едің? Бермесем де арқам-ды қайтесің?.. Бірақ тірлігіңді қуаныш етіп, саған Ішкізіп-жегізгенІне мәз болып, қас-қабағыңа карап-ақ тұрушы еді-ау, шіркін, Жәмила? Құдай, кәне!..
- Шай дайын, тұрмаймысыз?.. Бірақ наны құрғыр тағы жетпейдІ,— деп бағанағы тері тарамысы жиырылып, бас терісі салбыраған күйде тағы дыбыс берді Жәмила. Тұрып кішкентай, тар төргі үйден ауыз бөлме-ге шықты. Өзі көрші пәтершімен ортақтау бөлме.
Қарсы бөлмеде тұратын орыс семьясы осы үйді басып өтедІ... Не амал?.. Енді түрі мынау, аузы-мұрнынан шығып жатыр.
Еш нәрсеге қарамай, үн қатпай шығып кетті. Жазғытұрымның кезі. Алматыда биылғы көктемде сирек болған ашық, жарқыраған күн екен... Тау көрінді... Үлкен Алматы биігіне көз тоқтады.
Қасеннің туып-өскен жері Алматы да, Жетісу да емес. Таусыз бірың-ғай, жазық далалы жер. Болса аз-маз адыр ғана бар. Сондықтан ол мына-дай аспан құшқан, бұлтқа араласқан, қиын асқар үлкен шыңдардың сырын ұқпайды.
Сұлу-ақ шығар, бірақ жат, таныс емес, көңілді көп қозғамайтын әл-деқандай өзі алыс, өзі суық бір сұлулық. Сондайлық ұлы тау бүгін бір ерекше болып құбылған екен. Әсіресе бұлттар тамаша. Қарағайлы белдеу-ге шейін төмендеп кеп, таумен ұласып, түткен жүн, иә мақтадай боп түте-леніп будақ-будақ боп кетеді. Солардың кейде үстіңгі жағынан, кейде арасынан көкшіл-қоңыр тастар, қарлы шошак шоқылар немесе сирек, алабарқын тау арқалары көрінеді... Бір бұлт, бір қар, бір тас боп бауыр-ласып кетедІ. Қамалған көп қалың шыңның ортасында әсіресе ҚасеннІң көзін көп тартатын Үлкен Алматы биігі. Бұның да төсіне бұлттай, будай шудасы оралып жатыр. Барлык Алатау тобының ортасынан бөліп шыға-рып, «мынаны көрші» дегендей қып өздері де айнала иін тіресе тұра қалып, ортасындағы оқшаулау жалғыз биігін тамашалағандай.
Дәл шолақ басында аздаған қары бар. Онысы, Орта Азияның сырма-
142
лы, шошақ, ақ тақиясындай. Тау үш қырлы, нағыз сонау бір суреттерде көрген пирамиттердей... Бірақ талай-талай мың пирамиттің бір жерге қосылып жасаған ескерткіші сияқты. Бағанағы, түсіндегІ биік құз да осы сияқты. Үлкен Алматы биігі онан сайын алыстап, суи түсті.
Көп заманнан бері бұның ойына шырмауықтай оралып, қайратымен қажап өтіп, лебімен жаныштай кетіп отыратын бір сұрақ бар емес пе?
Ол бұрылып келе жаткан социализм жайы... Бүгінде бұған да ол бар нәрсе. Болмыс, ақиқат, айнала. Ол да осы биіктей қырланып, соқта-ланып, граниттей қашалып, кең, алып Іргесін орнатып, өсіп келедІ...
Қасен тілесін-тілемесін, танысын-танымасын... ол жеңіп, бөксеріп ал-ды. Өрлеп, зор кеудемен асып барады.
— Солай ма, солай емес пе? Мен құрушыларының санында бармын ба, жоқпын ба? Ай, жоқпын-ау... Сондықтан маған алыстан қарайды, суық қарайды-ау... Шіміркентпейді, тітіркендіргендей... МейІрлі емес, кор-қытады. Басатындай-ау... Құрушысына солай көрінер ме еді?
Үлкен Алматы биігі сол күйдің елесіндей... Бүгін ерекше бір мағына, мазмұн тапқандай... Қасен ойына бұл жанданғандай да, жазалайтындай да көрініп кетті... Және не ойы, не сезімі, не қылығы болса да соған мәлім... Сонадан көріп тұр. Не қылса, бар қимыл қозғалысымен бұл соған барып сүйкене, мәлімдене кететін сияқты. Тайып кетті.
Ауыз бөлмеге қайта кіргенде, алдында Жәмила тұр екен. Қолында үлкен табақтың сынығы... ЖүзІ ұшқындап тұтанған.
— Қарашы, міне!— деп, екі қолына екі сынықты алып, созып,— мына флитәдән түсіріп...
ҚасеннІң ойынан бірталай нәрселер жылдамдата жортып өтті.
— «Флитә» деп сөйлейдІ-ау! Айтар ма едІ әлгі тілшілерге! Қазақ-та «х» жок, «ф» жоқ дейтін немелерге? Рас-ау, бұл бірақ кыз күнінде «Мүһаммадия», «Сыбатылғазиндерді» қажалақтап едІ-ау. Бозбала ,боп жалына жазған хатымның бІрІне:
Болыс бір фәрдәдән, Юз фәрдә бижай'--
деп, аяғына«бәнті Фазил» деп те қол қойып едІ-ау... Енді оқыған кісім боп сиыр жорғалап тұрғанын көрмеймісің?
— «Ой, флитең» бар болсын!— деп, көзІ аға-жеңгесіне түстІ.
Бұдан жаңағыдай үн шыққанда, төмендеп қорғалақтап құдайына жазып отырған аға-жеңге кас-қабағын жыбыр еткізіп, жалтаң ете қап, жоғары қарасып еді...
Қасен шұғылынан томсарып жіберіп, төргі үйге қарай басып келе жатып:
143
— Сендер де құртар болдыңдар-ау!—деп, жеңгесінің жолда жатқан кебісін аяғымен теуіп жіберіп, төргі үйдІң есігін иығымен қағып жібере кіріп кетті.
Қатты тепкен кебіс тарсылдай барып екінші бұрыштағы темір төсекке соқты... Үстіне простыня жамылып жатқан жас жігіт ояна, басын көтеріп:
— Бұ немене, безобразие? Қойшы, Жәмила, тіпті сендер де, не боп кеткенсіңдер?— деді. Шала оянып естіп жатыр екен... Жаңа шығайын деген мұрт шала тебіндеп, түк есебінде қылтанақ берген. ӨңІ қызарыңқы-раған сұлуша. Қатты, таза ұйкыдан маужырай тұрған ашық, бала жүзі бар. Қабағын түйе сөйлейді... Бұл — Сәлім, Қасеннің інІсІ, жас студент.
Аз да болса демесІндІ естігенде, үлкен ағасының үні шығып:
— Құдай қара бастырған мынау, қара басып,— деп қатынына ты-жырына қарап ап,— тіпті сол түңліктей табакты қағып түсірер ме? Жау қуып келе ме екен? Ашуланбай қайтсін келін!— дегенде, Сәлім киіне беріп:
— Жә, қоя-ақ койыңдар... Түсіп кетті де. ҚайтушІ еді?— деді.
— Қандай табақ екенін білемісің сен өзің?— деп, Жәмила тепсініп барып едІ.
— Маған десе алтын табақ болсын...
— Қыс бойы төменгі базардан аңдып жүргенімді қайтейін.
— Ну что же?
— Жә, немене, сен тіптІ закон айтып қоймайсың?
— Ол закон емес, жөн...
— Жөнің өзіңе, сен де ұстат1 болайын деп пе едің?
— Немене иығынан түспейсің?..
Сол кезде көрші бөлменің есігі ашылып, Анна Ивановна шықты. Жасы отызға жетер-жетпес шамада... Кеңсеге, қызметіне баратын қал-пында кепті. Таза, жақсы киінген. Қырыққан шашында аздаған қоңыр бұйрасы бар. Бойшаң... Үлкен, ашық көк көздерінде сұлулық та, мейірім-ділік те бар... Барлық жарастықты, сүйкімді жүзі үлкен мінезділік пен кең толғаулылық сабырлылықты білдіредІ.
Жәмиланың қолында табақ сынықтары әлі жүр еді.
— Жәмила, мынау ма сынған табақ? Рас, аяныш екен... БІрақ қате ғой, бола бередІ... Мен де өз нәрселерімнің талайын оқыс сындырып ала-мын да жүрем!— деп, жеңгеге бұрылып қарап, халдерін ұғып алып:
— Бәйбіше байқамаған ғой, көресіз бе, о кісіге де өте ыңғайсыз боп отыр ғой!— деп, Жәмилаға қайта қарап:—Жәмила, бірақ мұндай табақ көп, табылады!..— деді.
— Жоқ, табылмайды. Қыстай кезгем...
'Ұстат- адвокат деген мағынада (ред.).
144
— Табылады, Жәмила... Мен осы жакында-ақ көргем, тіптІ магазин-де де болып қалады...
— Тастаңыз оны, Анна Ивановна, оның ашуланбайтын күнІ бол-майды.
— ТІптІ менің-сыншым боп апсың-ау, сен өзің! — деп Жәмила табақ-тың сынығын шылдыр еткізіп тастай берді.— Қарашы бұны!..
— Ой, қойшы тілеуің берсін... Мазаны алмай...
Анна Ивановна өзінен-өзі ынғайсызданып, тұрарын да, кетерін де біл-мей, ебін таба алмай барып, аяғында Сәлімге;
— СәлІм, сен қойсаңшы, немене? Ол үлкен... Несіне қанын бұзасың!— дегенде, екі жақ та кішкене толастай бастады... Сол уақытта іле-шала Сәлімге:
— Оқыдың ба, кешегі кітапты?.. Одан да соны айт!
— Окыдым.... Бітірдім. Да, жақсы кітап екен... Горькийдің жазуы қандай жақсы еді... Сондайлық мол қалпымен соншалык қона кетеді...
— Иә, сондай жүдеу балалығын қандай саналы, ғибратты дәріс есе-бінде берген.
Ғжеуінің бұл сөздерін өтіп бара жатып, Қасен есіте кетті...
— Иә, кітап... Ойдан шығару... Сырлау... Соны да мыжушылар бар-ау әлі! Маған тіпті бір алты қырдың астында калғандай-ау өзІ... Қайда, қайда! Қашан да қашан боп сырғып кетіпті-ау, сірә... Е, барса барсын... Өмір кітабы да жетеді... Ананы әлгіндей мылжың орыс қатыны мен аңкау бала жем қылсын... Шіркін-ай, бүгін бір ет табу керек еді... БәрІнен де соны айтсаңшы.— деп аттап тұстІ. Кеңсесіне кетті... Сәлім түнде оқып бітірген кітабының әсерінен үзіле алмай отыр.
— А, оның атасы сияқты кісілер әлі де, бүгін де бар. ТіптІ мен айта-йын сізге, нақ осы біздің Жәмилаларда да соның бұйымы бар...
— Кой, сен Жәмиланы, оны ренжітпе. Қателесесің. Ол баба басқа... Ол — тіпті басқа жағдайдың адамы...
— Мен бәрібір таныдым. Ол менін. танысым. Соған осы Жәмила виноват.
— Сен кітапты жақсы оқиды екенсің, мен тағы берем. Беріңіз, менің сауатсыздығымды жойыңыз.
— Немене, әйтпесе сен студент... Әлі тіптІ Горькийді де жақсы біл-мейсін!..
— Үндемеңіз, Анна Ивановна. Мен тіпті ұялам... Одан да ақы-рын-ақырын берс беріңіз!..— дегенде, Анна Ивановна портфелін қолты-ғына қысып, басын үндемей иіп, жүріп кетті...
Қасен кақпадан шығып, жоғары тауға карай аяңдады. Кенсс өлкелік шаруа орнының бірі, сол жоғары жақта болатын. Кешең шығып қалған екен. Бұл сияқты кешігіп шыққан кызметкерлер еркегі, әйелі бар көше
О1 227
145
бойында асығып басып, сарп ұрады. Бірақ Қасен жегінге мезі болған, қырсау тартқан аттай сылбыр, сараң басады. Алдында Үлкен Алматы биігі кім екенін танып, бейілі қандай екенін ұғып тұрған сияқты. Үндемей-дІ. Сазарып, қатайып біледі де қояды.
БІр-екі квартал өткенде, бұның көшесін көлденең кесіп, өзінше басып, Қасымқан кетіп барады екен.
- А-ай, тұра тұр.
Қасымхан көрді де, тосып тұра қап:
- Бол, бас аяғыңды... Немене, ілгері басқан аяғың кейін кетіп?
— Ой, бар болсын, ілгері басушы ма еді?— деп қол беріп ап:— не-мене, жем Іліне ме? Ет-мет білген жерің бар ма?
— Иә, Жәмила шіркіннің күйі кетіп тұр ма. Орта құрсақсың ғой, тегі, ә!— деп кұлді.
— Орта құрсақ деген де бір дәурен емес пе?
— Қу құлқын ет керек қып тұр-ау...
— ҚүлесІң ғой. Бірдемең бар ма едІ? Етің болса, литровканы өзім ала қайтайын. Ғайнижамалға хабар қылшы... Ішін ұрайын, өлер болдым...
Қасымқан күліп:
— Айтарсың. Ет көрмегеніме тап жеті күн болды... Құрыдық қой, ойбай-ау. Қөз ашылар кұн бар ма, жоқ па? Паектен хабар білдің бе?
— Паегі бар бол‘сын. Біздікі бір жетісіп тұрған паек пе? Шіркін-ай, қазы араласқан қой етін бүйірім шыға бір жемей-ақ кеткенім бе?— деп, Қасен қабағын түйіп алды.
— ЕндІ әнеугідей бірдеменің ретін табайық та.
— Естіген ештемең бар ма?— деп дәмелене қарады да:— ай, мына құрыған көктемде не табылады дейсің!—деді.
Қасымқан:
— Бәсе^ «елдің тісін-тісіне қоятын» шағы болушы еді ғой, жайшылық-тың өзінде кұрыған кез ғой... Ол емес, катыныма бір аяқ киім, бір жазғы пальтолік бірдеме табарың бар ма? Кадрсың ғой. Ештеңе оралар ма екен?
— Ойбай, өзім де сендеймін. Өзім орналастырған иттің талайына кұлаққағыс қып ем. Уәде қылса да, бірақ еш нәрсе түспей жүр.
Қасымқан жолдасының тартпа мінезіне сеніңкіремеген пішінмен: — Қасен, шын айтам.
— Е, мен шын айтпай неғып келем?
— Шіркін, еруліге — қарулы... Қыстыгүнгі сары ботинканың орайын бір қайырсаңшы. Сен үшін тап месткомның аузынан-ақ қағып әкетіп ем ғой, жанды ортаға сап жүріп... Бұлдыратып жүріп Нейманның да резо-люциясын соқтырып ем... Сондай бір еңбек қылдың ба?—деп, қалжың-шыны аралас күліп, Қасенді арқаға қақты...
146-
Қасен дым онша жіби қойған жоқ. Сары ботинка болса бойға сіңіп тараған.
— Бір орайын мен де табармын. Ер мойнында қыл арқан шірір деймІ-сІң?— деп қырқылжың түлкідей ұзақ сонарға сала берді.
Қасымқан күдер үзе бастап:
— Со ма бар тапқаның?
Қасен сары ботинканың жайын есіне алды. Ол ар жағында бұның Қасымқанға әперген костюмдік бір отрезінің орайы болатын, «бұлдырат-қанға неге көнейін» деп ішінен өзінің алық-берік есебін ойлап алып:
— Мені қағыстырғанмен мардымды бірдеңе шығар деймісің? Одан да Қазкрайсоюздың председателіне трикотаж кептІ дейді. Екеуміз бірігіп Сәлменовты айналдырайық,— деді Қасымқан одан да түңіліңкіреп:
— Әкесінің пұлын бергендей болушы еді, кім біледі... Сондағы бастық қызметкерлердің бәрін айналдырып жүріп, алдымен өзіне сықап алады...
-- Тойымсыз-ақ шығар? Біздің қатын: әйтеуір, еркек-үрғашының бірде-бір киімі сыңар емес: не түстісі болса да, қос-қостан дейді ғой...
— ПәлІ, бағасы жазылған кағаздары алынбаған костюмнің өзі үшеу деседі.
Қасен күйініп те, қызғанып та:
— Шіркін, соны айтсаңшы,— деді де бағанадан бері пұл мен жемді әңгіме қылғандарына өзіне-өзі қанағаттана алмай:
— Жә, жай қалай өзі, түзелетін бе, не естіп білдің?— дедІ.
Бұл соңғы күйдІ Қасымқан да түсінді. Бұрын о да кісілік ойлаушының бірі болған. Шұғылынан түсін өзгерте қойып, мүләйім тартып:
— Түзелер ме екен, кім біледі? Аз дәме бар ғой... Бірақ зор киын-дыққа тіреліп тұрғанымыз да бар,— деп барлай сөйлеп, Қасенге қарады. Қасен де жазылған жоқ. Бірақ томсарып, салбыраған боп:
— Кім біледі, әлде түзелерміз. Ақтабан шұбырындыдан да оңалыпты ғой,— деп күрсінген болды.
— Иә, қолдан келгенді аянбайтын сияқты!— деп анау да жүдеген тәрізденіп:
— Осындайда біз мынау, қазы-қарта деп жүрген!— деп карқ-қарқ күлді. Қасен Қасымқанды көргенде айнаға қарағандай болатын. БІрак одан гөрІ өзі ку құйрықтау, шүңеттеу... Ананың жаңағы күлкісі бұған өздеріне күлу, күлгенде бір нахалдық сезбестікпен өз перделерІн жырта күлген күлкі сияқтанды.
— Көп үшін мен өзі үшін бар. Бір кездегі «адамшылык үшін» мен «басым үшін» бар, бұрын осылардың екі аралары бірқатар алшақ сияқты болушы еді. Осы күні Қасенге тіптІ таразының екі басындай, қарға адымындай-ақ боп қалған сияқты. Дүниенің екі басы сияқтанып тұрса да бірінен-біріне минут араламай-ақ секіре салатын бопты...
10*
147
Соның бІрі — жаңағы. Осындайдың үстінде ұстап қалғанда ол аз да болса қысылшаң тартып қалады. Қасымқанның күлкісі ыңғайсыз тиді.
— Қүлеміз-ау... Әлде не боп барамыз? Түзесейік те одан да!— деп Қасымқанның түріне қарады. Екеуі біраз қарасып тұрды да қоса күлісті, ұғысты... Мына соңғы әншейін бір тІлдің ұшы...
— Әлбетте, әлбетте!—деп мынаның қолын қысгы да, асыгып адым-дай жөнелді Қасымқан. Қасен кеңсеге келді. Қызметкерлердің көпшілігі келіп, орнап қалған екен. Қеңсенің корндорын, үлкен бөлмесін басып өтіп келе жатып, оңды-солды қалпағын көтеріп:
— А, Иван Семенович, здорово, Николай Петрович, Марк Аронович, друг. Қайырлы таңертең, Зинаида Николаевна!— деп бәріне де ақсия жымиып салмақпен жүріп өттІ.
Жолшыбай көзі түскен еді. Бастық бұдан бұрын кеп қапты. Ыңғайсыз. ЖөткірінІп, түсін томсырайтып жіберді. Портфельден бір көп қағаз алды. Орнына отырмастан бастық алдына келді. Қөзіне пенснесін киіп, ат жағын тістеніп, сұрланып алған. Айыл-тұрманын тартып, барлық нервісін шок-тай жиып апты. Іс соңына ғана үңілген. Қынжылғаны қызмет жайы, түн ұйкысын сол-ак төрт бөлген кісідей кабағын түйіп, асығыстап тұрған сияқты.
Шіркін, қазақтың ұйымсыз маманына, Америка адамының ісшілді-гін тапқан екен-ау,- - дегізгендей-ақ.
Сырт қалпы: «Пай-пай, осы бастықтардың алды уақытыңды көп алады. Ісіміз тез шешілмей бөгеліп, қарқын содан шабандайды» дегендей боп, ауыздығын шайнап, жер сүзіп тұр. Бастык алдына бұдан бүрын кеп іс басқарушы араласқан екен;— Мынау әлгі строительство туралы сов-нарком қаулысының жоспары... Мына біреу шығыс облысынан келіп отыр-ган тығыз телеграмма. Жауабын тез беруіңіз керек... Мынау кешегі кол-легия қаулысы... Танысып қол коюыңыз керек. Облыс облысқа жібере-міз!..— деп созбалап'барады.
Арасында көзілдірікті, қасқа бас бухгалтер салмақты салқын пішін-мен:
— Жолдас Жарасбаев! Мен банкедегі совеіцаниеге тез баруым керек!..— деді.
— Қай мәселе туралы,— деп бастық қаулыдан басын көтере берген-де, Қасен де басын иіп амандасып қалды: Бухгалтер:—Строительство-ның сметасын сонда тағы талкыламак. Түсінік беремін...
— Бар... Тез бар. Талас. Шатак шығарып қысқартып жүрмесін.— Осындай бөгеулер Қасенге ширет гигізбей тұр. Бірақ бастык қазак. Өзі кең мінезді жігіт. Қасен әр кезде кеңседен тыс жерде де кеңесіп кояды. Еті үйренген. Сондықтан қарап тұрмас үшІн, столдың бір жағынан отырып, Іс басқарушы баяндап отырған мәселелердің бірталайына.
148
— Е, ол былай шығар. Рас, ол анау ғой!—деп сұрамаса да сұғыла кетіп отырады. Іс баскарушыны білмейтін кісі қып, кақкылап та кояды. Соның бәрінде өзі өлкелік кеңсенің немен тыныс алатынын бұлжытпай білген, бұның жалғыз өзі емес, барлық тарау-тармақтары, облыстарының істері — бәрі де Қасеннің балыктай жу.зген мәлім көлі сиякты. Солай боп көрінуі ксрек.
Құр қазақ емес. Қеңсесінін кара кыртысын айналдырған маман қазақ. Және осы кеңсенің тілек-талабы бұның да бар мұрат-мақсаты болған шын бейілді, қамқор казақ... МІне, Жарасбаев көзше Қасен осылай боп көрінуді тілейдІ...
ТегІнде Жарасбаев бұл кеңсеге жаңарақта келген кызметкер. Бұрын үлкен орындарға бастық боп жүрсе де, түбі көп оқымаған. Мынау кеңсеге де тегі көп маман жиылған. Ауыр, мол шаруаның орны, ісінің қия басқан жері мамандық білімді керек етеді.
Оның бәріне құр бақ көтерген большевик әзірленген, тағаланған деймісің? Әрі-берІден соң бұның басын қатырып, өзінің қақпайына алып кетеді мамандар... Одан да мен көп істің ұшық тетігін білетін кісІ бсщ отырып, мыналардың ақаулы жерлерін айта жүрейін. Сонда менің ма-мандығым бәрінен керек «мамандық» болады деген есебі болатын...
Жарасбаев басында бірталай уақыт бұнымен өте ұзак сөйлесіп, айтарлығының көбін естіген. Бірақ әлденеден соңғы кездерде сол әңгіме-лері сирей келіп бітуге айналды...
Осы Қасен, Жарасбаевтың сақтығы: «казаққа жақындасып кетті деп жала жабады деген қоркақтығы» деп байлады. Анығында бұның әңгіме-лері соңғы кезде ылғи қайталақтап, бір ізін қайта-кайта баса беретін боп едІ.
Әлденеше рет айналып кеп соға беретін:
- - Бұл кеңсенің мамандары көбінесе сөз айдайды. Жұмыс істеп отыр-ган бірІ де болмайды. Айтатыны ылги пәтер, тамак жайы. Аңсағаидары баска бір жақка орайын тауып бұлды боп кету. ӘйтеуІр. шын бейілімен жұмыс істейтін бір жан жоқ!- Сөздің кәбі осы еді.
Өшірет өзіне жетті. Жарасбаев Іс басқарушыға бірнеше тиімді кысқа тапсырмалар беріп:
— Жә, сіз не айтасыз?—деді.
--- Мен коренизаңия' ретінде мынау үш кісінің тізімін әкеп ем. Шығыс облыс пен Қарағанды, Ақтөбед.ен біздің система қазақ қызметкерінсіз отыр. Өздерін кадр секторына жіберіп, солар арқылы коренизацияны осы облыстарда... нетпесек... Ылғи бюрократ маман, өздерІ іс істемейді...
Коренизаци я -- кьізметке жерплікті халык өкілдерін тарту мағынасында (ред).
149
Оның үстіне арасына қазақ қызметкерлерінің тұмсығын батырмай... енді бір решительный бет бермесек, екпінді кіріспесек...— дей бергенде Жарас-баев:
— Бұлар сізге таныс адамдар ғой?—деді.
— Е, жайларын тіптІ жаксы білем... Рекомендовать етем.
— Мамандықтары бар ма?
— Бұрын кооперативте, шаруа орындарында...
— БілІмдері қандай?
— Қай білімін айтасыз?
— Жалпы білімі, Іс жүзінде ысылғандық... Жалпы әзірлігі.
— Е, бәрі де егде адамдар... Неге ысылмасын?
Жарасбаев Қасеннің бетіне қадалыңқырай қарап:
— Осы сіздің қолыңызға түсетін адамның барлығы «егде», «егде» бола беретіні несі?— деді.
— Жастар жағының бәрІ тұрақтамайды... БүгІн кіріп, ертең оқуға, не басқа бір жеңіл іске секіріп кете береді...
— Сіз біздің жас маман, жас екпінді қызметкер дегендердің барын анықтап еске алмайсыз ба, қалай?— деді де күлді. Қасен қысылыңқырап үркектеп қап:
— Е, неге?	'
— Ендеше, осы әр жерге ұсынып жүрген адамдарыңыздың ішінде бірде-бір маман қазақ бар ма? Оның өзІ, тегі, жоқ емес пе?
— Жоқ дейсіз бе?— Бұның шұқшиған түрін көріп Қасен: — Бар бол-ғанмен жоқтың қасы ғой...
— Біздің мамандықтан дәл өзің білетін талай инженерді атап берейін бе?
— Біздің қолымызға түспейді солар.
— Айтыңызшы, ал бітірген түспесін. Соны іздеп барып білейін деген талабы бар ма біздің кадр бөліміміздің?
— Қайдан Іздейік?
— Бітірген түспесе, бітІргелІ жүрген, бір жыл екі жылда бітіретін Ташкент, Қазан, Мәскеу, Ленинградта біздің мамандықтың неше студентІ бар? Оны абайлап көрдіңіз бе?
— Оны ескерейін деп ойланып жүр ем...
— Олай болса нешеуін біз өз стипендиямызға алдық екен? Оны біле-сіз бе? Маман кадрын жасаудың бір үлкен жолы осы екенін шала ойла-ғансыз ба, қалай?— Қасен тоқтап қалды.
— Кәне, нешеу?
— Біле алмадым!— деді Қасен.
— Ендеше, мен айтайын. Он қазақ студенті біздің стипендияда. Кеше тағы төртеуін кіргізуге бұйрық бердім...
150
Қасен бойын қайта жиыңқырап ап:
— Жақсы, жақсы екен... Бірақ енді ол түбегейлі алыстағы кадр ғой... Мен бүгінгі коренизациямен...
— Жарайды... Ал біз бұ сөздІ бастағалы көп болды. Оның үстіне крайкомның, жалпы үкіметтің берген бетін білеміз...
— Иә-иә, со ғой тығызы...
— Бәсе, кәнеки, айтып беріңізші маған? Алысты қояйық, осы жылы біздің кеңсе қанша процент қазақыланды?
Қасен мүдіріңкіреп қап маңдайын қасып:
— Процентін дәл айта алмаймын...
— Ендеше, неше қазак алдыңыз?
— Он шақты боп қалды.
— Е-е-е! Жүз елу қызметкерден он шақты боп қалды... Оның ішінде әлгі мен алғызған хат тасушы, уборщица, көршілер де бар... Солай ма?
— Е, солар... солар да бар.
— Жоқ, жолдас!— Енді Жарасбаевтың даусында сыз біліне баста-ды,— Бұл қарқын емес... Бюрократтык ат мініп, түйе жетелеп келмейді...— Енді он күн срок. Отыз процентке жеткізіңіз қазақ қызметкерлерінІң санын.
— Мамансыз болмайтын кеңсе ғой біздікі.
— Сіз қай инженер едіңіз?.. Жүз елудің бәрі инженер ме?
— Әйтсе де білімсіз...
— Тегі, оқыған буын жалғыз біздің буын емес. Арттан өскен, өсіп келе жатқан қалың күшті буын бар екенін ойлай жүріңіз... Ондай мәдени напокление болмаса, біздің бесжылдықтар бос сөз болар еді. Істі сиыр құйымшақтатпай, шамаңыз бар болса, қарқын табыңыз!— Телефонды ұстап:- - Подстанцияны!—деді.
Жарасбаев сонымен біраз тосып отырғанда: Қасен:
— Мыналарды қайтейік?—деді.
— Оларды маған жіберіңіз. Менімен сөйлессін.
Қасен тайқып кетті де... Тағы артына бұрыла беріп:
— Осы істің өнДімеуіне сіз мені кінәлағандайсыз ба, қалай?—деп артына біраз кінәмшылданып қарады...
— Онда мағына жоқ. Қім жауапты дегенді тексеріп жатқан ешкім жоқ әзір... Мәселе істің, істің жауаптысы болғандығында,—деді де теле-фонға,—подстанция! Совнарком хатшысы!—деп тоқтады.
— Бұл бар кеңсенің жеңе алмай келе жатқан қиыншылығы ғой.
— Олай болса алдымда мынадай-мынадай қиыншылық, бөгет тұр деп бірде-бір баяндама неге жасамайсыз? Қоллегияда, менің алдымда осы мәселені неге бір рет қоймайсыз?
— Онда мен тіптІ түк жұмыс Істемеген болам да.
151
— Жок, тіпті жапа-жалғыз істеп жүрген сіз ғана боласыз. ӨйткенІ менің бірде-бір жәрдемімді сүраған емессіз... А, нәтижеде он кісі...
Қасен тұрып-тұрып шығып кеттІ, бірақ арқасына аздап суык кіргендей болды.
Жарасбаев бұның көз алдында осы арада шұғылынан өсе жөнелген-дей. Бұрын мұндай деп ойлаған емес...— Қандай зІлдІ сөйлейді... Мықты, нығыз ғой, бәтір-ау...
«Е, қойшы, бұйткізіп отырғанның бәрі билет пен орын ғой... Мен жұрейінші сен болған жерде... Қөрер едің, бәлем!» деді ішінен. БІрақ солай деуін десе де, қазіргі халінд^ өзін бір мықты жуан алғыр сауырлап айдап тастаған саяқ аттай сезді... Ішінен әлденеге кіжіне тұсіп, терезеге қарады. Үлкен Алматы биігі қарап тұр... Кеудесінде бұйраланып.будақ-тап ұйыскан бұлт шудасы... Құрсініп маңына қарады... Бұның столына ұлксн маманның бірі келедІ екен. Аузында папиросы, сірІңке сұрады... Нығыз... көзінде үлкен мүйІздІ көзілдірІк. Қасен сірІңкесін беріп жатып:
— Айтыңызшы, пожалуйста, Алексей Николаевич, Жарасбаев кеңсені қазақыландыр деп тығыз срок, қатал бұйрық бердІ... Қімді қояйын?..
— КісІ жасап үйреніңіз. Соғыңыз балға, төс ап. Е-Еһе!
— Бәсе... Ең болмаса соларын үйретсе екен!
— Күйремеңіз ондайға... Сезбеуге тырысыңыз. Мен сізді түсінем ғой... Халіңізді... Не Істейсіз?—деп темекісін будақтата тұтатып ап:
— Онан да (ертең демалысқа қарсы) бір пулке жасайық, қалайсыз...
— Жарайды... Жалғыз-ақ ана орынбасарды қоса шақырайық...
— Біреуі ол болса болсын!— деп маман күліп, Қасенді арқаға қағып:— бастық жағын тәуір көресіз-ау, ә, Қасен Нұрбаич!— деді.
— Мен қазақ бастығына онша құмар емеспін, орыстар ничево. Олар жай отырыста ұлыктығын ұмыта да отыра алады... Және сөйлесе оты-райык! Біраз... Түсінесіз бе?
— Жарайды! - деп маман кетіп қалды. Қағазына енді ғана аз уақыт қарай беріп еді, бір үлкен нәрсе ойына сап ете түсті...
Салып месткомға келді.
— Жолдас Сергеев.— Көзінде көзілдірігі бар Ісшіл адам пішіндес жастау жігіт қағазынан басын көтеріп, бұған қарады.— Кеше азык-түлік карточкасын үлестірдіңдер ме? МенІң мәселемді Жарасбаев сендер-ге тапсырып еді ғой...
— Иә, үлестірдік.
— Мен қай категориядамын?
— Екінші.
— Сіз мазақ қыласыз ба? Менің толып жатқан асырап-сақтайтын-дарым бар... Мынаумен тіршІлік ете алмаймын деп мен айтқаным қайда? Істей алмаймын бүйтетін болсаңдар, міне, антқаным..
152
— Тоқтаныз, сіз мәселені неге бұнша шұғыл қоясыз?
— Иә, сізге жақсы... Майдалан коюға...
— Ғапу етіңіз, мен өзім үшіншідемін, сізден төмен...
— Маған оның бәрібір...
Қасен бұл жерде бияздана алмаспын дегендей боп танау қағып;
— Бұл — казақ қызметкеріне жағдай бермегендік... Сырғытудың әдісі...
— Енді сізді екіншіден әрі қай жерге қояйық, айтсаңызшы.
— БірІншІ қайда, кім алады?
— Ол он-ақ орын, анык. Анық үлкен маман мен коллегия мүшелеріне де жетпей қалды ғой.
— Маған керегі жоқ. Тыңдағым да келмейді!— деп ата жөнелді. Сол бетімен үлкен кеңсенің асты-үстін шарлап жүріп, әр жерде шанжау-шанжау отырған қазақ қызметкерлерінен:
— Сендер қай категория? Сен қайсысы? Қалай болды? Міне, саған казақыландыру. Ал келтірші енді кісіні... Бірде-бір қазақ біріншіге кір-мепті... Және мынау местком барып тұрған шовинист. Айтыңдар осыны! — деп ұйымсыз қызметкерлерге осылайша соғып, ұйым мүшелерінің ішін-дегі бір жас жігітке келіп:
— Шырагым, Кәрім-ау, ойлашы, біз тіпті мал үшін емес, ар үшін дейтін қызметкеріміз қазақтың... Оны өздерің білесің... Ішін ұрайын, тап мен сол бес-он қадақ ұнның. Мәселе негізде ғой. Біріншіде бір казақ жоқ. Біз қалайша тартпақпыз қазақ қызметкерлерін? Қімді шақырсақ та әуелі шартыңыз, жағдайыңызды айт деп қоя беретінін білесің.
— Бірінші мамандардікІ, коллегия мүшелерІнікі ғой... Маман казак болса бірсәрі...
-- Бар маманға жетіп отыр ма бәрібІр. Рас, жеткенінше соларға-ак берейік. Біздікі не? Солар жесе жесін, бірак ісімізді істеп берсінші. Мына бесжылдықтың үлкен құрылыстарын осыларға істетіп, Қазакстанды индустриялайыкшы. Сол қуанышы да жстеді, ал тіпті...
Жас жігіт күліп:
— Ай, ағай, оларды бір Америка ма.манынша қарамасаңызшы. Бәрі де советтің маманы ғой... бөлшектемейік.
— Жоқ, сонда да мен өзім солай сөйлейтін адаммын, шырағым. Саяси бағытты өзін түзей берерсін. Біз казакша өз аулымыз ғой... Олар болса конак. Қазақ боп таласу керек емес. Көтере берейік.
- Ендеше, не дау бар?
— Бірак сонда алғанда ынсап болсын дейім. 95 процентті солар алса. бірер орынды казакка деп қоя тұрайык та. Ертең маман шыға калмай ма? — деп көп-ақ жағалап еді. Жас жігіт құр күле берді. Қызбады да.
Ішінде ит өліп жатса да, Қасен бұл жігітке келгендегі алғашқы мас-касын бұзбастан:
— Жарайды, енді бұйырғаны болар... Мен де нервімді бұзбай-ақ қояйын... Құрсын сол месткомның шовинисі де, бәрІ де...— деп шығып кетті. Орнына қайтты. Ішінен бұл мәселені әлі қалдырмақшы емес... Бүгінгі құбылыстарының ішінде жаңағы соңғы өзгерісі өте бір сирек қол-данып жіберетін мінезі еді...
Орнына кеп отыра бере тағы Үлкен Алматы биігін көрдІ... Граниттей қашалған... «Мәлім... мәлім!» дегендей боп шыдап қарап тұр.
Енді біраз қағаздарға қарай беріп еді... Қасына жақындай бере біреу сәлем берді. Басын көтерсе, бағанағы Жарасбаевқа ұсынған үш қызмет-керінің бірі Аманбай екен... Ұзын бойлы, шұбар.
Басында пұшпак бөркІ, аяғында ұзын қоныш, биік өкше орыс етІгІ... мұрты ұзын. Баяғы бір земстволар көзінің қалдығы. Қөзге жылы ұшырай кетті... Қол алысып отырғаннан кейің:
- Арызыңды Жарасбаевтың өзіне бердім... Сөйлестім... Айттым.
— Жарасбаев кім еді?
— Осындағы үлкен жігіттің бірі емес пе? Осы кеңсенің бастығы...
— Е, мен соны барып біліп жүр деймісің, Қасеке-ау?
— Рас-ау... Бұл күнде қазақ ұлығынан көп неме бар ма десеңші? Иә, өзі сөйлеспек... Шаруа орнында істегем, көп істегем де... Алғызсын, әне, коренизация деп жүр ғой, түге... Істерсің...
Аманбай қомданып ап:
— Е, ІстеймІз... Земствода, одан кооперативте де істегенім бар.
— Бәсе...
— Дақ осы жылы келгенде, мал совхозының іс баскарушысы боп екІ жыл істеп келем...
— Тіпті жақсы... Уай, оның кай совхоз, жақын ба еді?
— Е, мына «Жылға» совхозы.
Қасен етбеттеп жылжи түсіп, Аманбайдың иығына колын тигізіп:
— Бәрекелде... Өй, бірдеңе табарың бар ма, жарықтығым. Еттен қурап өлер болдық...
Анау күліп:
— Қешелер кісі боп сұрай алмап едім. О жағың қалай еді, Қасеке-ау?
— Сұрама, ойбай... Қызыл көрінсе, шұрқырай түскелі, қолында өл-гелі отырмыз, Қасымқан екеуіміз де. Бар ма бірдеңең... Аз-мұз сорпа ішіп дүниені бір еске алайық!
Аманбай айналасына қарап ап, қазақ көрінбеген соң батылданып:
— Бары бар едІ... Бір кара...— деп үндеңкіремей отырып:— бір аз-ғана ретІ бар. Онысын кейін айтармын, жығатын жер бар ма едІ?— деген-де Қасен күліп жіберіп:
154
— Ойбай, о құрғыр табылады ғой... Ана Қасымқанның пәтері бар... ТіптІ біздікі де жарайды. Іс бола ма өзі?
— Өзіңмен акылдасам ғой... БІр реті бар еді дедім ғой...
— Қашан болады?
— Сөйлескен соң бүгін де болса бәрібір!— деп біраз отырды да.— — Ой, іс болушы ма едІ? Оңалмақтың аулы алыс, шырағым!— деп салды да, артынан Аманбайға қарап ап, көптен көрмегенін, одан бері талай өзгеріс тууы мүмкін екендігін еске алып:
— Ол әншейін сөз ғой... Тырмысып жатыр ғой... Неге болмасын!
— Бұның қайсысы шының?
— Осы ғой шыным... Аштықта кейде қалжырай салған боламыз!— деп Аманбаймен бірге күліп:
— Рас әйтам-ау... Шынында да, бұл біздің ақылымыз бен шамамыз жетпей қалған, бойымыздан асып, ұлғайып алған үлкен іс болды ғой... - Ал мынаны не дейік?
— Бұл бір уақытша қиыншылық қой.... Түзеледі!—деп, Қасен бұл әңгімені тұжырды да,— енді әлгіні іс қылайык... Өзің тіпті сол совхоздан қол үзбе. Және тіпті орайына қара да сол Қарағандыға бармай-ақ осы араның өзінде қал... БІлдің бе? Жарасбаевқа соны айт. Менің ақылым осы... Тағы сөйлесерміз... Кешке кездесетін болдық қой!—деді.
Аманбай қоштасып жүре бердІ... Ол кетісімен Жәмила кіріп келді. Аяқтағы ботинканың бәрІ батпақ-батпақ... Маңдайынан, екі қасының арасын жара екІ әжім түсіпті... Бүгін тіптІ айқынданып тұр... Өңі қашып, қуарған... Қасеннің қасындағы орындыққа кеп отыра кетті...
— Е, немене, жаным? Тіпті өрт сөндірген кісідейсің ғой?— деді Қасен. Өлкелік үлкен кеңсенің таза, жарық үйлерІ бұның тар, кір, иіс-қоңыс пәтеріндей емес. Стол, орындықтар да істің, еңбектің таза орны. Бүның үй ішіндегі аспабына ұқсамайды. Сол сияқты ҚасеннІң айналасында отырған есепші, хатшы, ең аяғы машина баскыш әйелдер болса да шетІ-нен таза киінген. Бас-аяқтары күтімді. Пішіндері саналы еңбекке беріл-гендей мағыналы, ісшіл. ҚиімдерІ ерекше үлгілі, таза. Олар да базар мен қазан-ошақ арасында сарп ұрып жүріп, жүнжіп шөгіп, қартайып бара жатқан Жәмила емес. Қысқасы, салыстырудың барлығы да Қасен мен Жәмилаға жайлы емес.
Соның бәрінің үстіне Жәмиланың ендігі мына келіп отырған түрі... Жазғытұрымғы күн мен желдің салдарынан беті-колы да жарылып, қара қошқылдана бастапты... Қүн түсіп тұрған жарық бөлме ол таңба-ларын да ашып берді...
Бір кезде Қасен кеңселерге бастық болып, аяқты кердең басатын мықты да, нығыз да болған. Ол күнде әйелін үйінде күтіп ұстайтын. Қеңсе-
155
де кызмет қылатын әйелдерге Қасеннің көзқарасы біржолата басқа болатын.
ЕндІ уақыт бұл жағынан да Қасенді қағып өткен... Жәмиласы да, өзі де қырға барса мырза, қалада жүрсе төресымақ болған болса, қазір ол ерке күйден ажырап, әлдеқандай бір жақка қағылып, қақас қалып бара жатыр...
Үлкен Алматы биігІ анау тұр. Бұған жылы карамайды. Үлкен кеңсе, мінекей. Бұ да Қасен деп онша елбіремейді, елемейдІ... Әншейін жабайы көптің бірі.
Өзіне-өзі жаны ашығандай., Жәмиланы аяғандай... Бөтен дүниедегі өздерін өгей баладай көрді. Соны сезген сайын барлық сыртқы әлемге ызалана, жауша қарады. Қарақан қара бастың қамы мен күйігі кернеді... Жәмиланың халін ерекше ұғынғысы кеп:
— Немене, бірдеңе керек пе еді? Шаршапсың ғой өзің,— деді.
Алғашқы сөзіне үндемей томсара карап қалған Жәмила енді кішкене жадыраңқырап:
— Казторгте шолки, тағы жібек тоқымалар беріп жатыр екен. Ақшам да болмады. Сонда да өшіретіне күн ұзын тұрып ем, дәл жакындап қал-ғанымда бітІп қалды, құрып қалғыры’— деді.
— Бәсе, сөйтпей тұра ма? Бүдан бірдеме алып болушы ма еді? Содан дәме қылып жүргенің!..
— Енді қайтесің, тоқыма киімнен дәнемем жоқ.
— Түра тұршы сен, Сәлменге хат жазайын. Казкрайсоіозға сондай нәрсе кепті... Трикотаж!— деп кағаз алып, Қасен Сәлменге хат жазуға кірісті.
Жәмила дәмеленіп калды.
Қасен кІшкене запискаға кайдағысын айтып, қатты қысылган кісі боп бедел сала жазды да, Жәмилаға ақша беріп жөнелтуге айналды. Жәмила қағазды алып, картоп, оны-мұны салған сумкасын жерден алып тұра беріп:
— Айтпакшы, әлгі Сәлімнің мінезін білдің бе бүгін?—деп кайта қарады. ТаңертеңгІ үй ішінің күрең қабағында, Інісінің бірдеңе деп жат-қанын құлағы шалып еді. Бірак қызмет уакыты жақындап қап елемей кеткен. ЕндІ өзінің де есіне түсті:
— Бәсе, немене сол? Не былшылдап жатты таңертен?—дегенде Жәмила кайта отырып:
- Анау үйдегілерге болысып, солардың сөзін сөйлеген болады. Со-лардың көзінше маған тіпті бұртаң-бұртаң етіп ашуланғансиды.— Касен ашулана бастап сы.зданып:
— Е, сенде не акысы бар оның? Қайдан тапқан ол өнерді?
156
— Қайдан білейін... кісІмсІп кетіпті тіпті. «Өздерің неменесің» деп сөйлейді... сөзінің бәрІн.
Қасен осыған ұқсаған мінездердің белгілерін биыл інісінен әр жерде сезіңкіреген сияқты еді. ЕндІ айналадағы бұған бөтен дүние бұның үй ішіне де қолын созбақшы... Сол Сәлім пішінінде сыншы боп, қатайып өсіп келеді... Бұрынғы үлгіше үлкен аға боп өсиет айтып:
— Бір үйдің іші, бір әкенің баласы боп, әсіресе жалғасып, септесіп әр алуан жолмен жүрсек те, бір ниетке қызмет етейік!— деген сияқты сездің бәрін айта-айта тауысқан.
Сәлім үндемейді де, өзінше қиқиып, басқа боп қашандап өсіп барады... Енді бұны қарашы, міне...
— Қалжырамасын, білдің бе? Айдап тастармын ондай сөзін қой-маса... Қара мұны мойныма мініп отырып, енді менің сыншым болғышын. Ауызға ұрып жібер өйтетін болса!
— Өзіңіз де айтып қойыңыз... Өзіндей окудағы жігіттер осы талай нәрсе табады. Бұның бірде-бір септігі тимейді. Бір нәрсені сен де мектебің-нен әкеп бер десем, өре тұра келеді.
— Адыра қал, белсенді, таза комсомол ғой...
— Мен дүниеқор емеспін дейді. Ауыздағыны жырып беріп отырған біз дүниеқоңыз боппыз. «Стипендия береді мектеп, сонан басқаны алуға қақым жоқ... Оқып жүріп, одан басқаны аларлық еңбек Істегенім жоқ!»— дейді.
-- Жаңашылын бұның... Талқан адамшылығым сол дейді ғой. Тұра тұрсын, мен көрейін оны...
Жәмила бұған ырза болды... Шамасы келсе күйеуін бүгін тәуір тамақ-пен ырза қылмақ ниетті ойлап едІ, бірақ ет жок...
— Бірдеңе азық табылатын жер бар ма екен, білдініз бе?
Қасен де Жәмила ойының бетін ұғып:
— Үндеме! Бірдеңенің басы қайырылатын түрі бар. Қейін айтам. Ана нәрсені алып көр!— деп қағазына қарады,
Жәмила Қрайсоюзға беттеп жөнеліп кетті.
Қасен бірен-саран қағазды енді қолына алып, асты-үстін аударып қарап, оқи қоймай, көзімен ғана жортып еді, қасына Семенов келді...
Ол — партячейка хатшысы. Қасен біледі. Қымтанып, ісшіл түске міне койып, қамданып алды.
Семенов Қасеннің қасына отыра бере:
— Жолдас Жарасбаев та және партячейка да біздегі коренизация ісін өнімсіз деп табады... Істеріңіз калай? Не белгІлегеніңіз бар?
Қасен күрсінІп ап, қысылып жүрген кісі боп:
— Біз осыны барды салып-ақ ойланып отырмыз. Крайком қаулысы анау! Аппаратымыздын әлі тым құрмаса 10 проценті қазақыланбай
157
жатқаны мынау. Тіпті нанды босқа жеп отырғандаймыз, жолдас Семенов... Коренизацияға, өзгені айтсақ та, тіпті мен бюрократша қарай алмаймын ғой... БІз қазақтан шыққан кеңес қызметкері... Шын пейілімен жұмыс ететін, мал үшін емес, ар үшін қызмет ететін адамдар, олай қарау мүмкін емес қой.
— Иә, әрине, тиімдісін айтыңыз. Дәл істі айтсаңызшы...
Қасен жөткіріп жөнделе беріп:
— Иә, иә, әрине!— дей беріп терезеге қарады... Үлкен Алматы биіТІ сыздана қарап тұр... «Жорт, жорта тұр!» дегендей.
— Иә, әрине, Іс керек. Бірак білесің бе, жолдас Семенов? Біздің партия, үкіметтің өзі де біледі... Қазақ қызметкері, әсіресе кеңседе дұрыс-тап істей аларлық үлкен қызметкер табылуы өте қиын.
— Төменнен тарту керек. Үйрету керек. Аз уақытта маманданады. Тіпті болмаса бухгалтерліктің, ұйымдастырушының, аздаған мамандық-тың курстары бар, соларға кісі жіберіп оқыту керек. Орыс қызметкерлері-не қаэақ тілін білудІ шарт ету керек. Араларында тіл оку жұмысын ретке бастырсын. Ол өз міндеттері, бірак соны істеудІ де сіз бақылауыңыз керек... Осылардан не істедіңіз?
Қасен басында сасыңқырап қалып еді. ӨйткенІ жаңағыдай жасты алып оқытып, төменнен өсіру сияқты істер мұның ойламаған шаралары. Бірақ бір ырғалып оңалып ап, міз бақпастан:
- Осы айтқаныңыздың бәрі біздің белгілеп отырған шарамыз. Тіпті партячейканың ойына да жаксы келген екен... Бірак бұл күнге дейін жәрдемшім болмады, білесіз. ЕндІ партия жәрдемдессе, әрине... ЕндІ тырысып көрейік.
— Бұл шараларға сіз әлдеқашан кіріскен болуыңыз керек?
— Енді, жолдас Семенов, осыдан былай біз де партияны үнемі құлақ-тандырып, білдіріп тұрайық деп, өзім де бүгін сізге барғалы отыр ем.
— Сонда істеген шараңыз қайсы?
— Әзірше бір жағына маман қазақ дайындау ниетіндеміз ғой. Сон-дықтан...— деп жөткіріп ап,— он студентке стипендия... тағы төрт студент-ке стипендия...
— Ол белгілі, ол Жарасбаев жолдастың қатысуымен Істелген.
— Иә, иә,— деп бұлдырата,— рас, жолдас Жарасбаев біледі, деп сонда да өз жағына ойыстыра кеп:— одан бері де жергілІктІ облыстық аппараттарға кісілер үсынып отырмыз. Осы араға да бірен-сарандап ал-ған болып жатырмыз. Енді партияның беті бұл мәселеде ашық... Іс болады. Бірақ осы жөнде барымызды салып бірімізге біріміз жәрдемдесіп партия-ның тапсыруын орындаймыз.
Семенов сөздің бұл түрін қысқартпақ болып:
— Жолдас, енді бұл күнге шейінгінің бәрі бос сөз болған. Қай жолмен
158
қандай шара істемек боласыз, сол туралы нақ тұрақты жоспар жасаңыз. Екінші, әрбір он күнде осы жөнінде, барлық істеп келе жатқан ісіңіз жөнін-де бізді де хабарландырып тұрыңыз!— деп жүріп жетті. Қасен қалбалақ-тап:
— Құп-құп... Пәлі, тіпті жақсы болды мұныңыз... Жақсы!— деп Се-менов бөлмеден кеткенше алғыс айтып, дән ырза болған кісі боп қалды.
Сәлім таңертең Жәмиламен қағысқаннан кейін сабаққа — вузға кеткен еді. Қүндегі сабақ бар, комсомол ячейкасының нагрузкесі, профком тапсырмалары бар — соның бәрі бұның уақытын лық толтыратын. Қори-дорда, сабақ-сабақ арасында, столовойда, кешкі жиылыстар арасында немесе студенттер общежитиесінде бітіп, тынып қалатын міндеттері де болады.
Дені сау, қайраты, екпіні мол. Жалғыз-ақ ұйқысы қанып тұрса болды. Пенжекті желбеғей салып, шашын будырата сілкіп тастап айнымайтын, аумайтын көңілді пішінмен Істерін істейді. Ісі бар, сөзі бар адамдарды кез келген жерде ұстап алып, біріне жұмыс тапсырып, біріне жөн үйретіп, біреуімен дауласып қалып, елгезек қажымас, қайтпас шабушының мін-детін ада қылады.
БүгІнгі күн де сондай тынымсыз, сансыз көп міндеттің күні еді. Қажы-дым демес еді. Бірақ уақыт, уақыттың қалығы, еңбек күнінің шолақтығы қажытады. Арасында сабақ.
Осындайдың бәрінің ортасында жүріп үйдегі тұрмысы, аға-жеңгесі және ана қырдан келген туыстарының халІ, мінездерІ дегеннің бәрі бұны бүгінге шейін көп шұғылдандырмап еді.
Қеш келеді... Төсегінің қасына орындық әкеп, соған лампаны қойып, ауыз үйде кітап окиды. Қүндіз болса сабақ бітісімен столовойдан тамақ Ішіп, вуз айналасында жүріп қалады... Қейде общежитиедегі жолдастарға да қона кетеді.
Бірақ Сәлім енді бала емес. Өзі меңгеріп жүрген істердің ішінде талай үлкеннің қолынан келмейтін қиындары да бар.
Ол әлі кеңседе Істеп көрген жоқ. БІрақ кеңсеге керек ұйыстырғыштық, ісшілдік, екпінімен өсіп кететін тапқыштық бәрі де бұнда көп. Әсіресе осының бәрінің үстіне өз-өзіне сену күшті. Қай нәрсені алса да жалтақ-тамай, іркілмей маңдайымен жара қимылдайды, батыл кіріседІ. Өз ішінен: кеңседе істеп көрмесем де бір бюрократтан кем істемеймін деген сенімІ ілесе жүреді.
Қырдағы аға-жеңгелерІ келгелІ он бес күндей болып еді. Оларды шақыртып қасына алдырудан Қасен қашқалақтаған-ды. БІрақ Сәлім алыста жатқан ауру-сырқау жайларын ұғып, Қасеннен адрестерін ептеп алып, хат жазып жіберген. «Қеліңдер, бірге көреміз» деген. Оларды бұл жете білмейді. Бірақ балалық күнінен шалалау сақталып қалған бір
159
елес — аға -жеңгесі Қасеннен қатты қаймығатын. Сонымен бірге оны төбелеріне көтере күтетін. Жүрісін, тірлігін медеу қылатын. Елге Касен дер келедІ десе, алдын ала:
— Қасен, Қасен, төрем... Төрем келді, - десіп ауыл, ауданға да мақ-тан ететін... Сол аға-жеңгенің қолында кырда өскен Сәлім он, он бір жасына шейін Қасенді аналардан да бетер аспандата, сағымдандыра түсінетін.
Өзгеде жоқ аға, ерекше аға бұнда бар. Ол Сәлімді окытады, өзге бала көрмегенді бұл көреді... Ағасы ел ішінің үлкендеріне бай-бәйбіше, ұлкен қарияларына құрметті аға.
Қатын-калаш арасында Жәмила да бІр ертегі болатын. КиІмі бөлек, қалпы басқа... Қызықтырады. Бірақ құлаш жетпес алыста. Әншейінде ауылда көптің бірі боп, құба тәбел боп жүретін аға-жеңгесі, Қасендер келгенде қоқиланып, айбаттанып кететін.
Қасеннің елге келуі жырдай еді... Сәлім басында осының шұғыласы-на мас болумен өсті. Ағасының касына отырып, қыдырса жанына еріп, немесе көптің көзінше кейде Жәмиланың алдына отырып та қалады... Сынамайтын, талғамайтын күнінде бұл жайлар Сәлімнің еркін алған хал болатын.
Содан алғаш калаға кеп оқи бастағанда да, талай жылдар Қасеннің ығында жүрді. Сынап карап көрген емес. Міні бар шығар деп әсіресе ойламаған. Осыдан екі жыл бүрынға шейін болған күйі осылай еді.
Сол бұрынғы тексермеген, сынамаған балалық түсініктерінің көбіне соңғы екі жыл жарықшақ кіргізе бастады. Екі жылда да Сәлім ағасыні-кінде емес, общежитиеде тұрған. Сол уакытта вуздың екі жылдық саба-ғын окыды. Биыл үшіншіге шыкпақ.
Қыс оқуда, жаз колхоз, совхозда практикада болып жүрді. Маман-дык білімін ауылдағы көп жаңалықпен байланыстырып, тәжірибемен өсті. Ағасынікіне екі жыл ішінде ұзағырақ көп тұрғаны осы соңғы бір ай еді. Жазға салым общежитиенің отыны азайып, тұрмыс қиындап, оқуға бөгет шыққан соң келген еді.
Және ертерек кездегі балалық шағының естегІлерІ де бұрынгы ескі ұясы сиякты болган орынға тартқан-ды.
Бұл бір уақытша, өзіне есеп бермей бой ұра кеткен сезім. Бірақ осы соңғы бір ай, әсіресе қырдағы үлкен аға мен жеңге келгеннен бергі он бес күн, СәлІмге Қасен мен Жәмиланы шындап таныта бастаған.
Бүгін таңертеңгі оқнға сияқтылар осының алдында да бір-екі рет бо-лып өткен. Әрқайсысының кезінде Сәлім: «не болған өздеріне?» деген сияқты бір қалыпты сұрақ коятын.
Онысы Жәмилаға әншейін бір күңкіл есептІ, оны да, ҚасендІ де ой-ландырмайды. Екеуіне де дарымайды. Бірақ Сәлімнің өзі үшін осы болым-
160
сыз сұрау емес. Қүннен-күнге ішіндс өсіп, ұлғайып, кернеп келе жатқан сұрау. Көбінесе сыртына шығарылып айтылумен қатар, өз ішіне, өз-өзіне берген сұрау да сияқты.
Плитадан құлаған табақ жайы емес. Сондай боп құлап күйреп бара жатқан «аға-жецге» дүниесіне, ескінің дүниесіне қарап тұрып, еті тіксіпіп жатыркап тұрып берген сұрақ. Сәлім үшін алыста қалган, жат, мағына-сыз, нәрсіз, күйкі бір дүние бар тәрізді.
Сондықтан да бүгінгі қақтығу оған, үй ішінің ғана жыбыры емес. ЕкІ бетке шыгып калған, екі жағаның адамының көзқарастары сияқты.
Қасен кегкеннің артынан, көп кешікпей вузға карай Сәлім де кетті. Бірақ бүгінгі көңілінде жол бойы ескеріп қарауында алдынан ылғи ағасы Қасен көлденеңдейді де тұрады.
Еріксіз соны тексеріп, сынап өтті. Енді бұрынғы балалық сагымнын. бәрі кеткен. Көз алдында Қасен біртіндеп-біртіндеп тонала бастады.
«Оқыған десем... бұрын білгіш көрсем... Жаңылыс! Ешбір жайдан бірде-бір іргелі тұтас білімі жоқ. Оның үстіне еш уақытта кітап қарастыр-майды. Ілгері баспаса, кейін кетпекші емес пе еді? Онан соң Маркс, Ленин жүйесін, диалектиканы окып па? Ол кездегі оқуда бұлар жоқ. Оны бүгіп ғана білуге болады... Ол жүйе жөніндегі надандығы. Және тіпті жалғыз жүйе ме екен?»
Бұрын «атакты, көпшіл, камқор, ақ жүрек» деген бірдемс-бірдеме сөздер Сәлімнің есіне түсті. Осыны елде Қасенді жағалаған аткамінерлер айтатын еді. Үзік-үзІгі есінде қапгы.
«Е, бұрын кім үшін, не жайда атакты болдың?.. МәлІм! А, қазір атақ-ты деген ат үйлессе — атақты врач қанамысың? Бұрын аға-жеңге, іні, немере... Ауыл айналаға да боса «жақсы кісі» атанам деген талабы бар сияқты едІ. БүгІнде плита мен қазан-ошақ. ІндегІ суыр!.. Қаракан қара бастың, жаман кұлқынның «санашылы». Айналаның ұлы жаңалык, алып туындыларының бәріне таңертеңгі шай, түстегі тамақ, сатып алған табақ, чулкн, бұйым тұрғысынан қарайсың... Осының бірде-бірі туралы наразы болсаң, астау тепкілейсің, ә? Соңиализмді қарғап-сілейсін!»
Басқан сайын өз сыны дөп жатқанын сезді. Әрбір талдауы Қасен меп Жәмиланы жаныштап, ұрып жатқан сиякты.
Ызалана ойланады, аяғы шапшаң басылып кетіпті, жұдырығы түйіл-ген, қабагы да түксиіңкіреп калыпты.
Жалғыз Қасендер емес... Бұл өзінің де кейбір артқы күнін шенеу... Осы күнге шейін сынамай, талғамай, әлденеден —«тәуір еді-ау» деп жүр-ген балалык дәуірІ, ҚасеннІң ығында өткен дәуірі бар емес пе? Соның жыл-тырауық қабығын енді өз қолымен сындырып, аямай лақтырып келе жатыр...
...Жылтырауық қабық бәрі де!.. Оның ар жағы, шыны, дарашылдық...
11 227
161
Мещандық. Ескі дүниенің «социализм кұрылысына қарсы бол!»'деп тас-тап кеткен құнсыз қайшылығы.
«Соншалық құнсыз болғаның сондай жақсы болар ма қайта? Сені көріп «қимайтын ескім мынау ма?» деу үшін. «Сол күнгІ тарихың, кісің осы ма?»— деп нұсқап көрсетіп, жиреніп торығу үшін де болса керек шы-ғарсың, сен әлде!..»
«Ей, қалшы әрмен!»..— деп, қолын сілтеп қалды... Вузға жеткен екен. Қолындағы тезистері есіне түсті.
Бүгін физматтың балаларымен полит бой!1
Рас, осы ойлардың қазіргі мәселе үшін керегі де боп қалар. Адам санасын қайта түзету... Жаңғырту. Қалдықтармен алысу. Тұра тұр.
Он үшінші аудиторияға келді.
Екі топ та жиналған екен. Бір топтың мықтап сенген ком^сомолының бірі — Сәлім.
Мәжіліс басталды, мәселе жазулы тұр. Тақырып та, сұрақтары да тіркелген. Қызылға бояп, үлкен жазумен айқындатып қойған тақырып: «БІздің партияның ұйымдастыру негізіндегі жаңалықтар» дейдІ.
Сұрақтарға алғаш жауап беріп өтетін физмат тобы. Орталарына ең әуелІ СәлімнІң өзі құрбылас бір комсомол шықты. Ұзын қара шашын орта-сынан жара қайырған. Ашаң сұрғылт жүзі бар. ӨзІне-өзІ сене сөйлейді, тақырыптың негІзгІ мәселесі етіп —«политотдел» жайын баян етедІ...
Қездескен екі топтың оқушылары қағаз-қарындаштарын қолына алып, кейбір қысқа-қысқа белгілер жасайды. Тегіс зор ықыласпен тың-дайды. Бәсеке жарыс емес. Қызба-таластың да ажары емес. БІлмек, ұғын-бак, көптеп отырып, тереңдеп түсінбек, ғылымның көп инесімен құдық қазбақ.
Алғашқы студенттің артынан сол топтың екінші, үшінші адамдары шықты. БІрІнІң-бІрі кемдіктерін толтырды...
Сұраққа кезек берілді. СәлІм сұрақ берген жоқ... жолдастар негізінде көп қателескен жоқ. Бірақ оқығандары көп нәрсе емес. Молырақ, тереңі-рек әзірлене алмаған. Сондықтан әрбір негізгІ жайларды қорытып тұжы-рып айтқан жерлерінде тиІмдІ дәл қып тұжыра алмайды. Астын-үстІн кете береді. Қейде шұбалаң, ұғымсыздау. Қейде тым шолақ, жеткіліксіз.
Өз тобының кейбірі «полит бой» дегеннің сыртқы түріне бой ұрып, аналардың жаңағыдай олқылықтарына күліңкіреп, кіжініңкірей түскені байқалып еді... Қасында отырған біреуіне Сәлім:
— Бұл маңызды оқу деп біл... Балуан күрестіріп отырғамыз жоқ,— деп қойды...
Сұрактардың ішінде бұлар тобының бір баласы:
1 Полит бой — саяси айтыс (ред.).
162
— Политотдел күшті ме, райком күштІ ме?— деген бір сөздІ сұккан-да, бұл уақытқа шейін салмақпен томсарып отырған топ ду күлді. Алғаш-қы баяндамашы күле тұра жауап бермек болып еді, бірақ жауабы: шын сол күштілік, салмақтарын салыстыру бетімен кетті. Мәжіліс тәртібі бұзы-лып, әр жерден жапыр-жұпыр сөз шығып сұрақ беруші, бірен-саран дау айтушылар да болып қалды.
Алғашқыны екіншІ, одан үшіншІ жолдастар түзейміз деп кірісті. БәрІ де репликаға жауап беріп, немесе алғашқының бетімен кетіп мәселе жа-ңылыс түсініктерге қарай шалқыды.
Осы кезде СәлІм сөз сұрап ап:
— Жолдастар, олай емес — дегенде екі жақ та қайта тынды.— Сұрақты қайсысы күштІ деп қою да қате... Оған: анау әлсіз, мынау күшті деп жауап беру де теріс... Бұл — болыс күшті ме, би күшті ме деген есепті. Екеуін екі бөлек жақ қып түсінуге болмайды. Бұл екеуІ менің ойъімша диалектикалық бірлікте,— деп сол пікірін бір дәлелдеді.
Екі топ та осының алдында азғана ала жарқын болған қалпынан кетіп, бұрынғы ісшіл-ынтымақты, тізелес топтың күйін қайта тапты.
Содан әрі СәлІм баяндамаларға сын бере отырып: «политотделді» партияның, үкіметтің неге жасағанын толықтырып айтып кеттІ. Тыңдау-шылар аздан соң, тауып айтқан жерлеріне, тиімді пікірлеріне сүйсініп кұліп, жадырап қап отыратын болды. Бара-бара екі топ екенін де, жігін де ұмытқандай болды.
Сәлім оқып, зерттеп алған мәліметтерін түгелдеп кеп ең аяғында: «Политотделдің тағы бір зор міндеті — ауыл мен қала арасындағы айыр-машылықты. жою еді ғой. Соны жойғанда салт-сана, мәдени жолдағы тәрбиені өсіріп отырып, адам санасындағы ескі қалдықтарды құрту. Ол қалдықтар қалада бір көп болса, ауыл-поселкеде онан да көп, онан да әрі неше алуан.
Партияның тартуға алатын үлкен ауыр участогы ауыл түсініктері. Соны сол анау алыс көмбеден тартатын міндетті, сенімді тартушының бірі осы «политотдел болу керек деп білем мен!»— деді.
СәлІм пікірлері, сөздері ішкі қалпымен, сыртқы түрімен де топқа әсер-лі, көрнекті боп сезілді. Жиылыс тарап, жолдастарымен сөйлесіп шығып келе жатқанда, сөз арасында Сәлім:
«Бағанағыны толық пайдалана алмадым-ау... Керек еді-ау!» деп іш-тей есіне алып өтті.
.Түс ауа, Жәмила үйге қайтты. Күн ыстық, көше шаң, пәтері қала ортасынан қашық, шетке жақын. Таңертеңнен сарп ұрып базарда, ширет-ширетте кактығып жүріп қажыған. Оның үстіне Қасеннің запискасымен Крайсоюзге барып, күнІ бойы зарығып Сәлменовты күтті. Барған кезі он екі шамасы еді. Бірен-саран кісіден сұрағанда: «басқарманың жиылысы» н*	163
«сонда отыр» деген. Онда жиылыстың ұзақтау болатынын Жәмила қай-дан білсІн. Көріп, жолығып кетпек боп, тұрып қалды. Жиылыс созыла берді... Бір сагат, бір жарым сағат өтті. Тастап кетейін десе, бір-ақ есік-тің ар жағында жап-жақын жерде Сәлменов отыр. Бере ме, бермей ме? Бірақ қалайда ол бір мұмкіншІлік. Шолки, трикотаж ала калса, ол да бір кіріс. Қызмет кылмайды. Табар табысы жок. Үй Іші боп киіну, ішіп-жеу, тұрмысын дұрыстау жалғыз Қасеннің ғана міндеті емес. Жәмила да бір-дсме тауып, оны-мүны кіргізу керек. Өзіндс аяққа оралар бала жок. Сон-дыктан әр куні осындайдан, не ширеттен, не базардан бірер бұйым, бірер азык тауып қайтса, тыныштыкты сонда ғана алатын.
Кұйсуінде кеңседен алатын жалакыдан басқа сырт табыс жоқ. Әр ксздс ақша аздығы да арқаларына бата журеді. Сол себепті үй ІшІнде пұл жағы тиынға шейін санаулы. Бар нәрсесі де есеп. Ж.иынып-терініп кеп анда-санда амалсыз керек болған бір нәрсенІ, айында бірлі-жарым-ды ғана ала алады. Мысалы, бағана плитідан құлаған үлкен табақ, әттең, соның күйігі-ай’ Бұл халдер Жәмиланы ширеттен-ширетке, кеңседен-кең-сеге, таныстан-танысқа айдайтын қугыншының бірі. Үзіп-жүлып алып қалу. Қасен екеуінің тілінше: «орайын қагыстыру». Сонымен Сәлменов сияқтыларды айналдырып, жабыса, жалына тілек қылып, арзанға алып калу — Жәмила қаракетінің ең зоры.
Бұл ссепке ол әбден ысылган. Қейде кеңседен емініп алып, ертеңін-де базарға үстап бағалы етіп сатуға болады. «Орайын қағыстыру, есебін табу» жөнінде, тегінде Жәмила да, Қасен де ұяла қоймайтын болған.
Қей күндері екі жерде екі нәрсенің орайы кеп калып ширет бөгейтін болганда, Жәмила ширетте түрған өзге қатын-қалаштың шарай тобын алдап, жакауратып, ұрланып, ширетсіз кіріп кетуді де талап етеді. Бұнысы кейде іске асканмен, кейде ұсталып калса, артисше байқамаған, білме-ген, тіл ұқпаған надан меңіреу бола калып құбылуды ойлайды. Қей ширет-те омырау, қара қүрық керек. БіреудІ біреу баспалап, итермелеп, сығы-лысып, қақтыгып жатады. Жәмила ондайда қақас калып, еседен айрыла коймайды. Өтірік айтып, ұятсыздык қылса да тырмысып, тіс-тырнағымен жабысып көреді. Сондай-сондай мінездері көптің көзіне түсіп қалып, тен-тектігІ білініп, екі-үш ширетте жұдырык жеп қалғаны да бар.
Әсіресе бір үйгыр әйелінің бұны көпке әйгілеп, кінәлап алып, шуыл-дап боқтап, ұрсып жатқан көп қатынның көзінше кеудедеп «ыңқ» дегізіп бір үрғаны әлі есінен кетпейді... Бірақ оған шыдап, оған көнбесе, тамақ жоқ. Өздігінен дүние келе ме? Осымен кейде алдайды да, кейде қымқы-рып үрлап жібереді. Кейде үялатын жерде үяла алмай, жуан мойынмен көтере кетіп, кайта оңалып алады. Тағы сондайын істейді... Бүл жөнде Қасен екеуі үндемей ұғысады. Үндесетін де немене бар? Бір тілек — бір білек. Қас-қабак. ыңғай-шырай осындайда ұғыстырмаса неме керек?
164
Қысқасы Жәмилада жаңағы күйлер — соңғы жылдардың моралі, мінезі болған. Нәтижеде «болыр бір фәрдәдән, юз фәрдә бижайді» көрсең енді көрер ең...
— Үйде обед те Дайын емес... Япыр-ау, шықпады-ау... Тоссам ба, тоснасам ба?.. Тоспасам шолки, флатие.. құрғыр-ай түге... Негып када-,лып калып еді...— Бәрібір кете алмады.
Ақыры Жәмиланы сарғайта-сарғайта кеп бір заманда шыққан еді Сәлменов. Бірақ шықканы бар босын. Амандасқан, жай-күйін сүрастыр-ған, қалжактаған боп келіп, Сәлменов:
- Әлі баға қойылған жоқ. Өзім хабар етейін!—деді...
Жәмила қынжылып:
— Апыр-ай, сонша күтіп ем... Бір есебін табарсыз деп ем!—деп кадалып көріп едІ. Сәлменов кете беріп:
— Шын айтам, әзІр ешкімге де сатылмайды!- - деп тұжыра жөнелді... Жәмила артында қала беріп. ең соңғы рет:
-- Осыдан құр қалдырсаңыз енді киын-ак...
-— Жарар... жарар!
Сонда да ұзап қалған Сәлменовты қуалап айткан сөзі:
- Ең болмаса Рахилаға алған сыбагыңыздың жарымын! деп кала берді. Анау үндеген жок. Үйге келе жатып шаршап, шалдығын Алматы-ның көшесі мен пәтердің алыстыгын қарғап-сілейді... Тізесі бүгіліп, кеудесі еңкІнітеніп өрге таман асыға басып келе жатқанда, аяғы біресе қалың май-да топырақка бурқ беріп кіріп кетеді, немесе тас жайған жердің шодыра-йып тұрған шошак. тасына қактығып кетеді. Желіп келе жатып гомашаға сұрінген арық аттай тапыр-тұпыр етіп күрс беріп, жыгылуға айналып калады. Жұлын тұтасы үзіліп кете жаздагандай болады.
«Ой, адыра кал, адыра калғыр қу немесі!» деп әлденеге кІжініп, тіс-теніп ап, зәрін піашады. Маңдайынан өткен ыстык күнді де карғайды. Сонымен күйіне-бүліне үйгс жетті. Қызметтен кайтқан Қасен теріс карап бүк түсіп, ас күтІп жатыр. Үйге келгенде, ол ауыз үйден сызданып, қабағын карс жауып түйіліп өткен. Аға-жеңге үйді сыпырып, газалап, күйбең-күйбен бірдеме істеген боп жүр екен. Олармен сөйлескен жок. Барлығын сезбей, елемей өтті. Жәмила келгенде, аға-жеңге жалтаң етіп, пішініне карап жіберіп, именген көздерін қайта төмен салып еді.
Қелін түйіліп, томсарып жүріп примус жақты. Қайнаға таңертең ке-ліннен есітксн катаң сөздерді амалсыздан жұтып, бойына сіңірген еді.
Енді ұрысқан кісідей үнемІ түнеріп отырудың бабын таба алмады. Дәнекер де, тетіктің бәрі де келін қолында көріпді. Ол тағы бар.
Қасен болса бұлар келгенде алғашқы күн бІраз сөйлескен болды да, артынан әңгімелесуді де қойды. Соңғы он күн ішінде бір ауыз жауап та катқан жоқ. Сонымен келіинен жылырақ шырай күткен дәмемен:
165
— Қарағым келін,— деп жанынан бағанағы табақтың сынғандарын алып шығып,— мен мына табақты әлі де іске жарайды деп тұрмын... Өзі үш-ақ бөлінген екен. Міне, қыбы мынау,— деп Жәмиланың түсіне қарады. Жәмила ескІ жарасын еске алып, тұтанып тұр екен.— Өзің ертең біраз ақша берсең, мен өзім базарға апарып, бір-екі жерден мыс шегемен ұстаттыра қойсам деп...
— Енді алдап-сулап ақша қағыстырайын дедіңдер ме?— деп теріс ай-налып, өз-өзіне сөйлеген боп тұлан тұтып жүріп Жәмила:
— Сендейлер бес тиындық нәрсенІ он тиын деп, арасынаң цайда қа-ғыстырады. ЕндігІ ойлаған есептерІң со ғой... Жырып жемеген күнІң болу-шы ма еді, түге!— деп есікті тарс еткізіп жауып, шыға жөнелді. Қарсы алдынан дәл осы кезде Сәлім кіріп келе жатыр еді. Ол аңырып, жол беріп тұрып, Жәмила шыққан соң үйге кірді.
ТүсІ жадырап жайнаған, ашық. КөлеңкесІз көңілді күйде. Бұл жол бойы Алматыдағы көктем кұні мен табиғатқа ерекше бір сүйсініп тамаша-лай келіп едІ.
Жас, сау денесі бұлтсыз ашық шағырмақ күнге де еміренеді. Әлі шаң баспаған, ашық жасыл түске боялған ұсақ, жас жапыраққа да түшір-кенеді. Зәулім биік сұлу теректерді өрлей бітіп, жамырап қаулаған уыз жапырақтар көше бойына қарағанда тіп-тік жапырақ жардай. Миуалы жасыл таудай көрінеді... Неткен сұлулық. Аяқ астында, басы қарлы биік-терден аққан мөлдір сулы тас бұлақтар ойнайды. Арық емес, ақын айтқан мұз бұлақ. Еріксіз күйге, жырға тартады. Өрік, алма, сирень ағаштары-ның ерте шыққан, ақ түстІ ақшыл, қызғылт түсті... көкшіл-қызғылт түсті гүлдері көрініп қалады. КейбІр түптерде, саяда отырып үзілте ширатып сыңғырлап толғап қалған бұлбұл үндері жара жөнеледі.
«Қалай біздің көктем?.. Өзгенікі емес, анық даусыз біздің көктем!» деп, СәлІм бір омырау екпін, ағын сезеді...
Жүргінші аз, шаңсыз көшемен келе жатып кеудесі толғанша дем тар-тады. Неше алуан әдемі иістердің жібек талдай ағымдары үзіле-үзіле келіп ішіне енеді. Осындай күймен кеп есікті ашып жібергенде, алдынан-таңертеңгі Жәмила тағы атқуылдай шықты. Төрге қарай баса беріп үлкен жеңгесіне қарап:
— Жеңеше, немене, әлі қоймай жүр ме?— деді.
— Қалқам, кенжем, тІліңдІ тыңдаушы ма еді! Жәмилаға қой десең-ші, әдейІ ме?—дегенде, күйеуі бұның сөзін бөліп:
— Мына табақты жамауға болады ғой... Ақша берсең жаматайын деп едім... МенІ ақша ұрламақсың дейдІ!—деп басын шайқап күрсініп,— бөтеннен де естимін деген сөзім емес едІ! Өз туған келІнімнен... алақанға сап аялаған Жәмиладан, амалың бар ма?
— Туған келін, кешегІ мына кенжемнен, төремнен бетер көрген ба-
166
лам, бауырым деген Жәмила!— деп жеңге кемсеңдеп жылап жіберіп, көзін жеңімен сүрте отырып,— құрып қал, ұры дейді. Мені былай қойшы, сақал-ды басымен мынаған!..
Сәлім бұл екеуінің халін ұғып, жайларын тусінді. ТүсінедІ, бірак бұл бір орыннан тіпті тапжылмаған, қаймағы бұзылмаған жабайы дүние... Өткен ғасыр... СәлІмге жаласы жоқ. Бұнымен бір ортағы жоқ, алыс ескілік.
— СІздер әлІ баяғының соңында. Ол орыннан жұрттың бәрі кеткен... Қайда кеткенін өздері білмесе де, бұлар да!— деп төргі үй жақты көрсе-тіп,— әлдеқайда өзге болған. Ә, сендер баяғыны айтасың...
Анг екеуі түсінген жоқ... Аға СәлІмге қарай еңбектеп сыбыр аралас-тыра сөйлеп:
— Сәлім, жөнін түсіндірші. Әлде ақша, тамағы жоқ па екен? Азғана асына ортақ болып, жұттай тиіп отыр ма екеміз? Жөндерін айтпайды. Тіл қатпайды... Сол шығар әлде?
— Жоқ, ол емес, екеуден екеуІ, паектерІ жақсы. Запастары мол... Бос жылана береді,— деп Сәлім нығап сөйлеп,— сендердің маңайлаған-дарыңды сүймейді. Тамақтарынан бөліп тастап, осы ауыз үйге ішкізіп отырғаны бейілінің дұрыстығынан деймісің?
— Рас... рас! деп, аға басын изей бергенде, Жәмила қайта кірді. Мынау тына қойды. БІрақ Жәмила бұрынғысынша әлі тұтанып жүр екен.
— Жұмыс қылуға жарайды... ІздегендерІ қу құлқыны ғой. Неге еңбе-гіне жалынбайды... Тағы кеп масыл боп, жұттай қысып...— дегенде, Сәлім мырс беріп, мыскылдай күлдІ;
— Немене, Жәмила? Ауырлап жүрсіңдер, батып жүр, ә?
Жәмила ереуілдей қоя бердІ.
— Ал, ие, батып жүр. Не демек боласың?..
— Тамағыма ортақ болды... Шығынға батырды дейсің, солай ма?
— Солай дегенде қайтпекші ең? БІз емей сен шығындап отырған шығарсың.
- Қалай құтылудың амалы табылады дейсің, солай емес пе?— де-генде, Жәмила шатынап, ашуланып, айғаймен сөйлеп:
— Тәйт сандалмай, сен менің сыншым боп отырсың ғой, жетіскен немемсіп!
— Қандай азғансың, қандай кІп-кішкене боп, ұсақ боп кеткенсіңдер?
— Сын сенің не теңің? Қолыңнан бірдеңе келсе сынасаңшы! Өзің ма-сыл боп отырып.
- Қой, олай деме, масыл емеспін саған!
— Масыл емеспін? Ендеше, неге кеп жүрсің?
— СенІң бірдемеңмен пайдалану енді маған ар, білесің бе?
167
- Ойбай, жетіліпті ғой!— дей бергенде, төргі үйден Қасен атып шық-ты. Қанын ішіне тартып ежірейіп алған, Сәлімге тІксінІп:
— Сен не сандырақтап жүрсің әй, осы кісімсіп?
— Мен сандырақтаудан аманмын. Біз сандырақтамаймыз, тегінде жөндІ айтамыз!--- деп салмақпен жауап беріп ағасына қарады. Қымсыну жок, улкен нығыз сабыр бар бойында, тен, көрмёгендей... Қасен осыны түсініп бірқатар үн қата алмай, қалшылдап, көзін алартып тұрып, аягын-да жұлқынып жұдырығын түйіп қап, сөз таба алмай тұтығып:
— Үйтетін болсаң, аулақ, кет менен!—деді. Әншейінде өзге жерде шығара алмайтын ызасы қазІрдс барынша сыртқа қарай керней жөнеліп еді.
Сәлім түк селт етпей:
— Тіпті жақсы, мен өзім де кеткелі отырмын... Бірге болуым өзІ де мүмкін емес!..— Қасен бүрынғысынан да булығып сөз таба алмай:
Мойныма мініп отырып!—дедІ.
Сонда Сәлім атып тұрып:
— Өтірік! Жәмила айтсын оны. Тым болмаса сен айтпасаңшы. Бұ күн-де сендердің есен кетіп отырған жоқ менде... Жалған айтпа. Бірақ бітті, болды ендІ. Ақымақ болған мен!—деп қайтадан сабырлы салқын күйіне кеп,— бірак жақсы болды енді бұл... Таныдым бәрін де!-- деп төсегін жинастыра бастады.
Қасен ішінен:
«Мынау кайтейін деп жүр!» деп ендІ есі кіріп қорқактай баста-ганда, бағанадан ыңғайсызданып отырған аға:
— Қарақтарым, қойсаңдаршы, бір ата-ананың баласы едік қой,— дей бергенде, Сәлім:
— Сөз шыгын қылмаңыз... бітті... Халас!—деп кепкесін басына киіп алды. Менсінбеу Қасенді қайта қоздырды. «Өлсем де енді бәлем-ай» дегендей.
— Алған тәрбие-тәлімІн... Болдым-жеттім деген адамшылығың осы ’ ғой! Құнсыз!
-- Тәрбие-тәлімге соқтықпа. Ол сіздің бойыңыздан жоғарырақ!--деп, Сәлім сұрланып қатайып алды...
Қасен өз Ішінде інІсІне арналған терең түкпірдІң жаулығын, қарсы-лығын сезді. Енді оған біз сұққандай бірдеме айтпак, істемек боп қарма-нып еді, көңіліне бір ой жарқ ете түстІ. Қайтадан тепсініл:
— Жетілген, асқақ неме екесің ғой, ендеше...— деп сұк қолы.мен ага-жеңіесін нұсқап тұрып. - ендеше, алып кет мыналарды менен.. Меи жақсы туыскан болмай-ақ қоям ешкайсыңа Болғам... тойғам, жетті!-деді.
Ага-жеңге жылап жіберді. Екеуі де Сәлімге жалынып:
168
— Қарағым Сәлім, кенжем, сен қойсаңшы... Не деген сұмдық?— дегенде, СәлІм оларға ашуланды:
— Қой, немене жылайсыңдар... Сорлысыңдар ғой сендер де. Сондық-тан жылайсыңдар ғой ас үшін!
Қасен тістеніп кекетіп:
— Сондыктан жылайсың?
Сәлім аға-жеңгеге:
— Кім босаңдар да өлтірмеймін мен. .Жыламаңдар, киын қылам дейді ғой!--деп көңілденіп, көтеріліп, - еш нәрсе етпейдІ. Большевик жеңбейтін қиындық жоқ!— деп жөнеле берді де, аға-жеңгеге:
— Мен мыналарды апарып тастаймын да, қайтып келем... Алыв кетем сендерді. Азаматтық құқықтарың жойылған адам емессің. Енбек қыла білуші едіңдер ғой, күнелтесің, өлмессіңдер!— деп жүріп кетті.
Сәлім айтқанын Істеп, сол күні кешке аға-жеңгені алып кетті. Қасен тергІ үйде жатып, олардың қамданып жиналып жүргенін сезіп еді. Кетіп бара жатқанын да есітті. Бірақ белгі бермеді, ауыз үйге шыкпады. Жәми-ла бұны үйқтап жатқан кісі етІп қойды. Сонымен аналар әбден кетіп бол-ған соң, қабағы жана ғана жадырап Жәмила кірді. Қасен қабағы түйіліп кынжылған кІсі боп:
- Немене?— дегенде, Жәмила ырзалығын жасыра алмай күлімсіреп: - Қетті!— деді.
— Барсын... Бірак мыналарға обалдау болды ма, немене? Сәлімге ерегесіп істеп отырмын!
— Өл де маған... көрсін енді мойнына міндет алып! Пәтері жоқ. Азык-түлік, ыдыс-аяғы тағы жок!—деп күліп жіберіп:—енді қайтер екен! — деп алып, жеңген кісі боп сүйсініп, жайраңдай бастады.
Қасен оны да жақтырмаған қабақ жасап, өз ішінен тағы екі жарылып:
— Қойшы, сен де!.. Қыласыны кімге қылдым деп отырсың! — деп күрсініп алды.— Ойпыр-ай, бүл уакыт деген қалай-калай өзгеріп барады. Бір үйдің іші деген біз емес пе ек? — дегенде даусы да трагедиялы үнмен бәсеңдеп, сабырға таман айналып,— жазығы да жоқ еді! —деді.
— Сіздің жаныңыз ашиды да отырады. Бірақ баяғыдан ак жүрек бола-бола не таптык. Еңбегіңді білген бірде-бірі бар ма? Мойнымызға мінгізіп, адам кылған Сәлімнің мінезі мынау емес пе?— деді...
«Ак жүрек» деген сөзді бұрыннан Қасен жайынан ауылдың жағын-ғыш аткамінерлерінен естіп алып, Жәмила әркашан бүлдап сөйлейтін. Бұрын ел шпнде. калалы жерде де бұл сөзді оздерінің даусыз меншікті сыбағасы сиякты айтып, машык кылған-ды. Рас, соңғы бірнеше жыл бойында Касен туралы бұл сөзді ешкімнр.н есіте коймайды. Бірак сонда да үй іштерінде, оз араларында ол сөз әлі тірі еді. Сүйретілш келе жа-	ҒДІ.
Қасен тұрып киініп жатып, әлІ де қабағын түйіп, жүдеген жүзбен: — «Ақ жүрекх.. Иә «ақ жүрек»... Жақсылықты істе-істе, бірак ешкім-нен алғыс алма, игілігін көрме! Жақсылығыңды пайдалана отырып өзІң-дІ «әй, кәпір» атандырсын!— деп, әбден киініп ап,— біздің бұл хал солай болды ғой, Жәмила!— деді.
— Жарайды, тойдық енді... Болды... Қажитын уақытымыз болмады ма тіпті, өкінбейік!— деп Жәмила Қасенді нығап, басын изеді.
Қасен біраз тұрып Ішінен: «Енді шыға келейін, осыған тіпті дән ырза-мын ғой, құдай кәнеки» деп жымиды да, алғашқыдай баяу дауыспен, салмақтап тұрып:
— Дұрыс... СенІкі рас,— деп келдІ де артынан шапшаңдатып,— енді бұдан былай қарамызды осылар көрмейтін болсын. Жоламасын! — дедІ. Үйден шықты. Есікті артымен жаба бере:
— Қуып жіберсем де... Біраз жайсыз іс істесем де, сол үшін қынжыл-дым-ақ кой!.. Өз-өзіме самокритика жасамадым ба?— деп есік алдына шы-ға берді. Қөз алдына Үлкен Алматы биігі тағы сап етті. Әлденеден бетіне оттай басылған сияқтанды... Тоқтаңқырап басын изеп, өз-өзінен күбір-леңкіреп:
«Осыным расым еді, батырекесі!..» дегендей боп тағы қарады. Жауап-та тұрған кісідей.
«Әй, бірақ анау жалтартатын емес сияқты». Тау қазір түсі көкшілде-ніп, көлеңкеленІп, сұп-с$ық боп апты. Ашумен қабағы да түйіліп, беті де әжімденіп кеткендей ме, немене?
«Алдарсың, алдарсың!» дегендей боп ашулы мысқылмен басын шал-қайта салып, көзін сығырайта, сүзілте қарап қалған сиякты.
Қасен қалбаң-құлбаң етіп қап:
— Апыр-ау, бұл не пәле? Бар коймамды ашып, абыройымды айран-дай төгеді де тұрады осы бір неме?— деп қолын сілкіп қап жөнеле берді. Сол кезде арт жағынан Жәмила дауыстады.
— Әлгі бір айтқанға барасыз ба? Мен не істейін? Не қылатынын айтпадыңыз ғой?—деді.
Қасен:
— Иә, рас-ау,— деп анналаға қарап қалды. Қора ішінде, көшеде де көзге түсетін ешкім жоқ. Бірақ сонда да күдіктеніп Жәмилаға қарай бір басып,— өзің бері таман келшІ, бері түсшІ!—деді. Жәмила қасына келді.
— Мен бара берейін. Басын қайыру керек. Сен, қазір қараңғы түскен соң қабыңды, ыдысыңды алып, Қасымқандікіне келе ғой. Өзің басы-қасын-да фол.
— Е, үйтпесе араласып та керек емес. Қасымқанның қатынының мінезі мәлім ғой... Бұлдыратып жүріп бірдеңені артық қағыстырып алма-са, оның бойына ас та батпайды!—деп кала берді.
170
Қасымқандікіне Қасен келгенде, Аманбай да сонда отыр екен. Басқа бөтен кісі жоқ... ЕкеуІнІң ортасында жаңа басталған бір литр. Болымсыз-дау закускамен бір-екІ рет тастап апты... ҚасендІ екеуі де орнынан тұрып, оқырана қарсы алды. Қасымқан құйып жіберіп:
— Бой жылыт!—деп күліп ап, ұсынып та калды.
Қасен шешініп, столға жақындап кеп, арақты алмай тұрып:
— Бұл иттің закускасы қайда?— дедІ де, аналармен қоса күліп — мен қуырдақ, жылы-жұмсақ деп келдІм. Тамағымды Ісіретін болсаңдар ішпеймін,— деп Аманбайға карады.
Қасымқан:
— Оның бір мәнІ боп тұр. Ақылдасайық деп сенІ күтіп отырмыз.
- Қайда өзі?..
— Алыс емес,— деп Қасымқан іркелеңдеп,— әуелі шешіп алайык,— деді.
Қасен шыдамсызданып:
— Ал,— деді де, екеуіне кезек-кезек қарады.
Аманбай шырайланып күліп:
— Апырай, өзІ, басымыз бір жақсы қосылған екен. Ішін ұрып, артын көре жатармыз... Баяғыша бір отырып, бұрынғыны бір еске алсақ не етер екен?— деді.
Қасымкан әлі де құлай қоймай:
— Жоқ, жөнін айт. Әуелі сөзді пісіріп алайық!—деді. Қасен бұның көбін қысыр кеңес көріп:
— Қайда өзІ, сонысын айтыңдаршы?— дегенде, Қасымкан тоқмейіл жүзбен, салмақпен:
— Тұр ғой... Ұқпайды екенсІң ғой,— деді.
Аманбай Қасенмен стопканы қағыстырып ап, арақты тастап жібердІ.
— Бағана айтармын деп ем ғой, енді оның мәні былай!— деп сөзге кірісті.— Өзі бұл, ана мен істеген совхоздың аты. Жақсы маңдай ат еді. Түнеугүні осыдан екі ай бұрын мертік пе, немене аяғы ісіп, жегіннен шығып қалды. Мал дәрігері әрІ қарап, берІ қарап ауруын таба алмады. Оған қа-зактың кәрі, ақсақ дейтіні осы болады. Жазылмайды деп өзін біраз май-лап та жіберіп, бұлдыраттым да, кем-кетік деген қағазды бір жасаттым. Содан кейін бұны қазақ оташысы жаксы жазады. Емге берейік деп бір сенімді казақтың қолына беріп, табан екі ай бақтырып ем. Осы жолы жол-шыбай келе жатып со жерінен атты алдым да, бір қағаз да түсіріп алдым.. Жазылмады... кем-кетік дегізіп.
Қасен дәмеленіп көңілденіп ап:
— Семіз бе өзі?— дегенде, Қасымкан:
-	Бір еліге дау жоқ!— деді.
171
Қасен бұны естігенде бөтелкеден бірді өзі құйып тағы қағысып жібер-ді де, Аманбайға қарап:
— Иә, айта бер! — деді,
— Сонымен бұл жағының бәрі жақсы, Ал ендігі бір бөгеп тұрған нәрсе — сол аттың бұрынғы жайын білетін бір казақ жұмысшысы бар еді, совхозда істейтін, Өзі әлгі ударник, МенІ калаға әкеле жатқан сол едІ. Жолшыбай көріп келді... «Сауығыпты, жазылыпты... доктор түк танымай-ды екен-ау!»— деп ылги сонымен ұрсып келдІ... Сойса екі елі казы түсер едІ-ау деп біраз жағалатып, тұспалдап көріп ем...— Тұу, мына аттың жо-ғында торы қасқа атты сойған кІсі мал бетін көре ме?!— деп атқып-аткып түседі.
Қасымқан шыдамсызданып:
— Аяғы жазылмайды, доктордікі рас... Ертең ақсағы тағы шығады. Қазақ оташысы да жаза алмады деп ауызға ұрмайсып ба?
— Айттым, айттым ғой оны. Әйтсе де ол жағын коп бойлап ашқам жоқ... Түбінде онымен дауласам ба. Күндердің күнінде сүйеу болатын жерлерді әдейі ашқам жок.
Касен күліп жіберІп:
— Дұрыс, дұрыс, бәсе! Сөйтетінің бар еді ғой! Тәйірі, ашық ауыз казаққа бой беріп! — деді.
— Қағаздардың жайын тіпті сөз қылғам жоқ...
Қасымқан да сүйсініп:
-	Тіпті жаКсы!-- деді.
— Ал енді не сөзі бар бұлай болғанда!— деп Қасен ана екеуіне көз қысып, түрегеп тұрып сұқ қолымен өз кеңірдегін бауыздаған белгі жа-сап,— жығатын керек... макан, мақан қушайть!—деді. Қасымқан әлі де күдігіпен арыла алмай:
- Ұрлыққа ұқсап жүрмесе? Заң жаман ғой өзі,— дегенде Қасен:
— Жарайды, бір атпен біз советті байытпай-ақ қояйық. Өзгені койып, тіпті дәл өзімізден келген талай малдың, талай бір орайы шығар... Жық айда, ішін ұрып ендІ!- - деп байлай сөйледі...
Ана екеуі үндеңкіремей отырды.
Қасен аз тұрып тағы қозғап:
— Ал әлг: жұмысшы қайда? Бөғет енді со ғана ғой. Өзін сілейте бір тойғызып - олға қондырып алайык та. Содан басқа не бөгет бар?— деді де, әнгі.ч ні тездетіп шешу жағына шықты.
Аманбай.
Тағы мына Қасымқанның бөгелеңдеп отырғаны. Бағана күндіз сол жұмысшы осында келін, аттың тұрғанын көріп кетіпті.
— Иә, сонысы қауіп боп тұр!— деді Қасымқан.
Касен оған да бой бермеді... Ақыры бұған ішіңкіреп алған Аманбай
қосылды. Қорқа-корқа, шегіншектей-шегіншектей отырса да аягында Қа-сымқан да көнді. Сонымен түн бола бергенде торы қасқа жығылды... Қа-сымқанның қатыны мен Жәмила соның айналасында, бір қадам шықпай, біріне-бірІ сенбей күйбеңдеп жүр.
Үйде үш жігіт бір литр құлатып тастап, жас еттің тұзды қуырдағын ортаға алып, екінші литрге кірІсІп отыр. ТІлдері де, бейілі де шешіліп алған.
Баяғының—18—19-жылдың естегілеріне кірісіп, көп-көп нәрселерді кезіп, шарлап айтысып келген бір кезде, Қасен төсін керіп:
— Біз тарнхи іс істеген адамбыз. Осы отырған үшеуміздің де тарих-та орнымыз!— дей бергенде, бірнеше бөтен аяқтардың дыбысы сарт-сұрт етіп бұлар отырған үйдің есігіне келіп қалды.
Қасымқан сасқанынан қалбалактап стол астына қарай арақты ала жөнелді.
Сөйткенше болмады, ұш-төрт әскери адам кіріп келдІ. Қастарында манағы Аманбай айтқан жұмысшы. Ол бұдан бұрын торы қасқа ат жаңа бауыздалып, терІсі сыдырылып жатқанда бір келіп сығалап көріп кеткен еді.
Дауласар, айтар сөз жоқ... Сонда да Қасен:
— Біз кадр... кадр... Өлкелік мекеме... жауалты қызметкер,— дей беріп едІ, келгендер караған жоқ. Үшеуін және екі қатынды алып, далаға саусылдатып айдап шықты. Уроға1 қарай алып жөнелді.
Ай жарық екен. Бір көшеден айнала бере Қасеннің тағы көзІ шалды. Үлкен Алматы биІгі қарап тұр. Енді тіпті суық, тіпті алыс... Ол граниттей қашалған. Соншалық күшті. Ол тағы жеңді... Жеңді!..
У р о - уголовный розыск — қылмысты тексерш ашу орны (ред.)*
М А 3 М ¥ Н Ы
Қорғансыздың күні.............................. 3
«Оқыған азамат»................................22
Қыр суреттері..................................38
Үйлену........................................ 45
Жетім......................................... 51
Барымта........................................57
Бүркіт аңшылығының суреттері ..................69
Жуандық....................................... 72
Үш күн.............'. .'.......................82
Бүркітші.......................................92
Шыңғыстау.....................................112
Татьянаның қырдағы әні........................120
Қасеннің құбылыстары..........................140
84Каз7-44
Ә 82
Әуезов Мұхтар.
Ә 82	Әңгімелер.—Алматы: Жалын, 1987.—176 бет.
Мүхтар Әуезовтың туғанына тоқсан жыл толуына байланысты басылыо отырған бұл жннакқа ұлы жазушының таңдаулы әңгімелері еніп отыр. Кітап жоғары класс оқушыларына арналған.
84Қаз7—44
Ә
4803010200—91
408(05)87
151—87
Для детей старшего школьного возраста
МУХТАР АУЭЗОВ
Рассказы
(на казахском языке)
Редакторлары Г. Әдуова, С. Мәметов
Кіші редакторы Р. Көшкінова
Суретшісі — М. Ыс^ақов
Қөркемдеуші редакторы — Б. Оспанов
Техникалык редакторы — Н. Куиінарева
Қорректоры — А. Асқарғалиеөа
ИБ № 3689
Теруге 16 02 87 жіберілді. Басуғз 28.07 87. қол қойылды Фтрматы 70ХЙ+716- Қағазы № І. Қаріп түрі одебн^ Шыгынкы басылыс. Шарт-гы басла табагы 1Қ99. Есептік басылу тзбагы 1 1,11. Шығынкы бояу кө* лемі 11,99 Тиражы 45 000 дана, Заказ 227 Багасы 75 тпын.
Қазак ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөиінаегі мем-лекеттік комитетінің «Жалын» баспасы, 480124. Алматы қаласы. Лб;ій прос-пекті, 143-үй.
Қазак ССР Бзсла, нолнграфия және кітап саудасы істері жөяіндегі мем-лекеттік комитетіне кпрасты «Қітап» полиграфиялык кәсіпорындары өн-дірістік бірлестігінің Кітап фабрикасы, 480124, Алматы каласы, Гагарин проспектқ 93-үй.